«Бекітемін»
Колледж басшысының оқу
ісі жөніндегі орынбасары
___________Аюпова.Н
«____»______________2025ж
«Бейнеу гуманитарлық колледжі» МКҚК
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов ұлттық тәрбие жөніндегі зерттеулері
Модуль/пән атауы: Этнопедагогика
Дайындаған: А.Өтесінова
Күні: «15» желтоқсан 2025ж
1.Жалпы мәліметтер:
Курс,топ: ДтБ-22
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
2. Мақсаты: А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектеріндегі ұлттық тәрбие идеяларының мазмұнын түсіндіру, олардың тәрбие туралы көзқарастарын салыстыра отырып, қазіргі білім беру үдерісінде қолдана білуге үйрету.
2.1.Күтілетін нәтиже: А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың тәрбие жөніндегі негізгі идеяларын біледі;
3.Қажетті ресурстар: Этнопедагогика оқулығы | Теориялық білім көзі ретінде (мысалы: С.Ғ.Ұзақбаева, Қ.Жарықбаев еңбектері) |
4.Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ой қозғау әдісі топтық жұмыстар
5.Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (3-5мин) Сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсыралар мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бағалау критерйилері: Сұрақ-жауап
Жаңа тақырыпты меңгеру
А. Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы
А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу тәрбие жұмысын жетіліру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. «Әліпби», « Тіл құралы», « Әдебиет танытқыш», т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. А. Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс әдебиетінің мысалшыл классигі И.А. Крыловтың туындыларын аударып, « Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып, оқулық ретінде ұсынды. Аудару кезінде ол белгілі ағартушылық мақсат көздеді.
А. Байтұрсыновтың ағартушылық ой пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан « Айқап» журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады. Ол туған халқының ғылым –білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. « Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім сондай керек», - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал күйі оның қабырғасына қатты батты.
А. Байтұрсынов қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін де дұрыс көрсете білді. « Бұлардың кемшілігі сол, -деді ол- бала оқыту ғылымын меңгергендер оқығандар ішінде кем болады. Дыбысты жақсы білмей тұрып, усул төте жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендіктен, я білсе де істеп көрмегендік – тәжірибесіздік». Осылайша оқытудың әдістемелік мәселесін қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Байтұрсынов болды.
Ахмет 1912 жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын « Оқу құралын» жазды. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі « Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3 бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып, пайдаланылып келді.
«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс еді. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екенін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықта қазақ грамматикасына қатысты қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдер ұсынды. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, бастауыш, т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы а. Байтұрсыновтікі. Оқулықтың тағы бір құндылығы – қазақ грамматикасының басты салалары: Фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттейтін ғылым, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттейтін ғылым деп, тұңғыш рет қазақ тіл білімін ғылыми зердемен саралап берді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазып, « Тіл жұмсату» деген атпен екі бөлімді кітап етіп ұсынып, 1928ж. Қызылордада шығарған.
А.Байтұрсынов қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін қарастырумен бірге, ол пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы болды.
Ол балаларға жылдам хат таныту үшін дыбысты ажырататын жаттықтырудың әдіс тәсілдерін терең қарастырады. Сауаттылықтың негізі – жазуға жаттықтыру деп қарады, сауаттылықты оқу мұқтаждығы емес, жазу мұқтаждығы тудырған. Жаза білуге үйрету әдісі, оқи білуге де үйрету әдісі болады. Жазу дегеніміз - әріптердің суретін салу, ал оқу дегеніміз – суреті салынған әріптердің дыбысын айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы- қаріпті көрсету керек. Оны меңгергеннен кейін, оқу, жазу, жұмыстарының бәріне сол тіреу болады. Жазу да, оқу да бір істеліп қана қоятын іс емес, мектепке күнде керек болық, күнде іске асырылатын жұмыс. Сондықтан мектептен шыққанша жазу мен оқуға балалар төселмек түгілі барған сайын қайсысын болса да өнерге айналдырып, әдістемелеп жазуға, безендіріп оқуға төселіп алады. Көркем жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі мен оқу ісінің жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды.
Сондай-ақ, А.Байтұрсынов 1927 жылы « Жаңа мектеп» журналының №11,12 сандарында « Жалқылау ( индуксия) және жалпылау (дедуксия) әдістері» деген көлемді мақала жазды. Жәнеде Ахмет өзінің « Баяншы» деген атпен тілді оқытудың методикасына арналған әдістемелік құралында, мұғалімдерге «Әліппені» оқытудың, сауат ашудың әдістерін ғылыми тұрғыда көрсетіп берді.
Ол оқытудың білімдік – танымдық жағымен бірге, тәлімгерлік жағына да баса көңіл бөлді. Оның жазған « Әдебиет танытқыш» атты оқулығы көркемсөз өнерінің қисыны әдебиет теориясының негізін тыңнан тұңғыш салған, жүздеген әдеби білімдік терминдерді негіздеді. Мысалы: көрнек өнері, сымбат өнері, айтыс, кескін өнері, саз өнері, т.б. тұңғыш тілімізге енгізген аса құнды ғылыми еңбек болды.
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу, оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету, мұғалім кадрларын даярлау істері шешуін таппаған аса күрделі мәселелердің бірі болатын. А.Байтұрсынов бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, оны шешудің жолын көрсетіп берді. « Қазақ байлары өркениетті елдердің байлары сияқты ұлт намысын қорғап, оқулық шығарушыларға бәйге жарияласын. Бәйге берілетін кітаптарды бі-екі рет ақы иесі бастырып шығарып, ақшасын өндіріп алатын болсын» деді.
Ахмет мұғалімдерге педучилищелерді ашып, арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келеді де, ондай оқу орындарының әзірге қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерін, не қазақ медреселерін бітірген жастардың талаптыларын таңдап алып, мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасады. Олардың білімін жетілдіру мақсатында жаз айларында бір-екі айлық қысқа мерзімді курстар ашуға ұсыныс жасайды.
Қазақ халқының асыл азаматтарының бірі және бірегейі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді көшбасшы-көсемі А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның ішінде ұлттық педагогика мен оқу ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз мол еңбегін М.Әуезовше бағаласақ, көптеген қан жылаған еңбегі, өнер –білім, оқу ағарту, саясат жолындағы қажымас қайраты... тарих ұмытпас істер болмақ.
М. Жұмабаевтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы.
(1893-1938)
М.Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Сонымен бірге оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы « Пелагогика» атты ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазақ зиялылардың бірі - белгілі ғалым – педагог, публицист М. Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: « заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып», одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрынғы жазғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал...». Өз кітабы жөнінде автор былай дейді: «Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер курсында оқытылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады». Біз бұдан кітаптың басылуы оған оңай болмағанын, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек екенін байқаймыз.
М.Жұмабаев тағы да былай дейді: « Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге таңдап тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстардарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орысшадан қазақшаға айналдырылды. Ал енді жаһан тілі болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым». Автор өз еңбегін төрт аяғын тең басқан дүние демейді. Сөйтіп тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ.
Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі сұлулық пен әдеп құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...» баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару», - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. « ұлт тәрбиесі,- деп жазды ол,- баяғыда сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». М.Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. « талай нашар, зиянды әдеттер әрбәр ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр», -дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.
Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты көзқарасында ұлттық бояу ерекше байқалады. « Киіз үйдің зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып, құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді. ... қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл». Оның ойлары адамның табиғатпен кіндіктестігін ескере келіп, оқу-тәрбие жұмысының жаратылыспен астарластығын меңзейді. Табиғат – анадан алшақтап, оған немқұрайды салқындықпен сырт айналудың зардабын ұрпақ көріп отырғаны белгілі.
Мағжан өз еңбегінде психология пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында өз білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу, нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық.
Әрине, М. Жұмабаев сөз етіп отырған психология ғылымының мәселелері 20-жылдар деңгейінде, әсіресе, оның терминдерінің өзі еуропа, орыс тілдерінде де белгілі бір жүйеге түсіп, топтаса қоймаған кезінде төл тілімізде ғылыми жағынан сөз болған. Сондықтан да бұл еңбекке қазіргі күн тұрғысынан қарап баға беру әділдік болмас еді. Ал, бұл еңбек қазақтың ұлттық ғылыми терминдерінің ілкі бастауы төрінен орын алатыны даусыз.
М. Жұмабаев орыс педагогикасының білгір классигі К.Д.Ушинскийше, педагогиканы жан сырының заңдылығын зерттейтін психология ғылымымен байланыстыра қарастырған тұңғыш қазақ ойшылы.
М. Жұмабаевтың – осы кітабындағы педагогикалық ой-түйіндерінің негізгі арқауы «... адам баласын, әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек... Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең... Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ата-ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ... Сондықтан баланың маңындағы адам дұрыс мінезді болуы керек... Адамның өзін - өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне қажетті бірінші шарт... » деген сияқты ұлағатты ойлар көптеп кездеседі.
Оның қазақ мектептеріне оқу құралдарын қандай етіп жазу керектігі, сондай-ақ, «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы», «Сауатты бол», «Әліппе»,т.б. газет журналдарда жарияланған ғылыми -әдістемелік мақалалары өз алдына әңгіме етуді қажет ететін тақырып.
Ж. Аймаутовтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы.
(1889-1931)
Ұзақ жылдар бойы « Ұлтшыл әдебиет өкілі» деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса, қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдарының саласында қалам тартып, құнды-құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған тұлға.
Ж. Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт бағдарын 1918жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми –қоғамдық « Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: « ... қазақ сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді»,-деп жазады. Ол Абай ұстанған ағартушылық жолды өзінің тыныс- тіршілігінің өмірлік арқауы етіп алады. Осы журналдың 1918 жылғы 1,2-сандарында Ж. Аймауытовтың « Тәрбие» атты көлемді мақаласында тәлім – тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми тұрғыда терең баяндалған.
Ж.Аймауытов: « Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен»,-дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын дене тәрбиесі және жан тәрбиесі болып бөлінетіндігін көрсетеді.
Ж. Аймауытов балаға әсер ететін медресе және тәрбиеші деп санайды... «Кейде,-деп жазды ол,- белгісіз себептермен күшті ықпал ететін, әсер туғызатын жағдайлардың да болуы ықтимал. Ол замандастары( құрбы құрдастары), туған ауылы, өскен ортасы, оның діні, тілі һәм басқа да нәрселер» деп, тәрбие мәселесіне ықпал ететін факторларды тізбектеп талдайды. Ол ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше тоқталады. « баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт- жас күнінде көрген өнеге. Ол өнеге әке шешесінің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата-ананың берген тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата –ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты. « Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деп, атамыз қазақ тауып айтқан. Балаға қайырымдылықты, қыталдықты, кішіпейілділікті, күйгелектілікті, шыншылдықты, өтірікшілікті беретін кім? Ол әрине, ата-ананың тәрбиесі. Баланың бойына басынан сіңген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. «Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді...» - деп, автор бала мінезін қалыптастырудағы отбасы мүшелерінің, әсіресе әке шешенің ықалын айқын ашып береді. Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаған бала өскенде қисық ағаш сияқты болып өсетінін, отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады.
Ж. Аймауытов өнегелі үйелменнен бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандардан өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалын, соларға еліктеуден болатынын дәлелдейді.
Тәлімгер-ғалым бала тәрбиесінде туған елдің әдет ғұрпы мен салт санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ғылыми тұрғыдан дәлелдей түскен. Ойын-сауық, өлең жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім болады, діндар елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан кемдік, жоқшылық, қағажу көріп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады», - деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигізетін ықпалына тоқталады.
Ж.Аймауытовтың педагогика ғылыми саласындағы жүйелі ой пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған « Тәрбиеші жетекші» атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Ж.Аймауытов « Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның пікірінше, мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдіспен табан аумай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер... Дидактика мұғалімге жалпы жол –жоба көрсетіп, жетекшілік етеді... сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды», - деп, оқыту, білім беру әдісінің қатып – семіп қалған догма емес, үнемі ізденуден туатын іс -әрекет екенін дұрыс атап өтеді.
Ж. Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: « Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – халық болып жаралғаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның баолық толқындарыын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі», - деп, оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани – мәдени байлықты меңгерудің басты құралы екенін, оны жан жақты және терең меңгеру қажеттігін баса көрсетеді. Бұл пікір ұлт тілінің абыройын көтеру жөніндегі бүгінде жүргізіліп жатқан шаралармен үндес, өзінің өзектілігін жоймаған, жаңара жандана түсетінін дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.
Ж. Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алып келгеніне, өнерсіз қоғамның дамуы, рухани байлықтың молаюы мүмкін еместігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін мен әуез өнерін, яғни сурет салу, ән-күй үйретуге негіз салу керектігін, әрбір баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеу қажеттігін баса айтады.
« Білімге деген ынталанушылық,-деп жазды ол,- адам бойындағы ой еңбегі кұшінің қайнар көзі, сондай көздерінің көбірек ашу, бөгетсіз саулатып ағызу, өркендету өнері- мұғалімнің бойына біткен қасиет болуы керек». Сондықтанда әрбір мұғалім, сабақ беру процесінде қызықты мағлұматтармен балаларды шабыттандырып, олардың ынта ықыласын, зейін-зердесін, білімді меңгеруге бағыттау үшін төмендегі шарттарды орындауы тиіс. Олар:
-
жаңа берілетін білімді баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;
-
жаңа білімді таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына оқушылардың ынта-ықыласын аудару;
-
оқушыларды жаңа білімді меңгеругебағыттайтын сұрақтар қою арқылы олардың ынта -ықыласын ой еңбегіне аудару, т.б. деп оқу –тәрбиелеу ісінің ғылыми әдістемелік, дидактикалық әдіс тәсілдерін де жан –жақты сөз етеді. Сөйтіп, ол психология, педагогика, методика ғылымдарына сүбелі үлес қосушылардың бірі болып, Қазақстанның мәдениет тарихында өшпес із қалдырды.
Тапсырма:
Кестені толтырыңыз.
|
Ғалым |
Ұлттық тәрбие туралы негізгі ойы |
Тәрбиеге қосқан үлесі |
|
А.Байтұрсынұлы |
|
|
|
М.Жұмабаев |
|
|
|
Ж.Аймауытов |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау критерийі (5 балл)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов ұлттық тәрбие жөніндегі зерттеулері

шағым қалдыра аласыз