Ш ығыс
Қазақстан Облысы,
Тарбағатай ауданы, Ақжар
ауылы
«Қ.Билялов атындағы гимназия»
КММ
Тарих және география пәнінің
мұғалімі
Мухтарбеков Нурлыбек
Адилбекулы
Абылай хан тұсындағы
қазақ хандығының
өрлеуі.
Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларға Абылай ханның ХYІІІ ғасырда Орталық Азияның әлемдік
деңгейдегі мемлекет басшысы, қолбасшысы, дипломат болғанын, оның
тұсындағы қазақ хандығының Жоңғарлармен, Ресей, Қытай империясымен
және тағыда басқа елдермен жүргізген сыртқы саясатының негізгі
оқиғаларын түсіндіру. Абылайдың қазақ хандығының тәуелсіздігін
сақтау жолындағы сыртқы саясат саласындағы тарихи еңбегін ашып
көрсету
Дамытушылық:
Оқушыларға Абылай дәуірін,
тұлғасын, оның сыртқы саясат саласындағы қайраткерлігін ғылыми
тұрғыдан талдауға, саналылықпен түсіне білуге ұлы бабамыздың
дипломатиялық қызметі туралы өздігінен ізденіп, білулеріне
бағыт-бағдар беру.
Тәрбиелілік:
Оқушылар бойында
қазақтың ұлы ханы абылай тұлғасына, оның кемеңгерлігіне,
дипломатиялық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезімін
қалыптастыру. Отанын құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық-танымдық
Сабақтың қолданылатын технология: СТО
технологиясы.
Әдісі:топпен
жұмыс,сұрақ-жауап,баяндау,
талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд,
суреттер, Абылай хан туралы деректі
фильм.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, математика,география.
Сабақтың
барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын
тексеру.
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Хан Абылай
атандың,
Дүниеден шықпай
мініңіз.
Алтын тақтың
үстінде,
Үш жүздің басын
құрадың.
Жетім менен
жесірге
Ешбір жаман
қылмадың,
Әділетпен
жүрдіңіз.
Әдепті іске кірдіңіз...
Бұқар жырау
“Абылай – аңызға айналған тұлға. Бірақ, біз ата
тарихының бар шындығын ашу үшін, сол аңыздан ақиқатты ажыратып
алуымыз керек және оны өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін
жасауымыз керек...
Нұрсұлтан
Назарбаев
Абылай хан. Деректі фильімінен
үзінділер көрсету.
Сосын сабағымызды ары қарай
жалғастырамыз.
Енді балалар 4 топқа бөлініп
алайық. Жоспарға сай жаңа көрген киномыздан мәліметтер пайдалана
отырып сабақты талдаймыз.
Жоспар:
1- топ «Тарихшылар»
Абылайдың балалық шағы,жігіттік
кезеңі
2- топ «Әдебиетішілер»
Абылай қолбасшы, саяси
қайраткер
3- топ «Географтар»
Абылай кезіндегі қазақ
хандығы
4- топ «Математиктер»
Деректермен
қорытындылау
Міне балалар біз жоспар
бойынша бөліндік. Енді әр маман өз тапсырмаларын ортаға
салуға тырысады.
1 – топ. Тарихшылар.Тарихшылар
мазмұнын айтып өтеді.Абылайдың азан шақырып қойған аты –
Әбілмансұр. Ол 1711 ж Түркістан билеушісі Қанішер Абылайдың ұлы
Көркем Уәлидің шаңырағында дүниеге келеді. Абылай 13 жасында
Түркістанды қалмақтар басып алады, Уәли өледі, әкесінің
қызметшісінің көмегімен жаудан қашып құтылып ол барған жерінде,
тегңн жасырады.Оған Төле Сабалақ деп ат
қояды.
Абылайдың 22 жасында Төле биге
сәлем беруге Бөгенбай батыр келеді, ол қалмақтарды барлауға
Сабалақты ертіп кетеді. Бөгенбай өте сыншыл жан екен: адамның да,
малдың да асылын бір көргенде таныған екен.Сабалаққа батсын беріп,
астындағы Нарқызыл деген тұлпарын ұсынып: шырағым-ай , көзің отты
бала екенсің, мінезі қазақтағы хан екенсің, жазғы салым қалмаққа
ататнамыз, сонда да керек болар жан екенсің!-депті. Орта жүздің
ханы Әбілмәмбет Абылайды өзіне шақырып алып: Ел жұртың кім? Туғаның
кім? Жөніңді бастан-аяқ айтшы жайлап деген.Сонда бала айтты: Қазақ
қалмақ ерегесі, мұндайда елдің қозар делебесі, қысылған соң аузыма
түсіп кетті, Атам-Абылай мен бала немересі-деген екен.Ол ел
бірлігіне қол жеткізуде, қазақың күшін біріктіруді арман етті, сол
мақсатына жетті.
2 – топ.
Әдебиетшілер.
1. Қоғам
кайраткері
2.
Хан
3.
Батыр
4.
Қолбасшы
5.
Ұйымдастырушы
3 – топ. Географтар. Абылай
хан кезіндегі қазақ хандығын картадан тауып
көрсетіңдер.
Картамен
жұмыс
4 – топ. Математиктер
«Даталар сөйлейді» жылдарды оқиғасымен тауып
беріңдер.
1711
ж.
1730
ж.
1726
ж.
1741-42ж.
1771
ж.
1781
ж.
Қазір тапсырмалар беріледі.
Осы топтардың қайсысы жылдам және дұрыс жауап береді
екен?
Тақтамен
жұмыс
1 .Абылайдың хандық еткен
жылдарын тап.
1711-1761ж
1761-1771ж
1771-1781ж
1711-1781ж
2.Абылайдың ата тегін
жаз.
1.
Шыңгыс хан
2.
Жошы хан
3.Тоқай Темір
4.Өз темір
5.Қожа
6.Бәдіғұл
7.Орыс хан
8.Құйыршық хан
9.Барақ хан
10.Әз-Жәнібек
11.Жәдік
12.Шығай
13.Есім хан
14.Жәңгір хан
15.
Уәлибақы
16.Қанішер Абылай
17.
Көркем Уәли
18
Абылай хан
Осы
тақырыбымызға байланысты анаграмма
шешейік.
НХА
Хан
ЛТАСНҰ
Сұлтан
ҮКРНҮІАСТ
Түркістан
ИУЛӘ
Уәли
АҚЫКЕЗБ
Қазыбек
ҚАСЛБАА
Сабалақ
ЙБЫАЛА
Абылай
АНБӘСРҰМІЛ
Әбілмансұр
Сұрақ-жауап жүргізейік.
1.Абылай хан өмір сүрген
жылдар?
2.Абылайдың атасы Қанішер Абылай билік құрған
қала?
3.Абылай хан жерленген
қала?
4.Абылай ханның бала кезіндегі лақап
аты?
Венн диаграммасын
құру.
Абылайдың жүргізген саясаты
мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қызметін
салыстыруға сұрақтар беру:
І
топ: Ішкі
саясаты
ІІтоп: Мемлекет
қауіпсіздігі
ІІІ
топ: Сыртқы
саясаты
ІV топ: ХVІІІ мен ХХІ ғасырды
салыстыру
Абылай ханның жүргізген
саясатының бүгінгі күндегі үндестігі мен сабақтастығына оқушылардың
назарын аудару.
Сергіту сәті
2 минут
V. Постер әдісі. 10
минут
Картамен жұмыс
1. Абылай хан тұсында-ғы жоңғарлардан қайтарылып алынған жерлерді
көрсет.
2. 1771 жылғы Еділ қалмақтарының жоңғарияға көшуі «Шаңды жорық»
бағытын көрсет
3. Абылай хан тұсында-ғы Қазақ хандығының шекарасын
көрсет
Жоңғарлармен ірі шайқас болған жерлерді көрсет
4 .Картадан Абылай хан
тұсындағы қазақ жерінің жер аумағы, шекаралас елдер туралы постер
жасайды
VІ. Кері байланыс Тест 5
минут
VІІ. Рефлексия Кейіпкерге хат 3 минут
Абылай ханға жас ұрпақтан хат немесе Абылай хан болып жас ұрпаққа
хат
VІІІ. Критериялды бағалау. 2 минут
Оқушылардың сөйлеуіне, топпен жұмыс, жеке жұмыс жасағанына,
белсенділігіне қарай бағалау Бағалау. Топбасшылар
өздерінің құрдастарының белсенділігіне қарай
бағалайды.
Үйге
тапсырма
"Ел қорғаған – ер бабаң" тақырыбына эссе
жазу