Материалдар / «Адал ұстаз.Заманауи мұғалім тұлғасы»

«Адал ұстаз.Заманауи мұғалім тұлғасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтік қызметтегі адалдық шарттары мен көріністері қандай ? Адалдық-адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірін бейнелейтін моральдық қасиет. Ол шыншылдық,әділдік,принципшілдік,мойнына алған міндеттемелерінен жалған сөйлеп,жалтармаушылық,уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттерді қамтиды, Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани мәдени қазынасы,қымбатқа түскен тәжірибесі,соның ішінде «ұстаздық» деп аталатын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2024
43
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЭССЕ

«Адал ұстаз.Заманауи мұғалім тұлғасы»

Педагогтік қызметтегі адалдық шарттары мен көріністері қандай ?

Адалдық-адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірін бейнелейтін моральдық қасиет. Ол шыншылдық,әділдік,принципшілдік,мойнына алған міндеттемелерінен жалған сөйлеп,жалтармаушылық,уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттерді қамтиды, Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани мәдени қазынасы,қымбатқа түскен тәжірибесі,соның ішінде «ұстаздық» деп аталатын адамгершілік,тілімгерлік тағылымдары ұрпақтан ұрпаққа осы ұстаздық-шәкіттік үрдісі арқылы беріліп жатыр. Ұстаздық пен шәкіттік ұғымдары адамгершілікпен,әдеп-инабатпен,ізет-құрметпен,білім-парасатпен,адалдықпен етене байланысты. Өнер мен білім,әдеп,тәлім мен-тәрбие тіпті мамандық алуға көмектесетін педагогтердің қызметтерін адал деп айтуға әбден болады.Адам өзінің айрықша сыйлайтын,сенетін,тәнті болып, мақтан тұтатын кісісі ол оның ұстазы.Өйткені оның еңбегі адал.Ұстаз-адамдардың өмірге көзқарасын,сенімін қалыптастыратын,оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін,айналасына білім-тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер тұлғалардың еңбектерін қалайша адал емес деп айтамыз? Қазіргі таңда да қоғамның барлық мүшелерінің алдында беделді орынға ие болатын осы адал еңбек ететін ұстаздар екенін мойындаған жөн.

21-ғасырда адамзат дүниетанымы өзгерді.Өйткені 21-ғасыр инновация,психология,синергетика ғасыры.

Инновация-оқушылар іс-әрекетін белсенділікке бағыттауда педагогикалық технологияларды пайдалана отырып,жаңалықтар жасау.

Психология-жантану адамның өзін түсінуі,сыртқы ортада болып жатқан үрдістерді дұрыс қабылдауы,қарым-қатынас тәсілдерін игеруі басты мәселе.



Синергетика барысында экономика қарыштап дами отырып,белгілі бір кезеңдерде дағдарыстарға тіреліп отырады. Содан қоғамда қайшылықтар туындайды. Ал жаһандану жағдайында адамзат осы проблемаларды шеше білуі тиіс. Ол үшін қарым-қатынастағы ең басты құрал-білім мен осы проблемаларды шеше алатын тұлға қажеттілігінің ролі артатындығы белгілі.

Адамның ойы да ерекше-энергия. Психлогияда «Ұқсас бір-біріне тартылады» деген ұғым бар. Адал ұстаз өзін үлгі ретінде көрсете отырып, магнит сияқты оқушыларды өзіне тартады.Адал ұстаздың міндеті әрдәйім көркем мінез танытып, адамдық пен мейірімділікке тәрбиелеу деп есептеймін.

«Елу жылда ел жаңа,жүз жылда қазан» дейді қазақ. 21-ғасырда дүниеге келген Z және Альфа ұрпақ буынын моральдық таныммен тәрбиелей алмаймыз. Кез-келген істің онтологиясы (түбірі) болады.Сондықтан бірінші кезекте «Ұрпақтар теориясы бойынша» бүгінгі ұрпақ кім? деген сұраққа жауап табуымыз қажет.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді қазақ даналығы. Қоғам дамуында ұрпақ алмасуының сабақтастығы мен даму заңдылықтары бар. Ал 21 ғасырдағы біздің оқушыларымыз Z жіне Альфа ұрпақтары деп есептеледі. Бұл ұрпақтың тұлғалық қасиеттері басым. Себебі олар дүниеге келген уақыттан бастап, цифрлық технология әлемімен байланыста дамып келеді. Сандық әлемде,жаһандану мен ақпарат ғасырында дүниеге келген Z және Альфа ұрпақтары сырттай қарағанда көпшілікпен бірге сияқты көрінгенмен, шын мәнінде ішкі жан дүниесі виртуалды әлемде, ортақ құндылықтары жоқ, тез шешім қабылдайтын, өз мүддесін басқалардан жоғары қоюға негізделген мінез-құлықтармен ерекшеленеді.Сондықтан Z және Альфа ұрпағын оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде,олармен әріптестік қарым-қатынаста болу ең басты құндылық болып табылады деп есептеймін.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Архабаева



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ