400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам әдептілігімен әдемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:











«Адам әдептілігімен әдемі»

Сынып жетекші:























2023-2024 оқу жылы






Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Адам әдептілігімен әдемі

Тәрбие жұмысының бағыты


Мақсаты

оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.Оқушыларға бала құқықтары жайлы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беру. Ол баптардың мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру.Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    Психологиялық дайындық.
    Мейірімді жүрекпен
    Ақ пейілді тілекпен
    Амандасып алайық
    Бір жадырап қалайық!
    - Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Әдептілік - әдемілік! Хош келдіңіздер!

    - Олай болса, әдептілік деген не?
    -
    Әдепті бала қандай болу керек?
    Оқушылар: әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқор
    шы. Үлкенді - құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақ - та амандасып жүру керек. Кішіні - ізет, қамқоршы болу.

    - Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
    Оқушылар: Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені.
    Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
    Әдепті бала ата - анасын мақтатар, әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
    2 - ші жүргізуші:
    - Әдептілік неден басталады? ( сәлемдесуден)
    «
    Білер қазақ баласы,
    Сәлем - сөздің анасы»
    Алдымыздан кезіккен,
    Көп танысты көреміз.
    Бәріне де ізетпен
    Біздер сәлем береміз.
    -
    Сәлеметсіз бе, ағай!- деп
    -
    Сәлеметсіз бе, апай!- деп
    -
    Есенсіз бе, әжей!- деп
    -
    Амансыз ба атай!- деп
    -
    Ұл - қыз сәлем береміз,
    Өнегелі өренбіз.
    Қазір, оқушылар сәлемдесу рәсімін, сөйлесу тәртібін көрсетеді.
    ( 2
    ұл, 1қыз шығып көрсету.)
    Ата - ананың тілегі,
    Адам болып өскенің.
    Адамдықтың тілегі,
    Адал болып өскенің.
    Әдептілік дегенің,
    Әрқашанда керегің.
    Әсемпаздық дегенің,
    Әуре салсаң әлегің.
    Тәртіпті бала сүйеніш,
    Төбең бір көкке жетеді.
    Ұрыншақ бала жанында,
    Ұрыс пен керіс айқай шу.
    Ұстамды бала маңынан
    Ұнамды қылық байқайсың.
    1Тәртіпсіз бала ұрыншақ, маңайындағы балаларға тыным бермейді. Қазіргі тамашалайтындарыңыз шағын көріністер.
    (1, 2 –
    көріністер, жат мінез - қылықтарға байланысты.)
    Заң төбелесіп жатқан балаларды тоқтатып, заң құқығын оқиды. 5 - бапты
    Біреудің затын ұрлаған оқушыларға да, заң құқығын оқиды. 12 - бапты.
    Тақтаға 5 оқушы шығып, бала құқығы туралы заң баптарын оқиды.
    8, 9, 10, 11, 15 –
    баптарды.
    Заң: Бас иетін бар адам,
    Әрбір сөзі салмақты
    Қорғар бәле - жаладан
    Ата заң бұл ардақты.
    Құқық дегеніміз не?
    Оқушылар: Құқық - үкімет шығарған тәртіп ережесінің жиынтығы.

    - Жаңағы көріністерден қандай қорытынды шығаруға болады?
    Оқушылар:
    -
    Олар өктемдік, сотқарлық көрсетті, дөрекі мінездерін, қол - дарын жұмсады.
    -
    Әке - шешелері дұрыс тәрбие бермеген, өз беттерімен кеткен, ерке, сот - қар, әдепсіз балалар.

Біз осындай жаман қылықтан жиіркеніп, өнегелі, тәртіпті,
әдепті боламыз. Ендеше, әдептілік туралы өлең - жырларымызды жалғастырамыз.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады - деген осы ғой.
Апамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегісіп тұрмайық.
Қалмау үшін керісіп,
Кел алайық келісіп,
Атқарайық үйдегі,
Жұмысты тең бөлісіп.
Кел, самаурын қайнатып,
Дастарханды жайнатып,
Отырайық бөлмеде,
Бөпемізді ойнатып
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Келген кезде жұмыстан,
Қалсын апам қуанып.
Көрініс: «Әдеп»

- Бұл көрініс бойынша қандай пікір айтасыңдар? Оқушылар:
- Үлкен адамға көмектесу керек, жолдан өте алмай тұрса, арғы бетке өтуге көмектесу керек.
- Автобуста орын беру керек.
5Сыйлап үлкен ағаны Таудай биік талабы
Сәлем берген баланы Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз? Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз. Үлгілі екен бұл дейміз.

Кесте толтыру. «Жалғастыру ойыны»
«Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?» Сабақтан...(кешігуге болмайды.) Үлкендерді..(сыйлау керек )
Амандасуды ( ұмытпа) Ата - ананың..(тілін алу керек )
Ысқыруға...(болмайды ) Оқу құралдарын (күтіп, таза ұстау тау ) Өзіңнен кішіні (ренжітпе )
Көлікте өзіңнен үлкен адамға... (орын беру.)
Ой толғау.
«Әдептілік» - деп, қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз? Әдептілік деп, үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

Сонымен әдептілік дегеніміз - ізет, инабат, сыйласым, құрмет,
қамқорлық. Кешірімді болуымыз керек.
Жас - кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.

- Оқушылар, бүгінгі сабақта « Балалар құқығын ұқтыңдар ма?»
Оқушылар:
- Ұқтық! Оқуға, өмір сүруге, өз ойымызды айтуға, зорлық - зомбылыққа қарсы тұруға және бақытты өмір сүруге құқымыз бар!
Ән: «Біз әдепті баламыз».

- Осымен, тәрбие сағаты аяқталды. Тыңдап, көргендеріңізге рахмет!
- Хош, сау болыңыздар!


Қоры

тынды

10 мин


- Қымбатты оқушылар!
Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар. Барлықтарың «әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы ұқтыңдар.
Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл - қыз болып, адамгершілік қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп сенеміз




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
02.12.2023
273
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі