Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адал ұрпақ ұйымының 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Материал туралы қысқаша түсінік
2021 жылдың 15 қыркүйектегі №453 бұйрығы негізінде «Адал ұрпақ» ерікті клубы ұйымдастырылды. Оның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Ерікті клубтың 9-10 сынып білім алушыларынан тұратын 9 мүшесі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек орта мектебі МДШО

«Адал Ұрпақ» ұйымы


Адал ұрпақ ұйымының 2021-2022 оқу жылында

атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


2021 жылдың 15 қыркүйектегі №453 бұйрығы негізінде «Адал ұрпақ» ерікті клубы ұйымдастырылды. Оның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Ерікті клубтың 9-10 сынып білім алушыларынан тұратын 9 мүшесі бар. Клубқа 10 а сынып оқушылары Оспанғазы Жансая, Мейзбаева Ботагөз, Қайратұлы Ғазиз, Маликжанова Мехрибан, Тілеуберлі Аманжол, Құрманай Элдар, 9 сынып оқушылары Қадыр Бекасыл, Ыбырай Айдана, Алпысбай Айдос мүше болды. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Е.Шынжырбековтың басшылығымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды. Сонымен бірге білім алушылар арасында пікіралысу, олардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі- береке екенін айтатын «Жемқорлық деген не?» «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, әңгіме қозғалды. Өткен іс-шараларда әр білім алушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді. Іс-шара жоспары бекітілді. Осы жоспарды жүзеге асыру мақсатында жоспарланған іс-шаралар өтті. Мектепте «Адал ұрпақ-болашақ негізі» тақырыбында жиын өтті. Мектептің «Адал Ұрпақ» ұйымы мүшелерінің қатысуымен өткен жиын мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Жиын барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жайында бейнеролик көрсетілді. Мектеп директоры С.Имуханбетова сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Еліміздің алдыңғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отырып, оқушылардың биік жетістіктерге жететіндеріне сенім білдірді.

Республикалық «Адалдық сағаты» тақырыбы аясында 1-4 сыныптарда

«Адал болу адамға не үшін қажет», 5-8 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс», 9-11 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» сынып сағаттары өтті.Ал, 1-11 сынып арасында сурет байқауын әлеуметтік желілерде жариялау болды. 9-10 сынып білім алушыларының қатысуымен «Жемқорлықпен қалай күресеміз?»пікір-сайыс өтті. Сонымен бірге, желтоқсан айында 1-4 сынып білім алушылары арасында «Адал және сатылмайтын еңбек» тақырыбында суреттер байқауы өтіп, бастауыш сынып оқушыларының бейімділігі мен шығармашылығын дамытуға ықпал ету мақсатында болды. 1-4 сыныптар арасында «Адал болу адамға не үшін қажет», 5- 8 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары», 9-11 сыныптарда «Нашақорлықпен қалай күресеміз?» тақырыбында сынып сағаттарымен қатар «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс» дөңгелек үстел өтті.



Ұстаз ұйымдастырушы және Г. Максутованың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында 9-11 сыныптармен әңгіме сабақ, «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас іс-шаралары өтті. Әр іс-шара алдын ала жоспарланып, өз деңгейінде қатысушылармен қамтамасыз етілді.

Ұйым мүшелері өздеріне тапсырылған тапсырмаларды мерзімінде жауапкершілікпен атқарды. Барлық атқарылған жұмыстарға сынып жетекшілерде белсене қатысты. Сонымен бірге атқарылған әрбір іс-шара әлеуметтік желі арқылы таратылып, инстаграм парақшасы арқылы жарияланды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2022
518
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12