400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлт үшін күресіп жүріп, ұлттық құндылықтарымызды қазіргі бейбіт заманымызға дейін жоймай, сақтап, ұрпаққа мұра етіп қалдырған ата-бабаларымызға мың сан рет алғыс айтсақ та аз болатыны сөзсіз. Қазір біз еңсесі биік, заңы, тілі, бағыты, мақсаты айқын мемлекетпіз. Еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

Ұлт үшін күресіп жүріп, ұлттық құндылықтарымызды қазіргі бейбіт заманымызға дейін жоймай, сақтап, ұрпаққа мұра етіп қалдырған ата-бабаларымызға мың сан рет алғыс айтсақ та аз болатыны сөзсіз. Қазір біз еңсесі биік, заңы, тілі, бағыты, мақсаты айқын мемлекетпіз. Еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны бар. Дүниежүзі қазақ елін осы нышандарымен, оюымен, домбырасымен таниды. Ұлттық мерекеміз Наурызымыз әлемдік деңгейде тойланатындығының өзі қандай мақтаныш! Қазақ халқы қарапайымдылығымен ерекше. Адалдық, ақкөңілділік, адамгершілік тек қазақтардың бойынан табылатын жақсы қасиеттер.

Қазақ ежелден ырымшыл, мәдениетті, салт-дәстүрге берік, бауырына барын беріп, қызын қонағындай сыйлаған, тарихын, елін сатпаған, бүгініне шүкір етіп, ертеңіне үмітпен қараған, қонағын төрге шығарып, құшағын кең ашқан ұлы халық! Осындай ұлттық құндылықтарды сақтап қалуға, жойылып кетпеуіне біз бәріміз бірге жауаптымыз. Мемлекет болғасын дамуда, өзгеруде, дағдарыстардың да болып тұруы заңдылық.

Бәрі өтеді, кетеді. Алайда әр ұлтта өзіне тән жойылмайтын ұғымдар болады.Сондай ұғымдардың қатарында отбасы, тәрбие ұғымдары да бар. Олар – мәңгілік ұғымдар. Ұлтты сақтайтын да, өркендететін де ұлттық тәрбие. Ал ұлттық тәрбиенің ұстаханасы, әлбетте отбасы. Отбасындағы тәрбие ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып қалыптасады, әртүрлі жолдармен ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Ұлттық құндылықтарымыздың сақталуы да, дамуы да ұрпағымызға берілетін тәлім-тәрбиемізге тікелей байланысты. Отбасындағы дәстүрлі тәрбиені қалыптастыратын ата-ана. Ұлттық қазынамызды сақтаудағы отбасының қызметі туралы көп айтуға болады. Айтып та келеміз. Қоғам, мектеп, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, орталықтар, т.б. бірігіп атқарылып жатқан шаралар қаншама… Қазақ отбасындағы жақсы жетістіктер, тәжірибелер – ұлтымыздың ортақ олжасы.

Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан бала тәрбиесінде ешкімге ұқсамаған өзіне ғана тән тәрбиесінің, тәртібінің, мәдениетінің болғандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Себебі тақырып барлық салаға да қатысты, әрі ауқымды. Біз қай салада жұмыс жасасақ та, отбасы бәріміздің ортақ байлығымыз. Бірақ, отбасылық тәрбиемізде бұрын болған көптеген ұғымдар мен түсініктерді есімізден шығара бастағанымыз рас. Қазақ отбасы әкелік, аналық жауапкершіліктен алшақтап, бар кінәні қоғамға, мектеп ұстаздарына итере салуды әдетке айналдырып барады. Баласы сабақтан кейін құлап қалса да-мектебі кінәлі. Демек, жас ұрпақ ата-ана тәрбиесімен сусындай алмай, рухани ашаршылыққа, рухани күйзеліске ұшырауда. Бүгінде отбасы құндылығы дегенде біз нені ұмыттық?

Көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дегенмен, отбасын ұмыттық, отбасының құндылығын ұмыттық, отбасының қасиетін ұмыттық. Отбасындағы ерлі-зайыптылардың бір-бірінің қадір қасиетін ұмыттық, бірге жүрсек сыйластықты ұмыттық, алыс кетсек қимастықты ұмыттық. Көбейтсек бала тәрбиесін ұмыттық. Тәрбие сөзінің астарында бала тәрбиесіне жауапкершіліктің барын ұмыттық. Зәулім зәулім тойханалар салуды сол жерде той жасауды үйрендік. Сол тойханаларда сөз беруді де ұмытпадық. Тойдағы шығын ұмытылмады, шаңырақ деген ұғым ұмытылды. Тойдан шыға бере екі жастың бақытын ұмыттық. Біріміз ене, біріміз шеше болып жас жұбайларды тез ажырастыруды дұрыс санадық.

Бұрын екі жас отбасы ұрысса екі жағы қарсы жақты жақтайтын. Ал бұл күнде әркім өз баласын жақтайтынды үйрендік. Отбасын құрған қызымызды көшіріп алып кетуді үйрендік. Кешегі атам қазақтың жолы басқа, біздің жол басқа болды. Қазақ бірнеше ғасырлар бойы қанын таза ұстаған халық. Ал қазіргі жастарымыз үй, дүние-мүлікке қызығып түрлі шетел азаматтарына тұрмысқа шығуда, бірақ көптеген осындай жағдайлардың арты айырылысуға әкеліп соқтыруда. Жаһандану үдерісінің кесірінен біз осындай жағдайды бастан кешірудеміз. Ұлттық құндылықтарымызды менсінбей жүріп, бай қазынамыздан айырылып қалмайбыз ба?

Осыдан-ақ, қазіргі кезде отбасылық тәрбиеге ұлттық ерекшеліктердің көмегінің керек-ақ екендігі анық байқалады. Отбасының ең маңызды құндылығы-балалары. Әрбір адам өз ұрпағы арқылы өзін қайталайды. Ол үшін балаңа не бересің,олар нені түйіп, нені түймесін, деген ойлардың жауабын білуіміз қажет. Ұлтымызда қай жүйеде де дала заңы, ережесі болған. Отбасы да ережемен басқарылатын жүйе. Әрбір жанұяның өз ережелері бар. Тіпті кейде ережемен өмір сүретіндігін байқамай қалады, өйткені ереже мен жүйе тығыз байланыста болып отырады. Отбасы мүшелерінің бірі осы ережелерге мойынсұнбаған кезде қандай да бір қақтығыстар қалыптаса бастайды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
35 ұстаз жүктеп алған
22 қыркүйек
271
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі