жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Абай-табиғат жыршысы" мақала
Абай – табиғат жыршысы
Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!
Ж. Әбдірашев
Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, эстет, гуманист, моралист, ағартушы - демократ, шешен, заңгер, әділ би, аудармашы, қоғам қайраткері, тәрбиеші - ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, адамзат әлеміндегі ірі құбылыс.
Қазақтың бас ақыны Ұлы Абайдың өлген күнінен қаншама алыстасақ та, оның өнерін қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. «Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деп кемеңгердін өзі айтқандай, Абай - артына – өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгep.
Табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды. Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді.
Абайдың табиғат лирикасы - кең көлемді мол қазына. Биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай бүкіл бір халықтың ұлттық мәдениетінің ғасырлық мерейі, әдебиетінің заңғар биігі. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.
Табиғат Абайға оның ақындық шабытына түрткі болған үлкен дүние. Ақын жаны мен табиғаттағы ұқсастық, табиғаттың жаңарып жасаруы, жаралануы ақынның ішкі сезім пернелеріне қозғау салып, сол сезімді ақын қағаз бетіне түсірді. Сылдырап аққан бұлақтан, жаз жайлаудан, тіпті қаҺарлы қыстан да сұлулық іздейді. Табиғатты жырламаған, оны өз әніне қоспаған ақын кемде-кем. Бірақ Абай салып кеткен жол, ақын жырлаған табиғат әрине өзгеше.
Абай мұралары жыл мезгіліне қарай, кісінің көңіл-күйіне, жасына қарай әр кезде әр түрлі әсер етеді, өзгеше ой салады. Сол кезде Абайдың "Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла" деген сөзі еріксіз есіне түседі.Олай дейтін себебіміз Абай табиғаттың көрінісін, жыл мерзімін, адам мінезін суреттегенде де оның тамаша көрінісін өмірмен, тіршілікпен ұштастырып, тілдестіріп, сұлулыққа өң, рух беріп отырды.
Мысалы: "Күз" деген өлеңінде Абай:
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай,
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш-қурай.
Сидиған, көркінен айырылған ағаш-қурайды, мүсәпір, өмірінің көркі жоқ қайыршы шал- кемпірге ұқсатады. Немесе:
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, тұтқан айналасы,
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы -деп, күз түсіп, табиғаттың, құлпырған әсем нұры кеткен соң, ол жабырқаңқы тартып, қабағы түсіп, сүрт бұлт пен дымқыл тұман қаптап, қара суық малдың да, адамның да табиғаттың да реңін кетіреді. Сонда күз біреуге құт, біреуге жұт боп келеді. Бай жылы үйде отырып, ет жеп, қымызын ішіп, сонау күздің аяғына дейін малын семіртіп, соғымын баптай отырса, кедей күндіз қара суықта мал бағып, кешке жыртық үйде бүрсең қағып, жағуға отын, союға соғымы жоқ, қылышын сүйретіп келе жатқан қыстан шығуы зор уайым болмақ.
Ақын осылайша күзді суреттеу арқылы, адам өмірінің жабырқаңқы тартқан көңілсіз бір кезеңін шебер суреттеген. Тек оны түсініп оқып, Абайша толғана ойлау қажет. Сонда ғана ақынның осы өлең арқылы не айтқысы келетінін түсінесің.
Оларды қиялыңмен болжап, жаныңмен сезінуің керек. Басқа тілде туған өлеңді қазақша осынша табиғи да көркем, бастапқы қалпындай әсерлі етіп шығару Абайдың ақындық құдіреті мен аудармашылық талантының қаншалықты күшті екенін көрсетеді. Басқасын былай қойғанда, көктегі жұлдыздардың жылтылдаған жарығын "сөйлесіп ымдасқандай" деудің өзі қандай ғажап! Оларды қиялыңмен болжап, жаныңмен сезінуің керек. Басқа тілде туған өлеңді қазақша осынша табиғи да көркем, бастапқы қалпындай әсерлі етіп шығару Абайдың ақындық, құдіреті мен аудармашылық талантының қаншалық күшті екенін көрсетеді.
Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр түсті ақындық бояу арқылы оқырманның, көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған гүл бәйшешекті, «көк орай шалғыны мен «күркіреген өзені» бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жаз да сонда; ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қытымыр қыс та сонда; аспанын бұлт торлап, гүлі солган сарғыш даласын шық басқан сұрғылт күз де сонда ... Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді де, ізінше сол көрініске бөленген қазақ аулының тірлік-кәсібіне, шаруа-жайына көшеді. Міне, осылайша ақын табиғатты жырға қосты. Абайдың бұл өлендерінен адамның мінезі сияқты жыл мезгілдерінің де құбылыстары бар екен көруге болады. Осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-халді тамаша суреттеген әрі жан-жақты жырлаған. Табиғат қуана да, ренжи де біледі. Тек оны жүрегіңмен түсініп, аялай білу керек. Сонда ғана сен табиғатты сүйе білесің, оны түсіне аласын. Орындаған: Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп -лицейінің 5! Д! сынып оқушысы Нұрсайын Әсемай
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген