Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
абайтану қысқа мерзімді сабақ жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ жоспары
|
Абайтану |
|
|
Күні: |
07.09.2020 жыл |
|
|
сыныбы |
10 «А»сынып |
|
|
Пәні |
Абайтану |
|
|
Пән мұғалімі |
Агайдарова Г |
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Кіріспе «Мен бір жұмбақ адамммын, оны да ойла» |
||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
Өлеңнің тақырыптық - мазмұндық сипатын табу Шығармашылыққа шолу жасау |
||
Сабақтың мақсаты |
1 Өлеңнің тақырыптық - мазмұндық сипатын табады,ақынның шығармашылығына шолу жасайды 2 Шығарманың өзіндік ерекшелігін талдайды. 3 Бүгінгі заман Абайына мінездеме береді |
||
|
|
||
|
|
||
|
|
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс- әрекеті
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
Сабақтың басы |
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу) |
Суреттер арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді |
шапалақтау |
Суреттер Бейнеленген қима парақшалар |
Сабақтың ортасы |
«Кластер» әдісі арқылы Абай Құнанбаев өміріне қатысты бұрыннан білетін ақпараттарды жинақтайды. Жүзеге асыру қадамдары: 1. Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығына қатысты тақтада кластер жасау. 2.Оқушыларға осы бағыттағы тақырып бойынша флипчартқа не таныс соны жазғыза беру. 3.Жазуды топта талқыға салуға, топ атынан сөйлеуді ұсынады. 1-тапсырма 1. Сабақтың тақырыбын хабарлау. «Даталар тізбегі» тапсырмасы.
|
Топтық жұмыс Топ мүшелері берілген тапсырмаларды өзара бірлескен әрекет барысында орындай отырып, талдау жасайды. Әр оқушы жеке орындайды |
Қошемет теу |
Power point таныстыры лымы |
|
Ой толғаныс кезеңі |
|
|
Ой толғау «Адам , сен де бір жердің перзентісің» ! Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! «Абай» фильмін көрсету. 7мин 47сек. Ән : «Құйқылжыр көңіл құсы шартарапқа» Сабақты қорытындылау . «Жүйесін тапқан сөз жүрекке жетеді» Даналық ойдан дән ізде! Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе, Адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге. Сұлтанмахмұт Торайғыров Абай шығармашылығының дені – халықтың қамын жеген, демократтық идеядан нәр алған, сыншыл реализм бағытымен суреттеген шығармалар. Тұрсынбек Кәкішев. Әрбір ұлы ақын тәрізді Абайдың ұлылығы сол – ол қай әдебиеттен үйренсе де, жалаң шәкірт боп қалмай, данышпан ұлттық ақын болды. Зәки Ахметов ... Адамшылық ой қиялы өте таза, ұлтжанды, елін – жерін сүйген кісі еді. Міржақып Дулатов |
«Абай» фильмін көру арқылы оқушылар Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсаринге салыстырмалы сипаттама береді. |
https://www.youtube.com/watch?v=Jwi2AekoQU0 |
|
|
11. Бағалау Формативті балл қою «Абай - дара, Абай – дана қазақта» эссе жазу |
Формативті бағалау |
Оқулық Абай Құнанбаев шығарма лары |
|
12.Үй тапсырмасы «Абай - дара, Абай – дана қазақта» эссе жазу |
Үй тапсырмасын жазып алады. |
|
Тексерілді:
Күні: 14.09.2020
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Cабақтың тақырыбы: Кіріспе. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла». Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру,ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Кіріспе.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелертоптастырылып берілді;
Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;
Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;
Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:
қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:
ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;
шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;
Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;
Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;
Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;
курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.
Курсты оқытудың мақсаты:
1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:
1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.
2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын,ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.
3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.
4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға,толықадам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;
Курс жүктемесінің көлемі:
10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
Абай дәуірі - Абай
өмір сүріп, шығармашылық қызметпен айналысқан кезең – XIX ғасырдың
екінші жартысы қазақ қауымының әлеуметтік, экономикалық саяси және
мәдениет өміріндегі түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Бұл
өзгерістер соншама белгілі деңгейде бір жарым ғасырға созылып, 19
ғасырдың 60 жылдарында аяқталған қазақ жерінің Россияға қосылуына
байланысты туындады. Патша әкімшілігіне өлкені отаршылдық тұрғыда
игеру үшін қазақ даласына басқарудың барлық біріңғай жүйесін енгізу
және басқа да шараларды жүзеге асыру арқылы Қазақстанды түгел
дерлік бағындыру қажет болды. Сібір қырғыздары аймағына Орта жүз
жайлаулары, Ұлы жүздің Батыс Сібір губернаторлығының қарамағындағы
бөлігі қарайтын. «Жарғыға» сәйкес бұл жерлер, болыстар мен
ауылдарға бөлінеді. Округтар қауымының рулық бөліністерін ескере
отырып, қысқа қоныстар негізінде ұйымдастырылды. 19 ғасырдың бас
кезінде патшалық құрылыстың ең басты тірегі болған сұлтандардың
экономикалық және саяси жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады. Олардың
феодалдық билеуші ретіндегі праволары мен ықпалы барған сайын
шектеле түсті. Бірте – бірте батырлар да қоғамдағы өз мәнінен
айырыла бастады. Сұлтандар өкіметінің құлдырауына байланысты алым –
салық жинайтын төлеңгіттердің де қажеті болмай қалды. Жаңа
әкімшілік құрылыс бойынша басқаратын округтарға бөлінді. Орта жүз
жері сұлтандар басқаратын округтарға бөлінді,аға сұлтандар
бұрынғыдай емес, сайланып қойылатын болды. Сайлау барысында
жергілікті патша әкімшілігі бақылау жасады. Бұдан былай билеуші
сұлтандыққа бұрынғыдай « Ақсүйек» атанған Шыңғыс әулетінің өкілдері
ғана емес, ру феодалдарынан көтерілген дәулетті адамдар да
сайланатын болды.
Ру феодалдарының ішінде руларды басқарған билердің шарты күшті
болды. Экономикалық билікті қолдарына жинақтап, сот ісін жүргізген
билер өздері басқарған рулар ішінде көптеген артықшылықтар болды.
Жерді бөлу билігі солардың қолына көшті, ру аралық соғыстар мен
қақтығыстарда саяси белсенділігі артты. «Жарғыда» билер сотына
шектеу қойылып оны бірте – бірте жалпы мемлекеттік сотпен алмастыру
көзделді. Ірі байлардың, сондай – ақ, болыстардың, сайланып
қойылатын соттардың, ауы ақсақалдарының ықпалы күшейді. Халықтың
басым көпшілігін әр түрлі патриархалдық – феодалдық қанауға
ұшыраған қазақ шаруалары құрды.
19 ғасырдың екінші жартысында өзара кереғар келетін түрлі право
нормалары: әдет (Қазақтардың әдет – ғұрыптық правосы), шариғат
(мұсылмандық право нормалары) және жалпы орыстық право нормалары
қатар қолданылды. Тарихи деректерге қарағанда Абай Павлодар,
Қарқаралы, Семей, Өскемен уездері мен Семей облысы Зайсан
приставтығы билерінің 1885 жылы ру аралық Шар съезіне қабылданған
ережені дайындауға қатысқан. Ол ұсынған жоба 93 баптан тұрды. Онда
қазақтың дәстүрлік праволық заң жүйелері көрініс тапқан, сонымен
қатар азаматтық және отбасылық – некелік қатынастарға байланысты
жаңа дәуір талабы да ескерілген. Отарлық саясаттың күшеюіне
қазақтың әдет –ғұрып заңдарының бірқатар негізгі ережелері бірте
–бірте патша өкіметінің қылмысты істер заңдары нормаларымен
алмастырыла бастады. 19- ғасырдың ортасында Қазақстанның саяси
өмірі ру аралық күреске толы болды.Бұл күресте феодалды билеуші топ
әдеттегісінше тек қана өздеріне пайдалы экономикалық және саяси
мақсаттарды көздеп, ол алауыздық қақтығыстарды бұқара халыққа ру
мүддесін қорғау жолындағы күрес етіп көрсетуге тырысты.Құнанбайдың
заңға қарсы әрекеттегі істерді қозғау ұзаққа созылды, ол 1862 жылға
дейін созылып нәтижесіз қалды. Бұл тергеудің мұнша ұзаққа созылуы –
ру аралық күресті бәсеңдету үшін ерекше жағдайларда ғана болмаса
батыл шаралар қолдана қоймайтын патша өкіметінің отаршылдық
саясатын айқын дәлелдейді. Патша өкіметі оларды әдетте отаршылдыққа
қарсы күрестен бұрып әкету үшін жергілікті жерлерде қазақ руларын
іштей өзара қақтығыстар жағдайында ұстауға тырысты.
Туған жеріне оралып, Көкше – Тобықты болысының ел билігін қолына
алып, болыстық қызметке қайта отырумен аяқталған Құнанбай ісінің
ақыры - патша өкіметінің осы саясатының айқын көрінісі. Бұл жер
тұтастығы – қандас туыстық (Бір атаның) ұрпақтары туралы түсінікпен
қатар идеологиялық мәселеде көбіне патриархалы – рулық
сарқыншақтарды мүдде тұтып, руды экономикалық және саяси жағынан
біріктіруге негіз болды. Халықтың санасындағы патриархалы – рулық
сарқыншақтар еңбекшілердің таптық сана – сезімінің қалыптасуын
кешеулетеді. Таптық күрестің дамуына тежеу болып, феодалдардың оны
өз мүдделерін қорғау үшін пайдалануларына
көмектесті.
ІІІ Сабақты бекіту: Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін құрылысына қарай талдатамын.
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ.
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!
Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін - өсекші, жүртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.
¹Ғадауат (арабша) - дұшпандық, ашу, жек көру