Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Абайтану» курсы 11 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түсінік хат
«Абайтану» курсы курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.
Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Мақсаты:
Ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын толық игерту, Абай поэзиясының құдіретін таныту, ақын шығармашлығын әлем әдебиетімен салыстыра білу. Абайтану» курсы студенттердің осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту. Абай өлеңдерінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну.
Міндеттері:
-
Қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.
-
Ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.
-
Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.
-
Абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
-
Ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
-
Ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
-
Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;
Күтілетін нәтиже:
Абай Құнанбаев шығармаларын терең талдай білер әдеби сауаттылық; ақын шығармаларын көркемдік ерекшелігін танып, тілін, өлең табиғатын тани білер ғылыми-ізденімпаздық; әдебиеттінің өмірдегі ерекше орынын бағалай білер эстетикалық талғамы жоғары құзыретті тұлға; көркем әдеби тілде сөйлеу мәдениетін жетілдіру; зерттеушілік қабілетін ояту, ғылыми жұмысқа баулу: дарынды оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу.
Оқу жүктемесінің көлемі:
11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
№ |
Тақырыптар |
Тақырыптың мазмұны |
Шығармашылық жұмыстар |
Сағат саны |
Мерзімі
|
1 |
Кіріспе сабақ. Қазақ халқының ұлы ақыны. |
А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат |
«Абай» қойылымын көру. |
1 |
|
2 |
Абайдың ата – тегі, өскен ортасы. Әкенің саясы, ананың аясында. |
Абайдың өскен ортасы, тегі туралы |
Хронологиялық кесте жасау |
1 |
|
3 |
Алғашқы алыс жолға шығу. Әке нұсқаған жолмен |
Әке мен бала арасындағы қарым – қатынас. Құнанбайдың портреті. |
Кітапхана және ғаламтормен жұмыс. |
1 |
|
4 |
.«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін». Абайдың ғылым – білім тақырыбындағы өлеңдері |
Абай поэзиясының асқақ қуаты мен эстетикалық болмысын тану, өлеңдеріне шолу жасау. |
Мәнерлеп жатқа оқуға жаттығу. |
1 |
|
5 |
Оқу мен өлең соңында.Ақындық өнер мен ән – күй туралы толғаныстар. |
«Өлең – сөздің патшасы, сөзсарасы» өлеңі арқылы ақындық өнерге қойылатын талаптар. |
Өлеңді талдау |
1 |
|
6 |
« Әсемпаз болма әрнеге» |
Келешек ұрпаққа деген үміті. Адамгершіліктің Абай ұсынған әдеп нормалары. |
|
1 |
|
7 |
Абайдың табиғат лирикасы |
Табиғатқа жан бітірген лирик - ақын |
Поэзия кешін ұйымдастру |
1 |
|
8 |
«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да» |
Адамдардың әртүрлі мінез – құлықтарын өлеңдеріне арқау еткен ақын жаманнан жиренуге, жақсыдан үйренуге шақырады |
|
1 |
|
9 |
Абайдың 21-26- қарасөздері |
21- 26- қарасөздерді оқу, түсіну, талдау, ой қорыту |
Абайдың философиялық ойлары бойынша ой бөлісу. |
1 |
|
10 |
Абайдың 27-31- қарасөздері. |
27-31- қарасөздерді оқу, түсіну, талдау, ой қорыту |
Абайдың философиялық ойлары бойынша ой бөлісу. |
1 |
|
11 |
Абайдың 32-36 - қарасөздері. |
32-36 - қарасөздерді оқу, түсіну, талдау, ой қорыту |
Абайдың философиялық ойлары бойынша ой бөлісу. |
2 |
|
12 |
Абайдың 36-45 – қарасөздері. |
36-45- қарасөздерді оқу, түсіну, талдау, ой қорыту |
Философиялық көзқарас дегеніміз не ? Ізденіс жаса. |
2 |
|
13 |
Абайдың қарасөздері мен поэзиясындағы үндестік |
Қарасөзер мен өлеңдеріндегі үндестікті табу, салыстыру, ой қорыту. |
Абайдың ақын шәкірттері бойынша Венн диаграммасымен жұмыс. |
1 |
|
14 |
Абай қарасөздерінің философиялық мәні. |
М. Орынбековтің «Абайдың философиялық көзқарасы» еңбегімен жұмыс. Абайдың философиялық ойлары. |
Баяндама жасау. |
1 |
|
15 |
Ақынның А.С. Пушкин шығармаларын аударудағы шеберлігі. |
«Онегинге хат» аудармасымен жұмыс, түпнұсқа мен аударманы салыстыру. |
Абай аудармаларындағы шеберлік. Ойтолғау. |
1 |
|
16 |
М.Ю. Лермонтов шығармаларын аударудағы шеберлігі |
«Жалғыз жалау» , «Жартас» аудармаларымен жұмыс, түпнұсқа мен аударманы салыстыру. |
Абай аудармаларындағы шеберлік. Ойтолғау. |
1 |
|
17 |
И.А. Крылов шығармаларының аудармасы. |
«Шегіртке мен құмырсқа», «Бақа мен өгіз» аудармаларымен жұмыс, түпнұсқа мен аударманы салыстыру. |
Сен аударма жасау білесің бе? |
1 |
|
18 |
«Ескендір» поэмасы. |
«Ескендір» поэмасын оқу, түсіну, талқылау, ойтолғау. |
«Ескендір» поэмасын талдау. |
1 |
|
19 |
«Масғұт» поэмасы. |
«Масғұт» поэмасын оқу, түсіну, талқылау, ойтолғау. |
«Масғұт» поэмасын талдау. |
1 |
|
20 |
Абай шығармаларының тілі |
Абай шығармаларының тілі, сөз кестесі мен өлең өрнегі. |
Ғылыми еңбектерге шолу. |
1 |
|
21 |
Ән көңілдің ажары. |
Абайдың музыкалық мұрасын жинаудағы А. Затаевич, Б.Ерзакович, Л. Хамидиеңбектері. |
Абай музыкаларын жинау. |
2 |
|
22 |
Абайдың ақындық мектебі. |
Абай тұсындағы ақындар мен Абай оқыған ақындар жайында. |
Абай тұсындағы ақындар мен Абай оқыған ақындар жайында баяндама жасау. |
2 |
|
23 |
Абай мен Шәкәрім арасындағы рухани сабақтастық. |
Шәкәрімнің «Үш аңығы» мен «Ар ғылымы» арасындағы сабақтастық. |
Ойбөліс |
1 |
|
24 |
Абайдың әдеби-рухани ортасы. |
Ақылбай, Мағауия, Шәкәрім, Көкбай,Әріп, Әсет,т.б. |
Өлеңнің көркемдік ерекшелігі деген не? Ойбөліс. |
1 |
|
26 |
Білімдіден шыққан сөз. |
«Білімдіден шыққан сөз» Ойтолғау. |
Ғылыми еңбектерге шолу. |
1 |
|
27 |
Ақындық өнер. |
Сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі турасында. |
Баяндама |
1 |
|
28 |
Абайдың нақыл сөздері. |
Абайдың нақыл сөздерінің тақырыбы- оның тұтас шығармасына тән дүниелер. |
Оның нақыл сөздерін тақырып бойынша топтастыру |
1 |
|
29 |
Абай поэзиясы |
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»тақырыбында поэзия кешін ұйымдастыру. |
Поэзия кеші. |
1 |
|
30 |
Қорытынды сабақ. |
Абайдың « толық адам» туралы ілімі. |
Дөңгелек үстел: «Абайтану» |
1 |
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.
Жалпы білім беретін мектептің қолданбалы курстардың оқу бағдарламалары – Астана, 2013.-24б
Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2017