Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Адам экожүйенің бір бөлігі
Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Адамның тікелей экологияға қатысы бар екндігін оқушыларға түсіндіру мақсатында пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
22 Желтоқсан 2018
647
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тексерілді:_______ «____»09.2018жыл | ||
Сабақтың тақырыбы: Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор.Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері. | Мұғалімнің аты-жөні: Кундакбаева А.С | |
СЫНЫП: Күні: | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
7 «А» | ||
7 «Б» | ||
7 «В» | ||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 7.3.2.1 - адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау7.3.2.2 - экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің салаларына мысалдар келтіру | |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.«Экожүйе», «биосфера», «экология», «агроценоз» деген терминдердің мәнін ұғынады, тақырып мазмұнын түсінеді.Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.Өзі өмір сүретін өңірге тән экологиялық проблемаларды талдай алады.Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Орталық цилиндр құрылысы мен тамырдың өткізгіш қызметінің арасындағы өзара байланысты анықтай алады. Адамзат экологиялық қауіпті іс-әрекетінің тізімін жасай алады, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. | |
Бағалау критерийі | Адамзат экологиялық қауіпті іс-әрекетінің тізімін жасайды.«Экожүйе», «биосфера», «экология», «агроценоз» деген терминдердің мәнін түсінеді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |
Тілдік құзіреттілік | Экологиялық апаттар, қару-жарақты сынау, адамзаттың әсері. | |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | |
Пәнаралық байланыс | экология. | |
Алдыңғы оқу | Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор.Адам әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері. | |
Сабақтың жоспары | ||
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Басталуы5 минут | Ұйымдастыру кезеңі 2 минутТоптарға бөлу.Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.Оқушыларға буын қиындыларын беремін. Буын қиындыларын құрастырғанда «экожүйе», «биосфера», «экология»деген сөздер шығуы керек. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут«Сәлемдесу» жаттығуыМақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;Жаттығу барысы:Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» қолдарын көтереді. | 1-топ: Экожүйе 2-топ: биосфера3-топ: экология Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады. |
Жаңа білім10 минут | Білу және түсінуБерілген мәтіндерді балалар оқып алады.Адам іс-әрекетінің экожүйеге кері әсері. Адам іс-әрекетінің табиғиэкожүйеге кері әсері орасан зор.Ол үнемі арта түсуде. «Адамзат өзіс-әрекетінің салдарынан туындаған күрделі өзгерістерден жойылып кетпей ме?» деген сұрақ туады. Адамзат іс-әрекетінің экожүйеге едәуір күшті әсер ететін салаларын қарастырайық. Өнеркәсіптік өндіріс, бірінші кезекте, қоршаған ортаға көп мөлшерде түсетін зиянды шығарындыларымен байланысты. Қандай да бір өнеркәсіптік материалды алу үшін адам табиғаттан кен, мұнай, көмір сияқты басқа да заттарды алады. Ал пайдаланып болған соң олар химиялық өзгерген күйінде қалдықтар түрінде табиғатқа қайтарылады Өсімдіктер де, жануарлар да бұл қалдықтарды тірі ағзаларға зиянды емес заттарға айналдыра алмайды.Пайдалы қазбаларды қазып алу және тасымалдау қоршаған ортаға зиянды әсер етеді. Ашық әдіспен алу (өндіру) кезінде үлкен аумақта құнарлы топырақ қабаты толығымен жойылады . Шахталық әдіспен өндіру кезінде жерде алып бос жерлер түзіледі де, кейін олар бұзылуға әсер етеді. Мұнайды тасымалдаған кезде апат болса (мысалы, мұнай төгілсе) қоршаған орта ластанады.Ауылшаруашылығы табиғи экожүйе өсімдіктері мен жануарларын үй жануарларымен және мәдени дақылдармен алмастырып, оларды толық жойылып кетуден қорғайды.Сонымен қатар ауылшаруашылығының дамуымен табиғи экожүйе (агроценоз) ауданы артып, сәйкесінше, табиғи экожүйе ауданы қысқарады. Ауылшаруашылығында табиғи ресурстарды тиімсіз пай-далану қайтымсыз салдарға апарып соғуы мүмкін. Арал трагедиясы тәуелсіз Қазақстан үшін нағыз экологиялық апат болды Тура (тікелей) пайдалану – биологиялық ресурстарды жою өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуына себеп болды.Өндіріс сияқты ауылшаруашылығы да экожүйеге және жалпы қоршаған ортаға кері әсер етеді. Бірақ қазіргі заманғы ауылшаруа шылығынсыз адамзат санының көбейе алмайтынын ұмытпаған жөн.«Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.) | Оқулық.Кеспе мәтіндер. Микрафон |
Ортасы10 минут | ҚолдануТВ шоу(Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Әр топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады. Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.)1-топ: Экожүйе Қала және ауыл экожүйелеріне заманауи адамзаттың зиянды шаруашылық іс-әрекеті қандай қауіп тудыратынын анықтаңдар.2-топ: биосфераӨсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің адамның іс-әрекетінен жойылғанын дәлелдеңдер.3-топ: экологияСендер тұратын өңірге тән экологиялық проблемаларды атаңдар. Талдау Ортақ тапсырма: «Стоп-кадр» әдісі(Суреттер беріледі. Оқушылар суреттерді сөйлетеді. )Адамзат іс-әрекетінің экожүйеге кері әсерін азайтуға бағытталған Қазақстандағы бірқатар шараларды ойланып, суреттерді сөйлету. | Дәлелдер мен айғақтар жинайды. Ортаға шығып айтып береді. Оқулықтағы мәтінді оқып алады.Суреттер. |
Сергіту сәті2 минут | ||
Аяқталуы Сабақты бекіту10 минут | СинтезТоптық тапсырмаАдам іс-әрекетінен едәуір зардап шеккен экожүйе құрамбөліктерін жүйелеңдер,осындай зардап болмас үшін не істеу керек. Жазған мәліметтеріңмен бөлісіңдер. | Ақ бет |
Бағалау 5 минут Кері байланыс3 минут | Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл. Рефлексия«Бір ауыз сөз»Оқушылар стикерге сабақ туралы бір ауыз сөз жазып, оны тақтаға жапсырады.Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады. (Ұнады,қажет,пайдалы, білдім, үйрендім,қызықты, ұмтылдым,есте сақтадым) | Бағалау парақшасы Түрлі –түсті стикерлер |
Үйге тапсырма | 1,2 сызбаны сызу және толтыру. Саяхатшы табиғат аясында қандай ережені сақтау керек? жазу |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)