400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Абайдың ""Толық адам"ілімі" тәрбие сағатының қысқа мерзімді жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мақсаттарына сай жасалған.Ұлттық мүдде , ар-ұят , талап құндылықтарына негізделген тапсырмалары бар.Қолданылған әдіс-тәсілдер : топтық жұмыс , ой тастау, әңгімелесу, дәлелді іздеу, миға шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктеріне сай оқыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспары



Тәрбие сағатының тақырыбы

Абайдың «Толық адам» ілімі

Күні


Сынып жетекшісі


Сынып


Оқу мақсаты

Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның «Толық адам» туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету. Соның негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау. Өзін-өзі тануларына, өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету, тәлімдік мүмкіндік туғызу. Оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, өзгені өзіндей қабылдауға, өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін сыйлаудың маңызына мән беру;
Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философиялық ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Құндылықты дамыту

Ұлттық мүдде , ар-ұят , талап

Өткізілу формасы

Сайыс , әңгімелесу , пікір талас

Әдіс - тәсілдер

Топтық жұмыс, ой тастау, әңгімелесу, дәлелді іздеу, миға шабуыл. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыны тұрғыдан ойлау ,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АҚТ ны қолдану, жас ерекшелігіне сайкес оқыту .

Күтілетін нәтиже

Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның «Толық адам» ілімі туралы Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету тағы сол сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді Оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, өзгені өзіндей қабылдауға, өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін сыйлаудың маңыздылығын түсінеді.;Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін талдай отырып, әр оқушы оның мағынасын терең меңгереді. Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын, адамның ішкі жан дүниесін түсінеді, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе біледі,ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философиялық ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастырады.

Көрнекілігі

Портрет , қанатты сөздер , кітаптар

Тәрбие сағатының өту барысы:

Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру бөлімі

5 мин

Саламатсыздар ма , оқушылар.Бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер

(Сынып жетекші тәрбие сағатының тақырыбымен , оқу мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстырады)

Олай болса ,

«Ғажайып айна» әдісі арқылы өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерді айтып берсеңіздер.

Сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлінейік.

Топқа бөлу. «Шар» әдісі арқылы топқа бөлу.Оқушылар өздері ұнаған түсті таңдап , сол түсті топқа барады.

1-ші топ Адалдық ( көк түсті шар )

2-ші топ Шыншылдық ( сары түсті шар )

3-нші топ Адамгершілік

( жасыл түсті шар)


Оқушылар сынып жетекшімен амандасады.Тәрбие сағатының тақырыбымен , оқу мақсаты мен және күтілетін нәтижемен танысады.


«Ғажайып айна» әдісі арқылы өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерді айтып береді.

Оқушылар өздерінің ұнаған түстерін таңдау арқылы топқа бөлінеді










Айна






Түрлі түсті шарлар

Негізгі бөлім

35 мин

Тәрбие сағатын бастамас бұрын , сіздермен мынадай құнды мәліметтермен бөліскім келеді.

Профессор Мекемтас Мырзахметұлы – Абай мұрасын, оның зерттелу тарихы мен шығыс әлемімен байланысын бүкіл саналы ғұмырында терең зерттеп, зерделеп, көпшілікке насихаттап айтудан жалықпай келе жатқан белгілі абайтанушы. Өткен ғасырдың 70-жылдары (1973-1977) Абай атындағы қарашаңырақ ҚазПИ-дің филология факультетінде оқып жүргенде, ол Абайтану курсынан дәріс жүргізіп, сонда ұлы ақынның өлеңдері мен қарасөздеріне жан-жақты талдау жасайтын. Шығыс философиясынан бастау алып жататын дүниетанымына қатысты тың өрісті ойларын өрбітетін. Бұл әлі ұлы ақынның шығыс әлеміне қатысты көзқарасының еркін айтылмайтын, тіпті жабық тақырып кезі болса керек.

 Иә, шын танып, терең бойлаған адамға Абайдың «толық адам» туралы ілімі ескірмек емес. Қайта заманның талабына сай қайта зерделенуі және бүгінгі ұрпаққа жетімді түрде насихатталып, түсіндірілуі қажет деп білеміз.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында нақты міндеттер қойып: «Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепция­­­сы, шындап келгенде, өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін», деді.

Алдымен, ұлы ақын неге «толық адам» іліміне келді деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

ХІХ ғасыр – Ресей патшалығының қазақ даласын отарлауының күшейген кезі. Ел билігіне болыстық жүйенің енгізілуі – қазақ халқының мінез-құлқына үлкен өзгерістер әкелді. Ел адамдарын бір-біріне айдап салу, ортаға майлы жілік тастап, билікке таластырып қою (болыстық сайлау), содан туындап жататын әр алуан жағымсыз мінездерді одан сайын күшейту, пара беру мен пара алу, күншілдік пен арыз жазу, жағымпаздану, сатқындық, берген парасын елден үстемелеп қайтарып алу үшін жаныға жанталасып, түрлі әрекеттерге бару – өзге де толып жат­қан ұсақтану мен ұлттық рухтан айы­­­рыла бастауды Абай өз заманында терең сезінді. Абайдың «Болыс болдым, мінеки» өлеңінде уақыт, қоғам шындығының бет-бейнесі көрінеді. Жағымпаз, иілімпаз болыс – ел қамын ойлайтын тұлға емес. Жеке басы үшін халық, ұлт мүддесін ойланбай сатып жіберетін пақыр. Ел тұтқасын ұстаған адамдар осылай азғындаса, ел болашағы не болмақ? Отаршылдықтың дендей еніп жатқан осындай сұмдықтарына қандай тосқауыл қоюға болады? Халық­ты жамандықтан сақтап қалудың жолы қандай? Отаршылдықтың бетін қай­та­рып тастайтын қазақ даласында күш жоқ. Ондай күшті ұлы ақын таба алмады.

Міне, осы ретте Абай халықтың берік сенімі мен мықты рухы ғана өзін сақтап қалатынын түсінді. Ол үшін халықты, жас ұрпақты соған бағыттайтын ілім қажет деп ойлады. Абай шығыс философиясына ден қоя отырып, оны өз тарапынан толықтырып, тереңдетті.

Қазіргі уақытта біз неге Абайдың «толық адам» іліміне қайта ден қо­йып отырмыз? Үстем идеологиялы ке­ңес­тік кезең қанша дегенмен, тұйық, оқшауланған қоғам болды. Қазіргі уа­қыт­тың ерекшелігі – жаһандану үдерісі өте күшті жүріп жатыр. Мұның жақсы жақтарымен қатар, өзге елден келіп жатқан көптеген жат ағымның, теріс идеологияның, дәстүр-салтымызды, наным-сенімімізді бұзатын жағымсыз ықпалдардың күшейіп тұрғанын жасыра алмаймыз. Оларға қалай төтеп беруге болады? Қалай өзіміздің ұлттық менталитетімізді сақтаймыз? Тағы да Абайға жүгінуіміз керек.

Өйткені Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Абай аманаты» мақа­ла­­сында жазғандай, «Орыстар үшін Александр Пушкин, ағылшындар үшін Уильям Шекспир, немістер үшін Иоганн Гете, американдықтар үшін Уолт Уитмен қандай болса, қазақстандықтар үшін Абай да – сондай рухани ұлы тұлға» және сонымен қатар Абай ілімінің өміршеңдігі мен гуманизмі бізді осыған бағыттайды.

Абайдың «толық адам» ілімі «Ғы­лым таппай мақтанба» өлеңінен бас­тау алады. Ондағы «бес асыл» мен «бес дұшпанның» негізі, профессор М.Мыр­зах­метұлы айтпақшы, шығыс ой­­шылы Ғұламаһи Дауанидің (XV ғ.) шә­кірті Жүсіп Қарабағидың (XVIII ғ.) «Рисаласындағы» екіге бөлінетін жан азығынан (жанның пайдалы азығы, жанның зиянды азығы) негіз алады. Онда шын сенім, жомарттық, ғылыми түсінік пен күншілдік, жалған сенім қарама-қарсы қойылады.

Абайдың дүниетанымында бұл ой тереңдетіліп, адам бойына қажетті «бес асыл қасиет» пен «бес дұшпан» нақ­ты­ланады. Әлбетте, оқушылар, бү­гін­гі студенттер Абайдың бұл ғибра­тын мектеп қабырғасынан жаттап өседі. Бірақ бұл жеткіліксіз, әрбір жас өзінің дүниетанымының қалып­тасуын­да Абай айтқан «жанның пайдалы тамағымен» сусындауға саналы түрде бет бұрғанда ғана толық адам жолына түсе алады.

Абай сипаттаған толық адам кім? Абай «жүректі» жырлайды. Былайғы қазақтың жүрек туралы ұғымы «жүректі адам», «батыл адам», дегеннен аспайтынын айта келіп, оған тың мағына үстеп, рақым, шапағаттың қайнар көзі деп философиялық тұрғыдан мән бере­ді. Ақыл, қайрат, жүректің бір­лі­гін­де жүректі бірінші орынға қояды. 17-қарасөзінде жүректі сөйлетіп: «қан менен тарайды, жан менде мекен қы­ла­ды... әділет, нысап, ұят, рақым, мейір­бан­шылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады» деп сөйлетеді.

-Олай болса балалар , сайысымызды бастайық.

Сайысымыз бес кезеңнен тұрады.

Бірінші аялдама: «Абай кім ?» топтастыру әдісі.







Екінші аялдама: «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті...»деп аталады.Топтық жұмыс.Берілген тақырып бойынша әр топ өз ойларын білдіреді.

1-топқа: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі ...»(Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білерсің.) ойды жалғастыр

2-топқа:

« Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық» мысал келтір

3-топқа:

« Нұрлы ақыл , ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса , онда ол «қасиетті адам» болмақ»

Үшінші аялдама: Абай шығармашылығында толық адам бейнесі қалай суреттелген?

1-топқа: Абай өлеңдерінде қалай көрінеді?



2-топқа: Абай поэмаларында қалай көрінеді?



3-топқа: Абай қарасөздерінде қалай көрінеді?

Төртінші аялдама: «Толық адам қалыптастыруда Абай шығармаларының құндылығы» ой толғаныс.Үш топқа бірдей тапсырма.

Бесінші аялдама: «Мінсіз оқушы» моделін құрастыру.Үш топқа бірдей тапсырма.


Оқушылар сынып жетекшісінің мәліметін тыңдайды.

















































































































































































































































Бірінші кезең бойынша топтастыру әдісі арқылы тапсырманы орындайды.

Бағалау : «Екі жұлдыз , бір ұсыныс»




Екінші кезеңде оқушылар берілген тақырып бойынша әр топ өз ойларын білдіреді.























Үшінші кезеңде Абай өлеңдері мен қара сөздеріндегі «Толық адам» бейнесін талдап береді.















Төртінші кезеңде Абай шығармаларының

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
72 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
3740
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі