Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абайтану бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайтану бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ НЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ШЫҒЫС» ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҒЫ













АБАЙТАНУ КУРСЫ

5-8 сыныптарына арналған
аймақтық оқу бағдарламасы



















Өскемен 2020


Page 2

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының сараптау кеңесінің 2020
жылғы 5 қаңтардағы №1 хаттамасы негізінде жалпы білім беретін
ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) 5-8 сыныптарына
арналған «Абайтану» курсы бойынша аймақтық оқу бағдарламасы қолдануға
бекітілген.
Жалпы білім беретін ұйымдарының (мамандандырылған, арнайы,
гимназия, лицей) 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» курсы бойынша
аймақтық оқу бағдарламасын әзірлегендер:

1. Картаева А.М., ғылыми жетекші, филология ғылымдарының
докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің
профессоры
2. Абежанова Б. М., Глубокое ауданы, «Опытное поле орта мектебі»
КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
3. Акимбаева Ж. Н., ШҚО ББ Шығыс Қазақстан гуманитарлық
колледж, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
4. Байсарина Н. С., «Семей қалалық білім бөлімі» ММ, әдіскер
5. Кунафина Г. А., Семей қаласы, «№16 орта мектебі» КММ,
«Абайтану» оқулық хрестоматиясының (9 сынып) авторы, қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
6. Муратова Е. К., ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға
арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ, директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
7. Оразбекова А. Б., Өскемен қаласы, «№47 орта мектебі» КММ, қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
8. Сатенбаева Д. Б., Өскемен қаласы, «№46 орта мектебі» КММ, қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
9. Тлеуханова А. Н., Риддер қаласы, «№14 орта мектебі» КММ, қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
10. Шабалова Н. И., Өскемен қаласы, «№48 орта мектебі» КММ,
директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі


Абайтану курсы: Жалпы білім беретін ұйымдарының 5-8 сыныптарына
арналған оқу бағдарламасы. Өскемен: Шығыс Қазақстан облысының білім
басқармасы, 2020. – 33 б.

Шығыс Қазақстан облысы
білім басқармасының «Шығыс»
өңірлік орталығы, 2020.
Өскемен қаласы


Page 3

Түсінік хат

Бүгінгі таңда Абайды тану, жас ұрпаққа насихаттау, ақынның асыл
мұрасын әр тараптан зерттеп, Абайтану ғылымының керегесі кеңи түсуіне
үлкен игі істер атқарылуда. Абайға арналған аймақтық, республикалық,
халықаралық дәрежедегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, түрлі әдеби-
мәдени шаралар ақын мұрасын жас ұрпаққа үлгі етуді көздейді. Алдағы келе
жатқан ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойы да Абай мұраларын жаңа
қырынан зерттеуді қажет етеді.
«Абайтану» курсы аймақтық оқу бағдарламасы ұлы ақын шығармаларын
терең түсіну арқылы халқымыздың салт-дәстүрін, қазақ тілінің құдіретін
таныту арқылы жетілген, толысқан ұрпақ тәрбиелеуді көздейді. Қазақ
әдебиетінің дарынды өкілдерінің ішінде асқан талантты, көркем сөздің зергері,
не жазса да жүрегінің әмірімен жазатын ақын, сазгер, философ Абайдың есімі
ерекше.
Абайды зерттеу Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы
мақалаларынан бастау алса да, олардың ісін жалғастырушы Абай мұрасын
зерттеуші әдебиеттанушы-ғалымдар М.Әуезов, І.Жансүгіров, А.Жұбанов,
С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М.С. Сильченко, Қ. Мұқамедханов,
Ы.Дүйсенбаев, Т. Тәжібаев, Б.Г. Ерзакович, Х. Сүйіншәлиев, Б.Кенжебаев,
З.Ахметов, М.Мырзахметов, М.Жолдасбеков, З.Қабдолов, Р.Сыздықова сынды
ғалымдардың еңбектері ерекше. Абайтануды оқытудың әдістемесін жасаған
Қ.Бітібаеваның және зерттеушілер Б.Ердембеков, А.Картаева, Ж.Әубәкір
еңбектері бағдарлама жасауда басшылыққа алынып отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласында «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың
жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар
үні» сияқты «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз, бойымызда мәңгі
қалуға тиіс» деп айқын көрсетілген. Осы бағытта жалпы білім беретін
ұйымдардарының 5-8 сыныптарында «Абайтану» курсын оқытудың қажеттілігі
айқындалып отыр.
«Абайтану» курсы бағдарламасының мақсаты ұлы ақын шығармаларын
терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін,
салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын,
эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген
ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан,
өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға
қалыптастыру. Осы мақсатты айқындаудағы міндеттер:
 Абайдың шығармасымен қазақтың сөз өнерінің құдіретін білу, сөз
мәйегін танытуды оқушыларға, жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету;
 Адамның кемелденіп дамуындағы көркем сөздің өзіндік орнын түсіну,
бағалау, адамның толысу жолында сөздің берер қуаты арқылы рухани-мәдени
құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту;


Page 4

 Абайдың ақындық мектебінің поэзия мен музыкадағы өзіндік дәстүрі мен
жаңашылдығын үлгі ету;
 Ақынның туған жерінің ерекшелігі, ұрпақ орнатқан мәңгілік ескерткіш,
өнер туындыларының Абайға арнаған сурет, сәулет, кино, драмалық, ақындық,
жазушылық, сазгерлік т.б.шығармаларындағы нақыл сөздерінің мән-мағынасын
ашып, сол нақыл сөздердің адам өміріндегі мәнін, шығармаларының
адамгершілік идеяларын таныту;
 Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу,
жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;
 Ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын
ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй,
тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы
көзқарастарымен таныстыру;
 Ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі,
қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік
идеяларын таныту;
 Абай шығармашылығының әлем тілдеріне аударылып, насихатталуын
зерделеу;
 Абайдың «Толық адам» концепциясын таныту арқылы оқушылардың
ұлттық танымын қалыптастыру, жастарды өмірден өз орнын табуға бағыттау;
 Абайды тану, оның шығармаларының мәні мен маңызын сезіну, күллі
азаматтың парызы десек, оны оқып-үйрену, терең бойлай білу, жан- жақты
талдау, ол ұрпақтың міндеті болмақ.
Абайтану материалдары негізінде оқушылардың зерттеушілік
қабілеттерін дамытуға да мүмкіндік бар. Оқушыға ізденіс тапсырмасын бере
отырып танымдық-шығармашылық қабілетін ұштаймыз, өз бетімен жұмыс
жасауына мүмкіндік туғызамыз. Сабақта өз бетінше жаңа бір нәрсені білуге
ұмтылу бала үшін үлкен жетістік.
«Абайтану» курсында оқушылар үшін алдыңғы сыныптардан қалыптасып
келе жатқан өз бетінше оқу, іздену, шешім табу, сараптау, бағамдау сияқты оқу
әрекеттерін шыңдап, жетілдіріп ұйымдастыруға басымдық беріледі.
Күтілетін нәтижелер.
5-сынып бойынша күтілетін нәтижелер:
 Абайдың өскен ортасы мен тәрбие алған қайнар бұлақтарын
меңгереді;
 Абай аудармаларын оқу арқылы оқушылардың сыни көзқарастары
қалыптасады;
 Ақын өлеңдерінің идеялық-көркемдік мән-мағынасын талдап, ақын
өмір сүрген замана бейнесін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, қазіргі
өзекті проблемалардың шешімін таба алады;
 Абайдың ақын-шәкірттері туралы білімдерін толықтырады.
6-сынып бойынша күтілетін нәтижелер:
 Абай шығармашылығын ғылыми еңбектер, монографиялар
негізінде танып, ғылыми еңбектермен жұмыс жасауды меңгереді;


Page 5

 Абайдың табиғат лирикасын орыс әдебиетімен салыстыра отырып,
бүгінгі өзекті экология мәселесін ұғынады;
 Абайдың оқу-білімге арналған өлеңдерінің тәрбиелік мәнін,
өмірдің бой емес, ой жарыстыратындығын түсінеді;
 Абайдың өнер, ән тақырыбындағы өлеңдері негізінде өнерді сүюге,
бағалауға үйренеді;
7-сынып бойынша күтілетін нәтижелер:
 М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының оқи отырып,
Абайдың азаматтық болмысын, замана бейнесін таниды;
 Адал еңбек етудегі Абай философиясын меңгеріп, өмірлік
ұстанымын айқындайды;
 Абайдың заманындағы әлеуметтік-саяси мәнін бүгінгі күн
тұрғысынан бағамдайды;
 Абай ізін жалғастырушылардың туындылары, қазақ әдебиетіндегі
Абай дәстүрі туралы білімдерін шыңдайды.
8-сынып бойынша күтілетін нәтижелер:
 Абайдың өмірбаяны мен ақын қалдырған мол мұраны ғылыми
еңбектермен жұмыс жасау арқылы терең меңгереді;
 Абайтану ғылымы, абайтанушылар, оның ішінде аймақтық
зерттеушілер туралы кеңінен мағлұмат алады;
 Абайдың туған жерінің тарихымен тереңірек танысады, Абай
әлеміне саяхат жасайды;
 Ақын өлеңдерін құрылысына қарай және поэзиясын поэтикалық
тұрғыда талдай алады;
 Абайтану курсын оқу барысында ақынға арналған оқу-танымдық
бейне-аудио материалдар, ғылыми еңбектермен жұмыс жасау және ғылыми
жоба жұмыстарын жазуға машықтанады.
Бағдарлама жүйелілік ұстанымы бойынша даярланған. Қазіргі таңда
оқытылып жатқан Абайтану курсының мазмұнының бастамасы бола алады.
Абайды тану, оның шығармаларын меңгеру арқылы өмірде өз қажетіне
дұрыс қолдана білу – әрбір азаматтың парызы десек, оны оқып-үйрену,
жанжақты талдай білу, Абай тереңіне үңіле білу де бүгінгі ел болашағының
міндеті болмақ.
Курс жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат
2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат
3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат
4) 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат
5)
«Абайтану» курсы қазақ және орыс тілде оқытатын білім беру
ұйымдарда (мамандандырылған, арнайы, гимназия, лицей) мемлекеттік
тілде вариативтік сағат есебінен жүргізіледі.


Page 6

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
5-сынып

№ Сабақтың тақырыптары Сағат
саны
1 Кіріспе. Абайтану курсының маңызы 1 сағат
І бөлім. Абайдың өскен ортасы (8 сағат)
2 Абайдың өмірбаяны («Абай жолы» роман -эпопеясы
бойынша)
2 сағат
3 Абайдың тәрбие алған ортасы 2 сағат
4 М.Әуезовтің «Абай жолы» роман - эпопеясындағы жас
Абай бейнесі
2 сағат
5 Абай ұрпақтарының шежіресі 1 сағат
ІІ бөлім. Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары (8 сағат)
6 Абай және қазақ халық ауыз әдебиеті 1 сағат
7 Абай және шығыс әдебиеті 1 сағат
8 Абай және орыс әдебиеті 1 сағат
9 М.Ю.Лермонтов «Теректің сыйы» 1 сағат
10 И.А.Крылов «Есек пен бұлбұл» 1 сағат
11 Абай және батыс әдебиеті 1 сағат
12 Ф. Шиллер «Бесіктегі бөбек» өлеңі 1 сағат
13 Шығармашылық жұмыс 1 сағат
ІІІ бөлім. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! (10 сағат)
14 А.Құнанбаев. «Талаптың мініп тұлпарын» 1 сағат
15 А. Құнанбаев. «Білімдіден шыққан сөз» 1 сағат
16 А. Құнанбаев. «Жүректе қайрат болмаса» 1 сағат
17 А.Құнанбаев «Ата-анаға көз қуаныш» 1 сағат
18 Абайдың «Алтыншы, он бірінші қарасөздері» 2 сағат
19 А. Құнанбаев «Интернатта оқып жүр» 1 сағат
20 А. Құнанбаев «Көлеңке басын ұзартып» 1 сағат
21 А. Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам, әркім барар» 1 сағат
22 Өнер туындыларындағы - Абай 1 сағат
IV бөлім. Абайдың ақын шәкірттері (8 сағат)
23 Ш. Құдайбердіұлы «Ақылшы торғай» мысал өлеңі 2 сағат
24 Абай шәкірті- Көкбай Жанатайұлы 2 сағат
25 Мағауия Абайұлы «Әбішке» 2 сағат
26 Шығармашылық жұмыс 1 сағат
27 Қорытынды 1 сағат
Барлығы 34 сағат





Page 7

Курс бойынша оқу бағдарламасының мазмұны

Кіріспе. Абайтану курсының маңызы. Абайтану курсы, мақсат-
міндеттері, өзектілігі. Бағдарламадағы ұлы ақын шығармаларын терең түсіну
арқылы халқымыздың салт-дәстүрін, қазақ тілінің құдіретін таныту арқылы
жетілген, толысқан ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ әдебиетінің дарынды өкілдерінің
ішінде асқан талантты, көркем сөздің зергері, не жазса да жүрегінің әмірімен
жазатын ақын, сазгер, философ Абайдың есімін айшықтап көрсету. (1 сағат.)

І бөлім. Абайдың өскен ортасы 8 сағат

Абайдың өмірбаяны («Абай жо лы» роман-эпопеясы бойынша).
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы» «Қайтқанда» тарауы.
Абайдың туған жері мен өскен ортасы, отбасы. Бала Абай бойындағы ерекше
қасиеттер. (2 сағат.)

Абайдың тәрбие алған ортасы. Абайдың отбасы туралы тарихи
деректер. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әкесі Құнанбай,
анасы Ұлжан, әжесі Зеремен арасындағы қарым -қатынасты көрсететін
үзінділер. (2 сағат)

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясындағы жас Абай бейнесі.
«Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша жас Абай бейнесінің сомдалу
ерекшелігі. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді, Абайдың балалық,
жастық шағы. (2 сағат.)

Абай ұрпақтарының шежіресі. Ұлы ақынның ұрпақтары, олардың
тағдыры. Абай ұрпақтары туралы естеліктер, зерттеулер. Абай ұрпақтарының
бүгінгі тынысы. (1 сағат.)

ІІ бөлім. Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары 8 сағат

Абай және қазақ халық ауыз әдебиеті. Ақынның халық даналығын
танытуы. Туған әдебиетінің даналығы, сөз өнері. Қорқыт баба, Асан қайғы,
Қазыбек, Әйтеке, Дулат, Бұқар Ауыз әдебиеті – Абайдың үлгі алған қайнар
бұлағы. (1 сағат.)

Абай және шығыс әдебиеті. Абай шығармаларындағы шығыстық
сарын.Тұрандық ғұламалар Йасауи, Фараби, Баласағұндардың мол мұрасы.
Араб, Иран, Түркі классиктері, Шығыс даналары. (1 сағат.)

Абай және орыс әдебиеті. Абайдың орыстың ұлы классиктері мен
демократ ағартушыларының еңбектерімен танысуы, қазақ тіліне аударуы. Ақын
аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы. (1 сағат.)


Page 8

М.Ю.Лермонтов «Теректің сыйы» . Абайдың орыс ақындарынан
ерекше көңіл бөлген Лермонтов шығармаларын Абайдың үлкен шеберлікпен,
анық ірі шабытпен аударуы; Абай-Лермонтов сияқты ұлы ақындардағы ой
ұқсастығы, идея ұқсастығы. Абай аударма – өлеңінің мақсаты; өлеңде кейіпкер
бейнесін ашуда кейіптеу тәсілінің шебер қолданылуы. (1 сағат.)

И.А.Крылов «Есек пен бұлбұл». Абай аудармаларының ерекшеліктері.
«Есек пен бұлбұл», «Піл мен қанден», «Қарға мен бүркіт» мысалдарын
аударудағы ақын шеберлігі. (1 сағат.)

Абай және батыс әдебиеті. Әлемдік пәлсапа, әлемдік даналық, ғылым, ой
дүниесінде мәңгілік орын тепкен Аристотель, Сократ, т.б. ғұламалардың,
данышпандардың ғажайып мұрасы. Әлемдік сөз өнерінің жаһұттары болып
есептелінетін Батыс, орыс әдебиетінің өкілдері: Гете, Байрон, Пушкин,
Лермонтов, Толстой, Дюма, Крылов, Мицкевич, т.б. (1 сағат.)

Ф. Шиллер «Бесіктегі бөбек» өлеңі. Шиллерден Лермонтов аударған
«Бесіктегі бөбек» шағын өлеңін мазмұны мен жол сатылығын сақтай отырып,
Абай аудармасындағы қазақша нұсқасын таныту. (1 сағат.)

Шығармашылық жұмыс. Тарау бойынша оқушылардың алған білімдері
негізінде шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру. Абайдың аудармалары,
мысалдары негізінде сахналық қойылымдар. Оқушыларды өлең жазуға баулу.
(1 сағат)

ІІІ бөлім. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! 10 сағат

А.Құнанбаев.«Талаптың мініп тұлпарын» . Өлеңнің тақырыптық-
мазмұндық сипаты. Өлең ақынның сүйікті ұлы Әбдірахман өліміне арнап
шығарған жан тебіреністі жырларының бірі. (1 сағат.)

А. Құнанбаев. «Білімдіден шыққан сөз» . Өлеңнің тақырыптық-
мазмұндық сипаты. Өлеңдегі айтушы мен тыңдаушы, ақыл мен ақылсыздық,
жақсы мен жаман білімді мен білімсіз арасындағы айырмашылықтың көркем
суреттелуі. (1 сағат.)

А. Құнанбаев. «Жүректе қайрат болмаса». Өлеңнің тақырыптық-
мазмұндық сипаты. Адамның адамдық, ғұламалық, кісілік қасиеттері. Өлеңдегі
жан мен тән. Екеуінің азығы екі бөлек екендігі. Адамдық парыз. Надандықпен
күрес. Өлеңнің тәрбиелік мәні, бүгінгі өмірмен байланысы. (1 сағат.)

А.Құнанбаев «Ата-анаға көз қуаныш». Абайдың Ақылбайға арнап
жазған өлеңі. Баланың жақсы және келеңсіз қасиеттері. Ата-ананың балаға
артқан үміті. «Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ол» даналығының
мәні. Бала тәрбиелеудегі өлеңнің маңызы. (1 сағат.)


Page 9

Абайдың «Алтыншы, он бірінші қарасөздері» . Қарасөздердің
тақырыптық-идеялық сипаты. «Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік»
мақаланың мәні.Қарасөздегі еңбекқорлық, адалдық, білім мәселелерінің
көтерілуі. Ар-намыс, ожданды сатуды сынауы. Жақсы өмір сүрудің жолы.
Қарасөздің салауатты өмір салтын ұстанудағы орны. (2 сағат.)

А. Құнанбаев «Интернатта оқып жүр» . Өлеңнің тақырыптық-
мазмұндық сипаты. Ақынның ағартушылық көзқарасы. Жас шәкірттерге
аманаты. Өлеңдегі жастарды оқуға тарту, адамгершілік, рухани қазынаны
байыту мәселелері. (1 сағат.)

А. Құнанбаев «Көлеңке басын ұзартып». Өлеңде ақынның адам көңіл-
күйін суреттеу шеберлігі. Ақынның тыңдаушысын таппай, қапаланған
шағындағы сезім-толғанысы, философиялық ой түйіні. Өлеңнің бала
тәрбиесіндегі маңызы, бүгінгі күндегі өзектілігі. (1 сағат.)

А. Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам, әркім барар». Ақынның өмір
және оның мәні туралы қысқа толғанысы. Базар деп отырғаны – өмір. Өмір-
үлкен базар. Мағынасыз өмір, ғылым, білімше ұмтылу, саналылыққа шақыру.
Өлеңдегі жасырын ой. Бүгінгі өмірмен байланыстыру. (1 сағат.)

Өнер туындыларындағы – Абай. Әр өнер саласындағы Абай бейнесі.
Абай туралы шыққан фильмдер, музыка әлеміндегі Абай, ақынға арналған
арнау жырлар, мұражайлардағы Абай көрмесі, ақын жайлы сахналық
қойылымдар. Абай бейнесінің жан-жақты сомдалуы. (1 сағат.)

IV бөлім. Абайдың ақын шәкірттері 8 сағат

Ш. Құдайбердіұлы «Ақылшы торғай» мысал өлеңі. Шәкәрім – Абай
дәстүрін жалғастырушы.Мысал өлеңнің ерекшелігі. Надандық, ақымақтық.
Мысалдағы әлеуметтік топ өкілдерінің әр түрлі мінез-құлықтары. Абай
аудармаларымен үндестігі. (2 сағат.)

Абай шәкірті- Көкбай Жанатайұлы. Абай өлеңдерінің Көкбай атымен
таралуы. Көкбай Жанатайұлының өмірі, шығармашылығы. Абайды ң
Көкбаймен достығы. Ақындар үндестігі. (2 сағат.)

Мағауия Абайұлы «Әбішке» . Мағауия Абайұлының өмірі мен
шығармашылығы. Мағауияның Әбішке арнаған өлеңі. Туыстық
сезімдер.Туыстық қарым-қатынасты құрметтеу, бағалау. Өлеңнің тәрбиелік
мәні. (2 сағат.)

Шығармашылық жұмыс. Тарау бойынша оқушылардың алған
білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру. Абайдың ақын
шәкірттері негізінде сызба, постер қорғау. Абайдың ақындық үлгісімен


Page 10

жазылған қазіргі ақын-жазушылар шығармашылығын зерттеу. Қазіргі поэзия
мен ән өнеріне байланысты оқушылардың шығармашылық жұмыстарын (эссе,
кіші зерттеу жұмыстары, мақала, баяндама) жүргізу. Абайға арнап жас
ұрпақтың атынан хат жаздыру. Оқушыларды өлең жазуға баулу. Абай
шығармашылығынан сахналық қойылымдар. (1 сағат)

Қорытынды. Жыл көлемінде оқытылған «Абайдың өскен ортасы»,
«Абай шығармашлығының қайнар бұлақтары», «Асыл сөзді іздесең, Абайды
оқы ерінбе!», «Абайдың ақын шәкірттері» тараулары бойынша әдеби-
музыкалық кеш, композиция, монтаж тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға назар аудару. (1 сағат)


































Page 11

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
6-сынып

№ Сабақтың тақырыптары Сағат
саны
І бөлім. Абайды білмек парыз (8 сағат)
1 А. Құнанбаев шығармашылығы (М. Әуезов
«А.Құнанбаев» монографиясы бойынша)
1 сағат
2 Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов еңбектері
1 сағат
3 А. Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» 2 сағат
4 Т. Абайұлы «Менің әкемнің ерекше қасиеті» 1 сағат
5 А. Құнанбаев «Он жетінші» қарасөзі 2 сағат
6 А. Құнанбаев «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» 1 сағат
ІІ бөлім. Өлсе өлер табиғат, адам өлмес (8 сағат)
9 А. Құнанбаев «Жаз» өлені 1 сағат
10 А. Құнанбаев «Күз» өлеңі
А. С. Пушкин «Болдинская осень»
2 сағат
11 А. Құнанбаев «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»
өлеңі
1 сағат
12 А. Құнанбаев «Қыс» өлеңі
Н. А. Некрасов «Мороз красный нос» поэмасы
2 сағат
13 А. Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі 1 сағат
14 Қ. Жұмалиев «Абайдың табиғат лирикасы» 1 сағат
ІІІ бөлім. Ғылым оқып, ой тапқан (8 сағат)
9 А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі 1 сағат
10 А. Құнанбаев «Он сегізінші» қарасөзі 1 сағат
11 А. Құнанбаев «Жиырма бесінші» қарасөзі 1 сағат
12 А. Құнанбаев «Әуелде бір суық, мұз – ақыл зерек» өлеңі 1 сағат
13 М. Әуезов Абай жолы роман-эпопеясы «Қайтқанда» 2 сағат
14 А. Құнанбаев «Отыз екінші» қарасөзі 2 сағат
IV бөлім. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа (10 сағат)
15 А. Құнанбаев «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» 1 сағат
16 А. Құнанбаев «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» 1 сағат
17 А. Құнанбаев «Өзгеге көңілің тоярсың» 1 сағат
18 А. Құнанбаев «Адамның кейбір кездері» 1 сағат
20 А. Құнанбаев «Көзімнің қарасы» 1 сағат
21 А. Құнанбаев «Құлақтан кіріп бойды алар» 1 сағат
22 А. Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай» 1 сағат
23 А. Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» 1 сағат
24 Шығармашылық жұмыс 1 сағат
25 Қорытынды 1 сағат
Барлығы 34 сағат


Page 12

Курс бойынша оқу бағдарламасының мазмұны
І бөлім. Абайды білмек парыз

Абай шығармашылығы (М. Әуезов «А.Құнанбаев» монографиясы
бойынша) М.Әуезовтің абайтанудағы орны. Тақырыпты ашудағы ғылыми
мақала, ғылыми еңбектердің маңыздылығы. Абайдың есейген шағында, осы өзі
оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың
ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне
аударғандығы. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен,
білімділігімен көрініп, халық арасында беделі ие болғандығы. (1 сағат)

Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов еңбектері. Абайтану ілімінің жүз жылдық
тарихы. Абай мұрасы жөніндегі ең алғаш пікір айтқан Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов еңбектері. «Абай» журналының жарық көруі.
Кеңестік дәуірде Абай шығармашылығы жөнінде орын алған теріс көзқарастар.
20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс. Абайтану ілімінің жүз
жылдық тарихы. (1 сағат)

А. Байтұрсынов. «Қазақтың бас ақыны». Абайдың ақындық өнері,
әдебиеттегі орны жайлы. Абай 20 жасында ел ішіндегі белгілі бір шешен атана
бастағандығы. Зеректігі, ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен
билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі
сөздер, ұнасымды әзілдер, мақалдар, мысалдар сияқты нәрселердің Абайға
әсері. (2 сағат)

Т. Абайұлы «Менің әкемнің ерекше қасиеті». Т.Абайұлының
абайтанудағы маңызы. Абай өмірінен тың деректер. Мәжілісі қызықты,
сауықшыл, дастарқаны мол Абай жайлы. Абайдың бос уақытындағы
айналысатын ісі туралы. Бос уақытында ойын жинақтау, шапшаң әрі нақты
пікір білдіру үшін ойын дамытудың жолдары. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Он жетінші» қарасөзі. Қарасөзді оқу, талдау. Көтерілген
мәселе. Ақындық жолындағы адамгершілік, имандылық, адалдық,
еңбекқорлық, кішіпейілділік, қайырымдылық, парасаттылық сияқты ізгі
қасиеттерді ту етіп ұстап, өлеңдерінде қайта-қайта насихаттаудан жалықпаған
Абай ғақлияларында да өзінің осынау өмірлік мүддесін баяндаудан
таймағандығы, жақсы мен жаман, ақ пен қара, кішіктік пен даңғойлықтың
берілуі. (2 сағат)

А. Құнанбаев «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат». Өледі оқу,
талдау. Өлеңнің идеялық-эстетикалық сипаты. Абайдың жастарға арналған
достық, татулық, жар сүю мәселесін қозғайтын насихаты. Өлең еркін әңгіме-
сұхбат түрінде құрылып, көбінесе жас жігіттерге айтылатын ақыл-кеңес іспетті
келуі. Жастардың сүйіспеншілік сезімінде айнымас беріктік, тұрақтылық,


Page 13

адалдық болуына айрықша мән бере отырып, жігіттердің құбылма, айнығыш,
жеңілтек мінезін қатты сынға алуы. (1 сағат)

ІІ бөлім. Өлсе өлер табиғат, адам өлмес 8 сағат

А. Құнанбаев «Жаз» өлеңі. Өледі оқу, талдау. Халық поэзиясында
бұрыннан бар жыр үлгісінде жазылуы. Өлеңнің идеялық-эстетикалық сипаты.
Абай лирикаларында табиғаттың сұлу да дархан көрінісінің жанды тіршілікпен,
ақын, сезімімен астасып берілуі. «Табиғат өлсе де, нағыз Адам өлмек емес».
Адамды сүю - өмір сүріп жатқан орта табиғаттың, оның сұлулығын сүю деген
сөз. Табиғат сұлулығын жырлай отырып, нағыз адам, толық адам өзі өмір сүріп
отырған айналаны аяласын, қадірлесін деген ой тастауы. Жаздағы мамыражай
көріністің адам өмірімен, қарапайым халық тіршілігімен байланыстыра
суреттелуі, жанды картина, ақынның жыл мезгілдерін суреттеудегі суреткерлік
шеберлігі. Экологиялық мәселелер, өлеңнің бүгінгі күнмен байланысы. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Күз». Өлеңді оқу, талдау. Көтерілген мәселелер.
Әлеуметтік теңсіздік. Күздің сүреңсіз көрінісінің кедей адамдар тұрмысымен
астастырылып берілуі. Абайдың табиғат лирикасын орыс әдебиетімен
байланыста қарастыру. А.С. Пушкиннің "Болдинская осень" өлеңімен
салыстыра талдау (екі өлеңнін үндестігі, өзіндік ерекшеліктері). Ақынның
табиғатты жырлаудағы өзіндік қолтаңбасы, жаңалығы. (2 сағат)

А. Құнанбаев "Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай". Өлеңді оқу,
талдау. Өлеңіндегі замана проблемасы. Өлеңнің өзіндік ерекшелігі, табысы.
Ақын лирикасының ішіндегі таңдаулысы, көшпелі қазақ тұрмысының
әлеуметтік желісі, тұрмыс айырмашылығын көрсеткен мазмұн тереңдігі,
табиғат пен адам қимылының жымдастырылуы. (1 сағат)

А. Құнанбаев "Қыс" өлеңі. Өлеңнің эстетикалық-идеялық сипаты.
Ақынның табиғатқа жан бітіре суреттеуі. Қыс бейнесін қазақ ұғымына
лайықтап, ұлттық бояуы айқын табиғи суреттермен толытыруы. Өлеңнің
жаңашылдық рухына, поэтикалық тіліне талдау. Абай Құнанбаев "Қыс"
өлеңін жазуда Некрасовтың "Мороз-красный нос" поэмасының әсері.
Салыстыра талдау жасау, салыстыру. Абайдың өзіндік жаңалығы, табысы.
(2 сағат)

А. Құнанбаев «Жазғытұрым». Өледі оқу, талдау. Өлеңіндегі негізгі
сарын сахара табиғатының көркінің сипатталуы, қазақ халқының көшпелі өмір
тұрмысын реалистік шынайлықпен нақтылық бейнеленуі. Табиғат көрікін,
сұлулығының асқақ шабытты суреткер көзімен қарап тамсануы, жырлануы.
С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Мақатаев, Қ.Аманжолов
шығармашылығындағы табиғат лирикасы. Абай мектебінің әсері. (1 сағат)


Page 14

Қ. Жұмалиев «Абайдың табиғат лирикасы». Қ.Жұмалиевтің
абайтанудағы еңбектері. Қ.Жұмалиевтің «Абайға шейінгі поэзия және
поэзиясының тілі» еңбегі. Зерттеушінің Абайдың «Желсіз түнде жарық ай»,
«Күз», «Қыс», «Жаз» өлеңдері туралы көзқарасы. Оқушыларды ғылыми
еңбектермен жұмыс жасауға машықтандыру. (1 сағат)

ІІІ бөлім. Ғылым оқып, ой тапқан 8 сағат

А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге». Өлеңді оқу, талдау. Өлеңдегі
қазақ халқының дүние-әлем, бақи мен жалған туралы байырғы ұғым
түсініктерімен, дәстүрлі дүниетанымның негізі категориялармен тығыз
байланыстылығы. Ақынның адамгершілік туралы ойларының қайрат, ақыл,
әділет, шапқат секілді адам бойындағы асыл қасиеттер негізінде ашылуы.
«Толық адам» түсінігі. Өлеңнің тәрбиелік мәні. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Он сегізінші» қарасөзі. Қарасөзді оқу, талдау. Абай:
«Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын»,
- дейді. «Тегінде, - дейді Абай – Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар,
мінез деген нәрселермен озады» дей келе кербездікті қатты сынға алуы.
Кербездіккке салынып, оны әдетке, мақтанға айналдыру – ақымақтық іс екенін
бүгінгі таңмен байланыстыра ашу, адам бойындағы жат мінездерді сынға алу.
Тәрбиелік мәні. Бүгінгі қоғаммен байланыстыру. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Жиырма бесінші» қарасөзі. Қарасөзді оқу, талдау.
Қазақты алға бастайтын жол – оқу. Балаңды аясаң, оны орысша оқыт, көкірегі
ашылады, тынысы кеңейеді, ел қатарлы, өзгеге қор болмай, нәсіп қылады, -
дейді гуманист Абай. Орысша оқу дегенде оны дүниенің тілін білу құралы
ретінде ұсынуы. Қазіргі заман талабына тоқталу, жан-жақты талқыға салу.
(1 сағат)

А. Құнанбаев «Әуелде бір суық, мұз – ақыл зерек» өлеңі.
Адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделген. Ақын шын
мәнінде жақсы адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстауды
ұсынады. Егер адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз
мінсіз мінез сонда ғана қалаптаспақ дегенін жеткізу. Ақынның айтпақ ойын,
бермек тәлімін тану. Он жетінші қарасөзімен байланыстыра ашу. (1 сағат)

М. Әуезов. Абай жолы роман-эпопеясы «Қайтқанда». Абай өзін
қоршаған дүниеге кіршіксіз сәби сезіммен, күнәсіз бала көзімен қарайды.
Семей қаласынан Шыңғыс баурайындағы аулына қайтып келе жатып, өзі туған
өлкені жан жүректен «жабыса, сағына сүйеді!». Бұл кең жазирада мейірбандық
пен туысқандықтан басқа, елдік пен ерліктен өзге оғаш мінез бар деп білмейді,
қанішер қаталдық, жауыз жендеттік болады деген ой үш ұйықтаса түсіне
кірмейді. «Есенбай жырасында ұры жатады» дегенге сенбейді де мән бермейді,


Page 15

қайта қасындағы Байтас пен жорға Жұмабайды өзі «ұры» боп қорқытады. Жас
Абайдың туған дала туралы осынау уыз ұғымын сезіну. (2 сағат)

А. Құнанбаев «Отыз екінші» қарасөзі. Отыз бірінші қарасөздің
жалғасы іспеттес. Ғылымға шын құмарланбай, бақастық үшін шұғылданса,
шала мейірмен ізденсе, нәтижесі де шала болатынына көз жеткізуі. Сондай-ақ
адал еңбекпен тапқан, жетіліп алған білімді сақтау, құрметпен игеру керектігін,
ғылыммен ақылды сақтайтын сауат мінез екенін баса көрсетуі. Білімді адам бір
қызық үшін, не пайда табу үшін емес екендігін жеткізу, бүгінгі күннің өзекті
мәселелерімен байланыстыра жеткізу. (2 сағат)

IV бөлім. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» 10 сағат

А. Құнанбаев «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңі. Өлеңді оқу,
талдау. Абайдың сөз өнері, ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы
өлеңдері. Ақын өлеңге берген бағасы, өлеңге қойылатын талаптары. Абайдың
өзінен бұрынғы ақындар туралы көзқарасы. Ақынның «сөз түзелді, тыңдаушы
сен де түзел» деген сөзінің мәні. Абайдын ақындық мұраты, поэзияны ғана
емес, жалпы сөз өнерін, көркем әдебиетті мәселелері. Сөз өнері, ақындық
туралы көркемдік шарт. Абай түңғыш әдебиет сыншысы дәрежесіне көтерілуі.
Өнерді сүю, бағалауға тәрбиелеу. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі. Өлеңді
оқу, талдау. Ақынның ақындық мақсат-мұраты, поэзияның құдіреті мен қасиеті.
Әуeзовтің бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі
ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз
керек» пікірінің мәні. Өлеңнің көркемдігі мен ерекшелігі. Өнерді сүю,
бағалауға тәрбиелеу. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Өзгеге көңілің тоярсың» өлеңі. Өлеңді оқу, талдау.
Ақынның өлең сөздің, поэзияның зор қоғамдық мәнін ашып көрсететін
шығармаларының бірі екендігі. Ақындық өнердің, өлең жырлардың, ән мен
күйдің халық өмірінде алатын орнына Абай өте жоғары баға беруі. Поэзиялық
шығармадан, өлең-жырдан, әннен халықтың арман- тілек, қуаныш-қайғысы
айқын көрініс беретініне айрықша мән берілуі. Ақындарға, өлеңді, әнді
айтушыларға биік талап. Өлеңдегі ақын дерті, қара көңілі. Өлеңге иек артуы,
мұң-зарын сол арқылы беруі. Арттағы сөз қалдыру – ақын мақсаты,
ақындығының мұраты. Сөз өнері туралы басқа өлеңдеріннен осы басты
айырмашылығы. Өнерді сүю, бағалауға тәрбиелеу. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Адамның кейбір кездері». Өлеңді оқу, талдау. Өлеңдегі
ақын мен ақындық туралы. Абайдың ақындық туралы эстетикалық көзқарасы.
Шабыт туралы ақынның ойы. Ақын көңіл-күйі, шабытын бейнелейтін сөздердің
мәні. Өлеңдегі «ызалы жүрек», «долы қол», «улы сия», «ащы тілден»
тіркестерінің сипаты. Өлеңнің әлем әдебиетімен үндестігі. А.С. Пушкин, М. Ю.


Page 16

Лермонтов шығармаларымен байланысы. Абайдың сөз өнері, ақын, ақындық
туралы жаңа эстетикалық ұстанымы. Өлеңнің көркемдік сипаты. Өнерді сүю,
бағалауға тәрбиелеу. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Көзімнің қарасы» өлеңі. Өлеңді оқу, талдау. Көтерілген
мәселе. Абайдың махаббаты жырлаудағы шеберлігі. Өлеңдегі көңіл-күй, сезім.
Өлеңде ақын аз сөзге көп мағына сыйғызуы. М.Әуезовтің өлең туралы пікірі.
Өлеңнің басқа өлеңдерден ерекшелігі. Ақыл-нақылға айналған сөз тіркестері.
Ән мен өлеңнің адам жанына әсері. Өлеңнің бүгінгі қоғамдағы орны. Өнерді
сүю, бағалауға тәрбиелеу. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі. Өлеңді оқу, талдау.
Көтерілген басты мәселе. Абайдың өлең, ән-күй туралы көзқарасы. Ақынның
көңіл күйі, әннің адамға әсері. Өлеңнің идеялық және көркемдік қасиеті. «Әнді
сүйсең, менше сүй» деген өлең жолдарының мәні. Өлең құрылысына талдау.
Өнерді сүю, бағалауға тәрбиелеу. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі. Өлеңді оқу, талдау.
Сезім мен табиғат көріністерін астастырып берудегі ақын шеберлігі. Қазақ
тіршілігінің суреттелуі. Ақын поэтикасының сұлулығы, үйлесім, гармония.
Жанды және жансыз табиғат, тіршілік лүпілі. Адам сезімінің терең сыры.
Өлеңді әнмен үйлестіру. Ақын көрсеткен сезімді, сұлулықты сезіну. Өлеңнің
өзіндік ерекшелігі, тәрбиелік мәні, поэтикалық тілі. Өнер, табиғат, сезімді
бағалауға, сүюге тәрбиелеу. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңі. Өлеңді
оқу, талдау. Көтерілген басты мәселе. Өлеңдегі тақырыптың жан-жақтылығы.
Абайдың ән мен күй, өнер құдіреті, жақсы әннің эстетикалық мәні туралы
толғанысы. Ақынның әнге қояр шарты, сын. Ақылдың сөзіндей өнерді іздеу.
Тыңдаушыға сын. Жарамды ән тыңдауға шақыру. Абайдың ірі суретші,
ойшылдығы, ақындығының кең құлаштығы. Ақынның өз халқының әнін өзгеше
ыстық көңілмен сүйетіндігі. Әннің адам жанына әсері, емі. Абайдың халықтық
музыка өнеріне берген аса зор бағасы, халық әнінің эстетикалық көркем жағы,
әлеуметтік мәні. Өлеңді әнмен үйлестіру. Әннің әуен- сазы халық сарынында
қалыптасуы. Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы. (1 сағат)

Шығармашылық жұмыс. Тарау бойынша оқушылардың алған
білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру. Абай көзқарасы
негізінде өнерге, әнге қойылатын талаптар негізінде сызба, постер қорғау.
Абайдың ақындық үлгісімен жазылған қазіргі ақын -жазушылар
шығармашылығын зерттеу. Қазіргі поэзия мен ән өнеріне байланысты
оқушылардың шығармашылық жұмыстарын (эссе, кіші зерттеу жұмыстары,
мақала, баяндама) жүргізу. Абайға арнап жас ұрпақтың атынан хат жаздыру.
Оқушыларды өлең жазуға баулу. Абай шығармашылығынан сахналық
қойылымдар. (1 сағат)


Page 17


Қорытынды. Жыл көлемінде оқытылған «Абайды білмек парыз», «Өлсе
өлер табиғат, адам өлмес», «Ғылым оқып, ой тапқан», «Көңіл құсы құйқылжыр
шартарапқа» тараулары бойынша әдеби-музыкалық кеш, композиция, монтаж
тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастыру. Оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытуға назар аудару. (1 сағат)







































Page 18

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
7-сынып

№ Сабақтың тақырыптары Сағат саны
І бөлім.Жақсылық - жан азығы (8 сағат)
1 Әке балаға сыншы (М.Әуезов «Абай жолы» роман-
эпопеясы, «Шытырманда» тарауы)
2 сағат
2 Абай және Ж.Аймауытов 1 сағат
3 Абайдың «Үшінші» қарасөзі 1 сағат
4 А. Құнанбаев «Жүректе қайрат болмаса» 1 сағат
5 Абайдың «Он төртінші» қара сөзі 1 сағат
6 А. Құнанбаев «Жақсылық ұзақ тұрмайды» 1 сағат
7 А. Құнанбаев «Пайда ойлама, ар ойла» 1 сағат
ІІ бөлім. Абай аманаты- адал еңбек (8 сағат)
8 А.Құнанбаев «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» 1 сағат
9 Абайдың «Отыз үшінші» қарасөзі 1 сағат
10 А. Құнанбаев «Түбінде баянды еңбек егін салған» 2 сағат
11 Абайдың Крыловтан аудармасы «Шегіртке мен
құмырсқа»
1 сағат
12 А. Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» 2 сағат
13 Шығармашылық жұмыс 1 сағат
ІІІ бөлім. Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма (10 сағат)
15 М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы («Қияда»
тарауы)
2 сағат
А. Құнанбаев «Болыс болдым мінеки» 1 сағат
16 А. Құнанбаев «Мәз болады болысың» 1 сағат
17 Абайдың «Екінші» қарасөзі 1 сағат
18 А. Құнанбаев «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» 1 сағат
19 А. Құнанбаев «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» 2 сағат
20 А.Құнанбаев «Күлембайға» 1 сағат
21 Абайдың «Сегізінші» қарасөзі 1 сағат
IV бөлім. Абай өнегесі-ұлт мұрасы (8 сағат)
23 Б.Ерденбеков «Абай мектебіндегі айтыс жанры» 1 сағат
24 Абайдың «Жиырма екінші» қарасөзі 1 сағат
25 А.Құнанбаев «Жол көрмек, жоба білмек, жихан кезбек» 1 сағат
26 А.Құнанбаев «Мен боламын демеңдер» 1 сағат
27 А.Құнанбаев «Ойға түстім, толғандым» 1 сағат
28 А.Құнанбаев «Тоты құс түсті көбелек» 1 сағат
29 Шығармашылық жұмыс 1 сағат
30 Қорытынды 1 сағат
Барлығы 34 сағат



Page 19

Курс бойынша оқу бағдарламасының мазмұны

І бөлім. Жақсылық - жан азығы

Әке балаға сыншы (М.Әуезов «Абай жолы» роман -эпопеясы,
«Шытырманда» тарауы). М.Әуезов «Абай жолы» роман -эпопеясы,
«Шытырманда» тарауының идеялық мазмұны. Абайдың әкесінің ерекшелігі,
аға сұлтан, қоғам қайраткері ретінде Құнанбайдың орны. Тараудағы Абайдың
өсу жолы. Құнанбайдың да баспалдақтары. Абайды қоғамдық іске араласуы,
Құнабайдың ықпалы, әке сыны. Абайдың азаматтық болмысының қалыптасуы
(2 сағат.)

Абай және Ж. Аймауытов. Қазақ әдебиетінде «Абайтану» ғылымының
көшбастаушыларының бірі -Ж.Аймауытовтың Абай жайындағы зерттеу -
мақалалары, «Абай» журналының баспасөз тарихындағы маңыздылығы,
Жүсіпбектің «Абайдың өнері һәм қызметі» және «Абайдан соңғы ақындар»
атты мақалаларындағы ақын өмірі мен шығармашылық өнерінің тереңдей
талдануы. (1 сағат.)

А. Құнанбаев «Үшінші» қарасөзі. Абай қара сөздерінің жазылу тарихы
мен мәні, мазмұны. Қарасөздегі ақынның халық мүддесіне қызмет ету
жөніндегі пікірлері. Ақынның биліктің құрылымы жөніндегі ойлары. Ақынның
саяси-әлеуметтік болмыс туралы толғанысы. Қарасөздің стильдік ерекшелігі,
(көсемсөз, яғни публицистика) (1 сағат)

А. Құнанбаев «Жүректе қайрат болмаса». Өлеңді оқу, талдау.
Көтерілген мәселе. Өлеңдегі жүректің асылдығы мен нәзіктігі. Ақын адамның
адамдығы, ғұламалығы, кісілігі тек бір ғана «ақыл мен сезімінде» деуінің мәні.
Адамзат сенімі, жүректің қалауы, өмірдегі дұрыс жолды таңдау. Өз
пайдасынан басқаны ойлау, қара ниеттер, ақыл мен қайраттың ісі. Ел ішіндегі
надандық. Ақынның күйініші, замана туралы ойы. Өлеңнің бүгінгі өмірмен
байланысы. Өлеңнің басқа тілдерге аударылуы. (1 сағат.)

А. Құнанбаев «Он төртінші» қарасөзі. Қарасөздің тақырыптық-
идеялық сипаты. Қарасөздегі «жүрек», «жүректі адам» ұғымдары. Ақын
заманындағы халық болмысы. Азып-тозудың ақылсыздықтан емес, ақыл
тыңдамаудан туатындығы. Харекетке бастайтын қайрат, жігер болмағандықтан
істің өнбейтіндігі. Жүректі адамның іс әрекеті. Қарасөздің бүгінгі ұрпақ
тәрбиесіндегі маңыздылығы. (1 сағат)

А.Құнанбаев «Жақсылық ұзақ тұрмайды». Өлеңді оқу, талдау.
Көтерілген мәселелер. Қоғам өміріндегі әлеуметтік жағдайға сипаттама. Үміт
пен уайым, жақсылық пен жамандық, қайғы, талап ұғым-түсініктері. Адамға
тән аталмыш қасиеттерді сипаттау ерекшелігі. (1 сағат)


Page 20

А. Құнанбаев «Пайда ойлама, ар ойла». Өлеңнің тақырыптық-идеялық
сипаты. Алауыздық, пасықтық, көре алмаушылық, топшылдық, қиянатшылдық,
дүниеқорлық, өзгеге жалпақтап, өзіңді менсінбеу, жайдақтық, жалтақтық,
билікке, мансапқа құмарлық, сатқындық, надандық мәслелері. Өлеңнің бүгінгі
таңдағы, ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығы. (1 сағат.)

ІІ бөлім. Абай аманаты- адал еңбек

А. Құнанбаев «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап. Өлеңнің
тақырыптық-идеялық сипаты. Кісілікке деген құрмет ізгілік, шындық,
әділеттілік мәселелер. Өмірлік құндылықтың адам өміріндегі маңызы. Абайдың
адамнан кісілік қасиетті, қарым-қатынастың құндылығын іздеуі. Қазақ кісілікті
өнегемен тәрбиелейтіндігін, әдептің нақты үлгісімен үйлестіре көрсетуі.
(1 сағат.)

А. Құнанбаев «Отыз үшінші» қарасөзі. Абайдың «Отыз үшінші»
қарасөзі. Қарасөзді оқу, талдау. Көтерілген мәселелер. Қарасөзде қазақтың
қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы. Жастарға артық ісмерлер іздеп,
өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі. Қолөнерді
дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық,
тамыршылдық кеселдерінен сақтануды ескертуі. Қарасөздің бүгінгі күндегі
маңыздылығы, тәрбиелік мәні. (1 сағат.)

А. Құнанбаев «Түбінде баянды еңбек егін салған». Абайдың кейінгі
табылған өлеңдері. Өлеңді оқу, талдау. Көтерілген мәселе. Өлеңдегі ақынның
жас ұрпақты еңбек етуге, отырықшылдыққа шақыруы. Оқу оқып, білім алуға,
білімін халық қажетіне жаратуға үндеуі. Өлеңнің маңыздылығының
өмірщеңдігі. (2 сағат.)

Абайдың Крыловтан аудармасы «Шегіртке мен құмырсқа». Абай
аудармаларының қазақ халқының болмысына негізделуі. Абайдың аударма
өлеңіндегі еңбекке деген сүйіспеншілік, жат қылықтан аулақ болу мәселесі.
Абай аудармаларындағы адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынауы,
шенеуі. Аударманың тәрбиелік маңыздылығы. (1 сағат.)

А. Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға». Өлеңдегі қазақ
халқының саятшылық өнерінің насихатталуы. Құсбегілік, аңшылық өнердің
бүгінгі таңдағы өзектілігі. Абайдың суреткер әрі реалист ақын ретінде танылуы.
М.Әуезов өзінің «Абай Құнанбаев» атты монографиясындағы өлеңге берген
бағасы. Өлеңнің өрнегі мен жаңалығы, тек қазаққа тән ұлттық сипаты. Өлеңнің
бай поэтикалық тілі. (2 сағат.)

Шығармашылық жұмыс. Тарау бойынша оқушылардың алған
білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру. Абайдың өлеңдері
негізінде сызба, постер қорғау. Поэзия сабағын ұйымдстыру. Ақын


Page 21

шығармашылығы негізінде эссе, кіші зерттеу жұмыстары, мақала, баяндама
жазуға машықтандыру. Абайға арнап жас ұрпақтың атынан хат жаздыру.
Оқушыларды өлең жазуға баулу. (1 сағат)

ІІІ бөлім. Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы («Қияда» тарауы).
М.Әуезов «Абай жолы» роман -эпопеясы, «Қияда» тарауының идеялық
мазмұны. Абайдың өміріндегі елеулі өзгерістер. Әке атануы. Құнанбайдың үш
міні. Абай жауабы. Абайдың азаматтық, сыншылдық көзқарасының толысуы.
Шыңға шыққан жас шынар. (2 сағат.)

А. Құнанбаев «Болыс болдым мінеки». Абай өлеңдеріндегі сатира,
ащы шындық. Өлеңдегі малын шашып, болыс болған пенденің әлеуметтік-
психологиялық кескіні. Болыс, ояз, ел тұлғалары. Басты тұлға - болыс.
Жаңадан болыс болған адамның болыстық мансапқа жету жолы мен көңіл-күйі.
Болыс болған кісінің өз атынан баяндау тәсілі. Өлеңнің поэтикалық тілі.
(1 сағат.)

А. Құнанбаев «Мәз болады болысың». Абай заманындағы ел билеу ісі.
Өлеңнің «Болыс болдым мінекей...» шығармасымен үндестігі, сарыны. Болыс
болған қазақтың мінез-құлқының үшінші жақтан суреттелуі. Абайдың адам
мінезін ашудағы шеберлігі. (1 сағат.)

А. Құнанбаев «Екінші» қарасөзі. Қарасөздегі ақынның халқын
намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары. Халықтың
бойындағы жағымсыз қылықтарды сынап, арылудың жолдарын көрсетуі.
Еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы. Бала
тәрбиесіндегі қарасөздердің маңызы, өміршеңдігі. (1 сағат.)

А. Құнанбаев «Байлар жүр жиған малын қорғалатып». Өлеңіндегі
пысықтардың, қу мен сұмдардың елге салған лаңы, адал еңбекті, тыныштықты
сақтау жайындағы пайымы, заман келбетін, әлеуметтік қайшылықты
сипаттауы, адал еңбек еткен малды байларды жем етіп жүрген атқамінер
әкімсымақ, қу пысықтарды шенеуі. (1 сағат.)

А. Құнанбаев Өлсем орным қара жер сыз болмай ма? Өлеңнің
тақырыптық-идеялық сипаты. Ақынның ішкі жан айқайы, ұрпақпен сырласуы,
жас ұрпаққа аманаты. Өмір қысқа, «алдамшы» байлауы жоқ, бәрі де уақытша
нәрсе дегендей ұғымдардан ойшыл ақынның жасайтын түйіні. Адамгершілікті
жоғары ұстау, татулық, жақынды сыйлау, кішіпейіл болу, қулық, арамдыққа
бой ұрмау жайлы пайымы. (2 сағат.)

А. Құнанбаев «Күлембайға». Өлеңді оқу, талдау.Абай өлеңдеріндегі
сатира, типтік бейне. Ақын өлеңдерінде заман ағымы, болыстық жүйе, ел


Page 22

басқару ісіндегі келеңсіз жағдайлар. Абай заманындағы болыс билердің
әлеуметтік-психологиялық кескіні. (1 сағат.)

А. Құнанбаев «Сегізінші» қарасөзі. Қарасөздің тақырыптық-идеялық
мазмұны. Қарасөздегі ақыл, насихат. Ғылым, білім, ар, ұят жайлы мәселелері.
Ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы. Қарасөздің бүгінгі күндегі
маңыздылығы, тәрбиелік мәні. (1 сағат.)

IV бөлім. Абай өнегесі-ұлт мұрасы

Б. Ерденбеков «Абай мектебіндегі айтыс жанры». Абайтанудағы
Б.Ердембековтің үлесі. Зерттеушінің Абайдың өзге ақындармен сөз
жарыстыруы, Абайдың ақындық мектебінің ақындары туралы талдауы.
Абайдың өзінен бастау алған айтыс жанрының қалыптасуы, дамуы. Айтыс
жанрын көркем шығармаларына арқау еткен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Әріп
Тәңірбергенұлының, Тұрағұл Абайұлының, Әубәкір Ақылбайұлының жанрлық
жағынан мысал айтысқа жататын өлеңдері, Әріп ақынның «Тәуке мен Ұрқия»,
Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс негізінде
жазылған көлемді поэмалары. Әріп ақынның «Біржан-Сара», Әсет ақынның
Ырысжанмен айтысы. Ауыз әдебиетінің озық үлгісін жазба шығармаларында
аса шеберлікпен пайдалана білген Абайдың ақындық мектебінің ақындары.
(1 сағат.)
А. Құнанбаев «Жиырма екінші» қарасөзі Қарасөзді оқу, талдау.
Қарасөздегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге сыни көзқарасы.
Қазақ тұрмысының әлеуметтік құрылымы туралы пікірі. Бай, мырза, би, болыс,
есті кісі, ғаріп-қасар, қу мен сұм ұғымтүсініктері хақындағы философиялық
пайымдаулары. Қарасөздің танымдық, тәрбиелік мәні.
(1 сағат.)

А. Құнанбаев «Жол көрмек, жоба білмек, жихан кезбек».
А.Құнанбаев «Жол көрмек, жоба білмек, жихан кезбек». Абайдың кейін
табылған өлеңі. Өлеңді оқу, талдау. Көтерілген мәселе. Өлеңде Абайдың ой-
қиялы шарықтап, әбден асқар биігіне жеткен шағындағы байсалды да байыпты,
байырғы ойларын түйіндеуі. Адам жан-жақты есейіп, қабілет-күші марқайып,
ақыл-ойы толығып, өмірді, салт-дәстүрді, жол-жобаны біліп толысады, шындық
іздеп шыңдалатындығы . Жастық шақ, жігіттіктің аласұрған екпінді қызуы енді
бойды жеңіп, ақылға, иман-салауаттылыққа ауыспақ. Ерінбейтін еңбекшіл,
таусылмайтын талапкер, жалықпайтын жанкешті еңбек қана жігіттің абырой-
беделін асырмақ, елінің ері атандырмақ. (1 сағат.)

А.Құнанбаев «Мен боламын демеңдер». Өлеңнің тақырыптық-идеялық
сипаты. Көтерілген мәселе. Абайдың өмірлік тағылымының қорытынды
тұжырымы. Ұлы мақсат, зілді нұсқау, қара қылды қақ жарған үкімі.
Менмендікке, жетесіз асқақтыққа, керкөкірек надандыққа қарсылығы.


Page 23

Ақынның халыққа табыстаймын деген асыл ойлардың түпкі бір қорытындысы.
Өлеңнің тәрбиелік мәні. (1 сағат.)

А. Құнанбаев «Ойға түстім, толғандым». Абайдың кейін табылған
өлеңі. Өлеңнің тақырыптық-идеялық мәні. Халық мойнындағы қараңғылықтың
қат-қабат қамыты, арқасындағы зілбатпан ауыр тұрмыстың жүгі, одан құтылар
жолдың жоқтығы. Ақын туған елін азаптан құтқаратын сәулені іздейтіндігі. Сол
қоғамның «белсенді» мүшелерін сынауы. (1 сағат.)

А. Құнанбаев «Тоты құс түсті көбелек». Өлеңнің тақырыптық -
идеялық сипаты. Өлеңіндегі адам өмірінің мәні, заңдылығы. Қазақ ұғымында
ең әдемі қызыл-жасыл түс тоты құс түсі болса, Абай айтуынша сондай қызықты
да тәтті өмірің - қас қағымдық ғұмыр. Ақын қамығып, күйректікке салынбай
дұрыс өмір сүрген, заманды билеуге талпынған адамды қолдауы, құптауы.
Өлеңнің поэтикалық тілі. (1 сағат.)

Шығармашылық жұмыс. Тарау бойынша оқушылардың алған
білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру. Оқушылардың
шығармашылық жұмыстарын, кіші зерттеу жұмыстары, мақала, баяндама)
жүргізу. Абайға арнап жас ұрпақтың атынан хат, өлең жаздыру. Оқушыларды
өлең, эссе, мақала жазуға баулу. Абай шығармашылығынан сахналық
қойылымдар. (1 сағат)

Қорытынды. Жыл көлемінде оқытылған «Жақсылық -жан азығы»,
«Абай аманаты – адал еңбек», «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...»,
«Абай өнегесі – ұлт мұрасы» тараулары бойынша әдеби-музыкалық кеш,
композиция, монтаж тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастыру. Оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамытуға назар аудару. (1 сағат)

















Page 24

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
8-сынып

№ Сабақтың тақырыптары Сағат саны
І бөлім. Өлеңмен өрнектелген өмір (8 сағат)
1 С.Кузенбаева «Абайдың музыкалық шығармашылығы» 1 сағат
2 А.Құнанбаев «Жүрек теңіз, қызықтың бәрі-асыл тас» 1 сағат
3 А.Құнанбаев «Домбыраға қол соқпа» 1 сағат
4 А.Құнанбаев «Қуанбаңдар жастыққа» 1 сағат
5 А.Құнанбаев «Есіңде бар ма жас күнің» (18 жол) 1 сағат
6 А.Құнанбаев «Қор болды жаным» 1 сағат
7 Б.Ерденбеков «Абайдың әнші-сазгер шәкірттері» 1 сағат
8 Е.Мұқашев «Уәйіс Шондыбайдың әндері» 1 сағат
ІІ бөлім. Пайда ойлама, ар ойла (8 сағат)
1 А. Құнанбаев «Пайда ойлама, ар ойла», «Жастық шақта
өмір гул»
1 сағат
2 А. Құнанбаев «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» 1 сағат
3 Абайдың «Он бесінші» қара сөзі 1 сағат
4 Абайдың «Жиырма жетінші» қарасөзі 1 сағат
5 Абайдың «Отыз алтыншы», «Қырық төртінші» қара сөзі 1 сағат
6 Ш. Құдайбердіұлы «Ар ілімі» 1 сағат
7 «Толық адам» түсінігі 1 сағат
8 Шығармашылық жұмыс 1 сағат
ІІІ бөлім. Абай биігі-ұлт биігі (10 сағат)
1 Абайтанушы ғалым - М. Әуезов 2 сағат
2 Қайым Мұхамедханұлы «Абай» 2 сағат
3 З. Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» 1 сағат
4 Қ.Бітібаева «Абай шығармашылығы» 2 сағат
5 А. Қартаева «Абай және Мұхтар» 1 сағат
6 Жандос Әубәкір «Абайдың ақын шәкірттері» 1 сағат
7 Б.Ердембеков «Абай өнегесін жалғастырушы - Әріп
Тәңірберген»
1 сағат
IV бөлім. Абай еліне саяхат (8 сағат)
1 «Абай жолы» роман-эпопеясы «Жұтта» тарауы 1 сағат
2 С. Назарбекұлы «Абай кесенесі» 2 сағат
3 Кәмен Оразалин «Ұрпақтар сабақтастығы» («Абай еліне
саяхат» романы)
2 сағат
4 Нұрсұлу Өмірбекова «Абайдың ҰОС қатысқан
ұрпақтары»
1 сағат
5 Абай шығармасы әлем тілдерінде 1 сағат
6 Шығармашылық жұмыс
(Кино, видео-ролик, мұражай, кітапхана т.б.)
1 сағат
Барлығы 34 сағат


Page 25

Курс бойынша оқу бағдарламасының мазмұны

І бөлім. Өлеңмен өрнектелген өмір

С.А. Күзембаева «Абайдың музыкалық шығармашылығы»
Профессор, кандидат, өнертану С.А. Күзембаева «Абайдың музыкалық
шығармашылығы» еңбегі. Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны Абай»
музыка өнерінің де бас классик-композиторы ретінде биік тұрғыдан бағаланып,
жаңа дәуірдегі жаңа музыка мәдениетін негізін салғанымен байланыстырады.
Кең-байтақ қазақ даласының жұлдыздары - атақты ақын жыраулар мен
жыршылар, айтыскерлер, әнші-күйшілер айлап құрметті қонақ болуы, өз
өнерлерін ортаға салатын, той-думандар, ойын-сауық, жарыс-күрес, айтыстар
әрдайым өткізіледі. Өнер саңлақтарының ішінде атақты Дулат жырау, Біржан-
сал, Әсет, Байкөкше, Қуандық, Кемпірбай, ақын-қыз Ажар, шертпе күйдің
шебері Тәттімбет. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Жүрек теңіз, қызықтың бәрі-асыл тас». Абай
қызықта, қызу қандылық та бір ғана жүректе дейді. Әсіресе «жүрек - теңіз,
қызықтың бәрі - асыл тас» деген жолда өмірдің терең философиясы жатыр.
Теңізде не болмайды, асыл маржан да, інжу таста, меруерт те - бәрі сонда.
Жүректе жасық, жаман нәрсенің болуы мүмкін емес. Өйткені ол асылдың
асылы, қасиеттінің қасиеттісі. «Жүрек - тау бұлағыңдай таза, аспан
жүддызындай мөлдір» деп бағалануына басымдылық беріледі. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Домбыраға қол соқпа».Өлеңнің идеялық мазмұны
өнердің құдіреттілігін бүгінгі күн тұрғысымен салыстыра беру. Ақынның
«Домбыраға қол соқпа» өлеңінің мәтінімен жұмыс жасай отырып Бекболат
Тілеуханның орындауындағы әнімен байланыстыру. https://www.ankui.kz ›
dombiragha-qol-soqpa (1 сағат)

А. Құнанбаев «Қуанбаңдар жастыққа». Өлеңнің мазмұндық
ерекшелігін таныту. Абай жастарға «Қуанбаңдар жастыққа» өлеңі арқылы
оқушыларды жастықтың қадірін біліп бет алды ойын-сауыққа бой алдырмай,
адал тапқан малды орынымен жинау. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Есіңде бар ма жас күнің». Ақын есік пен төрдей
ғұмырдың қас қағымда өте шығатын мейірімсіз ақиқатын тілге тиек ете
отырып, табиғаттың осынау бір құбылысына философиялық түйін жасайды.
Тіршілік атаулының үш мезгілі - көктемі, жазы, күзі - адам баласына жастық,
есею, тоқтау болып оралатыны.Әр мезгілдің өзіне лайық сыйы бар екені өлең
арқауын құраған. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Қор болды жаным» . Өлең мазмұнындағы ішкі
динамикасы, ой терендігі, сөзім мөлдірлігі. Оқырман лирикалық қаһарманның
жүрегін жаралап, жігерін жасытқан ыстық сағынышқа шүбәсіз иланады. Оның


Page 26

кейіпкері ғашығының бірауыз сөзіне зар болып, қаншалықты қамықса да
егілмейді, үмітін үзбейді. Ақын бұл өлеңіне ән шығарған. Әнді А. В. Затаевич
1930 жылы жазушы С. Мүқановтан Москва қаласында жазып алып нотаға
тұсірген. Әннің бұл үлгісі Осман Қашағановтан жазып алынған түріне ұқсас.
Композитор Ғ. Жұбанова ақынның бұл әнінің вариациясын жасады. (1 сағат)

Б. Ерденбеков «Абайдың әнші-сазгер шәкірттері». Б.Ерденбеков
«Музыка саласында жазба мәдениетінің болмауына қарамастан, Абай әндерінің
бізге толық жеткен себебі олардың халықтың жүрегінде сақталуында. Абайдың
әндері ауызша таралды. Абай әндерінің халыққа кең таралуына, біріншіден, ән
табиғатының халыққа жақындығы, тыңдаушысын баурап алар тосын әуен мен
терең мазмұн болса, екіншіден, сол әндерді үлкен сахна - сахарада нағыз күміс
көмей әншілердің орындауы еді. Ақынның өзі айтқандай: «Адам аз мұны біліп
ән саларлық, тыңдаушы да аз ол әннен бәһра аларлық»,- деп, Абайдың жаңа
әндерін тосырқап қабылдаушылар да аз болмады. Сол кезде әнші шәкірттер тек
әнді таратушылар ғана емес, терең мазмұнға құрылған ғибратты әндердің
насихатшысына айналды. Бұл арада сазгер Абай өз бойындағы барлық
құндылықтарды әнге деген ыстық ықыласын, өзі шығарған әндерін орындап
халыққа таратушы әнші шәкірттеріне сол уақыттың жырын жырлап, мұң
мұқтажына араласуына өз бойларындағы таланттарын шыңдап, көрсете
білулеріне жол ашты». (1 сағат)

Е. Мұқашев «Уәйіс Шондыбайдың әндері». Қайым ағаның 1994 жылы
жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» атты екінші кітабынан, Еркебұлан
Мұқашев «Уәйіс Шондыбай» монографиясын, Мәуітқазы Зүкенов «Уәйіс
Шондыбайұлын ұмытып кеткен жоқпыз ба?» мақаласын пайдалана отырып
өлеңдеріне тоқталады. Дәстүрлі әнші Ерлан Рысқалидың репертуарындағы
«Перуайым», «Боз қараған» әнін, Ардақ Исатаеваның репертуарынан әндері.
https://youtu.be/r04t9dwHlig. https://youtu.be/w_xvcINlODA (1 сағат)

ІІ бөлім Пайда ойлама, ар ойла

А. Құнанбаев «Пайда ойлама, ар ойла», «Жастық шақта өмір гүл».
Өлеңнің негізгі идеясы ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын
тәрбиелеу - әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Ұлы
дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз
Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған
жауап береді» Елбасымыздың Жолдауымен байланыстыра отырып, Ойы сергек,
қаламы жүрдек сыншы Сағат Әшiмбаев 1988 жылы жазған «Абай тағылымы -
азаматтық тағылым» атты мақаласымен байланыстыру. Онда «…Абай
тағылымын тұту дегенiмiз - Абай тағылымынан шындап үлгi-өнеге алу, тәлiм-
тәрбие көру» деп Абайсыз өмiр сүру - рухани бейшаралық пен адамдық ақыл-
ой мешеулiгiнен, сезiм жұтаңдығынан, жазылмас жан жарасының қасiретi
екенін көрсетеді. «Пайда ойлама, ар ойла», «Жастық шақта өмір гул»
шығармаларын ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды. (1 сағат)


Page 27


А. Құнанбаев «Алланың өзі де рас, сөзі де рас». Ұлы ақын мұрасы.
Өлең идеясы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымын таныту, адамды
сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі
ету. Өзін-өзі тануларына, өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету. Абай
тағылымы негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына
түрткі жасау. (1 сағат)

А.Құнанбаев «Он бесінші» қара сөзі. «Он бесінші» қара сөзінің
түйініде «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе,
болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол
алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке,
не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ,
болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?»-дейді. Есті адамға
көрсеқызарлық дүние мен әр нәрсеге жалаң қызығушылық танытудан бойды
аулақ ұстау. (1 сағат)

А.Құнанбаев «Жиырма жетінші» қарасөзі. Абай: «...Адам баласы
болмаса, бұл ғажайып ақылды және ғажайыппен жасаған денеге кіргізіп, мұнша
салахият иесі қылғаны хиқметпенен өзге хайуанға сұлтан қылғандығына дәлел
емес пе? Ол дәлел болса, адам баласын артық көріп, қамын әуелден алланың өзі
ойлап жасағанына да дәлел емес пе?» Ендеше ерекше жан иесінің
мүмкіндіктері мен мақсаттары туралы оқушының ойымен байланыстырылады.
Бүгінгі ғылым мен білім, техниканың жетістіктерімен оқушының ойы
түйінделеді. (1 сағат)

А. Құнанбаев «Отыз алтыншы», «Қырық төртінші» қарасөзі. Адам
бойындағы қасиеттерге ерекше сипатталады. Абай: «Біреу мал қуып жатыр.
Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы
жоқ», «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп...» Адамның
адамшылығы, жүректің нұрлы болуы, ойдың тазалығы жайлы өзіндік ой
түйіндеулеріне мүмкіндік жасалады. (1 сағат)

Ш. Құдайбердіұлы «Ар ілімі». Ғарифолла Есімнің «Шәкәрімнің «Үш
анығын»» талдауының соңғы талдауына назар аударылады, онда «Шәкәрім
пайымдауынша, жанның екі өмірдегі азығы ұждан-совесть. Күрделі мәселе.
Шәкәрімді тыңдалық, ол «Адамдығы нысап, әділет, мейірім үшеуін қосып
айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть бар». Ұждан араб сөзі, ол
мұсылмандық түсінік. Оның құрылымы ақын айтуынша нысап, әділет, мейірім.
Негізінде бұл жердегі басты ұғым – әділет, қалған екеуі оны айқындаушалыр»
Мырзагелді Кемел, экономика ғылымдары докторы, профессор, Қазақстан
Жазушылар Одағының мүшесінің «Шәкәрімнің ар ілімі» еңбегімен де
байланыстыруға болады. Шәкәрімнің «Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?»,
«Ұждандыны мақтайды тамам адам» өлеңдерінің мәнін аштыртуға ықпал
жасайды. (1 сағат)


Page 28

«Толық адам» түсінігі. Жуанмәрттілік ілімі Баласағұнның «Құтты
білігінен» бастау алады. Негізі одан да әріде Алып Ер Тоғаны Парсылар у беріп
өлтіреді, өлерінде халқына мені «Мәрт» деп атаңдар және еске алыңдар деген
екен. Міне осы кезден негізі қаланған. ХІІ-ХІІІ ғасырда «Хал ілімі» дамыды
Ахмет Яссауий. Халықтың прогресс пен мәдениет жолымен дамуына зор үлес
қосқан ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров монолитті қазақтың Абайдан кейінгі
кезеңдегі өзгерісі туралы сыни пікір білдірген. Абай «Толық адам» ілімінің
негізін салса, Шәкәрім дамытып «ар ілімін», кемелдіктің нұрлы сәулесі
Мағжанның да жүрегіне құйылып еді. Ол ерте солды. Міне осы
байланыстармен тақырыпты ашуға болады. (1 сағат)

Шығармашылық жұмыс . Абайдың «Толық адам» ілімі ақыл, әділет,
рақым деген үш компоненттен құралады. Мұның бәрі - тұнып тұрған
адамгершілік пен ізгіліктің моделі. Ұлы Абай қазаққа ғана емес, бүкіл әлемге
баға жетпес рухани қазына қалдырды. Бүгінгі өз өмірлерімен, қоғаммен
байланыстыра отырып, «Ақыл, Әділет, Рақым» ұғымымен жұмыс жүргізуге
болады. (1 сағат)

ІІІ бөлім Абай биігі-ұлт биігі

Абайтанушы ғалым - М. Әуезов. М.Әуезовтің «Абай Құнанбайұлы»
монографиясы мен Ұлы «Абай жолы» роман -эпопеясы арасындағы Абай
бейнесі, шығармашылығы арасындағы үндестік. (2 сағат)

Қ. Мұхамедханұлы «Абай». Қайым Мұхамедханұлы «Абай» және
«абайтану» ұғымдарын бір-бірінен ажырамас тұтастықта үнемі біздің
құлағымызға құйды, жадымызға сіңірді. Қ. Мұхамедханов 1951 жылы
«Абайдың ақындық мектебі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
«Абайдың ақын шәкірттері» төрт томдық еңбегімен байланыстырылады.
(2 сағат)

З. Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» . Ақынның өмірі мен
шығармашылық жолына қатысты қыруар деректер, құнды ой -пікірлер
жинақталып, жүйелі түрге түсірілген-Зәки Ахметов. Абай шығармаларының
ғылыми толық жинағы басылып шықты. Р.Сыздықова, Т.Әлімқұлов,
А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ж.Ысмағұлов, З.Қабдолов, Ғ.Есім, Т.Қожакеев,
Ғ.Мұқанов және басқа да ғалымдардың зерттеулері Абайтану ғылымына елеулі
үлес болып қосылды. Абай шығармаларын жариялау, зерттеу ісіне шет елдерде
айрықша мән берілді. Басшылыққа З.Ахметовтың «Абайдың ақындық әлемі»
еңбегі басшылыққа алынады. https://abaialemi.kz › post › view...: Абай (Ибраһим)
Құнанбайұлының өмірі. (1 сағат)

Қ. Бітібаева «Абай шығармашылығы» . Абайды оқытудағы
Қ.Бітібаева әдістемелік еңбектерінің маңызы. Даңқты мұғалім. КСРО және
Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.


Page 29

КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Ұлттық Педагогика
ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор.Қазақстан Білім
Беру ісінің Құрметті қызметкері өмірі шығармашылығы жайында айтылады.
Абай және Әуезов шығармаларын оқыту жолындағы еңбектері. Артындағы
мұралары мен шәкірттері жайлы қосымша ақпараттар. (2 сағат)

А. Қартаева «Абай және Мұхтар». Абайдың шығармашылық мұрасы
әлем әдебиетінің жетістігі. Ақын шығармашылығын зерттеген қазақтың
танымал абайтанушылары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Н.Құлжанова, М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов, Р.Нұрғалиев, З.Ахметов,
З.Қабдолов, Р.Сыздықова, М.Мырзахметов және тағы басқалар. Абай
шығармашылығындағы Мұхтар Әуезовтің іргелі үлесін ғылыми тұрғыдан
зерттеп еңбек етіп жатқан ғалымның біріАйжан Қартаева. Осы дәстүрді Шығыс
Қазақстанда әр кезеңде Т.Ибрагимов, Қ.Бітібаева, Е.И.Григорьев,
Б.А.Ердембеков, А.М.Қартаева сынды зерттеушілер сәтті жалғастыруда,
еңбектерін байланыстырып қарастыру ұсынылады. (1 сағат)

Ж. Әубәкір «Абайдың ақын шәкірттері». Абайдың ақындық тәрбиесін
көрген шәкірттердің ішінде ұлы ақынның қасында ширек ғасырдай жүріп, іні-
досы болған Көкбайдың алар тұғыры өте жоғары. ХIХ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ ғасырдың басында, төңкерістерге толы заманда өмір кешкен,
ұлы Абайдай қазақ поэзиясының асқар шыңының ақындық тәлімін алған,
артына мол әдеби мұралар қалдырған, ел ортасынан медресе, мешіт ашып,
ұстаздық қылып, молда атанған, қажы Көкбай Жанатайұлының әдебиет
тарихындағы алар тұғыры биік. Көкбай шығармаларын тірнектей жинаған
Сейітқали Қарамендин мен Жандос Мағазбекұлының шығармалары н
байланыстыру. (1 сағат)

Б.Ердембеков «Абай өнегесін жалғастырушы - Әріп Тәңірберген».
Абайдың әдеби ортасы дегенде белгілі бір тұлғаның ақындық жолына өз әсерін
тигізген, рухани жетілуіне темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды,
би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен сөз зергерінің
әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа
насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз. Соның бірі және бірегейі –Әріп
Тәңірбергенов. Оны Б.Ерденбековтің төмендегі еңбектері
eb.arsu.kz › pdf › ktj_20457 «Әріп- қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі» Өскемен
2014 жылы, «Әріп-ақын» eb.arsu.kz › pdf › ktj_20459 Алматы. 2001. – 192 бет
және Қайым Мұхамедхановтың «Абайдың ақын шәкірттері» еңбегі негізінде
оқытылады. (1 сағат)

IV бөлім. Абай еліне саяхат 8 сағат

«Абай жолы» роман-эпопеясы «Жұтта» тарауы. М.Әуезовтің «Абай жолы»
эпопеясы «Жұтта» тарауында – Алтыбай мен Байтұяқ мал артында өліп кетеді.
Мағаш, Базаралы мен Ерболдар өмірден озады. 1891 жылдан бастап Абай


Page 30

басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы
жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша
әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады.
Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа
арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы
тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай
қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін
қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың
ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол
арада қазақтың ұлы екі перзенті - Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес
махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы
үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұрғызылды. (2 сағат)

С. Назарбекұлы «Абай кесенесі». «…Атақты сәулетші Сайын
Назарбекұлы бағзы жәдігерліктерге жан бітіп, көне дәуірлерден шежіре
соқты.Сайын Назарбекұлы сәулетші - ақын, сәулетші - жазушы көкірегінен
көрікті жырлар мен көп сезімді күмбірлеткен өлеңдер жазды. Осының бәріне ол
соңғы жиырма бес жыл ішінде қол жеткізді. Өлімнен аман қалып,өзінше
ізденіп, өз бетімен өмір сүрген, өзін бостан сезінген жылдардың жемісі. Әбіш
Кекілбаевтың «Асқарларға шақырар асқақ мұрат» атты мақаласымен Сайын
Назарбектің өмірін, Сайынның өмірін Абаймен байланыстыруға болады. Абай
Кесенесін Сайын Назарбекұлы – 1996 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай
ауданы, Жидебай қонысында ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған тойы
қарсаңында орнатты. (2 сағат)

К. Оразалин «Ұрпақтар сабақтастығы» («Абай еліне саяхат»
романы) Кәмен Оразалин - жазушы. Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген мүғалімі. «Кектем салқыны», «Кәмен», «Ақжазық», «Абайдан соң»
романдарының авторы. Оразалиннің Абайшығармашылығына, абайтану
мәселөлеріне қатысты бірнеше мақаланың және 1976 жылы «Абай аулына
саяхат» деген очерктер жинағының авторы. «Ұрпақтар сабақтастығында»
Абайдың қазақ халқы тарихында өшпес із қалдырған жемісті қызметін
жалғастырушы бүгінгі ұрпақ жайлы мәселе қарастырылады. Ақын ауылы
Жидебайдың өткені мен бугінін, тіршілік-тынысын, көркем табиғатын
баяндайды. (1 сағат)

Нұрсұлу Өмірбекова «Абайдың ҰОС қатысқан ұрпақтары» .
Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының жетекші ғылыми қызметкері
Нұрсұлу Өмірбекова: «Ұлы ақынның ұрпақтары патшалық, содан кейін
кеңестік жазалау саясатының құрбаны болды. Қуғындау мен жер аударылудың
нәтижесінде тағдырдың тәлкегінен сан-саққа бытырап, әр жердегі балалар үйі
мен жатақтарда өмір сүрген Абай шөберелері бірін-бірі жақын танымастан Ұлы
Отан соғысына аттанады, майданға қатысып, екеуі аман келді. Олар – Алпаш
Жебрәйілұлы мен Ишағы Жағыпарқызы. Жыл өткен сайын ұлы ақынның
ұрпағының қатары сиреді, қазіргі таңда Абайдың екі әйелінен тараған


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
27.11.2024
108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12