(Т)
1- тапсырма
- Адамға өмір сүру үшін ең
алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбек дегеніміз
?
- Еңбек адамға не үшін қажет
деп ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп қандай адамды
айтамыз?
- Өздерің еңбектің қандай
түрлерімен айналысқанды
ұнатасыңдар?
- «Адал» сөзін қалай
түсінесіңдер?
- «Адал» кім? не? болуы
мүмкін?
Бейне ролик «Адал бала»
ертегісін көрсету.
Бейне роликтен көргендерің
туралы не айта аласыңдар? Қандай ой
түйдің?
Адалдық – адам бойындағы таза
ниет, бағалы қасиет.
(Ж) 2-тапсырмада
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен
орындалады.
Мысал
әңгіме
Әңгімеден не түсіндің? Қара
пышақтан қандай адамның қасиеттерін байқадың? Сары пышақтан қанждай
адамның қасиеттерін байқадың?
3 -Топтық
жұмыс Әр топ тақырыпқа байланысты
мақал-мәтел айтады Венн диаграммасы бойынша «Еңбектің
пайдасын» топтастырады.
Сергіту
сәті
«Қазақша нейро
жаттығулар» әдісімен
орындалады.
Суретте берілген
жаттығуларды екі саусақпен жылдам
орындайды.
Нұрлан,Жасмин «Еңбек»
өлеңі
Ана айтты бір өсиет
баласына
Бір жолдың шығарып сап
саласына.
Ей, балам шамаң келсе
жақсылық ет,
Ақпейіл адамзаттың
арасына.
Егерде жол үстінде тікен
жатса,
Кірер деп аяғына біреу
басса,
Ерінбей - ақ иіліп
қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып
таста.
Бұл еңбегің қалмасты
босқа, бекер
Соны көрген соңғы жас
солай етер.
Жақсы үлгіні жалпы жұрт
дәстүр жасап,
Жол тазарып жолаушы
жолдан өтер.
4-Мақалдарды
жалғастыр:
1.Еңбек түбі — ……. .
(зейнет)
2.Жақсы жұмыс — ……… . (жанға
тыныс)
3.Еңбек мұратқа ………. .
(жеткізер)
4.Жалқаулық аздырады, ……….
………. . (еңбек оздырады)
5.Еңбек етсең
ерінбей,
……… ……… ………… . (Тояды қарның
тіленбей)
6.Еңбек ердің –
көркі,
……. …….. ……. . (Ер елдің
көркі)
7.Еңбексіз өмір — ……. ……. .
(сөнген көмір)
Еңбектің көзін тапқан,
……… …….. ………. . (Байлықтың өзін табады)
8 Еңбек мұратқа жеткізер,
…….. …….. …….. . (Жалқаулық абыройды
кеткізер)
10.Еңбегің қатты болса, ….. ……
…… .
…… . (тапқаның тәтті
болар)
5- «Google»
әдісімен
орындалады.
— Бұл сөздерді кім
айтқан? 1. Талап, еңбек, терең
ой
Қанағат, рақым, ойлапқой
–
Бес асыл іс
көнсеңіз.
(Абай)
Адамды адаметкен – еңбек.
(Фрейдрих Энгельс)
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет
болмас,
Қардың суы секілді тез
суалар.
(Абай)
Еңбексіз өмір кешуге жол
жоқ.
Күшіңе сенбе, адалісіңе сен.
(М.Әуезов)
—Бұл қандай мамандық?
(жұмбақшешу)
Ала таяқ
ұстаған,
Жол тәртібін
нұсқаған.
Өміріңді
күзеткен,
Ысқырығы күшті
адам.
/полиция
қызметкері/
Бал тамған
мәзір,
Ол бар жерде
әзір.
/аспазшы/
Оқу-білім
бағдары,
Заманының
бағбаны.
/мұғалім/
Өскен шашты
жаратпайды,
Қайшысы бар
жалақтайтын
/шаштараз/
Өңкей сығай екі
топта
Таласып жүр бір
допқа.
Бұлкім
?
/футболшы/
Иманғали «Еңбек»
өлеңі
Гүл өсірсең
терлеп,
Мұның
аты---ЕҢБЕК
Кесте тіксең
зерлеп,
Мұның
аты-ЕҢБЕК.
Сабағыңды
жөндеп,
Әзірлесең-ЕҢБЕК.
Қиындықтың
бәрін,
ЕҢБЕК - қана
жеңбек.
Қорытындылау: Еңбек етпеген ішіп –
жемейді. Еңбек етпесең елге
өкпелеме, Егін екпесең жерге
өкпелеме. Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш
нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау
болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең
бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып,
сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол
оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен.
Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған
мақсатымызға жетуге тырысуымыз
керек. Сұрақ – жауап. Не үйрендің? Не
түйдік? Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын,
қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы
мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі
болады. Осымен
ашық тәрбие
сағатымыз аяқталды.
|