адал ұрпақ

Тақырып бойынша 23 материал табылды

адал ұрпақ

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі

Қауіпсіздік сағаты 10 мин

«Бассейндегі немесе судағы жарақаттар мен кездейсоқ оқиғаларды қалай болдырмауға болады?»

Күні

14.10.2024ж

Сынып жетекші:

Әбілқасым Ерболат

Сынып: 6ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі

Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи.

Ғибадат пен адалдық ар үшін жи.

Шәкәрім Құдайбердиев

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға өмірде ата - анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Отанға адалдықтың маңызын бағалау, елінің тарихы мен мәдениетін құрметтеу

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі


Класпен амандасу, психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау.


Интерактивті тақта, слайд

Сабақ басы

І. Қызығушылықты ояту

Адамның ниеті, ойы, іс - әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез - келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан - дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.

Адалдық өмірінде керек нәрсе,

Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе.

Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,

Адам боп, өзін - өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен, ата - анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» атты пікірталасу сағаты.

І - бөлім - сұрақтарға өз ойын білдіру.
ІІ - бөлім – Шәкәрім өсиеті- адалдық айнасы атты видеоролик қарау.
ІІІ - бөлім - ситуациялық сұрақтарға өз ойын білдіру.



АКТ

Ортасы



ІІ . Мағынаны тану.


І бөлім.Сұрақ-жауап әдісі
Жалпы адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?
Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
Адал болу кез - келген адамның қолынан келмейді? Неліктен?
Ата - анаға, бауырға, ортаға жалпы өмірде адал болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Сен өзіңді адал жанмын деп айта аласың ба?
ІІ бөлім. бөлім. Шәкәрім өсиеті- адалдық айнасы атты видеоролик көрсетіп, сұрақтарға жауап беру

1.Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи.

Ғибадат пен адалдық ар үшін жи» деген өлең жолында нені меңзеген?

IIIбөлім. Ситуациялық сұрақтарға жауап беру

1. Сенің Айнұр шын сырлас, мұңдас досың. Ол сыныбыңдағы Айгүлмен ренжісіп қалады да саған келіп Айнұрдың кемшіліктерін айтып досыңды жамандады. Сенің әрекетің?
2.Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көрді. Менің қалтамда апамның «самса алып жерсің» деп берген ақшасы бар. Кеттік, кино көрейік,- деді. Алмагүл: Үйден сұранып шыққан жоқпыз. Іздеп қалады ғой,- деп іркіліп қалды. Ештеңе етпес, «мектепте болдық» деп айта саламыз. Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?

Сұрақтарға жауап береді


Оқушы мәнерлеп оқиды

Мал жимақ
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи.
Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын,
Жаратқан жоқ жатсын деп бір Құдайың.
Ойласын деп ой берді, көруге көз,
Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын.
Үйде отырып салғанмен сарыуайым,
Тілегенің тұра ма саған дайын.
Жүріп-тұрып, ойланып істеп көрсең,
Харекеттің білесің сонда жайын.
...Талаппенен адал істі істемекпіз,
Тапсырдық бір Аллаға біз демекпіз.
Ындының таза болса, именбеңіз,
Дәулетті осылайша іздемекпіз...
© Шәкірім Құдайбердіұлы

Ситуациялық сұрақтарды талдайды, өз ойларымен бөліседі.











https://youtu.be/9-2UHkyi-gIIII

Қауіпсіздік сағаты 10 мин


«БАССЕЙНДЕГІ НЕМЕСЕ СУДАҒЫ ЖАРАҚАТТАР МЕН КЕЗДЕЙСОҚ ОҚИҒАЛАРДЫ ҚАЛАЙ БОЛДЫРМАУҒА БОЛАДЫ?»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсінік қалыптастыру.

Негізгі міндеттер:

  1. Судағы кездейсоқ оқиғалардың себептерімен танысу.

  2. Өз өміріңізге және айналаңыздағыларға жауапкершілік сезімін дамыту.

  3. Оқушылардың бойында сақтық пен суда өзін ұстауда ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Материалдар: осы тақырып бойынша иллюстрациялар, қауіпсіздік ережелері жазылған парақша.

Сабақ барысы

  1. Кіріспе (2 минут)

  2. Негізгі бөлім (6 минут)

Қандай жерлерде жүзуге болады?

Сондай-ақ үлкендердің қарауынсыз суға түсуге тыйым салынады. Бассейнде өзін қалай дұрыс ұстау керек?

Оқушыларға бассейнде жүзу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

«Естесақта!»

  • Бассейн ішіндегі зоналарды бөлетінді, ұстауға болмайды. Кейбір бассейндердің сүңгуге арналған орындары болады. Ал егер ондай жоқ болса, секіріп, айналып сүңгуге рұқсат жоқ. Суға тек арнайы баспалдақ арқылы кіріңіз.

  • Бір-бірін қуалап, ойнауға болмайды.

  • Суда бір-бірін батырып, су шашып ойнауға болмайды.

  • Балалар шомылатын таяз бассейнде ересек адамға шомылуға болмайды. Тек баласымен бірге ата-анасының біреуіне ғана рұқсат етіледі.

  • Ересектерге арналған бассейннің 1,5 метр тереңдікте демалуға арналған аумағы

болады.

Оқушыларға ең маңызды ережені түсіндіріңіз – ересектер сізбен бірге болуы керек. Сіз ата-анаңызға қайда баратыныңызды, кіммен бара жатқаныңызды және шамамен қанша уақытқа баратыныңызды ескертуіңіз керек. Сіз тоғанға тек ата- анаңыздың рұқсатымен ғана бара аласыз.




Соңы



Қорытынды.

Бүгінгі кеште ойымызды ортаға салып адалдық, адамдық туралы көп нәрселер айтылды. «Адалдық - адамдықтың белгісі» демекші осы өмірде адал болып, тек адалдық істер істеп адамдығымызды көрсетіп, кейінгіге үлгі болып жүрейік.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2024
126
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі