Тақырыбы: Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай дайындалған
“Абайды оқы, таңырқа” атты әдеби-сазды кеш.
Мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуг , өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Кеш мазмұнына
сай безендірілген сахна, Абай портреті, слайд,
бейнероликтер.
Әдеби
шара атасы мен немересінің диалогы арқылы басталады. Атасы
– Исақ
Мейіржан, немересі
– Жұмабай
Олжас. Шығарма
жаза алмай қиналып отырған 5 - сынып оқушысы. Теледидар қарап
отырған атасы, қолында газет. Теледидардан дауыс: Абайдың «Қыс»
өлеңінен үзінді оқылады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды...
Немересі қаламын тастай сала атасының қасына келіп:
- Мен бұл өлеңді білемін, ата! Кеше ғана Әдебиет сабағынан өткен
болатынбыз. Абайдың өлеңі.
Атасы:
- «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас»
(немересіне жақындай түсіп). Иә, бұл – Абайдың жазған өлеңі. Қатал
табиғаттың сүреңін тамаша суреттеген. Сен біледі екенсің. Ендеше
Абайдың кім екенін білетін шығарсың.
- Иә, бірақ толық білмеймін.
- Олай болса, ендігі жерде Абайды Абай атам «Абай атаның өлеңі» деп
сөйле. Ол өте данышпан кісі, бүкіл қазақтың Абайы ғой. Оны білмеген
адам қазақ емес. Ата! Бізге шығарма - эссе жазуға қосымша ізденіс
жұмысы тапсырылып еді. Соған біраз қиналып отырмын. Қайтсем екен?
Жарысқа қалайда қатысуым керек.
Атасы:
- Абай туралы көп дерек айтсам, тыңдар ма едің, балам?
Немересі:
- Иә, сіз оны көрдіңіз бе? Ол туралы қайдан білесіз?
Атасы:
- Жүр, балам. Мен сені бір жақсы кешке алып барайын. Дәл сол Абай
атаң туралы, жүре ғой!(Ертіп алып, шығып кетеді)
1 - жүргізуші
Бар ғұмырын әдебиетке
арнаған,
Ақиқаттың ақ жолынан таймаған,
Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап,
Жас ұрпақтың ар - намысын қайраған!
2 - жүргізуші
Құрметті әдебиет сүйер қалың
көпшілік! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл,
дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы
Абай Құнанбайұлының шығармашылығына
арналған “Қазақтың бас
ақыны”атты сыныптан тыс тәрбиелік
шарамызға қош келдіңіздер!
1 жүргізуші
- Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - деп жырлайды ақын өз
өлеңінде.
2 - жүргізуші
- Әрине, Абай атамыз туралы
айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне
секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына
қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе,
дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті
халайық!
1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
2-жүргізуші:
Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алмаған ,адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды білеміз.Осыған орай, Абайдың алғашқы өлеңдерінің бірі «Ғылым таппай мақтанба», сондай-ақ басқа ғылым-білімге шақырған өлеңдеріне кезек берсек.
1-оқушы: «Ғылым таппай мақтанба»;
2-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
1- жүргізуші
«Абайды таныту арқылы біз
Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан
біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә.
Назарбаев.
- Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін –
Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса,
қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К.
Кулиев).
2-жүргізуші: Иә, Абай тек ұлы ақын ғана емес, керемет әке де бола білді. Келесі көрініс соның айғағындай.
Көрініс: Абай мен Әбіш әңгімесінен үзінді.
Абай рөлінде Шайдулин Тоқтар, Әбіш рөлінде Әлдибек Олжас.
Абай: Әбіш, балам, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?
Әбіш: Ақ зат асыл ғой.
Абай: Неге, қара зат асыл емес пе?
Әбіш: Қараны неге асыл дейсіз?
Абай: Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен көреді емес пе? Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы қарашығы көреді.
Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер, білім алады.
Үшіншіден, жас шақта адамның сақал шашы қара болады, осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш, сақал ағарады. Адамда қайрат та азаяды. Сондықтан қараны асыл ма екен деп ойлаймын.
Әбіш: Оның бәрін қалай білдіңіз?
Абай: Ақылмен білдім.
Әбіш: Олай болса ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе? Екіншіден, ақыл – нұр, жарық зат емес пе? Ол да аққа ұқсамай ма?
Абай:- Жарайсың, ұлым,- деп баласының сөзіне риза болып, Әбіштің маңдайынан иіскеді.
1-жүргізуші.
Рахмет.
Кешімізді одан әрі Абайдың табиғат лирикасымен жалғастырайық.
1-оқушы: «Қыс»
2-оқушы: «Жазғытұры»
3-оқушы: «Күз»
2- жүргізуші.
Әннің де естісі бар,есері
бар
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
1- жүргізуші..
Жаманға «жар» деген-ақ, ән
көрінер,
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп
Жабырқаған көңілің көтерілер,-деп бізде осы жерде ән салып жіберсек
қайтеді,Гүлбаршын,ә?!
2- жүргізуші. Айтсақ,айтайық.
Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай».
Орындаушы:
1-жүргізуші: Кешімізді –
«Абай- шебер аудармашы» деп жалғасақ.Ақынның әдеби мұрасы ішінде
аударма үлгілерінің де өзіндік орны мен салмағы бар. Сан тілімен
келтірсек: аудармаға арналған 15 жылында Абай үлкенді-кішілі 50-ден
астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Енді Абай
аудармаларына құлақ түрсек.
«Татьянаның хаты» оқылады .
10 сынып оқушылары Сулеева Жасмина, Жанқораз Ақниет,
-
Көрермендермен интерактивті ойын жүргізу.
1-жүргізуші:
Рахмет, оқушылар.
Көп адам дүниеге бой
алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп
шалдырған,
Өлді деуге бола ма,
ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен
Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге
170 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Олай
болса, келесі кезекте, құрметті
көрермен, сіздердің Абай өлеңдерін, нақыл сөздерін қаншалықты
білетіндіктеріңізді сынағымыз келіп тұр. Соны байқап көрейік.
Көрермендермен, яғни сіздермен интерактивті ойын ойнасақ. Біз басын
бастайық, сіздер жалғаңыздар.
2 жүргізуші кезекпен оқиды
-
Ғылым таппай мақтанба (орын таппай баптанба)
2. Бес нәрседен қашық бол (бес нәрсеге асық бол)
3. Өсек , өтірік , мақтаншақ (еріншек, бекер мал шашпақ)
4. Талап, еңбек, терең ой, (қанағат, рақым ойлап қой)
5. Пайда ойлама (ар ойла)
6. Алланың өзі де рас (сөзі де рас)
7. Сұр бұлт түсі суық (қаптайды аспан)
8. Көзімнің, ќарасы,(көңілімнің санасы)
9. Қансонарда бүркітші (шығады аңға)
10. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті—(ыстық қайрат, нұрлы ақыл жылы жүрек )
1-
жүргізуші: Абайдың
философиялық тұрғыда жазылған «Қара сөздері» - тақырып
ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік
салмақтылығымен құнды. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан
тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта
жазылмаған, әр алуан.
2-жүргізуші:Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана
назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор
салған.Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде
шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара
сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне
аударылды.Енді ақынның қара сөздеріне құлақ түрелік.
Абайдың 17 – ші қара сөзі ( рөлге бөліп оқылады). 7-сынып
оқушылары.
Абайдың 31-қарасөзі -
41-сөзі -
2-жүргізуші: Иә, бүгін XXI ғасыр басында біз Абайдың
шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден
кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі, Абай
адамзаттың мәңгілік сауалдарына жауап
береді.
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты –Адам.
2-жүргізуші: Кешіміздің соңғы
кезеңін біз «Ой тамызық» деп атауды жөн көрдік. Өз ойыңызбен
бөлісіңіз!
1.Абайды қазақстандықтардың қанша пайызы біледі деп ойлайсыз?
2. Шығармалары неше тілге аударылған деп ойлайсыз?
3. Абай қандай адам болған екен?
4. Жастар Абайды қызығып оқи ма?
5. Оларға ақынның қандай шығармаларын білу керек?
6. Сізге ақынның шығармашылығы ұнай ма? Атаңыз:
7. Абай өлеңдері мен әндерін рэп, рок, хип-хоп, джаз, т.б. музыкалық жанрда тыңдауға қалай қарайсыз? (1 жүргізуші залға түсіп ұстаздар мен оқушылардан сұхбат алады)
1-жүргізуші: Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңнен тек дәм татқан сияқтымыз. Сол себептен Абайды оқудан , білуге ұмтылудан, ізденуден жалықпайық.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй,- деп ұлы атамыз айтқандай, кеш соңын Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқтайық.
Ортада _______________________________
Минусовка қойылады. Зал болып хормен ән орындалады.
Ән аяқталған соң
2-жүргізуші: Осымен Абай атамыздың шығармашылығына арналған әдеби кешіміз тәмәм. Қош, сау болыңыздар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«№ 7 Т.Әкімов атындағы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:
Абайды оқы, таңырқа!
Дайындаған: Көрпебаева Айжан
Кәріқорған ауылы 2023
Бірінші
бөлім
Киіз үй ішінде әжесі
Зере ұршық иіріп отырады, Ұлжан апасы құрақ көрпеше тігіп отырады
және Абай. Үстел үстінде дастархан, бауырсақ, қымыз, ожау, кеселер.
Керегеде қамшы, домбыра, қасқыр, түлкі
терісі.
Жүргізуші: Биыл Абай мүшел жаста. Ол атқа мініп
жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Оның күндегі ермегі Зере
әжесі мен Ұлжан анасынан әңгіме айтуды
өтіну.
Абай: Әже, бір қызықты әңгіме айтып
беріңізші.
Әжесі: Е-е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім
өткен….
(Осы кезде екі адам Байкөкше мен Барлас
кіреді)
Байкөкше: Сәлем бердік. Үйлеріңізге құдайы қонақ
келді.
Әжесі: Сәлеметсіңдер ме? Онда түсіңдер.
Қонақ болыңдар. Жоғары шығыңдар. Жақсы болды
ғой.
Ұлжан: Ал, балам! Әжеңмен екеумізді қажай
беруші едің, әңгіме жырдың дүкені, міне, жаңа келді. Қасында
отырған кісі – Барлас ақын. Ал мына ақынды сен
танисың.
Абай: Ия, апа! Мен Байкөкше ақынды танимын.
Былтыр бізге «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын айтып берген. Ол жыр
әлі есімде.
Барлас: Е, балам! Қазақ сөйлеуді де, тыңдауды
сүйген ел. Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға біз де
жалықпаймыз.
Әжесі: Тамақ әзір болғанша, жыр әңгімелеріңді
айта отырыңдар.
Байкөкше: Олай болса Барлас ақын «Қобыланды
батыр» жырын жырлап
берсін.
(Экранда Қобыланды батыр туралы мульфильм
көрсетіледі)
Барлас: «Қобыланды
батыр» жырынан үзінді
оқиды.
Кешегі өткен
заманда,
Қарақыпшақ
Қобыланды
Мініп алып
атына,
Қызыл ерге
келеді.
Мініп алып тор
атқа
Дүрілдетіп
жөнелді.
Қызыл ерді
сүйретті,
Ішінде шеңгел
тікенге,
Өкпе-бауырын
түйретті,
Қабырғасын
күйретті.
Менсінбеген
дұшпанды,
Ақыл тауып
үйретті,
Қобыланды ерлік
көрсетті.
Абай: Ата, мұны айтқан кім? Осы жырды
шығарған кім?
Барлас: Әріден келе жатқан жыр ғой. Халық
аузынан тараған,
балам.
Байкөкше: Ал, рұқсат болса біз жүрейік. Алда
барар жеріміз көп.
Әжесі: Асықпаңдар. Әлі біраз күн қонақ болып
кетіңдер.
Жүргізуші: Осы жолы Абайдың тілегі бойынша Байкөкше
мен Барлас бір ай қонақ болды. Бала Абайдың зеректігін байқаған
Барлас ақын оған жыр арнап, өз домбырасын сыйға
тартады.
Барлас: Шырағым ер
жетерсің,
Ер жетсең, сірә не
етерсің.
Алысқа шырқап
кетерсің,
Шыңдасаң, шыңға
жетерсің. (Абайға домбырасын
ұсынады)
Абай: Апа, қонақтарды жақсы сый беріп
аттандырыңызшы.
Ұлжан: Міне, сіздер жақсы сөздеріңізбен
баламның көңілін көтеріп, ем әкелгендей болдыңыздар. Рахмет
сіздерге.
Әжесі:Тағыда келіп тұрыңдар. Жолдарың болсын!
Келген сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым, ала кетіңдер.
Риза болып аттаныңдар. Ал, Абайжан қонақтарға жол көрсетіп, шығарып
салайық! (Рахмет
айтып барлығы сахнадан шығып
кетеді.)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Абайды оқы, таңырқа!" А.Құнанбайұлына арналған әдеби-сазды кеш сценариі.

шағым қалдыра аласыз