Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адай ата - Отпан тау тарихи-мәдени кешені"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адай ата – Отпан тау» рухани тарихи-мәдени кешені бірнеше құрылыстан тұрады: Ақсарай –Адай атамыздың Ақордасы; «Маңғыстау және жеті жұрт» тақырыбындағы көрме залы Маңғыстау тарихына арналып, ол жердің археологиялық сараптамасы, картасы, макеттер, артефакттер аңыз әңгімелермен айқындалып, тас дәуірінен осы күнге дейін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихы, мәдениеті бойынша жинақталған мәліметтер жүйеленіп жасақталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адай-ата – Отпан тау тарихи-мәдени кешені


Маңғаз дала Маңғыстау өлкесі – тарихи тағылымға, қойнауы қазынаға, табиғаты көз тартар құпияға толы құт мекен. Дархан даланың ойы мен қыры, сайы мен саласы, тауы мен тасы да қасиетті. Маңғыстау көне тарихтан сыр шертетін тарихи-мәдени мұралары жетерлік ашық аспан астындағы киелі орын.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізімінің қатарында «Адай ата-Отпан тау» тарихи-мәдени кешені де бар.

2004 жылы тарихи-мәдени кешен ақын Сабыр Адайдың бастамасымен қолға алынып, сәулетші Көпбол Демесіновтің жобасымен салынып, 2007 ж. 25 қазанда кесене ашылды.

Маңғыстаудың ең биік шоқысы – Отпан тау биіктігімен, асқақтығымен маңызы зор. Отан – отбасынан басталады демекші, Отан ұғымы Маңғыстау халқы үшін қасиетті Отпан тауынан, Адай-ата рухынан, оған дұға етуден басталады. Қасиетті Отпан тау – ел шетіне жау келсе, адайлардың жүрегіне Ұран отын жаққан тау. Ұрпақтардың басын қосып, бауырына тартқан тау.

«Отпан тау – жеріміздің төрі, Адай ата кесенесі – еліміздің мөрі» деген ұран осы жердің барлық құдіреттілігін сипаттайды. Отпан тау–ата-бабаларымыздың аяғы, тұлпарларының тұяғы тиген, батырларымыз бен билеріміздің басын қосып, ақылдасып, елдің тағдырын шешетін шешімдер қабылдаған жер. Аталарымыз осы жерде елдің амандығына садақа беріп, Алладан ұрпақтарына саулық тілеп, алыс жолға аттандырып отырған. Ерте заманда адам баласын суықтан қорғайтын панасы, ыстықтан қорғайтын көлеңке, жауында қорғайтын шатыр, жел мен дауылдан қорғайтын ықтасын болған.

Отпан тау – әруақтың жайлаған жері, Маңғыстауда байлықтың орнаған жері, Адай-атаның мекен етіп, табанының табы мен рухының мәңгілік қалған жері. Адай ата –15 ғасырда өмір сүріп, қазақ халқының қалыптасуында көрнекті рөл атқарған тарихи тұлға. Атақонысын жаудан алып, көздің қарашығындай сақтай білген, бүкіл Алашқа «Кіші жүзді қолына қару беріп жауға қой» дегізген. Шежіре бойынша сегіз арыс адай елі осы Адай атадан тарайды. Ол кенже немересі Мұңалдың қолында бақилық болған. Адайлардың Мұңалды қарашаңырақ иесі, киелі босаға, құт-береке дарыған «мұңал ошақ» деп ерекше атайды. «Мұңал ошағы» Қазығұрт тауының оңтүстігінде, білетіндер оны қасиетті қараорын деп кие тұтады.

Адайлардың ең көп тараған іргелі аталарының бірі– Қосай. Жазушы Ә.Кекілбайұлы Адайдың 1435 – 1449 жылдары он төрт жыл хандық құрғанын жазады. Бұл тарихи деректі И.Трофимов пен Әнес Сарай нақтылай түседі. Адай бабаның жұбайы Жанар – Қарақалпақ Жантаза байдың қызы деп айтылады. Құдайке мен Келімберді осы Жанардан туады. Адай тегі туралы деректемелерде шежірешілердің қай-қайсысы да Адайдың әкесі Елтай, шешесі Қанбибі екенін мойындайды.

«Адай ата – Отпан тау» рухани тарихи-мәдени кешені бірнеше құрылыстан тұрады: Ақсарай –Адай атамыздың Ақордасы; «Маңғыстау және жеті жұрт» тақырыбындағы көрме залы Маңғыстау тарихына арналып, ол жердің тас дәуірінен осы күнге дейін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихы, мәдениеті бойынша жинақталған мәліметтер жүйеленіп жасақталған, Адай Ата кесенесі, «Ана келбеті» ескерткіші, 362 баспалдақ, Адай Ата елінің Ел таңбасы, Көкбөрі, Ұран оты.

Осы Отпан тауына орнатылған Адай-ата кесенесі – ұлтымыздың ұраны, рухымыздың қуаты болып, ұлттың ар мен намыс бірлігіне үндеп, бабалар қасиетін ұлықтайды.

Түмен Балтабасұлының «Маңғыстау» толғауында:

Маңғыстау машайықтың жатқан жері,

Ашылған абыройын жапқан жері.

Қара тау – қақ ортасы Маңғыстаудың,

Басына ұран отын жаққан жері.

Сүттей су бауырынан аққан жері,

Тойына ту бие мен қошқар сойып,

От жағып рухына табынған жер – деп суреттегендей Адайдың Ұран отын жаққан жері иісі қазақты біріктіреді. Отпан тау басындағы Адай атаның кесенесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ еңсесін биіктетіп, талай тарих сырын шертері сөзсіз.



Дерек көзі: Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.08.2021
807
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12