400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

А.Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларының мәдени мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларының мәдени мұрасы
Тән көмілер,көмілмес еткен ісім

Ойлайтұғын мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, өкінбеймін,
Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін!
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын менен алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда
Дедім: «Сен де қатарыңнан қалыспа!»
А.Байтұрсынұлы
Халқымызда «елдің атын – ер шығарады, ердің атын – ел шығарады» деген қанатты сөз бар. Ел арасында «дала ұстазы» атанған ағартушы Ыбырай Алтынсариннің жарқын педагогтік жолынан бастау алған Ахмет Байтұрсынұлы еді. Ол қалдырған мұраны таразылай, сараптай, талдай келе айтарым – Ахаң айналыспаған саясаттың да ғылымның да саласы жоқ. Білім беру ісін жолға қою, бұхара халықтың саяси сауаттылығын ашу, қазақ тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу, әдебиет саласындағы пайымдауы, мемлекеттік құрылыс жөніндегі пікірлері осы күнге дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ.
ХХ ғасырда қазақ қоғамында зор рөл атқарған тарихи «Айқап», «Қазақстан», «Қазақ» газеттері болды. Соңғы аталған «Қазақ» газетінің тарихы, оның ұйымдастырылуы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының есемімен тығыз байланысты. Бұл газеттерде сол заманғы халық өмірі, тарихи оқиғалар, қоғамдық ой-пікірлер жан-жақты жазылып келді.
«Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек» деп, алдына нақты мақсат қойып жарыққа шыққан «Қазақ» газеті ұлтты Алаш ұранына топтастырып, дамытуды ойлады.
Байтұрсынұлы – әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демократиялық құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеуметтік жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсыновтың публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшан теңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.
А.Байтұрсынов  туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. "Адамға тіл, құлак  қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек", – деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал-күйі оның қабырғасына катты батты. Бұл жөнінде: "Осы күнгі ауыл мектебінде оқуға керекті құрал жоқ. Оқыта білетін мұғалім аз. Сонда да хат білетін қазақтардың проценті мұжықтардан жоғары... Бұл мектептің халыққа жақындығы, балалардың білімді ана тілінен үйренетіндігі..." деп ауылдық қазақ мектептерінің жайын сөз ете келеді де, "орыс мектептерінде тәртіп те бар, құрал да сай, мөлшер, жоспар бәрі де бар. Сонысына қарай пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нәрсе: қазақты орысқа аударамыз деген пікірі бүлдіріп отыр", – деп – қазақ даласында патшалық Ресейдің отарлау саясатының қалай іске асырылып жатқанын әшкерелейді. А.Байтұрсынов  қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін қарастырумен бірге, ол пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы болды. А.Байтұрсынов
1928 ж. "Жаңа мектеп" журналының 8-санында жарияланған "Қай әдіс жақсы" деген көлемді мақаласында орыстың ұлы педагогі Л.Н.Толстойдың "Үйрету әдістері туралы" деген еңбегіне талдау жасай отырып, "Әдіс деген қатып-семіп қалған догма емес. Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу"деп тұжырымдайды. Ол балаларға  жылдам хат таныту үшін дыбысты ажырататын жаттықтыру әдіс-тәсілдерін терең қарастырды. Сауаттылықтың негізі жазуға жаттықтыру деп қарады. Көркем жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі мен оқу ісінің жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды. А.Байтұрсынов методикалық бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 ж. қазанда "Баяншы" деген атпен тілді оқытудың методикасына арналған әдістемелік құрал шығарды. Онда автор мұғалімдерге "Әліппені" оқытудың, сауат ашудың әдістерін ғылыми тұрғыда көрсетіп берді.

"Оқыту жайынан" атты мақаласында "... оқу жұмысы үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі кұралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу қисаңдамайды, ауытқымайды, түзу жүреді..." дегенді айтты. Ол осы пікірін іске асыру жолында нақтылы еңбек етті. А.Байтұрсынов 1912 жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын "Оқу құралын" жазды. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі "Тіл құралы" деген атпен алғаш peт 1915 жылы жарық көрді. 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған. 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше peт қайта басылып, пайдаланылып келді. Ол осы оқулықтарда қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, шылау, одағай, бастауыш, баяндауыш т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтікі.

А.Байтұрсынов  оқытудың білімдік-танымдық жағымен бірге, тәлімгерлік жағына да баса көңіл бөлді. Оның жазған "Әдебиет танытқыш" атты оқулығы көркемсөз өнерінің қисыны әдебиет теориясының негізін тыңнан тұңғыш салған, жүздеген әдеби білімдік терминдерді тұңғыш тілімізге енгізген аса құнды ғылыми еңбек болды.
Қазан төңкерісіне  дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу, оқушыларды оқулыкпен қамтамасыз ету, мұғалім кадрларын даярлау істері шешуін таппаған аса күрделі мәселелердің бірі болатын. А.Байтұрсынов бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, оны шешудің жолын көрсетіп берді.
Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. Ғалым өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру», - деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған.
Ғалым-зерттеушінің бұл ойын қазіргі білім саласындағы өзгерістерге бастау беретін түп нұсқа деп түсінгеніміз жөн.
Озық елдердің әдістемесін үйренумен қоса,бұл әдістеменің өзіміздің төл тарихымызда бұрыннан дамығанын,оны А.Байтұрсынұлы дамытқанын, ұлтымыздың әр ұстазы білгені,түсінгені абзал.
А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның ішінде ұлттык педагогика мен оқу-ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз мол еңбегін  М.Әуезовше бағаласақ, "Ахаң түрлеген ана тілі", "Ахаң салған әдебиеттегі  орны", "Қырық мысал", "Маса", "Қазақ" газетінің 1916 ж. қан жылаған казақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, оқу-ағарту, саясат жолындағы қажымас қайраты... тарих ұмытпас істер болмақ".
А.Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы,оның ішінде жалпы білім беретін орта мектептерде білім мен тәрбие беру,болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау мәселелері әлі де болса жан-жақты ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмеген.
А. Байтұрсынұлының педагогикалық-ағартушылық ғылыми еңбектерін толық зерттеп,педагогикалық колледждер мен мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасау,оны теориялық және практикалық тұрғыда негіздеп,жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға қалыптастырудың маңызы зор.
А. Байтұрсынұлының мұраларындағы құндылықтарды іріктеп,тәлімдік мүмкіндіктерін айқындай отырып жасалған әдістемелік ұсыныстар іске асса,онда рухани құндылықтарды бағалай білетін,ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптастыруға игі ықпал болар еді.
«А.Байтұрсынұлы-ұлттық тарихымыздағы ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға» - деген Ә.Кекілбаевтың сөзінен тілші-ғалымның өзіндік тұлғасын көруге болады.
Қорытынды:Бүкіл қазақ тілінің теориясын
Жасап кеткен бір Өзі-ғұламамыз!

Елдеп өткен ойламай жанұясын
Байтұрсынұлы Ахмет ер-данамыз!
Көрсем деумен Тәуелсіздік ұлын гүл
Өтті армандап мемлекет тілін бұл!
Қазіргі тіл білімінің атасы,
Бізге өнеге берген ақыл-батасы!





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
459
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі