Материалдар / Әбілхайыр хан және бүгінгі Қазақстан.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әбілхайыр хан және бүгінгі Қазақстан.

Материал туралы қысқаша түсінік
Атақты тұлға Әбілхайыр ханның тарихи қызметін бүгінгі қазақстанмен салыстыра талдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
490
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әбілхайыр хан: Тарих пен тағдыр» атты ғылыми-танымдық конференция



Баяндама



Әбілхайыр хан және бүгінгі Қазақстан



Дайындаған: Календиров Темірхан

Нұрмағанбетұлы

Тарих пәнінің мұғалім.







Хромтау ауданы

Дөң орта мектебі

2017 жыл



«Әбілхайыр хан: Тарих пен тағдыр» атты ғылыми-танымдық конференция.



Тақырыбы: «Әбілхайыр хан және бүгінгі Қазақстан».

Халқым деп, елім деп еңірегенде етегі тола, түн қатып, түс қашып, ата жаумен қидаласқан, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен далиған даламызды қорғаған батыр бабалардың кемеңгерлігі мен келелі істері жайында ақиқат енді жазыла бастады. Әлі талай ғылыми еңбектер, соны көркем дүниелер жазылады да. Өйткені, олар туралы жазу бүгінгі және келер ұрпақтық қасиетті де киелі парызы.

Осындай тарихи тұлғаның бірі – Әбілхайыр. Егер қайшылыққа толы болмаса, сол аздың өзін азырқанбай місе тұтар едік. Алайда, оны кейбір қаламгерлеріміздің «сатқын», «қара басының қамын күйттеген опасыз» деп көрсеткісі келетіні бізді ойландырады.

Шынында Әбілхайыр кім еді?

Рас, Әбілхайырдың үш жүздің, яғни қазақ жұртының ұлы ханы болуды мансұқ еткенін ешкім жоққа шығармайды. Әрине сол тарихи бұлғақ кезінде қазақ сұлтандары мен хандары арасында бұл орынға лайықтылардың бірі әрі бірегейі де Әбілхайыр хан болатын. Ал 1726 жылы бүкіл қазақ әскерінің қолбасшысы боп, кейін 1729 жылы Аңырақай шайқасындағы жоңғарларға қарсы алғашқы тамаша жеңістен кейін ұрыс даласынан кетуін бір ғана таққұмарлық десек, сөзсіз қателескен болар едік.

Әбілхайырды соңғы кезде кейбір әдебиетшілер «Қазақ жұртының орысқа бодан болуының бірден-бір себепшісі және кешірілмес күнәһары еді» дегенді иландырғысы келеді. Шындығында солай ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін әуелі тарих беттеріне үңілейік. Қазақ КСР-ы тарихының «Қазақстан мен Ресейдің ХVІІ – ХVІІІ ғасырдың басындағы өзара қатысы» деген тарауында Тәуке хан 1696 жылы қазан айында Ресей патшасы І Петрге Т.Қ. Аталықовты елші ретінде жіберіп, «Одақтас ел болайық, өзара қатынасып, сауданы нығайтайық» деген ұсыныс жасайды. Бұл кезде Әбілхайыр бар болғаны 3-ақ жаста еді. 1716 жылы әуелі Тәуке хан, сосын Қайып хан Ресей еліне тағы да елші жіберіп, өзара байланысты нығайта түсіп, одақтас болуды және әскери көмек беруін өтінді. Бұл кезде Әбілхайыр әлі хан болған жоқ еді. Ресей патшалары қазақ хандарының бұл өтініштерін аяқасты қалдырумен болды. Оларға керегі Одақ емес, бодан ел болатын. Егер Тәуке ханның тілегі орындалып, орыс әскері көмекке келсе, қазақ жұртшылығы 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды. Алакөл сұлама» қайғысына ұшырамаған болар еді.

Тап осындай тілек өтінішті орыс еліне Әбілхайыр хан алғаш рет 1726 жылы 18 қаңтарда Қойбағар Көбеков арқылы жіберді. Бірақ өтініш аяқсыз қалды. Бұл сапар жөнінде Сыртқы істер алқасының ресми бұрыштамасында былай делінген: «Ұлы мәртебелі императордың қамқорлығында болатындай, пайдасы көрінбейді» 1.

Қ. Көбеков елшілігінің сәтсіз елшілігіне қарамастан, 1729 жылы Әбілхайыр Тобылдағы Ресей өкімет орындарына Бекболат өкіл болған 4 адамнан кезекті елші жібереді. Бірақ Сібір мұрағаты құжаттарының дені кезінде мүлде жоғалтып жіберілгендіктен, бұл елшіліктің нақты мән-жайы мен себептері қазіргі зерттеушілерге көп жағынан беймәлім болып қалуда. Әрі бұл кезең қазақ халқы үшінөте бір ауыр, сын уақыт еді. Себебі жоңғарлармен қатар ресей бодандығындағы Еділ қалмақтары мен башқұрттар, түркмендер, Хиуа, Бұхар хандықтарымен қатар иранның Нәдір шахы да көз сүзуде болды. Орыс патшалығы да қазақ даласының батысынан-шығысына дейінгі аралықта өзінің әскери бекіністерін салып үлгерген еді. Енді олардың «берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан» деуі қалып тұрған. Тағы бір тарихи мәселеге тоқтала кетейік. Ресей императоры І Петр Астраханда бірсыпыра уақыт болып, «бағзы заманнан естіліп келген және сол кезде беймәлім деуге болатын қырғыз-қайсақ ордаларын» Ресей бодандығына келтіру туралы тілек білдіріп, осы жорықта тілмаш міндетін атқарған А. Тевкелевке «миллионға дейін жұмсалса да, аса көп шығындарға қарамастан ... жан-тәнін салуды, түптеп келгенде, бір парақ қағазбен-ақ Ресей империясының қарамағында болуға міндеттенетін болсын» деп ұсынған еді.2

Анна Ивановна да І Петрдің осы қағидасын жалғастырушының бірі. Қазақ жұрты әбден әлсіреген шақта, ерте ме, кеш пе Ресей империясының тап беретіні ақиқат еді. Осыны сол кездегі хандарымыздың бәрі сезді. Сезді де бір үлкен елмен одақ құрып, арқа сүйеу іздестіріп жанталасты. Ол кім еді? Қытай ма, әлде Ресей ме? Тіпті жоңғарлардың өзімен бәтуаласу керек пе? Бір ғана түсінікті жайт: айнала қаптаған жаудан бір ғана қазақ болып аман қалуға екіталай күн туғандығы. Сондықтан 1730 жылдың мамырында Ресеймен бітім жасау мақсатымен Кіші жүз бен орта жүз өкілдерінің жиналысында патша үкіметіне арнайы елші жіберуге шешім қабылданды. Бұл дипломатиялық міндетті іс жүзіне асыру тікелей Әбілхайырға жнктелді.3

Сөйтіп Ресей үшін Әбілхайырдың елшілігі күтпеген олжа болды. 1731 жылы ақпан айының 19-ы күні қазақ елшілері Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица анна ивановна қабылдады. Әбілхайыр бастаған топтың басқа шарасы қалмағаны тарихтан аз-мұз хабардармын деген кісіге біршама түсінікті шығар. Ешкімнің боданы болғысы келмеген жоңғарлар қазақтардан ойсырай жеңіліп, әбден әлсіреген шағында оларды Қытайлардың тарих бетінен жойып жібергендігін айтсақ та жеткілікті. Ендеше сол қиын кезеңде Әбілхайыр ханның әрекетінің көздегені мансап емес, бүкіл қазақ жұртының басын біріктіріп, іргелі де, күшті елге айналдыру еді деп бағалауымыз керек. Қалай дегенде де кез-келген мемлекет саясатының көрші елдермен саяси-экономикалық байланыстарының мүдделес болатыны бүгінгі күні де айқын көрініп отыр. Олай десек бүгінгі Қазақстанның Әбілхайыр ханнан бастау алған көршілік қатынастарына (Ресеймен) тоқталып өтудің кезегі келген болар.

Ресей федерациясы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 1991 жылы 17 желтоқсанда мойындады. Ұзақ уақыт Ресей отары болған Қазақстан үшін мұның зор маңызы болды.

1992 жылы 21 желтоқсанда ТМД-ны құрған Алматы кездесуінде он бір мемлекет басшылары қатысты. Декларация қабылданып, онда мынадай принциптер жарияланды: теңдік, ішкі істерге араласпау, күш қолданбау, экономикалық қысым көрсетуден бас тарту, талас мәселелерді бейбіт реттеу, адам құқығын, оның ішінде ұлттық азшылықтың құқығын құрметтеу, аумақтық тұтастықты, қазіргі шекаралардың мызғымастығын құрметтеу, әскери-стратегиялық күштерге біріккен әскери басшылық және ядролық қаруға бірыңғай бақылау жасау, іс-қимылдарды үйлестіріп отыратын институттар құру.

1992 жылдың 16 мамырында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде: «Ресеймен қарым-қатынаста болу арқылы біз онымен қажетті жағдайда өзара қауіпсіздік туралы келісіп, ұзақ мерзімге шарт жасауымыз керек, мұнда Ресейдің де бұл мәселеге мүдделі екенін ескеруіміз тиісекендігі, республикаға еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғайтын жауынгерлерді дайындықтан өткізетін қаруланған армияның қажеттілігі» баса айтылды.

Ресей мен Қазақстан 1992 жылы 25 мамырда «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы» шартқа, 1994 жылы 28 наурызда «Кірігу мен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы» шартқа, 1995 жылы 20 қаңтарда «Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейтіп, тереңдету туралы» бірлескен Декларацияға, 1998 жылы Қазақстан Ресеймен мәңгілік достық пен одақтастық туралы Декларацияға қол қойды. Оларда мемлекеттік егемендікті және аумақтық тұтастықты өзара сыйлау, күш қолданбау, мәселелерді бейбіт шешу, теңдік және бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау, адам құқығын жүзеге асыру принциптерін басшылыққа алатындықтарын жариялады.

Қазақстан мен Ресей ұлттық белгісі бойынша кемсітушілікке жолбермейтін,кісінің құқығы мен бостандығын қатаң сақтайтын, екі ел арасындағы ғылыми, мәдени байланыстарды дамыта беретінін атап көрсетті. Ұлттыз экстремизмнің, сеператизмнің кез келген көріністеріне табанды түрде қарсы шығу қажеттілігі аталды.

1999 жылы қыркүйекте Мәскеуде Қазақстан мен Ресей делегациясының екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау мәселесіне арналған 1-кеңесі болып өтті. Онда мемлекеттік шекараның негізі ретінде КСРО-ның ыдыраған кезінде қалыптасқан аумақтық-әкімшілік бөлініс алынды.

1998 жылы Қазақстан мен Ресей арасында Каспий теңізінің табанын бөлісу туралы келісім бойынша теңіз түбін бөлуге қажет орта аралық тең бөліс сызығын айқындау алғы шарттары ұсынылды. Оған сәйкес екі ел, егер кен орны теңіз түбіндегі шекара анықталған орта аралық тең бөліс сызығы жанынан табылса, онда оны игеру құқығы қаржы жұмсап, барлау жүргізген жаққа берілуі немесе 50-50 % түрінде бөлінуі керек деген тоқтамға келісті.

Кеңестік дәуірден кейінгі кезеңде Қазақстаннан орыстардың қоныс аударуының негізгі себебі – экономикалық жағдайдың қолайсыздығы болып табылады. Орыс имиграциясының күшеюіне олардың қазақ тілін білмеуі есер етті. 2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 4280.1 орыс бар болса, ол Қазақстан халқының 28,8 %.

Қазіргі кезде Қазақстанда орыс тілінің ресми мәртебесі бар, оның мемлекет тарапынан қолдау тауып отырғандығы барлық деңгейдегі билік органдарында қазақ тілімен бірдей пайдалану үшін жағдаймен қамтамасыз етілгендігі көрінеді.

2000 жылғы жазда Ресей президенті путин Қазақстанға ресми сапарында ешқандай «орыс тілі» мәселесі жоқ екенін айтты. Президент Назарбаевтың Мәскеуге 1994 жылы сәуірдегі алғашқы ресми сапары екі елдің ұлттық мәселеге байланысты көзқарастарынжақындата түсті. Нәтижесінде еліміздегі этносаралық тұрақтылық қамтамасыз етілді.Ресейдегі ұлтшыл-отаншылдардың теріс пиғылына соққы берілді. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында өз қауіпсіздігі мен аймақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан көршілерімізбен берік достық қарым-қатынаста болуға тиіс екендігі көрсетілген. Ресеймен серіктестік қарым-қатынас бүгінгі Қазақстанның стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін міндетті шарттардың бірі. 2002 жылғы наурыз айының басында Алматыдағы (Шымбұлақ) ресми кездесуге қатысушы 11 мемлекеттің басшылары терроризмге қарсы күресте халықаралық күш-жігерді қолдау, ғаламдастыру үрдісі, достас елдер ішіндегі ахуал және кірігушілік қарым-қатынастар туралы мәселелер бойынша жалпы келісімге келді. Сонымен, Қазақстан мен ресей арасындағы саясат, қауіпсіздік және экономика салаларындағы ынтымақтастық қазіргі кезеңнің талаптарына сәйкес дамып отыр деген қорытынды жасауға болады.

Әрине бір ғана баяндамада тұтас тарихи кезеңдерді толық қамту мүмкін емес. Дегенмен бүгінгі мақсат – Әбілхайыр ханның Ресеймен көршілік қарым-қатынас жасаудағы тарихи ұстанымын дұрыс бағалай отырып, Қазақстан үшін бүгінгі күнде де көршіміз Ресеймен ынтымақтастық қарым-қатынаста болуының қажеттігін тағы бір дәлелдеу. Баяндамамды аяқтай келе Т. Джефферсонның «Шынайы тарихтың шөкімдей түйірі де қастер тұтар сондайлық сирек зат» деген сөзін келтіре кеткім келеді. Олай болса еліне, халқына қара тырнақтай болса да қызмет еткен хандарымыз бен батырларымызды, қолбасшыларымызды кезек-кезек төрге өткізсек үйіміз тарылып қала қоймас. Сонымен бірге Әбілхайыр бабамыз секілді басқа да арыстарымыз туралы аруағына сөз бағыштағанда абай болайық ағайындар демекпін. І. Жансүгіровше айтқанда : «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел дағы табар қайдан кемеңгерді».

Ендеше өткен мен бүгінгі халық үшін тер төккен ардақтыларымызды естен шығармауға тиіспіз демекпін.





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы. (Көне заманнан бүгінгі дейін). 5 томдық. Алматы. 2002 жыл. 109-114 бетер.

  2. Н. Назарбаев. «Тарих толқынында». Алматы. 1999 жыл. 155-бет.

  3. «Ақиқат» журналы. 2002 жыл. 5. 82-84 беттер.

  4. «Қазақ әдебиеті» газеті. 1992 жыл. Тамыз. 14-бет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!