Тексерілді:
Күні: 09.02.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі
Сабақтың
мақсаты:
1.
Білімділік: оқушыларға Абайдың қарасөздеріндегі
тәлім-тәрбие мәселесі туралы
түсінік беру, қарасөзді
талдау;
2.
Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін,
тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық
ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: лекция
сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Жиырма бесінші» қарасөзін оқу, талдау.
Сұрақтар:
-
Ақын қарасөзінде озық елдің қандай ерекшеліктеріне тоқталып, бағалаған?
-
«Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуынан не аңғарылады?
-
«Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» мәнін түсіндіруге тырысыңдар.
-
Абайдың қарасөздеріндегі көтерілген даналық ой-пікірлер өлеңдерінде айтылған ойлармен сабақтастығын ашыңдар.
ІІІ Жаңа сабақ:
Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі
ЕКІНШІ СӨЗ
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.
Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.
Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.
Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?
1890
IV Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
-
Ақын халқын қандай ізгі, жақсы істерге шақырады?
-
Адам бойындағы жағымсыз мінездерді мінейді, одан арылудың жолын қалай көрсетеді?
-
Ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызы жайлы ақын көзқарасы.
V Үйге тапсырма:
-
Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі туралы түсінік.
-
Реферат жазу.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абайдың қара сөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі

шағым қалдыра аласыз