"Адал еңбек алғысым ұстазыма"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адал еңбек алғысым ұстазыма"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күніне арналған тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: ««Адал еңбек алғысым ұстазыма»»

1-жүргізуші:

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін қара шашты.

2-жүргізуші:

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

1-жүргізуші: Армысыздар,құрметті қонақтар,Аяулы біздің ұстаздар!

2-жүргізуші:Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып,дендеріңізге саулық,

1-жүргізуші:Қажымас қайрат,

2-жүргізуші:Шығармашылық табыс,

1-жүргізуші:Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

2-жүргізуші:Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады.

1-жүргізуші:Шәкірттер санасына сәуле шашып,шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз,жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Жомарт Амантайұлын шақырамыз!

2-жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен,түрлі өнер

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Хор (Ұстазым)

1-жүргізуші:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шындай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Құрметті ұстаздар сіздерге арналған видеороликтерді қабыл алыңыздар.

(Әр пән мұғалімдеріне арналған видеороликтер көрсетіледі.)

2-жүргізуші:

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

1-жүргізуші:Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй,асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған биші қыздарын ортаға шақырамыз Би


2-жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім-тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

1-жүргізуші:

Иә,ұрпаққа айтар ақылы,көрсетер өнегесі бар,аналық,әкелік сезімнің,дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері,мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.

2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар,сіздер салған сара жол-ұстаз жолы- ұлы жол.Өткен жолдарыңызға көз жіберіп,еске ала отырып,өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Гүлнар Иргешқызы ұстаздық өмірге қалай келдіңіз?Жүрек қалауымен бе,әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?

2-жүргізуші: Балаш Қалмуханқызы мұғалім мамандығынан басқа қандай маман иесі болар едіңіз?

1-жүргізуші: Роза Сағидоллақызы «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді,осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

2-жүргізуші:Сіздерге көп рахмет,аяул да мейірбан ұстаздар.

1-жүргізуші:Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс,жазушы,сот,бастық, сылақшы,майлаушы,немесе еден сыпырушы болуды армандамайды.Өйткені:

  • Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі,отыратын жұмыс үстелі,қарамағында 30-40 оқушысы бар,кішігірім бастық емеспе?Ашса алақанында,жұмса жұдырығында,-дегендей ұрыс,төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

  • Әр мұғалім өз сабағының шебері,яки режиссері,көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды.Әртіс демей көр,кәне.Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

  • Бір тыным жоқ.Кабинет тазалығы да өз мойнында.Демек,майлаушы да өзі,сылаушы да өзі.Безендіруші де өзі.

  • Жазушыларға келер болсақ,тіпті кейбір жазушыларыңыз да,мұғалімқұсап күнде жазуға отырмас.

  • Соңғы кеде бухгалтер мен кассир де өздері.



2-жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты,киелі,үлкен құрметпен айтылатын сөз,ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын,өнеге үйретіп,тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып,болашаққа жол көрсететін,анаңдай әлпештеп,маңдайынан сипайтын адам.

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін.

Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рақметін.

Құрметті ұстаздар сіздерге арналған өлең жолдарын қабыл алыңыздар (Оразгүл,Әсия,Арман,Толқын)

1-жүргізуші:

Ұстаз мейірі –Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

2-жүргізуші:

Мұғалім,ғазиз мұғалім-

Төгілген арай,шуағым

Арманым қонса,қолыма,

Арқаң деп сенің ұғамын

Мұғалім,ғазиз мұғалім-

Сарқылса мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойында

Арнайды саған бұл әнін

Ән «Ұстазым» орындайтын Кереев Арман

1-жүргізуші:Әсия,Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді,осы сәтті пайдаланып,біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

2-жүргізуші:Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?

1-жүргізуші:Иә,иә,тура солай,бүгін ұстаздар оқушы болсын,біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

2-жүргізуші:Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз.

1.ДОМБЫРАДА-ЖЕТЕУ,СЫРНАЙДА-АЛТАУ,ҚОБЫЗДА-БЕСЕУ (әріп)

2.Бұл санда қанша әріп бар болса,сонша сан бар (жүз)

3.Жел соққанда тау ық бола ма? (Ық болады)

4.Теңізде қандай тас болмайды? (құрғақ)

5.Ертістің ортасында не бар? (Т әрпі)

6.Өзі судан шығады,бірақ судан қорқады.Бұл не? (Тұз)

1-жүргізуші:

Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан.

Ортаға «Жас Ұлан» ұйымының биші оқушыларын шақырамыз «Мектеп вальсі»

2-жүргізуші: Данышпан да,дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы,асыл жанды,

Жақсы көрем,арнаймын жақсы ән!

Ән орындайтын

1-жүргізуші:

Қадіріңді кезінде

Білмепті ғой ұланың.

Қазір әрбір сөзіңе,

Елеңдейді құлағым.

Бірдей етіп ұстадың.

Демей бізге бөтеңсін.

Кейде ақылын ұстаздың,

Сағынады екенсің.

Сол ұстазға жаны нұр,

Демек үлкен адаммын.

Есейсек де бәрі бір,

Баяғы шәкірт,балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.

2-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі –бәрі ұстаздан білім,тәлім алған,сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

(Көңілді күй,сахнаға оқушылар шығады,олар ұстаздарға біркелкі бас иеді.)











Өлеңді орта мектебі













«Адал еңбек алғысым ұстазыма»

9 сынып



Сынып жетекшісі:Буханова Гүлзада Бақытқанқызы









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.00.2018
887
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі