Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Абылай ханның хандығы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Абылай ханның хандығы.(Семинар сабақ 8 - сынып).
Мақсаты:
1.Білімділік: туған жерін жоңғар басқыншыларынан қорғаған, елінің тәуелсіздігін сақтаған Абылай ханның өмірімен, халқына сіңірген қызметімен таныстыру.
2.Дамытушылық: оқушыларды өз бетімен ізденуге, ойын саралап жеткізуге, оқиғаларды салыстыра отырып бағалауға дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, оларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Абылай ханның суреті, карта, жылжымалы тақта, сөзжұмбақ, плакат, тегі, домбыра. «Абылай хан» А.1992ж.
«Хандар кестесі»Қ.Салғараұлы.
«Қазақтың көне тарихы» А.1993ж
Баспасөз материалдары
Түрі: Семинар сабақ.
Сабақтың жоспары:
1.Абылайдың өмірі: а) Абылайдың ата-тегі
ә) Абылай аталуы
б)Абылайдың хан сайлануы
2.Абылай және жоңғар шапқыншылығы.
3.Абылайдың Қытай мен Ресей жөніндегі саясаты
4.Абылай және оның тұстастары ( Үмбетей жыраудың Абылай ханға Бөгенбай батырдың өлімін естіртуі)
5. Абылай хан-саяси және мемлекеттік қайраткері.
1.Абылайдың өмірі.
а)Абылайдың ата-тегі
Қазақ жерінің 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыдан» соң, қуатты мемлекет ретінде қалпына келуі Абылай хан есімімен байланысты. Абылай азан шақырып қойған аты Әбілмансұр 1711ж дүниеге келіп,1781ж мамырда қайтыс болды. Мүрдесі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мазары алдына жерленеді.
Тарихи шежірелік деректер бойынша Абылай Шыңғыс ханның тікелей 18 ұрпағы. Шыңғыс хан –Жошы хан – Тоқай – Темір – Өз Темір –Қожа –Бәдіғұл -Орыс хан – Құйыршық хан – Барақ хан – Әз Жәнібек хан – Жәдік – Шығай хан – Есім хан –Жәңгір хан –Уәлибақы – «Қанішер» Абылай –«Көркем» Уәли-Абылай хан ( Әбілмансұр). Әбілмансұрдың атасы Абылай Түркістан қаласының билеушісі, «қаталдығымен», «қанішер» Абылай атанған. Әкесі Уәли жоңғарлармен соғыста өледі. Әбілмансұр шешесімен бас сауғалап кетеді. Елін сағынған бала Абылай Ұлы жүздегі Төле бидің аулына келеді. Өзінің хан тұқымы екенін ешкімге айтпайды. Шашы өскен, киімі алба – жұлба балаға, «сабалақ» деп ат қояды. Түйе, жылқы бағады. Қойшы қолаңның қойыртпағын ішпейтін, тақырға отырмай күпісін төсеп алатын, бозбаланың бойында тектілік барын бәйбіше байқайды. Күзеттен келген бозбаланың сәскеге қарай биге сәлем бергенінде Төле бидің селк ете қалатынын да аңғарады. Бір күні биден: «Сабалақ келіп сәлем бергенде селк ете қалатының не?»- деп сұрайды. - Жалшыдан шошып, маған не болыпты?- деп би сенбейді. Келесі күні бәйбіше бидің етегіне тебен ине қадап қояды. Айтқандай бозбала сәлем беріп кіріп келгенде би селк ете түсіп, тебен сынып кетеді. Төле би пікірін іште сақтап ештеңе айтпайды.
ә) Абылай аталуы
Қазақ пен қалмақ арасындағы кезекті шайқаста сабалақ Төле биден соғысқа баруға рұқсат сұрайды. Би оған:- Cаған соғысқа барғаннан жылқы баққан жақсы емес пе?- дейді. Сонда Cабалақ: «Жер қайысқан қолдан қалғанша жігіттің өлгені жақсы емес пе?»- деп жауап қайтарады. Төле би оған рұқсат етеді. Майданда Сабалақ «Абылайлап» ұран салып, жоңғардың қонтайшысы Қалдан - Сереннің жиені Шарыш батырды жекпе- жекте өлтіреді. Ерлігімен көзге түскен Сабалақтан кім екендігі сұралып, ата - тегі туралы шындық айтылады. Сабалақ: -Мен қанішер Абылайдың немересімін.Соғыста жолы болған атамның аруағын ұран қылдым,- дейді. Осы оқиғадан кейін Cабалақ аталып жүрген Әбілмансұр халыққа Абылай есімімен танылады. Бұл Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес еді. Шешуші майданда белсеніп шығу үшін мол тәжірибе де керек. Ел әңгімелерін оның Қанжығалы Бөгенбайдың соңына еріп, жортуылдарға қатысқанын айғақтады.
б) Абылайдың хан сайлануы.
Абылай ата даңқын жамылып хан болған жоқ.Ол қан майдандағы ерлігімен, ақыл –парасатымен танылды. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1734 ж өз еркімен хан тағынан түсіп, халық Абылайды хан көтереді. Үлкенді сыйлап үйренген Абылай хандық атақты Әбілмәмбетке қайтып береді.Өзі Орта жүздің сұлтаны деп есептеледі Негізгі билік Абылай сұлтанның қолына көшіп- тура 48 жыл билік құрады.Тарихи құжаттардың айтуынша 1771 ж Ұлы жүз,Орта жүз, Кіші жүздің игі жақсылары Түркістан қаласында ата жұрттың ежелгі дәстүрі бойынша Абылайды ақ киізге көтеріп үш жүздің ханы деп жарияланады.
2. Абылай және жоңғар шапқыншылығы.
1635 ж Азияда дербес Жоңғария мемлекеті құрылды. Қазақ хандығы да Жоңғария да мал шаруашылығымен айналысты.. ХҮІІ ғ 40 ж бастап Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған. Жоңғарияның мақсаты қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, байтақ жерді өзіне қарату болды. Сол кезде жоңғарларға соққы беру үшін асқан қабілетті ұйымдастырушы керек болды. Осындай ұйымдастырушылық қызметті Абылай атқарды. Беделді қайраткер жаудың да назарын аударды. 1740ж күзінде жоңғарлар кезекті жорығын бастады. Абылай қарсы шабуылға шығып қалмақтардың бетін қайтарды. 1741 ж ақпанында Қалдан - Сереннің ұлы Лама - Доржы бастаған 30 мың әскер жаңа жорық бастады. Шайқас қыстан жазға ұласты. Небәрі 200 адаммен шолғынға шыққан Абылай қалың әскерге кездесіп, қоршауда қалады. Қалмақтар Абылайды тұтқынға алады. Бұл 1741 ж жазы еді. Тұтқындағы Абылайдың өр мінезіне, өлімнен қорықпаған ақыл - парасатына қонтайшы Қалдан - Серен қайран қалады. Әрине, Абылайды өлімге кесу қолында тұрған. Бірақ Абылай жалғыз болғанмен, артында қалың елі бар. Оның үстіне көрші елдің басшысын өлтіре салу бір басқа. Бір жарым жылдан кейін жоңғар хандығы мен қазақ хандығы арасында бітім шарты жасалып, Абылайды тарту таралғымен тұтқыннан босатты.1745 ж Қалдан - Серен өлген соң Жоңғарияның өз ішінде оның мұрагерлері таққа таласты.Олар Дабошы, Лама - Доржы, Әмірсана. Абылай бірден Әмірсананы қолдады. Себебі Әмірсана қазақ мемлекетіне қарсы шықпаған жоңғар қайраткері еді. Көп ұзамай Лама- Доржыны жоңғар феодалдары өлтіреді.Әмірсана Добашыға қарсы шықты. Абылай Әмірсанаға материалдық, әскери көмек берді. Ішкі тартыстан Жоңғария әлсіреп кетті. Абылайдың ойы Жоңғарияның ішіндегі тартысқа тікелей араласып, қазақ мемлекетінің әскерін күшейтіп «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жоңғарлардың тартып алған қазақтардың байырға иеліктерін толық қайтару еді. 50 ж Абылай жоңғарларды тәуелділікке түсіруге әрекеттенді. Мысалы: Емел өзені өңірінде қоныстанған он мың қалмақ қолбасынан 50- ші жылдары қазақтар шабуылынан кейін 7-8 мың отбасы қалған еді. Сол кезде Абылай қалмақтарды қырмай қоныстарын аударып, олардың біразын қазақтармен некеге тұрғызды. Өзі де қалмақ қызы Топыш ханымға үйленді. Болашақ қасымның шешесі, Кенесарының әжесі осы қалмақ қызы еді. Бұл мысал қазақтардың агрессиясын емес, өз жеріне қамқорлық жасағанын көрсетеді. 50 ж қазақ елінің күші нығайды. Әмірсананың Жоңғарияға хан болуға ұмтылуы Қытайдың қарсылығын туғызды. Цинь әскерлерінен жеңілген Әмірсана баспана іздеп Абылайдың иелігіне көшуге мәжбүр болды. Ал әлсіреген жоңғарияны толық құрту жөнінде шешім қабылдаған Қытай оған әскерін кіргізді. Сөйтіп ХҮІІІ ғ 1758 ж дербес ел ретінде жоңғария өмір сүруін тоқтатты. Жоңғарияны құртқан Абылай емес еді. Абылай қазақ мемлекетінің құрылысын қорғаушы. Ол жоңғар шапқыншылығының бетін қайтарды. Сондай саяси қайраткерлердің арқасында қазақтар ел болып сақталды.
Абылайдың Қытай мен Ресей жөніндегі саясаты.
а) Қытаймен қатынасы
1745 ж құдіретті қолбасшысы Қалдан - Серен дүние салғаннан кейін бір кезде бүкіл Орталық Азиядағы мемлекетаралық қатынастарда шешуші роль атқарған Жоңғария күрт әлсіреді.Осы жағдайды өз мүддесіне пайдалануға тырысқан Маньчжур әулеті осы елді жаулап алуды, иелігін Қытай империясының құрамына күштеп қосуды ойластырды. Абылай жоңғарияны Қытай басып алса, шекаралық аудандарда Тарбағатай, Алтай өңірінде көшіп - қонып жүрген қазақтарға зор қауіп төндіретін түсінді. ХҮІІІ ғ 50 ж аяғында Цинь- Маньчжур өкіметімен арадағы таластарды шешетін басқа жол қалмағанын Абылай түсінді. Жаңа ғана күшпен Қытайға қосылған Шыңжаң шекарасында Пекин өкіметі 30-40 мыңдық тұрақты әскери бөлімдерді орналастырды. Оған қарсы тұратын қазақия елінде қол жоқ еді. 1757ж жазында Абылай Пекин сарайымен келіссөз жүргізіп, Қытайға кепілдікке өзінің ұлы Әділсұлтанды аманат ретінде жіберді. Абылайдың сөзге берік екендігін білетін Қытай императоры Әділді әкесіне жіберді. Пекин сарайына тәуелділігін сөз жүзінде мойындағанмен Абылай және жақтастары шындығында қазақ елінің тәуелсіздігін толық сақтап қалды, тұрақты алым - салық төлемейді. Абылайдың өз елін қалауынша басқаруына Пекин өкіметі шек қоймады. Қытай әскерлері Жоңғар еліне басып кірді. Цинь әскерлеріне қарсылық көрсете алмаған Әмірсана баспана іздеп Абылайдың аулына қашып барды. Сұлтанның Әмірсананы қабылдауы Пекин сарайы мен қазақ хандығы арасындағы байланыстарды шиеленістірді. Қазақ жеріне паналаған жоңғарларды «жазалау» деген сәуегейлікпен Қытай әскерлері Қазақияға басып кіруге шешім алды. Император Цинь - Луноның түпкілікті ойы қазақ руларын да, өзіне қарату еді. Императордың жарлығына сәйкес 1756 ж маусымның 9 күні Қытай әскери топтарының Іле мен Тарбағатайды бойлап, қазақияға шабуыл жасауы Пекин сарайының басқыншылық саясатының тікелей көрінісі еді. Сонау кіші жүзден орта жүздегі бауырларын қол ұшын беру үшін, Нұралы ханның інісі Ералы бастаған жасақ келді. Абылайдың жауға қарсы аттану ұранына барлық қазақ батырлары мен сұлтандары дауыстарын қоса алмады. Одан әрі шегіну жау әскерін елдің ішкі аудандарына енуге, бейқам ауылдарды шабуға жол беретіндігін көрген Абылай Пекин сарайымен келіссөз бастауға мәжбүр болды. Бірқатар феодалдар Абылайдың Қытаймен жақындасу саясатына наразылық білдірді. Абылай орыс шекаралық шептерінің комендаттарымен де байланыстарын суытпады. Осылай екі қолымен екі империямен қарым - қатынастарын үзбеген Абылай сол қиын саяси жағдайда Тарбағатай өңіріндегі бұрын жоңғарлар күш басымдылығымен уақытша ұстап қалған шұрайлы, байырғы қазақ жерлерін толықтай қайтарып алды. Абылай Қытаймен тек саяси емес, шаруашылық мәселелерімен де жақындасты. Сайрам көлінің маңында екі мемлекет арасында тұңғыш сауда келісім жасасты. Абылай ешқашан өз халқын бодандыққа байламаған. Қытай императорының билігін мойындаймын деп ант бермеген. Абылай атынан жазылған мұндай құжат тарихта жоқ. Абылай елшілері Пекинде тек тату көршілік қатынас туралы сөз қозғаған.
ә) Ресеймен қатынасы.
1740ж Абылай мен Әбілмамбет Ресейдің билігіне қарауға ант береді. Бұл саяси айла еді. Ресеймен жақындаса отырып, Орта жүзге жасалатын жоңғар шабуылын әлсірету еді. Абылай ыңғайына қарай біресе Ресейге, біресе Қытайға бағыныштымыз деп жүрді.Шын мәнінде бұлардың ешқайсысына да бағынбады. Қытай Жоңғарияны талқандағаннан кейін Абылай жеңімпаз жақпен қатынас жасап, оның қазақ жеріне шабуыл жасамауынан сақтанды. Осы әрекетімен Ресейді суытып алмау үшін 1758 ж 15.01 Орынбор генерал губернаторы Неплюев пен генерал майор Тевкелеевке өзінің Қытайдың Богдыханымен қатынасы туралы хатын жолдады.1761ж император Елизавета Петровнаға жолдаған хаттарының бірінде ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұста және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған. 1771ж хан болып көтерілген Абылай Ресеймен санасуын қойды. Ресей хандық атағын бекіттіріп алуды талап етті. Абылай бұған «мені хандыққа халқым сайлады» деп жауап берді. Қанша жек көргенімен патша үкіметі Абылаймен санасуға мәжбүр болды. Абылайдың өсіп бара жатқан беделінен қорыққан Ресей ханшасы ІІ Екатерина 1778 ж 24 мамырда оны тек Орта жүздің ханы ретінде бекітеді. Абылай хан - ХҮІІІ ғ бүкіл қазақ елін билеген, елдің тұтастығын қамтамасыз еткен қайраткер.
4.Абылай және оның туыстары.
5.Абылай хан саяси және мемлекеттік қайраткері.
Абылай ХҮІІғ дүниеге келіп, жыл бойы қазақ елін билеген хан,мемлекеттік қайраткер. Ордасы Көкшетауда болды. Оның тарих сахнасына шығуы еліміз үшін қиын кезең жоңғар шапқыншылығымен тұстас келді. Қазақтар мен жоңғарлар арасында кей уақыттарда бейбітшілік орнады. Кей кезде одақтастық та болған. Түптеп келгенде олар өзара ымырасыз саясат жүргізді. Осы жағдайды замандастарымен салыстырғанда Абылай жақсырақ пайдаланған. Оның негізгі мақсаты жоңғар мемлекетін әлсірету. Бірақ қалмақтарды халық ретінде емес,олардың шапқыншылық саясатын жоюды көздеді.Қалмақтардың түбіне жеткен Қытай мемлекеті.Абылай осыны жақсы түсініп парасатты дипломатиялық саясатты Цинь өкілдерімен жүргізді.Оның өмірлік мақсаты-нығайған,өсіп-өрлендеген,күшті қазақ мемлекетін құру.Өз заманының адамы болған соң жеткенше сол мемлекетті мұрасы ретінде ұрпақтарына қалдырады.Әрине, Абылай мемлекеті-өте ерекше, мемлекет еді.Абылай бүкіл саясатын қалмақтарға қарсы қоя отырып, кей мәселені\қарудың күшімен емес,мәмілегерлік шеберлікпен шешті.Абылай шеберлігі ерекше еді.Қазақтар мен жоңғарлардың арасындағы бейбіт келісімдерге ретімен жүргізу сияқты істері «жабайы» көшпенділердің әрекетіне ұқсаған жоқ. Орынбор әкімшілігінің басшылары Натищев, Челеневтер Абылайға ерекше мән берген. Абылайдың қазақ елін қайтадан көтеру жолындағы күресі 40 жылдан астам уақытқа созылды. Өте ауыр болды. Абыроймен аяқталды. Ел етек жеңін жиған, саяси жағдай біршама оңалған шақта Абылай ежелгі қазақ ордасының төрт бұрышын түгендеуге кірісті. 1765Ж, 1770 ж қырғыздарға қарсы шығып, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады. 1771 ж Еділ қалмақтарын талқандады. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтармен күресіп, Түркістан, Шымкент, Сайрам қалаларын қайтарып алды. Ташкентті бодандыққа түсірді. Абылай бекітіп кеткен шекарадан біз Кеңес өкіметі жылдарында ғана айырылып қалдық.
Абылай ұлылығының бір саласы - күйшілік өнері. Ол 30 тарта күй шығарған. Жазушы Естай Мырзахметов қазір оның бес күйін тапқан. Сонымен, Абылай хан бүкіл саналы өмірін қазақ халқының елдік мұратына жұмсаған. Бір сөзбен айтқанда қолбасшы, көреген саясаткер, Абылай жерін жауға алғызбады. Тәуелсіздік туын берік ұстады.
а) Абылайдың ұрпақтары
Тарихи деректерге сүйенсек Абылайдың артында 30 ұл, 40 қызы қалды. Ұрпақтарының ішінен қазақ халқына еңбегі сіңген әйгілі адамдар шықты. Оның тұңғыш ұлы Уәли, одан - Шыңғыс, одан- Шоқан Уалиханов. Шоқан ХІХ ғ өмір сүрген, ағартушы ғалым, Абылайдың шөбересі.
Абылайдың тағы бір ұлы - Қасым, одан - Кенесары. Кенесары Қасымұлы патша отаршылдарына қарсы 1837 – 1847 ж ұлт - азаттық күресті ұйымдастырушы, қазақтың ең соңғы ханы. 1841 - 47 ж қазақ елін биледі. Шота Уәлиханов мемлекеттік елтаңбамыздың авторы. Шыңғыс Уәлихановтың баласы Мақының немересі Алматыда тұрады.
Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде ерекше торкөздерден Абылайға берілген баға және сол бағаны берген өзінің ұрпағының атын оқуға болады.
|
|
|
4 Б |
|
|
|
|
|
Ө |
|
|
|
|
3 Қ |
Г |
|
|
|
|
А |
Е |
5 К |
6 Ш |
|
|
С |
Н |
Ө |
О |
|
2 Ш |
Ы |
Б |
К |
Т |
1 Т |
А |
М |
А |
Ш |
А |
Ө |
р |
|
Й |
Е |
|
Л |
Ы |
|
|
|
|
Е |
Ш |
|
|
|
|
|
|
|
10 Т |
|
7 С |
|
ү |
|
|
А |
8 К |
|
р |
|
Б |
Е |
|
К |
|
А |
Н |
|
І |
|
Л
|
Е |
9 Қ |
С |
11 Ш |
А |
С |
А |
Т |
О |
Қ |
А |
З |
А |
Қ |
|
Р |
Ы |
Н |
А |
|
Ы |
Б |
|
Н |
|
|
Е |
|
|
|
|
К |
|
|
1. Ұлы жүздің биі.
2. Абылайды елге танытқан жекпе - жекте өлген қалмақ батыры.
3. Абылайдың ұлдарының бірі
4. Қанжығалы батыр.
5. Абылайдың ордасы орналасқан жер.
6. Абылайдың ұрпағы, елтаңбамыздың авторы.
7. Абылайдың жас кезіндегі есімі.
8. 1837 – 1847 ж көтерілісті басқарған Абылайдың немересі.
9. Орта жүздің биі.
10. Абылай жерленген жер.
11. ХІХ ғ өмір сүрген ағартушы - ғалым, Абылайдың шөбересі.
Қорытындылау.
Бағалау.