Күні: 22.01.2021ж
Тақырыбы: Абайдың қара сөздері
Сабақтың мақсаты:Абай шығармашылынан алған білімдерін тексеру, сын тұрғысынан ойлау арқылы пысықтау, әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын айыра білуге үйрету;Оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу;
Көрнекілік: интерактивті тақта,слайд,Абайдың портреті, шығармалар жинағы, қара сөздер жинағы, көрме.
Сабақтың түрі: пікірталас
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Барысы: І. Кіріспе (слайд+видео)
ІІ. Пікірталас
ІІІ. Көрмемен жұмыс
ІV Абай кім
V. Қорытынды
І. Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абайдың қара сөздері» атты пікірталас-сабағымызға қош келдіңіздер!
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,
Өлмей тұғын артына сөз қалдырған, -деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де ,жалынды жырымен де бізбен бірге.
Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кеменгер ойшыл, данышпан ақын, тарихи тұлға- Абай Құнанбаев.
Оқушылар жалпы барлығымыз дерлік Абай атамыздың қазақ әдебиеті ғана емес, әлем әдебиетінде де өзіндік орнын тапқан ақын-жазушы екенін білеміз. Енді «Абай кім?» деген сұраққа жауап алу үшін тақтаға назар аударамыз. (видео көрсетіледі)
Оқушылар, Абайдың қара сөздері жайлы мардымды мағлұмат ала білдік деп ойлаймын. Олай болса, келесі кезекті Абайдың қара сөздеріне берейік (ортаға шығып оныншы қара сөзін айтады)
ІІ. Оқушылар, бір қазір Абайдың нешінші қара сөзін тыңдадық?
Ия, барлығымызға түсінікті болды деген ойдамын. Сондықтан да Абайдың оныншы қара сөзіне өз пікірлеріңді айтып өтсеңдер. Жалпы Абай атамыздың ойына келісесіңдер ме? Абайдың бала тәрбиесіне, адам сана-сезіміне қатысты тағы да қандай қара сөздерін білесіңдер?
Абай ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған.
Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой пікір білдіру үлгісінде құрылған.
Қара сөздерінің жалпы саны – 45.(46) Олар тақырып жағынан бірнеше топқа бөлінеді. Олай болса, тақтаға назар аударайық.
1. Халық тарихы, ел басқару мәселесі: 13, 8, 22, 38, 7, 41, 42, 46 сөздер.
2. Оқу-ағарту ғылым, өнер – білім: 12, 8, 10, 17, 18, 25, 32, 33, 38, 43 сөздер.
3. Еңбек, шаруашылық, тұрмыс, адамгершілік туралы: 14, 15, 17, 18, 21, 22, 28, 34, 42, 44сөздер.
4. Діни, имандылық, өмір сырлары туралы: 12, 13, 15, 17, 31, 35, 36, 37 сөздер
Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Ендеше, оқушылар, Абай атамыздың келесі қара сөзін(29) талдау үшін тақтаға назар аударайық.
Оқушылар, Абай атамыз бұл қара сөзінде қазақтың мақал-мәтелдерін сынға алған. Абай атамыздың қара сөздеріне өз ойларыңды айта отырып, сендердің көкейлеріңде жүрген , сендер де сынға ала алатын мақал-мәтелдер бар ма, болса, өз ойымызды ортаға салайық.
ІІІ. Көрмемен жұмыс
Өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ұлы Абайдың ұлағатты өмірін арқау етіп, философиялық ой-толғамын санаға сіңіру мақсатында кітапханамыздағы кітап көрмесімен ұйымдастырдық. «Абай ақыл ойдың алыбы» тақырыбында ұйымдастырылған көрмеде хакім Абай шығармаларына шолу жасап, оқырмандарға кеңінен таныстырайық. Ортаға Ержанқызы Ақботаны шақырайық.
Тағы бір тың мәлімет қосып кеткім келеді, Абайтанушы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, Абайдың 47 қара қара сөзі бар деседі. Оның 46-қара сөзі қазақтың қайдан шыққандығын айқындап берсе, 47-қара сөзі қазақ реформасы жайлы жазып кеткендігін айтады. Бұл ақпараттар әлі зерттелу үстінде. Қазір біз тақтаға назар аударып, Абайдың 46-қара сөзінен үзіндіге тоқталсақ.
ІV Абай кім (асссоциация)
Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі Ғ. Мүсірепов «Абайдың қасиетті - өз табының тілегінің көп қиналыстар, толғаулар, тәнге – жанға түскен жаралар арқылы жыртылып айырылуында, өз заманынан биік тұруында». деген пікір айтқан екен. Оған біздің де алып-қосарымыз бар ма екен. Олай болса, «Абай кім ?» деген сұраққа қара сөздерімен байланыстыру арқылы жауап беріп, сабағымызды қорытындылайық.
V. Қорытынды
Бүгін 21- ғасыр басында біз Абайдың шығармаларынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз.Себебі, Абай адамзаттың мәңгілік сауалдарына жауап береді.
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам,
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам.
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы ,
Ол- Абай, ұлты- қазақ, аты- Адам.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар « Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңінен тек дәм татқан сияқтымыз. Сол себептен Абайды оқудан , білуге ұмтылудан , ізденуден жалықпайық деп бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абайдың қара сөздері

шағым қалдыра аласыз