Адалдық адамдық ҚМЖ тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адалдық адамдық ҚМЖ тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Адалдық адамдық тақырыбындағы тәрбие сағатының қысқа мерзімді жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

125 HIGH SCHOOL



Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: Елтаева Бану Лесбекқызы ________________

Ментор: Болатқызы Алмаш

Тәрбие сағаты

"Адалдық адамдықтың белгісі"

Күні

23.09.2024ж

Сынып: 11 A / 11К

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

"Адалдық адамдықтың белгісі"

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік
Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Презентация


Сабақ басы (3 мин)




Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

Оқушылар өзара ой пікір алмасады.

презентация

Ортасы (20 мин)


Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

«Жақсылықты ұмытпау»

Бір күні екі дос келе жатып, сөзге келіп қалады. Біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Таяқ жеген досы жағы ауырса да, ештеңе деместен жердегі құмға «Бүгін менің ең жақын досым жағымнан тартып жіберді»деп жазады.

Олар әрі қарай кете береді де, суы бар шалғынды әсем жерге тап болады. Сол жерде шомылуды ұйғарады. Жағына шапалақ тигені суға батып кете жаздайды, оны досы құтқарып, есін жиғаннан кейін ол тасқа «Мені бүгін ең жақын досым өлімнен құтқарып қалды» деп жазады.

Бір кезде шапалақпен ұрып жіберген, соңынан суға кетуден құтқарған досы одан былай деп сұрайды:

«Мен сені жәбірлеген кезде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып отырсың. Мұны қалай түсінуге болады?»дейді. Досы оған былай деп жауап береді: «Егер бізді біреу жәбірлесе оны құмға жазуымыз керек, өйткені жел құмдағы жазуды өшіріп әкетеді. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа қашап жазу керек, өйткені ол жазуды жел де, уақытта өшірмеуі керек»

Оқушылар әңгіме тыңдайды.

Презента-ция


Соңы









Рефлексия:


"Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы.



«Ашық мекрафон» әдісі арқылы оқушылардан сабақ туралы өз ойларын айтуды сұрайды.









Оқушылар «Ашық мекрафон» әдісі арқылы өз ойларын айтады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2024
162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі