Материалдар / Абайтану курсының жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайтану курсының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайтану курсының 9-сыныпқа арналған жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2024
158
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы
Оқу - ағарту министрлігінің
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығына
73-қосымша

Негізгі орта және жалпы орта білім берудің 9- сыныптарына арналған "Абайтану" курсының үлгілік оқу бағдарламасы

Түсінік хат

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы Ұлттық даму жоспарының "Білім беру сапасын арттыру" 3-міндетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысымен бекітілген "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасының "Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту" 1-міндетін, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының "Патриотизм құндылықтарын дәріптеу" 6-жалпыұлттық басымдығын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 8 қаңтардағы "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы ескере отырып, әзірленді.

      2. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

      3. Бағдарламада:

      Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы және қазіргі Тәуелсіздік кезеңіндегі зерттелу жайы қарастырылды;

      ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

      Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

      Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді.

      4. Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

      қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын;

      ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін; шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

      Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

      Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;

      Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;

      курстың соңына қарай: "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай "Қазақтың бас ақыны" ретінде танылуына бағытталған.

Курсты оқытудың мақсаты мен міндеттері:

      Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

      Курсты оқытудың міндеттері:

      1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;

      2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

      3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;

      4) Абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

      5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

      6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

      7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету.

      Курс жүктемесінің көлемі:

      9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

      Ескерту. 2-тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.10.2023 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.




Қаралды _________________ Келісемін ____________________ Бекітемін____________________

Бірлестік жетекшісі Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп директоры



Тақырып

Мазмұны

Табыс критерийі

Сағат саны

Мерзімі

Ескертпе

Кіріспе

1

Адамзаттың Абайы

Абайтану курсының маңызы, мақсат-міндеттері, ерекшеліктері

Абайтану курсының маңызы мен мақсат-міндеттермен танысадыі

1

5.09


"Абайды білмек парыз ойлы жасқа"

2-3

Абайдың өмірі

Мұхтар Әуезов "Абайдың өмірбаяны" мақаласы

Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы ақпарат алады

2

12,19


4-5

Ақынның халық даналығын тануы

Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары

Ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан алған тәлімі туралы ақпаратпен танысады

2

26,3.10


6

Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар


Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі, Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар, Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары

Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі Мұхтар Әуезовтің еңбегі, Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М. Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуімен танысады

1

10


7

Абай және орыс әдебиеті


Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы

Абай аудармаларының ерекшеліктерін меңгереді

1

17


8-9

Абай және Пушкин

"Онегиннің өлердегі сөзі" өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер;

Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы туралы ақпарат алады

2

24,7.11


10-11

Абай және батыс әдебиеті



Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері, Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиетінің, шығыс, орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы болғандығы, Абайдың өлең құрылымында да, ойшылдық, сыншылдық алымында да орыс әдебиетінің ықпалы бар екендігі, Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысуы,

Дж. Байрон "Көңілім менің қараңғы", А. Мицкевич "Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі", И. В. Гете-М. Ю. Лермонтов "Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңдерімен танысады

2

14,21


12

Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы

Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы

Өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ажыратады

1

28


"М. Әуезов және абайтану мәселелері"

13

Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы


Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері;

Зерттеушілердің пікірлерін салыстырады

1

5.12


14-15

М. Әуезовтің Абайтануға қатысты зерттеу еңбектері



Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер

Абай шығармашылығы турасындағы шығыс және батыс әдебиетіне қатысты мәселелерді талқылайды

2

12,19


16

Ақын шығармаларының басылымдары

Ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар

Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегімен танысады

1

26


17

Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы "Ғылымға көңіл берсеңіз"


"Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңінің басты идеясы – жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы;

Өлеңнің негізгі идеясы мен суреткерлік шеберлігіне талдау жасайды

1

9.01


18

"Интернатта оқып жүр"


Өлеңнің негізгі тақырыбы, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары, жас шәкірттерге "Пайда ойлама, ар ойла" деп, артық білуге талап қылуды аманаттауы, отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатына орай "Қызмет қылма оязға, жанбай жатып сөнуге" деп, өзі үміт еткен қазақ жастарына жар салуы, еңбексіз, ықылас-ынтасыз, михнатсыз нағыз ғылым, білімнің қолға түспейтінін айтуы;

Өлеңнің негізгі идеясы мен суреткерлік шеберлігіне талдау жасайды

1

16


19

"Ғылым таппай мақтанба"


Өлеңде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі, өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы;

Өлеңнің негізгі идеясы мен суреткерлік шеберлігіне талдау жасайды

1

23


20

"Сегізінші" қарасөз


Ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы;


Қарасөздегі автор көзқарасын анықтайды, көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға береді

1

30


21

"Он жетінші" қарасөз


Адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні.

Қарасөздегі автор көзқарасын анықтайды, көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға береді

1

6.02


22

      "Жиырма бесінші" қарасөз

Озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі, "Балаң бала болсын десең, оқыт" деп өсиет айтуы;


Қарасөздегі автор көзқарасын анықтайды, көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға береді

1

13


Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі.

23

"Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік""Екінші" қарасөз


Ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары, халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі, ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы, еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы;

Қарасөздегі автор көзқарасын анықтайды, көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға береді

1

20


24

"Оныншы" қарасөз


Бала тәрбиесі туралы ойы, "Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын" айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі;

Қарасөздегі автор көзқарасын анықтайды, көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға береді

1

27


25

"Он сегізінші" қарасөз


Киіну мәдениеті туралы көзқарасы, ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы, адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы;

Қарасөздегі автор көзқарасын анықтайды, көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға береді

1

6.03


26

"Он тоғызыншы" қарасөз



Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы, ақынның ес туралы ой тоқтамы, естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі;

Қарасөздегі автор көзқарасын анықтайды, көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға береді

1

13


27

"Отызыншы" қарасөз

Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы, ар, есті, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтындығына қатысты тұжырымы, өлімнің, өмірдің мәні туралы философиялық танымы.

Қарасөздегі автор көзқарасын анықтайды, көтерілген мәселеге сыни тұрғыда баға береді

1

20


"Абай танымындағы ән мен күй"

28

Абай әндерінің таралуы

     .


Ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы, жақсы әннің көкейге ой салатын эстетикалық мәні, Абай әндерінің халық әндерімен ұқсастықтары және айырмашылықтары, Абайдың музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақтар;

Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы жайлы ақпарат алады

1

3.04


29-30

"Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар"

"Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа", "Құлақтан кіріп бойды алар", "Өзгеге, көңілім, тоярсың" өлеңдері мен күйлері, "Сегіз аяқ", "Көзімнің қарасы", "Айттым сәлем, қалам қас" әні,

Абай әндерімен танысады

2

10,17


31

Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы

Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері

Ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны, ақынның ән және күй өнері туралы пікірі туралы берілген ақпаратты талдайды

1

24


Поэмалары

32-33

"Ескендір" поэмасы


Поэманың тақырыбы мен идеясы және көркемдік маңызы, ақын поэмасының романтикалық және реалистік сипаты, поэманың сюжеті мен композициясы, эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары, Абайдың шағын поэма жазудағы

шеберлігі.

Шығарма мазмұны және кейіпкерлерімен танысады, композициялық құрылымына талдау жасайды

2

8,15.05


Қорытынды

34

Абайдың сөз өнеріндегі орны

Абайдың қазақтың сөз өнерін тың ой оралымдарымен байытып, ұлттық көркем ойды дамытудағы көшбасшылық рөлі

Абайтану курсы бойынша алған білімдеріне кері байланыс жасайды

1

21



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!