Бекітемін
Мектеп директоры:
«Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке»
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, мектеп ұжымы! Бүгінгі кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне , еліне, ұлтына берер пайдасы туралы дәріптеу. Ұстаздар бойындағы мүмкіндіктің ашыла түсуіне, шабытына шабыт қосуға өзіне ғана тән адами қасиеттерін әріптестерімен бөлісу. Бүгінгі кейіпкеріміз, біздер үшін « ******* атындағы жалпы білім беретін мектебінде» ағылшын тілі пәні мұғалімі, құрметті ұстаз Оразалиева Раушан Өмірзаққызының зейнеткерлік жасқа толуына байланысты «Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке» тақырыбындағы іс-шарамызға қош келіпсіздер!
Сіз ұстазсыз барша жан ардақтайтын,
Қанша жас сізге ұқсауды армандайтын.
Еткен еңбек төккен тер жемістерін,
Көретін кезде келді ұлықтайтын- демекші сахна төріне бүгінгі кешіміздің себепкері Оразалиева Раушан апайымызды сіздердің қошеметтеріңізбен шақырамыз!
(Егемқұл Аякөз « Ұстазым менің» әнімен ортаға шығарамыз)
Жүргізуші:
Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн
Осы жасқа жеткенде бар жетпеген,
Жаратқанның нұры сізге көктеген.
Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,
Көңіл деген көркем пейіл көк дөнен.
Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы әже деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!
Кешімізді ашып беру үшін мектебіміздің директоры Мырзабекова Камшат Дастанқызына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші : Адам өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де сәнді, мағыналы да мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан ұстазымыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі.
Халқымыз «жақсының жақсылығын айт нұры тасысын!»-деп тегін айтпағанғой ғой. Орынды айтылған жылы сөз адамның жігерін жаниды, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Міне осындай жақсы апайымыздың бірі де бірегейі Оразалиева Раушан апайымыз 1963 жылы 23қазанда Қызылорда Облысы Шиелі ауданы Байсал Бауы елді мекенінде дүниеге келді. 1970 жылы 1 сыныпқа №205 ші Ленин атындағы мектепке барды. 1980 жылы осы мектепті үздік бітіріп шықты . 1980-1983 жылдары Шымкент қаласындағы Сауда техникумда оқуға түсіп «Товар тану және сатуды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітіріп шығып, осы салада бірнеше жыл еңбек етті. 1986 жылы 28 шілдеде «Овцевод савхозына « атақты ақын, жыршы «Қызыл Ақын» немересі Рысбай ағаймен бас қосып отау құрды. Екі ұл бір қызды дүниеге әкелген ардақты жар, аяулы ана. Ұл қыздары Нұрлан, Динара, Руслан үшеуі де жоғары білімді , білікті мамандық иелері.Динара мен Руслан дәрігер, ал ұлы Нұрлан жеке кәсіпкер. Апайымыздың келіні Талшын да жоғары білімді. Қазіргі таңда ұл-қыздарынан 9 немере сүйіп отырған үлгілі отбасы.2000 жылы Раушан апайымыз ҚазақТүрік университетіне оқуға түсіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімі бойынша 2004 жылы бітіріп шықты. 2004 жылы Ш.Уәлиханов мектебіне Ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Міне 20 жылдан астам уақыт осы мектепте абыройлы қызметін атқарып келеді. Осы жылдар ішінде 5-11 сыныпқа дейін жетекшілік етіп жүрді.
Өмір дерек атты бейнебаянын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Әріптестер жиналып бүгін сізге бірге,
Бар жақсыны тілейміз сізге бүгін.
Бейнетіңіз зейнетін берді міне,
Лүпілдетіп соққызып жүрек үнін.
Әріптестер атынан құттықтаймыз
Зейнеткерлік жасыңыз сыйласын нұр.
Немерелер көріңіз шөберелер
Көңіліңізді тербетіп ән менен жыр. Дей келе құттықтау сөз кезегін Мектеп әкімшілігі бастаған мектеп директоры Мырзабекова Камшат апайымыз, Ахментеева Қарлығаш апайымыз, Мұсабаев Көмекбай ағайымыз, Төлжан Нұрхат ағайымыз, Есжан Ғалия апай,Кульбаев Ғани ағай, Айтжаноа Жаннат апай, Нусербаев Ерболат ағай, Асылбек Нұрсәуле апай, Абдукаримова Ұлбосын апай, Әбсаттар Бауыржан ағай, кәсіподақ ұйымының төрағасы Жүсіпәлиев Нұрлан ағай апайларымызға құттықтау сөз кезегін береміз.
Раушан апайымыз 1993,,2001-2002 жылғы оқушыларды бітіртіп шығарды. Бітірген шәкірттерінің атынан Әзизбекова Гүлбақыт пен Бойтанова Арай,Балжан,Баққожа, Жайынбаев Оңласын келіп отыр. Сол шәкірттерімізді сахна төріне шақырамыз.
Жүргізуші: Раушан апайымыздың мамандығы бойынша ағылшын тілі пәнін таңдаған шәкірттері де жетерлік. Қазақстанның түкпір түкпірінде еңбек етуде. Осы шәкірттеріміздің жолдаған құттықтау бейнеролигін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Қызмет деген белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз. Қуанышыңыз ұзағынан болсын. Ағайын туыстың құрметіне, қосағыңыздың үлдесі мен бүлдесіне, немере мен шөберелердің шу- күлкісіне, ұл- қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі әже болып ғұмыр кешіңіз.
Менің жақын жандарым,
Күліп атсын таңдарың.
Сәтті болсын күндерің,
Ашық болсын жолдарың
Орындалсын ойлаған,
Мақсат тілек арманың
Аман есен жүріңдер деп Раушан апайымыздың Анасы, бауырлары,жекжат арттырған құда құдағиларына құттықтау сөз кезегін береміз.
Ән: «Ағаларым» Естан Нұрбақыттың орындауында қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Әке шаңырақ иесі. Ана отбасының ұйытқысы. Отбасында адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер қалыптасады. Отбасының тірегі- сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі деп санаймыз. Ендеше сахна төріне Раушан апайымыздың Ұл-қыздары,күйеу баласы және келінін құттықтау сөз кезегіне шақырамыз!
Ән: « Атам мен әжем» Орындайтындар: Дүйсенбай Мадина мен Тәңірберген Адина қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Сіз жұмысқа көп жылдарды арнадыңыз,
Жақсылықты жақсыға жалғадыңыз.
Енді міне бейнеттің зейнеті бұл,
Зейнеткерлік еп жеткен алдағыңыз
Құтты болсын зейнетке шыққаныңыз,
Арналады құттықтау бүгін сізге.
Бұл әлемнің рахатын сезініп сіз,
Тек, Алла қолдап жетіңіз сізде жүзге. Дей келе мектептегі қызметтес болып жүрген «Полиглот» бірлестігі бастаған барша бірлестіктерді ортаға құттықтау сөз кезегіне шақырамыз.
Жүргізуші:
Мінезі гүлдей жеңешем
Жап жарық күндей жеңешем
Мұңайып менде қаламын
Сен қалсаң күлмей жеңешем дей келе Қира елінің қыздары мен келіндеріне және Арғынның қыздарына береміз
Жүргізуші :
Дос болам десең Досымды сыйла қымбаттым!
Досыңа сонда Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Дей келе Раушан апайымыздың достарына сөз кезегін береміз
Жүргізуші: Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет. Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы- Отанда, ұл қыздарыңыздың ортасында балқыған бақытқа толсын. Өмір жасыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті жүз есе, мың есе болып денсаулық, бақыт, байлық ала келсін, жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз! Бүгінгі Оразалиева Раушан апайымызға арналған «Абыройлы еңбектен- құрметті зейнетке» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Көріскенше күн нұрлы болсын. Сау сәләматта болыңыздар!
Естан Нұрбақыттың орындауында «Ауылым» әнін қабыл алыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке» сценарий

шағым қалдыра аласыз