А.Байтұрсынов-халық ұстазы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

А.Байтұрсынов-халық ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ахмет Байтұрсынов – халық ұстазы» интеллектуалдық ойыны



Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі 7 – сыныптар арасындағы «Ахмет Байтұрсынов – халық ұстазы» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер.

Балалар оқуға бар жатпа қарап,

Жуынып киініңдер шапшаңырақ.

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеңнен күн жарқырап –

деп оқушыларды оқу мен білімге , еңбек пен бірлікке шақырған ұлы ағартушы, ұстаз, ақын, ғалым, зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың құрметіне оқушыларымыздың зерделілігін сынау -мақсатында сайыс өткізгелі отырмыз. Қатысушылар 7-сынып оқушылары. Ойын шартымен түсіндіріп өтсем. Ойын 3 бөлімнен тұрады.

* Қазақстан Республикасына қатысты сұрақтар және мақалды жалғастыру

* А.Байтұрсынұлы атамыздың өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар

* «Өз ойым» деп аталатын бөлімде оқушылар Ахмет атамыз жайында өз білетіндері мен бүгінгі сайыстан түйгенін (өлең немесе хат түрінде) жазады.

Оқушының әр дұрыс жауабына 5 балдан беріліп отырады. Сайысқа қатысушы оқушыларымыздың білімін таразылап, әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

1.

2.

3

Олай болса сайысымызды бастайық. Қатысушыларға сәттілік тілейміз.

І БӨЛІМ бойынша сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды? (1991)

Бас кеспек бар ....................... ( Тіл кеспек жоқ)







  1. Қазақстан Республикасына тән рәміздерді атаңыз

Отансыз адам ........... (ормансыз бұлбұл)

  1. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

Отан үшін күрес ................ (елге тиген үлес)

  1. ҚР – ның валютасын атаңыз (Теңге)

Ит тойған жеріне .................. (Ер туған жеріне)

  1. Өзге елде сұлтан болғанша,

......... (өз елінде ұлтан бол)

Әнұранның авторын атаңыз (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов)

  1. Туған жердей жер болмас

........... (Туған елдей ел болмас)

  1. Ұлы отан соғысы қай жылдар аралығында болды? (1941-1945)

Туған жердің күні де ыстық .......... (түні де ыстық)

  1. Тіл тас жарады ......... (тас жармаса да бас жарады)

Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры кім? ( Рақымжан Қошқарбаев)

  1. Ұлы Отан соғысының батырларын атаңыз (Б. Момышұлы, Әлия мен Мәншүк т.б)

Ел болам десең ........... (бесігінді түзе)

  1. Туған жердің қадірін ............ (шетте жүрсең білерсің)

ҚР ның тәуелсіздігін алғаш таныған ел (Түркия)



ІІ БӨЛІМ . А. Байтұрсынұлы туралы шағын бейнебаян.



  1. Ахмет Байтұрсынұлы кім? (кез –келген жауап қабылданады)

  2. Қай жылдары өмір сүрген ? ( 1872 – 1937)

  3. Ахмет Байтұрсынұлы қай қалада дүниеге келген? (Қостанай)

  4. Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» өлеңінде не туралы айтылған?

  5. А. Байтұрсынұлы қандай қызметтер атқарған? (Мұғалім, редактор, аудармашы т.б)

  6. А. Байтұрсынұлы кімнің шығармаларын аударды? ( А.СПушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон)

  7. А.байтұрсынұлының қандай мысалдарын білесіз?

  8. А.Байтұрсынұлының «Қырық мысал» атты жинағын кімнен аударған? (Иван Андреевич Крылов)

  9. А.Байтұрсынұлының қандай туындыларын білесіз, жатқа айту ?!

  10. А.Байтұрсыновқа қандай жала жабылып, ату жазасына кесілді? (Халық жауы)







ІІІ БӨЛІМ



«Өз ойым» деп аталатын бөлімде оқушылар Ахмет атамыз жайында өз білетіндері мен бүгінгі сайыстан түйгенін (өлең немесе хат түрінде) жазады.



Жүргізуші: Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.

Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты» - дейді Мұхтар Әуезов.

Ендеше сайыста өз мәресіне жетіп қалыпты. Әділқазылардан ұпай санын есептеп, жеңімпаздпрдың есімін атауын сұраймыз.

Жүргізуші: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», - дейді қазақ атамыз. Осындай мақтан тұтар, оқтай озат болған шәкірттеріміз барда Ахмет атамыздың аты да, хаты да өше қоймас. Бұған бүгінгі сайыс дәлел бола алды деп ойлаймын. Осымен сайыс өз мәресіне жетті. Қош, сау болыңыздар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
768
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі