Материалдар / Адал ұрпақ құжаты 2024 жыл
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Адал ұрпақ құжаты 2024 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Адал ұрпақ құжаты жинақталған 20232024 оқу жылы бойынша Жоспар, разработкасы, хаттамасы, анықтамасы толық жинақталған дайын құжат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2024
32
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
2500 тг 1875 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы туралы Ережесі


«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының анты:

«Адал Ұрпақ» еріктілер қатарына қабылдана отырып:

Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Өз отанымды, тілімді қастерлеуге;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге құштар болуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Абройлы, адал, әділетті болуға;

Өз бойымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстануға және оны өз достарымнан талап етуге, мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға. Отаныма шексіз қызмет етуге өз үлесімді қосуға салтанатты түрде ант етемін.


«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерінің құрамы болуы шарт:

-Клуб жетекшісі;

-Клуб басшысы;

-Клуб мүшелері секция жетекшілері-

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясының жетекшісі

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясының жетекшісі

  3. Мәдени көпшілік іс-шаралар секциясының жетекшісі болуы тиіс.


«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының логотиптері болуы тиіс:


  • клубтың Туы;

  • клубтың төсбелгісі;

клубтың шарфы болады

«Адал Ұрпақ» рухани, моральдық және азаматтық-патриоттық тәрбие жағдайында

1. Жалпы ережелері

Осы мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін,  рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие  құрамында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) тәрбиенің   Концептуалдық негіздеріне, мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін,  рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие  құрамында қалыптастыру Бағдарламасына сәйкес әзірленіп, жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс шараларын қамтыған тәрбие жұмысын жүргізу ретін анықтайды.

2.Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері

2.Осы Бағдарламаның мақсаты жоғары адамгершілікті, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат пен патриот қалыптастырып дамыту.

3. Нұсқалған мақсаттарға жету үшін  келесі міндеттер қойылады:

1) рухани-игіліктілік пен азаматтық- патриоттықты  тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
2) білім алушылардың мемлекеттік үкімет  институттарына  сенімін арттыру;
3) білім алушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
4) білім алушылардың жемқорлыққа қарсы сипаттыигілікті-әдептік құндылықтарын  қалыатастыру.

4.Кешенді ісшараларды өткізу үшін келесі тәрбие түрлері пайдаланылады:

1) адамгершілік тәрбиесі моральдық-әдептілікті, әр оқушының жемқорлыққа шыдамсыздығын қалыптастыруға бағытталған;
2) әлеуметтік-құқықтық тәрбие азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың мәні туралы түсінік алуға, құқықтары мен міндеттеріне, құқықтық нормаларды сақтау қажеттігіне көз жеткізуге, жемқорлықтың  қоғам үшін қауіптілігін түсінуіне  бағытталған;
3) эстетикалық тәрбие мектеп оқушыларының эстетикалық ұнатынымы мен қоршаған болмысқа тілектестік және отан сүйгіштік қатынас қалыптастыруға жағдай жасайтын өнер туындыларының, әдебиеттің көркемдігін түсінушілігін дамытуға бағытталған.

3.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру

5. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жалпы білім беретін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу ұйымдарында (бұдан әрі - жалпы білім беретін мектептер) жүзеге асырылады.

6. Тәрбие жұмысына басшылық жасау жалпы білім беретін мектептің басшылығы мен сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлерге жүктеледі.

7. Жалпы білім беретін мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға, оның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыруға, білім және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі.

8. Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылады.

9. Тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық негізі:

1) жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының тиісті оқу жылына арналған кешенді жоспары;

2) сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкердің тәрбие жұмыс жоспары;

3) «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары

болып табылады.

10. Осы бағдарламаның 9-тармағында көрсетілген жоспарлар Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес  қалыптастырылады (қоса тіркелген).

11. Жоспарларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстың,  күнтізбелік іс-шаралар өткізудің,  қоғамдық ұйымдармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдармен   өзара әрекеттестіктің негізгі бағыттары көрсетілген.

12. Тәрбие жұмысын жүргізуде азаматтар,  қамқоршылық кеңестер, ата-аналар комитеттері, қоғамдық бірлестіктер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар қатыса алады.

4. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары

13. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

14. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары келесі секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.

15. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар  байқаулары мен іс-шараларын  ұйымдастыруға қатысады.

17. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар, флэш-мобтарды, диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.    


















































БҰЙРЫҚ №





«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын құру туралы

Мектепте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылсын.


  1. 1 – 4 сынып, 5 – 9 сынып, 10 – 11 сыныптарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс – шаралар ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысын жүргізу тәртібі енгізілсін.


  1. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының ережесін, жоспарын құруды директордың тәрбие жөніндегі орынбасары жүктелсін.



  1. «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарына оқушыларды қабылдау акциясын өткізуді мектептің Аға тәлімгері және сынып жетекшілеріне міндеттелсін.



  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысының күнтізбелік іс – шаралар өткізудің, қоғамдық ұйымдармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган және өзге де органдармен өзара әрекеттестік іс-шаралар жоспары жасақталып бекітілсін.



  1. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары төмендегі бағытта секциялар арқылы жұмыс жүргізілуі қамтамасыз етілсін:

А) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім;

Ә) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық;

Б) Мәдени – бұқаралық, іс-шаралар.


  1. Үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрышын жасауды қамтамасыз етуді 10 сыныптың Сынып жетекшілеріне жүктелсін.


  1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды жүктелсін.



Мектеп директоры:


Бекітемін.

Мектеп директоры:












«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының

жұмыс жоспары


















2023-2024 оқу жылы



«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жылдық жоспары

2023-2024 оқу жылы



Іс шара

Мерзімі

Сыныптар

Қыркүйек

1

1 «Адал ұрпақ» мектеп клубының отырысы

Күн тәртібінде:

1.Ерікті «Адал ұрпақ» мектеп клубының жұмыс жоспарын бекіту

2. «Адалдық аумағы» мектеп бұрышын құру

3. «Адал ұрпақ» мектеп клубының қатарына өз еркімен кіруге ниет білдірген үміткерлерді қарастыру

4. «Парасатты азамат» бұрышын ұйымдастыру

қыркүйек

Клуб мүшелері

2

«Адалдық аумағы» мектеп бұрышының жұмысы

қыркүйек

Клуб мүшелері

3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта буклеттер тарату

Айына бір рет

Клуб мүшелері

4

«Адалдық сағаты»

қыркүйек

Клуб мүшелері

Қазан

1

«Құқықбұзушыллықа қарсымыз» сынып сағаттары

қазан

Сынып жетекшілер

2

«Жемқорлықсыз әлем» шығармалар конкурсы

қазан

Клуб мүшелері

Қараша

1

«Оқушылар арасында «сыбайлас жемқорлық туралы не білесің?» атты әлеуметтік сауалнама

қараша

Клуб мүшелері

2

Үздік оқушыларды «Адал ұрпақ» клубына қабылдау

қараша

Клуб мүшелері

3

Жемқорлыққа қарсы буклеттер тарату

қараша

Клуб мүшелері

4

«Сыбайлас жемқорлықсыз әлем» тақырыбында пікірталас

қараша

Б.Шыңғуов

Желтоқсан

1

2«Адал ұрпақ» мектеп клубының отырысы

Күн тәртібінде:

1.«Адалдық дүкені» туралы хабарлама

2. Қабылданған оқушылар туралы ақпарат

3.Ағымдағы мәселелер

желтоқсан

Клуб мүшелері

2

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» суреттер көрмесі

желтоқсан

Клуб мүшелері

3

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері» дөңгелек үстел

желтоқсан

Клуб мүшелері

Қаңтар

1

«Мен және менің құқығым» суреттер байқауы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!