Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әбіш Кекілбаев.Туған жер өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мәнерлеп оқушыларға,студенттерге және көптеген кітапсүйер қауымға,ақындыққа жақын адамдарға арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әбіш Кекілбайұлы

ӘКЕ

Уа,мезгіл!Талай-талай жазың келді,

Қыр дөңін сан қайтара сағым көмді.

Кекілім қайырылды шалқасынан,

Менің де жігіт деген шағым келді.


Қақпасын балалықтың бұзып кіріп,

Барасың о жігіттік, қызықтырып.

Барлығын сүю деген кереметтің,

Кетеді күлкісімен қызықтырып.


Жігітпін,дербес атқа мінем менде,

Жасаттым жабу,тоқым,дүгендіде.

Білмеймін әлі күнге қалай етіп

Таралғы тағатынын үзеңгіге.


Әуре боп күні бойы жүгінемін,

Жөн сұрап енді кімге жүгінемін?

Әкем жоқ ақыл айтар,жөн көрсетер,

Амалсыз көрші шалға жүгіремін.


Амалсыз әркімге бір жүгіремін,

Амалсыз әркімге бір жүгінемін.

Қайтейін қайран әкем қасымда жоқ,

Амалсыз өткен күнге үңілемін.


Үңілсем қайран жүрек сызды өбеді,

Жанымның жарқ етпейді іздегені.

Көзіме күлімдеген көктем емес,

Салпы етек,салыңқы иін күз келеді.


Жарқын жаз талақ етіп етіп атырапты,

Кетіпті жел қуалап жапырақты.

Күлмейді күміс бұлақ бұйығыңқы,

Күндегі мінезі жоқ сасып ақты.


Басында қыраны жоқ құз қалыпты,

Қасында құмары жоқ қыз қалыпты.

Алқаптың балбыраған шалғыны жоқ,

Орнында көк сүмелек мұз қалыпты.


Күн сайын өңір өңі сұйылады,

Сұр тұман жер бетіне жиылады,

Жынды жел туырлығын жұлқып тартып,

Ондыда біздің бұйығады.


Ондыда біздің ауыл бұйығады,

Күлкі реңі өз- өзінен сұйылады.

Кешқұрым бүлк-бүлк етіп қазан қайнап,

Ошаққа бала-шаға жиылады.


Жиырып алашұбар алашаны,

Жиылып бала-шаға бал ашады.

«Келеді көкем,сақа алшы түсті!»

Көп бала көк сақаға таласады.


Солармен менде бірге таласамын,

Солармен менде бірге бал ашамын.

Қуанам, алшы түссе, «Келеді!»деп,

Үстінде тайраң салып алашаның.


Үйімде көкем барда күмбірлеген,

Домбыра үндемейді кімді іздеген?

Көкемнің шапаны тұр керегеде,

Өзінен өзге жұртқа кигізбеген.



Көкемнің бармағынан бал саулады,

Осы ауыл талай тыңдап тауса алмады.

Көп болды сол көкемді көрмегелі,

Күйіне біздің ауыл тамсанғалы.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2020
8755
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12