Материалдар / Адам – биологиялық түр. Адам организмінің құрылысы мен қызметіне жалпы шолу.

Адам – биологиялық түр. Адам организмінің құрылысы мен қызметіне жалпы шолу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам – биологиялық түр. Адам организмінің құрылысы мен қызметіне жалпы шолу. 8-сынып оқушыларына арналған биология пәнінен тест
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
1434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Адам – биологиялық түр. Адам организмінің құрылысы мен қызметіне жалпы шолу.

А

1.Адамның шығу тегі, эволюциясы, географиялық таралуы және оның организмінің құрылысы, қызметі мен дамуы туралы ғылым:

А) адам анатомиясы

В) адам биологиясы

С) адам физиологиясы

Д) адам морфологиясы

Е) адам анатомиясы және физиологиясы

2. «Оқушылардың денсаулығын сақтау» (1925ж), «Адамның тіршілік әрекеттері»(1927ж) еңбектерінің авторы:

А) И.П. Павлов

В) Уильям Гарвей

С) И.И Мечников

Д) И.И.Мечников

Е) Х. Досмұхамедов

3. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процессін ашқан ғалым:

А) Н.И.Пирогов

В) И.М.Сеченов

С) Уильям Гарвей

Д) Андреас Везалий

Е) Әбу Әли ибн Сина

4. Ядрода тұқым қуалау ақпараты

А) ДНҚ-да

В) РНҚ-да

С) ядрошықта

Д) ядро шырынында

Е) рибосомада болады

5. Тіршілік негізі: биополимерлер, мономерлері аминқышқылдары болатын органикалық қосылыстар:

А) майлар

В) нәруыздар

С) көмірсулар

Д) минералды тұздар

Е) нуклеин қышқылдары

6. Құрылысы, түзілуі және атқаратын қызметтері бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы:

А) мүше

В) ұлпа

С) жасуша

Д) нейрон

Е) мүшелер жүйесі

7. Зәр шығару жүйесі неден тұрады?

А) бүйректен

В) тек тамырлардан

С) тамырлар мен жүректен

Д) бүйрек, несепағар, қуықтан

Е) аталық және аналық бездерден

В

1. Организмнің құрылысы мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін зерттейтін ғылым:

А) адам анатомиясы

В) адам биологиясы

С) адам физиологиясы

Д) адам морфологиясы

Е) адам биологиясы және морфологиясы

2. Қанайналым мен асқорыту саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын алған алғашқы орыс ғалымы:

А) И.П. Павлов

В) И.М.Сеченов

С) И.И Мечников

Д) Уильям Гарвей

Е) Х. Досмұхамедов

3. Жасушада нәруызды синтездейді:

А) ядро

В) рибосома

С) лизосома

Д) митохондрия

Е)Гольджи комплексі

4. Митохондрияның қызметі:

А) жасушаның бөлінуіне қатысу

В) май қышқылдарын синтездеу

С) жасушадағы нәруызды синтездеу

Д) жасушаны энергиямен қамтамасыз ету

Е) жасуша үшін өз маңызын жойған заттарды бұзып, ыдырату

5. Эпителий ұлпасына тән ерекшеліктер:

А) ядро саны көп ұзын жасушалар

В) жасушааралық заттары жақсы дамыған

С) жасушааралық заттары – кальций фосфаты мен карбонаттары

Д) жасушааралық заттың мөлшері көп, селдір орналасқан жасушалар

Е) жасушалары бір немесе бірнеше қатарға орналасып, бір-біріне тығыз жанасады, жасушааралық заттары нашар дамыған

6. Ми, жұлын қандай жүйеге жатады?

А) жүйке жүйесіне

В) бұлшықет жүйесіне

С) зәр шығару жүйесіне

Д) тыныс алу жүйесіне

Е) жүрек-қан тамырлары жүйесіне

7. Жүрек-қан тамырлары жүйесі неден тұрады?

А) тек тамырлардан

В) тамырлар мен жүректен

С) бүйрек, несепағар, қуықтан

Д) аталық және аналық бездерден

Е) қаңқа және бұлшықеттерден тұрады

8. Адам ағзасында ұлпалардың неше типі болады:

А) 4

В) 5

С) 3

Д) 2

Е) 6

С

1. Адам анатомиясы, гистологиясы, цитологиясы, антропологиясы мен эмбриологиясы, организмнің бітімі мен пішіні, құрылысы мен дамуы туралы ғылым:

А) адам анатомиясы

В) адам биологиясы

С) адам физиологиясы

Д) адам морфологиясы

Е) адам биологиясы және морфологиясы

2. Тірі организмдердің ауруларға қарсыласуын түсіндіретін иммунитет теориясын жасағаны үшін Нобель сыйлығына ие болған ғалым:

А) И.П. Павлов

В) И.М.Сеченов

С) И.И Мечников

Д) Уильям Гарвей

Е) Х. Досмұхамедов

3. Бір мембраналы, шар тәрізді құрылымдар, жасуша үшін өз маңызын жойған заттарды бұзып, ыдыратады:

А) ядро

В) лизосома

С) рибосома

Д) митохондрия

Е) эндоплазмалық тор

4. Басқа органоидтарда түзілген немесе жасуша мембранасы арқылы пайдалы түрінде түскен заттар жинақталады, әрі тасымалданады. Осы

жерде күрделі көмірсулар синтезделеді:

А) лизосома

В) рибосома

С) митохондриялар

Д) эндоплазмалық тор

Е) Гольджи комплексі

5.Адам организмінде нәруыздар, көмірсулар, майлар жай заттарға дейін ыдырайды, ал олардан қайтадан адам организміне тән күрделі органикалық қосылыстар түзіледі:

А) тітіркену

В) зат алмасу

С) тітіргенгіштік

Д) пластикалық алмасу

Е) энергетикалық алмасу

6. Шеміршек, сүйек, май, қан және лимфа, ұлпалардың қай типіне жатады:

А) жүйке

В) дәнекер

С) эпителий

Д) бұлшықет

Е) эпителий және бұлшықет

7. Көмей, кеңірдек, өкпе қандай жүйеге жатады?

А) жүйке жүйесіне

В) бұлшықет жүйесіне

С) эндокриндік жүйеге

Д) тыныс алу жүйесіне

Е) жүрек-қан тамырлары жүйесіне

8. Нейрон қандай жүйенің жасушасы?

А) жүйке жүйесінің

В) жыныс жүйесінің

С) асқорыту жүйесінің

Д) эндокриндік жүйенің

Е) тыныс алу жүйесінің

9. Тірек-қимыл жүйесі қандай қызмет атқарады?

А) мүшелер жұмысының үйлесуін жүзеге асырады

В) биологиялық белсенді заттарды өндіріп, қанға бөліп шығарады

С) дене қимылын және оның кеңістікте орын ауыстыруын орындайды

Д) адам денесіндегі мүшелер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді

Е) барлық жүйелерді біріктіреді,олардың әрекетін реттейді және үйлестіреді

10. Мүшелер жүйесін құрайтындар:

А) ағза

В) нейрон

С) ұлпалар

Д) мүшелер

Е) жасушалар



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ