Материалдар / Абылай хан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абылай хан

Материал туралы қысқаша түсінік
Абылай хан жайлы сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
622
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерущісі: А.Орынгалиева

Пәні: Тарихи тұлғалар

Сыныбы: 9а . Күні:14.12.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Абылай ханның қазақ хандығындағы тұлғасын ,білгірлікпен жүргізген сыртқы, ішкі саясатының нәтижесін көрсету

  • Абылай хан сияқты талантты саясаткер және дипломаттың халқына сіңірген тарихи еңбегін түсініп,бағалай білуге үйрету.

  • Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – білікітілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Сабақтың типі: Дағды мен шеберлікті меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: кесте,сызбалар,бағалау парағы,жетондар, электронды оқулық ,Қазақстан картасы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс,ой-қозғау,Блум жүйесі, құжатпен жұмыс,интерактивті оқыту әдістері,Блоб ағашы,конверт сұрақ

сто стратегиялары

Жаңа технология: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Пәнаралық байланыс: география, тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III .Жаңа сабақ

IV . Жаңа сабақты бекіту

V. Қорытындылау,бағалау

VI . Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды интерактивті оқыту әдістерінің П стилімен оқушыларды орналастыру.



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу.Бағалау парағын тарату.

Психологиялық дайындық .Слайд .

Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алып, белгілеп қойыңдар.

Мен сабаққа дайынмын. Менің сабаққа зауқым жоқ . Мен өз-өзіме сенімсізбін.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Слайд.Сабақтың ұраны:

Сабақтың ұраны:Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін азаттық пен білім қажет.

Ш.Уәлиханов

«Менің есімімнің тарихы» әдісі . /А.Ж.Егізбаев бойынша/

Оқушыларды бір-бірімен жақынырақ танысады, олардың бойында ұлттық құндылықтар қалыптасады, адамның туылған кезде есімін қоюға үлкен мән беру керектігін түсінеді, зерттеушілік дағдыларын дамытады.

ІІ.Слайд . Үй тапсырмасын сұрау:


  • Конверт сұрақ стратегиясы. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Тәуке хан тұлғасы

1.Қазақ тарихы туралы тұңғыш көлемді еңбек жазған А.И.Левшин оның тарихи тұлғасына мынадай сипаттама берген болатын:

Ж: «Ол бірнеше жылдарға созылған қантөгіс соғыстарды тоқтатып, өзара қырқысуларды тыныштандырды, ол өзінің ақылымен және әділеттілігімен басқаларды бағындыра білді, ол мықтыларды тыныштандырып, әлсіздерді біріктіру арқылы күштілерге қарсы тұра алатындай етті, ол жалпыға ортақ заң шығарып, сол заңмен өмір сүргізді, қазіргі күнде ол заң қазақтардың есінде сақталған».

2. Тәуке ханның шығу тегін ортағасырлық жазба дерек мәліметтеріне сүйене отыра былайша көрсетуге болады

Ж: Шыңғыс хан → Жошы хан → Ордаежен → Сартақтай → Қоныша → Баян → Сасыбұқа → Ерзен → Шымтай → Орыс хан → Қойыршақ → Барақ хан → Жәнібек хан → Жәдік →Шығай хан → Есім хан → Жәңгір хан → Тәуке хан.

3. Шах Махмұд Чорастың дерегінде Жәңгір ханның Тәуке және Абақ деген екі ұлы болғандығы, Абақ сұлтанның үлкен ұл екендігі айтылады.

4. «Төле бидің тарихы» атты дастанында Қазанғап Байболұлы «Жеті Жарғыдағы» заңдардың санын былайша көрсетеді:

Ж : «Жер дауы, баяндайын, біріншісі,

Ру, қоныспен меншікті ісі.

Иеленген жеріне жанжал болса,

Біреуге басымдылық қып озбыр кісі.

Үй іші мен баланы тәрбиелеу, –

Болған жосын заңының екіншісі.

Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,

Баян етер бәрін де білген кісі.

Төртінші боп саналған мынау заңы,

Бір халықпен басқа ру болса дауы.

Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші бұл,

Алтыншы, жетінші – құн дауы, жесір дауы»

5. Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» мен оның осы заңды өмірге енгізуге байланысты жүргізген саясаты жөнінде мынадай тұжырымдар айтуға болады.

Ж: Біріншіден, Тәуке хан 1652-1680 жылдары қазақ қоғамындағы қырқысулармен дау-дамайларды, жанжалдар мен қантөгістерді болдырмаудың жолын іздестіріп, оларды әлімжеттік принциппен емес, құқықтық негізде шешуге күш салған. Бұрыннан келе жатқан Қасым хан, Есім хан тұстарындағы заңдардың кейбір баптарын жаңа талаптарға сай бейімдейді, жаңа баптар енгізеді. Сөйтіп, өмірге «Жеті Жарғы» атты заңды енгізеді. Ал өзі әз-Тәуке, яғни «әділ», «қайырымды» хан атанып кетеді.

Екіншіден, Тәуке ханның заңы арқылы қазақ қоғамындағы ішкі бірлік толық болмаса да, біршама сақталады. Мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесі, мемлекеттік құрылым, жалпы алғанда қазақ мемлекеттілігі өзін-өзі сақтап өөзін-өзі жойып жібермей, керісінше, өзін-өзі сақтап қалады. Соның арқасында жоңғарлар мен аштарханилар әулетінен болған күрестерде қазақ жерінің тұтастығы сақталады.

6. Тәуке ханның қайтыс болған жылын алғаш рет В.В.Вельяминов-Зернов шамамен 1718 жыл көрсеткен болатын. Содан бері тарихи әдебиеттер мен арнайы зерттеулердің бәрінде Тәуке ханның өлген жылы деп осы жыл көрсетіліп келеді.

Техникалық құрал көмегімен көрсету.

Слайд . Сергіту сәті. Сыныппен орындау. «Заряд алу»

А.Ж.Егізбаев бойынша. Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.

Мәңгілік ел логотипі.

Жаңа сабақтың жоспары:

Абылай хан

  1. Абылай тұлғасы

  2. Абылай ханның ішкі ,сыртқы саясаты

Қызығушылықты ояту . Пән ішіндегі байланыс.

1711ж, Сабалақ, Әбілмансұр, Түркістан,1771ж, Бұқар жырау,1741ж,1779ж, егіншілік,

Электронды оқулықпен жұмыс.Ұлттық ақпараттандыру орталығы .

Жұппен жұмыс. Мәтінмен жұмыс. Болжау ағашы.

Өмірмен байланыстыру .ҚРК. Президент туралы .

Рухани жаңғыру . «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы.

Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі –неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап,аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.


Кері байланыс. Сабақ ұраны. Абылай ұрпағы .Мен жүйесі

Бекіту. Бағалау

Үй тапсырмасы . Абылай туралы деректер

Сабақты қорытындылау.

Білімді оқушыны анықтау. Төсбелгі тағу .

























Рисунок 5 Picture 2
































Бағалау парағы . Тарихи тұлғалар .

9- сынып оқушысы

Фамилиясы аты:__________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан

Психологиялық дайындық.

Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алып, астын сызып белгілеп қойыңдар.

Мен сабаққа дайынмын . Менің сабаққа зауқым жоқ . Мен өз-өзіме сенімсізбін.


Сабақ барысында жиналған ұпайлар


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!