Материалдар / Абайдың өмірі мен шығармашылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайдың өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев өмірі мен шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру. 2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту. 3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2020
441
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№28 ЖОББМ» КММ







Ашық тәрбие сағаты:



Тақырыбы:

«Абайдың өмірі мен шығармашылығы»







Өткізген

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Жұманбаева Анар Макеновна


























Ашық тәрбие сағаты: «Абай өмірі мен шығармашылығы»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев өмірі мен шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, саяхат сабағы.

Көрнекілігі: Абай Құнанбаев портреті, нақыл сөздері,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,ағылшын тілі, ән-күй сабағы.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.(ән қосылады).

Ал енді балалар бір сәт әнге құлақ түрсек деп Абайдың «Желсі зтүнде жарық ай» өлеңін қосу.

-Балалар, бұл кімнің әні болды?(оқушылар табады)

-Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп бүгінгі ұрпаққа айтқан Абайдың бұл өсиеті мәңгілікке айналды. 

- Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді.

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын жырлағандай, Абай атамыздың 175-жылдығына арналған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

-Ал енді балалар,Абайдың өміріне саяхат жасап өтейік.Назарларыңызды тақтаға аударыныздар.( слайд көрсетіледі)

-Балалар,енді сендер Абайдың өмірі ,шығармашылығы жайлы не білесіңдер?(оқушылардың қазақша,ағылшынша дайындаған өмірбаяны мен өлеңдерін тыңдау).

Николай:

1.Ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында , Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді.

Максим:

2. Абай атақты Тобықты руынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медреседе оқиды.

Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған.

Артем:

3.Әкесі Құнанбай оқуды, білімді бағалаған,балаларын оқытқан.Ол орта жасқа келгенде ел басқарған адам болды.

Айтуған:

4.Абай бала кезінде елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен ерекшеленген.Ол Шортанбай, Дулат, Бұқар жырауларды тыңдап өскен. Абай көптеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе,А.С.Пушкиннің,М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларын оқып, қазақ тіліне аударған.

Диас:

5.Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған.Әкесі Абайды он жасында оқуға берген.Ол Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды.Ол көп талаптанған.Абай медреседе Науаи,Сағди,Физули сияқты ақындардың шығармаларымен танысқан.

Милана:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Алдияр:
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дәп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмеді

Жанель:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.

Диас:
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз.

-Жақсы балалар ,жарайсыңдар.

-Келесі біздің сабағымыз топпен жұмыс болғандықтан топқа бөлініп алайық.(Пазл әдісімен топқа бөлінеміз)

1-топ Талап,стремление, desire

2 –топ Еңбек,Труд,Work

-Келесі кезеңге көшейік.Бұл Абай әлеміне саяхат деп аталады.Бұл ойында ұяшықтарда үш тілде сұрақтар жасырылады.Әр топ кезек-кезек ұяшықты таңдап , сұраққа жауап береміз.Әр ұяшықтың өз ұпайы бар(оқушылар ұяшықты таңдап,сұрақтарға жауап береді,ұпаймен есептеледі).

-Жарайсыңдар ,балалар!

-Енді келесі тапсырмамыз Синквейн құрастыру.(1-топ қазақша, 2-топ ағылшынша синквейн құрастырады)

-Өтежақсы.(Екі топ синквейндерін оқып,таныстырады)

-Ендігі кезекте сабағымызщдыАбай атамыздың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқтасақ(хор)

Сабақты қорытындылау.

Жеңімпаз топты анықтау

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!