Материалдар / Адам ағзасының химиялық құрамы. Макро- және микроэлементтер, олардың мәні

Адам ағзасының химиялық құрамы. Макро- және микроэлементтер, олардың мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарламаға сәйкестендірілген және функционалды сауаттылық тапсырмасы қарастырылған мемлекеттік мекемелердің 9 сынып оқушыларымен химия пәні бойынша ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
69
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Мектеп: МДШО Қызыларық орта мектебі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Қожахметова Әдина

Сынып: 9 Қатысқандар: 20 Қатыспағандар: 1

Сабақтың тақырыбы:

Адам ағзасының химиялық құрамы.

Макро- және микроэлементтер, олардың мәні


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсатары: (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді білу (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe) және элементтердің пайыздық құрамы бойынша диаграммасын құрастыру

9.5.1.2 ақуыз, май, көмірсу, дәрумендердің функциясын білу

9.5.1.3 адам ағзасында Жердің құрамындағы элементтердің бар екенін, бірақ олардың арақатынасының өзгеше болатынын түсіну

9.5.1.4 макро- және микро-элементтердің адам денсаулығы үшін маңыздылығын түсіндіру

9.5.1.5 Қазақстандағы типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құру


Сабақтың мақсаты:


Химиялық элементтердің биологиялық маңызын

түсінеді;

Фактілерді талдай және бағалай біледі, салыстыру негізінде тұжырым жасау біліктілігі дамиды;

Маңызды қосылыстардың химиялық реакцияларын

жазып, түсіндере алады;




Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

Адам ағзасының жасуша құрамына кіретін химиялық элементтерді білсе;

Тағам өнімдері құрамында химиялық элементтердің бар екендігін түсінсе;

Тілдік мақсаттар

















































Адам ағзасындағы химиялық заттар құрамының жасалған тізімдері бойынша ұғыну және сұрақтарға жауап беру және осы тізімдер мен жер шарының химиялық құрамы арасында салыстыруды жасау.

Пәндік лексика және терминология:

: Химиялық құрамы, литосфера, оттегі, сутегі, азот, кальций, фосфор, калий,Құрамынан қалыптастыруға болады

Жасуша/ клетка/ cell – тірі ағзалардың ең кіші бөлшегі;

Нәруыз/ белок/ protein - организмнің дамуына қажетті құрылыс материалы;

Көмірсу/ углевод/carbohydrate – (көмірсутек+су)  Жасушадағы барлық процестерде энергияның негізгі көзі болып табылатын органикалық қосылыстар.

Май (липид)/ масло/ oil қоректік және энергетикалық қор заттарының ролін атқарады.

Дәрумен/ витамин/ vitamin адамның тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. 

Гормон/гормон/hormone- ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык белсенді заттар.


Дескриптор. Білім алушы

  1. Сөздік қоры дамиды;

  2. Ағзадағы химиялық заттардың биологиялық маңыздылығын түсінеді;

  3. Терминдерді 3 тілде оқу мен жазуға дағдыланады.


  • Оқытудың тілдік мақсаты:.

Оқушылар:

  • табиғаттағы элементтің мөлшері және қоректік ұғымдарын білуі;

  • табиғаттағы химиялық қосылыстардың қарапайым формулаларын құрастыра білуі;

  • алған білімдерін одан әрі химияны оқып үйренуде қолдана алуы тиіс.


  • Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Жұптық жұмыс

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Адам ағзасын құрайтын маңызды химиялық элементтерді атаңдар.

  2. Су адам ағзасының қанша пайызын құрайды және маңызы қандай?

  3. Ағза неге тыныс алуды қажет етеді?

Ағзадағы ең кең тараған химиялық зат Х, содан кейін Y, бірақ литосферада бұл A… Литосфера (негізінен) мыналардан тұрады … Адам ағзасындағы екінші/үшінші тараған элемент бұл … Литосфера/адам ағзасы ....... тұрады/қалыптастырылған

Топтық жұмыс

Не себепті ... деп ойлайсыз?

  1. Неліктен органикалық қосылыстарды адам ағзасының дамуына қажетті мағызды қосылыстар дейді?

  2. Адамның сүйегінің сынғыш болуы, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларының көбеюі, тістердің бүлінуінің, қандағы гемоглабиннің төмендеуінің себебі неде?

  3. Оқулықпен жұмыс:











  1. Жазылым бойынша ұсыныстар:

Shape1

Жасушаның құрамы


Shape3 Shape2


Shape9 Shape8 Shape7

органикалық

бейорганикалық



Shape11 Shape10

нәруыз

макроэлементтер


Shape13 Shape12

Shape14

көмірсу


Shape16 Shape15

микроэлементтер


хShape18 Shape17

май

Shape21 Shape19 Shape20

ультромикроэлемент




Дескриптор: Білім алушы

  • Талқылауға арналған тапсырмаларды тыңдап, топ болып жұмыс жасап, ой бөліседі;

  • Топта ынтымақтастық дамиды;

  • Бірін-бірі тыңдайды, сыни ойлау қабілеттері артады.


Құндылықтарға баулу

  • Күнделікті тамақтану рационына пайдалы табиғи өнімдерді пайдалану;

  • Салауатты өмір салтын ұстануға дағдылану;

  • «Болашаққа дені сау ұрпақ» қағидасын жадыда ұстау.



Пәнаралық байланыс

Биология, медицина.


Алдыңғы білім

Өткен сабақта оқушылар «Тағам құрамындағы қоректік заттар» тақырыбы бойынша түрлі тағамдардың құрамындағы адам ағзасының дамуына қажетті белсенді органикалық және бейорганикалық заттармен танысып, практикалық жұмыс орындады. Ал, бүгінгі сабақта сол тағам құрамындағы барлық химиялық элементтердің адам ағзасының қалыпты дамуына маңызды қызмет атқаратынын түсінеді.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сабаққа келмеген оқушыны журналға белгілеу.


Сабақтың басы































«Білу»

Үй тапсырмасы

(2минут)

Сабақты бастамас бұрын оқушыларды орындарынан тұрғызамын да, терең тыныс алуларын өтінемін.

  • Оқушылар нені байқадыңыздар?

  • Адам не үшін тыныс алады?

  • Бұл күрделі процесс қалай жүзеге асады деп ойлайсыздар?- деген сияқты жаңа сабаққа қатысты жағдаяттық сұрақтар қою арқылы қызығушылықты оятамын.


Дескриптор:

  • Оқушылардың сыни ойлау қабілеттері артады;

  • Әр бір оқушы өзінің жеке пікірін айтуға дағдыланады;

  • Оқушылар бірін-бірі тыңдауға, пікірлерін толықтыруға үйренеді;


Содан кейін сыныптағы барлық оқушыларды «Қағаз қиындылары» әдісі бойынша топқа бөлемін.


Топқа бөлу: Қағаз қиындылары

Әр түрлі түсті бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушы саны бойынша (4-5) қиып, оларды араластырып, оқушыларға таратамын. Оқушылар 1 минутке жетпейтін уақытта қиықтардан бүтін құрастырып, сол бойынша топ құрайды. Топ аттарын өздері белгілейді.


Үй тапсырмасы «Тағам құрамындағы қоректік заттар» тақырыбы бойынша білімдерін тиянақтау үшін үш топқа тапсырмалар беремін.

  1. Топқа:

Берілген заттарды тағамдық және қоректік топтарға бөліп, кестеге толтырыңыздар:

А) жұмыртқа, ә) қанттар, б) ет, в) майлар, г) сүт, д) кеспе, е) су, ж) ірімшік, з) тұз




Тағам

қоректік заттар





  1. Топқа:

Тағамдар мен олар дайындалатын шикізаттарды жұптастырыңдар:

А) Шұжық 1) ұн

Ә) Тосап 2) сүт

Б) Ботқа 3) ет

В) Ірімшік 4) жарма

Д) Тоқаш 5) жидек


1

2

3

4

5








  1. Топқа:

Сұрақ: Тағамның құрамындағы бұл қоректік зат адам ағзасының өсуіне, көбеюіне көп ықпал етеді, сонымен қатар ол ақпараттық, тасымалдаушы, реттеуші қызметтерін атқарады. Бұл қоректік зат жануартектес және өсімдіктектес кейбір тағамдардың құрамында кезедеседі. Мысалы, ет, сүт, ірімшік, жаңғақ, қарақұмық, жарма, т.б. Бұл не?


Дескриптор:

  • Оқушылардың жылдам ойлау қабілеті артады;

  • Топтасып мәселені шешуге ұмтылады


Критерий:

Критерийлер

Ұпай

Топта жұмыс жасай алуы

2

Тапсырманы жылдам орындай алуы

2








Сабақтың ортасы


«Белсенді оқыту» әдісі

Түсіну және сипаттау:













































Нұсқау беру және айту:













Көрсету және модельдеу:
































Блум таксономиясы,

Қолдану



Белсенді оқыту әдісі, зерттеу тәсілі

Негізгі бөлім.


Жаңа тақырыпты көрнекіліктермен негіздей отырып қысқаша түсінік беремін.




Кейбір элементтердің ағзада жетіспеушілігінен аурулар туындайтындығын түсіндіріп өтемін. Мысалы: Иодтың жетіспеушілігінен туындайтын бақшаң көз (Базедов ауруы), микседема, критинизм;


Э

ндемиялық зоб Микседема ауруы

Shape22

Химиялық элементтер



Shape23

Shape27 Shape26 Shape25 Shape24

Shape30 Shape29 Shape28

Ультромикроэлементтер

Cs, Rb,Zr, Ag, V, Ni, As, т.б.

Микро-элементтер

Fe, Zn,Mn,Cu, Co, I, Mo, Se, Si, F

Макро-элементтер

O,C,H,N,P, S, Cl, K, Na, Ca, Mg













1-тапсырма

Үш топқа тапсырманы тақырыптағы мазмұны бойынша бөліп беремін, мазмұнын ұғынып оқып, постер дайындауға ұсыныс білдіремін.

  1. Топ – адам ағзасындағы жасушаның құрамына кіретін органикалық қосылыстар туралы (нәруыз, көмірсу, май) оқып постер дайындау;


  1. Топ – Дәрумендер, олардың маңызы тақырыбында постер дайындау;



  1. Топ – оқулықтағы 16-кесте бойынша макроэлементтер мен микроэлементтердің тағам құрамында кездесуі, атқаратын қызметі, маңызы туралы постер дайындау;


Дескриптор.

  1. Топта ұйымшылдықпен жұмыс жасайды;

  2. Бір-бірінің идеясын қолдайды;

  3. Уақытқа бағынып, шап-шаңдыққа үйренеді;

  4. Қорғау кезінде мәдениетті сөйлеуге дағдыланады.


Критерий.


Бағалау критерийлері

Ұпай

  1. Постердің көркемдігі

3(жоғары ұпай)

  1. Постердің мазмұнды рәсімделуі

3(жоғары ұпай)

  1. Нақты фактілердің келтірілуі

2(жоғары ұпай)

  1. Жұмысты түсіндіре білу шеберлігі

3(жоғары ұпай)


2 тапсырма. Жұптық жұмыс.

Тәжірибе: Көрінбейтін сия. Тақырып соңындағы қызықты тәжирибені жұптарға орындату.

Тапсырма №1 Шеңбер диаграммасы.Оқушылар дәптерлеріне макро,микро және ультрамикроэлементтердің пайызы бойынша диаграмма сызу керек.

Тапсырма №2 Cемантикалық карта.Оқушылар тақтаға шығып элементтердің қай топқа жататынын тауып,картаға жапсырады.Берілетін элементтер: О Са Р I Cu Cl Н Zn F N S

Топтары

Элементтер

Макроэлементтер


микроэлементтер


ультрамикроэлементтер


Тапсырма 3.

Дескриптор.

  1. Бірлесіп жұмыс жасайды;

  2. Жұмысты жылдам, әрі ұқыпты орындайды.

Критерйлер:

Бағалау критерийлері

Ұпай

  1. Тәжірибенің ұқыпты орындалуы

5(жоғары ұпай)

  1. Реактивтерді дұрыс қолдана білуі

3(жоғары ұпай)

  1. Тәжірибені түсіндіре алуы

2(жоғары ұпай)


3 тапсырма. Зертханалық тәжірибе. Кальцийсіздендірілген сүйек қасиетін зерттеу.

Жұмыс барысы: Тәжірибе жүргізуден 3-4 күн бұрын кез – келген жануардың түтік тәріздес сүйегін 10% тұз қышқылы ерітіндісіне салып қояды. Тәжірибе барысында аталған ерітіндіден сүйекті алып қарағанда, сүйек иілгіш, майысқыш болады.

Сұрақ: Тұз қышқылы ерітіндісіне батырған сүйекті созуға бола ма? Бұл сүйекке қандай қасиет тән?


Қорытындыны кестеге толтыру:

Кальцийсіздендірілген сүйек

Кәдімгі сүйек










Сүйектің химиялық құрамы туралы қорытынды жазады.


Сабақтың соңы






















1

4 тапсырма. Шағын эссе.

Бүгінгі өткен сабақ бойынша ойларын жинақтап шағын эссе жазады. (50 сөз)


5 тапсырма.

INSERT – жаңа мәліметті игерудің белсенді тәсілі арқылы сабақты қорытындылаймын.

Оқушылар бүгінгі тақырыпты түсініп, бірін-бірі тыңдағанда жекелей мынадай кестені толтырып отыруы керек:


˅

+

?

«Бұрыннан

білемін»

«Жаңа ақпарат»

«Менің ойыма қарама-қарсы»

«Келісе алмаймын. Білгім келеді»








Рефлексия. «Таңдау әдісі»

1. Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім
көп нәрсені , үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият , зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікір сайыстарға
жиі , сирек қатыстым.
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын,риза емеспін.







«Интербелсенді әдісті ЖОО-да қолдану мәселелері»,

А. Әлімов

Саралау – Сіз қандай тәсілмен қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілеті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ жоспарында дайындалған тапсырмалардың көпшілігі жекелеген оқушылар өз деңгейлерінде орындай алатын жеңіл тапсырмалар. Ал, сыныптағы кейбір жоғары қабілетке ие балаларға зертханалық тәжірибеде көрсетілгендей, сүйектің химиялық құрамына байланысты қорытынды жасау және жаңа тақырып бойынша эссе жазу сияқты ойлануды қажет ететін күрделі тапсырмаларды беремін.


Сабақ соңында оқушылар бүгінгі өтетін тақырыпты қаншалықты меңгергендігін INSERT әдісі арқылы және шағын эссе жазғызу арқылы болжай аламын.












Рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Бүгінгі сабағымда Блум таксономиясының кейбір элементттерін, білу, қолдану және белсенді оқу әдісінің тәсілдерінен түсіндіру және сипаттау, көрсету және модельдеу, нұсқау беру және айту, зерттеу тәсілдерін қолдану арқылы жақсы нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Оқушылар органикалық заттар мен бейорганикалық заттарды ажырата білді. Саралау тәсілі бойынша сабақ барысында диалог арқылы оқушыларға қолдау көрсетіп отырдым. Әр бір бала берілген тапсырмалар бойынша білімдерін ортаға салып, қызығушылықпен орындап отырды. Алайда, сыныптағы оқушылардың барлығының білім деңгейі, тақырыпты меңгеру деңгейі әр түрлі. Кейбір оқушыларға тапсырмалар қызықты, оңай, әрі тез болса, ойлау деңгейі жоғары қабілетті оқушыларға бұл тапсырмалар іш пыстырарлықтай болды. Сол себептен, сабақ жоспарыма өзгерістер енгіздім. Яғни, бағдарламада да, оқулықта да жоқ «Кальцийсіздендірілген сүйек құрамын зерттеу» зертханалық тәжіибе жұмысын орындап, өз беттерімен қорытынды шығаруын, салыстыруын, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізуін қадағаладым. Сонымен қатар, сыни ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту мақсатында шағын көлемде эссе жазуды тапсырдым.

Жалпы бағалау

Сабақтың басынан бастап әр бір тапсырмалар бойынша оқушылар үнемі бағаланып отырады. Қолыма жұлдызша, смайлик, не табиғат бейнесіне байланысты стикерлі алып, берілген тапсырмалар бойынша жылдам, әрі дұрыс жауап беріп отыратын оқушыларды мадақтап, қолпаштап отырамын.

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Үй тапсырмасы бойынша білімдерін талдау кезеңі;

2: Зертханалық тәжірибе

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: ойын элементтерін қосқанда сабақ қызықты болар еді;

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

1: Әр бір тапсырманы жеңілден күрделіге қарай дайындап отыруды;

2: қызықты тәжірибелерді жасауды;























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ