Материалдар / Адам болу - арманым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам болу - арманым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатынан бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
672
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Адам болу - арманым


Мақсаты:

Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.

Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.

Жалпы адамзаттық құндылықтармен сусындаған азамат тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар: глобус, күн шуағы, кесте, түсті қағаздар.


Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, әңгімелеу, ойын әдісі


Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Негізгі бөлім.

1.Ой қозғау.

Барлығымыз мына сұрақтарға жауап берейік.

- Балалар, біз кімбіз?

- Адамбыз.

- Адамды қоршаған орта қалай аталады?

- Табиғат

( глобусты көрсетемін)

- Балалар, менің қолымдағы зат қалай аталады?

- Глобус

- Дұрыс айтасыңдар. Глобус - жердің кішірейтілген дәл үлгісі. Ал осы глобустан не көріп тұрмыз? Атайық.

- Күн, ай, жұлдыздар, адамдар, құстар, жануарлар, сулар, т.б

- Дұрыс айтасыңдар. Осылардың ішінде адамның, біз атаған табиғат иелерінен ерекшелігі неде?

- Аң мен адамды салыстыра отырып, адамның басқа тіршілік иелерінен басты айырмашылығын атайық.DrawObject1

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса, адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адамды адам ететін оның бойындағы жақсы қасиеттері.

Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы саналы өмір сүруімен, өз өмірін, тіпті әлемді дүр сілкіндіретін күш-қуаттың, ақылдың адам қолында болуымен ерекшеленеді.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Адам болу – арманым » деп аталады. Бұл сабақта адам құндылығының маңызы, адамның адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелесеміз.


2.Танымдық әңгіме.

- Балалар, кім бізге Абай Құнанбаев атамыздың « Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып береді. 1 оқушы жатқа айтады.

-Енді барлығымыз бері қарап, мені мұқият тыңдалық.

- Өлеңнен не түсіндіңдер?

- Адам болу, оған жетуге ұмтылдыратын бес нәрсе деп нені айтады?

- Неден аулақ бол дейді?

Сызбаны көрсетіп түсіндіру.

Бес асыл іс

Бес дұшпан

Талап, еңбек, терең ой,


қанағат, рақым

Өсек, өтірік, мақтаншақ,


еріншек, бекер мал шашпақ


Топпен жұмыс

- Балалар, адам бойындағы тағы да қандай жағымды, жағымсыз қасиеттерді білеміз? Сол білетінімізді қазір мына қағазға жазайық.

(кестені толтыру)


Ақ тізім

Қара тізім

Еңбекқор, шыншыл, әдепті, ұқыпты,


қамқор, көпшіл

әдепсіз, өтірікші, еріншек, салақ,


мақтаншақ, тентек.


Ақ тізімге жақсы қасиеттерді, ал қара тізімге жаман қасиеттерді әр оқушы бір-бір сөзден жазып шығады. Соңында екі оқушыға оқытамын.


Адамның ең жаманы – талапсыз

( Бұл нақыл сөз Абайдың 44-ші қара сөзінен алынды.)


- Мына сөзге назар аударайық. Өлеңде айтқандай, адам талаптанбаса, яғни бір нәрсеге ұмтылмаса, білуге құштарланбаса, алдына қойған мақсатына жетуге талпынбаса, өмірден бос қалады. Сондықтан да талап қылып, қолдан келгенше соған жетуге ұмтылу керек екен.

3.Ойын: « Мен адаммын »

- Қазір ойын ойнайық. Ойынның шарты: Барлығың «Мен адаммын», өйткені...деп адамның ерекше қасиеттерін айтып шығасыңдар. Ойымызды жинақтап, шеңбер бойымен айтамыз.

- Мен адаммын, өйткені сөйлей аламын.

- Мен адаммын, өйткені ақылдымын.

- Мен адаммын, өйткені үлкенді сыйлаймын,

- Мен адаммын, өйткені ойлай аламын, т.б.


4.Мақал – мәтелдер айтайық.

-Балалар, Абай атамыз айтқандай, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер? Ойланып көрелік. Кәне, кім айтады?

- Өтірік сөз өрге баспас.

- Еріншектің ертеңі таусылмас.

- Жалқаудың жаны тәтті.т.б.


5.Ойын: « Мен қандай баламын? »

Шарты: Оқушыларға сары түсті қағаздар таратылады. Оқушылар осы қағаздан күннің шуақтарын қиып алып, өзінің киған «шуағына» әр бала өз бойындағы жақсы қасиеттердің бірін жазып, «шуақты» тақтаға кезекпен іледі. Ал мұғалім күннің ортасын, яғни дөңгелегін өзі қиып, ортасына «мен» деп жазып, тақтаға іледі. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.

- Балалар, қараңдаршы, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де осы күн сияқты айналамыздағы адамдарға жылылық сыйлап, жақсы жақтарымызбен көрініп жүрейік.


6. «Бес тапсырма».

-Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызда адамның адамгершілік қасиеттері туралы, адам деген ардақты атқа лайық болу үшін қандай болу керектігі жөнінде әңгімелестік.

- Енді осыларды қорыта келе « Бүгінге бес тапсырма » алайық. Ортамыздан бес оқушы тұрып, « дәл бүгіннен бастап, мен әдепті боламын » деген сияқты өзіне тапсырма алады. Кәне, кім бастайды?

Дәл бүгіннен бастап, мен тәртіпті боламын.

Дәл бүгіннен бастап, мен өтірік айтпаймын.

Дәл бүгіннен бастап, мен шыншыл боламын.

Дәл бүгіннен бастап, мен айтқанды тыңдаймын.

Дәл бүгіннен бастап, мен үлкенді сыйлаймын.


6.Қорытындылау. Жүректен жүрекке

- Барлығымыз орнымыздан тұрып, шеңбер құрайық.

(Оқушылар шеңберге тұрады.)

- Мына жүректі бір-бірімізге жалғастыра отырып, табиғат заттарымен байланыстыра жақсы тілегімізді айтайық.

( балалар бір-біріне тілектерін айтады. )

Күндей жарық бол!

Судай мөлдір бол!

Бұлақтай таза бол!

Сүттей ақ бол!

Құмырсқадай еңбекқор бол!

Таудай талапты бол!

Күн нұрындай мейірімді бол!

Жердей кең пейілді бол!

Жаздай жайдарлы бол!








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!