400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам болам десеңіз тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы Адам болам десеңіз...
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні


Сынып жетекші


Сыныбы


Қатысқан оқушылар саны:


Тақырыбы

«Адам болам десеңіз...» 

Мақсаты:


Адам бойындағы моральдік, этикалық, мінез – құлық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру;


Кішіпейілділік, әдептілік, көмек беру– адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.


Оқушыларды өз бойындағы қасиеттерді танып білуге, жетілдіруге ұмтылдыру.

Көрнекілігі

Плакат, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, интерактив тақта, қанатты сөздер,

Мазмұны

Жоспары

Ресурстар

Басы

Психологиялық дайындық.

  • Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ.

Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге әуелі жақсы тілектер тілейік. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген.

«Жүректен жүрекке»

Топқа бөлу: «Мен ұсынған сыйлық» әдісі

(гүл күлтелері сыртында топтың аттары жазылып тұрады сол арқылы оқушылар топқа бөлінеді)

1-топ «Еңбек»

2-топ «Қанағат»

«Ой толғау» әдісі (жаңа тәрбие сабағының тақырбын ашу)

«Адам қандай болу керек?» деген тақырыпқа сауалнама жүргізу.
- Мен кіммін?
- Өмірдегі менің мақсатым не?
- Менің бойымдағы өзіме ұнайтын жақсы қасиеттер

- Бойымдағы өзіме ұнамайтын қасиеттер
- Менің достарым көп болуы үшін не істеуім керек?
- Мен қандай болуым керек?

Гүлдер

Сауалнама парақшалары


Ортасы

«Адасқан сөздер» әдісі

Берілген өлең жолындағы сөздерді толықтырып айтып шығады

_______ таппай мақтанба,


Орын таппай _________


Құмарланып шаттанба,
________босқа күлуге.


Бес нәрседен ________ бол,


Бес нәрсеге _________ бол,
____________________.
Тілеуің, ______ алдыңда,
Оған __________жесеңіз.



«Аялдама» әдісі (постер қорғау)

Мақсаты: Абай өлеңіндегі бес асыл, бес дұшпан сөзінің мағынасын түсіну.

Жүргізу тәртібі: Плакатта алдын ала гүлдің ұлпаларына сөздер жазылады, сол сөздердің мағынасын қасына жазады.1 минут өткен соң топтар алмасады постерді өз ойлары арқылы жалғастырады. 1 минуттан кейін өз орындарына келеді.

1-топ «Еңбек»

Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ

2-топ «Қанағат»

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым


«Жедел хат» әдісі

«Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?» ситуациялық жағдаяттар.


1-топ «Еңбек»


- Сені ата-анаң жұмсады. Алдыңнан ең жақын досың, өзінің сәтсіздікке душар болғанын хабарлайды. Сіз не істемексіз, досыңызға көмек беруге ұмтыласыз ба, әлде өз шаруаңызға бет аласыз ба?

- Сабақтың уақыты. Анаң дүкенге жұмсады. Сенің әрекетің.


2-топ «Қанағат»
- Сен «сабаққа дайындаламын» деп кетіп, ал шындығында компьютер клубқа кетіп қалдың. Егер анаң сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?

  • Сабақ уақыты емес, бірақ дос қызың туған

күнге шақырды. Туған күнге барғаныңды сынып жетекшің біліп қалды. Сынып жетекшің сақтық шараларын ұстау керектігін күнде айтып отыр. Сенің әрекетің.


«Шапалақ» әдісі

Мақсаты: оқушылар бүгінгі өткен тәрбие сағатындағы өзіне керекті сөздерді еске түсіреді.

Жүргізу тәртібі: Ұлы тұлғалардың даналық сөздері сыныптың әр қабырғасына ілінеді. Оқушылар кімнің сөзі екенін тауып, автордың суретін қасына апарып іледі. Дұрыс тапқан болса, қолын шапалақтайды.

Суреттер топтамасы:

  1. Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі. (Әл-Фараби)

  2. «Жақсы ........... - сүйеніш, жаман ........ - күйініш» (бала)

  3. Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ана, адал құрбы, жақсы ұстаздан болады.

(А.Құнанбайұлы)

  1. Ұл тәрбиелей отырып, халықты

тәрбиелейміз,

Қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз

(М.Әуезов)

5. Тәртіпке бас иген құл болмайды,

Тәртіпсіз ел болмайды

(Б. Момышұлы)

6. Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!

Жуынып киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана әлдеқашан

Қарап тұр терезеден күн жылтырап

(А.Байтұрсынұлы)


Интерактивті тақта

Слайд





















Плакат







































Соңы

Міне, балалар, бойымызда әрқашан үнемі болатын «Асыл қасиеттермен» бірлесіп ой бөлістік. Ендеше, әрқашанда жадыларыңызда үнемі бірге жүру үшін, сендерге кішкентай да болса көмек болсын деген мақсатпен сіздерге «Жадынама» таратқым келіп отыр. Осы қасиеттер өн бойларыңызда болады деп ойлаймын.

«Адам болам десеңіз...»

Балаларға арналған жадынама

1.Балалар, естеріңде сақтаңдар!

- Жұрттың бәрімен, әсіресе қартаң адамдармен қай жерде, қай уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын десең, өзгелердің де саушылығын сұрап амандас.

- Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты сүй.

- Өз бойыңдағы сараңдықты, жалқаулықты, екіжүзділікті, менмендікті, пайдакүнем есепшілдікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы өзің әділетсіз сөз айтпа, біреудің ғайбат сөзіне сене салма.

- Ой мен істі бір-бірінен бөліп қарама. Оқығаның жақсы-ақ, бірақ ең бастысы – іс қылу керек.

- Қарапайым бол!

- Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланба.

- Егер, сіз дұрыс жасамасаңыз, кемшілігіңізді тез түзетуге тырысыңыз. Жақсылыққа апарар жолға бастаңыз.

- Сәтсіздіктеріңізді емес, қуанышты күндеріңізді жиі еске түсіріңіз.

- Өзге адамдардың ой-пікірі мен талап-тілегіне түсіністікпен қараңыз.

Интерактивті тақта

Слайд, бүктеме тарату.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
131
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі