Материалдар / Адам бол 4 сынып

Адам бол 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәнінен "Адам бол' тақырыбында Қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
381
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК


Бекітемін:_______ Колледждің әдіскері:

Жунусова Л.Б.

«Келісемін»______ Сынып жетекшісі:

Шакенова М.Қ.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: АДАМ БОЛ!





Өтетін орны: КММ «Бөдене орта мектебі»

Сынып: 4

Мерзімі: 15.10.2020

Тобы: 310

Машықкер: Жанабаланова Сая

Баға: «__»___________






Семей, 2020 жыл

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: КММ «Бөдене орта мектебі»

Күні: 15.10.2020 жыл

Мұғалімі: Жанабаланова Сая

Сыныбы: 4

Тақырыбы: 6 – сабақ Адам бол!

Құндылығы: Қиянат жасамау.

Қасиеттері: Ақкөңілділік, мейірімділік, сыйластық, қамқорлық.

Мақсаты: Оқушыларға адамның бойындағы жақсы және жаман қасиеттері туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды кішіпейілді, ақкөңілді болуға үйрету.

Дамытушылық: Үлкенге және кішіге қамқорлық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәртіпті болуға тәрбиелеу ортасын құру.

Ресурстар:


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Жағымды күйге келу.

  1. Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мына басым ақылды

Барлық істі басқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқаратын

Мынау менің оң аяғым

Мынау менің сол аяғым

Тек жақсылыққа апаратын.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

26 бет 4 тапсырма «Жан дүнием» өлеңін жаттау



  1. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Әдептілік-ар, ұят – адамдықтың белгісі.

Халық даналығы

Сұрақтар:

1. Адамның әдептілігін қалай білуге болады?

2. «Әдептілік – әдемілік» дегенді қалай түсінесіңдер

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз

  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жүректегі ой

Аңыз

Шалва Амонашвили

Ата, не деп сыбырлап жатырсың? – деп сұрады, атасының ұйықтар алдында өзімен-өзі күбірлеп жатқанын байқаған бала. – Мен ойды Жүрекке салып жатырмын, балақай... – деп жауап берді ол.

Бала таңғалды:

Ол қалай?

Дана қарт былай деді:

Мені ренжіткен көршіммен ұрысқым келмейді, бірақ не істеу керектігін де білмеймін. Мінекей, содан ойды Жүрекке салып, ұйықтаймын, ал таңертең Жүрек не істеу керектігін айтады.

Жүрек оны қайдан біледі, ата?

Жүрек бәрін біледі, мен одан өмір бойы сабақ алып келемін. Саған да айтарым: қиын сұраққа жауап іздегенде, бір нәрсе түсініксіз болғанда ұйықтар алдында ойды Жүрекке салып қой, ал таңертең саған жауап келеді. Мұны тек сеніммен жаса.

Сұрақтар:

Жүрек адамға қалай қызмет етеді?

Ойды Жүрекке салудың мәні неде деп ойлайсыңдар?

«Жүрек бәрін біледі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Өзің жүрекке салып ойланып көрдің бе?



  1. Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма

Өлеңді оқыңдар. Өлеңде айтылғандарға сүйене отырып, «Мен әдепті баламын» тақырыбында постер құрастырыңдар.

Жеткіншекке

Тілеген Шопашев

Автобуста қысылып,

Таппаса орын кәрі адам,

Ұшып тұрып ұсынып,

Өз орныңды бер оған!


Келсең үйге сабақтан,

Міндетіңді біл ұғып.

Уақтылы тамақтан,

Уақтылы тынығып.


Денесін кіл баптаған,

«Тәні саудың – жаны сау».

Тазалығын сақтаған

Балалардың бәрі сау.


Ұқыпты бол тырнаққа,

Қылаудай кір жуытпа!

Тісің менен құлақты

Тазалауды ұмытпа!


Ақыл айтса – пайымдап,

Ақырын тос, тыныш тұр.

Сабағыңды дайындап,

Үйдің ішін жиыстыр!


Дәптеріңді шимайлап,

Кітабыңды кірлетпе!

Күтіп ұста абайлап,

Жыртылмасын бір бет те!


Қайта-қайта өшіріп,

Қағазыңды былғама!

Көршің жазса, көшіріп,

Біреудікін ұрлама!


Табаныңнан құр тозбай,

Біл жүретін жолыңды!

Болса үстің мұнтаздай,

Киімің де қонымды.

5-тапсырма

Адам мінезі туралы нақыл сөздерді оқыңдар, мағынасын түсіндіріңдер. Өзіңе «Мінездеме» жаз.

  • Адам баласына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.

Әбу-Насыр әл-Фараби

  • Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.

Әбу Насыр әл-Фараби

  • Мінез-құлық – әркімнің өзін көрсететін айна.

Иоганн Гете

  • Байыптылық – мінездің негізі.

Оноре де Бальзак

  • Ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам.

Шәкәрім Құдайбердиев

  • Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

Әлихан Бөкейханов

  • Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет.

Әбу Насыр әл-Фараби

  • Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік.

Жүсіп Баласағұни

  • Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Шәкәрім Құдайбердиев

  • Ар-намысың, жан-жүрегің қалай әмір етсе, солай істе. Василий Сухомлинский

  • Адамның шын мағынасымен «Адам» болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт.

Мағжан Жұмабаев



  1. Үй тапсырмасы.

Жақсы адам болу ушін қандай болу керек? 10 ереже жазып келу.

  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Рефлексия «Ауа – райы»

  • Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ