Әбілхан Қастеев

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әбілхан Қастеев

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбілхан Қастеев
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Педагогтің аты-жөні:

Кусбанова Фариза Жанасылқызы

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Әбілхан Қастеевке 120 жыл»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды қазақтың саңылақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, Суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру. Оқушылардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру

Міндеті

Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алу.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық тренинг жүргізеді

Мақсаты: Оқушылардың қиындық туындаған жағдайда кімге сенәм артып, көмек сұрайтынын анықтау.


Жаңа сабаққа кіріспе


Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің «Әбілхан Қастеевке 120 жыл» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдініздер!
Қазақстанның сурет өнері тым жас, тарихы тым беріден басталады. Сөйте тұра ол жастың албырттығынан да кексенің байсалды даналығынан да құралақан емес.
Қазақ бейнелеу өнерін, әрине Ә.Қастеевсіз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Ол сонау 20-30 жылдары-ақ Қазақстандағы болашақ суретшілер Одағының негізін қалаушылардың бірі.Ә.Қастеев — адам жанын, оның шаттығы мен мұңын, қуаныш, сүйенішін,ішкі ой арпалысын тереңнен түсіне білген және айналадағы табиғат құбылыстарымен адам көңіл күйін шендестіре отырып, өз шығармалары арқылы соларды көпшілікке шебер жеткізе білген суретші.


1 оқушы: Алғашқы туындылары.
Ең алғаш Әбілхан Қастеевтің кездескен суретшілерінің бірі — Н.Г.Хлудов жас талант еңбегін өте жоғары бағалап, қазақтан шыққан тамаша суретшіге өзінің қылқаламын, түрлі бояу салынған қорапты сыйлайды. Осы кезде салынған суреттерінің көбі сақталған жоқ, тек біразы сол кездегі Т.Г. Шевченко атындағы қазақтың мемлекеттік көркемсурет галереясында «Қарындасымның портреті», «Көкшіл түсті көйлек киген қыз», «Түрксіб», «Мектепке бару» т.б.)

2 оқушы: Табиғат пейзажы.
Суретшінің табиғатпен үндестігін, біте қайнасқан бірлігін көптеген туындысынан көреміз. Атап айтқанда: «Шежін өзенінің аңғарында», «Қапшағай су электр стансасында», «Күзгі пейзаж», «Тау көріністері» және тағы басқа туындыларынан осы қасиеттерді анық байқап, көруге болады. Оның ең алғашқы ұстазы, мектебі, көрген көрме залы – табиғат. Өзен, тау, үңгірі асыл тастар, тас бетіндегі көне бейнелер, таңбалардың әсерін бойына сіңіре жүріп, үйрене білді. Сондықтан Қастеевтің табиғатты «суреттеуі» үндесіп, ұғысуы өзіне тән қасиет, ол – ұлылық!Қастеев табиғатты тәңірі тұтқан суреткер. Тау мен даланың дарқан жыршысы. Суретшінің мықтылығы сонда, кім-кімді де бей-жай қалдырмай, бір көргеннен үлкен әсер қалдырады. Сол әсерді өлеңмен де жеткізгің келеді .

https://youtu.be/T2Mx2A3VcjA?si=wsPYQAXorcJlhhkH









слайд

Сабақтың ортасы

31мин.

Әбілхан ағаға «асқан суретші» деген бір сөзбен анықтама беріп, ол кісіні білеміз дегенімізбен, терең біле бермейтініміз де анық.

Ұлы суреткердің әрбір шығармасы – бір әлем. Суретші Ә.Қастеев халық өмірінің панорамасын бейнелейтін тарихи шығармаларының біртуар таланты. Бүгінгі кештің де мақсаты асылымызды қадірлеп, аруағына бас ию ғана емес, баға жетпес құндылығын болашақ ұрпақтың зердесіне жеткізу, рухани дүниемізді байыту.


оқушы: Өнер тақырыбына.
Ә.Қастеевтің өнерге құштарлығын арттырған екінші мектебі ол – қазақ халқының қолөнері. Алғашқы көзіне оттай басылып, екі жанарының нұрын алған оюланып, мәнерленіп қырланған, бедерленіп, түрлі түске боялған жиһаз бұйымдар, кілем, сырмақ, текеметтер, он саусағынан өнер тамған шеберлер болса, оның арасында аса әсер еткен анасының қолынан шыққан, қадірлі де қастерлі тұрмыстық қолөнер заттары еді



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Қорытынды:

Ұлылар ұлағаты өркениеттің өр тауларына жетелейді. Қастеевтей асыл бабаның таза, мөлдір, кәусар бұлағынан нәрлене білейік, рухани әлдене білейік деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Рисунок 23





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2024
276
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі