жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абайдың жүрек сыры
Сабақтың тақырыбы: «Абайдың жүрек сыры»
Білімділік: Ақынның жырларындағы жүрек ұғымын түсіндіру, жүректің орнын көрсете жырлаған жырларын жатқа айту.
Тәрбиелік: Ақын жырларындағы толық адамның бейнесін таныту. Жүрек ұғымындағы Абай поэзиясындағы орнын анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп айтуын, жырдағы идеяны айта білуін, өлең жайлы өзінше ой түрін дамыту.
Сабақтың түрі: Поэзиялық таным сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Талдау, жатқа айту, алдын ала тапсырма беру.
Көрнекілігі: Абай суреті, интербелсенді тақта, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері «Ғылым таппай мақтанба»
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!
Абай ата өзі айтқандай жұмбақ адамның бейнесіне үңіліп көрейік.

Абай қазақ мәдениетіндегі тұңғыш рет жүйелі түрде философиялық трактат жазған адам. Өзіне дейін қазақ атындағы ұғым, түсініктерді философиялық категория ретінде қолоданып, оның әрбіреуінің мәнін тереңдете ашуға тырысты. Міне, осы жағынан-ақ оның шығармаларындағы әрбір ұғым зерттеп талдауды қажет ететіні сөзсіз. Бір жағынан ол ұғымдар Абайға дейінгі ойшылдармен сабақтастықты білдірсе, екінші жағынан Абайдың өзін толығырақ тануға мүмкіншілік береді. Міне, осындай тарихи-философиялық және Абай көзқарасын тереңдетіп ашуға әбден қажет ұғым –жүрек. Абайды тану үшін оның жүрек философиясын айналып өту мүмкін емес.
Біз бүгінгі поэзиялық таным сабағымызда Абай поэзиясындағы жүрек сырына үңілеміз.
-Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Абайдың 14-қарасөзінде не деуші еді?

-
Иә, жүрек арқылы барлық ізгілік тарайды екен. Ізгілік деген – имандылық. Ал имандылыққа бет бұрған адам Алланы танып, жүрегінен жаратқанда орын береді.
-
Балалар, Абайдағы жүректен туатын сүю, махаббат жайын, Алланы, тәңірін сүюді, тануды бірнеше өлеңдері мен қара сөздерінде біршама таратып бағады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңін тыңдап көрейік. (оқушылар өлең оқиды)
-
Шын пейілдің, ықыластың, сүюдің,танудың жолы-жүрек екені белгілі.
-
Балалар, ақын Абайдың қарасөздеріне көз жүгіртіп, моральдық философиядағы жүректің қасиеттерін қай қарасөзде ашылып тұрғанын көрейік.(17-қарасөзді көрініс түрінде көрсетеді)
-
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
-
«Тоты құс түсті көбелек»
-
«Кейде өсер көңіл құрғырың»
-
«Жүректе қайрат болмаса»
-
«Жүрегім, ойбай соқпа енді»
-
«Жүрегім менің-қырық жамау»
-
«Жүрегім нені сезесің»
-
«Жүрек-теңіз, қызықтың бәрі асыл тас»
(өлеңдерді оқушылар жатқа айиады)
-
Ақынның сүю, махаббат, жақсы көру туралы ұғымдары «Көзімнің қарасы» әнінде өте айқын жазылған. (үнтаспадан «Көзімнің қарасы» әні тыңдалады)
Ақын дегеніміз-сезімнің адамдары. Бірде шаттанады, бірде ұуанады, бірде ренжиді, қайғыланады. Бұл сезімнің барлығын жүрекпен қабылдайды. Абай өзінің түрлі сезімдегі сәттерін өз жырында үнемі көрсетіп отырады. Отты жүрек, қайратты жүрек, ыстық жүрек, сорлы жүрек, елжіреген жүрек, жұмсақ жүрек, қан жүрек, асау жүрек, ынталы жүрек, мұз жүрек, асау жүрек, ауру жүрек.
-
Сендерге берілген тапсырмада Абай жырларынан «осы теңеулер келетін шумақтарды тауып келіңдер»- деп едім. Кім қалай орындап келді екен? (оқушылардыңүйден жазып келген шумақтарын тыңдап талдаймыз)
«RAFT» әдісі бойынша ой бөлісейік.

Енді қорытындыны жүрекке философиялық тұрғыдан берейік.

Олай болса бойларыңнан ақыл да, қайрат та, білім де табылып, жүректеріңнен тек мейірім төгіліп тұрса деп едім.
«ПОПС» әдісі бойынша сабаққа баға берейік.
Қорытынды:
Сабағымызды Асқар Егеубаевтың «Жыр тәңірі» өлеңімен аяқтаймыз.
Дана Абайды
Қазақтың ақылына балаймын,
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,
Жан алаңы, мұңы бар-қазағы бар Абайдың!
Арлы Абайды
Қазақтың қайраты деп ұғамын,
Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығамын!
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!
Сара Абайды
Қазақтың жүрегі деп білемін,
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,
Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім.
Ақылыңнан адасып, қайтіп адам боларсың,
Қайратыңнан адасып, қайраның жоқ соларсың.
Жүрегі жоқ жандарды түсіне алмас тірі жан,
Жүрегіңнен адасып, қайда барып оңарсың!
Ақыл, қайрат, жүректі адастырмай қолға алып,
Қазақ қазақ болғандай, Абай Абай болғалы!
Абайы бар халықтың маңдайының бағы бар,
Абайсызда Абайсыз адасқандар сорлады.
Осымен сабақ аяқталды.
«Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек...»
Ән: «Есіңе мені алғайсың». Залға жүргізушілер кіреді.
Айым:
- Кеш жарық, жыр сүйер қауым!
Нұртас:
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!
Аяулым:
-
Қайырлы кеш! Мұқағали жырын сүйіп оқитын оқушылар!
Мұқағали:
-
Биыл 20-рет ұйымдастырылып отырған «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» атты кешті тамашалауға келген аяулы ұстаздар!
Сағыныш:
-
Мұқағалидың сырлы сұлу жырын ақжарма ақ көңілмен жатқа оқып жүрген жас ұстаздар!
Мағжан:
-
Мұқағали әндері мен жүректерін әрлендіріп, бөбектерінің бесігін тербеп жүрген әзиз аналар!
Мадина:
-
Мұқағали жырларымен ғашық жүректерін жиі соқтырып жүрген ғашық жандар!
Бекжан:
-
Қандай игі іс болса, соның басы-қасында болып, қол соғып қошемет көрсетіп жүретін көрікті көрермен!
Ербол:
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер ер тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Майгүл:
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көреміз бәрін оның, пешенеден.
Әйтеуір білетінім бір-ақ нәрсе,
Көшеді өлең немесе өшеді өлең.
Барлығы:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Жүргізушілер бірінің артына бірі тұра қалады.
Айым:
Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?
Нұртас:
Сені іздеумен мәңгілік өтер едім?
Аяулым:
Отқа түсіп өртенсем не етер едің?
Мұқағали:
Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
Сағыныш:
Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
Мағжан:
Жел боп ұуып, ақыры жетер едім.
Мадина:
Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
Бекжан:
Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.
Вальс биі.
Ортаға 4-сынып оқушылары шығады.
-
Туған елге
-
Таудай болғым келеді.
-
Бақыт деген
-
Фантазия
-
Соғыстың соңғы көктемі.
-
Ұрынбай боран, жауынға
-
Елім барда
-
Қазақстан.
-
Қуаныш.
-
Барлығы да сендердікі.
-
Жүрексің.
-
Бәсіре.
Ән; «Сенің көзің»
Сахнада Мұқағали өлең оқып тұр. «Бүгін менің туған күнім»
Артынан жастар шығады.
Ербол: - Иә, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Біздің қатарымызда. Күнбе-күн қасымызда. «Мені оятқан»-Ербол
«Гүлденесің»- Жаннұр
Майгүл: - Біз үшін Мұқағалидың екінші өмірі-негізгі әрі мәңгілік өмірі басталған болатын. Біз оның саф таза ақындығын, мол да мөп-мөлдір мұрасын жырлай береміз.
Ербол: - Мұқағали өлеңдері ешбір кіреуке түспей, келешекке қарай келісті керуен түзеп көше бермек.
«Есіңде ме?» - Елшат
«Еш нәрсенің керегі жоқ» - Жаннұр
Майгүл: - Мұқағали өлеңдері өртене жанып өмір сүріп, жастардың жүрегіне, халыұтың жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда.
«Бұзылған там» - Дана
«Қаздар қайтып барады»- Майгүл
Ербол: - Мұқағали өлеңдерін оқыған сайын жаңа сырларын аңғарып, тың толқындарын тулатып, сырлы саздарын төгудеміз.
Майгүл: - Мұқағалидың дара даңқын жеті ықылым жер жүзіне жеткізу ендігі елдік, халықтық қасиетті борышымыз.
«Қайран жеңгем»- Гүлім
«Мен сені сағынғанда»-Мөлдір
Ербол: - Мұқағали халқын қалай сүйсе, халық та оны солай сүйді. Мұқаң халқына піріндей сенді.
«Серіксіз бе едің, құрбыжан» - Жанна
Майгүл: - Мұқағали мықтылығының табиғатын тануда талмастық, білімдарлық көрсетуге әрқайсымыздың бейілді болуымыз қажет. Әдемі сөз де, әсем жыр да ауыздың дуасына қарай туасы! Лайымда қазақтың Мұқағалилары көбейе берсін!
«Өзім үшін» - Шыңғыс
Ән: «Ғашықпын» - Еркеназ
Ербол: Ортаға 6 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз.
Ән; «Туған өлке» - Ибрайханова Маржан
Майгүл: Ортаға 6 «А» сынып оқушыларын шақырамыз.
Ербол: Ортаға 7 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз.(қолдарына майшам ұстап кіреді)
-
Май гүлі – Сағыныш
-
Қарғам менің – Алтынай
-
Майгүлге – Шырын
-
Майгүліме – Айбүбі
-
Майгүліме – Сымбат
-
Тағы да Майгүлге – Ұлжан
Майгүл: Ортаға 10-сынып оқушыларын шақырамыз.
Хор: «Есіңе мені алғайсың»
Тақырыбы: Зар заман ақындары.
Түрі: Іздендіру сабағы.
Типі: Бекіту, қорытындылау сабағы.
Мақсаты: Блумның мақсат қою таксономиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру. Оқушының өзіне баға беру дағдыларын дамыту.
Жабдықталуы: слайд, ақындар портреттері.
Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Интербелсенді тақтадан М.О.Әуезовтың сөзі беріледі. Бір оқушы оқиды. Сабақтың тақырыбы шығады. «Зар заман ақындары»
-
«Миға шабуыл»
А) Неге зар заман?
Ә) Кімнің сөзі?
Б) Неге «Зар заман ақындары» деп аталады?
В) Кімдерді атар едіңдер?
2. Негізгі бөлім.
Зар заман Абылай заманынан басталып, Абайға келіп тіреледі. Зар заман дәуірі 100 жылға созылған. Қолдан күш, бастан ерік кеткен кезде, қайғыдан тұншыққан халықтың зарынан туған көркем әдебиетті «зар заман әдебиеті» дейміз. Олай болса, сол заманға біраз саяхат жасап қайтайық.зар заман әдебиетінің негізін қалаушы ақын Шортанбай деп ой түйеді. Шортанбайдың 3 зары бар.
-
Зар заман
-
Бала зар.
-
Өлең зар.
Бұл үш зар – үш поэма. Екі жақты қанаудан тұншыққан халықтың ашуын, зарын Шортанбай «зар заман» деп тауып айтқан.
Мұрат Мөңкеұлы да зар заман ақыны болғанмен, айырма да жоқ емес. Мұрат-өз заманының мұңын мұңдаумен қатар, елінің тарихына үңіліп, өз заманының өткен тарихын да жырлаған ақын. Мұрат Шортанбайдай: «Сөзім бітті, мен болдым, енді шықпас үнім» деп, қайғының тұнығына батып кетпейді. Мұрат қайғы теңізінен малтып шығуға тырысады. Туған жер үшін күресті, ерлікті жырлайды. «Түре» айтыста да, «сүре» айтыста да үздік шыққан суырыпсалма ақын.
«Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы. (портреттері слайдтан көрінеді)
Ш-Шортанбай М-Мұрат М-Майлықожа
О- Ұ- А-
Р- Р- Й-
Т- А- Л-
А- Т- Ы-
Н- Қ-
Б- О-
А- Ж-
Й- А-
Тапсырма:
Шешілген тірек сөздерді пайдаланып, сол ақынның өмірі мен шығармаылығына байланысты ойтүйін жасалуы керек. Мысалы: Қашаған Күржіманұлы өлеңдері көбіне ауызша тараған. Қашаған өлеңдерінде ауыз әдебиеті үлгілерін шебер қолданған. «Аралбайды жұбату» жырында жұбату түрін Аралбайдың өзін сөйлету арқылы баяндаған. Ақын «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңінде қонақты үйіне кіргізбеген келініне ғайбат сөздермен кемшілігін бетіне қатты айтады. «Оразалыға» өлеңінде сараң байды кекетіп, аршыланға көз тиіп жүрмесін дейді. Бір өлеңінде насуханы да құдай кешірген деген. Насуха-әуелде күнжар, қанішер бола жүріп, соңынан адалдық жолына түскен адам.
3.Ақындарша толғанамыз (Майлықожа термесі тыңдалады)
1. Шортанбай өлеңі.
2. Мұрат өлеңі.
3. Қашаған өлеңі.
4. Дулат өлеңі.
5. Майлықожа өлеңі.
4.Хрестоматиядан бес ақынның біреуінің өлеңіне талдау жаса. Ақынның тіл шеберлігіне, өлең құрылысына.
5.«Топтастыру» стратегиясы
Майлықожа Шортанбай
6.ВЕНН диаграммасы
Майлықожа Шортанбай
7.Диалог журнал
1. Автормен сырласу
2. Шығармамен жұмыс
Бекіту.
|
Өлеңнен үзінді |
Қай өлең? |
|
|
Ажал келсе жатқызар, Маңдайдан басқан ұйқыдай...
|
«Дүниеге мейман, көңілім» |
Теңеу |
|
Қолымдағы қу ағаш, Сайрап отыр бұл ағаш. Асылы емен қарағай, Шыққан жері су ағаш. |
«Есқали сұпыға айтқаны» |
Эпифора |
|
Өксігіңді ойласам, Ұйқы беріп, қайғы алам. Қилы-қилы заманды, Заманға сай адамды. Салғастырып қарасам, Су мүйіз болған танадай, Шыр көбелек айналам. |
«Сандықтас» |
Теңеу, эпитет |
Талдау.
1.Өлеңнің поэтикалық тіліне талдау жаса.
Теңеу, эпитет, метафора.
-
Өлең құрылысына талдау.
Жинақтау.
-
Лирика түрі – көңіл-күй
-
Аталған көңіл-күй қай шумақтарда көрінеді?
-
Тақырыбы-
-
Идеясы-
Бағалау.
-
Пікір-толғау, эссе жазу,.
-
«Зар замандағы» эпифораны тап.
-
Зар заман
Қорлар-
Зорлар-
Ақырзаман-
Орыс-бүркіт
Біз-түлкі
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген