Материалдар / Абай Ұлы тұлға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай Ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір оқушыға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2020
410
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1


28.08.2020 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы)


ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ллодлдджэдэ
\


МИНИСТЕРСТВО
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН






,
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер Үйі» 010000, город Нур-Султан, «Дом министерств»
тел.: (7172) 74-24-28, факс: (7172) 74-24-16 тел.: (7172) 74-24-28, факс: (7172) 74-24-16


______________________________№_____________
_________________________________________
28.08.2020-ғы № 5-11-5/3186-И шығыс хаты

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы
және Шымкент қалаларының әкімдіктері

Республикалық білім беру ұйымдары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқушылардың,
педагогтердің және ата-аналардың өмірі мен денсаулығын сақтауды
қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуының алдын
алу мақсатында 1-қыркүйек Білім күні және жаңа 2020-2021 оқу жылының
басталуына арналған салтанатты іс-шараны қашықтан өткізуді ұсынады.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға
байланысты шектеулер ескеріліп, дәстүрлі түрде оқытатын мектептерде,
кезекші мектепалды даярлық, 1-4 сыныптарда атаулы іс-шараны әр сыныпта
сынып сағаттары түрінде қатаң санитарлық талаптарды сақтап өткізу
ұсынылады. Сынып сағаттары тек оқушылардың қатысуымен өткізіледі.
Қашықтан оқытылатын сыныптар үшін сынып сағаттары қ олжетімді
құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы ұйымдастырылады.
Мектеп басшылығы, сынып жетекшілер оқушылар мен олардың ата-
аналарына Білім күнін өткізудің форматы және санитарлық қауіпсіздік
шаралары туралы ақпаратты алдын ала жеткізуі қажет.
Іс-шараның мақсаты: 2020-2021 жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде
бастау, санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайды ескере отырып, әртүрлі
форматта оқушылардың оқуына позитивті ынтасын, оқушылардың оқуға және
өз денсаулығына құндылықты қарым-қатынасын қалыптастыру, өзін-өзі
ұйымдастыруға дағдыландыру. Іс шараның идеологиялық мазмұнын
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Әбу Насыр әл-
Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерекелік
даталары тақырыптары құрайды.
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға байланысты
шектеулер кезеңінде оқу жылын бастау, оқу үрдісінің ерекшеліктері ескеріліп,
оқушылардың өз денсаулығына, сапалы білім алуға жауапкершілігіне басты
назар аудару қажеттігін ескертеміз. Сынып сағаттары барысында оқушыларға


Page 2


28.08.2020 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы)

денсаулықты сақтай отыра, білімнен қол үзбеуге, тәрбиелі болуына,
әлеуеттенуіне, күнделікті оқу режимін сақтауға, жеке бас гигиенасы
талаптарын қатаң ұстануға бағытталған түсіндірмелер орын алу тиіс.
1-ші сыныпқа алғаш келген оқушылар үшін ерекше, есте қаларлық
сценарийлер жасау ұсынылады.
Сынып сағаттарына тақырыптық материалдарды таңдау кезінде әр
сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріледі. Дәстүрлі түрде өтетін
сынып сағаттарының ұзақтығы 40 минуттан, қашықтан өтетін сынып
сағаттарының ұзақтығы стриминг режимінде 30 минуттан аспауы тиіс.
Сынып сағаттары барлық оқушылар үшін жаңа оқу жылының басталуын
білдіретін негізгі іс-шара болуы көзделген.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан мектептер әкімшілігі барлық
оқушылардың оқумен қамтылуына жағдай жасаулары тиістігін ескертеміз

Вице-министр Ш. Каринова









Игенбаева М
74-24-88


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!