Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Болтпй батыр орта мектебі. 11 сынып оқушысы Күздеу Алибек
Абайдың қарасөздері-тәрбиенің қайнар көзі
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге!- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай Абай ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің жанашыры, қазақ әдебиетінің атасы Абай Құнанбайұлын қанша оқысақ та, өлеңдерін, қарасөздерін жаттасақ та жалығар емеспін. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Ұлтымызға тән асыл қасиеттерді бүгінгі жастарымыз ана сүтімен толықтай бойға дарытып, сүйеккке сіңіре алуымыз қажет деп ойлаймын. Халқымыздың мәдениеті де, салт-дәстүрі де дүние жүзіндегі көптеген елдің болмыс-бітіміннен әлдеқайда бай, әлдеқайда құнарлы екеніне бүгінгі саяси жаңғырулардан кейін ғана көзіміз жете түскендей.
Түрі қазақ, түсінігі басқа осынау ұрпақ кесірінен казақ халқы бұрын-соңды болмаған рухани құлдырауға ұшырады. Бүгінде жастарымыздың бойындағы әке-шешелерін қарттар үйіне өткізу, балаларын жетімдер үйіне тастау тәрізді жағымсыз әрекеттер дендеп барады. Мұндай сұмдыққа бойымыз үйренгені соншама, тіпті, таңданбайтын да болдық. Қоғамдағы орын алып жатқан сорақы қылықтардың жиі көрінуі – ұлттық тәлім-тәрбиенің, отбасылық құндылықтардың дұрыс насихатталмауынан, тәрбие жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуінен туындап отырған құбылыстар. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» – деген екен. Олай болса, тарихқа, тарихи бастауларға, мәдени мұраларымызға қаншалықты терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Осындай тарихи мұралардың бірі де бірегейі – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық ойлары тұжырымдалған қара сөздері. Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері адамзатқа рухани азық, ерекше тәлім береді, адамгершілікке үндейді.
Ақын екінші қарасөзінде қазақтың кәсіппен шұғылдануы жөнінде айтады. Ноғай, татар, өзбек, орыс халықтарының еңбекқорлығын айта келіп, олардың сыртынан күлмей, керек дүниені үйреніп, адал жолмен мал табуды сөз етеді. Ақынның осы айтқанының бәрі біз өмір сүріп жатқан дәуірде іске асуда. Білімді жастар ғылыммен, бизнеспен, мал және егін шаруашылығымен айналысып, өнертапқыш ретінде танылып жатқаны – осыған дәлел.
Төртінші қарасөзінде «бір Аллаға сиынып, қайраттанып еңбек қыл, жақсымен жанаса жүр, үлгілі іс жаса» деп насихат айтады.
Бесінші қарасөзінде қазақтың орынсыз қолданған мақал-мәтелдерін сынап, не нәрсеге де сын көзбен, сыни оймен қарап, ішінен керегін алған жөн екенін ескертеді. Сонымен қатар мал табудың оңай жолы опа бермейтінін айта келіп, мал үшін өмір сүретіндерді мінеп-сынайды.
Сонымен қатар, ұлы ақынның қара сөздеріндегі еңбек тәрбиесіне қатысты тұжырымдарды қарастырсақ, ол еңбек ету мен еңбекқор жанның ет тірілігін, тіршілік пәлсапасын дәл сипаттайды. Алтыншы сөзде «…Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың — пысық, ішің — нас,
Артын ойлап ұялмас, — болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық» деп еңбек жасауға ұмтылмаудың кесапаты мен жалқаулықтың ақырын анық айтып, онан жиренуге шақырады. Өнер үйренуге үндейді. Отыз үшінші қара сөзінде «…Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың әулиесі сол…» деп қолөнердің игілігін насихаттайды.
Сонымен қатар, қолөнерді меңгерген қазақтың мінезіндегі бойкүйездік қасиеттерге: «..өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады, мақтанып кеткіш, қу тілге алданып, өзінің уақытын бос өткізеді, тамырым, досым деп еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, бор
Мысалы, жетінші сөзде … «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды…
…Енді бірі не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, т.б. ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген жан құмары» дегенді айтады.
Бұл қара сөзінде «тән құмары», «жан құмары» деген күрделі философиялық ұғымдар айтылады. Бұл екеуі де – адамзат болмысына тән сипаттар. Тәрбие осы екеуін саралап, оның адам баласына қажеттілігі мен маңыздылығын танып‑білетіндей деңгейде жүруі керек. Яғни, тәрбиелеу ұғымындағы жанның азығы мен тәннің қажеттіліктері тиісті деңгейінде балаға беріліп отыруы керек, біржақты болу, белгілі бір құмарлыққа басымдық беру адамның адам болып қалыптасу мүмкіндіктерін тежейтінін көрсетеді.
Он үшінші қарасөзінде иманы берік болу парыз дейді. Жастарды имандылыққа шақырады. Бүгінгі күнде Алланың бар, бір екенін мойындап, жүрегіне иман гүлін егіп, ислам дінінің ізгілігін ұғынған жастар көп болуы – ақын арманының іске асқан көрінісі.
Он бесінші қарасөзінде есті мен есер адамның айырмашылығын сөз етеді. Құмарлықтан бойын аулақ ұстаған жөн екенін айтады. «Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, біртүрлі мастық пайда болады екен. Әрбір мастық бойдан ағатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен», деп жазады. Кей жастардың құмар ойындарға әуестігі, ағзаны улайтын зиян нәрселерге құмарлығы – адам өмірін қиындататын, азғындауға әкелетін дүние. Абайдың осы мәселелерді өзі өмір сүрген дәуірде айтып кеткені даналық емей немене?!
Он сегізінші қарасөзінде адам баласы адам баласынан түбінде ақыл, білім, мінез, ар деген асыл қасиеттерімен озатынын айтты. XXI ғасыр – білім-ғылым ғасыры. Ақынның айтқаны дөп келіп отыр.
Он тоғызыншы қарасөзінде адам ата-анадан есті болып тумайтынын, естілердің айтқанын ескеріп жүргенде ғана есті болатынын айтады. Сондықтан көрген-білгенін ескеріп, ой елегіне салып, ақырын жүріп, анық басу керектігін ескертеді.
Отыз тоғызыншы қарасөзінде ел бірлігі, елдің ынтымағы сөз болады.
Қырық екінші сөзінде қазақтың жұмыссыздығы, әлеуметтік жағдайы сөз болады. Жатыпішер жалқаулықтың кеселі жұмыссыздыққа әкеліп тірейді. Қазір де бұл – өте өзекті мәселе. Елімізде жұмыссыздық көп, соның салдарынан ажырасу көбейіп, психологиялық күйзеліске түсу белең алып отыр.
Қырық төртінші қарасөзінде талапсыздық жайы айтылады. Ең жаман нәрсе – талапсыздық. Ақын осы мәселені: «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой», деген өлеңі жолдарымен де астастырып береді. Ақынның қай қарасөзін алсаңыз да, даналыққа толы, әсіресе, жастарды тәрбиелеуде маңызы өте зор деп ойлаймын. Сол үшін мен ақынның барлық шығармаларын оқуға тырысамын.
Жас ұрпақтың тәрбиесіне ат салысқан қазақ жанашырлары өте көптеп саналады. Солардығ бірі, Мағжан Жұмабаев тәрбиелеу бағыттары туралы: «Тәрбие төрт түрлі: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала мығым денелi, түзу ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын» деген тұжырым қалдырған.
Сана – философиялық ұғым. Оқу-тәрбие үдерісінде сана түсінігін адам болмысы, табиғаты тұрғысынан аламыз. Сана – адами қабілеттілік, ортамен, қоғаммен табиғи және мәдени қатынастар көрінісі. Шын мәнісінде, сана арқылы тіршілік әлеміндегі құбылысты жеке адам өзінде бекітеді. Академик Совет-Хан Ғаббасұлы «сана» ұғымын ой елегінен өткен білім немесе болып жатқан оқиғаларды ой елегімен іріктеп, талғап қабылдау деп түсіндіреді. Абай саналы адамға тән қабілет, қасиеттерді жан‑жақты талдай қарайды. Мақсат пен нәтиженің арасын өлшеп, өзінің өмірлік мақсатын халықтың болашағымен байланыстырып, ұштастырады:
«Мақсатым — тіл ұстартып, өнер шашпақ.
Наданның көзін қойып, көңін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ» дейді.
Сананы байлық сана, кедейлік санаға бөлмейді, өйткені, бай мен кедейдің саналысы да, санасызы да, адамгершілігі бары да, жоғы да бар екенін жақсы біледі. Байды да, кедейді де еңбек етуге шақырады. Еңбек еткен адамның кедейі болмасы – шындық! Абай «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» дей отырып, сананы білім мен тәрбиенің, адамгершілік пен азаматтықтың биік өлшемі ретінде ұсынады.
Қазақ кең байтақ даласының қай қиырында жүрсе де негізінен төрт түлік малын өсіріп, жерін өңдеп, дән де сеуіп, малшылық пен диқаншылықты тірліктің қуатты көзіне айналдыра білген. Ата-бабаларымыз еңбектің пайдасы жөнінде аз толғанбаған. Төрт түлік малдың атасын саралап, Шопан ата, Қамбар ата, Зеңгі баба, Ойсыл қара, Сексек ата деп дәріптеген бабаларымыз таңның атысы, күннің батысы жерді баптаған жандарды Диқан бабаның ұлағатты ісін жалғастырушылар деп құрметтеген.
Абай әйгілі қарасөздерінде шығарманың ажарына назар аударып қана қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Хакімнің гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойы дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық тұжырымдамасын құрайды.
Абайдың қарасөздерін сыншылдық, ойшылдық, көбіне адамгершілік мәселесіне арналған өсиет деуге болады. Бәрінің жалпы түйіні – адам болу.
«Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын», деп бастайды Бірінші қарасөзін.
Әдебиет:
3
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абайдың қарасөздері

шағым қалдыра аласыз