Материалдар / «Адалдық адамдықтың белгісі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Адалдық адамдықтың белгісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адалдық адамдықтың белгісі»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Маусым 2019
713
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: «№4 орта мектебі» КММ

Мерзімі: 24.12.2017ж.

Мұғалiмі: А.Амангелді

Сынып: 9 «а,ә,б»

Оқушылар саны -22

Тақырып: :№15-16.  «Адалдық адамдықтың белгісі»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шынайылықпен жұмыс істеу, қоғамға риясыз қызмет ету


Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы арқылы оқушылардың адалдық,шындық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Білімділік: Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін жан-жақты ашу.

  • Дамытушылық:Адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға тәрбиелеу

  • Тәрбиелік: Адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.



Ресурстар

(материалдар, дерек-

сөздер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін 5«Т» қайталау

1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза , әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі , сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды ата-аналарыңызға,туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын.»

Осындай Нұр, Махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашыңыз. Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

15 сабақтағы Зейін Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесі

- Не себепті Мақыш атай «Адалдық-өмірдің Темірқазығы деді?

- Адалдықты қандай әрекеттен көруге болады?

- «Адалдық – адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?



Оқулық.

3.Дәйексөз. «Адалдық деген не? Адалдық дегеніміз – ашық, шыншыл қарым-қатынас. Арамдық дегеніміз – жасырын, бүркемелі қарым-қатынас». А. С. Макаренко

  • Ұлдарға хормен оқыту

  • Қыздарға хормен оқыту

  • Дәптерлеріңе жазып алыңдар

  • Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

  • Оқушылардың жауабы негізінде қортынды жасау


4.Мұғалім сыйы «Ханзаданың достығы»

Ерте де бір ханның ұлы болыпты. Күні кешке дейін үйден шықпайтын ханзада әбден зерігетін халге түсіпті. Себебі, онымен ойнайтын бауыры, не болмаса досы жоқ екен. Ханзада есік алдына шығып, балалардың ойынына қосылса, олардың барлығы тым-тырақай үйлеріне қаша жөнеледі екен. Олар бұның хан баласы екенін білетін, сондықтан да онымен бірге ойнауға батылдары жетпейтін. Өздерінше: «Жазатайым құлап мертіксе, не ойында жеңіліп қалса… ондай жағдайда міндетті түрде әкесіне шағымданады. Оның бізге қандай жаза беретінін кім білсін», – деп ойлайды екен. Міне, осылайша доссыз қалған ханзада барлық күнін сарайдың терезесінде отырумен өткізеді екен. Сырттағы ойынға берілген балаларға қарап: «Уф! Ханзада болып жалғыз қалғанша, кедей ұлы болғаным әлдеқайда жақсы еді ғой», – деп күрсінеді екен.
 Ханзаданың бұл күйін көрген шешесі ханға кіріп, бар жағдайды баяндапты да, бір шарасын табуды өтініпті. Хан: «Оның бір жолы бар» депті. «Ата-аналарына ақша беріп, балаларын сарайға ойнатуға әкелдірейік». Ертесіне сарайға ханзадамен ойнайтын бес-алты бала жеткізіліпті.
 Ханзада оларды көргенде қатты қуаныпты. Алайда бірнеше күннен кейін қайтадан зеріге бастапты. Себебі ақша үшін келген балалар оның хан баласы екенін біліп, ойыннан тек қана жеңілетін болыпты. Оның қайғысын сыртынан байқаған сарай қызметшісі бір күні: «Ханзадам, рұқсат етсең мен саған көмектесе аламын», – депті. Ханзада: «Қалайша?» деп сұрапты. Қызметші жоспарларын айтыпты. Екеуі уақыт өткізбестен жоспарларын іске асыруға кірісіпті. Қызметші күн сайын өз ұлдарының ескі-құсқы киімдерін әкеліп, ханзадаға киіндіреді екен. Ал ханзаданың киімдерін бір қарақшыға киіндіріп, терезенің алдына отырғызыпты. Хан мен әйелі оны өз ұлдары деп ойлапты. Ал ханзада болса сыртта балалармен құмары қанғанша ойнайды екен. Алайда бұл жәйт ұзаққа созылмапты. Сарайдың бағбаны ханзада мен қызметшінің сырларын ханға жария қылып үлгеріпті. Хан бұған қатты ашуланыпты да, қызметшіні жұмысынан қуыпты.
     Кедей лашығына оралысымен қызметші «Ендігі уақытта балаларымды қалай асыраймын, оларға қалай нан тауып беремін?» – деп қайғырыпты. Бір күні есігін ашса, табалдырық алдында тамақ толы себет тұр екен. Қатты таң қалыпты, бір жағынан қатты қуаныпты. Себетті ішке алып, балаларын тойдырыпты. Бұл оқиға бірнеше күндей қайталаныпты. Қызметшінің есігінің алдында мұндай себет күн сайын тұрады екен. Бұның кімнің қолынан келгенін білуге қатты құмартыпты. Бір күні ерте оянып, терезе жақтауынан сығалапты. Көп кешікпей есіктің алдына себеттің иесі де жетіпті. Қызметші өз көзіне өзі сенбей, таң қалыпты. Бұл әрине, кішкентай ханзада еді.   Қызметші дереу есікті ашыпты да: «Ұлым, мені ұмытпағаның үшін мың алғыс!» депті.
 Ханзада: «Негізі мен сізге алғыс айтуым керек, – депті. – Сіздің арқаңызда аз да болса бақытты күндерді бастан өткердім. Оның үстіне сіз менің кесірімнен жұмысыңыздан қуылдыңыз. Бұл үшін сізден басымды иіп кешірім сұраймын,» – депті. Ханзаданың бұл сөздері қызметшіні қатты қуантыпты. Байғұс әйел: «Сенің өмір бойы өзің сияқты тек жақсы адамдармен ғана кездесуіңді тілеймін» деп дұға етіпті.Ханзаданың содан кейінгі халі не болды дейсің бе? Ол балалық шағын амалсыздан сарайда өткізіпті. Ең жақын досы – қазмет-шіні ешуақытта ұмытпапты. Ер жетіп хан болғанда да айналасындағы нағыз достарына әрдайым құрметпен қарапты. Әрине, достары да оны сыйлапты.


Сұрақ: Ханзаданың әрекеті туралы не айтар едіңіздер?



5.Шығармашылық іс- әрекет, топтық жұмыс

1 топқа – Жоба құру-Еңбектенген адамның өімрдегі бақытты сәтін көрсету

2-топқа –мәтінмен жұмыс 44-45 бет,мәтіндегі белгілі адамдардың жеңіске ненің нәтижесінде жеткенін суретпен бейнелеу

Оқушыларды екі топқа бөліп

1 топ «Адалдық» - «Адал болу ушін....» (жалғастыру)

2 топ «Шындық» сөздеріне сөзжұмбақ құру



6. Топпен ән айту.

«Аман болсын адамдар»

Сөзі: О. Әубәкіров

Әні: Ә. Бейсеуов

1.Айналайын Адамдар,

Болашаққа аман бар!

Жұмыр жерде ғұмыр бар

Ғұмырлы бол, Адамдар!


Қайырмасы


Балдан тәтті балаң бар,

Бала баққан анаң бар.

Шошытпаңдар екеуін,

Айналайын Адамдар!

2. Айналайын Адамадар,

Келер күнге адал бар.

Бөбек өсіп келеді

Алды-артыңа қараңдар!


3.Сақ болыңдар, жараңдар,

Сақ болыңдар, ғаламдар.

Жер бетіне әлі де

Оқ қайнатқан адам бар.

Бала үшін өлеңім,

Ана үшін өлеңім

Айналайын Адамдар,

Аман болсын бөбегің!!!



7.Үйге тапсырма.

79-82 беттердегі Қ.Толыбаевтың «Ақиқат» мәтіні


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!