|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||
|
Күні:02.09.2024 |
Мұғалімнің аты-жөні:Жусупова А |
||||
|
Сынып: 10 «А» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» |
||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі. Ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік жайлы өсиеттері. Қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігі. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Курста оқытуда ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, дара тұлға қалыптастыру шығармаларындағы қызметін түсе алады |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарлана-тын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) |
Дереккөздер |
|||
|
Сабақтың басы 5 мин |
Оқу мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады. «Болжам жасау» әдісі Абайтану курсынан не күтетінін болжайды. «Дейін-кейін» әдісі Оқушылар кестенің «дейін» бағанын толтырады. Осы уақытқа дейін Абай туралы не білетіндігін жазады. Оқу мақсаты мен тақырыпқа қатысты Сізде қандай сұрақ пайда болды? Қандай сұрақтың жауабын іздейсіз?т.б. |
|
|||
|
Сабақтың ортасы 15 мин
10-мин
5-мин
5-мин |
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе Адалдықты көздесең Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы. Мұғалім жалпы курстың мақсатымен оқушыларды таныстырып өтеді. – Абай Құнанбайұлының қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы ретінде құбылыстық сипатын, бүкіл ақындық әлемін, өлең өнеріндегі өзгешілігін, шеберлігін танытуға бағытталған. Бұл курс өзіне төмендегідей міндеттерді жүктейді: - Абай Құнанбайұлының шығармашылығының зерттелу жайына тоқталып, абайтану ғылымының тарихынан мәліметтер беру; - Ұлы ақынның ғұмырнамасына байланысты тың деректерге иек сүйеп, ақынның жазба әдебиеттің көшбасшы ретіндегі орынын айқындау; - Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалығын айтып, өлең өрнектерін дамытудағы рөліне тоқталу; - Ғұлама ойшылдың философиялық нақыл сөздерінің мән – мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымы жайында сөз ету; - Ақынның аудармадағы еңбегіне тоқталу, басқа ел шығармаларын қазақ тіліне аударудағы шеберлігін айқындау. «Абайтану» курсында Абай мұрасын жан – жақты әрі терең танытуға мүмкіндіктер жасай отырып, оқушылардың ғылыми танымын қалыптастыруды басты нысана етіп алып отыру. Абайтану өзінің даму жолында аса күрделі қиын жолдардан өтті. Абай мұрасының жайын білу, бағалау саласында саяси – әлеуметтік жағдайларға байланысты қоғамдық ой – санада қым – қиғаш талас – тартыстар өріс алғаны белгілі. Сондықтан тәуелсіз заманның уақыт талабына орай жаңа таным мен соңғы көзқарастың ғылыми тұрғыдан тың байламдарын бүгінгі заман жастарының санасына сіңіру міндеті алға қойылып отыр. Бұл курста әр оқушы өзі таңдаған тақырыбы бойынша ізденіп, түрлі бағытта шығармашылық жұмыстар жасауына болады.
Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқпақпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! – ақын өлеңдерін оқыту 1-тапсырма «Ойлан-жұптас-бөліс»
Дәптерге 1 минут уақыттың ішінде өз түсінгеніңізді жазады, оны жұбымен бөліседі (1 минут). Топта талқылайды (1 минут). 2-тапсырма «Абай өлеңдеріндегі құндылықтар» Сұраққа төмендегі ретте жауап беруге тырысыңыз (әр жолға 1-2 сөйлеммен) «Менің ойымша» ... «Себебі» .... «Мысалы» ..... «Қорытындылай келе/Сондықтан да»
Саралау Оқушылар топта бір-бірінен, мұғалімнен қолдау алады. Әдеби теориялық анықтамалық, қарасөз арқылы қолдау алады |
|
|||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Кері байланыс Бүгінгі сабақта қандай өмілік білім алдым? Cабақта маған тапсырманы орындауға не көмектесті? Cабақта маған тапсырманы орындауға не кедергі болды? Маған қиындықтарды жеңу үшін не істеу қажет? Үйге тапсырма: Абайдың ұнаған өлеңін жаттап алу.
|
|
|||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||
|
Күні:09.09.2024 |
Мұғалімнің аты-жөні:Жусупова А |
||||
|
Сынып: 10 «А» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Абайтану мәселелері |

Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлері. . |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Абайтану курсы, Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру |

Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар Қазіргі әдебиеттану ғылымында абайтану ғылымының бір тармағы болып абайтану тарихы да өрісін кеңейтіп келе жатыр десек қателесе қоймаймыз. Сол себепті абайтану мәселесін сөз еткенде абайтану тарихына да тоқталмай өту мүмкін емес. Осы ретте «Абайтану ғылымының бел-белестері» деп аталатын ғылыми еңбек жазған академик, филология ғылымдарының докторы, профессоры Серік Смайылұлы Қирабаевтың келесі бір пікіріне назар аударсақ, ол төмендегідей: «Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой-пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ Абайдың алғашқы зерттеушілерінің аты-жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып, Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды». Абайтану тарихына қатысты ғалым Зәки Ахметов былай деп бағамдайды: «Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», — деп Абайды аса жоғары бағалады». Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болғаннан соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері (аударма өлеңдерін қосып санағанда) және «Ескендір» мен «Масғұт» поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақын өзі қолмен жазған қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ өлеңдер өте аз, сондықтан олар қосымша деректер ретінде бағалануы орынды. Ал кейінгі жинақтарды айтсақ, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдер 1916 жылы Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесі» атты кітапта жарияланды. 1922 жылы Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар сол 1909 жылы жинақта жария болған шығармаларды қамтиды. І.Жансүгіров 1923 жылы «Тілші» газетінде Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде «Абай кітабы» атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды көрсетті. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарға ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын шығармаларын жұртшылыққа танытуға Н.Рамазанов, Ғабдрахман Сағди және Н.Н.Белослюдов т. б. атсалысты. Бұлардың еңбектерінің Абай шығармашылығын сипаттап, бағалаудағы мәні әркелкі болса да, ақын шығармаларын насихаттауға қалайда үлес қосқанын мойындаған жөн. Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрдегі дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 жылы М.Әуезов бастырған жинақтан және 1934 жылы жарық көрген І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады. Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М.Әуезов болды. Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүниежүзі оқырмандарына толық танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтің Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі боп табылады. М.Әуезов 1933 жылдан 1957 жылға дейін ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіттің бірнеше қолжазбасы негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген, М.Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет. Алдағы уақытта осы ғылыми басылым үнемі негізге алынуға тиіс. М.Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, саналуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты. 40-50 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Абайтану ғылымына Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Қ.Мұхамедханов, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, Б.Ерзакович, Х.Сүйінішәлиев, М.Мырзахметов, А.Ысқақов, Р.Сыздықова секілді ғалымдар салмақты үлес қосты. Абайтану тарихында тың серпіліс жасаған, жаңа сарын қалыптастырған, ең бастысы қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану тарихын жасаған ғалым М.Мырзахметұлы. Белгілі абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ұзақ жылдар бойы абайтану ғылымына қосқан орасан зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған М.Мырзахметұлының бұл кітабында ұлы Абай мұрасы, оның зерттелуі туралы жазылған құнды деректер мен архив қазыналары егжей-тегжейлі екшеленіп, Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп баяндалған. Бір ғасырдан бастам уақыттағы ұлы ақын мұрасын танып, бағалау жолындағы жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бүгінгі күн тұрғысынан жан-жақты таразыланды, ой елегінен өткізіледі, баяндалады. Ұлы Абай мұрасын тануда, танытуда, дәлірек айтқанда абайтану тарихын жасауда ерекше роль атқаратын зерттеулердің бірі монографиялық зерттеулер десек қателесе қоймаймыз. М.Мырзахметұлы өзінің бұл мәселелерге арнаған еңбегін «Абай мұрасы монографиялық зерттеулер желісінде» деп атапты. Демек ғалым Абай мұраларын там-тұмдап зерттеудің нәтижелері уақыт өте келе үлкен, көлемді іргелі зерттеуге ұласқан тарихын атап көрсетеді. Абайтану тарихын сөз етіп отырғанда ұлы Абайдың әдеби мектебі жайында айтпай кету мүмкін емес. Сол себепті профессор Мырзахметұлы бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, зерттеу нысанасы етеді. Қазіргі кезде, әдебиеттану және басқа қоғамдық ғылымдар идеологиялық қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, кең құлаш жаюға мүмкіндік алған жағдайда абайтану ғылымы жаңа белеске көтеріліп, жалғаса, толыға беруі керек. Абай творчествосының танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәнін жаңа қырларынан қарап, терең ашып көрсететін еңбектер ғана абайтану ғылымын байыта түспек. Сабақ соңында «Зымыран сұрақтар» сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын. 1. Серік Сымайылұлы Қирабаев абайтану ғылымына қатысты қандай пікір айтты? 2. «Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», — деп Абайды аса жоғары бағалады». Пікірді айтқан ғалым. 3. 40-50 жылдарда Абайтану ғылымының жаңа белеске көтерілуіне үлес қосқан ғалымдарды атаңыз. 4. Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген ғалымды атаңыз. «ПОПС» әдісі «Менің ойымша» ... «Себебі» .... «Мысалы» ..... «Қорытындылай келе/Сондықтан да»

Кері байланыс
Үйге тапсырма: |
|
|||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||
|
Күні:16.09.2024 |
Мұғалімнің аты-жөні:Жусупова А |
||||
|
Сынып: 10 «А» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Абай еңбектеріне қатысты зерттеулер, ой- пікірлері. |

Дерек-көздер |
|||
|
Сабақтың басы 5 мин |
Миға шабуыл «Зымыран сұрақтар» 1. 40-50 жылдарда Абайтану ғылымының жаңа белеске көтерілуіне үлес қосқан ғалымдарды атаңыз. 2 . Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген ғалымды атаңыз |
|
|||
|
Сабақтың ортасы 20 мин
10-мин
|
Абай еңбектеріне қатысты зерттеулер, ой-пікірлер Ғаббас Тоғжанов Абай туралы алғашқы ауқымды еңбегі – «Абай» атты моногр. очеркінен (1935) сол кезде үстем болған тұрпайы социологизмнің және соған байланысты туған «Абай үстем таптан шықты, сондықтан да ол – сол таптың өкілі» деген ағат пікірдің сілемі байқалады. Тоғжанов таптық тұрғыдан Абай «қазақтың капиталдасқан феодалдарының жоқшысы» деген тұжырым жасайды. «Абайдың тілейтін арманы жақсы бай, өнерлі, епті бай» кедей-бұқараның қамын ойламады, «орыстың дворяндар бастаған ультрасын үлгі қылады» деген солақай сын көрініс береді. Таптық тұрғыдан осылай дей тұрғанмен де, очеркте Абайдың ақындық шеберлігіне байланысты соны ойлар айтқан. Ол Абай реализмін жоғары бағалаған. Абай «қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас болды», «орыс әдебиетінің үлгілерін алды», «жаңа әдебиет түрлерін жасады», «қазақтың тіл байлығын ұқсата білді», «Сөз патшасы - өлең тілін әдемілеп сырлап, құндызша құлпыртқан Абай болатын» (128-6.), - дей келіп, оның ақындығын «таусылмайтын бұлаққа» теңейді. Ақын туралы ойларын «Абай - самородок, қарадан оқымай шыққан талант» (137-6.), -деп түйіндейді. Ғ.Тоғжановтың «Абай» зерттеу еңбегі – қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 жылы жарық көрген зерттеу еңбек. Қазандағы «Кәмил Жақып» баспаханасынан латын алфавитімен жарық көрген. Автор өз зерттеуін шағын 10 тақырыпқа және қорытынды бөлімге бөліп, Абайдың ақындық жолына, ол өскен уақыт пен ортаға, ақынның жекелеген көзқарастарына, оған шығыс және орыс әдебиетінің ықпалы тақырыптарына шолу жасауды ниет еткен. Автор Абай шығармалары туралы кезінде келелі пікір айтқан А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, I. Жансүгіров, Т. Рысқұлов тұжырымдарын теріске шығаруға күш салып, әділ төрелік тізгінін әміршілдік-әкімшілік нұсқауларға ұстатып, елеулі қателіктерге ұрынған. Абайды байшыл-феодалшыл ақын ретінде көрсетіп, оның әйел теңдігіне, кедейлерге көзқарасы керітартпа діншілдік талаптардан аса алмады, ұлт ақыны емес, ұлтшылдық пиғылы басым болды деп айыптайды. Абай ақындығының қалыптасу жолындағы Шығыс классиктері шығармаларының маңызын теріске шығарып, оның шыншылдық сара жолын белгілеп берген орыс әдебиеті ғана деген сыңаржақ тұжырымға ұрынады. Күнбе-күнгі тұрмыстық көріністерді ғана сынап, үлкен әлеум. мәселелерді, жалпыхалықтық тақырыптарды көтере алмады, көп өлеңі қысқа үгіт, өсиет түріндегі нәрселер ғана деген қате тұжырымдар жасайды. Дегенмен кітап соңында «Абай – самородок, қарадан оқымай шыққан талант» деп мойындауға мәжбүр болады, оның шыншылдық, қазақ поэзиясындағы жаңашыл-дық қызметін, аудармашылық шеберлігін жақсы жағынан атап өтеді. Кітап соңында қосымша ретінде автордың «Ескі әдебиет мұраларын пайдалану жайында» деген мақаласы берілген. Кітап көлемі 10,5 б. т., 8000 дана болып басылған. Жаңа туып келе жатқан ұлт буржуазиясының өкілі болуы себепті де Абай буржуазияшыл әдебиеттің ақыны, қазақ қоғамындағы буржуазияшыл ойдың атасы деген көзқарасты І.Қабылов, Ы.Мұстанбаев, Ғ.Тоғжанов, Ә.Лекеров, С.Асфандияров, Ә.Мәметова т.б. ұстанды. Мысалы, Ғ.Тоғжанов: Абай шығармаларын «… әбден капиталдасқан қазақ байының тілегінен туған жыр» деп танытты. Абай қазақ даласындағы жаңадан туып қалыптасып келе жатқан буржуазиялық топтың идеологы деген көзқарасты 30-шы жылдардағы қазақ әдебиетінің сын жанрында кең көлемде насихаттап таратуда Ғ. Тоғжановтың әрекеті басым жатты. Абайтану тарихында тұңғыш монографиялық «Абай» кітабын жазған Ғ. Тоғжановтың зерттеулік еңбегі айта қаларлықтай құбылыс болса да, ол тұрпайы социологиялық танымның шеңберінен шыға алмады. 1920 жылы басталған Абай мұрасы жайында айтыс та қоғам талабынан туындады. С.Мұқанов «Қара тақтайға жазылып жүрмеңдер шешендер» (1923), Ғ.Тоғжанов «Абай» (1935), І.Қабылов «Абайдың философиясы және оған сын» (1928) мақалалары Абайды бай табынан шыққан ақын ретінде бағалаған. Ы. Мұстанбайұлы «Абай» (1928), «Ақын Абай және пәлсапашыл Ілияс туралы» (1929), М.Әуезов «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» мақалаларында ақын шығармашылығын қоғамдық-танымдық қызметін ашып бере алды. Абай өлеңдері төңірегінде 20- жылдарда,одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды.Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны»атты 1913 жылы жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы,ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы,өнерпаздық өзгешелігін,асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің,білгірліктің,өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың,талғампаздықтың үлгісі деуге лайық.Бекейханов, Байтұрсынов, Дулатов ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып,ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н.Рамазанов,Ғ.Сағди,ы.Мұстамбайұлы және Н.Н.Белослюдов тағы басқалар ат салысты.Абайдың соңғы ақындарының ішінен Ж.Аймауытұлы М.Дулатұлын ерекше атап,оның ақындық өнеріне,өлеңдерінің күшті қуаттылығына жоғары баға берді. «Міржақыптың көркем әдебиеттегі ұстазы-Абай...Ахмет,Міржақыптар алғаш қолдарына қалам алып,әдебиет майданына құтты қадамдарын бастаған шақта,олардың көз алдына адастырмас жарық жұлдыз-Темірқазық-Абай тұрды»,деген Қ.Мұхамедханұлының пікірі А.Байтұрсынов,М.Дулатұлының Абайды өздеріне ұстаз санап,үлгі тұтқандығын анықтайды. Абайдың әдеби мұрасын халықтық тұрғыдан танытуда революционер – демократтардың пікіріне сүйене отырып, 30 – шы жылдардың ортасында тұңғыш рет Абайды халықтық ақын ретінде танытуда бастама пікір көтерген әдебиет сыншысы Мұқаметжан Қаратаев еді. Өзінің А. С. Пушкинге арналған мақаласында: «Пушкин поэзиясында Белинский тапқан халықтық, сатира, көркемдік деген үш элемент Абайдың поэзиясында да табылады… Екеуінің шығармасында да, халықтың, еңбекші адамның тілегі көрініп тұрады», - деп Абайды халықтық мүдденің жыршысы ретінде таныстырады. Осы мақаланың артынша – ақ Абайдың әдеби мұрасын танып бағалауда елеулі кедергіге айналған кейбір Абай мұрасын зерттеушілердің (С. Мұқанов, І. Жансүгіров, Ғ. Тоғжанов, І. Қабылов т.б.) тұрпайы социологиялық көзқарастары алғаш рет сынға алынып: «Абай маңындағы сынның әлі күнге дейін жетіліп кетпеуіне негізгі себеп – осы вульгарлық әдіс» - әдебиет саласында сірескен пікір сеңінің бұзыла бастаған қалпын көрсетті. Нәзір Төреқұловтың «Әдебиетімізге көз салу» мақаласы. Бұл мақала жалпы осы қазақ халқының әдеби тілінің жаңашылыдығына, келешекте ұлт әдебиетіне үлес қосу. Орыс Европа әдебиетіне еру мақұлырақ болар деп шештім. Үйткені шарқта ұлт әдебиеттері жалғыз Европа мәдениеті басшылығы арқасында жарыққа шықты. Европа мәдениеті мектептерінде оқып жатқандар ұлт әдебиет мектептерін ашты. Шнасилар, Қамалдар, Әминдер, татарда Тоқай, Ғаяз, бірінші газетші Смайл Гаспиринский, қазақта Абай, баршылары Франк, орыс әдебиеттерінің пікірлері идиалдарымен мәлім болды-баптанды. Европа еліктеу менімше онша қорқынышты емес. Үйткені Европа мәдениетінің бір асылы дух критицизма рух сыны; бұл бізді жүре алмайтын тұйыққа, шыға алмайтын шыңырауға алып кетпес. Еліктеуіміз өлшеуден шығып бара жатса, рух сыны бізді және көзімізді көрсетер. Абай әдебиетіміздің атасы, бұл жолдың қорқынышсыз, біздің үшін пайдалы екендігін сезіп, сол жолға бұрылды. Әйтпесе Абай үшін араб, ғажам жолы да ашық еді. С.Мұқанов Абай өлеңіндегі жаңашылдық туралы пікірлері С.Мұқановтың «Жарық жұлдыз» (А.Құнанбаев шығармашылығы туралы) кітабы. Абай – қалам ұстап әдебиет майданына аттанарда өзінің ой-өрісімен түсініп, өзінің қай заманда туғанын, ақындық талантын не мақсатқа пайдалану қажетті екенін анықтай алған ақын. Өзінің бұрынғы және өз заманындағы қазақ әдебиетін Абайдың қаншалық білгендігі оның шығармаларынан көрінеді.Жалпы қазақ өмірінде поэзияның орны қандай екендігін Абайдың қалай ұққандығы оның мына өлеңінен көрінеді: Біреудің кісісі өлсе қаралы ол, Қаза көрген жүрегі жаралы ол. Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады ол? Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, Қыз таныстыр, қызыққа жұрт ыржаңшыл. Қынаменде, жар-жар мен бет ашар бар, Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл? деп қазақтың өмірінде поэзияның осындай ерекше орны барлығын ұққан және сол туралы өлең жазған Абай пікірін былайша қорытады: Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең. Өмірдің қызығының бәрі өлеңмен, Ойласаңшы бос қақпай елең-селең. Өзінен бұрынғы және өзімен тұстас қазақ ақындарын Абай «жамаулы, құраулы» өлең жазғандықтан ғана өлеңнің көркемдігі, түрі «нашарлықтан» ғана мінемейді, олардың мән-мақсатының жағдайлығынанда мінейді. Ол: Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап, Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап. Әр елден өлеңменен қайыр тілеп, Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап. Абай бұл өлеңінде «ақындар» деп қазақтың ақын атаулысын түгел алмай, олардың ішінен «мал үшін тілін безеп, жанын жалдағандарды» екшелеп алса, не сол «жанын жалдаған» кім екенін атап айтса, біз бұл арада «онысы дұрыс» дер едік те жүре берер ек. Себебі қайдағы мақтаншақ байға барып, қайыршылық қып мақтау өлең айтып, сөзін малға сатып, өлеңнің қадірін кетіретін «ақындар» қазақта Абайға шейін де, Абай тұсында да, Абайдан кейін де аз болмаған деп айтып кетеді. С.Мұхановтың «Қара тақтаға жазылып журмендер шешендер»мақаласы. Өзінің танымын білім деңгейімен таразылау қаперінеде келмеген Сәбит Мұқанов “Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” деген аты шулы мақаласын жариялады. Абай жайындағы Сәбит Мұқановтың бұл көрсеткісі келгендер де “аты дардай” осы мақаланы ауызға алады. Атышулы мақаланың атын “ауызтолтырып” айтатындардың бәрі болмағанмен көпшілігі мақалаға шынттап зер салмайды. Олай дейтін себебіміз, автор Абайдың ата-тегінің бай-манап екенін кінәлағаны болмаса, ақындық шеберлігіне тәнті екені көрініп-ақ тұр. «Абай және оның шығармалары туралы көпшілік алдына менің алғаш ауыз ашуым - бұдан 22 жыл бұрын – 1923 жыл еді. Сол жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 69 санында «Қара тақтаға жазылмандар, шешендер» деген мақаламда мен Абайды «байлардың Абайы, біздің Абай емес» деген пікірді айтып шықтым. Бұндай солақай, сауатсыз, саяси жағынан да, ғылымдық жағынан да қате жазылған мақаламның шығуына не жағдай себеп болғанын мен 1942 ж. басылған «ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер» деген кітабымда (10-11-беттер) айтқам. Осындай түсінікте болғандықтан Абай туралы баста жиналған біраз пікірлерге қорытынды жасау мақсатымен оқушыларға ұсынғалы отырған осы еңбекті жазуға қалам алдым», - деп, алдына қойған игі мақсатын санап-санап шығады. Сәбиттің құжат жинауы, оны кітапқа орналастыруы керемет қызық. Оларды пайдалануы иненің көзінен ететіндей жып-жинақы десек жалған болар, ал ағыл- тегіл мол дерек жинайтынына және оқушыны сонымен елітіп тастайтынына ешкім шүбә келтіре алмас. Соңдықтан да болар тарихи деректерге аңыздық сипат дарып, көп реттерде осының өзі рас па екен деген күдік те тудырады. Ал, шындығына келгенде өсем әңгімелеңген деректердің негізінде шындық бар. Сондықтан Мұқановтың қаламынан туған макала-зерттеулерге кесек-кесегімен келтіретін мағлұматтарға айрықша ұқыптылықпен қарап, әдеби-мәдени және рухани тарихымыздың кажетіне жаратқан абзап. Абайдың ақындығын танып білуге Сәбит айрықша үлес қосқан зерттеушінің бірі екендігінде сөз жоқ. Өйткені ғылыми ой-пікір мен көркемдік тәжірибені сәтті уштастырып, тамаша қисындар, теориялық тұжырымдар айтқаны аян. Сабақ соңында «Зымыран сұрақтар» сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын. 1Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын. 1. Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30-жылдары айрықша көзге түскен жазушы? 2. «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деп аталатын докторлық диссертациясын қорғаған ғалым? 3. Ғ.Тоғжановтың қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 жылы жарық көрген зерттеу еңбегін айт. 4. І.Қабылов қандай мақаласында Абайды бай табынан шыққан ақын ретінде бағалаған? «ПОПС» әдісі «Менің ойымша» ... «Себебі» .... «Мысалы» ..... «Қорытындылай келе/Сондықтан да»

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жасасаңыз болады.
Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)? Үйге тапсырма: |
|
|||
|
САБАҚ: 4 |
Мектеп: 132жоббм |
||||||||||||||||||||
|
Күні:23.09.2024 |
Мұғалімнің аты-жөні:Жусупова А |
||||||||||||||||||||
|
Сынып: 10 «А» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Адами қасиеттері туралы ой тұжырымдар |

Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндес келетіндігі, Абайдың өнер, еңбек, талап, ықылас-ынта, қайрат-қажыр, терең ой, т.б. адами қасиеттер турасындағы ой тұжырымдары; |

|||||||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |

«Салыстырмалы көзқарас» ТЖ Слайдта көрсетілген кесте бойынша Абайдың өмірі туралы айтылған мәселелердің көрінісін бүгінгі күнмен байланыста қарайды. Айырмашылығын ажыратады, ұқсастығын табады.
|
|
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 15 мин
5-мин
10-мин
5-мин
Сабақтың соңы 5 мин |
1-тапсырма: Білу Кім ? Не? Қандай ?Қалай? Қашан? Неліктен? сұрақтарына толық ақпарат жаз
Түсіну Неге? Неліктен? Себебі ? Неүшін ? сұрақтарына толық жауап жаз Себебін анықтаңдар.
Талдау «Дейін және кейін» стратегиясы бойынша Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндес келетіндігі, Абайдың өнер, еңбек, талап, ықылас-ынта, қайрат-қажыр, терең ой, т.б. адами қасиеттер турасындағы ой тұжырымдары туралы не білесіздер? ДЕЙІН________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Қолдану КЕЙІН Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбын талдау (шығармаларын үлестіріп беру, талдату) Т
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. Ғ
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғ
Білім - бақтың жібермейтін қазығы, Б
Түйінді сөз. Көкірегі - сезімді, көңілі - ойлыға бәрі анық. Жинақтау Сіз қандай түйінді пікірге келер едіңіз? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Бағалау: топтардың өзін-өзі бағалауы
Кері байланыс/Рефлексия (Мендік пікір) Оқушылар аталған сөз оралымдарын өз ойларымен жалғастырады. Мені таңдандырғаны: Мені күйіндіргені: Мені ойлантқаны: Мені қуантқаны: Мені жұбатқаны: Мені мойындатқаны: |
|
|||||||||||||||||||
|
САБАҚ: 5 |
Мектеп: №132жоббм |
||||||||
|
Күні:30.09.2024 |
Мұғалімнің аты-жөні:Жусупова А |
||||||||
|
Сынып: 10 «А» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Талапты ерге нұр жауар» |

Отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы. |
||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Абай шығармаларынан ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аудару |
||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Абай шығармаларынан ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударады |
||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «Туған жер» бағдарламасы, Абай шығармалары негізінде оқушылар рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады |
||||||||
|
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
Өлеңдер жинағы (аудио), видеолар т.б. |
||||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
|
||||||||
|
Жоспар |
|||||||||

Дерек көздер |
|||||||
|
Сабақтың басы 5 мин |
«Дейін-кейін» әдісі Оқушылар кестенің «дейін» бағанын толтырады. Осы уақытқа дейін Абай туралы не білетіндігін жазады. (Оқушылар ескеретін жәйт «Кейін» кестесіне сабақ соңында қайта оралып толтыру)
|
|
|||||||
|
Сабақтың ортасы 5 мин
1 5-мин
10-мин
5-мин
|
1 тапсырма: Абай шығармаларындағы ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөнінде не білесіздер? Мен білемін...____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 2 тапсырма: Берілген қарасөзді түсініп оқыңыз. ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗ Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас. Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады. Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды. Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің? Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды. Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды. Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын! 1895 жыл 3- тапсырма :«Түртіп алу» жекелей жұмыс Ақынның білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату туралы ой – пікірлерінен дәптерге өздеріне қажетті деректерді жазыңыздар. Бағалау: топтардың өзін-өзі бағалауы
|
|
|||||||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
С Дамытамын
Сәтті жұмыс абақ барысында не сәтті болды? Қандай қабілетіңізді дамытқызың келеді?
Үйге тапсырма: |
|
|||||||
|
САБАҚ: 6 |
Мектеп: 132 |
||||||||||||||||||
|
Күні:07.10.2024 |
Мұғалімнің аты-жөні:Жусупова А |
||||||||||||||||||
|
Сынып: 10 «А» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Еңбек етсең ерінбей» |

Отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуы; |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуы |

Қызығушылықты ояту: Ширату
Мейірімді жүрекпен, (жүректерін ұстайды) Ақ пейілді тілекпен, (қолдарын көкке көтереді) Амандасып алайық (бір – бірінің қолдарын ұстайды) Бір жадырап қалайық. (бір-біріне қарап күлімдейді) Еңбек етіп ерінбей, Жақсы баға алайық! (басбармақтарын көтереді) |
|
|||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 10 мин
1 5-мин
5-мин
5-мин
|
Миға шабуыл Абай қарасөзіндегі қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуын қалай түсінесің?
2 тапсырма: Берілген қарасөзді түсініп оқып, талдап, өлеңімен салыстырып көріңіз. ОТЫЗ ҮШІНШІ СӨЗ Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады. Екінші - ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады. Үшінші - «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді. Төртінші - тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысы п, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай? 1895жыл 2 тапсырма: Берілген қарасөзді түсініп оқып, талдап, өлеңімен салыстырып көріңіз.
Қарасөзіне сүйене отырып, дәлелдеп, мысал келтіріп, қорытынды жазыңыз. Пікір. Өз пікіріңізді жазыңыз. Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз. Мысал. Мысал келтіріңіз. Қорытынды. Өзіндік қорытынды шығарыңыз. Дескриптор: Өз пікірін жазады. Өз ойын аргументпен дәлелдейді Мысал келтіреді. Өзіндік қорытынды шығарады.
|
|
|||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
«Facebook» хабарламасы Оқушылар бүгін не үйренгені туралы хабарлама /SMS/ жазады. Стикерге жазып, тақтаға әкеліп іледі. Үйге тапсырма: |
|
|||||||||||||||||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||
|
Сынып: 10 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі |

Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі, |
||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат -мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне талдау |
||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат- мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетін талдай алады. |
||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады. |

Бейнебаян ұсыну «Шеринг» әдісі
|
|
|||||||
|
Сабақтың ортасы 15- мин
1 0-мин
10-мин
|
1 тапсырма: Мәтінмен танысып көр «ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ» - Абайдың 1887 жылы жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 5 тармақты 15 жолдан тұрады. Ол – қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіңдегі елең. Бұған шейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі дежырлаған жоқ-ты. Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын өзге де жырлаушы, жазушы болмаған. Ең алдымен, бұл өленде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт-санасын танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы – поэзия екенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де даналықтың айғағы дейді. Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді. Келесі бір-екі шумақта Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылықұғымынша еңбеделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға ұстаздықетуші әулие ғұламасы –бәрі де өлеңді қадірлейтін боп аталады. Бірақ қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды сөз етіп отырған жоқ. Тек хат танитын қазақ оқушысының көпшілігі мойындағандін ұғымдарын, өзінешартты түрде керекке жаратады. Өлеңнің сол ортадағы беделін көтеру үшін пайдаланады. Болмаса, исламның анық дін басы үгітшілерінің – имам, сопыларының, молда, ишандарының көзімен қарағанда, Абай өлеңсөзтуралыжариялапотырған жаңалықты түгелімен күпірлік деп санар еді. Өзі бағасын көтермек болған өлеңді құдай айтқан құранмен, пайғамбар айтқан хадиспен теңеуден артықдінбұзарлықболмас. Абай оларасынжақсы ұғынса да, мына түста сол дін авторитеттерін өз керегіне жаратады. Онысы және өзінің терең нанымы емес, халық ұғымына берілген баж деп танылу керек. Осыдан ары Абай эстетикалық жаңа принцип жариялайды. «... Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы?» - дегенде, жаңа ғана осының алдында аталған исламияттік норманың барлығын оп-оңай атап өтіп, тура 1860 жылдарда Н. Г. Чернышевский, Н.А.Добролюбовтай революциялық-демократтар әдебиет үшін жариялаған эстетикалық негізге ден қояды. «Іші -алтын, сырты - күміс» демек, мазмұн мен түр мәселесіне Абайдың өз көзқарасын анықтайды. Түрден мазмұн қымбатырақ, бағалырақ дегенді анық танытады. Дәл осындай озғын оймен Абай орыстың классикалық әдебиетінің ішіндегі ең биік шындығынтанып, талғап алғанын керсетеді... Осыдан кейінгі көп шумақтарда айтылатын ойларының барлығымен Абай ақындықтың, соның ішінде өзақындығыныңжаңаплатформасын, үлкен декларациясын жариялайды. Бұл жөнінде Абайдың толғаулы ойы, диалектикалық отрицание дәрежесіне, философиялық биікке өрлейді. Өткен тарих қалдырған әдебиетке тарихтық, философиялық қатты сынмен, қатал соқтығады. Бұрынғы қазақтың «жүйрігі, шешені»дегенескібиінмақал көлеміндегі жаттанды шешендіктен аспаған арзан ойдың көзқарасын көрсеткендер деп біледі. Әсіресе бұрынғы ақындардың кейбір топтарына ерекше қатты соқтығады. Сатымсақ ақынды – жағымпаз, жанын жалдаған жексүрын ақын етіп, енер ұстап жүрудің орнына қайыршылыққа кеткен сорлылықты әшкерелейді... Соныменқатарөзінің ендігі сөзі қоғамды, халықты түзейтін үлкен күш деп түсінеді. Өсиет өлең халық дертінің, тарих қайшылықтарының бәрін емдеп, тазартатын өзгеше құрал деп біледі. Ал, Абайдың үгіттейтіні зор адамгершілік пен халықшыл, тазалық жолдар болғандықтан, өз заманындағы барлық мінді, сорақылықты сол тура жолдағы жақсы өлең-өсиетпен түгел жойып, жоғалтуға болады деп иланады... Абай «сөз түзелді, сен де түзел» дегенде, бір-ақ ауыз өтілу сөзді айтып отырған жоқ. Осыдан бұрынғы жазылған және кейін жазылатын барлық шығармаларында, жаңағы сияқты өзгеше нанымды көп таратып танытады. Өзінің барлық шыншыл, әділетшіл қажырлы еңбегімен, өлеңұстаздығымен заманын түзеп алады екенмін деп түсінген. Өз еңбегін сондайлық ұлы жолдағы үлкен адам мүддесі бар, ерекше еңбек деп түсінген. Абай енді өлеңдік шығарманың өзін де жанр мен түр жағынан іріктеп, талдап алады. «...Батырды айтсам ел шауып алған талап, Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап. Әншейін күн өткізбек әңгімеге Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап», - деген толғауда үлкен мән, терең сыр бар. Халықты тәрбиелейтін анық ұстаздық сез өзіне бөлек бір алуан болсын. Онда терең оймен, ашық шындықпен араласа үлкен тәрбиелік мән, мағына болсын дейді. Ал осылай талап қойған Абай ақындықтың көпшілігі тудыратын әңгімелі поэзия, уақиғалы, қызықсюжетті поэмаға сынмен қарайды. Оныөзіжазудантартынады. Себебі, батырлықпен қыз, қызықты жазу, - оқушының көңілін ақын өзі баулып, бастаймын деп отырған тәрбиелік жолдан алаң етіп, аударып әкетеді. Ондай шығарманы оқушыойланып, тәлім алатын боп оқыптыңдамай, әншейін арзан қызық, болымсыз ермек ретінде тамашалап кетеді деп біледі... Бұрын қазақ тарихында, әлеуметтік санасында болмаған жаңалықты әкелуші ақын ең әуелі өз алдындағы тарихи ескілікпен қатты шайқасады. Ескіріп, тозып, енді өмірге жарамсыз, коне боп қалған дәстүрлерден өзінің негізін аулаққа салады. Іргесін ажыратып алып, тың дүниені тарихтық жаңа жоддан іздейді. Осылайша, ақын мен ақындық туралы, олардың қоғам тірлігіңцегі міндет, мүддесі туралы өзінің үлкенөріс арнасынсаралап алып, бұдан кейінгі шығармаларында дәл осы бір өлеңде қалыптаған негіз бойынша әрекет етеді... Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған.
3 – тапсырма. «Әдеби шеңбер» Әр топ өзіне берілген өлең шумақтарымен жұмыс жүргізеді. Топ мүшелерінің әрқайсысына тапсырма беріледі 1-топ. талқылаушылар: өлең жолдарын оқып, талдап, түсініксіз сөздермен жұмыс жасаңыз. Дескриптор: Өлең жолдарын талдайды; Түсініксіз сөздермен жұмыс жасайды. 2-топ анықтаушы: шумақтың мазмұнына байланысты идеясын анықтап, өз пікіріңізді ұсыныңыз. Дескриптор: Идеясын анықтайды; Пікірлерін ұсынады. 3-топ қорытындылаушы: Өлеңдегі басты мәселе туралы дәлелдер келтіре отырып, тұжырымды ой айтыңыз. Дескриптор: Басты мәселелерді табады; Дәлелдер келтіре тұжырымды ой айтады. |
|
|||||||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
«Бес саусақ» әдісі Қолдың суретін сызып, оған бүгінгі сабақтан үйренгендерін жазады Үйге тапсырма: |
|
|||||||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
Сынып: 10 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы |

Ақынның өмір жолымен таныстыру, ақын өлеңіндегі ақынға, сөз өнеріне қояр талабы мен шарты, эстетикалық жаңа принципін, халық өнерінің қорғаушысы, сол өнерге қызмет етуші екендігін таныту, талдау; |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Ақын өлеңіндегі ақынға, сөз өнеріне қояр талабы мен шарты, эстетикалық жаңа принципін, халық өнерінің қорғаушысы, сол өнерге қызмет етуші екендігін таныту; |
||||
|
Бағалау критерийлері |
Ақын өлеңіндегі ақынға, сөз өнеріне қояр талабы мен шарты, эстетикалық жаңа принципін, халық өнерінің қорғаушысы, сол өнерге қызмет етуші екендігін таныти алады; |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар түсінеді және сипаттайды... |

Сабақтың басы |
Қара сөзі, қара өлеңі қарымды, ІІ.Қызығушылықты ояту «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі» өлеңінің аудионұсқасын тыңдап, талдау
|
|
|||
|
Сабақтың ортасы
|
Интербелсенді тақтадан видеосын көрсету Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы
Ең алдымен, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт-санасын танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы – поэзия екенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де даналықтың айғағы дейді. Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді. Келесі бір-екі шумақта Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылық ұғымынша ең беделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға ұстаздық етуші әулие ғұламасы – бәрі де өленді қадірлейтін боп аталады. Бірақ қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды сөз етіп отырған жоқ. Тек хат танитын қазақ оқушысының көпшілігі мойындаған дін ұғымдарын, өзіне шартты түрде керекке жаратады. Өлеңнің сол ортадағы беделін көтеру үшін пайдаланады. Болмаса, исламның анық дін басы үгітшілерінің – имам, сопыларының, молда, ишандарының көзімен қарағанда, Абай өлең сөз туралы жариялап отырған жаңалықты түгелімен күпірлік деп санар еді. Өзі бағасын көтермек болған өлеңді құдай айтқан құранмен, пайғамбар айтқан хадиспен теңеуден артық дін бұзарлық болмас. Абай ол арасын жақсы ұғынса да, мына тұста сол дін авторитеттерін өз керегіне жаратады. Онысы және өзінің терең нанымы емес, халық ұғымына берілген баж деп танылу керек.
Өлеңдегі эстетикалық принцип Осыдан ары Абай эстетикалық жаңа принцип жариялайды. «... Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы?» – дегенде, жаңа ғана осының алдында аталған исламияттік норманың барлығын оп-оңай атап өтіп, тура 1860 жылдарда Н. Г.Чернышевский, Н. А.Добролюбовтай революциялық-демократтар әдебиет үшін жариялаған эстетикалық негізге ден қояды. «Іші – алтын, сырты – күміс» демек, мазмұн мен түр мәселесіне Абайдың өз көзқарасын анықтайды. Түрден мазмұн қымбатырақ, бағалырақ дегенді анық танытады. Дәл осындай озық оймен Абай орыстың классикалық әдебиетінің ішіндегі ең биік шындығын танып, талғап алғанын көрсетеді... Осыдан кейінгі көп шумақтарда айтылатын ойларының барлығымен Абай ақындықтың, соның ішінде өз ақындығының жаңа платформасын, үлкен декларациясын жариялайды. Бұл жөнінде Абайдың толғаулы ойы, диалектикалық отрицание дәрежесіне, философиялық биікке өрлейді. Өткен тарих қалдырған әдебиетке тарихтық, философиялық қатты сынмен, қатал соқтығады. Бұрынғы қазақтың «жүйрігі, шешені» деген ескі биін мақал көлеміндегі жаттанды шешендіктен аспаған арзан ойдың көзқарасын көрсеткендер деп біледі. Әсіресе бұрынғы ақындардың кейбір топтарына ерекше қатты соқтығады. Сатымсақ ақынды – жағымпаз, жанын жалдаған жексұрын ақын етіп, өнер ұстап жүрудің орнына қайыршылыққа кеткен сорлылықты әшкерелейді... Сонымен қатар өзінің ендігі сөзі қоғамды, халықты түзейтін үлкен күш деп түсінеді. Өсиет өлең халық дертінің, тарих қайшылықтарының бәрін емдеп, тазартатын өзгеше құрал деп біледі. Ал, Абайдың үгіттейтіні зор адамгершілік пен халықшыл, тазалық жолдар болғандықтан, өз заманындағы барлық мінді, сорақылықты сол тура жолдағы жақсы өлең-өсиетпен түгел жойып, жоғалтуға болады деп иланады... Абай «сөз түзелді, сен де түзел» дегенде, бір-ақ ауыз етілу сөзді айтып отырған жоқ. Осыдан бұрынғы жазылған және кейін жазылатын барлық шығармаларында, жаңағы сияқты өзгеше нанымды көп таратып танытады. Өзінің барлық шыншыл, әділетшіл қажырлы еңбегімен, өлең ұстаздығымен заманын түзеп алады екенмін деп түсінген. Өз еңбегін сондайлық ұлы жолдағы үлкен адам мүддесі бар, ерекше еңбек деп түсінген. Абай енді өлеңдік шығарманың өзін де жанр мен түр жағынан іріктеп, талдап алады. «...Батырды айтсам
ел шауып алған талап, ІV Мағынаны
тану. Өлең-сөздің патшасы, сөз
сарасы» өлең мазмұнымен танысу. |
|
|||
|
Сабақтың соңы |
Сабақтың соңында оқушылар сабақта не үйренгендері туралы ойлану үшін рефлексия жасайды. Не себепті қиын болды?
Үйге тапсырма: |
|
|||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||
|
Сынып: 10 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» |

Поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі, ақынның «өлеңі бар, өнерлі інілеріне» жөн-жоба көрсетуі. |

|||||||||||

Бейнебаян ұсыну Қызығушылықты ояту. «Артығын алып таста» тәсілі
|
|
|||||||||
|
Сабақтың ортасы 15- мин
1 5-мин
|
Интербелсенді тақтадан видеосын көрсету
Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін, Дереккөздер Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі 30 жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап тұрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан. Яғни ақын ақыл сөзін ақындарға арнаған-ды. «Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?» деп, парасатты оқырманы жоқтығына налыған болатын. Ал бұл өлеңінде Абай Құнанбайұлы әрі оқырман-тыңдаушыларына, әрі ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. Мұхтар Әуeзовтың айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба көрсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым «Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақындардың, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссаларжазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап елім тілеп» дегенде Шәкәрім Құдайбердіұлының заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «кеңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің қүралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді. Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ұйқасы -б, -а, -а, -в, -а, -г, -а болып келеді. Текстологиялық зерттеулер барысында Мүрсейіт қолжазбасындағы 2-шумақтың 5-жолындағы «сөзіңді ұқпай» деген тіркес 1909 жылғы жинақ негізінде «айтқанды ұқпай», 3-шумақтың 6-жолындағы «ойы терең» деген тіркес «түбі терең» делініп ауыстырылған. Ал жинақтағы 3-шумақтың 3-жолындағы «елде кәрі» деген тіркес Мүрсейіт жазбасына сәйкес «кәрілікті» деп өзгертілген. Мүрсейіт қолжазбаларындағы 4 шумақтың соңғы жолындағы «қиналмай» сөзі 1909 жылғы басылым негізінде «қинамай» болып алынған. Ал 1909 жылғы жинақта жоқ: «Сәнқой, даңққой, ойнасшы, керім-кер- бөз», «Қанша қызық болады өзіңізге?» деген жолдар Мүрсейіт жазбаларынан алынып, кейінгі басылымдарға енгізілген. Өлең ағылшын, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған. Абайдың дереккөздерге кестесін жасаңдар
Оқушыларды 6 топқа бөліп отырғызып, 6 қызмет жазылған бүктелген қағаздарды алдына тастаңыз. Олар қағаздарды алып, ашып, өздерінің қызметімен танысады. Қызмет түрлері: Зерттеуші- басты кейіпкердің мінезін, басты оқиғаны зерттейді. Баяндап беруші – өлеңде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлін талдап айтып береді. Сұрақтар құрастырушы: өлеңде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі бойынша сұрақтар дайындайды. Сұрақтар төменгі және жоғары деңгейлі болуы қажет. Сілтемелер табушы: өлеңде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөліне сәйкес афоризмдер мен мәтелдерді табады. Бейнелеуші - өлеңде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөліне байланысты сурет салады. Дәнекер – негізгі идеялар мен мен оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстырады. 3-қадам: Оларға өлең бойынша жұмыс жасауға уақыт беріңіз. 4 – қадам: Оқушылар топта жүзеге асырған жұмысын сынып алдында қорғайды. |
|
|||||||||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Сабақтың соңында оқушылар сабақта не үйренгендері туралы ойлану үшін рефлексия жасайды. Әр оқушы өздері қалаған 1 сұраққа жауап жазады. Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңыз? Шығармамен танысуда қай әдіс ерекше тиімді болды деп ойлайсыз? Неліктен? Шығармадағы оқиғалар сізге қалай әсер етті? Қай тапсырманы орындауда қиындық болды? Сабақтың мақсатына жеткен –жетпегенін оқушылар өздері бағалайды.Алдағы уақытта нені жетілдіру керектігін анықтайды. Үйге тапсырма: |
|
|||||||||
|
САБАҚ: 10 |
Мектеп: №132жоббм |
||||
|
Күні:04.11.2024 |
Мұғалімнің аты-жөні:Жусупова Асем Лесбековна |
||||
|
Сынып: 10 «А» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғат лирикасы «Желсіз түнде жарық ай» |

Ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі. |

Қызығушылықты ояту 1. «Ең,ең...» Сабақ басталмас бұрын парта ұяшықтарына түрлі сұрақтар жазылған стикерлер жабыстырылады . Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді |
|
|||
|
Сабақтың ортасы 15- мин
1 5-мин
|
Интербелсенді тақтадан видеосын көрсету «Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн... жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сөзіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі. Бір ғажабы, басқа сезім құрсауындағы сұлу қыз жоқ, жай ғана қыз –түн жамылып, сүйгенімен кездесуге шыққан қыз туралы тек өлеңнің 3-шумағында ғана, онда да соңғы тармақтарда айтылады. Ақын оған дейін түнгі табиғаттың әсем көрінісін нәзік поэзия тілімен өрнектейді. Бірақ келесі толқын әсем, тіпті жаныңды рахатқа бөлейтін суретке мүлде басқаша кейіп береді. Үстірт қарағанда бұрылыс шұғыл сияқты. Қас қаламгердің шеберлігі де осында. Әуелі көңілдің жаңа ырғағына көшер, әрі тек қана қазақ тіршілігіне сыйысар көріністер келтіреді, ол - тау жаңғыртқан ән, үрген ит пен айтақ даусы. Бір ғажабы, ақын атап көрсетпесе де, ән - сырлы, мұңды, әуезді, иттің үрісі мен оған қосыла шыққан айтақта зіл, қатер белгісі жоқ: «Тау жаңғырып, ән қосып, Үрген ит пен айтаққа...». Бұл - өлеңнің алғашқы шумақтары арқылы көңілде берік орныққан сыршылдықтың нәтижесі. Көңіл күйі ғана алмасқан жоқ, қас зергер шығарманың заттық құрылымында да жаңа сапаға қарай ойысады: әлгінде ғана назарда жансыз табиғат тұрса, енді жанды тіршілік лүпілі естіледі. Сондықтан да келесі тармақтарда адамның - жол тосқан қарақшы, кеш қалған жолаушы емес, сүйгенімен кездеспек жас сұлудың шыға келуі табиғи қабылданбақ. «...Келмеп пе едің жол тосып, Жолығуға аулаққа?!». Қандай қыз, қандай сезімдер жетелеген жан - кімге болса да айқын. Абай кейіпкерлерінің сезім толғаныстарын айналада болып жатқан жалпы суреттер арқылы бейнелеген. Санадағы сәуле - желсіз түн, жарық ай, тасыған өзен суреттері - кері шағылысып, құпия кездесуге, бәлкім, өз өміріндегі ең алғашқы махаббат сұхбатына бет бұрған қыздың жүрек лүпілімен астас жарастық табады. Айлы түн, дірілдеген сәуле, қамсыз да бейбіт дыбыстар, оңашаға асыққан қыз - бәрі келісімді үндестікте. Сыртқы әсерді көкірек сыздатар сырға айналдырып, сезім қылын шегіне жеткере бұраған ақын өңді бірде ағытылады. Сырлы түн де жоқ, сүйген жігіт те жоқ, қыз сезімі - жаңағы табиғат көріністерінің тікелей ішкі толқынысқа ұласуы, рухы таза, жаны нәзік сұлудың жүрек лүпілі.
«Таймаңдамай
тамылжып,
Бір суынып, бір
ысып,
Дем ала алмай, дамыл
қып,
Өлең
қағып, бос
шошып.
Сөз айта алмай
бөгеліп,
Дүрсіл қағып
жүрегі.
Тұрмап па еді
сүйеніп,
Тамаққа кіріп
иегі?» Кенет жүрекке мұң құйылады. Кешелі-бүгінді болған, болып жатқан жай емес, жекелік сипаты мол, нақты сезім күйінің суреті екен, өтіп кеткен бағзы бір күндерден қалған естелік екен, жасы жеткен немесе заманы озған жанның енді қайталанбас бақытты сәті екен. Өлең әсері ең соңғы жолдарда, «Тұрмап па енді сүйеніп» дейтін, өткен шақ формасындағы тіркестен соң бұрынғыдан әрмен күшейе тұседі. Енді манадан бері көзге шалынбаған, сүттей түнді сырттай бақылап, именшек сұлудың жолын тосып тұрған жігіт - дәл қазіргі мезетте сол бір қимас кезін мұңды сағынышпен еске алушы ақын (немесе оның лирикалық кейіпкері) бой көрсетеді және сәт озған сайын тұлғалана, еңселене түседі. Сипатталған сурет, бейнеленген сезім-қаншама заманнан бері іште тұнған, санада сүзіліп, түйсікте таңбаланған сырлы әуез - ер жігіттің дарқан жаны, кіршіксіз көңілімен қоса адамдық бейне, рухани биігін де айқын танытады. Өлең 7, 8 буынды жүйеде қалыптасқан. 1-, 2-, 3-, 5- шумақтары шалыс ұйқаспен кестеленсе, 4-шумағы шұбыртпалы ұйқаспен өрнектелген. Шығарма алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында 5-шумақтың 2-жолы «Лүпілдеген жүрегі» делінсе, барлық басылымдарда бұл жол 1909 жылғы жинақ негізінде «Дүрсіл қағып жүрегі» болып берілген. 1939, 1977 жылғы басылымдарда 3-шумақтың 1-жолы «Тау жаңғырып, ән қосып», 1945, 1957 жылғы жинақтарда «Тау жаңғырығып, ән қосып» түрінде басылған.1939, 1945 жылғы басылымдарда өлеңнің жазылу кезеңі 1898 ж. деп көрсетілген. «Абай» бұл өлеңіне ән шығарған. Ән Абайдың композиторлық талантының сегіз қырлы, бір сырлы қуатын, оның көркемдік талғам-танымының биіктігін танытады. 1935 ж. композитор Л. А. Хамиди Әрхам Ысқақовтан әннің екі түрін нотаға тұсіріп алды. Апайда осы екі ән бір-бірінен тек өлеңнің 3-тармағының басында сәл ғана әуен ырғақтықпен ерекшеленетіні болмаса, жалпы ән мелодиясы бір. Әннің мелодиялық- ырғақтық құрылысы 4 тармақты өлең-жыр кестесінің негізінде қалыптасқан. Ырғақ екпіні байсалды, бірқалыпты созыңқы қоңыр үнмен орындалады. Маужыраған желсіз, әсем түн, жарық ай - ауыл түнінің тамаша бір сәтін, адамның табиғат құшағында отырған бір мезетін минорлы ладтағы әуен сазбен суреттейді. Мұнан басқа өлең мен әуеннің мінсіз жымдасуына да жағдай туғызып отырған музыкалық ән өлшемі. Әннің екі вариантының бастапқы екі жолы 4,4 музыкалық өлшемде айтылса, әннің 3- және 4-жолы 4,4; 4,4; 6,4; 4,4 (1-түрі) ;3,4; 3,4; 4,4; 6,4; 4,4 (2-түрі) ырғақ-өлшемде кестеленеді. Әнді композитор Ә. Базанов фортепианоға арнап өңдеген, композитор Ғ. Жұбанова арнайы ән жазған. Өлең ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс , өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған. Өлеңге сатылай кешенді талдау: Тақырыбы–табиғат сұлулығы, махаббат сыры. Екеуінің үндесуі. Идеясы–Адам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді. Жанр түрі–лирика,поэзия (өлең) Шумақ–5 Тармақ–4 Бунақ–2 Буын–7-8 Ұйқас–шалыс ұйқас (а-б-а-б) Эпитет– Желсіз түн, жарық ай, қалың ағаш, құлпырған жасыл жер, терең сай. Кейіптеу– су дірілдейді, жапырақтар сыбырласады, тау жаңғырығады, ән қосады. Риторикалық сұрақ – келмеп пе едің сол жаққа? тұрмап па еді сүйеніп? Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні–сұлулықты түсінуге, көре білуге, табиғатты, сезімді құрметтеуге тәрбиелейді. Адамның жан дүниесін рухани байытады, көркемдейді. Ауызша жұмыс. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін әнмен айту. Бес жолды өлең әдісі. Кім? (бір зат есім) Қандай? (екі сын есім) Не істеді? (үш етістік) Түйін (төрт сөзден тұратын сөйлем) Синоним (бір синоним сөз) |
|
|||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Рефлексия. «Тамаша идеялар» Сіз үшін жаңа болған 3 ақпарат Назарыңызды аудартқан 1 мәселе Сіз түсінбеген ақпарат .Үйге тапсырма: |
|
|||
|
САБАҚ: 11 |
Мектеп: №132жоббм |
||||
|
Күні:11.11.2024 |
Мұғалімнің аты-жөні: Жусупова Асем Лесбековна |
||||
|
Сынып: 10 «А» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңі |

Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігі |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсінеді. |

«Пазл» әдісі
Қағаз қиындыларындағы сөз буындарынан сөйлем құрастырып, сабақ тақырыбын болжаңыз |
|
|||
|
Сабақтың ортасы 15- мин
1 5-мин
|
Интербелсенді тақтадан видеосын көрсету «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі аи...» - Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 9 шумақтан тұрады. Бұл Абайдың пейзаж лирикасының ішіндегі таңдаулы шығарманың бірі, көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығына нық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік туынды. Мал сүмесімен күн көріп отырған елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғартылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайына байланған, өмір сүру, тірлік кешу, жан бағу - бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, күз созылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің қоңторғай суретін реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы, тірі, жанды, әрекетті күйінде, буын бұрқыратып алдың атартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген. Өлеңде Абайдың әлеуметтік көзқарасы айқын, бай мен кедей тап өкілдері өз атымен аталып, әрқайсысының тіршілік қалпы, мінезі нақты іс-әрекетімен, қимыл-қозғалысымен көрінеді. Ертеңгі күннің қамын жеп, үнем жасап, қыстауға қонбай, күзеуде ықтырмада отырған бай, мал бағып далада жүрген кедей, жылынуға отын таба алмай, бүрсең қағып, тоңған иді жылытып, тон илеп, шекпен тігіп отырған байғұс әйел - осы жалпы сурет бірте-бірте тіпті айқындалып, жаңа бояулармен толығып, көшпелі қазақ ауылының тұтас бейнесіне айналады. Ұлы ақын, ұлы суретші Абай назарында бәрі бар: маздап жанған от болмағандықтан, қақтана ҚАРАШЕВ алмай азынаған кемпір-шал, көзінің жасы аққан кедей баласы, ептеп кәрі қой сойған, айналасына киіз тұтқан жылы үйдегі байдың баласы, кедейге берген орта қап қара қый - осының күллісі ескілікті өмір салттың қанық бояулы бөлшектері. Көшпелі ауылдың таптық айырмасына шықайтқан, бір жақта байлық, бір жақта жоқшылық барлығын өмірдің өз суретімен дәл көрсетіп берген үлкен реалист ақынның шын ықыласы қорланғандар, тапталғандар жағында, бүйрегі кедейге бұрып, жүрегі сыздап тұр. Ақын кедейге байдың дәулетін берсе қолынан, бермесе жолынан тартып ал, қират, бұз, жой демейді, байды да, кедейді де ымыраға, бірлікке, келісімге шақырады. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алғаш 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында 2-шумақтың 3-және 4-жолдары «Мүздаған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатындар бүрсең қағып» делінсе, басылымдарда бұл жолдар 1909 жылғы жинақ негізіңде «Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып» деп алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында 3-шумақтың 1-жолы «Жас ба лаға отын жоқ тұрған маздап» болып берілсе, 1909, 1954 жылғы басылымдарда «Жас балаға от та жоқ тұрған маздап», 1933, 1939, 1945, 1957 жылғы жинақтарда «Жас балаға үйде от жоқ тұрған маздап» деп алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1933, 1939, 1945 жылғы басылымдарда З-шумақтың 4-жолы «Бір жағынан қысқанда жел де азынап» болса, 1945, 1957 жылғы жинақтарда 1909 жылғы басылымбойынша бұл жол «Бір жағынан қысқанда о да азынап» делінген. 1939, 1945 жылғы басылымдарда өлеңнің жазылған кезеңі - 1889 ж. деп көрсетілген. Туынды қарақалпақ, орыс, ұйғырт т.б. тілдерге аударылған. Қосымша мәліметтер: Дара Абай арқылы Мұхтардың есімі аңызға айналғаны баршамызға аян. Енді сол «Абай жолының» беттеріне назар аударылық. Күзектің суық сұрқыл жүдеу бір күні Абай Тәкежан аулының үстінен түседі. Ол екі жұмыспен келген еді. Бірі – Семейтаудағы Бура жоқшыларының жұмысы. Бірі – Тәкежан мен Жігітек арасындағы қыстаудағы шабындық жөнінде туындап жатқан жаңа даудың жайы. Үй иесімен қабағы келіспеген Абай ас піскенше сыртқа шығып кетеді. Абай жүдеу кедей өмірінің тұрмысын көрді. ІІІ Біздің халықтың жаз жайлауға, күз күзеуге, қыс қыстауға көшіп отырғаны белгілі. Мал шаруашылығы, әрине, осындай өмірді талап етеді. Әсіресе, мал үшін қаһарлы қыс өте ауыр әрі жайсыз. Мына бір бейнетаспадан осыған көз жеткізейік. Көзінің ағы мен қарасы сияқты әрбіріміздің жеке өз пікіріміз бар. Мына шумаққа назар аударайық. Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай, Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай. Ерте барсам жерімді жеп қоям деп Ықтырмамен күзеуде отрар бай, — деген жолдардағы Тәкежанның бұл ісіне баға беріп көрейік. Егеменді ел ертеңі еркін ойлы азаматтар екенін естен шығармайық. Тәкежан Ұқыпты Қайырымсыз Үнемшіл Сараң Жинақы Қонақжай емес Ертеңгі күнін ойлайды Кедей еңбегін бағаламайды
Зерттеу еңбегіне сүйене отырып, Абай аудармаларын дәлелдеп, мысал келтіріп, қорытынды жазыңыз. Пікір. Өз пікіріңізді жазыңыз Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз. Мысал. Мысал келтіріңіз. Қорытынды. Өзіндік қорытынды шығарыңыз. Дескриптор: Өз пікірін жазады Өз ойын аргументпен дәлелдейді Мысал келтіреді. Өзіндік қорытынды шығарады. «Үш жақты күнделік толтыру» Жүзеге асыру қадамдары:
Бес жолды өлең әдісі. Кім? (бір зат есім) Қандай? (екі сын есім) Не істеді? (үш етістік) Түйін (төрт сөзден тұратын сөйлем) Синоним (бір синоним сөз) |
|
|||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Кері байланыс:
Қай жұмысың сәтті шықты
.Үйге тапсырма: |
|
|||
|
САБАҚ: 12 |
Мектеп: №132жоббм |
||||
|
Күні:18.11.2024 |

«Көлеңке басын ұзартып» өлеңі |

Ақынның адам көңіл күйін шебер суреттеуі, ақынның тыңдаушысын таппай қапаланған шағындағы сезім толғанысы, ақынның философиялық ой түйіні; |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Ақынның тыңдаушысын таппай қапаланған шағындағы сезім толғанысы, ақынның философиялық ой түйіні түсіндіру; |

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды, ІІ.Қызығушылықты ояту «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінің аудионұсқасын тыңдату
|
|
|||
|
Сабақтың ортасы
|
Интербелсенді тақтадан видеосын көрсету «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі «Көлеңке басын ұзартып»
– Абайдың 1900 жылы жазған философиялық
терең мазмұнды өлеңі. 4 тармақты, 6 шумақтан тұрады. Заңғар көкке жол салып, ұясына
қонуға бет алған, көкжиекке иек артқан күннің, көлеңке басын
ұзартатыны секілді, адам баласының да «тіршілік базарынан оралар
шағында» «күңгірт көңіл» шырмауына оралып, «сұрғылт тартқан
бейуақпен сырласатын» сәті болады. Ақынның «Алыстан сермеп...» ,
«Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Одан да шықты жаңғырық»
дегеніндей, көкірек көзі ояу, жан сырын ұғар адамның мүлде аз
екеніне күңірене қамыққан, салып еттім деген жолының «қу соқпақ»
болғанына налыған, тынысы тарылып, тұйыққа тірелген көңіл-күйі
өлеңнің өн бойынан сыз тартып тұрғандай. Тыңдаушысын таппай,
«Адасқан күшік секілді. Ұлып жұртқа қайтқан ой» кімді таппақ, кімді
иландырмақ. Есік пен төрдей ғұмырдың «не тындырдың» деген сауалына
«Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге», енді менің кінәм не
деп ақталады ақын. Ақтала отырып, өз жоғын таба алмаған, өкінішпен
өмір кешкен сыңай танытады. Өлең 7 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.
Алғаш 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген
«Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта
жарияланды. Туынды басылымдарында бір ғана текстологиялық өзгеріс
кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1909, 1939,
1954 жылғы басылымдарда 6-шумақтың 3-жолы «Жай жүргенді өрт қылып»
деп алынса, 1945, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол «Жай жүргенді
уерд қылып» болып берілген. Сондай-ақ 1939, 1945 жылғы жинақтарда
өлеңнің жазылған кезеңі 1895 ж. деп керсетілген. Туынды ағылшын,
қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр
тілдеріне аударылған. Көлеңке басын ұзартып, Алысты көзден жасырса; Күнді уақыт қызартып, Көкжиектен асырса;
Күңгірт көңлім сырласар Сұрғылт тартқан бейуаққа. Төмен қарап мұңдасар, Ой жіберіп әр жаққа.
Өткен өмір — қу соқпақ, Қыдырады, талайды. Кім алдады, кім тоқпақ Салды, соны сан айды.
Нені тапсаң, оны тап, Жарамайды керекке. Өңкей уды жиып ап, Себеді сорлы жүрекке.
Адасқан күшік секілді Ұлып жұртқа қайтқан ой. Өкінді, жолың бекінді, Әуре болма, оны қой.
Ермен шықты, итқылып, Бидай шашқан егінге. Жай жүргенді уирд қылып, Тыныш өлсеңші тегінде. Сөздік: Ермен – биік жусан. Уирд – әдет, машық деген мағынада (арапша).
Тапсырма : «Зымыран» сұрақтар

Кері байланыс: Сабақ несімен ұнады? Қай жұмысың сәтті шықты
.Үйге тапсырма: |
|
|||
|
САБАҚ: 13 |
Мектеп: №132жоббм |
||||||||||||||||
|
Күні:25.11.2024 |

Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Абайдың қарасөзіндегі еңбек туралы таным, толғам. «Отыз жетінші қара сөз» |

Көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу. |
||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
А.Құнанбаевтың он жетінші қара сөзінде көтерілген мәселені талдай отырып, шығарма жазу. |
||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Лексикалық
бірліктер:
- ғибадат - құлшылық ету, сиыну - мәдмәладқа жету - мақсатқа жету - ахирет - адамның о дүниеде сұралатын ісі. - нәпсі - құмарлық - залал - зиян - күнәкәр - күнәлі болу Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін; |
||||||||||||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Абай Құнанбаевтың өлеңдері |
||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
|
Дерек-көздер |
|||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут
5 минут
|
Қара сөзі, қара өлеңі қарымды, ІІ.Қызығушылықты ояту Он жетінші қара сөзінің аудионұсқасын тыңдату
Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері анықталады. |
https://www.youtube.com/watch?v=ClmZ2bIfS3w (00:00-05:12) |
|||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 30 минут |
ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СӨЗ Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады. Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы - бауырың. Ер артық сұраса да азға разы болады. Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың. Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал. Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім. Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды? Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді? Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к...н ашпайтұғын ақылы бойында қалады. Егер ісім өнсін десең, ретін тап Биік мансап - биік жартас Ерінбей еңбектеп
жылан да шығады, Дүние - үлкен
көл, Алдыңғы толқын - ағалар, Артқы толқын - інілер, Кезекпенен өлінер, Баяғыдай көрінер. Бақпен асқан
патшадан Тоқ тіленші - адам сайтаны, Жаман дос - көлеңке: Досы жоқпен сырлас, Қайратсыз ашу - тұл, Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің. Топтарға отыз жетінші сөздің мәтінін бөліп беріп, аудионұсқасын тыңдату 1 -тапсырма. ТЖ «Сарапшы көзімен...» 4 топ мүшелері кезегімен шығып, тақтада флип-чартта сызылып дайын тұрған Құндылық спектріне өз мәтін бөліктерінде кездескен құндылықтарды жазады. Мәтіннен үзінділер келтіре отырып, түсіндіреді. (Мысалы: көркем мінез, ақиқатқа жету, білім іздеу, мейірімді болу, ынтамен кірісу деген секілді)
Дескрипторлар
2-тапсырма Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызып, 6 қызмет жазылған бүктелген қағаздарды алдына тастаңыз. Олар қағаздарды алып, ашып, өздерінің қызметімен танысады. Қызмет түрлері: Зерттеуші басты кейіпкердің мінезін, басты оқиғаны зерттейді. Баяндап берушіқарасөзде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлін талдап айтып береді. Сұрақтар құрастырушықарасөзде көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі бойынша сұрақтар дайындайды. Сұрақтар төменгі және жоғары деңгейлі болуы қажет. Сілтемелер табушықарасөздердекөтерілген мәселенің әлеуметтік рөліне сәйкес афоризмдер мен мәтелдерді табады. Бейнелеуші - қарасөздердекөтерілген мәселенің әлеуметтік рөліне байланысты сурет салады. Дәнекер – негізгі идеялар мен мен оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстырады. 3-қадам: Оларға қарасөздер бойынша жұмыс жасауға уақыт беріңіз. 4 – қадам: Оқушылар топта жүзеге асырған жұмысын сынып алдында қорғайды. Дискриптор
3 - тапсырма Оқушылар көтерілген міселені талдаған соң, «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,....» тақырыбында эссе жұмысын жазу. Дескриптор
|
|
|||||||||||||||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
Ой толғаныс Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім |
|
|||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Кері байланыс. «Сұрақ-жауап» әдісі |
|
|||||||||||||||
|
Үй тапсырмасы |
Үзінді жаттау. Отыз жетінші қара сөзін оқу. |
|
|||||||||||||||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||
|
Сынып: 10 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
ОТЫЗ ЖЕТІНШІ ҚАРАСӨЗІНДЕГІ АБАЙДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КӨЗҚАРАСТАРы |

Ақынның тыңдаушысын таппай қапаланған шағындағы сезім толғанысы, ақынның философиялық ой түйінін түсінеді. |

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды, |
|
|||||||||
|
Сабақтың ортасы
|
Отыз жетінші қарасөзіндегі Абайдың дүниетанымдық көзқарастары
Отыз жетінші сөз. Абай бұл сөзінде көңілінде жүрген көрікті ойларын мақал-мәтел етіп өрнектеген. Соның негізінде көп нәрсеге мән бере тоқталып, дүниетанымдық көзқарастарын аңғартқан. Ақын «Қайғысыздан сақбол» дейді. Қайғысыз адам– ойсыз жан. Қайғыны парықтамаған қуана да білмейді. Қайғы мен қуаныш егіз ұғымдар, бірінсіз бірі жоқ. Сондықтан Абай қайғырудан да, ессіз қуанудан да сақтандырады. Не болса да мөлшермен болғаны адам ісі. Мөлшерден асқанның бәрі шайтан ісі. Адам болмысын терең барлаған Абай: «Тұрлаусыз ғашық – тұл»,- дейді. Ол ғашықтықты айтып отырған жоқ, «ғашық» туралы ой қозғаған. Түрлаусыздық болған жерде ғашық жоқ. Бірақ ғашық болу үшін, оны тану үшін тұрлаусыздық туралы білім болуы да орынды. Себебі, ғашық - жүрек сенімі. Адам өзі жаратқан Алласына ғашық, қыз жігітке ғашық, бала әкесіне ғашық т.б. Ғашық ақыл өлшеуіші емес, жүрек сезінуінен туады. Ол ақылдан емес, сезім байлығынан туады. Сондықтан ол тұрлаулы, егер де ғашық ақылға қатысты болса, онда оның тұрлаулы болуы екіталай. Ақыл деген – таным, ол қылшылдаған ұстараның жүзіндей тиген нәрсесін тіліп,тереңдей береді. Ол тоқтауды, қажуды білмейді. Дүниені тану шексіз, олай болса ақылда тұрақтылық жоқ. Оған тұрақтылықты сезім береді. Сезімде сенім болса, ақылда өткіншілік басым. Ақыл да өзен сияқты ағысы болмаса, ақыл болудан қалады. Ақылдың барлаушысы – сезім. Сезімсіз ақыл шолақ. Абай«Тұрлаусыз ғашық-тұл» дегенде сезімге құрылған ақыл туралы айтып отыр. Мақал- мәтелдерден өзге бұл сөзінде Абай философиялық байламдар жасаған. Ақын «көп» туралы айта келіп «дүниеде бар жаман да көпте» дейді. Ол «көп» дегенді тобыр мәнінде айтқан. Сократқа у ішкізген, Ғайсаны дарға асқан көп. Олай болса, көпте ақыл жоқ. Оны ебін тауып басқару керек. «Көп» туралы Абай үлкен мәселе көтеріп отыр, көп айтты деп дүрмекке түсіп кетсең, аяғы опық жегізуге апарары сөзсіз. Ақыл Алла нұры десең ол көпке емес жеке адамға түседі. Санасында сәулесі бар жан қараңғы көптің өміріне жарық әкеледі. Тарихта үнемі осылай болып отырған, бұл заңдылық, одан асып ешкім әрекет ете алмайды. Абай «бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің» деген ой түйеді. Шынында да бақты өсіруші өз еңбегің, тілеуқор елің. Бірақ үнемі солай болып тұра бермейді. Басыңа бақ қонған соң өзгеше заңдылық пайда болады. Оның себебі, сен көптен ақылыңмен ұзап, олардың алдына шығып кетесің. Көштің ең соңғы көлігіндегі отырған адам алдыңғы көліктегінің көргенін көре алушы ма еді. Бұл – бір. Екіншіден, адам болмысында бақыт қонған Жанға деген қызғаныш болады. Қызғаныш сезімі ақ пен қара сияқты, оның жақсылығы да жамандығы да бар. Жақсылығы сол – басына бақ қонған адам сақ, ісіне жауапты болады, жамандығы сол - бақ қонған жанға қызғаныш жара салып, ой-өрісін тұсайды. Сондықтан бағың өскен соң тізгін өз қолыңда, жанашырыңда, сүйенерің де өз ақылың мен қайратың, өзгеден дәмеленген бос әуре. Абай адамдар арасындағы аса бір күрделі қатынастарды өзінше осылай түсіндірген.
III. Ойтолғаныс сатысы «Отыз жетінші» қарасөзін оқу және талдау.
Отыз жетінші сөз. 1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайшабітіргендігінен емес. 2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. 3. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады,өшкені де болады. 4. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл: татымсызға қылған болыстықадамды бұзады. 5. Əкесінің баласы — адамның дұспаны. Адамныңбаласы — баурың. 6. Ер артықсұраса да азға разы болады. Ез аз сұрар, артылтыпберсең де разы болмас. 7. Өзіңүшінеңбекқылсаңөзіүшіноттағанхайуанныңбіріболасың; адамшылықтыңқарызыүшінеңбекқылсаң, Алланыңсүйгенқұлыныңбірі боласың. 8. Сократқа у ішкізген, Иоанна Арктіотқаөртеген, Ғайсаныдарғаасқан, Пайғамбарымыздытүйеніңжемтігінекөмгенкім? Ол — көп, ендеше, көпте ақылжоқ. Ебін тап та, женге сал. 9. Адам баласынзаманаөстіреді, кімде-кімжаманболса, замандасының бəрі виноват. 10. Мен егер закон қуатықолымда бар кісіболсам, адаммінезінтүзеп болмайдыдегенкісініңтілінкесередім. 11. Дүниедежалғызқалганадам — адамныңөлгені. Қапашылықтыңбəрі соныңбасында. Дүниеде бар жаман да көпте, біраққызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды? 12. Жамандықтыкімкөрмейді. Үмітінүзбек — қайратсыздық. Дүниедееш нəрседе баян жоқекені рас, жамандық та кайданбаяндапқаладыдейсің! Қарықалыңқаттықыстыңартынанкөгіқалың, көлі мол жақсыжазкелмеушімееді! 13. Ашулыадамныңсөзі аз болса, ыза, қуатыартындаболғаны. Егерде аузынанқарақанағызса, домбытмақтаншақ я қорқақ. 14. Қуанбақтық пен бақ — мастықтыңүлкені, мыңнанбіркісі-ақ к...н ашпайтұғын, ақылыбойындақалады. 15. Егерісімөнсіндесең, ретін тап. 16. Биікмаңсап — биікжартас. Ерінбейеңбектепжылан да шығады. Екпіндепұшыпқыран да шығады. Жікшіл ел жетпеймақтайды, Желөкпелершындепойлайды. 17. Дүние — үлкенкөл, Заман — соққанжел, Алдыңғытолқын — ағалар, Артқытолқың — інілер, Кезекпененөлінер, Баяғыдайкөрінер. 18. Бақпенасканпатшадан, Мименасканқараартық; Сақалынсатқанкəріден Еңбегінсатқан бала артық. 19. Тоқтіленші — адамсайтаны, Харакетсізсопы — монтаны. 20. Жамандос — көлеңке, Басыңдыкүншалса, Қашыпқұтылаалмайсың; Басыңдыбұлтшалса, Іздептабаалмайсын. 21. Досыжоқпенсырлас, Досыкөппенсыйлас. Қайғысыздансақ бол, Қайғылығажақ бол. 22. Қайратсызашу — тұл, Тұрлаусызғашық — тұл, Шəкіртсізғалым — тұл. 23. Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағыңөскенсоң — өзіңғанатілейсің. Түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.
Мұғалім түсіндірмесі
«Отыз жетінші сөзінде», бұдан өзге де афоризмдері көп (23 афористік сөз). Осылайша, тұспал сөзбен ақыл айтып, тұжырымды ой беріп, әдебиетте тұспал мәтел сөз формасын дамытты.
37- қара сөзі- нақыл сөздер яғни адамға жаман нәрселерден бойын аулақ салуды айта отырып, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, ғибратты сөз қалдырған. 37 қара сөзін тыңдату.
Жұмыс дәптерімен жұмыс. Мәтінді оқу Алма-кезек оқыту стратегиясы
Жеке жұмыс.
• Қара сөзге өзіндік пікір жазыңыз. Топтық жұмыс (постер) «Абай қарасөздері біз үшін...» «Май түні» күйін тыңдап отырып орындау 37 қара сөзінің түйіні. Абай отыз жетінші қара сөзінде нақыл сөздерді тізеді. Нақылдардың барлығы дерлік адам бойындағы адамшылық қасиеттерді ардақтауға бағытталған. "Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес", – дейді Абай. Жалпы, қара сөзде ақын адам бойындағы қайратсыздық, заманның адамға әсері, білімге талпыныс, достық, тіленшілік, білгенді үйрету сынды тақырыптарды қозғайды. "Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват", – деп әр адамның заманға, заманның адамға әсерін сөз қылады. Абай заманды қалыптастыратын адамдардың өздері екендігін, сондықтан, әркім өзін дамытуға, өзін тәрбиелеуге күш салуы керектігін меңзейді. "Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім", – деп, адамның кез келген уақытта өзін қолына алып, түзеле алатындығын айтады. "Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық; Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық", – деп, білімге құштарлықты, адал еңбекті насихаттайды. Абай, осылайша, қара сөзінде қоғамдағы олқылықтарды сынап, ұрпаққа, замандастарына жақсылыққа апарар жолды меңзеп, әсер етуге тырысады.
Бүгінгі сабағымызға
мына өлең жолдарымен қорытындылаймын:
|
|
|||||||||
|
Сабақтың соңы |
Кері байланыс: Сабақ несімен ұнады? Қай жұмысың сәтті шықты .Үйге тапсырма: |
|
|||||||||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі |

Ақынның адал еңбекпен
мал табуды насихаттауы, ар-ұяттан безген тойымсыз би, болыстарды
шенеуі, адамның үш асыл қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
жүрек деген ой
түйіні; |

шенеуі туралы ой түйінін ажырата
білу; |

Сабақтың тақырыбы, мақсаты таныстырылады
|
https://www.youtube.com/watch?v=ClmZ2bIfS3w
|
|||
|
Сабақтың ортасы
30 минут |
«Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» – Абайдың 1896 жылғы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 4 шумақ. Шығармаларындағы басты өзекті тақырып – адамгершілік, ар, намыс мәселесі, сын семсерін сұққан жері – ынсапсыз байлық, өлшеусіз өрескел билік десек, Абай бұл өлеңінде қалтқысыз көңілмен халық мүддесін көздейтін демократтық биік деңгейге кетеріліп, қоғамдық мазмұны аса маңызды шындықтың бет пердесін ашып береді. Ақын бұдан бұрынғы сынында ар-ұяттан бөзген, тойымсыз би-болыстарды қанша айыптаса да, ара кідік олардың ішінде де тәуірлері бар, әр нәрсе адамына қарай деген пікірдің ұштығын шығарып қоятын (Мысалы, «Бай сейілді...» өлеңінде). Бұл ақын өмірінің белгілі бір кезеңіне ғана тән кемшілік екенін осы туындысы айқын дәлелдейді. Абай енді оларды «жақсы», «жаман» деп бөліп жармай, өз заманыңдағы барша би-болыстарға, байларға арылмастай үкім айтады. Мал жиған адамның дүниеқоңыз, құнсыздығын барынша уытты тілмен, өлтіре әшкерелейді. Байлықтың ондайларға бос күпіл, қайырусыз билік үшін ғана керек екенін ашық айтып, имандылықтан, мейірім-сауаптан ада қалған жандарға жиіркенішін білдіреді. Олар өздері шошқа болған соң, басқа адамдар ит болып көрінетінін ескертеді. Ақын өз жұртына жаудай тиіп отырған, қоғам денесіндегі осынау жұқпалы дертті шеней отырып, оған қарсы қоятын, мерезді сылып тастайтын күшті де атайды. Ол – адал еңбек, ащы тер. Аштан өлсеңде арыңды сатпа деп, адалдыққа, адамгершілікке шақырады. Абай адамдардың асыл қасиеті байлықта, билікте емес, үш-ақ нәрсе: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылыжүрек» деп біледі. Еңбек, сана, мейірім. Бұл – Абайға дейінгі қазақ ақындары осынша өткір, уытты тілмен барынша ашынып айта қоймаған тұжырым. Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет 1959 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Абай Құнанбай ұғылының өлеңі» деген жинақта жарияланды. Шығарма ешқандай тек стил. өзгеріске ұшырамаған. Өлең қарақалпақ, орыс, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған. ІV Мәтінмен жұмыс:
«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа»
өлеңі
Мал-ға дос-тың //
мұ-ңы жоқ // мал-дан бас-қа, 11
а Тармақ: 4 Бунақ: 3 Буын саны: 11 Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы
1 тапсырма. «Жинақтап жазу» Өлеңді оқи отыра, автордың «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңіндегі адам бейнесінде көрсететін сөздерді жинақтап жазып, іс-әрекеттер арқылы айтпақ ойын анықтаңыз. Дескрипторлары: Адам бейнесінде берілген сөздерді жинақтап жазады; Кейіпкер туралы өз көқарасын білдіреді. 2 – тапсырма. «Әдеби шеңбер» Әр топ өзіне берілген өлең шумақтарымен жұмыс жүргізеді. Топ мүшелерінің әрқайсысына тапсырма беріледі 1-топ. талқылаушылар: өлең жолдарын оқып, талдап, түсініксіз сөздермен жұмыс жасаңыз. Дескриптор: Өлең жолдарын талдайды; Түсініксіз сөздермен жұмыс жасайды. 2-топ анықтаушы: шумақтың мазмұнына байланысты идеясын анықтап, өз пікіріңізді ұсыныңыз. Дескриптор: Идеясын анықтайды; Пікірлерін ұсынады. 3-топ қорытындылаушы: Өлеңдегі басты мәселе туралы дәлелдер келтіре отырып, тұжырымды ой айтыңыз. Дескриптор: Басты мәселелерді табады; Дәлелдер келтіре тұжырымды ой айтады. |

Рефлексия. «Тамаша идеялар» Сіз үшін жаңа болған 3 ақпарат Назарыңызды аудартқан 1 мәселе Сіз түсінбеген ақпарат
|
|
|||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі |

Абай өлеңдері арқылы
еңбек етуге құлшынысы оянады, өлеңнің тақырыбы мен идеясын
ашады; |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар *Өлеңнің шығу тарихы туралы мәлімет алады, өлең мәтінімен танысады Оқушылардың басым бөлігі * Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады. Кейбір оқушылар * Өлең мәтініне талдау жасау арқылы еңбектің адам өміріндегі маңызын ажыратады |

«Ойлан, тап!» Халық арасында мақал, нақыл сөз болып қалған Абай сөздерінің жалғасын тап. 1. Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық .......... (Аздырар адам баласын) 2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек) 3. Талап, еңбек, терең ой ... (Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)
4. Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез) 5. Еңбек етсең ерінбей, ..............(Тояды қарның тіленбей) 6. Ұстаздық еткен жалықпас, ............(Үйретуден балаға) 7. Пайда ойлама, ар ойла, ..........(Талап қыл артық білуге) 8. Атымды адам қойған соң, ............(Қайтіп надан болайын) 9. Досы жоқпен сырлас, .................. (Досы көппен сыйлас) 10. Сен де бір кірпіш дүниеге, ..............(Кетігін тап та, бар қалан) 11. Жаман дос - көлеңке, ..............(Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың) |

Бейнебаян көрсету
Түбінде баянды еңбек, егін салған..?» -
Абайдың кейін табылған өлеңі. · Көлемі 4 жол. · Өлеңді 1940 жылы Қ. Мұқаметханов Семейде тұратын Ташмұхамбет деген қариядан жазып алған. Абай өлеңінде «Би болған, болыс болған өнер емес» деу арқылы мансап армандамай, мақсат қууды уағыздайды. Жасынан оқу оқып, білім алған адам ғана ұлтының ұлы болатындығын айтып, жас ұрпақтың өмірлік мақсаты осы екенін ескертеді. · Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. Алғаш рет ақынның 1945 жылы жарық көрген толық жинағында жарияланды. · Басылымдарында текстологиялық өзгерістер кездеспейді. · Туынды қарақалпақ, орыстағы басқа тілдерге аударылған.Абай даналығы «еңбек ет — мал тап» деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбекқұмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты еңбек қана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді — деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ. Абайдың пікірінше, ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды. Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған Би болған, болыс болған өнер емес Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған… деп, өз елін отырықшылыққа, егіншілікке, ғылымға шақырады. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар. Еңбегіңді сат, арыңды сатпа, Арың таза болсын, сонда ғана сен адамсың ,- дейді. «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретінінің басты себебі – жұмысының жоқтығы»,- десе, Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын,- дейді. Осыны оқи отыра ұлы Абайдың көптеген сөздерінің нақылға айналып, күні бүгінге дейін мәнін жоймағанына таң қаласың.
«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі Түбінде баянды еңбек егін салған. Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Тү-бін-де // ба-ян-ды ең-бек // е-гін сал-ған. 12 а Жа-сы-нан // о-қу о-қып, // бі-лім ал-ған. 11 а Би бол-ған, // бо-лыс бол-ған // ө-нер е-мес, 11 б Ең-бек-тің // бұ-дан өз-ге // бә-рі жал-ған. 11 а
Шумақ: 1 Тармақ: 4 Бунақ: 3 Буын саны: 11 Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы
Топтық жұмыс
Оқушыларды шағын топтарға бөлу 1топ.Талап, еңбек, терең ой… 2 топ. Пайда ойлама, ар ойла… 3 топ. Адам болам десеңіз… Өлеңді жаттау, топта талдау. |
|
|||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сл ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Кері байланыс Бүгінгі сабақта қандай өмілік білім алдым? Cабақта маған тапсырманы орындауға не көмектесті? Cабақта маған тапсырманы орындауға не кедергі болды? Маған қиындықтарды жеңу үшін не істеу қажет? |
|
|||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» Үшінші қарасөз |

Абайдың билік, ел басқару, қоғамдық құрылыс, халық тарихына қатысты қайраткерлік қажыр танытып, азаматтық үнін естіртуі |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Абай Құнанбайұлының шығармашылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философиялық тұжырымдарымен, үшінші қара сөзімен танысады |

"Ауызша валейбол" (психологиялық тренинг)
Оқушылар шеңберге тұрып, доп арқылы ауызша валейбол ойнайды. Адам бойындағы адами қасиеттерді айтады. Соңында "Осы қасиеттер біздің бойымызда бар, біздің көңіл-күйіміз керемет" сөздерін хормен айтады.
Сынып оқушыларын Абай өлеңдері арқылы топқа бөлемін. Оқушыларға топ ережесін жаздыртамын. Оқушыларға бағалау бетшесі таратылады. Оқушылар өлең шумақтары арқылы топтасады және топ ережесін жазып, тақтаға іледі.

Абайдың толық жинағында
1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп
аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны -
45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген
тарихи мақаласы да қосылады. ҮШІНШІ СӨЗ Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым – солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек – әр қазақтың ойы осы. Осылар біріне бірі достық ойлай ала ма? Кедей көп болса, ақысы кем болар еді, малдан айырылғандар көбейсе, қыстауы босар еді деп, мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп, әуелде ішімізбен қас сағындық. Әрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық. Сонан соң не момынның баласы бөтен жаққа шығып, еңбек қылып, мал іздемейді, егін, сауданың керегі жоқ болады. Өз басын өзі осындай таласпенен кісі көбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін біреуіне, ертең біреуіне кезекпен сатады да жүреді. Ұрылар тыйылмайды. Ел тыныш болса, оның ұрлығын ешкім сүйемес еді. Ел екі жар болған соң, кім ант ішіп ақтап, арамдығын жақтап, сүйеймін десе, соған жақ болып сүйеніп, бұрынғыдан ұрлығын әлденеше есе асырады. Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген әртүрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание – тергеу шығарады. Өтірік көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін. Ол адам басын құтқармақ үшін жамандарға жалынса, оның да адамдығының кеткені, егер жалынбаса, тергеулі, сотты адам болып, ешбір қызметке жарамай, басы қатерге түсіп өткені. Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп. Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі: «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалылығынан жетерсің» деген сөз. Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды? Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма келеді: Халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісісі пәлен қадәрлі орысша образование алған кісі болсын. Егер де орталарында ондай кісісі жоқ болса, яки бар болса да сайламаса, уезный начальник пенен военный губернатордың назначениесімен болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді. Оның себебі: әуелі – қызметқұмар қазақ балаларына образование беруге ол да - пайдалы іс, екінші – назначениемен болған болыстар халыққа міндетті болмас еді, ұлықтарға міндетті болар еді. Уә және назначение қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік арыз берушілер азаяр еді, бәлки жоғалар еді. Уә және әрбір болыс елде старшина басы бір би сайланғандық, бұл халыққа көп залал болғандығы көрініп, сыналып білінді. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ. Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады» деп. Оның мәнісі – тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білінгендікпенен түссе, әйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қалмай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке сайлап алып, біте берсе; егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе, сонда дау ұзамай, бітім болар еді. 1891
Топпен
жұмыс: "Жұптас. Ойлан.Талқыла" (постер қорғау) 1топ - Дүниенің тылсым сырын көрс.қара сөздері 2 топ - Жаман қылықтарды сынайтын қара сөздері 3 топ - Ар-ұят, адамгершілік туралы қара сөздері Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды 5минут Әр топқа сөздер банкісін таратамын және ақын қара сөздерінде кездесетін мақал- мәтелді табуды тапсырамын, тапсырмаға бағыт- бағдар беремін |

«Би екеу болса, дау төртеу болады» |

Үшінші қарасөзіндегі халық мүддесіне қызмет ету жөніндегі пікірлері, биліктің құрылымы жөнінде ой айтуы, үшінші сөздің көсемсөз (публицистика) жанрына жататындығы, ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы толғанысы; |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Абай Құнанбайұлының шығармашылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философиялық тұжырымдарымен, үшінші қара сөзін талдайды. |

Психологиялық
сәт |

Абай қазақ халқының тұрмыс-хәліне жіті қарап, өз бағалауын хатқа түсіріп отырған, ақындық шығармаларының да дені елінің өмір қаракетін сипаттап, сын көзінен өткізгенін аңғартады. Ұлы ақынның сыншылдығын міншілдігі деп түсінбеуіміз керек. Абайдың сыны әр тарапты, әрі ауқымды: адамның мінез-құлқын ғана сынамайды, қоғамдық, әлеуметтік, әдеби де өнерлік, ғылыми, ұстаздық болып келеді. Алдымен ұлт мінезін қатал сынайды: «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз...» - дейді жиырма төртінші сөзінде. Міне, ұлы ойшылдың арманы - осылай асқақ, көксеуі - күрделі, сыны - сындарлы. Ақынның сыншылдығын, негізінен, үш салаға даралаймыз. Бірінші - әлеумет өміріне, заманға көзқарасы. Екінші - өнер мен әдебиетке, ғылымға көзқарасы. Үшінші - жеке адамның мінез-құлқын адамшылық, имандылық, ұстаздық тұрғысынан бағалауы... Абай елдің тұрмыс-халін, өз тұсының халық ұғымы тұрғысынан талдап түсіндіреді. Қайғысы не десең, мақалдарынан танисың: «Түстік өмірің болса, күндік мал жи» «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат» «Мал - адамның бауыр еті» «Малдының беті - жарық, малсыздың беті - шарық» «Елдің малы - елде, еріккенде - қолда» «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» «Байдан үмітсіз-құдайдан үмітсіз» «Берген - перде бұзар» «Алаған қолым - береген» «Қайраңы жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без...» Мақал-мәтелдер ел тұрмысы, адам өмірінен туған қисынды даналық десек, Абай ұлттық, дәстүрлік ой-пікірдің қисынына сүйене отырып, қалыптасқан теріс өнегені сынға алады. Сол сияқты ақын Алтыншы сөзінде тағы бір мақалға мән беріп, мазмұнына талдау жасайды: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік». Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлігі ат ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда, байлықтан не пайда, кедейліктен не зиян? Ағайын құрмай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес, малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы - осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе, құдайдан тілемейді, шаруа іздейді».
Бұл арада ұлы
ойшыл бірін-бірі алдаудан ешқандай бірлік шықпайтынына сендіреді.
Бұл бірлікке, «өңкей келісім сылдырап тұрған» бірлікке жету үшін
адам санасының өте жоғары болатынына мегзеп отыр. Абай өз ортасында
ойшылдығы, сыншылдығымен соншалық жоғары: сол тұстың әкімшілік
құрылысын әжуалап, мысқылдап, керек десеңіз, әшкерелеп те отырады.
Өлеңінде «Болыс болдым мінеки, бар малымды
шығындап» деп күлкіге айналдырса, ғақлиясынан
да сол күлкінің зілін көреміз. «Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай
берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып бас ұрып
алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті
жоқ». Ел арасын бұзатын, пара алып байыған пысықтарды
Абай басқа шығармаларында да әшкерелейді: «Сыртың -
пысық, ішің - нас, Артын ойлап
ұялмас» немесе «Бас басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?» - деп
келеді. «Партия құрып, пара алған, пейілі кедей
байсыңдар!» Мінеки, ақын осылай ашық кінәлауға да
барады. Өз тұсындағы әлеуметтік құрылысқа наразылығы Абай
шығармаларында үнемі жүріп отырады. Бұдан біз
ұлы ақынның демократиялық бағытын да
көреміз. «Бұрынғы
қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты:
«Би екеу болса, дау төртеу болады»
- деп... «Ел қағынды,
Мал
сабылды, Әулекі аспақ сыпыра қу» деген
ЖЖ. «Үш қадамды сұхбат» әдісі
Әр топ «Үшінші қарасөз» бойынша 3 түрлі сұрақ құрастырып, пікір алмасып талқылайды. Анықтау. Шығарма идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан анықтау. Салыстыру.
Шығарма идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан
бағалап, әлем әдебиетіндегі өздері оқыған шығармалармен
салыстыру. Шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықтарды өз көзқарасы тұрғысынан қорытып, әдеби эссе жазу.
3-тапсырма ЖЖ. Төменде тақырыпта әдеби эссе жазады.
|
|
|||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі |

Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңін мазмұндас шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру |
||||
|
Бағалау критерийлері |
Шығарманы мазмұндас шығармалармен салыстыра алады; Тарихи және көркемдік құндылығына баға береді. |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика және терминология: Менің ойымша.....Мен келісемін…Мен келіспеймін… |
||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
|
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланатын уақыт |
|
Дерек-көздер |
|||
|
Сабақтың басы 5 минут
|
Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар І.Ұйымдастыру кезеңі (Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау) Санамалау арқылы топқа бөлінеді. «Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоң мойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады...» Ш.Айтматов

ІІІ.Мағынаны тану https://www.youtube.com/watch?v=h2u3wxEWqes&t=19s
1-тапсырма «515» әдісі Оқушылар әр топта осы өлең бойынша 5 минутта 1 мәселе бойынша 15 идея( яғни Абайдың көңілі қалған жағдайларды тізіп шығады.) айтуы тиіс.Спикер топтың идеяларын жазып алып, жалпы сыныпқа таныстырады. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау жүргізіледі.
«Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да...» - Абайдың 1886 ж. жазғанөлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 11 шумақтан тұрады. Қазақсахарасындаекіжақтыезгініңмүлдешегінежетіп, капиталистіксаудақатынастарыныңенебастауынабайланыстыескі мен жаңаарасындағыкүрестіңкүшейіп, ру тартысыныңбелеңалғанкезіндетуған. Солтұстағысайлауларбарысындапатшаәкімдері мен іштеншыкқанатқамінерлердіңәділетсіздігі, көрсеткензорлық-зомбылығықазақелінқаттыкүйзелтті. Халқынатөнген осы ауырнәубетазаматАбайдыңыза-кегінкүшейтіп, ақындықшабытынақамшыбасқан. 40-тан асқанақынбұлөлеңіндеөзтағдырынасүйеніпбірсыпыраойлартүйеді. Дос та, дұшпанда, алыс та, жақын да алдапкетті. Қолыңнанбірдеңекелетінкездежеміңдікөргентауықтайайналшақтапжаныңнаншықпайтындарақсаңқырап, қалпағыңқисайғанкездебұлттыкүнгіжоқбопкететінкөлеңкедейтаптырмайзытты. Мұндайдақасыңдатабантірептұрыпқалатындар аз боладыекен. Саналыжанжоқ, жұрттыңесіл-дертіұрлық- қарлық. Елдесөздіұғар, мейіртүсер, көңілқуанарештеңе де, ешкім де қалмағанынайтады. Туындыда Абай солтұстағыәрқилыортаның, алуантүрліадамдардыңжай-күйінбақылап, олардыңішкіарман-аңсарынаүңіліп, психологиялық сарындартанытады. Бәрінің де мүшкілтіршілігін: малыныңқызығынкөреалмай, оны ұрлап, ізжоғалтып, әуреболыпжүрдесе, бірдесаудагерлер де тыныштықпенсаудасынжасайалмай, қолданбергенінқайтаруғазарболыпжүргенінкөрсетеді. Ендібірде ел сырттанайтып, топтатанғанарсыздарданжаймезіболыпжүрдесе, тағыбірденадандаржұрттыңазғанынамұңаймайжүр, күпілдектер ала жылан, ашбақабопүлкендерденұялмайжүрдепналиды. М. Әуезовтың айтуынша, Абай осы тұстан «халқыныңқалыңкөпшілігі - орташашаруаныңжоқшысы, жаршысы бола бастайды». Сондай-ақбіреулердіңбиліктетабантірептұраалмауы, ұры-қарыныңкөбеюі, телі-тентектердіңзаңалдындасұралмауы, туған-туысқандардыңбір-бірініңсөзінқұпалмауы, құда, жекжат, дос-жаран, қатын-баланыңбірқалыпта бола алмауы, жұрттыңкөбінің не пайдалы, не залалекенінбілеалмауы, шаруаның не жаз жайлауда, не күз күзеуде, не қыстауда оңалмауы, жасыкішілердіңүлкенненұялмауы, тіленшектердіңнәпсісінтыяалмауыақынназарынаударған. Сондықтанбұлөленді саясилирикадағыдидактикалық сатира деугеболады. Бұлсорақысұмдықтардыайтқанда Абай қайраткерлікқажыртанытып, азаматтықүнінестіртеді. Солморальдықсорақылықтарға ем іздеушіретіндекөрінеді. Осыданақын «қалыңелі - қазағының» қайраткеріболыптанылабастайды. Өлеңніңбастапқы 3 шумағы-а, -а, -б, -а түріндеөзіншеұйқасқан да, қалғаншумақтаржыр, толғау үлгісіндекелетін шұбыртпалы бірақұйқаспенжазылған. Алғашрет 1909ж. Санкт-Петербургте жарықкөрген «ҚазақақыныИбраһимҚұнанбайұғылыныңөлеңі» аттыжинақтажарияланды. Өлең 1909 жылғыжинақ пен Мүрсейіт қолжазбаларынсалыстырунегізінде 5-шумақтың 3-жолындағы «айтып» - «айтқан», 6-шумақтың 4-жолындағы «ұлықтан» - «үлкеннен», 7-шумақтың 2- жолындағы «тыяалмай» - «қыраалмай» депалынып, ақынныңкейінгіжинақтарынаенгізіліпжүр. Туындыорыс, өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ, ұйғыр, татар тілдеріне аударылған.
Абай заманның запыранын осылай шығарды. Мыңмен жалғыз алысты. Досынан да, дұшпанынан да көңілі қалды. Қалың елі қазағы қайран жұртынан пана таппады. Бірақ Абай кешкен күйді Ахмет те басынан кешірді. Абай ішкен уды Ахмет те ішті.Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі - оның туған халқының тағдырын ойлаған қам- қарекеті.ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел болатын. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы «түгел қазақты» сауатты етіп, көзін ашу, «надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты.
Оқушыларға А.Байтұрсыновтың «Қазақ қалпы» өлеңі таныстырылады. «Фишбоун» әдісі арқылы өлеңге талдау жасайды. 2- тапсырма Екі шығарманы салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз. Өзіндік көзқарасыңызды 100-120 сөзбен білдіріңіз Бағалау дескрипторы: Шығарма мазмұны мен идеясын анықтайды, Көтерілген мәселені талдайды; Екі шығарманы салыстырады; Тарихи және көркемдік құндылығына баға береді. |
|
|||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
Ой толғаныс Абайдың көңілі қалған жағдайлар қазіргі қоғамда кездесе ме? |
|
|||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Кері байланыс Шығарманың тәрбиелік мәні қандай? Біздің бойымызда бұл қаситеттер бар ма? |
|
|||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі |

оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату; |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
оқушыларды өлеңнің шығу
тарихымен танысады, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен
танысады, құрылысына қарай
талдайды;

«Жүгіртпе сұрақтар» аялмадасы

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...» – Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 50 жол. Ақын өз дәуіріндегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын дәл ажыратып, айқын саралап, әрқайсысының мін-мерезін ащы тілмен күйдіре өртейді. Еңбексіздік, терін сатпай, телміріп көзін сатқан теп-тегіс алармандықты айыптайды. Абай таңбалайтын өкілдер мыналар: бай, би, болыс, елубасы, жау, жарлы, дос, сұм-сұрқия, аларман, орыс, паң. Бәрі де әрекетімен, өз қылығымен көрінген. Осылардың әрқайсысының адал еңбек етпей, арамдықпен дүние табар амалдарын зерек суреткер дәл басып, мінез, психология ерекшеліктерін, қулық-сұмдық табиғатын, айла-шарғы тәсілдерін улы сатира найзасына қалай тастайды, не деп бопсалайды, қалай қорқытады, қалай торға түсіреді – осы сауалдардың жауабы бар, әр кейіптің сыры жария болады. Жанды бейнелер жасалады. Табан ақы, маңдай теріне сүйенбей, айла-шарғыға аяқ артқан, біреуді-біреу жеген қоғамдық ортаның азуын ақын қайғысы суретке айналдырады. Айналып келгенде, бір шаңырақ астынан да береке-ырыс кеткен, Ата мен бала, аға мен іні арасына от түскен. Бәрі де арын сатып, өтірік ант ішіп, алдау-арбаумен мал табуға бет бұрған. Жұз құбылған, қысқа күнде қырық жерге қойма қойған, қулық ойлаған сойқандар түгел мансұқ етіледі. Аруақты ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қарғыс айтқан қаһарлы байламы бар. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1954 жылғы жинақта 3-шумақтың 3-жолы «Жалаң қаққан жат мінез жау алады» болса, 1939, 1945, 1957 жылғы басылымдарда «Жалаңқая жат мінез жау алады» деп берілген. Мүрсейіт қолжазбаларында 6-шумақтың 2-жолы «Мал сойсам, сен мендік бол деп берем деп», 7-шумақтың 2-жолы «Ант бұзуды кім ойлар дерт көрем деп», 10-шумақтың 2-жолы «Ит қорлық немене екен көрген күні» делінсе, жинақтарда 1909 жылғы басылым негізінде «Ет берсем, сен мендік бол деп берем деп», «Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп», «Ит қорлық немесе екен сүйткен күні» болып алынған. Кейінгі басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары бойынша 6-шумақтың 3-жолы «Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен», 10-шумақтың 3-жолы «Арын сатқан мал ушін антұрғанның» деп берілсе, 1909 жылғы жинақта бұл жолдар «Қара қарға сықылды шуласын жұрт», «Бар ма екен жай журген жұрт қанағатпен», «Жанын сатқан мал үшін антұрғанның» болып алынған. 1933, 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 11-шумақтың 3-жолы «Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар» делінсе, қалған басылымдарда Мұрсейіт қолжазбалары, 1909 жылғы жинақ негізінде «Мал мен бақтың кеселін ұя бұзар» деп алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда соңғы шумақтың соңғы жолы «Өз үйінде шіренғен паңы құрсын» болса, 1957, 1977 жылғы жинақтарда 1909 жылғы басылым бойынша «Өз үйінде шартиген паңы құрсын» деп берілген. Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған. Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман Қартайдық, қайғы
ойладық, ұлғайды арман,
3 5 5 Қар-тай-дық, // қай-ғы ой-ла-дық, // ұл-ғай-ды ар-ман, 13 3 4
4 4 3
4 3 4
5 Шумақ: 1 Тармақ: 4 Бунақ: 3 Буын саны: 11 Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы
ЖЖ. «Үш қадамды сұхбат» әдісі
Өлең шумағы бойынша 3 түрлі сұрақ құрастырып, пікір алмасып талқылайды. Анықтау. Өлең идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан анықтау. Салыстыру.
Өлең идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан бағалап,
әлем әдебиетіндегі өздері оқыған шығармалармен
салыстыру. Басқа өлеңдерімен айырмашылығын табу |
|
|||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
Бес жолды өлең құрылымы: 1.Тақырыпқа қатысты бір зат есім. 2.Бірінші зат есімге қатысты екі сын есім. 3.Бірінші зат есімге қатысты үш етістік. Бірінші зат есімді суреттеп, толықтыратын төрт кілт сөз. Тақырыпты сипаттайтын бір синоним немесе метафора. |

|||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңі |

||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
|
Дерек-көздер |
||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут
|
«А,В,С» А-сұрақ қояды. В-жауап береді. С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады. Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |

«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» өлеңі
«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі – 14 жол. Ақынның көтерген тақырыбы – қосанжар өмір құбылысы. Алғашқысы – аңшылық. Ер жігіт қыран бүркіт баптаса, қалған жұрт аңға күйкентай мен қарға салмақ. Бабы келіскен қыранның қоян, түлкі түгілі қасқыр да алатыны анық. Алайда былайғы жұрт оған мән бермейді. Өйткені, «қыран шықса қияға жібереді, олар да екі қүсын екі жақтап». Қарға қарқылдап, қыранның арт жағынан қалмаса, күйкен-тай үстінде шықылықтайды. Қарға мен күйкентай иелері қыранға кедергі жасағандарына мәз, өз құстарын мақтап күпілдеседі. Абайдың бұл жерде айтқалы отырған негізгі ойы күллі қазақтың тірлігі өмірде осыған саятындығы, ортасынан озған азамат, ақын шығып жатса, оларға жасайтындары осындай кесірлік екендігі. Ақын «Басқа – сая,жанға – олжа дәнеме жоқ, Қайран ел осынымен жүр далақтап» деп қорытады ойын. 1886 жылы өндіре жазып, ақындық жолына алаңсыз түскен ақынның ел ұстазы, ақылшысына айналып, үлкен өмірлік - өнерлік жинақтау жасай бастағанын байқаймыз. Осындай көркемдік кенеуімен, кемелді ойымен өрелі өлеңнің құрылымы да келісті. Өлеңнің алғашқы екі жолы өзара ұйқасып, егіздік байқатқан, алайда арықарай еркін ұйқаспен кестелеңген. Мазмұн-мағына жағынан да, пішім, ырғақтық жағынан да ешқандай жік білінбейді. Өлең алғаш рет 1909 жыл Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Оның басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді. Туындының: «Өзі алмайды, қыранға аддырмайды, Күні бойы шабады бос салақтап»,- деген 7, 8-жолдары 1909 жылғы жинақта берілмеген. Бірақ бұл 2 жол Мүрсейіт қолжазбасы негізінде тұңғыш рет 1933 жылғы жинаққа кіргізілген. Өлең башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап, Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап. Қыран шықса қияға, жібереді Олар да екі құсын екі жақтап. Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан, Күйкентайы үстінде шықылықтап. Өзі алмайды, қыранға алдырмайды, Күні бойы шабады бос салақтап. Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса, Қуанар иелері сонда ыржықтап. Не таптық мұныменен деген жан жоқ, Түні бойы күпілдер құсын мақтап. Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ, Қайран ел осынымен жүр далақтап.
4 4 4 Қы-ран бүр-кіт // не ал-май-ды, // сал-са бап-тап, 12 а 3 4 4 Жұрт жүр ғой // күй-кен-тай мен // қар-ға сақ-тап. 11 а 4 2 4 Қы-ран шық-са // қия-ға, // жі-бе-ре-ді 10 б 3 4 4 О-лар да // е-кі құ-сын // е-кі жақ-тап. 11 а Шумақ: 1 Тармақ: 4 Бунақ: 3 Буын саны: 11-12 Ұйқас түрі: қара өлең Сөзжұмбақ
шешу: «Қансонар» Қ 1) Махаббат символы
……(аққу) «Үш жақты күнделік толтыру» Жүзеге асыру қадамдары:
Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.

Сабақтың соңында оқушылар сабақта не үйренгендері туралы ойлану үшін рефлексия жасайды.
Кері байланыс
|
|
||||||||||||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
||||||||||||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі |

Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын меңгерту; |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Абай өлеңдерін терең меңгереді, мәнерлеп жатқа айтады, өлеңдерінің идеялық мазмұнын ашады; |

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады. Сыныпқа тақтадан оқу мақсаттары көрсетіледі:
Оқу мақсаты мен тақырыпқа қатысты Сізде қандай сұрақ пайда болды? Қандай сұрақтың жауабын іздейсіз? т.б |

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 12 шумақтан тұрады. Бұл шақта ақынның дүние, әлем туралы танымы шығыстық рухани қазынамен байыған, кемеліне келіп, мейлінше толысқан еді. Рухани кемел деңгейге кетерілген ақын заман сырын, адам құлқын терең философиялық тыныммен таразылайды. Қайғы ойлау, көзден ұйқы қашып, ойдың кермек тартуы – мұның бәрі қартайғандықтың белгісі емес. Заманынан, заманының адамынан озған, ақылымен, парасатымен озған ақын өзі жеткен рухани биіктен мұңдасарға, ойласарға сөз ұғарлық кісі таппай толғанады. Толғана отырып, заман, адам туралы, жақсы мен жаман адал мен арам туралы ойларын білім, ақыл жайын дағы адамгершілік нысана тұрғысы биігінен баяндайды, адам мен арамның, жақсы мен жаманның парқын ақыл ғана айыра алатындығын анғарады. Өлеңнің әр шумағы негізгі тақырып пен идеяны әр қырынан ашып, тұтаса келе күрделі көркемдік құбылысқа айналады. Алғашқы екі шумақ ақынның адам мен заман туралы жалпы ойларынан түзілген болса, кейінгі шумақтарда бұл ойлар бейнеге айналып, нақты да затты сипатқа иеленеді. Ақын ұстанған талап пен талғам өлшемдеріне қарағанда, бойдың салғырттығын жеңіп, ой қуып, ақылға еру ердің ісі болғанда, өз қашанда өздігін жасап, еріншек тартпақ, ортасынан шыға алмай, шығандап қылық та қыла алмай, қыр аспас қалпында көпке көніп қала бермек. Ер мен ез, олардың бір-бірінен айырмашылығы хақындағы осы ойлар біртіндеп жақсы мен жаман, олардың бір-бірінен өзгешеліктері туралы тұтасқан ұғымдар жүйесіне жалғасады. Ақын танымы аясында жаман мен надан екі түрлі ұғым, екі басқа категория емес, бір ғана нәрсе. Жаманның жамандығы да білімсіздіктен, ақылдың кемдігінен. Білімсіз надан білімді адам айтқан ақылды құлағына ілмек емес, ақ пен адалды, шынды танымай, жоққа иланып, жалғанға сенбек. Көпті көрген, ақылы асқан ақсақалдың, білімдінің сөзінен сырдаң тартып, қылған ұрлығын, қуған қулығын мақтан етуден арыға бара алмайтын да сол. Сонымен қатар оның кісіге сырты күліп, ішіне жаулық сақтайтын, жақынын тіріде аңдып, өлсе өкіретін қасиеті де бар. Жамандығына, надандығына қарамастан, мұндай пенделер мақтан үшін болыс болмақшы, адамдық пен арамдықты бір-бірінен айыра алмаса да, ел билеп, жұрт меңгермекші. Осыныңбәрі Абай заманындағы білімсіз наданның, ақылсыз жаманның бейнесін, оның жан шындығын терең әрі жан-жақты танытады. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1945 жылғы жинақта 2-шумақтың 1-жолы «Әуелде жас қартаймақ, туған өлмек» делінсе, қалған басылымдарда 1909 жылғы жинақ бойынша «Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек» болып берілген. Осы шумақтың 2-жолы 1945, 1954, 1957, 1977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек», 5-шумақтың 3-жолы «Екеуінің бірі жоқ ауыл кезіп» деп алынса, 1909 жылғы басылымда «Тағдыр жоқ өткен адам қайта келмек», «Екеуінің бірі жоқ ауыл кезбек» түрінде басылған. 1945, 1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда 4-шумақтың 3-жолы 1909 жылғы жинақ негізінде «Арамдықтан жамандық көрмей қалмас» делінсе, Мүрсейіт қолжазбаларында бұл жол «Арамдықтан жамандық таппай қалмас» болып алынған. Туынды ағылшын, араб, белорус, қарақалпақ, қырғыз, латыш, орыс, өзбек, украин, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған. ІV Жаңа сабақты меңгерту:
Қартайдық, қайғы
ойладық, ұйқы сергек
3 5 4 Қар-тай-дық, //
қай-ғы ой-ла-дық, // ұй-қы сер-гек 12
а А-шу-ың – //
а-шы-ған у, // о-йың – кер-мек. 11
а Мұң-да-сар-ға //
кі-сі жоқ, // сөз-ді ұ-ғар-лық, 12
б Кім кө-ңіл-ді //
кө-ре-тін, // бо-ла-ды ер-мек? 12
а Шумақ: 1 Тармақ: 4 Бунақ: 3 Буын саны: 11-12 Ұйқас түрі: қара өлең |
|
|||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
ПОПС формуласы Сынып «Абай өлеңдеріндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметі қандай? деген сұрақ төңірегінде жеке жұмыс жасайды.
3-тапсырма «Абай өлеңдеріндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметі қандай? Сұраққа төмендегі ретте жауап беруге тырысыңыз (әр жолға 1-2 сөйлеммен) «Менің ойымша» ... «Себебі» .... «Мысалы» ..... «Қорытындылай келе/Сондықтан да»

«Улы сия, ащы тіл» өлеңі |

.«20 секунд» стратегиясы 1-топ Абай Құнанбайұлының өмірі мен өскен ортасы 2-топ Ақынның шығармашылық мұрасы 3-топ Абай – лирик ақын Абай Құнанбайұлы «Адамның кейбір кездері» өлеңін үнтаспадан тыңдау. Өлең мәтінімен танысу. |
||||
|
Сабақтың ортасы
30 минут |
Абай өз шығармаларында рухани жұтаңдықты, білімсіздікті, көкірек көзінің мөрлілігін, надандықты, имансыздықты, тоғышарлықты, енжарлықты, жалқаулықты, сөзуарлықты, екіжүзділікті, күншілдікті, мақтанқұмарлықты, мақтансүйгіштікті, дүниеқоңыздықты, мансапқорлықты, көрсеқызарлықты, менмендікті, мақтаншақтықты, еңбексіздікті, әділетсіздікті, сатқындықты және т.б. қай замандарда болмасын адам бойында болатын моральдық-этикалық қасиеттерді сөз ете отырып, адам баласының бойындағы қасиеттерін жақсартуға, жетілдіруге, толықтыруға, жаман қасиеттері болса солармен күресуге, оларды ауыздықтауға талаптануы керектігін түсіндіріп, ғасырлар бойына адамзат баласының ақыл-ойында ұшталып келе жатқан, діни-пәлсафалық, моральдық-этикалық, интеллектуалдық, адамгершілік тұжырымдамасы – толық адам ілімін адамзат қоғамына мұра етіп қалдырды Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан турады. Абайдың сөз өнері, өлең, ән туралы ең таңдаулы лирикалық туындыларының бірі. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, каралы - ол...», «Көңіл кұсы кұйқылжыр шартарапқа...», «Өзгеге көңлім тоярсың...» сияқты өлеңдерінде Абай өлең мен әнді, ақындық, әншілік өнерді өте жоғары бағалайды. Сөз өнерінің халықтың өмірі, күнделікті тұрмысымен тығыз байланысты екенін танытып, ақындардан алдына үлкен қоғамдық мақсат қоюын, өмір шындығын, халықтың арман-тілегін, қуанышын, қайғы-мұңын терең түсініп, көңілге қонымды, нанымды етіп айта білуді талап етеді. «Адамның кейбір кездері...» де, міне, осындай ақынға үлкен қоғамдық міндет артатын шығарма. Абай поэзиясы, өлеңді аса маңызды өнер ретінде бағалай отырып, ақындық шабыттың сыры, қуат-күші жайында тебірене ой толғайды. Ақын не туралы жазу керек, қай тұрғыдан келіп, қалай айтуға керек деген мәселені қозғайды. Рухтанып, бойына жойқын жігер күш пайда болып, шынайы шабыты келгенде ақын ұшқыр қиялмен өмірдің жағымды кірінен тазаланған жағын да көре отырып, көлеңкелі жақтарын, надандық пен зұлымдықты сынай, шеней білуін, әсіресе, құптайды: «Қыранша қарап қырымға, Абайдың осы өлеңіндегі ақын бейнесі, ақындық шабытты суреттеуімен А. С. Пушкиннің «Ақын» атты өлеңіндегі ақынның шабыттанып, толғанған сәтін сипаттауы үндес келетіні айтылып келеді. Ал, асылында бір тақырыпқа жазылған ұлы ақындардың өлеңдерінде бірлі-жарым ұқсастық кездесе беретіні түсінікті. Кейбір сырттай ұқсастықтар, тіпті жекеленген сөздердің мәндес келуі, әрине, тікелей жақындықты білдірмейді. Басқа бір шығарманың құнын кеміте алмайды. Осыны толық ескере отырып, «Адамның кейбір кездері...» ешқандай да басқа өлең емес, М. Ю. Лермонтовтың «Журналист, читатель и писатель» атты шығармасымен, сондағы жазу шының сөзімен сарындас келеді. Орысша текстен үзінді: «... бывает время,
Адамның кейбір
кездері
Топпен жұмыс «Фишбоун» әдісі.
Балықтың басы – Өлең идеясы Үстіңгі сүйектері – Өлеңде көтерілген мәселелер Астыңғы сүйектері – Ақын ұсынған шешу жолдары Құйрығы – Мәселенің шешімі
Өлең құрылысымен жұмыс (шумақтарды топтарға бөліп беру) Оқушылар 4 адамнан құралатын топта «пирамидалық талқылау» әдісі арқылы жауап береді. Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.
|
|
|||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
ПОПС формуласы «Менің ойымша» ... «Себебі» .... «Мысалы» ..... «Қорытындылай келе/Сондықтан да» Саралау Оқушылар топта бір-бірінен, мұғалімнен қолдау алады. Әдеби теориялық анықтамалық, қарасөз арқылы қолдау алады |
|
|||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
|
|
|||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңі |

«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» өлеңінің қыр-сырын меңгертіп, тереңіне бойлату, өлеңнің тақырыбы мен идеясын көркемдік ерекшелігін меңгерту, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу. |

Қызығушылықты ояту.
Мұғалімнің сөзі (Абай әндерінің баяу сазымен): |
||||||
|
Сабақтың ортасы
30 минут |
«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 7 шумақ. Бұл Абайдың өлеңді өндіре жазып, ақындық шеберлігін әр қырынан көрсете бастаған кезеңі. Ол енді тақырып ауқымын кеңейтіп, әлеумметтік маңызды мәселелерді қозғайтын, оған өз қатынасын сыншылдық деңгейден айқын айта алатын биікке көтерілген. Бұл тұста ақын даусы ашық та ащы, тілі өткір, айтпақ ойы салмақты. Ол - бүкіл халық мүддесін ойлайтын, оның барар бағытын бағдарлайтын, күнделікті өмірде аяққа тұсау болып, кері кеткен кеселдерді көзге шұқып көрсетіп отыратын әділ қазы. Абай ел үстінен күн көрген алаяқ би-болыстарды, мал-мүліктің буына семіріп, құдайын ұмытқан байлар мен патша әкімдерін көп сынаса, мұны қазақ даласын жайлаған әлеуметтік теңсіздікті күнде көріп жүргендігінің көрінісі дер едік. Ақын бұл өлеңінде ел адымын аштырмай отырған кеселді қырсықтың тағы да бір қырын аңғартады. Ол «кедейдің кеселінен сақта» дегендей, жаппай етек алған жалқаулық, бойкүйездік. Абай өлең тілінде алғаш рет «кедей қайдан шығады!?» деген тақырыпты қозғайды да, оның басты себебі - жалқаулық екенін дәлелдейді. Бірақ бұл тұжырымын бірден айтпай, алдымен қазақ аулындағы «сырын түземей, сыртын түзеп» жүрген, кер жалқау сидаң жігіттердің керемет көркем тұлғасын жасайды. Олардың киген киімі, жүріс-тұрысы, бет құбылысы, сөйлеген сөзі қаз-қалпында, күлкілі кейіпте көз алдыңа келеді. Кәдімгі бос қалжыңға, мағынасыз ыржыңға бой алдырған берекесіз, еңбекке қырсыз адамның күйкі келбеті. Және тап осындай «керегеге сабау шаншып, бөркін ілген, бет-аузын мың құбылтқан, қу борбай жылпостың» өзі. Ал мұндай адам еңбекке қырсыз, сонда ол қайтіп мал таппақ. Абай алғаш рет жалқау кедейді сынау арқылы кедейліктің сырын ашады. «Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырған» әлгі қырсыздарды шеней отырып, үлкен әлеуметтік кеселді көрсетіп береді. Адасқанына қарамай алдым жөн деп, артында көмескі соқпақ қалдырып, бүкіл қоғамға зардабын тигізетін зиянды құбылысты бар болмысымен әшкерелейді. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Тілі зәрлі, зілді. Әсіресе, қоразданған бос кеуде жатып ішерлердің тұлғасын жасайтын жолдары ерекше айшықты. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Қунанбайұлының өлеңі» деген жинақта жарияланған. Өлең басылымдарында бірқатар текстолологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбалары бойынша барлық басылымдарда берілген «Қу шалбар қулығына болған айғақ, тізесін созғылайды қалталанса-ақ. Ұстаудағы кісідей мезгілі бар, күні бойы шешініп, бір т...- ақ» деген жолдар 1909 жылғы жинақта жоқ. Мүрсейіттің 1905 жылғы қолжазбасында соңғы шумақтың соңғы жолы «Сәлемдеспей жатып-ақ ыржаң қақпақ» делінген. Бұл жол барлық басылымдарға 1909 жылғы жинақ негізінде «Сәлемдеспей, алыстан ыржаң қақпақ» түрінде алынған. Өлең қарақалпақ, қырғыз, орыс, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
Адасқанның алды – жол, арты – соқпақ,
«Ақылдың алты қалпағы».
|
|
|||||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
«Автор орындығы» стратегиясы.
Ортада Абай. Болашаққа өсиет айтып тұрған кейіпте (музыка естіліп тұрады). Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгің келсе, Абайды оқыңыз. Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
|
|
|||||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
|
|
|||||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңі |

«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңінің қыр-сырын меңгертіп, тереңіне бойлату, өлеңнің тақырыбы мен идеясын көркемдік ерекшелігін меңгерту, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу. |

Бейнебаян ұсыну «Шеринг» әдісі Өткен сабақта есте қалған қызықты эпизод пен қиындық туғызған тапсырманы әр оқушы айта отырып, жаңа сабақта атқарылатын іс- әрекеттерге, нені жетілдіруге болатынына болжау жасайды. Жаңа сабақтың тақырыбын болжайды. |
||||||
|
Сабақтың ортасы
30 минут |
«Байлар жүр жиған малын қорғалатып...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Көлемі 18 жол. Өлеңде ақын мал қадірін білген байларға іш тартып, аяныш сезім білдірген. Елдегі қу, сұм, пысықтар байға тыныштық бермейді, жаудай талайды. «Бұл жұртты құдай атты», бай жүз малының онын берсе, оны мүсәт тұтпай қалған тоқсанын да алғысы келеді. Бай байғұс бермесе, қу, сұмдар бұтып-шатып арыз жазып жоғарыға шабады, қайтып келіп, «құртатын болдым» деп күш көрсетеді. Бай малын қорғаласа, «қорықты» деп қыжыңдай түседі. Енді жоғарыға бай шабады дейді. Ақын ойын «күшті жықпақ, бай жеңбек» деп түйіндейді. «Бай жақсы батырдан да, биліктен де, бай бұзар қалың топты киліккенде» деген пікірді тірілтіп қуаттайды, бай табының болашағынан үміт үзбейді: «Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» деп, «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген ақыл-өсиетті ескеріп жүргендерді байлардың балағына жармасар итке теңейді. Шығарма қазақтың 11 буынды қара өлеңі үлгісімен жазылған. Алғашқы 8 жолы дәстүрлі қара өлең ұйқасымен, соңғы 10 жол аралас ұйқаспен өрнектелген. Түңғыш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең негізгі жинақтарының бәрінде басылған. Мүрсейіт қолжазбаларының 6-жолындағы «бір қағаз» тіркесі 1909 жылғы жинаққа сәйкес «бір арыз» деп өзгертілген. Өлең орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, татар, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған[1] Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Өз жүзін, онан беріп, алар сатып, Онан алып, тоқсаннан дәме қылып, Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып? Барып келсе Ертістің суын татып, Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып, Елді алып, Еділді алып есіреді, Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып. Әрі-бері айналса аты арықтап, Шығынға белшесінен әбден батып. Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа Құдай құмар қылыпты қалжыратып. Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң, Шаптырады қалаға бай да аңдытып. Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан, Қолға түсер сілесі әбден қатып. Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.[2]
Еркін ойлау – «Айтарым бар...»
Тапсырма: − Өлеңдегі ақынның ой түйініне орай Абай шығармаларындағы адам және оның қасиеттері туралы пікірлері мен ойларын жүйелеңіз; − Осы мәселеге қатысты өз замандастарыңыздың ... көзқарасы, ойы жайлы еркін ой толғаңыз, ашық пікір айтыңыз.
«Ойлан- жұптас- бөліс» стратегиясы. Өлеңге лингвистикалық талдау жасату, өлеңнің мағынасын ашқызу. |
|
|||||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
«Топпен зерттеу» стратегиясы. «Өрмекші торы» арқылы алған білімдерін жинақтау. Бір біріне алған білімдеріне қарай тақырып бойынша сұрақ – жауап қояды. |
|
|||||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Жи |
|
|||||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі |

Адамгершілік қасиеттерден ада адамдардың іс-әрекеті туралы ойлары, адам психологиясының келеңсіз жақтары, аярлық мінезі жайындағы тұжырымдары, ақынның әлеуметтік, саяси көзқарасы. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Адамгершілік қасиеттерден ада адамдардың іс-әрекеті туралы ойлары, адам психологиясының келеңсіз жақтары, аярлық мінезі жайындағы тұжырымдары, ақынның әлеуметтік, саяси көзқарасы туралы біледі. |

«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі
|
||||
|
Сабақтың ортасы
30 минут |
«Сабырсыз, арсыз, еріншек...» — Абайдың 1887 ж. жазған сатиралық өлеңі. Туындының тармақ саны біркелкі емес, көлемі 85 жол. Абайдың ел билігіне араласып, әділ төреші болуға, нашарлардың жоғын жоқтауға күш салып жүрген тұсында, неше түрлі зорлық-зомбылықты, мейірімсіздік пен әділетсіздікті т. б. кесір-кесапатты әшклеп жазған сықақ елеңдерінің қатарынан бүл туынды көрнекті орын алады. Ақын ез заманындағы ел билеген зорлықшыл жуандарға арқа сүйеп, солардың қол шоқпарына айналып, елдің тынышын алатын, бірді-бірге айдап салып, бүлік туғызып жүрген содырлы сойқандар мен қазан бұзар тасырларды шенейді. Адамгершілік қасиеттен ада болған мұндай жексұрындардың кәсібі ұрлық екенін, ол болмаса, ел кезіп, көрінгенге көзін, арындатып, тамақ асырайтынын, жоқ жерден ілік тауып, дау-жанжал туғызатынын, қалаға шауып жалған жала тоғытатынын, енді бірде ел шабамын деп қоқан-лоққы жасайтынын дөп басады. Мұңдай адамдардың тыныш жұрттың тұнығын ылайлап, жүрген жеріне ылаң салып жүретіндерін, сонымен бірге іші тар, өздері күншіл келетінін, біреудің бақ дәулетін көре алмай, пасық қаскөйлігін қатар жұмсап жүретіндігін баса айтады. Өлең 7-8 буынмен жазылған, дәстүрлі шумаққа бөлінбей, біріне-бірі жалғаса, шұбыртпалы ұйқаспе тізбектеле ұласып, екі-үш тармақтан кейін қайта тоғысып отырады. Түр жағынан алғанда ауыз әдебиетіндегі толғау дәстүріне ұқсап кететін де белгілері бар. Бірақ тұспалы, негізгі сөз арқауынан ауытқу жоқ, айтайын деген ойы айқын да нақты. Туынды алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлеңнің басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1957, 1977 жылғы басылымдарында туындының 10-жолы Мүрсейіттің 1905 жылғы қолжазбасына және 1909 жылғы жинаққа сәйкес «Іс қылмай ма ол кісі?» деп берілген. Бұл жол Мүрсейіттің 1907, 1910 жылғы қолжазбаларында, 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда «Іс қылмай ма үлгісі» делінген. Сондай-ақ Мүрсейіт қолжазбаларында «Өз үйінде қисаңдап» деп жазылған 59-жол барлық жинақтарда «Өз үйінде қайпаңдап» түрінде алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1954жылғыжинақтағы «Айтылмай сөз қалған жоқ» деген 83-жол 1939, 1945, 1957, 1977 жылғы басылымдарда 1909 жылғы жинаққа сай «Айтылмай сөзім қалған жоқ» болып түзетілген. 1977 жылғы жинақта өлеңнің жазылған кезеңі 1886 ж. деп көрсетілген. Өлең башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған. Сабырсыз, арсыз,еріншек Сабырсыз, арсыз,еріншек, Көрсе қызар, жалмауыз, Сорлы қазақ сол үшін, Алты бақан алауыз. Өзін-өзі күндейді, Жақынын жалған міндейді Ол — арсыздық белгісі. Ұятсынбай, ойланбай, Қой дегенге тіл алмай, Iс қылмай ма үлгісі? Бір-ақ секіріп шығам деп, Бір-ақ қарғып түсем деп, Мертігеді, жатады. Ұрлықпен мал табам деп Егессе ауыл шабам деп, Сүйтіп құдай атады. Бұл нең десе, біреуге Жоқ нәрсені шатады. Құтылам деп ісінен, Бәрін көріп кісіден, Шығынға әбден батады. Бұл болмаса онысы, Аударылып қонысы, Алыстан дәм татады Қызмет қылып мал таппай, Ғылым оқып ой таппай, Құр үйінде жатады. Ел қыдырып ас ішіп, Еркек арын сатады. Бала-шаға, ұрғашы Үйде жарап қатады. Еңбегі жоқ еркесіп, Бір шолақпен серкесіп, Пысық деген ант шықты. Бір сөз үшін жау болып, Бір күн үшін дос болып, Жүз құбылған салт шықты. Пысық кім деп сұрасаң — Қалаға шапса дем алмай, Өтірік арыз көп берсе, Көргендерден ұялмай. Сыбырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ, Өтірік, өсек, мақтанға Ағып тұрса бейне су. Ат-шапаннан кем көрмес, Біреу атын қойса “қу”. Қу нәпсісін тыя алмай, Атым шығып жүрсін деп, Берекеге қас болса, Желіктірген айтаққа, Арақ ішпей мас болса. Ел тыныш болса азады, Ерігіп өле жазады. Үйде отырса салбырап, Түзге шықса албырап, Кісіні көрсе қылжаңдап, Қалжыңшылсып ыржаңдап. Өз үйінде қипаңдап, Кісі үйінде күй таңдап, Ақылы бар кісіні Айбаттайды,* даттайды. Ауқаты бар туғанды Қайырсыз ит деп жаттайды. Мал мен бақтың дұшпаны, Кеселді пысық көбейді, Күшік иттей үріп жүр, Кісіден кеммін демейді. Қу тілменен құтыртып, Кетер бір күн отыртып, Қызмет қылған кісісін Құрытуға таяйды. Қылып жүрген өнері: Харекеті — әрекет. Өзі оңбаған антұрған Кімге ойлайды берекет? Кімді ұялып аяйды? Расы жоқ сөзінің, Ырысы жоқ өзінің, Өңкей жалған мақтанмен Шынның бетін бояйды. Бұл сөзімде жалған жоқ, Айтылмай сөз қалған жоқ, Абайлаңыз, байқаңыз — Елдің жайы солайды Тапсырма Топтық жұмыс. «DEAL» Берілген үзінді бойынша топпен жұмыс. 1 топ D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу). 2 топ E –Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу). топ A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау). топ L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру). Дескриптор: Мәтіннің негізгі мазмұнын баяндайды. Мәтін бойынша не білгендерін түсіндіреді. Мәтінге талдау жасап себептерін түсіндіреді. Қорытынды жасап, өмірмен байланыстырады. |

рі байланысКері байланыс
|
|
|||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Абай аудармаларына шолу |

Аудармашылық шеберлігі, көркемдік қиял, еркін аударма, аудармаларындағы ұлттық бояу нақыштар, қоғам мен заман сырының мән-мағынасын талдау; |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Аудармашылық шеберлігі, көркемдік қиял, еркін аударма, аудармаларындағы ұлттық бояу нақыштар, қоғам мен заман сырының мән-мағынасы, ақын аудармаларының негізгі тақырыбын талдау; |

Психологиялық ахуал. «Жүректі тазарту» Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі ойындағы кірбіңді, ренішті, қолай- сыз көңіл күйді жазу ұсынылады. Жазып болғасоң қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен көтеріңкі көңіл күймен сабақ басталады |
||||
|
Сабақтың ортасы
30 минут |
Бейнебаян көрсету
«Кинометафора» әдісі Абай. 1- желі. https://youtu.be/kwRigdqAKNM (Кері байланыстан туған сұраққа жауап) - Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі – Абайды оқығандар, екіншісі – Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер – Абайды оқымағандар. Біз қайсысына жатамыз (ой бөліс) Мағынаны тану: Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған) Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Евгений Онегині» тек Әзірбайжанда ғана аударылған. Евгений Онегинді сонан кейінгі аударған - Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен бұрын Сарыарқада жатқан Абайдың дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған Пушкинді танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс. Абайдың өмірбаянын жазған тарауда Абай 70-80 жылдардан бастап орыс мәдениетіне түгелдей бет бұрды, орыстың ол кездегі алдыңғы қатардағы идеясымен танысып, оларға Сарыарқадан үн қосушы бірінші ақын да Абай еді дедік. Демек, болашағы мол ұлы орыс халқының тез ілгерілеуіне бөгет болып отырған аграрлық-патриархалдық патшалық Россияның құрылысын, әлеумет өміріндегі әртүрлі кемшіліктерді қатты шенеп, соларды жою арқылы Россияны алға апаруға күш салған, ол жолда шатқалаң қиын соқпақтарға кездесіп, талай қиыншылықтарды бастарынан кешірген Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларының Абайға ұнауы, олармен өзінің мұңдас болуы, осы елдердің ұлы ақындарының идея-тілектерінен туды. Крылов жазған «Қасқыр мен қозы», «Қарға мен түлкі» оқиғалары ол кездегі қазақта да аз емес болатын. Сонымен қатар орыстың ұлы ақындарының жалпы адамгершілікке үндеген әртүрлі мысалдары мен үлгілі өлеңдері, өз елінің басшысы, ұстазы боламын деген кемеңгер ақынға осы жағынан да дәл келді. Екінші, Пушкин, Лермонтовтардың шын мәніндегі искусство иелері екендігін Абай жақсы ұғынды. Абайдың аудармаларының характеріне жалпы шолу жасасақ, жоғарғы ақындардың кез келген өлеңдерін аудара бермей, таңдап, талғап аударғанын көреміз. Абайдың аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не философиялық терең ой, не үздік көркем өлеңдер болып келеді. Крыловтың мысалдары, «Теректің сыйы», «Тұтқын», «Татьянаның Онегинге», «Онегиннің Татьянаға» жазған хаттары, тағы басқа осылар тәрізді атышулы өлеңдер. Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, әдеби сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді. Оларды қазақ өз ақындарындай сүйді. Абайдан кейін әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» («Кинжал»), «Жалғыз жалау жалтылдап» өлеңдерін білмейтін адам аз шығар. Сөйтіп Абайдың аудармалары мәдениетті, үлкен идеяны қолдаушы басқа елдердің ұлы ақындары мен қазақ жұртшылығы араларындағы дәнекер болды. Абайдың ұлттық шеңберден шығып, жалпы адам баласына ортақ идеяны көксеген, интернационалдық жүректің иесі ақын екендігін орыс жазушыларына көзқарасының өзі-ақ дәлелдейді. Жастарға үлгі ал, өнеге үйрен дегенде қазақтан емес, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқтыларды мегзеді: Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой, Я тілмаш, я адвокат Болсам деген бәрінде ой. Бұл сөзден Абай өз халқын жек көрді деген ұғым тумайды. Абай айналасындағы әлеумет өмірін, «ел еркесін» сынағанда, өмір уын ішіп, бүк түсе қайғырғанда сол халық үшін қайғырып, халық қамы үшін өмірден тыныштық көре алмайды. Бар өмір, бар асылын сол халық үшін жұмсады. Бірақ ол кезде қазақта Салтыков пен Толстой жоқ еді. Ендеше өмірге адамгершілік көзбен қараған, интернационалдық жүрегі бар Абай сияқты ақынның объективтік көзқарасы Салтыков, Толстойды қазаққа үлгі еткізді. Енді аударманың құрылысы жағына келсек, Абай аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады. Біріншісі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда, Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі тоникалық, не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі силлаболық өлең құрылысына жатады. Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұйқастырып, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады. Қазақшасы: Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт дел-сал қып, Түн басады салбырап. Шаңдай алмас жол дағы Сыбдырламас жапырақ, Тыншығарсың сен дағы, Сабыр қылсаң азырақ...
Орысшасы: Горные вершины Спят во тьме ночной, Тихие долины Полны свежей мглой. Не пылит дорога, Не дрожат листы, Подожди немного - Отдохнешь и ты...» (227) Осы өлеңнің соңғы төрт жолы орысшасына дәлме-дәл. Әрине алдыңғы жолдарын да дәл емес деуге болмайды. Бір тілден екінші тілге аударғанда, сөз орнының ауысуы, бір сөздің орнына басқа синонимдер алу - аударманың жалпы заңы. Оның бұдан басқа да бірнеше аудармалары - «Жалғыз жалау жалтылдап», «Қонады бір күн жас бұлт», т.б. дәлме-дәл аудармалар. Абайдың дәл аудармаларының және бір түрі деп «Онегиннің сипаты» (Пушкин), «Қанжар», «Жолға шықтым», «Теректің сыйы», «Дұға», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Еврей күйі» (Лермонтов) атты өлеңдерін айтуға болады. Мұнда өлеңнің буыны, ұйқасы сақталмайды. Орыс тіліндегі өлеңнің буындарының аз-көбіне қарамай, бәрін де қазақтың он бір буынды қара өлең ұйқастарымен аударады. Лермонтовтан аударғандарының көпшілігі шалыс ұйқас (а-в-а-в-), Абайда (а-а-в-в-) көпшілігінде - қара өлең ұйқасы. «Онегиннен» аудармасында осылай тәрізді буын ұйқастары сақталмайды. Бірақ бұларды да дәл аудармалардың қатарына қосуға мүмкіндік беретін және бәріне тән бір нәрсе - түпнұсқадағы автордың айтайын деген ойын толық сақтап, ондағы образдарға дәл келетін қазақша баламасы бар образды сөз табу. Жоғарғы аталған өлеңдердің қайсысын алсақ та, осы жүйені берік сақтайды. Ақпаратпен жұмыс: Жұптық жұмыс.
ПТМС формуласы Позиция «аудармаларының
тілі » Мысал (мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....) Салдар(қорытынды жасаймын....) |
https://youtu.be/kwRigdqAKNM |

рі байланысКері байланыс «ҚҚҚ кестесі»Маған қызықболған 2 нәрсе Маған қиын болған2 нәрсе Маған құнды болған 2 нәрсеЖи |
|
|||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Лермонтов өлеңдерінен аудармалары «Тұтқындағы батыр», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңдері |

Абайдың Лермонтовтан
аударған «Тұтқындағы батыр», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңдері,
орыс классиктерімен
үндестігі |
||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Абайдың Лермонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңдері, орыс классиктерімен үндестігіне талдау; |

Бейнеролик. «Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді»
Балалар, көрсетілген бейнероликтен не түсіндіңдер? - Өздерің өмірде жақсылық жасайсыңдар ма? - Жақсылық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? - Олай болса, бүгін біз «Жақсылық - жан азығы» деп аталатын үлкен тарауымызды бастаймыз. |
https://www.youtube.com/watch?v=9qewvkzdvv4&fe -ature=yout |
|||||||||||
|
Сабақтың ортасы
30 минут |
Бейнебаян көрсету
«Кинометафора» әдісі Абай. 1- желі. https://youtu.be/kwRigdqAKNM (Кері байланыстан туған сұраққа жауап)
«Өзіңе сенбе, жас ойшыл...» - М Ю. Лермонтовтың «Не верь себе» атты өлеңінің 1893 ж. Абай тәржімелеген нұсқасы. Көлемі орыс ақынында да, қазақ ақынында да 40 жол. Осы сом бітімді, сондайлық шебер келістіріп жасалған поэзиялық туынды Лермонтовтың ауыр азап шеккен бұқара халықтың халіне үлкен жанашырлық, жақындық сөзіммен қарағанына толық дәлел бола алады. Қорлықта, езуде жүрген, есесі кетіп, еңсесі түскен кедей-көптің қажырлы беріктігін, жасу, налуды, күйініш, күйреуіктікті білмейтін орасан төзімділігін айтып сүйінсе, бұқараның осындай қиын хал-жайын білмей нағыз өнімді, өмірлік күші бар поэзия туғызу мүмкін емес деп қорытса, мұның халыққа қамқорлық еткендік, оның қамын жегендік екені даусыз. Орысша нүсқасы:
«Не верь, не верь
себе, мечтатель молодой, деп түпнұсқаға сәйкес аударады, одан әрі орыс ақынымен еркін жарысса да, қалай да онымен үндес шығып отырады. Жас ақынға айтылған өз көңіліңнің күйіне көп беріліп кетпе, жеке басыңның мұңы кімге қажет, егер елдің мұңын, қайғысын айта алмасаң, сенің өлеңің кімге дәрі деген ақыл-өсиет түріндегі ойды Лермонтов бейнелеп айта келіп:
«Не выходи тогда
на шумный пир людей
«Көз болсаң қайғы,
я зарға Лермонтов жас ақынның құрғақ қиялдан туған өршіл, өктем сезімге толы поэзиясын елірген, долы жас әйелге теңесе («бешеная подруга»), Абай жүген-құрық тимеген асаумен салыстыра сипаттайды. Ал орысша түпнұсқасының соңғы шумағындағы жас ақынның әрекетін театр сахнасында трагедиялық актердің жасанды, ойыншық семсерін оңды-солды сермеуіне ұқсатып бейнелейтін тұсын Абай теңеудің өзін алмай тек мағынасын ғана жеткізеді. Абай дәл осы салыстыру ол заманда, театр өнері әлі өріс алмаған ортада әсерлі бола қоймайтынын ескерген секілді. Оның есесіне Абай өлеңдегі ауыр азап көрсе де шыдамы берік көпшілікке мазақ болма деген ойды ширата түсіп:
«Күлкі болмай,
қой, жаным, Өлең 7,8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғашқы рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Туынды басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1945, 1954, 1957 жылғы басылымдарда 1-шумақтың 4-жолы «Ызаға тұтқын бой мең-зең» болса, 1977 жылғы басылымда бұл жол 1909 жылғы жинақ негізінде «Ызаға тұтқын бойың-зең» делінген. 1945, 1954 жылғы басылымдарда 5-шумақтың 2-жолы «Құрсатып тілді ұмтылтып» болып берілсе, 1957, 1977жылғы жинақтарда 1909 жылғы басылым бойынша «Құрсатса тілді ұмтылтып» ретінде алынған. 1945, 1977 жылғы басылымдарда 8-шумақтың 3- жолы «Күн көріп жүр күліп-ақ», ал 1954, 1957 жылғы басылымдарда бұл жол «Күн көріп жұрт күліп-ақ», сондай-ақ 1945, 1954, 1957, 1977жылғы жинақтарда 9-шумақтың 4-жолы «Тарттырмап па дүние зар», 1909жылғы басылымда «Тарттырмай ма дүние зар». «Тұтқындағы батыр» өлеңі Лермонтов шығармасын Абай бұлжытпай дәлме-дәл аударған. Түпнұсқадағы көркем салыстыруларды да Абай бейнелілік сипатын, нақтылық, қарапайымдылық қасиетін толық сақтай отырып, шебер жеткізеді. Мысалы , орыс ақынының:
«Быстрое время
- мой конь неизменный, - деп келетін өлең шумағы мен қазақ ақыны аударған:
«Уақыттай өзі
жүйрік ат мінезім, - деген жолдарын қатар қойып қарасақ, мағынасы жолма-жол сәйкес шығатынын байқауға болады. Алайда, бірлі-жарым еркін аударылған жолдары да бар.Мысалы , Лермонтов өлеңінің аты - «Пленный рыцарь», Абай қазақша «Тұтқындағы батыр» деген ұғымды қолданады, ал, ол батырдың серілік сипаты «дұға» оқып, талай тойда «өлең айтып жүрген» мінезінен байқалады. Рас, Абай оның сондағы айтқаны сүйгенін мадақтаған жыр еді деп айқындап жатпайды. Лермонтовтың өлеңі, Абайдың аудармасы да бастан-аяқ сол қамаудағы тұтқынның аузымен айтылып, соның көңіл-күйін білдіреді. Ол қараңғы қапаста отырып, тек терезеден «көгерген көктің жүзін», жарық сәулені, аспанда еркін ұшып жүрген құстарды көріп қапа болады, бұрынғы еркін өмірін, майданда «қайрат қылған» кезін еске алады. Қазіргі жағдайын бұрынғы кезімен салыстырып, ерекше тапқырлық таныта сөйлеп, тас дулыға, тас сауыт киіп жатырмын, киімімді оқ пен қылыш бұзбастай, тек астыма мінген атым жоғы ғана болмаса дейді.Өтіп жатқан уақыт - жүйрік атым, торлы терезе - киген сауытым, жатқан үйім - тас дулыға, шойын есік - шарайнам, қалқаным деп түсіндіреді. Жүйрік уақыт қажытпай қоймас, бұл азаптан өліп құтылуға ғана болатын шығар деп, өлімнен қорықпайтынын да айтады. Жарық дүниені бір көруге зар болып жатқан сорлы тұтқынның сөздері арқылы азаттықты, бостандықты аңсау идеясы сол өлеңде айрықша көркемдік шеберлікпен жеткізілген.Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен (-а, -а, -б, - а) жазылған.
«Төрт сөйлем» әдісі арқылы мәліметтер жинақтай отырып, тақырып бойынша сызба-кесте толтырыңыз.
|
https://youtu.be/kwRigdqAKNM |
|||||||||||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
«Ашық микрафон» әдісі Сабақты бекіту үшін оқушылар өткен
тақырыпқа байланысты сұрақ құрастырып, басқаларға
қояды. |
|
|||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
рі байланыРефлексия «Табыс ағашы» Сабақ барысындағы іс-әрекетіңізді талдап, жазып іліңіз.
|
|
|||||||||||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||||||||||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Масғұт» поэмасы |

Поэманың тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы, поэмадағы шығыстық сарындар, ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы, поэманың тәрбиелік мәні; |
||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Поэманың тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы, поэмадағы шығыстық сарындар, ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы, поэманың тәрбиелік мәнін таниды; |

Қызығушылықты ояту3 мин «Бес қадам»
1. Абай өлеңдерінде көрініс табатын 5 құндылықты атаңыз. 2.Абай өміріне қатысты 5 мәлімет ата. 3. Абайдың 5 туындысын ата. «Сөздік гол» әдісі Оқушылар бірнеше сөзді тауып жазулары керек, алғашқы болып аяқтаған оқушы «гол» деп дыбыстайды. Оқушылар жасырынған сөздер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды |
Түрлі түсті көбелек қиындылары |
|||||||||||||
|
Сабақтың ортасы
30 минут |
Бейнебаян көрсету Дастанның сипаттамасыӘрқайсысы 4 тармақты 44 шумақтан тұрады. Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бүның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады. Ең әуелгі басты кейіпкердің аты - Масғұт. Оның тіршілік еткен шаһары - Бағдат қаласы. Заманы - Һарон-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мүсылмандардың дін аңыздарыңда жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол сол айтылған аңыздар бойынша өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр замаңда, әр ортаның адамына оқта тектебақ дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай поэмасының негізі шығыс аңызынан алынған дейміз. Жалғыз-ақ Абай аңызды өзінің адамгершілік үгітіне мысал етіп, өзіндік ойларын тарату жөнінде үлкен кәдеге жаратады. Поэмада Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес, Қыдырдың қыдырлығын да баяндамақ емес. Олардың барлығы да - поэманың идея жағынан қарағанда, тек бір көмекші қосымша хал мен жайлар. Анығында олар шартты түрде алынған аңызды жалпы шартты орта деуге болады. Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Бұл жағынан қарағанда, Масғұт қай заманның адамына болса да, Абайдың ұғымынша, үлгі боларлық, жоғары дәрежедегі ұжданды адамнравственная личность. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғүтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді. Оның белгісін және шартты түрдегі аңыздық бояуды алыптастап қарасақ, айқынырақ көреміз. Қыдыр шал ұсынатын үш жеміс сол аңыздық бояу десек, ол Масғұттай өнегелі жастың ішінен сырын, қасиетін ашуға арналған оңай ғана бір сылтау десек, соның ар жағында керінетін Масғұт қандай боп танылады. Ол ақылдылықтан қашады Байлықтан қашады. Соның екеуін де сынап, талғап отырып жиреніп шығады. Сол Масғүттың ақылдан қашуы Абайдың өз басындағы, өз ортасындағы күйге аса жақын келеді. Ол көп айтатын шерлі уайымы бойынша, көп наданның арасындағы бір жалғыздың хәлін қандай трагедиялық, ауыртпалық хал деп отыр. Масғұтқа Абай сол өз басының аянышты күйін айтқызып отыр. Байлық турасында сөйлегенде де, Масғұт Абай заманындағы бай менен сол байлық аздырып жүрген байдың өзін де және оның қоршау-қошаметтерін де сынайды. Кейін Масғұт қызыл жемісті алғанда, жеңсікшіл, нәпсі құмар көп жастың жолынан жырақ шығады. Ол әйелді, ең алдымен, адамзаттың қақ жарымы деп түсінеді. Әйелдің достығын ерекше қадір түтады. Адам баласына дос боламын деген үлкен адамгершілік талапты өз өмірінің мақсаты етіп қояды. Ер жынысы мен әйел жынысы адамдық алдында терең дәрежеде бағаланады. Осы ойлардың барлығы да біз тексеріп өткен Абай шығармаларында ақынның өзі көп үгітпен көркем жырлар, терең ойлар тудырған тақырыптары емес пе еді? Ендеше, Масғұт аузыменен Абай өз заманындағы, өз ортасына қанықты болған жайларды айтады. Үлкен гуманист ақын сол өзі тартпақ болған мораль философиясын жаңа түрде шартты мазмұнға байланыстырып үсынып отыр. Сөйтіп, шығыстан келген аңыз, мағыналы мазмұны бар легенда немесе притча ақынның өз ойын баяндауда керекке жаратылған шығармашылық материал ғана болып отыр. Абайды поэманың оқиғалары қызықтырып жетелемейді. Ол оқиғаларды, адамдарды барлық мінез істерімен, сөздерімен Абай өзінің дағдылы идеясына қарай пайдаланады. Сөйтіп, бұл поэманың өмір оқиғасынан, тартысынан тумайды. Қайта сол оқиға, тартысының бәрі ақынның ақылынан туады. Осындай сюжетті әңгіме құруда, суреттеп көрсету орнына, баяндағыш ойды басшы ету арқылы Абай бұл поэмасының композициясын ойдағыдай толық көркем, түтас етіп шығара алмаған. Ол, әсіресе, осы поэманың екінші белімінен аңғарылады. Композициялық құрылыста логика болмай кетеді. Өйткені, тұтас күрделі сюжеттік құрылысының шартына бағынса, Масғұттың қызыл жемісті жегеннен кейінгі іс-әрекеттері баян етілгенін көрсек керек еді. Ал, Абайда ол шықпаған. Масғүт қызыл жемісті жеп, әйелдердің достығын алудың орнына, ақылды кісі болып шығады. Іс жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақ жемісті жеген кісі боп, үлкен ақыл иесі боп, тіпті, Шәмси-жиһіан атанады. Ақыл-парасаты арқылы ханның күңі болған делінеді. Дұрысында, поэма оқиғасының алғашқы белімінде жеткен өрісі бойынша, әйелдер достығынан туған мінез оқиғалар, соның айнапасындағы тартыстар поэманың екінші белімінің үлкен өрісі болу шарт еді. Ал, Абайда - Масғүт бар әйел қауымы түгіл, бір әйелдің достығына да душар болмайды. Оның үстіне поэманың соңғы беліміндегі «жынды су» мотив және одан туатын «жұртың жынды болса, ақылды болма, қосажынды бол!» дейтін қорытындылар бұл поэманың алғашқы бөліміндегі мінез бен істерге логикалық жагынан да қиыспайды. Оқыстан туған оқшау халдер есепті болады. Рас, екінші бөлімдегі «жынды су» арқылы туатын өрескел өзгерістер мағынасыз емес. Ол да Абайдың кейбір сорақы құбылыстарға қатты мысқылмен, үлкен сатиралық сынмен қарайтынын танытады. Поэма дәл осы жәйін жаңағы айтылған жалпы күйлерден бөліп апады. Бұнда да Абайдың бұрынғы өзіндік өлеңдеріндегі сыншыл, әжуашыл ойларды көреміз. «...Есер, есірік болмасаң Тіршіліктен пайда жоқ...» - дейтуғын ызалы, ащы мысқылдарын еске түсіреді. Сөйтіп, қорыта айтқанда, Масғұттағы идея - араб, шығыс аңызының идеясы емес. Ақын шығармаларының бұрын басқаша жанр, стильде айтылып жүрген идеялары болады. Бірақ сол жайлары заманындағы халдерден туған сыншылдық ойлар болғандықтан, ескі Бағдат тонын кидіргенше, өз тұсындағы қазақтың өзіндік тіршілігінен алып, сюжетті сол болмыстан құрастырып қиюластырса, шығарманың басты идеялары оқушыларына орағытып жетпей, төтелей жеткен болар еді. Оқиға ментіл, аңыз материалы бойынша Абай қазақ оқушысына бөтен реальностьтармен сөздерді қолдана отырады. Бөтен аттар арабтан алынғандықтан, араб сөздері кездеседі. Бірақ, өлеңдік түр жағынан қарағанда, бұл шығарма төрт жолды шумақтан, 11 буынды жолдардан құралып,анық қазақтың өз үлгісіндегі дастандар түрінде жазылады. Түп идея Арабстанда болған оқиғаны айту емес, Абайдың өзінің қақ қасындағы сол күнгі қазақстандық шындықтарды білдіруге арналғандықтан, поэманың жаңағы аталған өлеңдік түрі идеялық мазмұнымен байланысты туған болады. Дастанның толық нұсқасын оқушыларға ұсыну. 1-тапсырма: «Масғұт» поэмасын топ ішінде «Самаралық әдіспен» кезектесіп оқу арқылы тақырыбы мен идеясына және көркемдік маңызына тоқталу 1.Поэманы үзінділерге бөліп оқиды. 2.Топ ішінде оқылған үзінділерді өзара талқылайды. 3.Берілген үзінділердің мазмұнын ашатындай 9-10 тірек сөз жазады. 4.Үзіндіні қайта оқиды. 5. Әрбір топ ішінен бір оқушы үзіндіні мазмұндап береді. (Қ) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. 2-тапсырма Жұпта дәптерге шығарманың композициялық құрылысына талдау жасаңыздар. Сынып болып, талқылау жасаңыздар, өз талдауыңызды түзетіңіздер.
|
https://youtu.be/kwRigdqAKNM |
|||||||||||||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
2.Топ мүшелері
себеттен 1 сұрақтан алып жауап береді.
|
|
|||||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
рі байланысКері байланыс Рефлексия «Табыс ағашы» Сабақ барысындағы іс-әрекетіңізді талдап, жазып іліңіз
|
|
|||||||||||||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||||||||||||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Масғұт» поэмасындағы шыңыстық сарын |

Ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы, поэманың тәрбиелік мәні; |

Оқушыларға поэма мазмұнын толық түсінуге бағыттауда сөздік жұмысы және композициялық құрылысына талдау жасатылып, шығарманың идеясын тани алады |

||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Қызығушылықты ояту3 мин «Миға шабуыл» стратегиясын қолдана отырып, үй тапсырмасына дайындық дәрежесін білу 1.Абай Құнанбаевтың қандай шығармаларын білесіздер? 2.Поэманың негізгі тақырыбы не? 3. Поэманың идеясы қандай? 4. Басты кейіпкерлері кімдер? 5.Олардың тағдырлары арқылы не айта аласыңдар? Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстыру. |

Бейнебаян
көрсету Абайдың «Масғұт» атты поэмасындағы алғашқы мазмұн, яғни, Масғұтқа Қыдыр шалдыңақ, сары, қызыл - үш гүл таңдатуын баяндайтын бөлімі мен Тургеневтің «Шығыс аңызы» («Восточная легенда») атты әңгімесі бір-біріне уақиға желісі жағынан ұқсас келеді. Абай: «Арун-Рашид халифа заманында, Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт...» - деп бастап, сол жігіт бас салып, тонап жатқан жерінен шалды арашалап алғанын айтса, Тургеневтің баяндауында да әңгіме солай басталады. Тек жігіттің есімі Джиаффар (Жапар) делінген. Риза болған шал Масғұтқа бір гүлдің басындағы үш жемісті таңдатып:
«Ағын жесең, ақылың жаннан асар, - десе, Тургенев әңгімесінде шал жігітке бір ағашқа өсіп тұрған үш жемісті таңдатып, ағын жесең - жаннан асқан ақылды боласың, қызылын жесең - бай боласың, сарысын жесең - әйелдер сені жақсы көреді дейді. Масғұт елден бөлек ақылды болсам, ақылсыз, арсыздарды көргенде, көңілде тыныштық тұрмас, бай болсам, жұрт күндер деп, екеуінен бастартып:
«Қызылды жесем,
мені әйел сүйер, - деп, қызыл жемісті таңдаса, Жапар тым ақылды болу бір азап, бай болсаң, елдің бәрі көре алмайды деп, жесең, сені әйелдер ұнатады деген сары жемісті таңдайды. Мың бір түн сипатыУақиға Бағдатта, Арун-Рашид халифаның заманында болған деп айтылғандықтан, алдымен «Мың бір түн» әңгімелері ойға оралады. Апайда, бізге белгілі «Мың бір түн» әңгіме-аңыздарынан дәл осы мазмұн кездеспейді. «Мың бір түн» әңгімелерінің М. А. Салье аударған орыс тіліндегі сегіз томдық жинағында оныншы түнінде айтылған әңгімеде Арун-ар-Рашидтіңуәзірі Жапар аталады. Сонда «Мың бір түннің» бізге белгісіз толық бір нұсқасында осы мазмұн бар-ау, соны Абай мен Тургенев білген-ау деп жорамал жасасақ, бұл мазмұн алғашқы түндердің әңгімесінде болуға лайық. Бұл мазмұнның өзінше бөлек ауызша айтылуы, таралуы да мүмкін. Кезінде Тургеневті зерттеуші белгілі академик М. А. Алексеев осы әңгіме жайында сұрағанымызда, бұл өзі орыс жазушының шығармасындағы бір оқшау тұрған бөлекше мазмұн, ол оны атақты шығыстанушы Н. В. Ханыковтан (1822-78) ауызша естіп білуі мүмкін деген пікір айтқан еді. Ал, Абай болса, шығыс әдебиетімен жақсы таныс, аңыз-әңгімелерге қанық болған ғой. Сондықтан Тургенев білген мазмұнды оныңда білуі әбден қисынды. «Дастарқан» стр. бойынша төменде берілген сөйлемдерді толықтырыңыз. Поэмада көтерілген мәселелерге пікірім____________________________________________________ ________________________________________________ Поэмадағы ең маңызды оқиға. Неге?________________________________________________ Поэмадағы ең маңызды дәйексөз, себебі: ___________________________________________
Дескрипторлар:
Алдымен оқушылар жеке жазады, топта ортаға салып, ойларын толықтырып топпен дастарқанның ортасына жазады. «Карусель» стр. бойынша жұмыстарын сағат тілімен ауыстырады. Жұмыспен 2 топ танысып, коментарий қалдырады. 1 топ сарапшы парағы Шығармадағы ел бірлігінің көрініс табуы мен оны автордың шығарма идеясында танытудағы қызметін анықтап, талдап жазыңыз. Осы құндылықтың әлем әдебиетінде дәріптелуі қай шығармада кездесетінін жазыңыз.
2 топ сарапшы парағы Шығармадағы әйелді құрметтеу, әйелмен достық қатынаста болудың көрініс табуы мен оны автордың шығарма идеясында танытудағы қызметін анықтап, талдап жазыңыз. Осы құндылықтың әлем әдебиетінде дәріптелуі қай шығармада кездесетінін жазыңыз.
3 топ сарапшы парағы Шығармадағы адамгершілік құндылықтың көрініс табуы мен оны автордың шығарма идеясында танытудағы қызметін анықтап, талдап жазыңыз. Осы құндылықтың әлем әдебиетінде дәріптелуі қай шығармада кездесетінін жазыңыз.
4 топ сарапшы парағы Тургеновтің «Шығыс аңызы» әңгімесімен салыстырыңыздар. Ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, дәлелдеңіздер. (Жанрын, стилін, тілін, кейіпкерлерін)
Топтарға тапсырма орындауға А3 парақтары беріледі. Белгіленген уақыт аяқталғанда жұмыстарын «карусель» әдісімен сағат тілі бойынша алмастырады. Өздері танысқан жұмыстың астына коментарий жазып отырады. Топтар түсініксіз сөздермен сөздік жұмысын жүргізеді.

«Әзім әңгімесі» |

Поэманың «Мың бір түн» хикаяларымен үндестігі, Абайдың поэмасына желі, арқау болған уақиғалар, поэманың аяқталмағандығы, шығыстық хикаяларды ақын өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға пайдаланып, көпке үлгі етуді мақсат еткендігі. |

Бейнебаян көрсету «ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ» - Абайдың аяқталмай қалған дастаны. Бұл поэманың тақырыбы«Мың бір түн» ертегісінен алынған. Қазақ ортасында ауызша көп айтылып жүретін «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» деген ұзақ ертегі болатын. Сол ертегінің ішінен жас бала Әзімнің жетімдік шағы, жігіттік кездегі басынан кешетін бейнет соры, кейін барып өзінің туралығы, жазықсыздығы арқылы арманына жететін оқиғалары Абайдың поэмасына желі, арқау болған тәрізді. Бұл поэманың ішінде Абайды қызықтырған тағы бір адам аяр шал болады. Ол шалдың кәсібі өзгеше. Қара тасты алтын ететін амалы бар. Осындай әрекет соңына түскен адамның жайы шығыста, ертегі ғана емес, химия ғылымы деп аталып жүретін алхимия жайынан туған неше алуан жасырын сырлы әңгімелер бар-ды. Ондай әңгіме-нанымдар шығыста ғана көп жайылған емес. «Философский камень» дейтұғын қара тас пен қара металды алтынға айналдыратын ғажайып сырлы бөлекше бір затты іздену орта ғасырлық Европада талай фантастикалық әңгіме, аңыздар тудырған. «Мың бір түннің», «Әзім әңгімесі» сол жаңағы жайдың шығыста да езгеше орын алатынын аңғартады. Бірақ халықтың сыншыл ойы кейін ол әрекеттер арасында болып жүретін неше алуан арамшылық, аярлықтарды танытады. Көпті алдап жем ететіндерді өзінің әңгіме, аңыздарымен әшкерелейтін болады. Абай шығыс ертегісінің осындай өзгеше мән, тартыстарына қызыққан болу керек. Поэманың бастауына қарағанда, әкесі өлген жазықсыз, тәжірибесіз жас баланың аярға кездесіп, алданған бейнесі керінеді. Бірақ, бұл поэма Абайда аяқталмай қалады. Өз уақытында аяқталған болса да жалғыз ғана қолжазба болып, мезгілімен көшірілмей, тозып-шашылып кетеді. Сөйтіп соңғы бөлімдері жоғалып қалады. Сондықтан қолда қалған үзіндісі бітпеген поэма болып басылып жүр... «Масғұт», «Ескендір» поэмасынан мына поэманың жазылу үлгісі басқарақ. Бұнда Абай Пушкиннің орыс ертегілерін балаларға арнап, өлең еткені тәрізді жеңіл тілді, қызық оқиғалы әңгіме жасамақ сияқтанады. Халық аузындағы әңгіменің өзін ғана барлық оқиғаны рет-тәртібімен жеңіл өлең етіп берудің талабы танылады. Ал өлеңдік құрылысына, кейбір сөз кестелерінің, ұйқастарының оншалық Абай шығармаларына лайықты шеберлікке сай келмейтініне қарағанда, бұл поэманы оншалық жоғарғы дәрежедегі көркем шығарма деуге келмейді. Біздің ойымызша, 1927 жылы осы поэманың тексін Абай шығармаларын жинаушыларға табыс еткен Ырсайдың Ысқағы Абай поэмасының ұмытылған немесе ескірген, қолжазбада өшіп қалған кейбір жолдарын өз жанынан да «төлеу» салып, аламыштап жіберген сияқты. Өйткені поэманың кейбір ұйқастары, кей кезде жол ішінде сөз құраулары Абайдың ақындық шеберлігіне, поэтикалық лексикасына жанаспайтыны да бар. Бұлай болмаса, поэма Абайдың тіпті ерте кездерде өзінің ақындық күшін алғашқы тәжірибе ретінде, әр тақырыпты байқастап жүрген кезінде туған, алғашқы нұсқасы есепті бір вариант болуға керек... Дастан 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет ақын шығармаларының 1933 ж. жарық көрген толық жинағында жарияланды. Қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тілдеріне аударылған.
Концептуалдық кесте
|
https://youtu.be/kwRigdqAKNM |
|||||||||||||||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
Суреттерге қарап оқиға желісіне сипаттама бер. 1. «Әзім әңгімесі» поэмасындағы оқиға қай ертегіден алынған? 2. Поэмада не жайында айтылады? 3. Ақын көпті алдап жүрген адамдардың аярлық мінезін қалай сынайды? 4. Поэманың негізгі идеясы не?
|
|
|||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
|
|
|||||||||||||||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||||||||||||||
|
САБАҚ: |
Мектеп: |
||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||
|
Сынып: 10 |
Оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Шығармашылық жұмыс |

Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу |

Тапсырмалар жинағы:
|
https://youtu.be/kwRigdqAKNM |
|||||||||||||
|
Сабақты бекіту 3 минут |
«Мен таныған Абай» эссе жазу, сыныпта талқылау. |
|
|||||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
«Facebook» хабарламасы Оқушылар бүгін не үйренгені туралы хабарлама /SMS/ жазады. Стикерге жазып, тақтаға әкеліп іледі. |
|
|||||||||||||
|
Үй тапсырмасы |
|
|
|||||||||||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абайтану қмж

шағым қалдыра аласыз
егінде
адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен
озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де -
ақымақшылық.