Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адам бойындағы асыл қасиеттер " Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге тәрбие сағатын өткізуге керек болады. Балалардың бойына асыл қасиеттер ұялату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Адам бойындағы асыл қасиеттер

Мақсаты:1) Балаларға асыл қасиет ұғымын түсіндіру.

2)Оқушылардың адамгершілік қағидаларың рухани

құндылықтар негізінде қарым-қатынасорнату қабілеттерін дамыту.

3)Адам бойында адмгершілік қабілетін нормаларын сақтау әдетін үйрету,өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру.

Көрнекілігі:Әр түрлі қанатты сөздер жазылған плакаттар.

Барысы

  • Кіріспе бөлім

  • Әдеп түрлеріне тоқталу

  • Брейн-ринг(сұрақ-жауап)

  • «Менің үйретерім»(ата-аналармен ой бөлісу)

  • Мұсылмандық әдеп(мамандар пікірі)

  • Қорытынды

Кіріспе сөз: 1-жүргізуші: Әлемге аты әйгілі ғалым Поатон: «Біз ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз» деген екен. Демек, ұл- елдің қорғаны, қыз болашақ ана. Адам бойындағы әдемілікті сезіну, қадірлі мен қадірсіздікті, ізглік пен жауыздықты, сұлулық пен ұсқынсыздықты ажырата білу керек. Менің жан- жақты әдептілік нормаларын білетін адам жолдастарының, достарының арарсында сыпайы, беделді, сыйлы болады. Осының бәріне жету үшін коп еңбектену, іздену, күш- қуат, табандылық қажет.

«Ой қозғау»

2- жүргізуші: (оқушылар әдептілік, адам бойындағы асыл қасиеттер туралы өз ой-пікірлерін ортаға салайық)

  1. Оқушы: Қарапайым талаптардыңбірі-әдептілік,яғни сыпайылық.алдымен бір-біріне көрсеткен әдептілігі өзгенісыйлаумен қатар.Өзін де сыйлағаны.Өйткені «сыйластық екі кісіден бірдей.

  2. Оқушы: Біз қайда барсақ та үнемі адамдар арасында жүреміз. Көшеде,кинода,автобуста,сапаржайда т.б. жерлерде кейбір мәдениетсіз қылықтардан ұяласың. Ол тұрғындарды да,өзін де сыйламау. Жасы үлкенге жол беру,орын беру,көмек көрсету кейбір оқушылар тарапынан өте сирек кездеседі. Менің ойымша бұл-әдепсіздік.

  3. Оқушы: Сәлемдесу әдебі.

Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлем береді. Үйге кірген адам үлкен болсын,кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау-мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысық боп,тақылдап кетуі,қол ұсынуы жөпсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп,әдеп сақтауы керек. Мысалы: Кей оқушылар өздеріне сабақ бермейтін мұғалімдермен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, мәдениетсіздік деп ойлаймын.

  1. Оқушы: Сөйлесу әдебі.

Сөйлескен адамға үнемі ілтипат,білдіріп,көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде жан-жағына қарау,теңселу,аландап жан-жағына қарау,теңселу,алаңдап,шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ асығып,тез сөйлеу,мақтана сөйлеу,қатты сөйлеу,сөзді бұзу,аяғына дейін тыңдамау-әдепсіздіктің белгісі.

  1. Оқушы: Әдемі,таза киіну әдебі.

Киіне білу де адамның ішкі мәдениетіне,талғамына байланысты. Жүріс-тұрысымыз,сөзіміз,ісіміз,киіміміз рухани талғамды қажет етеді.

Талғашы жоғары адам ғана өз бойына қоиымды, жарасымды киімді тақдап, үнемі таза жүре алады.

  1. Оқушы: Мен өз бойымда кемшіліктердің барын білемін. Әрдайым өз кемшіліктерімді жою үшін өзімді қадағалап отыруға тырысамың. 1-жүгізуші әдеп түрлелі жөнінде оқушылар өз айларың ортаға салсын. 1 Адамға ар-ұят не үшін керек?(1жүгізуші) 2 Қандай адамды тәрбиелі адам дейді?(2 жүргізуші) 3 Жақсы әрекетті ата?(1жүргізуші) (салмақтылық, ұстамдылық,өзін-өзі басқара білуі, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу).4Сыпайлық дегеніміз не?(2жүргізуші)

  2. Оқушы:

1.Ар-намыс-адам байындағы адамгершілік қасиеттің ең басты көрінісі.Бұл қасиеттер туралы түрлі тұжырымдар қалыптасып мақал-мәтелдің дүниеге келуі тегін емес. «Ерді намыс өлтіреді,қоянды қамыс өлтіреді.» «Арынды сатпа терінЕрді намыс өлтіреді,қоянды қамыс өлтіреді.» «Арыңды сатпа,теріңді сат», «Әдепті бала арлы бала,әдепсіз бала сорлы бала»

Әрбір адам бойында намыс болуы тиіс.Себебі барлық нәрсе осыған келіп тіреледі.Мысалы:Кез келген шешімді қабылдау үшін ар керек.Ар,намысы бар жандар өмірде қиыншылықтардан сүрінбей өтуі үшін әрекет жасайды.Имандылықтын,әдептіліктін,тәрбиеліліктін бастауы-ол ар намыс. «Арсыз» деген сөз өмірдегі ең ауыр сөз деп есептеймін

  1. Оқушы: «Тәрбие тал бесіктен» демекші әрбір адам тәрбиелі,саналы болуы керек.Тәрбиені адам бойына жастайынан сіңіру керек.Әрқашан барлық жақсы нәрсе тәрбиеліліктен басталады.Көшеде кетіп бара жатып жаман сөз айтып айғайлап жүрген адамдарды көресін.сонда бұл не нәрсе деген ой еріксіз соныңда жаңғырары анық.Өмірде ең жаман нәрсе «тәрбиесіз» деген сөз деп ойлаймын.Тәрбиесіз болсан бірінші өзіне,одан кейін ата-анасын.Ата-ананы ренжітпеу олардын алған тәрбиені дұрыс қабылдағаның болып есептеледі.


  1. Оқушы: Адам бойындағы жақсы әрекеттер: (салмақтылық,ұстамдылық,өзін-өзі басқара білуі,адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу).


  1. Оқушы: Сыпайылық үлкенге құрмет,кішіге ізеттен басталады. Ұл ұятты, қыз инабатты болса,сыпайылық деген осы. Өзіңе тән мінезіңмен әрдайым сыпайы бола білсең-әдептіліктің кепілі. Сәлемдесуден қоштасуға дейінгі әдептілік те,сыпайлық болып табылады. Үлкенге де кішіге де сыпайлық тайта білу әдептілікке жатады. Сыпайы болсаң өзіңе жақсы,айналаңа сыйлы боласың.


1-жүргізуші:

«Байлық қолға ұстаған мұз,еридіде кетеді. Бақыт қолға қонған құс,күте алмасаң кетеді. Бала-артта қалған із атыңды өшірмейді,жақсы ісінді жария етеді» деген екен. Бөлтірік шешен. Оқушы бойына даритын әрбір асыл қасиеттер ата-анадан алған тәлім-тәрбиесіне,үлгі-өнегесіне,жүрген ортасына,білім мен тәрбиені беріп үйрететін ұстаздар қауымына да байланысты болмақ. Тәуелсіз елдің болашағын алға апарар білімді парасатты ұрпақтәрбиелеу деп білейік.

«Әдепті бала ата-анасын мақтатар,әдепсіз бала ата-анасын қақсатар» деген халық даналығын біздің ұл-қыздарымыз еске сақтайды деген ойдамын.

2-жүргізуші:

Осы тәрбие сағатымызды қорытындылай келе әр топтарға жеке-жеке парақшалар таратып берейін. Оқушылар пікірлерін қағазға түсіріп берсін.

1-парақ

« Адам сұлулығы деген не?»

2-парақ

« Өмірдегі ең маңызды нәрсе не?»

3-парақ

« Егер сен сыпайы болсаң?»

Әр топтар өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.

Рахмет!сендерге.

1-жүргізуші

Әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін алдына мақсат қоюы керек. Адамды көздеген мақсатына жеткізетін де алысты жақын ететін,тікенді гүл ететін де ақыл. Ақылсыз өмірдің ешбір мәні жоқ.

Ақыл адамды әдептілікке бастайды.

Тәкаппар болма! Сыйлағанды сыйлай біл! Айтқан сөзді тыңдай біл!

2-жүргізуші:

Бүгінгі ашық-тәрбие сағатында көп жайды аңғардыңдар деген ойдамын. Ең негізгісі әркім тәрбиеленуге саналылықпен, төзімділікпен кіріссе екен деймін.

2-жүргізуші:

Хормен: Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Нақыл сөздер: 1) «Кішіден ізет,үлкеннен құрмет»

2) «Жақсы адам ай мен күндей,әлемге бірдей»

3) Сәлем-сөз анасы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2018
2822
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі