«Н.Өмірзақов атындағы орта
мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесіндегі «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының атқарған
жұмыстары жайлы
анықтама
Мектебімізде «Адал
ұрпақ» ерікті мектеп клубының 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық
жұмыс жоспары жасалынып бекітілді. Ұйым мүшелері анықталып, ұйымның
мақсат, міндет, ережелерімен таныстырылды.
Мақсаты: Ар ұят, абырой,
жауапкершілік, адалдық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға
ерекше көңіл бөлу. Патриотизм. Отан үшін мақтаныш, қоғамдық
тәртіпке құрмет. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тәрбиелеудің негізгі міндеті құқықтық сананы
қалыптастыру.
Құндылықтары: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Мәңгілік Ел идеологиясынның
«түпқазығы» жалпы азаматтық құндылықтарын кеңінен
насихаттау.
Қыркүйек айында жалпы ұйымның
ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Қазан айында жоспарға сәйкес
бастауыш 1-4 сыныптар арасында адалдықты жас ұрпақтың бойына ерте
жастан сіңіру, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Адамға адалдық не
үшін қажет?» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Атап айтсақ,
1-2-сыныптардың жетекшілері: Құсайынова Сымбат пен Рақымжанова
Назгүлдің ұйымдастыруымен адалдық тақырыбында тәрбие сағаттары
өткізіліп, оқушыларға адалдықтың не екендігі туралы мәліметтер
беріліп, ол ұғымның мән-мағынасы ашып түсіндірілді. Ал 3-сынып
жетекшісі Базарбаева Мөлдірдің ұйымдастыруымен «Адал болу адамға не
үшін қажет» тақырыбында танымдық, тәрбие сағаты өткізілді.
5-6-сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік
қауіпті көрініс» тақырыптарында сынып сағаттары
өткізілді.
Сынып сағаттарында оқушыларға
Сыбайлас жемқорлық туралы бейнероликтер көрсетіліп, білім
алушылардың қоғамда, елімізде орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық
туралы ой-пікір, көзқарастары сұралды. Жетекшілері: Құсайынова Асел
мен Мәдәлім Жанерке. Сонымен қатар қараша айында жоспар бойынша
сыбайлас жемқорлық тақырыбына байланысты тәрбие, сынып сағаттары
жалғасын тапты.
9а-сынып және
9б-сынып жетекшілері Оразова
Лаура мен Байсынова Дарияның ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық
және сыбайлас жемқорлықтың салдары» тақырыбында сынып сағаттары
өткізілді. Сондай-ақ аталған осы тақырып бойынша 10-сынып білім
алушыларының қатысуымен сынып сағаты өткізіліп, оқушылар сыбайлас
жемқорлықтың жалпы зардаптарының қандай болатынын біліп, оның
мемлекеттің дамуына орасан зор зардап әкелетіндігіне көздерін
жеткізді.
11-сынып оқушыларының
қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары»
тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында
оқушылар сыбайлас жемқорлық және оның салдары жайлы өз ойларын
ортаға салып, көзқарас, пікірлерімен бөлісті. Жетекшілері:
Сүгірбекова Гүлназ, Бекбосын Лена. 7-сынып жетекшісі Бейсеева
Ардақтың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қауіпті
көрініс» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Адалдық сағатында
оқушылар сыбайлас жемқорлықтың мемлекет пен қоғам үшін қаншалықты
қауіпті екендігін білді.
Мектеп директоры: Қоқабаева
Қ.Н.