"Адам бол" атты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адам бол" атты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: 5 мектеп-лидцей

Пән мұғалімі: Досалина Г.А

Тақырып: Адам бол

Құндылық: адамгершілік

Қасиеттер: адамгершілік, адалдық, ізгілік

Сынып: 4 Б 16.10.2020

Мақсаты: Балалардың «адамгершілік» құндылықтары және мамандықтар әлемі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-мамандықтың түрлерін ажырата білуді, жақсы, адами қасиеттерді бойына сіңіру;

-мамандық таңдау, өскенде кім болатындарын білу іскерліктерін дамыту, жақсыны өнеге етуге дағдыландыру;

-адамгершілікке, «Нағыз адам» болуға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

Ыңғайланып жайғасып отырамыз, терең тыныс алыңдар. Жер бетінде жанға жайлы бір жер бар деседі, оны көру әркімнің маңдайына жазылмаса керек. Ол жерде адамдар шат-шадыман, бір-бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен. Адамдар сәл нәрсенің өзіне қуанып, кішкентай дүниеден жақсылық іздейді екен. Барша табиғатқа қамқорлықпен қарағандары соншалықты, айналада жайқалып қалың майса шөп өсіп, өзендер мөп-мөлдір, тап-таза болып ағып, көгілдір көлдерде балықтар шоршып жүзеді. Адамдар мұң мен жауласу дегенді білмейді, күнкөріс қамыменде бір-бірін ренжітпейді, бір-біріне бауырмал болып, өзара көмектеседі екен. Сол себепті ол жерде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Халықтар өзара соғыспайды, келісімге келіп, үйлесімде өмір сүреді. Ол аймақтың тыныштығы мен жайлылығы сондай- бозторғайлар қой үстіне ұя салып, қой үстіне жұмыртқалайды. Бірақ оған қызыға қарауға болғанымен, ол елдің тұрғындары бөтен ешкімді елдеріне кіргізбейді екен деседі. Бірақ өз тұрған жеріңді осындай рахат, жанға жайлы, бейбіт мекенге айналдыруға болады екен. Ол әркімнің өз қолында екендігі белгілі. Онда сендер өз айналаңды осындай жайлы мекенге қалай айналдырар едіңдер? Ойланып көріңдерші.


Ресурстар: (видео роликтер, мәліметтер фото суреттер) аудиожазбалар

  1. Үй тапсырмасы

Дәптердегі тапсырмалар

Жұмыс дәптеріндегі 32-беттегі 2-тапсырманы тексеру.

«Мен жауапкершілікті баламын, өйткені...» айдарымен берілген сөйлемді аяқтау.

  1. Дәйек сөз

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан»

Абай

«Нағыз адам боламын!» өлеңін 3 оқушыға оқытып, сыныппен талдау, мағынасын ашу.

  • Нағыз адам дегенді қалай

түсінесіңдер?

  • Ата-анаң қандай

болғаныңды қалайды?

  • Өзіңнің кімге ұқсағың

келеді?

Оқушылар өздері қалайтын мамандық иелерін болатынын айтып береді.

(дәптермен жұмыс)

  1. Әңгімелеу

«Кім боласың?»

Ж.Жұмаханова

Видеоролик көрсету. Мұғалімнің оқуы;

Оқушылардың жеке жеке оқуы.

Ой салу:

        1. Атасы немересіне адам бол дегенде не айтқысы келді?

        2. Сендер «Адам бол» дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. Шығармашылық жұмыс.

«Мамандықтар әлеміне саяхат»


Оқушылар өздеріне берілген мамандық иелерінің қызметіне тоқталып, сол бойынша ойларымен бөліседі.

  1. Оқушылармен жұмыс

«Нағыз адам» қалай пайда болады? Қандай іс-әрекет нәтижесінде «Нағыз адам» болады?


Мақал-мәтелдерді оқып, кестеде берілген тақырыптарға сәйкес топтастырады.

1. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. 

2. Адам деген – ардақты ат. 

3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

4. Адам арын ойлайды.

5. Оқу – инемен құдық қазғандай.

6. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.   

7. Адамның сұлулығы – шыншылдығында.

8. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

9. Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

10. Білімдінің қолында алтын шырақ.

Оқушылар «адам, еңбек, білім» сөздеріне қатысты мақал-мәтелдерді өз ұяшықтарына орналастырады.

  1. Үй тапсырмасы

Дәптердегі тапсырма

33-бет 25-сабақтың тапсырмасын орындау. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.

  1. Қорытынды

Ер жетіп, үлкен азамат болып өсіңдер!

Ел сенімін ақтайтын «Нағыз адам» болыңдар!

«Жасыл жайлау» әнін караокеде орындату. Балалар өз бетінше жіберілген өленді айту.

«Жасыл жайлау»























5 мектеп-лидцей














Тақырыбы: «Адам бол»






Дайындаған: Досалина Г.А

Тексерген: Иманкулова Қ.С






















2020-2021жж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2021
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі