Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Сырдария»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Әбділда Тәжібаевтың өмірімен таныстыру, «Сырдария» өлеңінің мазмұнын меңгерту,өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, судың табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін таныту;
б) дамытушылық: оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,өлеңді құрылысына қарай талдай білуге машықтандыру, шығармашылық қабілетін дамыту, өз ойларын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
в) тәрбиелік: адам өміріндегі өзеннің пайдасын білу, оны қорғауға баулу, Отан алдындағы борышын сезінуге, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдістері: репродуктивті, түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, сатылай кешенді талдау, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, салыстыра баяндау, ақпараттық технология.
Сабақтың көрнекілігі: өлеңдер жинағы, ақын портреті
Пәнаралық байланыс: география, математика, қазақ тілі, музыка,тарих
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Өткен сабақты қорыту
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Жаңа сабақты бекіту
VI. Жаңа сабақты қорыту
VII.Үйге тапсырма беру
VIII.Оқушылар білімін бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының мазмұнын айту.
2. Поэмадан үзіндіні жатқа айту.
3. Абдолла ақынға мінездеме беру.
4. Хабарлама «Абдолла Жұмағалиев – жауынгер ақын»
ІІІ. Өткен сабақты қорыту
Соғыстың қызып тұрған кезінде жазылған (1943) бұл поэма сол кездің өзінде-ақ, жұртшылық назарын бірден өзіне аударды.Қасым поэмасыныың бір жаңалы ғы адам сезімін жырлауы, яғни өлім мен өмір айқасқан сәттегі, адамның адамдық қасиетінің сыналар сәтіндегі патриоттық сезім, ақын сезімі, ер азаматтың Отанға деген зор махаббат сезімі. Бұл - адамның қас-қағымның арасындағы ең қасиетті ұлы сезімін жеткізіп айта алған ақын құдіреті.
Поэма туралы алғашқы пікір айтқан Ғабит Мүсірепов: "Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты", – деп жазды
«Сөз қалай түледі? Өлең қалай жанданды? Ой мен өнер қалай табысты? Қазақ поэмасы қалай өрледі? – деген сұрақтарға ешкім де Қасымсыз жауап бере алмайды»,- деп жазды Ә. Тәжібаев.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушыларды жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру, слайд арқылы Әбділда Тәжібаевтың суретін көрсету
Қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург, белгілі әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор Әбділда Тәжібаев туралы ақын Рахманқұл Бердібаев: «Ол - әдебиеттің тынысын тарылтқан небір қиын кезеңдерде «шындық» деп жаны шырқыраған, ұлт перзентінің намысты сөзін айта білген, ақиқат туын қолдан түсірмеген, жаратылыстан қайсар мінезді, адал ер азамат еді»,- деген болатын.
Әбділда Тәжібаев 1909 жылы сырлы да жырлы қасиетті мекен Қызылорда қаласында дүниеге келеді. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүл күнкөріс жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді.
Ана көкірегінен мейірім сүті мен поэзия сүтін қатар емген Әбділда 1922 жылы Қызылорда қаласындағы жетім балалар интернатына орналасады. Оның алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жариялана бастаған.Әбділда Қызылордада алған білімін Шымкентте жалғастырып, ондағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, 1929-1932 жылдар аралағында Алматы қаласындағы педагогикалық институтта оқиды.Мәскеудегі әдебиет институты да ақынды өсіріп, білім берген шаңырақ деп айта аламыз.Ақын жазушылар одағының төрағасы, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты қызметтерін атқарған.
Әбділда Тәжібаев тудырған шығармалардың жиынын үш айқын салаға бөлуге болады.
Оқушыларға жұмбақ шештіру арқылы өлеңнің тақырыбын таптыру.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң - қорын тек,
Барша тірлік қурайды. (Су)
Судың тіл үйіретін дәмі де жоқ, қолқаңды қытықтайтын хош иісі де жоқ. Тіпті суреттеп жазудың өзі қиын. Солай бола тұра, оған сүйсініп, одан табиғат та, адамдар да, жан-жануарлар да ләззат алады. Судың өмір, тіршілік үшін керек екенін айтпауға болмайды, себебі су да тірі өмір. Олай болса, ақын өлеңдері ішінен су тақырыбына қай сөз сәйкес келеді?
Сырдария өзені Қазақстан шеңберінен тысқары Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алады.Өзеннің ұзындығы 2,219км. Орта және төменгі ағыста республика жерімен өтеді.Суы лай, өйткені өзен жолында борпылдақ сазды жыныстарды шайып әкетіп, ені 1-1,5 км. кең жайылымдар жасайды. (Сырдария суреті көрсетіледі.)
Сырдария бойында сонау ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған. Өзенде бекіре, ақмарқа, қаяз, табан балық, жайын, сазан т.б. балықтардың түрлері бар.
Сырдария бойында сонау ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған. Өзенде бекіре, ақмарқа, қаяз, табан балық, жайын, сазан т.б. балықтардың түрлері бар.Сырдарияның Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан республикаларының экономикасын дамытудағы рөлі зор. Бойында Қызылорда, Қазалы, Байқоныр т.б. қалалар орналасқан.
Өзеннің ағысын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға тиімді пайдалану үшін, Қызылорда, Қызылқұм, Қазалы су жүйелері және Шардара су бөгені салынған.(Суреті көрсетіледі.)
Өзен суы халық шаруашылығының мұқтажына толық пайдалануына байланысты 1975 жылдан бастап, Арал теңізіне жетпей тартылып қалатын болды.
Табиғатымыздың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдырып,шаруашылығымызға жарап отырған байлығымыз - Сырдарияны жырлау - елім деп еміренген Әбділда ақындығындағы үлкен арна,- деп айта аламыз. «Сырдария» өлеңі ақынның өзі туған өлке, өзеніне – Сыр бойына арналған өлең. Сезіміне күйі сай, тақырыбына тілі сай, қысқа, әсем әндей шыққан анық көркем жыр 1936 жылы жазылған.Ол кезде қыран ақын 27 жаста болатын.
«Сырдария» өлеңін мәнерлеп оқу (Су сылдырының әсем сазы баяу ойнап тұрады).
Кітаппен жұмыс (Оқушыға мәнерлеп оқыту.)
- Нені мәнерлеп оқыдық?
- Өлеңді мәнерлеп оқыдық.
- Өлең дегеніміз не?
- Белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесін өлең дейміз.
Өлең қысқа болғанмен, ақын оған көп мағына сыйғызады.Сондықтан өлеңнің әрбір шумағын оқи отырып, ақынның бізге айтқысы келген ойын, өлең тақырыбы не жайында екенін талдап айтайық.
І шумақты оқушы мәнерлеп оқып, сол шумақ бойынша сұрақтар қойылады.
1. Неге ақын сыр сұлуын қарт анаға теңеп отыр?
Қарт анам дейтін себебі, Сырдарияның ағып жатқанына бірнеше ғасыр болған. Осы уақыт аралығында халық егінге, бау-бақшаға пайдаланып келе жатыр.
2. Ақын «әлди» сөзін неге қолданған?
Ана баланы асырайды, бізді де Сырдария суымен асырап отыр.
Шынымен де ана баланы ақ сүтімен асырап, бағып, мәпелеп, әлдилеп, аялап өсірсе, Сырдария да суымен біздің бүкіл қажеттіліктерімізді өтеп отыр.
ІІ,ІІІ шумақ
1. Гейне, Тарас, Пушкин – қай елдің ақындары?
Слайд арқылы Тарас Григорьевич Шевченко(1814-1861), Александр Сергеевич Пушкин (1799-1837), Генрих Гейне(1797-1856) суреттерін көрсету.
Г. Гейне(1797-1856) А.С.Пушкин(1799-1837) Т.Г.Шевченко(1814-1837)
Г.Гейне, А:Пушкин, Т.Шевченко – үш ұлы ақыннан үйрене отырып, олардың ішкі жан дүниесін зерттеп, оларға еліктеп, өзі де тебірене өлең жазып, өлең шумақтарына өз жерін, Отанын сүйген ұлы ұстаздарының есімдерін енгізді.
1. Гейне – неміс ақыны
2. Рейн – Германиядағы өзен
3. Тарас – украин ақыны
4. Днепр – Украинадағы өзен
2. Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді?
-Ақын өзінің сыр елінде туғанын мақтан етіп, Сыр топырағына табынды, Сырдарияның байлығын ел тілегіне бағындыра жырлайды.
ІҮ шумақ
1. « Ел анасы – менің анам»деген жолдардың мағынасын қалай түсінесің?
- Бұл жерде «Сырдария – елдің анасы», деп отыр.
- Сырдарияны анамыздай жақсы көруіміз керек.
- Анамызға қандай қамқорлық жасасақ, табиғатқа да сондай қамқорлық жасауымыз керек, оны қорғауымыз керек.
Өзіміздің анадай аялаған туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап, қорғау - әрқайсымыздың азаматтық абзал борышымыз.
Математика ғылымында екі кесінді параллель сызықтар деп аталады. Сондай-ақ әдебиет теориясында да параллелизм термині ақынның ішкі көңіл күйі, яғни лирикалық қаһарманның және табиғат лирикасы болып үндесуі.
Автордың көңіл күйі:
Неге маған жырламасқа,
Сырда туған елімді.
Табиғат лирикасы:
Ел анасы – менің анам,
Сырдың сұлу өзені.
Слайдтан өлеңнің 5,6-шумағын көрсету. Анаға ұқсас ұғымды қалай, не арқылы білдіреді?
1. Ақ түспепті шашыңа
2. Сүт кетпепті
3. Қадірлі ана
4. Құшағыңда отырмын
5. Сүйсең міне, маңдайым
- Балалар, соңғы шумақтағы «Емшегіңнен сүт кетпепті,
Жетсең-дағы жасыңа...» деген тармақтар ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Бірнеше ғасыр тоқтаусыз ақса да, әлі де бізді асырап отыр.
Сонымен, балалар, бұл өлеңнің тақырыбы не жайында? ( Туған жер) Өлеңнің идеясы не? ( Туған жерге деген сүйіспеншілік ).
V. Жаңа сабақты бекіту
І деңгей
1. «Сырдария» өлеңіндегі жалқы есімдерді тап және І жақтағы жіктелген етістіктерді теріп жаз.
2. Туған жер туралы мақал-мәтел жазу.
ІІ деңгей
1.»Сырдария» өлеңіне сатылай кешенді талдау жаса.
ІІІ деңгей
1. « Туған жер – алтын бесік» ойтолғау жазу.
VI. Жаңа сабақты қорыту
Талантқа бай Сыр елінің саңлақ ұлы, ұлтымыздың ұлы ақыны Әбділда Тәжібаевтың сағымдай сағынышқа, көгілдір қанатты арманға толы «Сырдария» өлеңі қазақ жерінен кеңістікке жол тартқан ғарышкердей көкке самғап, қазақ поэзиясы шеңберіндегі үлкен де, кіші де таңдана, тамсана қараған атақты өлеңі қазір әр жүректе жаңғырады. Осындай өлеңі тірі ақынды өлді деуге қимайсың. Иә, оның өлеңі тірі. Өлеңді өлтірмейтін халық тірі. Ендеше, Әбділда ақын да тірі. Ол өлмейді.
Жұбан Молдағалиев: «Әбділда Тәжібаев туралы сөз болғанда екі дария көз алдыңа келеді. Бірі – Сырдария. Ол ғасырлар бойы ел мен жерді емізіп, нұр мен нуға ие болып келе жатқан дария. Екінші дария – жыр дария. Ол ұшы-қиырсыз қазақ даласын ғана суарып жатқан жоқ, жер-жердің, ел-елдің поэзия мұхитына құйып жатыр. Оның аты - Әбділда Тәжібаев», -деді.
Сырдың талантты перзенті Бексұлтан Байкенжеевтің қиялымен әнге айналған, сыр бойылықтардың гимніне айналған «Сырдария» әнін тыңдалық.
ҮІ. Үйге тапсырма беру
1. «Сырдария» өлеңін жаттау
2. «Туған жерді көркейту – менің міндетім» шығарма жазу
ҮІІ. Оқушылар білімін бағалау
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әбділда Тәжібаев "Сырдария" романы, 9-сынып

шағым қалдыра аласыз