Тексерілді:
__________Ш.Баимбетова
Күні: 22.01.2018жыл Сыныбы:10 Пәні: қазақ
әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
немесе «Ғақлиясы»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларға қазақ халқының
ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық тұжырымдарға толы қара
сөздерінің мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұғындыру, адамгершілік тәрбие
берудегі ақынның философиялық ойларының тереңіне үңілуге
үйрету;
Тәрбиелік: Білім алушылардың бойына
адамгершілік қасиеттерді сіңіру, ақын көтерген мәселелер
тағылымынан үлгі алып, азаматтық ұстанымдарды
қалыптастыру;
Дамытушылық: Білім алушылардың дүниетанымын,
ой-өрістерін кеңейту, оларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу,
шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін
дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас
сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,
мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыс,
талдау,
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
1. Оқушылармен
сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу;
2. Оқушылардың
зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.
Үй тапсырмасын сұрау.
Оқытушы сөзі:
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл
дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы өткен сабақтарда не білдік,
соған мына суреттер мен сандарға сүйене отырып, шолу жасап
кетейік.
ІІІ. Жаңа
сабақ
Жаңа сабаққа
кіріспе айту.
Қара сөз туралы
теориялық түсінік беру.
Абайдың қара
сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы
пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық
концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат
баласына ортақ асыл сөзге
айналды.
Оның қара
сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай»
журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай,
француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне
аударылды.
Абай өз қара
сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды
бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы
кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа
жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс
ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары
Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектерімен
танысып, үлкен дайындықтан өтіп
келеді.
Өзінің қара
сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде
атап көрсетеді.
Бірінші қара
сөзін тыңдау.
Абай қара
сөздерін зерттеген ғалымдарды атау.
1956 жылы
Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде
қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар
прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйіншәлиев. Бұдан бөлек С.
Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар.
Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ.
Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына
қарай өзінше жүйелеп орналастырған.
Абай қара
сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа
бөлу:
Өмірбаяндық: 1
- сөз.
Халықтарды
салыстыру: 2 - сөз.
Қазақ сахарасын
билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 -
сөз.
Күлкі туралы
ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
Қазақтың мақал
- мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 -
сөз.
Ел мінезін
суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40,
41, 42, 43 - сөздер.
Жас баланың
психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 -
сөз.
Білім, ғылым,
өнер туралы: 18, 25, 31, 32 -
сөздер.
Дін, мораль,
тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38,
45.
Адамгершілік,
ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 -
сөз.
Өмір туралы
толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз.
Нақыл сөздерден
ғана тұратын қарасөзі: 37 – сөз.
ІҮ.
Жаңа сабақты бекіту
Білім алушылар
2 топқа бөлініп отырғызылады, топпен жұмыс жүргізіледі. Әр топқа
тапсырма беріледі.
1
тапсырма «Қара сөздің мағынасын
айт»
*1 Абайдың бір-бір
қара сөзі беріледі. Абайдың он бесінші қара сөзі, он сегізінші қара
сөзі тыңдатылады.
Білім алушылар
мына сұрақтар бойынша берілген қара сөздің мағынасын
ашады.
1. Бұл қара сөздің идеясы
қандай?
2. Қандай
мәселе көтерілген?
3. Тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйіні.
2-
тапсырма
«Ойлан, тап!»
Халық арасында
мақал, нақыл сөз болып қалған Абай сөздерінің жалғасын
тап.
1. Жұмысы
жоқтық, тамағы тоқтық .......... (Аздырар адам
баласын)
2. Үш-ақ нәрсе
адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы
жүрек)
3. Талап,
еңбек, терең ой ... (Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс,
көнсеңіз)
4. Білімдіден
шыққан сөз...............(талаптыға болсын
кез)
5. Еңбек етсең
ерінбей, ..............(Тояды қарның
тіленбей)
6. Ұстаздық
еткен жалықпас, ............(Үйретуден
балаға)
7. Пайда
ойлама, ар ойла, ..........(Талап қыл артық
білуге)
8. Атымды адам
қойған соң, ............(Қайтіп надан
болайын)
9. Досы жоқпен
сырлас, .................. (Досы көппен
сыйлас)
10. Сен де бір
кірпіш дүниеге, ..............(Кетігін тап та, бар
қалан)
11. Жаман дос -
көлеңке, ..............
(Басыңды күн
шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт
алса, іздеп таба алмайсың)
12. Толғауы
тоқсан қызыл тіл ......................(Сөйлеймін десең өзің
біл)
13. Ойын –
арзан, ...............(күлкі
қымбат)
Ү.
Қорытынды:
Оқытушының
қорытынды сөзі:
Абай қара
сөздерінің бізге, кейінгі ұрпаққа берері көп екені, тәрбиелік, үлгі
аларлық насихат сөздерге толы екеніне көзіміз
жетті.
Абай қара
сөздерінен қандай үлгі-өнеге алдық, тәлімдік ой
түйдік?
Абай – ұлы
ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің
темірқазығы.
Абай насихаты –
ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі
кісі болу.
Абайдың өз
сөзімен айтсақ:
Терең ойдың
түбінде теңізі бар,
Тесіле көп
қараса, көңіл ұғар.
Абай Әлемін
бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен
шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңінен тек
қана дәм таттық деп ойлаймын. Сол себептен оқудан бас тартпайық,
білуге құмар болайық, ізденуден
жалықпайық.
ҮІ.
Бағалау.
Білім
алушылардың білімін бағалау.
ҮІІ.
Үйге тапсырма беру.
1. Абайдың
«Отыз жетінші» қара сөзін оқу
Мәтінді
толықтыр
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп
бар: әуелі - ____________________________
______________________________________; екінші -
___________________________________________________________ ,
көңілденіп, тұшынып,
________________________________________________; үшінші -
________________________________________________________; төртінші
- ___________________________________________________________. Егер
кез болып қалса, салынбау керек. Ой
кеселдері:
_____________________________________________________________________секілді.
Бұл төрт нәрсе - ______________________________________________
_______________________________________________ тоздыратұғын
нәрселер.
Мәтінді
толықтыр
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:
__________________________________ __________________ескерсе,
дүниедегі ___________________________________ таниды дағы,
сондайдан білгені, көргені көп болған адам ____________________
___________.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі
_________________
______________________. Әрбір естілік жеке
өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді
ескерсе,
___________________________________
______________________________, сонда іске
жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап,
______________________________________,
_____________________________, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап
ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де,
шыға беріп қайта қалпына кетсе,
____________________________________________? Осындай сөз
танымайтұғын елге сөз айтқанша,
________________________________________
_______________________________________________деп бір хакім айтқан
екен, сол секілді сөз болады.