Материалдар / "АДАГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ ДЕГЕНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ?" БАЯНДАМА
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

"АДАГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ ДЕГЕНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ?" БАЯНДАМА

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекш3лерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2018
1047
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адамгершілік тәрбие дегеніміз не?



«Тәрбие дегеніміз- халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық дәстүрлерін жас ұрпактың бойына сіңіру»

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке тұлғаны қалыптастыру және оның жан-жақты толық қанды дамуын қамтамасыз ету. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де , өзі өмір сүріп отырған ортаның, қоғамның , ұжымның, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл –парасатымен, жеке бастын өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады.

Ертеде грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биолгиялық факторлар мен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деген. Адам өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи даму нәтижесінен де пайда болады. Сонымен,адамның жалпы дамуына өзара байланысты екі бағыт: биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда даму барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Даму - бұл жеке тұлға сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі; көптеген әлеуметтік тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді меңгереді Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. Міне осыдан, ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субьект, яғни тарихи қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Сонымен даму дегеніміз – адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесімен психикасының дамуындағы, танымдық, шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, яғни сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі.

Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.

Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.

Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол. Тәрбие үрдісіндегі тұлғалық кісілік қасиеттерін қалыптастыруда ықпал ететін факторлар жұйесінде өзін өзі тәрбиелеудің маңызы ерекше. Тәрбиедегі даналық сол, оған тәрбиеленушінің өздерін белсенді түрде қатыстыру. Олардың болашағын өздерімен бірге ақылдасып шешу.бұндағы көздейтін негізгі мақсат, тәрбиенің міндеттеріне сай атқарылатын жұмыстар тұлғаның өзін өзі тәрбиелеудегі міндеттерімен ұштастыра жұргізу. Осындай жұмыстардың негізінде жалпы тәрбиелік мақсат пен міндеттер өз нәтижесін береді.Тәрбие тұлғаның аталған мәдениетін дамытушы әрі қалыптастырушы бірден бір құрал. Тәрбие – көпжақты процесс. Жас ұрпақты азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата- аналар мен жұртшылықтың әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы - мектеп.

Қазіргі кезеңде жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру бірінші орында тұр. Сонымен, адамгершілік дегеніміз жағымды мінез құлқының нормалары мен ережелер жиынтығы.Адамгершілік борыш идеясы бүкіл тәрбие процесінің саналы негізгі өзегі болуын назардан үнемі тыс қалдырмау. Олай болса, адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз жақсылық атаулыға деген сенімді дамыту. Өзге болмайтын жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз. Социалистік қоғам тұсында коммунистік моральдың үш түрі болды.Ұжымдық мораль бұған тән қасиет «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін » қағидаға негізделген.Гуманистік мораль ол адамдар арасындағы шынайы адамгершілік қатынасқа негізделген.Белсенді қарекетшіл мораль бұл еңбек адамын жаңа жетістіктерге ұжымдық және өміріне ынта ықыласпен араласуды көздейді.Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегіқоғамның алдында тұрған мақсат -мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.Психологтар жеке адамның бойындағы қасиеттерін зерттеген кезде мынадай қорытындыға келген: барлық қасиеттердің құрылысы бірдей болады және олар төрт түрлі бөліктен тұрады: сезім, сана, сенім, мінез-құлық дағдысы. Бірақ тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процесінде жетекшілік роль өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі: ол жанұядағы тәрбиеге, баланың жас ерекшелігіне, баланың бойында қалыптасқан қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланысты болады.Адамгершілік сезімді қалыптастыру жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс.Сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Жоғары сезімдер арасында адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Бұл туралы К.Д.Ушинский “Адам тәрбие жемісі” деген еңбегінде: “Біздің өзімізді, біздің дүниеге қалыптасуымызды, біздің сөзіміз де, ойымыз да, тіпті қылығымыз да сезімдей анық және дұрыс білдіре алмайды, біздің сезімдеріміз жеке ой ғана, жеке шешімдер ғана емес, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей көрініп тұрады”, - деп дәл сипаттама берген.Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы ұзақ та күрделі процесс, ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына жақын адамдардың өзара қатынастарынан басталады. Мектепке келгеннен бастап балаларға қойылатын талап та өседі. Бірінші сыныптағылар басқалардың жағдайларымен санаса білулері керек екендігін үйренеді, сабақта, жұмыста бір-біріне кедергі болмаудың қажеттігін түсінеді.Адамгершілік сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды қамтиды.Сенім адамның білімінің негізінде туындайды. Ол өзінің сенімін қандай бір жағдай болмасын оны қорғауға және өзінің сенімінен таймауға, қарым-қатынас жасауға тырысады. Бұл үшін адамгершілік ереже, нормалар, мінез-құлық қасиеттері туралы арнайы ағарту жұмысы болу керек.Адамгершілік ағарту жұмысы адам баласының ең парасатты қасиеттері, адам өмірінің адамгершілікке негізделген салт-санасы туралы кең, жан-жақты түсінік береді.Адамгершілік тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиенің екі жақтылық сипатын негізге алу керек: “Объективті жағы – ол жеке адамға қоғамның қоятын арнайы адамгершілік талаптары. Ал субъективтілігі: - ол жеке адамның қоғамға, еңбекке, адамдарға өзінің қоғамдық нормалары мен талаптарды меңгеруіне қарай - қарым-қатынас жасауы, мінез-құлық қасиеттерін көрсетуі жатады.Тәрбиедегі негізгі мақсат – оны жоғарыда айтылған адамгершіліктің объективті нормасына айналдыру.Бала тұтас педагогикалық процесс барысында қалыптасады. Баланың адамгершілік сенімі өмір тәрбиесі барысында бекиді.Сенім әрбір іс-әрекетте, мінез-құлықта адамның бағыт-бағдарын, принциптілігін айқындайды. Алайда күнделікті тәжірибеде сенім мен мінез құлық, іс-әрекет арасында алшақтық кездесіп отырады. Оқушы моральдық талаптарды, ережелерді түсініп, оған сенгендігіне қарамастан мінез құлқында, адамдармен араласу барысында адамгершілікке жатпайтын теріс әрекеттер жасайтын жағдайлар кездеседі.Сондықтан адамгершілік тәрбиесінде моральдық ереже нормалар туралы білім түсінік ұғымдардың негізіндегі адамгершілік сенімнің алатын орны ерекше.Тәрбие жұмысында тек қана белгілі бір мінез-құлық ережелері жайлы түсіндіріп қоймай, балалар өз көзқарастарын тексеріп көре алатындай, практикада олардың дұрыстығына көз жеткізетіндей жағдай жасау керек.Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ойластырылған баланың күнделікті өмірі әдетте қалыптастырудың неғұрлым тиімді жолы болып табылады. Педагог тарапынан мақсатқа сәйкес ұйымдастырылған мектеп өміріндегі көптеген пайдалы әдеттер тәрбиеленушілердің өздеріне байқаусыз қалыптасады.Балаларға адамгершілік дағдыларын қалыптастыру ұзақ уақытқа созылатын процесс болумен қатар, күрделі де, көп қырлы процесс. Ол оқушылардың сана-сезіміне ықпал етуді, оларда жақсы әдет пен мінез-құлықты, адамгершілік сезімі мен қасиеттерді қалыптастыруды және олардың еркі мен тілегін бағыттай білуді талап етеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!