"Адам экологиясы"

Тақырып бойынша 30 материал табылды

"Адам экологиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА БИОЛОГИЯ ПӘНІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторлық бағдарлама

«Адам экологиясы»

Picture 1

Түсінік хат

Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Салауатты өмір салтын ұстау денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Адам экологиясы бағдарламасының негізгі мақсаты қоршаған ортамен денсаулықтың байланысы мен маңызын оқушыларға түсіндіру болып табылады. 

Адам экологиясы дегеніміз – ауыл, елді пунктер, село, қала тұрғындары мен жер жүзінің халықтарының қарым-қатынастарын сандық және сапалық құрылымын зерттеу, реттеу көпшілікке экология саласынан білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральді парасаттандыру адамзат баласының экологиялық құқық қорғау және этноэкологиялық проблемеларды жан-жақты қарастырады. Дүниежүзілік халықтардың экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердің барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы.

Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктердің ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ-дың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі, адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелетіндігі анықталды. Адам – табиғатының туындысы, онсыз өмір сүре алмайды.

Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХ ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Еліміздің білім беру жүйесінде бүгінгі күннің талабына сай оқытудың жаңа мазмұндағы үрдістері дүниеге келді. Дүниежүзілік тәжірибелер  негізінде білім беруді қайта құру міндеті алға қойылды.

Білім беру жүйесіндегі жаңа өзгерістер білім бағыттарын ізгілендіру мен оны теориялық – әдістемелік тұрғыда тереңдетуді көздейді. Сондай-ақ ұрпақтардың білімі мен біліктілігі туған елінің көкейкесті проблемалары мен саяси–әлеуметтік жағдайларын жақсарту және қолдау көрсетудегі жауапкершілігін сезіндіруі тиіс. Сонымен қатар, жас ұрпақты туған өлкесінің табиғатын қорғау мен экологиялық проблемаларын шешуге жұмылдыру қажет.

Осы орайда экология ғылымы бүгінгі таңда халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық деңгейдегі мәселелерді зерттейтін кешенді ғылымға айналды.

Осы жағдайлардың барлығы жалпы білім беретін оқу орындарында экология пәнін енгізудің қажеттігін дәлелдейді.

Республикамызда білім беруді оңтайландыру процестері қолға алынуда. Осыған орай оқушыларға мектеп қабырғасында экологиялық білім берудің ең ұтымды әрі экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздеу міндеті тұр.

  Бағдарламаның мақсаты–бізді қоршап тұрған табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін кеңейту. Беріліп отырған материалдың алуан түрлілігі оқушының танымдық қабілетін белсендіріп, биология сабағына қызығушылығын арттырады. Сондықтан, бұл бағдарлама оқушылардың алған теориялық білімдерін одан әрі дамытып, ізденімпаздық дағдысын қалыптастыруға арналған. Оқушылардың қоршаған ортаны, табиғатты, өсімдіктер әлемі мен жануарлар әлемін ұғынуға, өзінің туған жерін, Отанын танып білуге бағыт-бағдар беру арқылы танымдық қабілеттерін жетілдіреді.

Бағдарламаның мақсаты:

  • Оқушыларға айнала қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру.

  • Оқушыларға қоршаған ортаның бір–бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру

  • Оқушыларда алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік сезімдерін дамыту.

  • Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу, қосымша пәндерді оқып- үйренуге негізгі біліктіліктермен қаруландыру.

  • Оқушыны өз пікірі бар, құзыретті тұлға ретінде бағыттап тәрбиелеу.

  • Оқушыға сенімділік білдіру, пәнге деген қызығуларын арттыру, жеке шығармашылық деңгейін көтеру.

Бағдарламаны оқу төмендегі міндеттерді шешуге жол ашады:

  • Оқушылардың ойлау мен танымдық қызметі, түсініктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Ауызша, жазбаша әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Оқулық арқылы тіл мәдениетін, сөздік қорын, дүниетанымын молайту.

  • Адамның табиғаттағы орнын ажырата білулері тиіс

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

  • Адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен, тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатыны, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой-өрістері дамиды.

  • Оқушылар оқу материалын негізге ала отырып, көрген – білгенін көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шешен сөйлеуге жаттығады. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.

  • Оқушылардың өзіндік ізденісі нәтижесіндегі күнделікті өмірдегі оқиғаларды және фактілерді түсінуі арқылы танымдық қызығушылығы дамиды, зерттеу, тұжырым жасау дағдылары қалыптасады және назар аудару, елестету,есте сақтаулары арта түседі.

Пәнаралық байланыс: Тарих, өзін – өзі тану, биология, география
Курсты ұйымдастыру формасы: Іздену, есептеу, пікір алмасу, топпен жұмыс, танымжорық, зерттеу жұмысы әдістерін пайдалану.
Курсты қорытындылау формасы: Өз тұжырымдары, есептеулері, ізденістерін презентациялау, тест, реферат қорғау, сайыс түрінде. 

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

  • Рефлексия. Өз - өздерін бағалау, сайыс, тест.

Бағдарлама мазмұны

Аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Адам және қоршаған орта туралы түсінік

1

2

Экология ғылымы және оған үлес қосқан ғалымдар

1

3

Дүниежүзіндегі экологиялық проблеманың туындау себебі, экологиялық дағдарыс

1

4

Қазақстанның экологиялық проблемелары

1

5

Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясының оқытудың актуальдылығы

1

6

Адамға пайдалы және зиянды заттар.

1

7

Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және

қолайсыз аудандар

1

8

Апатты табиғат құбылыстарының адамға тигізетін әсері олармен күресуі

1

9

Биосфера-жердің тіршілік қабаты

1

10

Өсімдік – жер шарының өкпесі

1

11

Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау

1

12

Дәрілік өсімдіктер

1

13

Жемістер мен көкөністер

1

14

Қазақстандағы эндемик өсімдіктер

1

15

Жануарлар әлемі

1

16

Қазақстандағы қорықтар

1

17

Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар

1

18

Қорықтар- табиғат қорғаны

1

19

Табиғатты тиімді пайдалану

1

20

Табиғаттағы тепе-теңдік туралы ұғым

1

21

Өсімдіктер мен жануарларды қорғау саласындағы өзекті мәселелер

1

22

Судың адам денсаулығындағы маңызы. Сусындар мен шырындарды дұрыс дайындау

1

23

Дәрілік өсімдіктерді қолдану және емдік тамақтану

1

24

Қоршаған ортадағы қоқыс мәселесі

1

25

Өндірістік, ауыл шаруашылығының қалдықтары және тұрмыстық қоқыстар

1

26

Қоқыстарды тазалаудың маңызы

1

27

Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың тигізетін зиянды әсері

1

28

Қоршаған ортаның радиоактивтік және таксикологиялық улануы

1

29-30

Өнеркәсіп орындары, транспорт түрлерінің, тұрмыстағы кейбір жағдайларының қала атмосферасына әсері.

1

31

Экологиялық проблемаларды оң шешу елімізге сын

1

32

«Жас биолог» сайысы

1

33

Салауатты өмір салтын сақтаймыз! (пікір алмасу)

1

34

Жобалық іс -әрекет

1

Барлығы 34 сағат

Сабақ жоспарлары

Тақырыбы: Адам және қоршаған орта туралы түсінік

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру. Өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және қорғау қарым-қатынасын қалыптастыру. Күн және ауа тіршілік иелерінің өмір нәрі екені жөнінде мәлімет беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: қоршаған орта не екенін біледі

Оқушылардың көпшілігі:адам және табиғат туралы өз ойларын айта алады

Оқушылардың кейбірі: қоршаған ортада салыстыру зерттеу жұмыстарын жүргізе алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздығ қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жер – Ана мен өз анаң егіз екен,

Мейірімдері мейлінше теңіз екен!

Анам туды – Жер – Ана жетілдірді ,

Осыны өзім өмірде негіз етем!-деп бүгінгі жаңа сабғымызды белгілі ақынымыз Ә.Тәжібаев ағамыздың жыр жолдарымен бастайық.

Ортасы

Ендеше, балалар, мына сұрақтарға жауап беріңіздер: балыққа не қажет деп ойлайсыңдар? – Су

Құсқа не қажет ? - Ауа.

Аңға не қажет? – Орман-тоғай.

Ал, адамға не қажет? – ОТАН! ТАБИҒАТ! ЖЕР – АНА!

Яғни, балалар, балыққа - су, құсқа - ауа, аңға-орман - тоғай қажет болса, адам баласы үшін шынында да ОТАН! ТАБИҒАТ! ЖЕР – АНА! деген ұғым сондай қажет екен.

«Табиғат» деген ұғымның аясы кең«Табиғат» сөзінің аясын кеңейтуге, мағынасын тереңдетуге, қасиетін арттыруға қазақ ақындарының қосып жатқан үлесі де өте зор, олай болса, табиғат пен Жер Ана тақырыбына байланысты ақындарымыздың өлең-жырларын іздестіріп, жаттауға берілген, сондықтан сөз кезегін өздеріңізге беремін. Кім өз еркімен айтқысы келеді?

  1. оқушы:

  2. оқушы.

  3. оқушы:

  4. оқушы.

  5. оқушы

Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да, қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер екен. Мәтінмен таныспас бұрын мына тірек сызбаға көңіл аудара отырып, сұраққа жауап берейік

Қоршаған ортаға не жатады?

І. Енді сабағымызды әрі қарай жалғастыра отырып, тақырып бойынша мәтінмен танысайық. Мәтінді үнтаспа арқылы тыңдау. Мәтінді үнтаспа арқылы тыңдау.

  • Бірнеше топ арқылы мәтінді оқу.

  • Сөздікпен жұмыс (сөздік диктанты, буынды қайталау)

  • Мәтін бойынша өзара сұқпаттасу.

Бізді қоршаған орта

Бүгінгі күні адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді. Адам табиғаттың бір бөлшегі. Табиғат, Жер-Ана, Отан, туған жер, атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір—бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер. Адам Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық борышы. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны аялау, және оны қорғау қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірі мен келешегі үшін маңызы орасан зор. Қоршаған ортаны сақтау үшін өндіріс орындарында жоғары сапалы тазартқыш қондырғылар орнатылу керек. Суды үнемді, тиімді пайдалану керек және су көздерін сақтау керек. Қазба байлықтары да орны толмас табиғат ресурстарына жатады. Өсімдіктер, соның ішінде, орман – орны толмас табиғат байлықтарының бірі.Оларды да тиімді пайдалану қажет. Адамдар жануарлар әлеміне де көп көңіл бөлуге тиіс. Табиғтсыз өмір жоқ. Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатқа жасаған зиян- өзімізге жасаған қастандық. Мысалы, 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты- саны азайып бара жатқан, аң құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып , арнайы кітапқа тіркеу.Бұл кітап «Қызыл кітап» деп аталады. Оның қызыл және сары парақтары болады. Қызыл парағына құрып бара жатқан, ал, сары парағына азайып бара жатқан аң, құстар, өсімдіктер тіркеледі.

Сөз салатынан сөйлем құрастырайық.

 (жазба жұмысы)

  1. пайдалану үнемді, суды тиімді керек және керек көздерін су сақтау.

  2. зиян жасаған табиғатқа - жасаған қастандық.өзімізге

Тестік тапсырма

1.Табиғатты адамдар ... ... 2. Табиғатқа деген жауапкершілікті ... ....

а) қорғауы керек, а) түсінуіміз;

ә) күтпейді, ә) қарамауымыз

б) қажет етеді б) күтуіміз

3.Табиғат адамдардан қамқорлық ... . 4. Табиғтсыз ... жоқ а) талап етпейді, а) жақсылық ә) күтеді, ә) өмір б) қажет етпейді б) жамандық

Төмендегі тіркестерді жалғастырып, ой қорытыңыздар

1. Табиғатты қорғау;

2. Дүниежүзілік мәселеге айналды;

3. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану;

4. Бәрі ластанған;

5. Қондырғылар орнатылу керек;

6. Тиімді пайдалану қажет;

Енді, балалар, болса табиғатқа байланысты ежелден келе жатқан ата бабаларымыздыңырым, тиым, дана сөздеріне де көңіл аударайық.(тірек сызбаман жұмыс жазбаша жұмыс)

  1. Суға түкірме.

  2. Жас талды кеспе.

  3. Ұяны бұзба.

  4. Аққуды атпа.

  5. Құмырсқаның илеуін бұзба

Соңы

Қорытындылау:

Сонымен, балалар,сабағымызды қорытындылай келгенде, бүгінгі таңда 1. Қандай мәселе маңызды, өзекті болып отыр? 2. Табиғатқа жақын болу керек дегенді қалай түсінесіздер? 3. Аясы кең, мағынасы терең аялы да саялы табиғатымызды қалай қорғап, аялап

жүрміз? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, мына кестені толтырайық.

Білдім

Білемін

Білгім келеді

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Экология ғылымы және оған үлес қосқан ғалымдар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Экология ғылымының қалыптасуының 3 кезеңін түсіндіру, табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру; Оқушылардың танымдық, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға, оған қамқорлық жасауға, оны сақтап, көркейту үшін үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: табиғат құбылыстарын таниды

Оқушылардың көпшілігі:табиғи құбылыстарды ажырата алады

Оқушылардың кейбірі: талдау жұмыстарын жүргізе алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздағы қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жер – Ана мен өз анаң егіз екен,

Мейірімдері мейлінше теңіз екен!

Анам туды – Жер – Ана жетілдірді ,

Осыны өзім өмірде негіз етем!-деп бүгінгі жаңа сабғымызды белгілі ақынымыз Ә.Тәжібаев ағамыздың жыр жолдарымен бастайық.

Ортасы

Жоспары

1 Бірінші кезең

2 Екінші кезең

3 Үшінші кезең

4 Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары

Экология ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.

Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезеңадамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Алғашқы экологиялық түсініктерұғымдар ментұжырымдар

кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз — суда, құлан— қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал"Жылқының жауы — бөгелекжыланның жауы — дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.

Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника жәнезоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.

Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің(б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.

Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865—925 жж.), Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980—1037 жж.) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.

Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т.б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.

Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің(1632—1723 жж.) микроскопты жасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628—1705 жж.) "Өсімдіктер тарихы" деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті шведғалымы Карл Линней (1707—1778 жж.) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707—1788 жж.) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды. Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710—1784 жж.) су жануарларының тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты. Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин (1731—1802 жж.) "Табиғат ордасы" және т.б. еңбектерінде организмдер арасындағы өзара тығыз байланыстар болатынын поэмалық толғау ретінде жазды. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744—1829 жж.) орта жағдайларының өсімдіктер мен жануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.

Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П.С.Паллас (1741—181 Іжж.), И.И. Лепехин (1740—1802 жж.), И.Г.Гмелин(1709—1755 жж.), С.П. Крашенинников (1711—1755 ЖЖ<) және т.б. үлкен үлес қосты.

Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769—1859 жж.) дүние жүзінің көптеген аймақтарына жасаған саяхаттарында жинаган материалдарының негізінде "Өсімдіктер географиясы туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде табиғаттағы барлық организмдердің біртұтастығын және олардың орта жағдайлармен тығыз байланыстылығын ғылыми тұрғыда нақты атап көрсетті.

XVII—XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж.Ламарк, Т.Мальтус және т.б.) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше ескертті.

Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.), Н.А.Северцов(1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.

К.Ф.Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.

Н.А.Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың,құстардыңқосмекенділер мен жорғалаушылардыңтіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды.

Топырақтану ғылымының негізін салғанВ.В.Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.

Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809—1882 жж.) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.

Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.

XX ғасырдың 30—40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871—1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымы В.Н.Сукачев (1880—1967 жж.) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді.

Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.

Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану жәнеқоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.

Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары

Қазіргі жалпы экология ғылымы организмдерді тіршілік деңгейлеріне сәйкес жеке салаларға бөліп зерттеуге ерекше мән береді. Мысалы, жеке дараларды — аутэкологияпопуляцияларды — демэкология, табиғи бірлестіктерді — синэкология, ал биосфераны — ғаламдық экология ғылымдары зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі бағыттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Мұның бәрі де жалпы экология ғылымына берілетін анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері арқылы оның дамуына зор үлестерін қосуда.

Қазіргі жалпы экология ғылымының зерттеу бағыттары, негізінен, биоэкологияның іргелі заңдылықтарына сүйенеді.

1. Биоэкология ғылымы тірі организмдердің жекеленген ірі жүйелік топтары — микроорганизмдердісаңырауқұлақтардыңөсімдіктерді және жануарларды зерттеуге басты назар аударады.

2. Биоэкология жеке табиғи белдемдер экожүйелеріндегі организмдер мен орта жағдайларының өзара байланыстарын зерттеуге байланысты арктика және тундра экологиясы, орман экологиясы, дала экологиясы, шөл экологиясы, тay экологиясы және т.б. да көптеген салаларға бөлінеді.

3. "Адам және табиғат" жүйесі бойынша табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты экологиялық зерттеулер көптеген бағыттар мен салаларға бөлінеді. Мысалы, тарихи экология, адам экологиясы, қала экологиясы, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы және т.б.

Қорыта айтқанда, казіргі экология ғылымы жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың барлық салаларымен тығыз байланысқан кешенді ғылым. Сонымен бірге қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі ғалымдары экологиялық зерттеулерге ерекше мән береді.

Соңы

Қорытындылау:

Сонымен,балалар,сабағымызды қорытындылай келгенде, бүгінгі таңда

1. Қандай мәселе маңызды, өзекті болып отыр?

2. Табиғатқа жақын болу керек дегенді қалай түсінесіздер?

3. Аясы кең, мағынасы терең аялы да саялы табиғатымызды қалай қорғап, аялап жүрміз?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, мына кестені толтырайық.

Білдім

Білемін

Білгім келеді

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Дүниежүзіндегі экологиялық проблеманың туындау себебі, экологиялық дағдарыс

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушыларға ғаламдық проблемалар және олардың пайда болу себептері туралы түсінік қалыптастыру; Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: экологиялық проблема не екенін біледі

Оқушылардың көпшілігі: кескін картамен жұмыс жасай алады

Оқушылардың кейбірі: саралау жұмыстарын жүргізе алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздағы қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

Алдын-ала даярланған 6 түрлі ғаламдық өзгерістер жиынтығын құрастыру арқылы топтарға жайғастырылады. Топ басшылары, бағалаушылар сайланады.

1 топ. Бейбітшілік сақтау проблемасы

2 топ.Ғаламдық экологиялық проблемасы

3 топ.Энергетика және шикізат проблемасы

4 топ .Дамушы елдердегі ғаламдық проблемалар

5 топ.Дүниежүзілік мұхит проблемасы

    Географиялық диктант.

Біз өмір сүріп отырған ғаламшар … . Қоршаған орта туралы ғылым … деп аталады. Жер ғаламшарының  тіршілік тараған аймағы … .Жердің су қабығы … . Халықтың саны құрылысы, өсуі туралы зерттейтін ғылым … .

    Тірек материалдар

«Миға шабуыл» стратегиясы

1.Біз қандай ғаламшарда өмір сүрудеміз? (Жер)

2.Видео арқылы өтілетін тақырыпты ашып алу.

Оқушылардың сұрақтар қою арқылы ой-пікірлерін білу.

Мағынаны тану. «Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы

Оқушылар өздеріне бөлінген тақырыптар бойынша постерлерге өз ойларын түсіріп, қорғайды.

Тапсырмалар.

1 тапсырма. Графикалық диктант. Оқушылар иә,жоқ жауаптарын беру арқылы график сызу.

  1. Ғаламдық проблемалар деп бүкіл дүниежүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды атайды. (иә)

  2. Ғаламдық проблемаларға дауылдың соғуы, күннің бұлттануы, табиғат байлықтарының пайда болуы жатады.         (жоқ)

     3.Табиғи ортаның ластануы, озон қабатының жұқаруы, ормандар аумағының қысқаруы экологиялық проблемаға жатады.         (иә)

  1. Жер шарындағы халықтың өсуі, өндірістің қарқынды дамуы пайдалы қазбаларға деген сұранысты жылдан –жылға кеміту үстінде. (жоқ)

  1. Дамушы елдердегі адам санының өсуі өңделетін жер көлемінің азаюына және азық – түлік тапшылығына себепші болады. (иә).

  1. Мұхит суының ластануы және оның биологиялық өнімділігінің төмендеуі ғаламдық проблемаға жатпайды. (жоқ)

 № 2 тапсырма. Берілген сөздердің орнын табу:

  1. Қ Ы Ғ А М Л А Д Е П Р О А Л М Л Б А Р (ғаламдық проблемалар)

  2. Б Т Ш Е І Т І Л Б Й І К І Т С Қ А У А (бейбітшілікті сақтау)

  3. К Я О Л Э О Г И (экология)

  4. Н М А Й Ұ ( мұнай)

  5. Қ Х Л А Ы (халық)

  6. Т М Х Ұ И (мұхит)

  7. Ы А Қ З – Т І Л Ү К (азық – түлік)

  8. З О Н О Қ Т Б А Ы А (озон қабаты)

  9. М О Р Н А ( орман)

  10. О Е Р И С Б Ф А (биосфера)

3 тапсырма. Сәйкестендіру:

Бүкіл дүниежүзін, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және   өзінің шешілуіне бірігіп күш           жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды атайды.

1.Ғаламдық проблемалар

1.Қоғам мен табиғаттың қарым – қатынасының

2.Экологиялық проблема

Айналадағы ортаны сақтаудың проблемасы.

Мұнайдың, табиғи газ бен отын қорының шектеулігі 3.Шикізат проблемасы

Соғысқа жол бермеу, ядролық қарудан бас тарту, 4.Бейбітшілікті сақтау проблемасы

Әскери шығындарды болдырмау проблемасы

Мұнай өндіру, оны тасымалдау, судың ластануы,

5.Мұхит проблемасы.

6. Биологиялық өнімнің төмендеуі

Әрқайсысын талдап, мысалдар келтіру.

Соңы

Қорытындылау: рефлексия

Үйге тапсырма беру. «Ғаламдық өзгерістер» тақырыбында презентация дайындау.

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемелары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушыларды Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалармен таныстыру;
Экологиялық проблемалардың пайда болуына антропогендік факторлардың әсері бар екеніне мысалдар келтіріп, экологиялық мәліметтерге оқушылардың назарын аудару;
Оқушылардың экологиялық көзқарастарын, табиғатқа жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру;
Ізденіс жұмыстарын дамыту, әртүрлі деректермен жұмыс істеуге өз ойын тұжырымдай білуге үйрету; экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәліметтер жинақтай алады

Оқушылардың көпшілігі: деректермен жұмыс істей алады

Оқушылардың кейбірі: талдау жұмыстарын жүргізе алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздығ қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

Қызығушылықты ояту

Тест:
1.Биология ғылымына алғаш рет «түр» деген ұғымды енгізді:
А)К.Линней В)Д.Рей С)Ж.Бюффон Д)Ж.Ламарк Е)Э.Геккель
2.Топырақтану ғылымының негізін салған:
А)В.Докучаев В)Н.Северцов С)Ч.Дарвин Д)Э.Геккель Е)А.Тенсли
3.Экология ғылымының негізін салған ғалым:
А)К.Линней В)Д.Рей С)Ж.Бюффон Д)Ж.Ламарк Е)Э.Геккель
4. Биология ғылымына алғаш рет «экожүйе» деген ұғымды енгізді:
А)В.Сукачев В)В.Вернадский С)А.Тенсли Д)Б.Комманер Е)Э.Дарвин
5.Биогеоценоз ұғымына толық түсініктемелер берді.А)В.Сукачев В)В.Вернадский С)А.Тенсли Д)Б.Комманер Е)Э.Дарвин
1. Даталарды сөйлету.
1859ж(Ч.Дарвин «Түрлердің пайда болуы»
1866ж(Экология деген термин ғылымға енгізді)
1935ж(экожүйе)
1940ж биогеоценоз
1972(Стокгольмде, қоршаған ортаны қорғау туралы конфереция)

2. Сәйкестеңдір

1 3 Ақсу Жабағылы 1926 Оңтүстік Қазақстан
2 2 Алматы 1931 Алматы обл
3 6 Барсакелмес 1939 Қызылорда обл
4 9 Наурызым 1959 Қостанай обл
5 5 Қорғалжын 1968 Ақмола обл
6 7 Марқакөл 1976 Шығыс Қазақстан
7 4 Үстірт 1984 Маңғыстау обл
8 8 Батыс Алтай 1992 Шығыс Қазақстан
9 10 Алакөл 1998 Алматы обл
10 1 Қаратау 2004 Оңтүстік Қазақстан
1.Қаратау 2. Алматы 3.Ақсу Жабағылы 4.Үстірт 5.Қорғалжын 6.Барсакелмес 7.Марқакөл 8.Батыс Алтай
9.Наурызым 10Алакөл
ІІ.Жаңа тақырыпты меңгерту:
Экологиялық мәселелер-ең маңызды өмірлік мәселелердің бірі, өйткені әңгіме адамның ғұмыр кешетін ортасы жайында, болашақ ұрпақтарының өмірі туралы болып отыр
Ш.Айтматов.
Кіріспе сөзі:
Бүгінгі таңда адамзат алдындағы аса күрделі экологиялық мәселе-биосфера тіршілігін тұрақты ұстау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселесі.
Ғылыми деректер бойынша жер шарындағы Сахара, Гоби, Такла-Макан, Қазақстандағы-Арал, Семей, Байқоныр, Балқаш, Каспий антропогендік фактор әсерінің нәтіжесі.(карта)
Антропогендік факторлар туралы не білесіңдер?

Адам-табиғат перзенті. Табиғат өздігінен пайда болған дүние, яғни бізді қоршаған орта. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның санасыз іс –әрекеті экологиялық дағдарыс тудыруды.Қазақстан Еуразия құрлығының орталық бөлігінде кең байтақ жерді алып жатыр. Ол жерінің аумағы жөнінен дүние жүзі бойынша 9-орында.
Қазақстанның жер аумағы 272 млн.га., оның 180млн.га жері шөлейтті және шөлді белдемдерде орналасқан. Бұл еліміздің жер аумағының 67%-на тең.
Еліміз пайдалы қазбаларға да бай. Қазақстанда дүние жүзіндегі хром қорының-30%, уран мен марганецтің-25%, қорғасынның-19%-ы, мыс пен темірдің-10%-ы кездеседі.
Сонымен бірге елімізде мұнайдың, газдың көмірдің және басқа да пайдалы қазбалардың аса ірі кен орындары бар.
Қазір дүние жүзінде шикізат көздері ретінде 55 түрлі химиялық элемент кеңінен пайдаланылады. Соның Қазақстанда 39-ы өндіріледі.
Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көбірек көріп отырған мемлекеттің бірі. Еліміз аумағының 60%-дан астам алқабы экологиялық апатты аймақтарға жатады. Қазақстанның шығысы тау-кен металлургия өнеркәсіптерінен шыққан түрлі улы заттармен ластануда. Еліміздің батыс аймағы мұнай, газ өнімдерінен және Азғыр, Тайсоған, Нарын полигондарында жүргізілген сынақ зардаптарынан ластанған. Арал өңірі мен Орталық Қазақстан аймағында Арал теңізінің тартылуы, Байқоңыр ғарыш айлағының ластау әсері айқын байқалуда. Оңтүстік өңірі фосфор, қорғасын, цемент өнеркәсіп орындарынан, және уран кен орындарынан шыққан радиациялық сәулелердің әсерінен зардап шегуде.

Арал теңізінің экологиялық сараптамасымен таныстырады.
Арал теңізінің жасы 8-10мың. жыл шамасы. Теңіз суының көлемі жағынан ТМД-да -2 орын., Дүниежүзінде-4орын алатын көл. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі-1066км, тереңдңгң-30-60м, тұздылығы-10-12%. Жылына 50-150мың тонна балық ауланса, теңіз жағасында едәуір мөлшерде терісі бағалы бұлғын өсірілген. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық кеңшары, 10балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1998ж теңіз деңгейі 18км төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзеңдер-Сырдария, 1974жылдан және Әмурдария 1982жылдан мүлдем сарқылды. 38 жыл ішінде(1961-1999)теңіз деңгейі 18метрге төмендеді. Арал теңізі жағалауынан 150-170км шегінді. Кепкен теңіз түбі сортаңға айналуда. Ашылған теңіз жағалауынан көбін тұз бен құм жауып жатыр. Көл суының тұздылығы 3 есе артып 80% жетті. Жыл сайын теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері-13-23млнт.
Көлемі 2млн гектардан астам Аққұм атты жаңа құмды кеңістік табылды.
Сонымен, Арал апатына себеп болған факторлар:
-жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
-ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау;
Суды көп қажет ететін күріш, мақта дақылдары алқабының ауданын барынша көбейтіп жіберу;
-жерді игерудің агротехникалық шараларың сақтамау және дұрыс пайдаланылмауы;
-Арал теңізін құтқару немесе қалпына келтіру жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар:
1.Сібір өзеңдерінҚазақстанға бұру
2.Әмурдария мен сырдария өзеңдерінің суын реттеу арқылы суды молайту
3.Арал теңізін жартылай сақтап қалу
4.Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу
5.Жер асты суларын пайдалану
6.Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту
«Физиктер»
Елімізде ядролық жарылыстардың зардабын көрмеген аймақтар жоқтын қасы. Ресми деректер бойынша Қазақстанның 34 нүктесінде ірлі-ұсақты әр түрлі ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізілген. Оның ішінде Семей полигоны негізгі орын алады. 1947-1989 жылдар аралығында бұл жерде 500 –ден астам(кейбір мәліметтер бойынша 715) жарылыс жасалған. Кеңес одағы кезенде Қазақстанда әр түрлі 37 сынақ полигоны жұмыс істеген.Еліміздің көптеген аймақтарында кемтек мүгедек сәбілердің өмірге келуіне экологиялық жағдайлар әсер етуде.(биологтар толық айтып кетеді)
Ресми деректер бойынша:
Қазақстан жерінде түрлі зиянды қалдықтардың мөлшері 30млрд. т-ға жеткен. Жан басына бөлгенде орта есеппен 2мың т қалдықтан келеді.
Осы қалдықтардың ішінде: 6,7млрд т-сы улы қалдықтар.
Республикамызда жалпы радиоактивті қалдықтардың мөлшері 237 млн т-ға жетті. Ал түрлі өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтар 20 млрд т-ны құрайды. Мұндай улы қалдықтардың еліміздің табиғаттына және адам денсаулығына қаншалықты зиянды екендігі айтпаса да түсінікті. Осындай экологиялық қолайсыз жағдайлардан еліміздегі адамның өмір сүруінің орта жасы ер адамдар үшін -60,5, ал әйелдер -65,5 жасты құрайды. Ал жапондардың бізден 20жыл артық өмір сүретінін мысал ретінде айтуға болады.

Әр түрлі аурулардың әсерінен халықтың өлімінің себептері
№ Аурулар
Оның ішінде өлімнің себебі%
Өмір сүру салты Қоршаған орта Тұқымқуа
лаушылық Денсаулық сақтау
1 Жүрек аурулары 54 9 25 19
2 Қатерлі ісік 37 34 29 10
3 Жол-транспорттық 68 18 1 12
4 Атеросклероз 49 8 25 18
5 Диабет 26 0 68 18
6 Бауыр циррозы 70 9 18 3
7 Өзін-өзі өлтіру 60 35 2 3
8 Күтпеген қолайсыз жағдайлар 51 31 4 14
9 Орташа алғанда 48 16 25 11
Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский,1996ж) антропогенді затар есебінен қоршаған ортаға қорғасының 94-97%, кадмийдің -84-89%-ы, мыстың 56-87%-ы, никельдің 66-75%, сынаптың 60% шығарылады.
Металл Не бөледі Ауруларға келтіреді
Қорғасын.
Қоршаған ортада қорғасының артуы, әсіресе өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. ХХ ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасының мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700-1200 есе артық Автокөлік жанармайы
Металлургия кәсіпорындары
Ауыл шаруашылығындағы пестицидтер «сатуризм» немесе қорғасынмен улану, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау
Кадмий-ауыр металдардың ішінде ең улы. Тас көмірдің шаны, химиялық тыңайтқыштар, пластмассаның қалдықтары, темекі түтіні Бүйректе жиналады, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерің, тыныс алу жүйесің зақымдайды,
«Ита-ита»ауруын туғызады
Асбест Кәсіп орындар, ҚТҚ Өкпені зақымдайды, қатерлі ісік ауруларына әкеледі
Сынап.
Қоршаған ортада кеңінен таралған. Металл сынап іс жүзінде ағзаға зиян емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті.Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары Автокөліктер шығаратын газдарда, Аллергия, артрит, көру нашарлайды, бүйрек аурулары, иммундық қабилеті төмендейді, буын аурулары, ой қабілеті төмендейді. Жүкті әйелдергі зиянды.
Аллюминий ҚТҚ(сыра ыдыстары, фольга, дезодарант ыдыстарында) Қозуды көтереді, анемия, бүйрек, бауыр аурулары, жүйке жүйесінің зақымдануы, қарттық ақыл ойдын кемуі

Арнаулы түрде жүргізілген зерттеулердің қорытыңдыларына қарағанда қалай болса солай шашылып-төгіліп жатқан радиоактивті элементтердің қалдықтары республикамыздың әрбір қалаларымен елді мекеңдерінің айналасынан табылады.
Алматы қаласының маңайындағы алаңдардан-21, Өскеменде-12, Семейде-8, Көкшетауда-15. Жалпы Қазақстан Республикасының 18 қаласының маңайында 67 орыннан радиоактивті қалдықтар табылған.
«Байқоныр ғарыш аймағы», ракеталық сынақ полигондары «Капустин Яр», «Азғыр», «Сарышаған»жұмыстарын жалғастыруда.
Мемлекетіміздің бүкіл әлемдік кеңістікке абыройы мен мақсаты үшін мүмкін керек те болар. Бір қорқынышы сол, сынақтардың кейбір жағдайда сәтсіз аяқталып, өз жерімізге, оны қоныстанып отырған аймаққа жарылып құлауы, өте қолайсыз моралдық нұсқан.
Қазір Республикамызда халық арасында аурулар, өлім көбейіп кетті. Баланың іштен кемістікпен, ақыл-есінен кем, қабілетсіз, басқа аурулармен ауырып тууының басты себептерінің бірі-қоршаған ортаның бұзылуы.
Халықтың 40% дем алу мүшелерімен ауырады, екінші орында тері аурулары 8%, 3-ші орында –зәр шығару мүшелері мен улану жатады.(кесте)
Қостанай облысының қоршаған орта жағдайы.
Автокөліктер ауа ластандырушылардың негізгі көзі ретінде қарастыруға болады.Автокөлік шығарады: азот оксидің(NO)азот диоксидің(NO2) көмірқышқыл газын,(CO2) көмірсуларды, түтін, күкірт оксиді(SO2)ауыр металдарды. 2010 жылы ауаның ластандыру көрсеткіші 3-ке тең. Бұл дегеніміз ластану деңгейіне қарағанда «Жоғары ластандыру деңгейіне» жатады. Бұл көрсеткішке кіреді: көміртек оксіді, азот оксиді, күкірт диоксиді және қатты бөлшектер. Ауаның ластану деңгейі бір қатар себептерге байланысты. Мысалы дизельді машиналар бензинмен салыстырғанда жанармайды 25%-ға аз қолданады. Дизельді жанармайда сынап қосылыстары болмайды, олардың жұмыс барысында, көміртек оксиді аз бөлінеді, бірақ күкірт қосылыстары бензинмен салыстырғанда-көбірек бөлінеді.Статистикалық мәліметтерді алатын болсақ: Қостанай обласында тіркеуде 133 272 автомашиналар. 2007 жылдан бастап жыл сайын 5-8 мың машина саны қосылады Ал тексеріс бойынша 10%машиналардың токсинді газдардың шағаруы мөлшерінен жоғары. Әрбір автокөлік 1 тәулікте 4кг жоғардағы заттарды бөліп ауаға шығарады. 1 адам өмір бойы қаншама оттекті жұмсайды, соншама 1 машина әрбір 100км өткен сайын жұмсайды
Экологиялық заңдар.
Барлығы да бір-бірімен байланысты.
Барлығының өз орындары бар
Табиғатта барлығы ойластырған
Еш нәрсе жайдан жай берілмейді.
Маслихат алдына қойылған сұраққа (Жерді болашақ ұрпақтарға қалдыру үшін, бізге қалай бүгін өмір сүру керек?) біздің жауабымыз.
Маслихаттың шешімі.(хатшы жазып отырады), қатысушылар келіскен туралы қол қояды.
1.Ластану деңгейін төмендету
2.Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, өйткені кейбір түрлері қалпына келмейді
3.Экологиялық таза энергия алу жолын табу
4.Табиғатқа деген көзқарасты өзгерту
5.Халық санын өсуін реттеу.

Соңы

Қорытындылау:

тест құрастыру 10сұрақ

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясының оқытудың актуальдылығы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Адам экологиясы уралы түсінік беру, қоршаған ортаны қорғауды үйрету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәліметтер жинақтай алады

Оқушылардың көпшілігі:деректерді талдай алады

Оқушылардың кейбірі: саралап, қорытынды жасай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздығ қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

Адам экологиясы, а н т р о п о э к о л о г и я — 1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы; 2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән; 3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы. Адам экологиясы адамдардың бір-біріне, табиғатқа әлеум.-психол. және этол. қарым-қатынасын қамтып, ғылымның әр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда әлеуметтік, экономикалық және табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті әрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады

Адам экологиясының пайда болуы туралы түсінік.

Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы, сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен XX ғасырдың орта шенінен бастап, географиялық ортаның күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады. Соңғы он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XXғ. өмірге келген «қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін. Соңғы кездерде орта жағдайына болжам жасайтын ғылыми орталықтардың пайда болуы, қалыптасқан экологиялық мәселелерге бақылау жасау, баға беру және толық кешенді болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Кезіндегі «Ноосфера» ұғымы бүгінгі күні «нооэкология» ұғымына айналды. Ноэкологияны грек тілінен аударсақ, «Ноо – ақыл ой, адамның рухани байлығы, күші» деген мағынаны білдіреді. Ал, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера деген бірін-бірі толықтырушы, күрделі байланыстағы – географиялық орта – табиғаттың бүкіл қалыптасуы осы ортада жүреді. Аталған табиғи ортаны адамның ақыл-ойы арқылы басқаруын В. И. Вернадский – «ноосфера» деп, терминді тұжырымдаған болатын. Кейінгі экология ғылымының қалыптасуына,дамуына байланысты ноосфера – нооэкология деп орынды аталып жүр. Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып, соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың заңдылығына сай өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзгерте алады. Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді. Адамдарға табиғи ортадан басқа әлеуметтік – мәдениеттілік ортасы да қажет. Себебі, адам өткен өмірінің тарихын білмей болашағы болмайды. Осының нәтижесінде экология және мәдениет проблемасы пайда болды. Біздің түсінігіміздегі жақсы және жаман деген идеяларымыз адамгершілік негізіне жатады. Бұл жердегі адамгершілік принцпінің өзі құқықтық заңдармен, халықаралық құқықтармен негізделген. Бұның өзі экология және құқық арасындағы байланысқа жатады. Қазіргі кездегі экологиялық проблема сыртқы саясаттың күрделі элементіне айнала бастады. Сол себепті де экология және саясат кейбір жағдайларда бөлінбейтін жағдайға жетті. Суды қорғау, қышқыл жауындардан орманды қорғау проблемаларын өкімет басшылары және министрлер талқылауда. Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері өзекті экологиялық жағдайларды қалай шешудің жолдарын қарастыруда. Табиғи ресурстарды тиімді паидаланудың келесі жолы рекрацияға пайдалану. Бұл проблемамен рекрациялық экология айналысуда. Егер жалпы жүйелі құрылымдық әдіспен айтатын болсақ, олардың арасындағы жүйелі байланысты «адам – қоғам - табиғат» деп айтуға болады. Әдістің негізін түсіндіру үшін екі мысал келтірейік. 1-ші мысалда толығымен адамзатты, 2-ші мысалда жеке тұлғаның табиғатқа деген көзқарасын қарастырамыз. 1972 жылғы «Рим клубының» өтініші бойынша Масачусет технология институтының Д. Медоуз басқарған бір топ ғалымдары дүниенің даму мүмкіншілігін зерттеді. Олар имитациялық ғаламдық модельді ойлап шығарды. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтың атынан негізгі әсер етуші бағдарлама болып есептеледі. Біз қарастырып өткен жүйелі құрылымдық әдіс қазіргі кездегі адам экологиясындағы көптеген зерттеу әдістерінің бірі. Соңғы кездердегі қолданып жүрген әдістердің бірі – көпдеңгейлі шкала және динамикалық классификация. Көпдеңгейлі шкаланың негізі – қоршаған ортаның ерекшелігі – ондағы адамға көпдеңгейлі әсер етудің нәтижесіндегі мінез-құлық. Осындай ұдайы өзгеріс орта факторын тиянақты, тыңғылықты классификациялауда қиындық туғызады. Бұларды ұдайы анықтап отыратын әдіс – динамикалық классификация әдісі. Себебі осылар жоғарғы оқу орнындағы студенттер үшін арнайы оқытылатын курстың негізі болып табылады. Бұл пәнді игеруде өте терең білім қажет – ол үшін математиканы, физиканы, химияны, биологияны жақсы білу керек. Бұл пәндерге де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары мемлекеттік стандарттарына сәйкес көңіл бөлініп, белгіленген мөлшерде сағат бөлінеді.

Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясын оқытудың актуалдылығы.

Соңғы кезде әрбір ұшырылған «протонның» қоршаған ортаға үлкен зиян әкелетіндігі анықталды. Гептильдің әсерінен уланған аумақтың көлемін анықтап, кінәлі жаққа толық мағлұмат беріп, олардың шығынын өтеп алу қажет. Бқл келтірілген оқиғалар дәлелдейтін екі факт ғана бар. Экология мамандардың қажет екендігін, мемлекетті экологиялық жағынан қоршаған ортаны қорғау керектігін республика президенті Н. А. Назарбаев Қазақстан инженерлері съезінде атап өтті. Енді толығырақ айтсақ, Қазақстан аумағындағы ядролық жарыстан кейін жалпы күші Хиросима қаласына тасталған атом бомбасының күшінен 45000 есе көп. 1946 жылдан бастап, Арал теңізіндегі «»Возрождение» аралығында биологиялық және химиялық бомбалар жасау үшін іскери мекемелер ашылды. Дәл осы жерде Сібір жарасы, тулериями, бруцелез, тырысқақ және Кулихорадқа ауруларының қоздырғыштарын сынап көрді. 1950-1990 жылға дейін әртүрлі мақсаттағы сынақ полигоны жұмыс істеді. Ал олардың таза 200 кг өнімі айналасындағы жарты миллион адамды жойып жіберуі мүмкін. Экологиялық индульгенция феноменін қалыптастыруда жапондықтардың жүргізген тәжірибелері экологиялық проблемаларға деген реакцияны зерттеуге көбінесе экологиялық тұрғыдағы мамандар емес, ғылыми зерттеу органдарының өтініші бойынша жасалынып, өздеріне қажет деген нәтижелерді ғана есепке алуда. Бұл жағынан қарасаң, кез келген мекеме экологиялық зерттеулер жүргізе беретін болды. «Тұрақты даму» концепциясы 1992 ж. «Біздің жалпы болашағымыз» атты айдармен жарияланды. Бұл құжатта алғаш рет негізгі принциптер жинақталды. Яғни кез келген мемлекет стратегиялық жоспар жасауда осы принциптерді ұстануы қажет. Бұл жердегі Қазақстан Республикасы үшін үлкен мәні бар принциптарды алайық: - қазіргі және болашақтағы ұрпақтардың өмір сүруіне қажетті өнімдермен қамтамасыз ету және оның қорын сақтау; - биотехнологиялық тұрғыдан ойластырылған, қалдықтан – қалдықсыз өнім шығаруға көшу; - біртіндеп органикалық отынмен жұмыс істейтін энергетика өнеркәсібінен қолайлы немесе дәстүрлі емес энергния алу көздеріне өту. - табиғатты қорғаудағы әкімшілік, экономикалық және құқықтық әдістерді жақсарту. - биосфераның көптүрлілігін сақтау, қорғау бағытында жұмыс істеу; - экологиялық мәдениеттілік кодексін тиянақты, бұзбай сақтау.

Егерде теориядан күнделікті өмірге келсек бұл бағдарламаны орындау және көп жыл бойы тиянақты жұмыс істеуді қажет етеді. Ендігі жерге 2030 стратегиясының адам экологиясымен тығыз байланысы бар пунктерін қарастырайық. Қазіргі кезде адамның шаруашылықты ұйымдастырудағы, оны дамытудағы бірінші ойы – табиғат байлығы таусылмайтын құнсыз зат, екінші ойы тез арада сол жерден пайда табуы. Табиги ресурстардың толық құндылығы анықталмаған. Соңғы кездерде ғана табиғатты пайдаланғаны үшін төлем ақы мөлшері белгілене бастады. Экономикалық тұрғыдан қалдықтардың, ластанудың тиімсіз жақтары ескеріле бастады. Жаңа оқыту жүйесінде адам экологиясына маманданғандар Қазақстан Республикасына өз білімдерін пайдалана ала ма деген сұрақ туындайды. Себебі, сол салада көбінесе басқа оқу орындарының бітірушілері жұмыс істеуі құпия емес. Экономистер, юристер, социологтар – соңғы кездерде әлеуметтік сферадағы экологтардың орнына жұмыс істеуде. Бұндай мамандар экологиялық тұрғыдан жан-жақты білімі жоқ. Сол себепті қажетті шешімдерді қабылдай алмайды. Сол үшін де ондай мамандарды сақтай отырып, негізгі позицияны, әсіресе шешім қабылдауды эколог мамндарға беру керек. Бұндай дайындық жұмыстары ЮНЕСКО-ның бағдарламасына сай алдағы уақытта іске асады. Біздің студенттерімізді қажет ететін болашақтағы сала – саяси экология және эколгиялық дипломатия. Себебі көптеген мемлекеттік деңгейдегі конфликтер экологиялық проблеманың нәтижесінде туындап отыр. Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдалануға мүмкіншілігі бар ірі фирмалардың менеджері эколог қызметін атқарады. Сонымен бірге экологиялық жағдайы өршіп тұрған облыстарда, аудандарда, әкімшілік қызметте және рекреациялық, танымдық, жастарға тәлім-тәрбие, дипломатиялық саладағы жұмыстарда қызмет ете алады. Жоғарыдағы тарауларда жүйелі құрылымдық әдіспен экологиялық жағдайларды болжау және соның нәтижесінде тиімді шешім қабылдауды атап өттік. Алғашқы бағдарламаны шығарған Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясы. Кейбір шешімдеріне тоқталып қтейік. 1997 ж. 22-26 көкек айында Алматыдағы Алатау санаторийінде «Жер планетасының және адамзаттың дамуының экологиялық әдістемесі» атты бірінші халықаралық конгресс өтті.

Соңы

Қорытындылау:

Үй тапсырмасы: Реферат жазу «Адам экологиясы»

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Адамға пайдалы және зиянды заттар.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Денсаулық мықты болу үшін салауатты өмір салтын сақтау туралы түсініктерін бекіту. Ішімдікке және темекі шегуге, жалпы зиянды заттарға қарсы жағымсыз сезімдерін қалыптастыру. Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету. Денсаулыққа пайдалы, зиянды заттарды ажырата алу. Сөздік қорын молайту, ойын жинақы, толық айта білуге машықтандыру. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәліметтер жинақтай алады

Оқушылардың көпшілігі:деректерді талдай алады

Оқушылардың кейбірі: саралап, қорытынды жасай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздығ қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жылулық лебізі.
Күлімде күн күлімде
Күлсін барлық бала шат,
Берекелі бүгінде
Достығымыз жарасқан
Ән салуға барамыз
Досымызды табамыз!Сәлемет пе!

Ортасы

Ізденістер ұйымдастыру.
-Бүгін, біздер «Денсаулық еліне» саяхатқа аттанамыз. Денсаулық елінде Салауат атай бар.
-Балалар, Салауат атай туралы білгілерің келе ме?
Салауат атай – дәрігер адам. Ол алдына келген барлық науқастарды емдеп, жазып жібереді.

«Ыммен көрсет!» ойыны. Спорт түрлерін ыммен көрсету.(шаңғышы, хоккеист, каратист, жүзуші, футболшы, т.с.с.)

- Иә, жарайсыңдар! Біздің жақсы өмір сүруімізге кедергі келтіретін, денсаулығымызға зиянды әдеттер бар. Ал, ендеше, өздерінің бойындағы кездесетін жаман әдеттерді атап көріңдерші?!
-Сонымен қатар, зиянды заттарға біздің күнделікті ішіп-жеп жүрген әдеттеніп кеткен заттар да жатады екен.
-Зиянды әдеттердің біріне-темекі және темекі шегетін адамдар да кіреді. Бұл жайында не білесіңдер?

-Иә, темекі шегу адамның ішкі мүшелерінің қызметін бұзады. Темекіде никотин уы бар. Ол өкпенің, жүрек және асқазанның жұмысын бұзады. Темекі түтіні қоршаған ортаға, яғни біздің барлығымызға зиян.

-Шарап сусыны-денсаулыққа зиян. Шарап тек асқазанға ған емес, жүректің, бүйректің жұмысына, яғни ағзаның дұрыс өсуіне кедергі келтіреді.
-Сондықтан, денсаулығымыз мықты болу үшін салауатты өмір салтын, күн тәртібін сақтап дағдылану керек.
-Балалар, қанеки, өз бойымыздағы жақсы дағды-әдеттерімізді айтайықшы?!
-Жеміс-көкөністерде, сүт тағамдарында дәрумендер көп. Таза суда денсаулыққа пайдалы, күш қуат береді.
«Дәрілік шөптер!»
Мақсаты: дәрілік шөптердің түрлерін, оның адам денсаулығына пайдасын, ауырғанда емдік қасиетті шөптер қолдану керектігін айту.
-Алоэ гүлі, калина шөбі суық тию мен тұмауға қарсы,яғни тұнбасын ішсе, ауырғаны басылады, жазылады.
-Сонымен қатар, жуынып, тіс, құлақ тазалап, гимнастика жасап, билеп, уақытында егілуге барсақ,ауырмаймыз, денсаулығымыз мықты болады.
Сергіту сәті:
Біз таза жүреміз,
Тырнақты тістелемейміз.
Жуылмаған жемісті жемейміз.
Тазалықты құптаймыз
Біз ешқашан ұрыспаймыз
Салауаттың кеңесін жадымызда ұстаймыз!

Әліппе дәптермен жұмыс.
1.Ауруды біреуге жұқтырмас үшін жөтеліп, түшкіргенде ауызыңды қолорамалмен жауып ұста.
2.Ауырған кезде қандай тазалық ережелерін сақтау керек?
3.Мына, балалардың салған суреттерінен шылым шекпейтін адамның суретін көрсет.
4.Пайдалы кеңестерді көк түспен, жағымсыз әдеттерді қызыл түспен белгіле.

«Пайдалы-зиян» дидактикалық ойыны.Тақтада екі түрлі көңіл-күйдегі көңілді және көңілсіз адам бейнеленген суреттер ілінеді. Ойынға қатысушы пайдалы заттардың суретін көңілді, ал денсаулыққа зиянды суретті көңілсіз адамға қарай орналастырады.

«Егуден қорыққан сусиыр».
Бір күні сусиыр сары ауруға қарсы егілуге марабу деген құс досымен бірге ауруханаға барады. Сусиыр осы кезде қатты терлеп кетті. Марабу құс досы есікті қақты:
-Иә, кіріңіз!Ине егуді бастайық -деді дәрігер.
Сол сәтте дәрігердің егілу инесін көрсе сала сусиыр аппақ болып кетеді.
Дәрігер қатты шошып кетті.
-Сіздің сусиырыңызға не болған? Ол неге кенеттен ағарып кетті?-деді марабу досына.
-Дәрігер, ол үнемі сондай, бірде ақ, бірде тағы басқа түсте болады, өйткені ол ерекше сусиыр.
Үлкен инелі егуді дәрігер әкелуге кеткенде сусиыр үйіне қарай қаша жөнеледі. Келесі күні марабу құс досы келсе, сусиыр лимон сияқты сап-сары болып кеткенін көріп, таң қалады. Дәрігерге марабу құс хабарлайды:
-Дәрігер, менің сусиыр досым, кенеттен лимон секілді сап-сары болып кетті.
Дәрігер:-А, солай де!Кеше ине салынбағасын ол сары аурумен ауырып қалған ғой. Дереу жедел жәрдем жіберемін.
Жедел жәрдем кереуеттің үстіне сусиырды жатқызады. Сол күні марабу құс досы келеді. Сусиыр қатты іші пысып, досының ертегі айтып беруін өтінді.
Марабу құс досы:-Баяғы заманда бір сусиыр болыпты. Ол өте қатты ине егуден қорқыпты. (Сол сәтте сусиыр қызыл түске айналып кетеді).Өйткені ол қатты ұялыпты.

Иә.

Балалар өздерінің бойындағы жақсы, жағымсыз әдеттері қаншалықты екенін талқылайды.

(тырнақ тістелеу, жеміс-көкөністерді жумай жеу, зиянды тағамдар жеу, жаттығу жасамау)

Балалардың жауаптары.

Тырнақ алып жүру, жуыну,жаттығу жасау,т.б.

Балалар киімдерін сүртеді.
Иіліп еденге, Саусақтарын қимылдатады.
Қолдарын айқастырады.
Қолдарын жиып, отырып тұрады.

Балалар әліппе дәптердегі тапсырманы мұқият орындап шығады.

Балалар ойынға белсене қатысады.

Ертегіні сахналайды.

Оқушылар ертегіні мұқият тыңдайды.

Соңы

Қорытындылау:

Қорытынды - Осымен денсаулық еліне саяхатымыз аяқталды. Бүгінгі валеология оқу іс-әрекетімізде не үйрендік?Не туралы болды?
-Иә, жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар!Салауатты өмір салтының ережелері қандай?
-Иә, осы режимді күнделікті әдетке айналдыру керек.
-Балалар кім денсаулық, микробтар туралы тақпақтар айтады?
-Денсаулығымыз мықты болу үшін дәрумендерді қайдан аламыз?

Үй тапсырмасы: Реферат жазу «Адам экологиясы»

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушыларға еліміздегі экологиялық қолайлы

және қолайсыз аудандар туралы білімдерін жүйелеп, бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерді ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек екендігін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәліметтер жинақтай алады

Оқушылардың көпшілігі:деректермен жұмыс жасай алады

Оқушылардың кейбірі: саралау жүргізе алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздығ қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

Топқа бөлу. «Түстер» арқылы топтастыру.

«Адам», «Табиғат», «Денсаулық» топтарына оқушылар топтасады.

Құрметті оқушылар өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз, олай болса бүгінгі сабағымызда жетістікке жету басты мақсатымыз. Сабағымыздың дәйексөзі:

Дәйексөз: «Жетістікке жетудің екі жолы бар: өз ақылыңды пайдалану және басқалардың ақылынан пайдалану». Ле БРУЙЕР

      Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

           Адамның көңіл күйі сергек болса, айналасындағы болып жатқан өзгерістерді жақсы оймен қабылдайды демекші, қазіргі уақыттағы көңіл күйлеріңіз қалай?  Екі қолыңызды жоғары көтеріп 3 рет шапалақтап көңіл –күйімізді білдіріп қоялық. «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей амандасып алайық.

Қатысушылардың орындықтарының арқасында жасыл, сары, қызыл, көк, ақ түсті қағаздар ілінеді.Түстері сәйкес келген адамдар бір- бірімен амандасады.

1 қатар -(көк түстілер) Сәлем! деп екі қолдарын жоғары көтеріп амандасады

2 қатар-(сары түстілер) Нai- деп оң қолдарын көтеріп амандасады

3 қатар- (қызыл түстілер) қолдарын кеуделеріне қойып бастарын иеді.

4 қатар –(ақ түстілер) бір –бірімен қол алысып амандасады

Үй тапсырмасын тексеру

Тест тақырып бойынша:

1. Адам іс-әрекетінде қолданылатын қоршаған ортаның маңызды компоненті.

А) пайдалы қазбалар

В) топырақ

С)су ресурсы

D)табиғат ресурсы

Е) қоршаған орта

2.Көмірдің ең бай кен орны

А) Майкөбе, Қарағанды.

В) Қарағанды , Екібастұз

С) Екібастұз, Майкөбе

D) Кедірлі, Майкөбе

Е) Алакөл, Қарағанды.

3. Негізгі темір кені ауданы болып табылатын облыс.

А) Қостанай

В) Солтүстік Қазақстан

С) Ақмола

D) Манғыстау

Е) Карағанды

4.Қазақстанның қоры мол аймағы

А) солтүстік

В) Батыс

С) шығыс

D) орталық

Е) оңтүстік

5. БҰҰ Хельсинки конфенциясында Трансшекаралық өзендер мен көлдерді қорғау мен тиімді пайдалану ережелері қашан қабылданды?

А) 1993 жылы  В) 1992   С) 1995         D) 2000       Е) 1980

6. Біздің елімізде дәрілк өсімдіктердің неше түрі бар:

А) 250    В) 280   С) 350    D) 400   Е) 500

7. 1962 жылы құрылған Халықаралық табиғат және табиғи байлықты  қорғау   одағы немен айналысты

А) Қызыл кітабқа ақпараттар жинақтады

В) жануарларды  есепке алды

С) өсімдік дүниесін есепке алды

D) Қызыл кітапты шығарды

Е) жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға алды

8. Республика үшін қандай қор тиімді пайдалануды қажет етеді:

А) су қоры

В) топырақ – өсімдік қоры

С) климаттық қорлар

D)минералдық қорлар

Е) отын-энергетика қоры

9. Республиканың оңтүстік аудандарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса құнды өсімдік

А) жусан      В) дермене    С) жалбыз  D) қалақай   Е) тобылғы

10. «Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының» жаңа басылымы қашан жарық көрді?

А) 1991   В) 1995    С) 2003  В) 2004   Е) 1996

Д/ж: 1д, 2в, 3в, 4д, 5в, 6а, 7е, 8а, 9в, 10

Кеше.Бүгін.Болашақ.

1 топ: Оқулықпен жұмыс. Тапсырма

«Адам экологиясы» туралы түсінік беру.

2топ: Ғаламтор материлдарын іздене отырып бүгінгі Қазақстанның экологиясымен таныстыру.

3 топ: ЖОБА жасау “Қазақстан 2050” , яғни болашақ Қазақстанның экологиясы қандай болмақ сіздердің көзқарастарыңыз

Оқулықтың 225- беттегі «Қазақстанның экологиялық жағдайы» картасын пайдалана отырып ЭЖДеңгейін анықтау, кескін картаға түсіру.

1 топ: Шартты түрде қауіпсіз аймақ, Қауіптілігі аздау аймақ

2 топ: Қауіптілігі орташа, Қауіпті

3 топ: Қауіптілігі жоғары аймақ, Өте қауіпті

ЭЖдеңгейін анықтай отыра Республика аумағын 3 топқа бөліп отырмыз олар: - 3т:Экологиялық жағдайы нашар аудандар;

-          2т:Экологиялық жағдайы орташа аудандар;

-          1т:Экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар;

Ал, енді анықтайық осы аудандарда ненің әсерінен экология өзгеріске ұшырады

Табиғаттың әсемдігін жырлаған ақын жазушыларымыз аз емес, олай болса бүгінгі сабағымызды аяқтау үшін сіздерге тапсырма: «Табиғатты аялайық» тақырыбына:

1 топ: өлең

2 топ: хат жаздыру

3 топ: мәнерлеп оқу (Абайдың бір өлеңін оқуға болады)

Соңы

Қорытындылау:

Қазақстан жерінде адам әрекетінен тез шешуді қажет ететін проблемалар бар Каспий, Арал, Балқаш экологиясын зерттеп келіңіздер.

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Апатты табиғат құбылыстарының адамға тигізетін әсері олармен күресуі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Табиғи апаттар және апаттардың түрлері мен қоршаған ортаға тигізетін зияны туралы түсінік беру.

Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға өздерінің ондағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Оқушылардың бойында білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып , сол арқылы олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік қарым-қатынасын жан жақты дамыту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәліметтер жинақтай алады

Оқушылардың көпшілігі:кескін картамен жұмыс істей алады

Оқушылардың кейбірі: саралап, қорытынды жасай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздығ қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта оқушылардың қатысуын қадағалау;

Сынып оқушыларын топқа бөліп отырғызу.

Оқу құралдарын алып, сабаққа назар аудару;

ІІ. Өткен сабаққа шолу

Ойланайық!

   Бұл ойында интерактивті тақтада әр тақырыпқа қатысты сұрақ берілген . Тақырып таңдау арқылы астында жасырылған сұраққа жауап беру керек.

Экологиялық апаттар:Тұран ойпатында орналасқан экологиялық аймаққа айналған теңіз.(Арал теңізі)

Адам – қоғам перзенті: Қазақ халқының салтында үйленген баласын бөлек шығарарда бүкіл туған- туыстарын жинайды, қонақ етеді. Олар жас отауға тілек тілеп, әрқайсысы көмек көрсетеді. Керек жағдайда туыстары, жолдастары жаңа отбасына қажетті жағдай жасауға құлшына кіріседі. Бүкіл ағайындарының жиналып келіп, жас отбасына үй салуға көмектесу дәстүрі қалай аталады? (Асар)

Табиғат:Іле өзеніндегі Қапшағай су қоймасы құрылысы және көл жағасындағы мыс балқыту комбинаты осы көлдің тартылуына және ластануына алып келді. Бұл қай көл ? (Балқаш көлі)

Жер- ғарыш денесі:Полюстерден бірдей қашықтықта жүргізілген сызық, латынша « теңейткіш» деген сөз. Бұл сызық қалай аталады? (Экватор).

Геогафиялық нысан: Осы жазыққа көптеген ақындар өз шығармаларын арнаған, ертеде мал жайылымы ретінде қолданылған. Құрманғазы өз күйін осы жазықтың атымен атаған. Жазықтың атын жаз.(Сарыарқа)

Ой сергіту ойыны

 1.География нені зерттейді (жерді)

2.Күннен санағанда жер нешінші планета? (3)

3.Қазақстан қай материкте? (Еуразия)

4.Еліміздің жер көлемі қанша? (7 млн.км)

5.Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? (қоңыржай)

6.Жоңғар қақпасы арқылы соғатын желдер? (ебі, сайқан)

7.Қазақстанның ең суық жері? (Атбасар Ақмола облысында)

8.Қазақстанның ең ұзын өзені? (Ертіс)

9.Тұран тақтасындағы теңіз (Арал)

10. Шипалы бар минералды суы бар? (Сарыағаш)

11. Шардара су бөгені қай өзенде орналасқан? (Сырдария)

12. Республиканың ең төмен жері? (Қарақия)

13. Дүниежүзілік ең ірі көл? (Каспий)

14. Атом электр станциясы қай қалада? (Ақтау)

15. Портты қала? (Ақтау, Форт Шевченко)

16. Сырдария өзені қандай шөлмен ағып өтеді? (Сырдария)

17. Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ кен орны? (Қарашығанақ)

18. Жоңғар қақпасы қандай екі көлдің ортасында (Алакөл, Ебінұр)

Ой қозғау

«Жеті жұт» дегеніміз не?

«Жеті жұт қағидалары» туралы қағидалар:

1.Құрғақшылық(қуаңшылық)

2.Жұт(мал қырылу)

3.Өрт

4.Оба(ауру)

5.Соғыс

6.Топан су

7.Зілзала(жер сілкінісі)

Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті экожүйелер, елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Мұны біз төтенше жағдайларға жатқызамыз. Төтенше жағдайлар шығу тегіне қарай табиғи және техногенді деп бөлінеді.

Табиғи төтенше жағдайлар – табиғи құбылыстар. Оларға жер сілкінісі (зілзала), цунами, жанартау атқылау, су тасқыны, дауыл т.б. жатады.

 Жер сілкіну – жер қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы. Ол өзімен бірге сейсмикалық күшті толқындар, сілкіністер ала келеді. Жер сілкіну кезіндегі ауыр соққылар эпицентрдегі ғимараттарға, тұрғындарға үлкен апат әкеледі. Үйлер қирап, жер жарылып, адамдар опат болады. ХХ ғасырда едәуір апатты жер сілкіну Ашғабатта (1948 ж), Арменияда (1988 ж), Сахалинде ( 1995 ж), Туркияда (2000 ж), т.б. жерлерде болды. Кейбір жер сілкіністері адамның іс әрекетінен де болады, мысалы, атом бомбасын сынау, т.б.

 Цунамилер – теңіздер мен мұхиттардың айдынында судың гравитациялық күштерінен пайда болатын толқындар. Бұл құбылыстар көбіне су астындағы жер сілкіну жанартаулар атқылау кезінде болса, ал техногенді жағдайда су астында ядролық қаруды сынаған кезде болады. Цунамилер кезінде теңіз кемелері мұнай таситын танкерлер апатқа ұшырап, мұнай өнімдері төгіліп, бүкіл балықтар мен құстарды улап, жаппай қырып жояды.

Атмосфера алабында да төтенше жағдайлар болып тұрады.оларға дауылдар, құйындар мен күшті желдер, т.б. жатады.

Жанартаулар атқылау. Жер қабаттарында магмалық жыныстардың жер бетіне қарай жылжуы, өзімен бірге газ бен су буларын сыртқа шығарады. Табиғат құбылысы жолындағы биоценозды, шарушылықтарды қиратып, ауаға зиянды газдарды шығарады.жанартаулар атқылау кезінде өрт, топырақ көшкіндері, су тасқындары болуы мүмкін.

Су тасу апаты. Су тасу – теңіз, көл және өзен жағалауларында болатын табиғат құбылысы. Су тасудан мұхиттар мен теңіз жағалауларындағы елді мекендер жиі зардап шегеді. Біздің республикамызда су тасу жағдайлары Іле, Жайық , Сырдария, Нұра, Тобыл, т.б. өзендер бойында көктемде жиі байқалады. Оның себебі, көктемде қар сулары қосылып, жағаны су басып кетеді. Су басқан жерлер бұзылып, ластанып, жарамсыз жерлерге айналады. Ал фаунасы мен флорасы лай су астында қалып, тіршілік мекендері бұзылып, жаппай қырылып қалуы мүмкін.

Оқушылар әрекеті

Талдау

-туындау себебі

-Зардаптары

-Пайда болу орны

-Алдын алу шаралары

 Қызылағаш оқиғасы- 2010 жылында 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан Қызылағаш ауылы шайылып, шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалған қайғылы оқиға. Бірақ ресми мәлімет 37 адамның ғана қаза болғанын растайды. Қызылағашта шамамен 3,5 мыңға жуық адам тұратын еді. Олардың басым көпшілігі, тіпті 80 пайызға жуығы – сырт елдерден келген қандас бауырлар. Дәулетке құнықпай, бейнеті көп ауылда қанағат пен тәубені ту етіп өмір сүріп жатқан бейқам ауылдың тірлігі бір мезгілде шәт-шәлекей болды. Биіктігі бес метрден асатын суық су бар баспананы бұзып-жарып, астан-кестеңін шығарды. Мал да, адам да дариямен ағып кетті. Ет жақынынан айырылмаған ауыл тұрғыны қалмады. Халықтың дені туысқандарының денесін, ең болмағанда, облыстық мәйітханадан көрсек екен деп көкірегі қарс айырылып жүр.

Топан суадамдардан бастап, көліктер, үйлер мен сарайларға дейін ағызып әкеткен. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша кентте 146 үй толығымен шайылып кеткен, 251 үй қираған, 42 үйді жөндеуді талап етеді. Адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Күн сайын топан су басқан аймақты тікұшақ шарлайды. Қазір төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруде. Түкіұшақпен байланыссыз қалған ауылдардың тұрғындары орталық лагерге жеткізілуде. Мұнда оларға жан-жақты көмектер көрсетілуде. Арнасынан асқан Қызылағаш су қоймасынан суы 18 минуттың ішінде өз жолындағының барлығын шайып кеткен. Алматы-Өскемен жолындағы көпір бұзылды. Пойыздар қозғалысы тоқтатылды. Құтқарушылар құтқару жұмыстарын таңертең, су ағыны азая басаған шақта бастады. Оқиға орнына құтқарушылар мен бірге әскерилер келді. Қызылағашта бұзылмаған 122 үй қалды.

Дауылдар ауа қысымының әсерінен пайда болып, жер бетіне күшті желдер тудырады. Ал борандар қарлы, шаңды, жауын-шашынды болып ауыл шаруашылығына ( бау-бақшаға, егістікке), ғимараттарға, табиғи биоценоздарға көп шығын келтіреді. Дауылдар мен борандар қазақстанның оңтүстік , оңтүстік – шығыс, орталық аймақтарында жиі болып тұрады.
Құйындар – ауа ағысының үйіріліп, күшті соғуы. Құйындар соққан кезде жолындағы заттарды ұшырып, қиратып, бір жерден екінші жерге апарып тастайды. Тарихта аспаннан балық, бақа жауған деген деректер бар. Ол-құйынның әрекеті.

Өрттер. Жер шарында қуаңшылық жылдары Африка, Аустралия, Орта Азия, т.б. жерлерде жиі болып тұратын өрт – өте қауіпті табиғат апаты. Ол көбінесе адамның әрекетінен болады. Табиғи өрттердің көзі – найзағай.

Орманда болатын өрттер өте қауіпті. Соңғы жылдары Қазақстан аумағында таулы ормандарда өрт жиі болуда оның себебі, демалушылардың жауапсыздығы. Сондықтан әрбір азамат, туристер тобы орман – тоғайларда демалғанда «Өрт қауіпсіздігі» ережесін бұлжытпай орындауға міндетті. Арнай өрт қоюшылар біздің елімізде және басқа елдерде де қатаң жауапқа тартылады.
Ғарышта Жердегі апаттарды болжайтын жүйе пайда болады

Ғарыштық сынақ барысында оның көмегімен Жер атмосферасының жоғарғы қабатындағы плазмалы-толқынды құбылыстар зерттеледі. «Мұндай зерттеулер жер сілкіністері мен басқа да болуы мүмкін табиғи апаттарды алдын ала болжау жөнінен адамзатқа үлкен пайдасын тигізеді»

 IV. Жаңа сабақты бекіту:

 Сәйкестік тест

Су тасқыны

Жер сілкінісі

Жанартау атқылау

 1.Көктемде

2.Таулы аудан

3.Арнасынан асуы

4.Ауаға зиянды газ шығу

5.Өрт туындау

6.Жолдағы заттарды ағызып әкету

7.Теңіз, өзен, көл жағалаураында болады

8.Сейсмикалық аймақ

9.Зілзала

 Жаңа сабақты қорыту

Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт және географиялық орта болып саналады. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештене болуы мүмкін емес», деген екен оқу тәрбие мәселесіне көңіл бөлген жазушы, философ, психолог – ғалым Жүсіпбек Аймауытов. Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласында мейірімге бөлек, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады.

Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,

Ренжітсең, күрсініп, жылып та алар.

Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар- дейді ақын жүрек.

Адам – табиғат перзенті. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп танданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, тісімен құс тістеген, ақындар мен шешендер бүкіл қазына-байлықтың қымбаттысы-табиғат күйін ғибрат сөздеріне, толғау-термелеріне арқау еткен.

 Табиғат туралы мақал- мәтелдер.

Мақал-мәтелдер (халық даналығы)

1.Жердің көркі тал болар,елдің көркі мал болар.

2.Көлдің көркі құрақ,таудың көркі бұлақ.

3.Көліне қарай қазы, жеріне қарай сазы.

4.Сулы жер – нулы жер,бұлақты жер-тұрақты жер.

5.Гүлсіз жапырақ тұл,көксіз топырақ тұл.

6.Сулы жер құрақсыз болмас,таулы жер бұлақсыз болмас.

7.Қыстағы қар – жерге ырыс,жердегі ылғал- елге ырыс

8.Ағын суда арамдық жоқ.

9.Жері байдың –елі бай

10.Көл жағалаған аштан өлмес.

11.Көлдің құты кетсе, құтаны үш күн бұрын кетер.

12.Жеріне қарай жыланы,тауына қарай құланы.

13.Көл бұрқанса жар құлайды.

14.Тау кезеңсіз болмас,өлке өзенсіз болмас.

15.Тамшыдан тама берсе дария болар.

 Жұмбақтар

«Полиглот»

Жарқ етсе сабау қамшы,

Нөсерлетіп жауар тамшы. (Найзағай, .............................................

 Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады. (Бұлт, )

 Жүйрік өзі тұлпардан

Ұшқыр өзі сұңқардан.

Күні – түні жүйіткиді,

Кең далада бір тарлан. (Жел, )

 V. Оқушыларды бағалау.

Бағалау парағы

Соңы

Қорытындылау:

 Үйге тапсырма

 Кескін картаға Еліміздегі қауіпті құбылыстар жиі орын алатын аумақтарды түсіру

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Биосфера-жердің тіршілік қабаты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушыларға барлық тіршілік процестерінің біртұтастығы , биосфера шегіндегі тіршіліктің сан қырлы процестері туралы білім беру. Биосфера туралы төменгі сыныптарда алған білімдерін кеңейте отырып, биосфера құрылымы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқушылардың көпшілігі:

Оқушылардың кейбірі:

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері:

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жазбаша тапсырмалар:

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.)

-      Құрлық суларының қандай түрлері бар?

(өзен, көл, мұздық, батпақ, жер асты суы)

-          Көлдердің шығу тегіне қарай қандай түрлерге бөледі? (тектоникалық, мұздық, мұздық тектоникалық, қалдық, жанартаулық, карсты)

-          Атмосфера қандай қабаттардан  тұрады?

Ортасы

Жоспар: 

  1. Биосфера туралы түсінік.

  2. Биосфераның құрамы мен құрылымы.

  3. Даму кезеңдері. Ноосфера ұғымы.

  4. Биосфераны қорғау проблемалары.

Биосфера туралы түсінік.

Биосфера – Жердің «тіршілік қабығы» деп аталады. Биосфера терминін ғылымға 1875 ж алғаш аустралиялық ғалым Э.Зюсс енгізген болатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В.И.Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды.

Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераның және литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік шеңберінен шығып, кеңістік бойымен емін-еркін таралады. Биосфераның төменгі және жоғарғы шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі толық мәлімет жоқ. Тірі организмдер атмосфераның төменгі бөлігінде 100 м биікке дейін өте тығыз орналасқан. Биосфераның жоғарғы шекарасын азон қабаты (25-30 км), төменгі шекарасын дүние жүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаны арқылы жүргізеді.

  1. Биосфераның құрамы мен құрылымы.

Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің құрамындағы химиялық элементтер: сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний. Олар биофильдік элементтер деп аталады. Тірі организмдер мен олардың тіршілік ортасы өзара тығыз байланысады. Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: флора мен фауна. Жер шарының биомассасының жалпы салмағы Жердің биомасса материктер мен мұхитарда да біркелкі таралмаған материкердегі биомасса мөлшері дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседен көп. Тірі организмдер жер шарындағы биологиялық зат және энергия айналымын жүзеге асырады. Биологиялық айналымының аталған кезеңдерін жүзеге асыруға қатысатын тірі организмдер үш үлкен топқа бөлінеді:

1)         продуценттер (өндірушілер) – бейорганикалық заттардан органикалық зат түзушілер, яғни өсімдіктер;

2)         консументтер (пайдаланушылар) – түзілген бастапқы органикалық затпен қоректендіретіндер (жануар, саңырауқұлақ)

3)         редуценттер (қалпына келтіруші) – осыған дейін түзілген тірі организмдердің тіршілік өнімдерін және олардың қалдықтарын бейорганикалық затқа ыдырататын микроорганизм. Жасыл өсімдіктер бір жылда 480 млрд астам көмірқышқыл газы мен суды бойына сіңіріп, 248 млрд оттекті атмосфераға шығарады. Жерде ағзаның 3 млн астам түрі бар. Тірі ағзалар бөлінеді:

-          өсімдіктер әлемі;

-          жануарлар әлемі;

-          саңырауқұлақтар әлемі;

-          бактериялар әлемі;

 Венн диаграммасы

Биосфера туралы ілім қашан пайда болды?

Биосфера құрамы неден тұрады?

Оқушылар венн диаграмма толтырады

Соңы

Қорытындылау:

«Биосфера» сөзжұмбағын шешу.

  1. Жердің тіршілік қабаты

  2. Ауадағы ылғалды өлшейтін құрал.

  3. Бейорганикалық заттардан органикалық зат түзуші өсімдіктер

  4. Тропосфера үстіндегі 
    ауа қабаты

  5. Жарық энергиясының әсерінен жасыл өсімдіктерде бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуші

  6. Қазақстан аумағындағы дала және шөл зонасының арасында орналасқан табиғат онасы

  7. Өсімдік топырағында болатын жасыл пигмент

  8. Саваннада өсетін белгілі ағаш

Үй тапсырмасы:

«Биосфера және тіршілік» тақырыбында реферат жазып келу

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Өсімдік-жер шарының өкпесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өсімдіктерді күту тәсілдерін сипаттай алады

Оқушылардың көпшілігі:қоршаған ортаның құбылыстарына бақылау жүргізеді

Оқушылардың кейбірі: алған білімдерін өмірде қолдана алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: өсімдік, гүлдер, тамыр, жапырақ

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: өсімдіктің пайдасы

Талқылауға арналған сұрақтар: өсімдіктерді қалай күту керек

Жазбаша тапсырмалар:

Зертханалық жұмыстар

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Психологиялық дайындық:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.

Ортасы

Табиғат ол бізді коршаған орта, байлыктың көзі. Табиғат - күллі  тіршілік атаулының кұтты коныс-мекені, алтын ұя тал бесігі. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адам біртұтас, бір-бірінен бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уакытта зиян тигізбеген.

Жалпы табиғат — күллі тіршілік  атаулының  құтты  коныс-мекені, алтын ұятал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау - баршамыздың міндетіміз. Халқымыздың мактанышы болып саналатын     ғалым, этнограф, зерттеуші Ш.Уәлиханов былай деген екен: "Табиғат пен адам егіз! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап,олардан кұпия не бар?!  Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды,өсімдіктер мен шөптерді, ағаштарды, көшпелі тұрмыска қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, кұт әкеледі".

Шынында да халқымыз табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді "әулие бұлақ", "әулие ағаш"  деп бағалаған. Осындай қасиетті "әулие бұлақта", "әулие ағашта", адамға пайдасын тигізетін емдік өсімдіктер мен шөптерде біздің жергілікті жерімізде кездеседі.

Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз жергілікті жерімізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.

Табиғат - асыл қазына, адамға баға жетпес байлық. Осы байлықтарды қорғап, оны мұқият сақтай білу бәріміздің міндетіміз.

Тест
1. Өсімдіктердің жер асты мүшесін тап.
а) сабақ
ә) жапырақ
б) гүл
в) тамыр
2. Өсімдіктің тыныс алу мүшесін тап
а) тамыр
ә) сабақ
б) жапырақ
в) гүл
3. Өсімдік бөліктерін ретімен тап
а) жапырақ
ә) гүл
б( сабақ
в) тамыр
г) жеміс
4. Тірі табиғатқа не жатады?
а) жаңбыр, қар
ә) торғай
б) ай
5. Табиғат заттарын ата
а) шкаф, телефон
ә) саз, топырақ
б) аяқ - киім

Өсімдіктерге байланысты мақал – мәтелдерді аяқтау.
* Бір тал кессең,
Он тал ек.
* Ағаш көркі - жапырақ,
Адам көркі - шүберек.
* Білім басқа бітеді,
Қына тасқа бітеді.
* Алтын, күміс тас екен,
Арпа бидай ас екен.

Өсімдіктің маңызы қандай?
Өсімдік - таза ауа, баспана, қорек, демалыс орны, тағам, жиҺаз, дәрі - дәрмек

Сергіту (қимылмен)
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Қызыл - жасыл гүлдері
Көздің жауын алады
Үзіп - жұлмай бекерге
Аялайық біз оны!

Өсімдік - тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.
Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады.
Адамның түрлі іс - әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері - орманды кесу. Кешенді әсері - ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау - бақшаны, егістіктерді жояды. Ойланбай істелетін іс - әрекеттері - шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып, өсімдіктерге зардабын тигізеді. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттің 70%- зы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктер, оларды сақтау туралы айтып өту.

Соңы

Қорытындылау:

Топтар гүл отырғызады.

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушылардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін жетілдіру, көбірек тараған өсімдіктер түрімен таныстыру, бөлме өсімдіктерін дұрыс күтуге үйрету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: бөлме өсімдіктерінің түрлерін біледі

Оқушылардың көпшілігі:практикалық жұмыстар орындай алады

Оқушылардың кейбірі: бөлме өсімдіктерін көбейтіп, күтім жасай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: бөлме гүлдері, күтім жасау

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: бөлме гүлдеріне қандай күтім жасау керек

Талқылауға арналған сұрақтар:

Үйде қандай бөлме өсімдіктерін өсіресің?

Жазбаша тапсырмалар:

Зертханалық жұмыстар

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап,
Айдай арайланып,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастаймыз!

Ортасы

Қызығушылықты ойяту.

 Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты, ол басқа жаққа кетсе, қатты сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді.

Онда балалар біздің жаңа сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктері болмақ.

Ой-толғаныс:

Сұрақ қойылады:

Бөлме өсімдіктері дегеніміз не?

Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреміз?

Білетін бөлме өсідіктерін ата:

Дұрыс балалар! Әрбір отбасы өзінің алтын шаңырағы – пәтерін, жеке үйін сәндегенді, көріктендіргенді қалайды. Содан біреулер үй ішіне қылқалам шеберлерінің туындыларын, қолөнер бұйымдарын ілсе, өзгелер бөлмелерді қымбат жиһаздарға толтырады. Басқа отбасылар бөлмелерінде темір тор ішінде тотықұстарды ұстауды немесе аквариумдарда алтын түстес, өзге де түр, тұлғадағы балықтарды өсіріп, көбейткенді ұнатады. Тіпті, біздер бөлмелерінің қабырғаларына қару-жарақтарды іліп қойған отбасылардың да үйінде болған едік. Әйтеуір, әркім өз талғамы, таным-түсінігіне сәйкес пәтерін, үйін әрқилы әдемілеуге әуес. Тек, солардың қай-қайсы да үй өсімдіктерін өсіруге, онымен бөлмелерді көркейтуге қарсы емес. Бұл қай халықта да қазір үй өсімдіктерін өсірудің тұрмыстық салт-дәстүрге айналғанының жарқын көрінісі болса керек.

Б)Баяндама оқу.

Өсімдіктер тарихы.

Интерьерді көгалдандыру үшін 3000 астам өсімдік түрі қолданылады. Олардың көбі субтропиктік белдеуден әкелінген. Бөлме өсімдіктерінің 19% Оңтүстік Америкадан әкелінген тропиктік өсімдіктерден құралады. Олар: бегония, монстера, юкка, пастифлора. Өсімдіктердің 17,6% Оңтүстік Африкадан шыққан түрлер құрайды. Олар пеларгония, хлорафитум, Орталық Америка, Мексика, Вест-Индия, бөлме өсімдіктерінің 13,8% берді. Олар ;кактус, пуансеттия, кейбір суккулентті өсімдіктер. Барлық өсімдіктердің 13,5% тропиктік Азиядан(Үндістан, Үндіқытай). Олар: патша бегониясы, каучукті фикус, кодеум, архидея. Жерорта теңізі маңынан шыққан өсімдіктер 9,8%-ды құрайды. Олар: гранат, қоңыраубас, лавр,хамеропс пальмасы, т.б. Оңтүстік Американың субтропиктік белдеуі 5,8%-ды құрайды. Солтүстік Мексика 5,5% құрайды: традесканция, руэллия. Африканың тропиктік өсімдіктері 5,1%-құрайды: кофе ағашы, драцена, сансевирия. Шығыс Азиядан таралған 3,2%-ды құрайды: адалия, аспидистрия, аукуба, камелия, фатсия. Австрия мен Жаңа Зеландия 3,1%-ды құрайды: араукария, корделина. Орта Азия мен Канар аралдары 3,6%-құрайды: фикус немесе инжир, канар құрмасы.

Адамзат дамуының алғаш-қы дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олар-дың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.

Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипа-лық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.

Соңы

Қорытындылау:

Бөлме өсімдіктері өте пайдалы. Олар бөлменің ауасын тазартады, ондағы көмір қышқыл газын сіңіріп, оған оттегін бөліп шығырыды. Ал егер өсімдіктердің көлемі үлкен болып, бөлмеге жарықтың енуіне кедергі жасаса, ол зиянды. Сондай ақ өсімдіктер күтілмесе, онда оның жапырақтары «шаң-тозаң жинағышқа» айналып, түнде олар да оттегін сіңіреді. Сөйтіп, бұл жағдайлар өсімдіктердің пайдасынан гөрі зиянын арттырып, бөлме ауасын «тарылтады». Сондықтан бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының шаң-тозаңдарын ылғалды шүберекпен сүртіп, тазартып отыру қажет.Үй өсімдіктерін бөлменің кез-келген жеріне қоя салмай, олар өсіп тұрған ыдыстарды тиімді де ыңғайлы әрі сәнді етіп орналастырудың маңызы зор.

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы терең мағлұмат беру, білімдерін кеңейту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: дәрілік өсімдіктің кейбір түрімен таныс

Оқушылардың көпшілігі:мәліметтер жинақтай алады

Оқушылардың кейбірі: сабақта алған білімін өмірде қоланады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: адыраспан, сарымсақ, жуа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: адыраспанның қандай пайдасы бар?

Талқылауға арналған сұрақтар: сарымсақтың пайдасы неде?

Жазбаша тапсырмалар:

Зерттеу жұмыстары

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

1.Өсімдік өсу үшін қандай жағдайлар керек ?

2.Өсімдік жыл мезгілдеріне байланысты қандай күйге ұшырап,

қандай түседі?

3.Өсімдіктің адамға пайдасы?

4.Қандай қасиеттері бар?

5.Күн күзінің өсімдіктерге берер пайдасы?

6. «Сусыз тіршілік жоқ»,- деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Ортасы

Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олар: шайқурай, қалақай, түймедағы, мыңжапырақ, таушымылдық, бөріқарақат, шырғанақ, итмұрын, жусан және тағы басқалар. Шырғанақтың жемісіне күйікке және жараға жағатын май алынады. Итмұрынның жемісінен дәруменге бай дәмді қайнатпа және шырындар жасайды. Таңқурай жаңа піскен, кептірілген, тоспа түрінде өте пайдалы. Оны суық тиген кезде шайға салып ішу керек. Шай қурайды халық 99 аурудың емі деп санайды. Онда пайдалы заттар өте көп. Жұпар гүл ас қорытуды жақсартады, суық тигенде көмек теседі. Бұл өсімдіктің атауының өзі оның жұпар иісі туралы айтып тұр. Жұпар гүлдің шайға қоссаң, ерекше дәм және қош иіс береді. Жолжелкеннің жараны емдеп жазуға көмегі көп. Жолжелкенді жапсырып қойсаң, тез жазылады. Жолжелкеннің шырынынан жөтелді басатын дәрі дайындайды.

Адыраспанның пайдасы.

Халық медицинасында пайдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі - адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған. Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік.  Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гарминалколойдтер бар.

Емдік қасиеттері: Емдік мақсатта адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы «УарауАспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен.  Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі-дәрмекке пайдаланып келеді. Қазақ халқы бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын емдейді

Жуаның, сарымсақтың пайдасы.

Жуа. Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан.  Құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде адамға  жуа   ерекше пайдалы. Біріншіден, тәнге С витаминнің  күндік қажетін қанағаттандыруға  көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және  қырқұлақ ауруы на қарсы заттарға бай. Жуаның құрамын-дағы фитонцидтер іріңді және ауыртатын микробтарды жояды, ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылығын күшейтеді.

Баспамен ауырғанда гайморитте, мұрын бітелгенде жуаның фитоцидімен (иісімен) дем алады. Жуаның шырыны жөтелде қақырықтың бөлініп шығуына жәрдемдеседі. Жуаның шырынын ара балымен немесе қантпен араластырып ішсе, жөтелге, туберкулезге ем. Ол және ас қорыту кезіндегі іріткіш үдеріс-терді басады, зиянды микроағзалардың дамуына кедергі жасайды.Үгілген жуа шырынын жараны, ойық жараны жазатын ем ретінде, теріні қышытатын қабынуларды басуға дәрі ретінде қолданады.

Сарымсақ. Сарымсақтың пайдалы да шипалы екенін барша жұрт біледі. Сөйте тұра ешкімде оның иісін жақсы көрмейді. Дегенмен, дәрігерлер әр адамға күнделікті тамақпен қоса бір сарымсақ жеуге кеңес береді. Оны турап, үгітіп, немесе бір бөлігін бүтіндей жеу керек. Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактерияларды құртады екен. Сарымсақтың ежелден белгілі қасиеттері: тәбетті ашады, бас ауруын басады және салқын тигенге ем. Сондай-ақ ревматизм, гепатит, қырқұлақ ауруларына, баспаға, тұмауға қарсы, зәр жүргізгенге, қақырық түсіруге қолданылатындығы халық емшілігі әдістерінде бар. Кейінгі кезде сарымсақтың қанның артериялық қысымын азайтып, қандағы холестерин деңгейін  төмендететіні, қан тамырларында тромбылардың пайда болуына қарсы әрекет ететіні мәлім болады.Біздің заманымыздың керемет кеселдерінің біріне айналған аллергия да сарымсақтан сескенеді екен. Оның бір бөлігін алып, бір-екі қасық қайнаған суға үгітіп, езіп алып тамақтан кейін күніне 3-4 реттен қабылдаса, бір аптадан кейін-ақ адам сауығып кетеді.Мұндай ем тіпті демікпе мен аллергиялық сипаттағы тері бөртпелеріне шипалы көрінеді.Бір бөлік сәбіз шырынын, белгілі бір мөлшердегі өсімдік майын және бірер тамшы сарымсақ шырынын мұқият араластырып, мұрынға күніне бірнеше рет тамызып отырса, күзде-көктемде салқын тигенде, тұмауға қарсы ем екен.Кешкілік көзі көрмейтіндерге малдың 100 грамм таза бауырына сарымсақтың екі–үш үлесін қосып, күніне бір реттен екі апта жегізсе, көздің көруі жақсаратын болады.

Дидактикалық ойын арқылы. «Үйіне орналастыру»

Берілген өсімдіктердің ішінен дәрілік өсімдіктерді тауып, өз орнына орналастыру.

Сарамандық жұмыс

Дәрілік өсімдіктердің суреттерін салу

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Сергіту сәті:

Қане, қане балалар (Балалар тұрады)

Шаршағанда ырғалып (тербеліп тұрады)

Гүлге ұқсап демалам (отырады)

Жұпар иісін бір искеп (мұрнымен демді ішіне тартып, шығарады)

Гүлдей болып жайқалам (Қолдарын жоғары көтереді)

Жаңа сабақты бекіту

Жұмбақтар шешу арқылы

  1. Өзіне шап-шақ,

Киген қалпағы аппақ,

Балалар тұр қаптап. (бақбақ)

  1. Саздауыт жерде өседі,

Хош иісі аңқыған,

Шипа өсімдік деседі. (Жалбыз)

3. Бұтағы ілген үлпершек,

Іші нәрлі қызыл сөл,

Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген)

Үй тапсырмасы.

Өз жерімізде өсетін дәрілік өсімдіктердің суреттерін салып келу.

Соңы

Қорытындылау:

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Көкөністердің түрін ажырата білу және олардың пайдасын анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: көкөністер мен жемістердің түрлерін ажырата алады

Оқушылардың көпшілігі: мәліметтер мен жұмыс істей алады

Оқушылардың кейбірі: зерттеу жұмыстарын жүргізе алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: картоп, пиязғ капуста, қызанақ

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:көкөністердің пайдасы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жазбаша тапсырмалар:

Зерттеу жұмыстары

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

Балалар, мына көрініске назарларыңды аударыңдар.
-Бұл суреттерде не көріп тұрсыңдар? Өз ойларын ауызша жеткізу.
-Осы молшылық қай кезде болады?
- Біз бүгін нелер туралы әңгімелейміз?
Мына мақалды қалай түсінесіңдер? 
«Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды»
«Көкөністердің таласуы»

Сахналық көрініс
Мәтін тыңдаймыз 
Көкөністер – бағалы тағам. Көкөністерде адам оғзасына қажетті дәрумендер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп – крахмалға, қызылша – қантқа бай, қырыққабатта С дәрумені, ал сәбізде –А дәрумені көп, рауғашта органикалық қышқылдар басым, көк бұршақ -белоктарға, аскөк – хош иісті заттарға бай. 
Тыңдап түсінгенді ауызша жеткізу.

Мәтінді оқимыз, жаңа мәлімет аламыз.
Рауғаш (ревень) - алғашқы көктемгі жемістердің бірі болып табылады. Оның құрамында магний, калий, кальций, темір, фосфор, натрий, В тобының дәрумендері, С дәрумендері мен каротин бар. Тамаққа оның жасыл немесе қызыл түсті сабақтарын қолдану үшін өсіріледі. Оның өзгеше қышқыл және шөл басатын дәмі бар. Одан шырын, компот жасайды. Ол ас қорытылуына мүмкіндік туғызады, гастритті емдейді, тәбетті жақсартады. Біздің елде бұл көкөністің пайда болуы, Волга жағалауынан басталады. 
Деңгейлік тапсырмалар орындау.
3-деңгей
1) Мына сөзге тәуелдік жалғауды жалғаңдар: рауғаш
2-деңгей
1) Мына сөзді септеңдер: рауғаш
2) Жұмбақтарды шешіп, жауаптарынан сөз тіркестерін құрастыру (сын есімдерін қолданамыз), салыстырмалы шырай жасау, сөйлем құрастыру. 
3) Мысалы: қызылша- пайдалы қызылша, пайдалылау. Қызылша пайдалы, сәбіз пайдалылау.
1-деңгей
1. Сөйлесу. Дүкенге барайық.
2. Мына суреттерді сөйлету, пікірлесу.

Дәптерге жазу.
1. Көкөністер күннің сәулесінен қуат алып, жылуынан құнарланып, гүлдеп, түйнек салады, жеміс береді.
2. Тағамға олардың әртүрлі мүшелерін (жемісін, сабағын, жапырағын, тамырын) пайдаланамыз.
«Базарға барайық» ойыны.
1. Көкөніс қайда? (Бау-бақшада)
2. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)
3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)
4. Қияр, қызанақ неден пайда болады? (Жеміс гүлінен)
5. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқым себу арқылы)
6. Тығыз оралып өскен жапырақты не деп атаймыз? (Орамжапырақ)
7. Көкөністердің құрамында қандай дәрумендер кездеседі?(әртүрлі)
8. Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?(қияр, қызанақ...)
9. Көкөністерді қалай күтіп өсіреміз? (құнарлы топырақ, суару арқылы, арапшөп жұлу...)
10. Көкөністерді жылдың қай мезгілінде отырғызады? (көктем)
11. Көкөністерді қай мезгілде жинап алады?(күзде)
12.Көкөністерден нені дайындайды?
13. Қандай көкөністерді сақтауға, тұздауға болады?

Соңы

Үй жұмысын тапсыру. «Менің сүйікті көкөнісімнің пайдасы» туралы эссе жазу, презентация жасау.

Қорытындылау:

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Қазақстандағы эндемик өсімдіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Қазақстандағы эндемик өсімдіктермен таныстырып,ерекшеліктеріне тоқталу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өсімдіктер әлемімен таныс

Оқушылардың көпшілігі:мәліметтер жинай алады

Оқушылардың кейбірі: зерттеу жұмыстарын жүргізеді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: эндемик өсімдіктер, түрлері

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: өсімдіктерді қалай күту керек?

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жазбаша тапсырмалар:

Сарамандық жұмыстар

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

Эндемик (грек. endemos – жергілікті) – жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар.

Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар (қ. Фактор) әсер етеді. Мысалы, Әулие Елена аралында кездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды.

Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады.

Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 – 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңт-нде өсетін өсімдіктердің 165 – 170-тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы; Қаратау қауыҚаратау маралтамырыІле ұшқатыАлатау бөденешөбіБетпақдала сылдыршөбіҚарқаралы бөрі қарақатыТарбағатай кемпіршөбі, т.б

Эндемик өсімдіктерге мысал

Алтын тамыр

Таулы аймақтарда кездесетін эндемикалы өсімдіктер

және олардың биологиялық ерекшеліктері

Құртқашаш – көп жылдық, жер асты сабақты шөп тұқымдас өсімдік.  Құртқашаш бірнеше түп болып орналасады. Жапырағы жалпақ, орақ сияқты, гүл ірі, өрген шаш тәрізді.  Бұл өсімдіктің ерекше бір қасиеті-вегетивті түрде жер асты сабақтарын көбейте алатындығы. Қазақстанда құртқашаштың 21 түрі өседі. Соның ішінде сирек кездесетін екі түрі – касатик Людвига және касатик Альберта. Біріншісі тек Шығым Қазақстан облысында, Бұқтарма өзенінің жағалауында және Нарым жотасының етектерінде, Қатон-Қарағайда кездессе, екіншісі тек Іле-Алатауының жоталарында ғана өседі. Құртқашаш әсем өсімдіктер қатарына жатады.

Бадам (миндаль) – раушан гүлдері тұқымдасына жататын жеміс ағашы. Қазақстанда бұл өсімдіктің екі түрі – Ледебура және Перунникова бадамдары таралған. Біріншісі Алтай және Тарбағатай тауында кездеседі де, екіншісі Батыс Тянь-Шаньда, Шатқал, Піскем және Өгем жоталарында ғана өседі. Бадам (миндаль) биіктігі екі метрге дейін баратын бұталы өсімдік. Сабақтары бұтақты, бұтақтары қысқа, жапырақтары ірі келеді. Ұзындығы 2,5-7,5, ал көлдеңені 2 см. Мамыр, маусым айларында жапырағы шығысымен гүлдейді.  Гүл қызғылт түсті әсем өсімдік. Шілденің басынан тамыздың орта кезіне дейін жеміс береді. Бадам – жылу мен жарық сүйгіш өсімдік. Қуаншылық пен суыққа да төзімді.

Асаймұса – биіктігі 2-3 метр бұтақты өсімдік. Сабағының қабығы боз, май айында гүлдейді., тамызда жеміс береді. Асаймұса өте әсем  өсімдік. Қазақстанда асаймүса тек Талас Алатауында, Шатқал жотасында және Қаратауда таралған. Бұл бұта көбінесе құрғақ және сортаңдау жерлерде өседі. Асаймұсаның ағашы ұсақ-түйек қажетке жұмсалады.

Соңы

Қорытындылау: «Қазақстанның эндемик өсімдіктері» тақырыбына реферат жазу

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Жануарлар әлемі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Үй жануарлар, аңдар, құстар, балықтар туралы түсініктерін, оларды осы тақырыпқа қатысты білімдерін молайту. Жануарлардың сан алуандығы, олардың тіршілігі туралы түсінік беру. Жануарлар жайлы қызықты мәліметтер беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жануарлардың түрін ажырата алады

Оқушылардың көпшілігі:жануарлардың пайдасын біледі

Оқушылардың кейбірі: талдау жұмыстарын жүргізе алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: аңдар, құстар, балықтар

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: үй жануарлары, жабайы жануарлар

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жазбаша тапсырмалар:

Мәліметтерді саралап, жинақтау

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

І. Ұйымдастыру кезеңі

II. Сайыс кезеңдері:

1. Ұйымдастыру (сайысқа  қатысушыларды топқа бөлу)

2. «Сиқырлы шаршы»

3. «Қызықты сұрақтар»

4. «Кім жылдам» (жануарлардың дауысын тап)

5. «Жануарларға қамқорлық»

6. «Менің сүйікті жануарым» мозайка әдісі

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Жануарлар әлемі» атты ашық сабағына қош келдіңіздер.

Бүгінгі жастар-еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, таным қызығушылықтарын дамытатын, шығармашылыққа шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын сайыс сабағымызды бастаймыз.

Ойынға 2-топ қатысады. Ұпайды көп жинаған топ сайыстың жеңімпазы болады.

«Атом және молекула» ойыны (топқа бөлу)

Шарты:Оқушылар айнала шеңбер болып тұрады. Оқушыларға «атом» дегенде әртүрлі қимылдар жасау тиіс. Содан кейін «молекула 2» дегенде тез екі жұбын табады. Осылай 3,4,5 деп оқушылар жұбын тапқанша айналады. Жұбын тапқан 5 молекула (оқушылар), бір топ. Келесі жұбын тапқан молекулар (оқушылар) екінші топтың құрамы болып бөлінеді.

Мінекей,«Атом және молекула» ойыны арқылы оқушылар екі топқа бөлінді. І-топ: «Жасқыран»

ІІ-топ «Барыс».

Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Құстарды зерттейтін ғылым?

  2. Құстардың Қазақстанда қанша түрі кездеседі?

  3. Қандай жыртқыш құстарды білесіңдер?

  4. Құстардың адам үшін маңызы қандай?

Зоологияның негізін салушы гректің ұлы ғалымы және ойшысы Аристотель (біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда, 384-322 ж.). Ол өзінің "Жануарлар тарихы", "Жануарлардың дене бөліктері туралы", "Жануарлардың пайда болуы туралы" деген еңбектерінде жануарлардың 454 түрін сипаттаған. Аристотель жануарларды екі топқа бөлген:

1) қаны бар жануарлар, 2) қаны жоқ жануарлар.

Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар. Жануарларды зерттейтін ғылым саласы – «зоология»-деп аталады.

Жануарлар туралы қызықты мәліметтер

  1. Түнде сауылған сиыр сүті ұйықтататын дәрі сияқты әсер етеді.

  2. Қолтырауынның майы жасыл түсті болады.

  3.  Кейбір қарлығаш ұшып жүріп ұйықтайды екен.

  4. Кенгуру мен Эму артқа қарай жүре алмайды.

  5. Төрт тізесі бар жалғыз аң – піл.

  6. Бегемоттар су астында туады.

  7. Колибри жүре алмайды.

  8. Шегірткенің қаны – ақ түсті.

  9. Ұша алатын жалғыз сүт қоректі – жарқанат.

  10. Өзін өзі айнадан танитын жалғыз аң – шимпанзе.

  11. Иттің шынтағы бар.

  12. Басымен тұра алатын жалғыз аң – піл.

  13.  Жолбарыстың жүні ғана емес, терісі де жолақ.

  14. Жылқының сүйегі адамдікінен 18-ге артық.

  15.  Жердегі жануарлардың ішінде ең жүрегі үлкен аң – керік.

  16. Жердегі жануарлардың ішінде ең қан қысымы жоғары аң – керік.

  17. Жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс – пингвин.

  18. Еңкеймей, тікесінен тік тұрып жүретін жалғыз құс – пингвин.

  19.   Зебра – қара жолақтары бар ақ аң.

  20.  Керіктің тілі – қап-қара.

  21.   Мысықтың жақтары көлденең қозғалмайды.

  22.  Дельфин бір көзін ашып ұйықтайды.

  23. Түйеге қарағанда егеуқұйрық шөлге төзімдірек.

  24.   Жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады.

  25.   Ұлудың тістері тамақты майдалау үшін, тілінде орналасқан.

  26.  Бүйі екі жылға дейін, кенелер он жылға дейін қорексіз өмір сүре алады.

  27.   Бассыз таракан тоғыз күнге дейін өмір сүреді, содан кейін аштан өледі.

  28.  Көбелек тамақты алдымен аяғымен байқап көреді.

  29.   Секіре алмайтын жалғыз аң – піл ғана.

  30. Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды.

Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.

Антропогендік факторлар дегеніміз - бұл адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, қоршаған орта және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторлар.

І-кезең: «Сиқырлы шаршы»

«Сиқырлы шаршы» ішінде жануарлар, құстар, жәндіктердің аттары жасырылған. Тор көзде жасырылған жануарларды жылдам табу қажет.

ІІ-кезең: «Қызықты сұрақтар»

І-топ

  1. Денесіне қарағанда миы үлкен жәндік? ( құмырсқа)

  2. Секіре алмайтын жалғыз аң? (піл)

  3. Еңкеймей, тікесінен тік тұрып жүретін жалғыз құс? (пингвин)

  4. Жыландар қоректенбей неше жыл ұйықтай алады? (3)

  5. Ұлудың тістері қай жерінде орналасқан және неше мың тісі бар? (тілінде орналасқан 25000 тісі болады)

  6. Қандай жануар мен құс мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады? (Қоян мен тотықұс)

  7. Ешқанашан ұйықтамайтын жәндік? (құмырсқа)

  8. Түйеге қарағанда қай кеміргіш шөлге төзімдірек? (егеуқұйрық)

  9. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4)

  10. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?  (Соңғы алған бала дорбасымен бірге алды)

ІІ-топ

  1. Тауық жылына, орта есеппен қанша жұмыртқа басып шығарады? (180)

  2. Әлемдегі ең кішкентай аяғымен жүре алмайтын құс? (колибри)

  3. Жердегі жануарлардың ішінде ең жүрегі үлкен аң? (керік)

  4. Түйенің өркеші бола тұра, оның омыртқасы қалай орналасқан? (түзу)

  5. Бүйі екі жылға дейін, қай жәндік он жылға дейін қорексіз өмір сүре алады? (кене)

  6. Ұша алатын жалғыз сүт қоректі? (жарқанат)

  7. Өзін өзі айнадан танитын жалғыз аң? (шимпанзе)

  8. Өзінің салмағынан 40 есе затты көтеретін жәндік? (құмырсқа)

  9. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? (Сейсенбі )

  10. Бір айда 5 жексенбі бола ма? (Болады)

ІІІ-кезең: «Кім жылдам»

Интерактивті тақтада жануарлар дүниесінің суреттері тұрады. Оқушыларға mp3. арқылы жануарлардың дауысы беріледі. Оқушылар қай жануардың дауысы екенін табу қажет.

  1. Аю

  2. Барыс

  3. Гиена

  4. Қасқыр

  5. Піл

  6. Түйе

  7. Шимпанзе

  8. Шибөрі

  9. Түлкі

  10. Панда

ІV-кезең: «Жануарларға қамқорлық»

Шымкент қалалық зообағының маманы А.Егембердиев - зообақтағы жануарлардың қазіргі жағдайы, олардың түрлері, экзотикалық жануарлар жайында түсініктеме беріп өтті.

V-кезең: «Сүйікті жануарым» мозаика әдісі

Мақсаты: Оқушылардың ойша жұмыс істей білуін, қиял ұшқырлығын және ойлау қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізе білуге тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік – рухани бағдарларын анықтау.

Шарты:Берілген ватман қағазына түрлі-түсті қағаз қиындыларынан баланың ойындағы аң патшасының символын бейнелеу

Соңы

Қорытындылау:

Табиғатты аялайық, жануарлар дүниесіне әрқашанда қамқор болайық, сол кезде сирек кездесетін жануарлар саны көп болады.

Кері байланыс

  • Не білдім?

  • Не білгім келеді?

  • Бүгінгі күнге тілегім.

Үйге тапсырма

Біздің өлкеде мекендейтін жануарлар туралы эссе жазып келу.

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Қазақстандағы қорықтар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Қазақстанның қорықтарымен танысу. Қорықтардағы қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар туралы оқушыларға мәлімет беру. Оқушылардың өздері дайындап келген қорықтары туралы пікір таластыру арқылы балалардың сөйлеу тілдерін дамытып, ой - өрістерін кеңейту. Балаларды табиғат байлықтарын сақтауға, қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: қорықтар туралы мәлімет біледі

Оқушылардың көпшілігі:мәлімет жинақтай алады

Оқушылардың кейбірі: зерттеу жұмыстарын жүргізе алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: аңдар, құстар, жануарлар, өсімдіктер

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жазбаша тапсырмалар:

Зерттеу жұмыстары

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Психологиялық дайындық.
Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр, солармен сәлемдесіп алайық.

Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыздар ма, қонақтар!
Сабағымызды бастайық.
Жамандықты тастайық.

Ортасы

 Балалар, қазақстанда неше қорық бар?
Қане, атап жіберейікші.

Қорықтар:
1) Ақсу – Жабағылы қорығы
2) Барсакелмес қорығы
3) Марқакөл қорығы
4) Үстірт қорығы
5) Батыс Алтай қорығы
6) Алакөл қорығы
7) Қорғалжың қорығы
8) Алматы қорығы
9) Наурызым қорығы

Оқушылар өздері дайындап келген қорықтары жайында әңгімелеп айтады.

I – топ Ақсу – Жабағылы қорығы, Наурызым қорығы, Алматы қорығы.
II – топ Қорғалжың қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы.
III – топ Батыс – Алтай қорығы, Барсакелмес қорығы, Алакөл қорығы.

Сергіту сәті:
Музыка ойналады, оқушылар көздерін жұмып, музыканы тыңдайды.
Тыңдап болған соң, сол музыкаға байланысты суреттер салады немесе не естіді соны айтқызу.
Қорықтар дегеніміз не?
Қорық деп – өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты айтамыз.
Видео роликті көрсету.
Картадан қорықтарды тапқызу.
«Мазайка» ойынын ойнату.
« Қызғылт фламинго» суреті шығады
Сұраққа жауап:

1. Маңғыстау облысы орналасқан қорық (Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық ( Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық атауы (Ақсу - Жабағалы )
4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық ( Қорғалжын)
5. Қылқанды Тайга орманы орналасқан қорық (Батыс - Алтай)
6. Наурызым орығы қайда орналасқан? (Қостанай)

Табиғатқа байланысты тыйым сөздер бар:
1. Құмырсқаның илеуін бұзба.
2. Жүрген жеріңде қоқыс қалдырма.
3. Аққуды атпа.
4. Жас шыбықты кеспе.
5. Құстың ұясын бұзба.
6. Саяхатқа шықсаң, отты сөндіруді ұмытпа.
Мына сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша айтайықшы:
6 - слайд
Үкі – сова – owl
Лашын – сокол – falcon
Аққу – лебедь – swan
Бұғы – олень – deer
«Сандар сөйлейді» ойыны 7 - слайд
12, 98, 19, 227, 9, 1, 64, 04, 14, 0.
Жауабы: Ақсу - Жабағылы қорығында өсімдіктердің 1404 түрі бар.
Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған.
Батыс Алтай қорығында құстардың 120 түрі бар.
Алматы қорығы1964 жылы құрылған.
Үстірт қорығында сүтқоректілердің 227 түрі бар.

Туған жерге, табиғатқа байланысты мақал - мәтелдер айтқызу.
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.

Су жүрген жер береке
Ел жүрген жер мереке.

Жер көңді жақсы көреді
Ат жемді жақсы көреді.

Табиғат - халық қазынасы
Табиғатсыз адамның күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ

Соңы

Қорытындылау:

Бүгінгі сабақта қорықтарды қорғау туралы не білдік, соны топтастырып жазайық.

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

1. Қызыл кітап туралы түсінік беріп, қоршаған ортамен таныстыру, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.

2. Жануарлар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру.

3. Табиғатты аялауға баулу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ажырата алады

Оқушылардың көпшілігі:мәліметтер жинай алады

Оқушылардың кейбірі: зерттеу жұмыстарын жүргізе алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: балықтар, құстар, өсімдістер, жануарлар.

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жазбаша тапсырмалар:

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

-Армысыз, қайырлы Күн!

-Армысыз, Аспан ата!

-Армысыз, мейірімді Жер-Ана!

-Армысыз, шұғылалы Алтын күн!

Балалар өлең жолдарын қайталап, бір-бірімен амандасады.

Ортасы

Қызыл кітап туралы түсінік беру:

-Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жойылу қаупі төнген (саны сиреп бара жатқан) түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Біздің елімізде жойылып бара жатқан жануарлар мыналар: барыс, ілбіс, қоңыр аю, бүркіт, дегелек, т.б. ал өсімдіктерден қызғалдақ, сексеуіл, т.б. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер – осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Қаскерлердің қолынан қаншамасы қырылып жатыр.

 Қызыл түс нені білдіреді?
- Қызыл түс қауіп сақтанудың белгісі.
- Қызыл кітап не үшін керек деп ойлайсың? (Оқушылардың жауабы тыңдалады).
- Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.
1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.

- «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің кейбіріне тоқталып өту.
Құлан - сырт пішіні жылқы мен есекке ұқсайды. Бұрын далада еркін жүрген, қазір бұлардың саны азайған, қорғауға алынды.
Арқар – тау ешкісі, түсі қоңыр сұр, мүйізі үлкен иілген. Еті дәмді болған соң көп ауланған, қазір саны өте аз, қорғауға алынған.
Дуадақ - қазақ даласының көркі. Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Тез жүгіреді. Адамдар көп аулап азайған, қазір қорғауға алынған.
Жабайы қызғалдақ – Қазақстанның қалалары мен шөлдеріне сән береді. Көше қызғалдағының арғы тегі. Сонымен бірге, Қызыл кітапқа барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, т.б. аңдар мен құстар кіреді.
Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына балықтардың – 16 түрі, қосмекенділердің – 3 түрі, жорғалаушылардың – 10 түрі, құстардың – 56 түрі, сүтқоректілердің - 40 түрі енгізілді.
Қара кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт, жойылып кетті.
Осы жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады. (Тақтадан Қазақстанның қорықтарын көрсету.)
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар.
Ақсу – Жабағалы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау.

Сабақты қорытындылау.
Табиғатты қорғау, оны сақтау туралы мақалдар, нақыл сөздер айту.
Мақалдар
«Бір тал кессен, он тал ек»
«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»
«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
«Жылап жүріп арық қазсаң,
Күліп жүріп су ішерсің»

Нақыл сөздер
«Туған жерге туыңды тік»
«Мың шыбық шаншып өсірсең -
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның -
Өзіңе қорған салғаның»

«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!
Келешек сендердің қолдарыңда!»

Соңы

Қорытындылау:

Мен табиғат жанашырымын” тақырыбында сурет салу

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Қорықтар табиғат қорғаны

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушыларды қорықтардың мақсатымен таныстырып, Қазақстанның қорықтарын тереңдетіп оқыту.

Жұмбақтар,мақалдар,слайд көрсетілімдерін пайдаланып оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, табиғат заңдылықтарын терең түсініп зерттей білуге баулу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: табиғат құбылыстарын таниды

Оқушылардың көпшілігі:табиғи құбылыстарды ажырата алады

Оқушылардың кейбірі: талдау жұмыстарын жүргізе алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздағы қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жер – Ана мен өз анаң егіз екен,

Мейірімдері мейлінше теңіз екен!

Анам туды – Жер – Ана жетілдірді ,

Осыны өзім өмірде негіз етем!-деп бүгінгі жаңа сабғымызды белгілі ақынымыз Ә.Тәжібаев ағамыздың жыр жолдарымен бастайық.

Ортасы

Жоспары

Сабақтың барысы:1.Өткен сабаққа шолу: Өткен сабақта Қазақстанның Қызыл кітабы туралы өткенбіз,сол тақырып бойынша оқушылардан тест алынады.

Тест.

1.Сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай-күйін көрсететін құжат.

а)Қызыл кітап в)энциклопедия с)журнал

2.Алғаш рет халықаралық «Қызыл кітап» қай жылы басылып шықты?

а)1964ж в)1965ж с)1966ж

3.Халықаралық табиғат және табиғи ресурстарды қорғау одағы қашан құрылды?

а)1962ж в)1963ж с)1964ж

4.Қызыл кітапқа енген түрлер қандай категорияға бөлінеді?

а) А,С в)А,Б с)Б,С

5.Қазақстанның өсімдіктер тіркелген тұңғыш Қызыл кітабы қашан шықты?

а)1980ж в)1981ж с)1982

6.Тұңғыш Қызыл кітапқа өсімдіктердің қанша түрі тіркелген?

а)306 в)307 с)308

7.Тұңғыш Қызыл кітаптағы өсімдіктер.

а)Шренк шыршасы в)Грейг қызғалдағы с)Шренк тобылғысы

8.Қызыл кітапта жойылуға жақын тұрған және сирек кездесетін өсімдіктердің түрлері аталып, биологиялық сипаттамасы, өсетін жерлері, оларды қорғау шаралары беріледі.

Кіріспе:Еліміздегі табиғат қорғаудың ең басты саласы мемлекеттік қорықтар.Қорық деп барлық табиғи байлықтары кешенді түрде қатаң қорғалатын арнайы белгіленген аумақты атайды. «Қорық» деген сөздің түбірінің өзі «қор», «қорғау» ұғымдарымен тікелей тамырласып жатыр.Қорықтардың басты мақсаты-табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи заңдылықтарын анықтау.Қорықтарда тек ғана ғылыми зерттеу, табиғат қорғауды кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізіледі.Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді. Қазақстанда қазір 9 қорық жұмыс істейді. Біз 9 аялдамамен 9 қорыққа Ойша саяхат жасаймыз. Бұл сабақ Эйр-Қазақстан компаниясы ұшағы арқылы жүзеге асырылады.

Стюардесса: Біз ұшаққа отырдық, ременьдеріңізді тағып, ыңғайланып

отырыңыздар. Біз 3000 м биіктікте ұшып келеміз. Бағытымыз-Ақсу-Жабағылы қорығы .

1- оқушы: Ең алғашқы ұйымдастырылған қорық 1926 жылы, ауданы 131934га. Батыс Тянь – Шянь мен Өгем тауларының табиғатын қорғау мақсатымен ұйымдастырылған. Табиғат байлықтары: өсімдіктердің 1400 түрі, балықтың, бауырмен жорғалаушылардың 9, 200 – ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі бар.

- Қорықтың атасы – Ақсу – Жабағылы.

Қолдайтын ЮНЕСКО да санап ірі

Қорғаштап жарты ғасыр келе жатыр.

Табиғат дейтін аса бағалыны

- Қара арша, балғын арша, сауыр арша

- Жамылған Талас, Өгем, тауы қанша,

Қарақат, Мойыл, бадам мөлдірейді,

Қалампыр, раушан көздің жауын алса.

-Көресің көктен бүркіт, лашынды,

Қорғалар, аю, барыс мұра сынды.

Санатқа еніп сансыз тоғайлар да,

Сан алуан дәрі шөптің сыры ашылды.

- Таутеке саңқ еткенде беріп хабар

Алдыңнан арқар үркіп, елік тарар,

Ойларсың аңға да күн келер ме деп,

Адамға қамқоршы деп сеніп қарар

- Суырдың көгі де жүр,қызылы да

Байқалмай жол мен күннің ұзыны да

Жан дүниең барған сайын баий түсіп

Батарсың табиғаттың қызығына

  • Аң құсың, алуан шөбін, аршаларын,

Зерттеуге зер салып жүр қанша ғалым,

Осы жер аза тұтып көрсетті елге,

Атақты динозавр қаңқаларын.

Стюардесса :Ұшақ бортында мақал – мәтелдер сайысы басталады.

- Ер елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі.

- Өлкенің көркі мал болар,

Өзеннің көркі - тал болар.

- Балық аулай алмаған суды ластайды

- Сулы жер, нулы жер.

- Бір тал кессең, он тал ек.

- Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады

Стюардесса: Келесі бағытымыз Барсакелмес қорығы

2 – ші оқушы : Әйгілі қорық қазір «Барсакелмес»

Құстардан қарсы алады қанша жерме

Ақбөкен, қарақұйрық, құлан, балпақ,

Кәдімгі күн кешеді аңша дербес.

Арал теңізіндегі оңтүстіктен солтүстікке қарай көлбей созылып жатқан шағын аралды қазақтар ежелден Барсакелмес деп атаған.1830 жылға дейін мұндай аралдың бар-жоғын дүние жүзіндегі ешбір географ білмеген. 1831 жылы орыс ғалымы Левшин осы аралды ашып, картаға түсіреді. Аралдың Барсакелмес деп аталуында өзіндік бір сыр бар. Көне көз қарттардың айтуына қарағанда, ертеде жаугершілік заманның кезінде шапқыншылыққа ұшыраған қазақтардың шағын руы бас сауғалап, қыста осы аралға барып бекінеді. Олар қыстай аң аулап, құс атып қоректенеді. Қардың суын ішіп ,сексеуіл жағып тіршілік етеді.Көктем шыға аралдағы ауыз су құрғап, ондағы адамдар мен тірі жәндіктер қырылып қалады. Содан бері жергілікті халық бұл аралды «Барсакелмес деп атап кеткен деседі.

-Барсакелместің жер көлемі 160826га. 1939 жылы ұйымдастырылған. Өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, қазір кейбіреулері азайып, жойылу үстінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар : ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953-1964 жылдар аралығында, 9 құлан Түркіменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген еді, қазір олар Іле өзені алабындағы Қапшағай аңшылық шаруашылығына көшірілуде.

Стюардесса: Бекет пен Дананың орындауында С.Сейфулиннің «Ақсақ киік» өлеңін тыңдаңыздар.

Стюардесса: Келесі бағытымыз Қазақстанның оңтүстік батысындағы Үстірт қорығы.

3 – оқушы. Маңғыстау өңіріндегі Үстірт жазығының шөлейтті аймағының табиғатын қорғау мақсатында 1984 жылы Үстірт қорығы ұйымдастырылды. Қорық табиғаты ерекше, онда жорғалаушылардың 30 түрі кездеседі, өсімдіктердің 300, құстың 111, сүтқоректілердің 27 түрі бар. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны Жабайы қойдың ерекше түрі – үстірт муфлоны, қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен тіршілік етеді.

Стюардесса: келесі бағытымыз Наурызым қорығы.

4 – оқушы: Құстар мұнда қаншама,

Аңдар мұнда қаншама,

Наурызым қорығы,

Көптен аян баршаға.

1931 жылы Қостанай облысының оңтүстігінде Наурызым ауданындағы далалы аймақтың табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылды. Қарауытқан қарағайлы тоғай, құм шағылдар, шоқ қайыңдар мен дала шөптері – осының бәрі тұтасып Наурызым қорығын құрайды. Қорықта гүлді өсімдіктердің, құстардың, сүт қоректілердің, бауырымен жорғалаушылардың, балықтар мен қосмекенділердің алуан түрлері кездеседі.

Стюардесса: Келесі бағытымыз Қорғалжын қорығы.

5 – оқушы.Ішінде де көл бар таудың, орманның,

Тың жердегі көлдің тыңы Қорғалжын

Қорғалжында қызық жаз

Көруге жұрт ынтыққан.

Қорғалжында қызыл қаз

Көлді бояп ынтыққан.

Құс базары атанған Қорғалжын қорығы 543171 га. жерді алып жатыр. 1968 жылы құрылған. Оның көп бөлігі көлден тұрады. Көктем мен күз айларында көлдің беті қанаттылардан көрінбей кетеді.Құстардың 315 түрі, балықтың 14 түрі, сүтқоректілердің 41 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар- суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар, үйрек,қаз. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Ол ЮНЕСКО-ң тізіміне ерекше қорғалатын батпақты шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Стюардесса:Қорықта демалып отырып ән айтсақ қайтеді.

ән: «Құстар қайтып барады»

Стюардесса:Батыс Алтай қорығына сапар шегіп келеміз.

6-оқушы: Батыс Алтай қорығы 1992 жылы құрылған. Ауданы 86122га. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі , яғни, қылқан жапырақты ормандар, субальпі және алпі шалғындары сақталған. Өсімдіктердің 564, құстардың 131, сүтқоректілердің 50, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю,құндыз, сусар және т.б сирек аңдар кездеседі.

Стюардесса:Бағытымыз Марқакөл қорығы.

7-оқушы: Алтайдың алтын жиен Марқакөлі,

Жерінде сұлулықтың жарты әлемі,

Ғажайып түсе қалған періште көл,

Жат көздің сұқтанардай бар себебі.

Алтайдың алтын жиен Марқакөлі,

Құмарым сенен қашан тарқап еді?...

Артыма қарай кеткенімен ,

Қасыңда қорықшық боп қалсам еді.

Оңтүстік Алтайдың биік таулы өңірі Марқакөл көлінің табиғатын жан-жақты қорғау мақсатымен 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылды. Қорық жерінде 1000-нан астам өсімдік түрлері, балықтардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардың, сүтқоректілер мен құстардың алуан түрлері кездеседі. Сирек кездесетін жануарлардан ілбіс, қоңыр аю, сілеусін, кәмшат, қара дегелек, алтай ұлары, ақбас тырна тағы басқалары тіршілік етеді.

Стюардесса:Ұшақта оқушылар арасында жұмбақтар жасырылады.

1.Ауаға шықса ауырады, су ішінде сауығады. (Балық)

2.Адыраспан түбінде ала тышқан ойнайды (Құйын)

3Отта шалқиды,суда қалқиды.(Ағаш)

4.Бір айдында екі жайын, бірі кетсе бірі дайын.(Су толқыны)

5.Жеті қаз, төрт бөдене

Кейде толы, кейде орта тегене.

Тұнық пен лайдың арасынан

Бір аққу шыға келді құсқа төре.(Үркер,Жетіқарақшы,Күндіз бен түн,Күн,Ай)

6.Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)

7.Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті.(Күннің күркіреуі)

8.Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем.(Жер)

Стюардесса: Енді Алакөл қорығына батысқа қарай ұшамыз.

8-оқушы: Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған, ауданы 65217га. Алматы облысы Алакөл ауданында орналасқан. Алакөлге құйятын өзендердің сағасындағы сулы-батпақты аймақтың табиғаты қорғалады. Құстардың 283 түрі, оның 12-сі «Қызыл кітапқа енген», өсімдіктің 323 түрі, сүтқоректілердің 40 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі бар.

Көк ала үйрек , сұқсыр үйрек, қасқалдақ,

Олар ұшты топ- тобымен аспандап.

Қалбағай мен аққұтан, көкқұтан жүр

Бірқазан жүр құс ішінде баспармақ.

Көлдер көп қой, көбінде құс аз әлі,

Мұнша жанды жадыратпас қаз әні.

Қояндының жәрмеңкесі секілді,

Тарқамасын тамаша құс базары.

Стюардесса:Енді міне 9-қорық Алматыға да жеттік.

9-оқушы: Алматы қорығы 1931 жылы ұйымдастырылды. Ол асқар Алатау аясында орналасқан. Қорықтың қарамағында 71700га. жер бар. Тау беткейлеріне сән беріп тұрған қылқан жапырақты ормандар 2500 метр биіктікте кездеседі. Ормандағы негізгі ағаш түрі: Тянь-Шань шыршасы. Қорық жануарлар дүниесіне бай. Құстардың 200-ден аса, сүтқоректілердің 40 шақты түрі бар.

Барыс пен аю, қасқыр, түлкі, борсық,

Сілеусін жолбарыстар түнде жортып.

Тулаған аққан өзен тасқынындай,

Асаудай ойнақ салар балық шоршып.

Көбейіп арқар, құлжа, жетілді елек

Шетелдік таңданады шетін көріп,

Қорық тұр Алматының іргесінде,

Табиғи зоопаркі секілденіп.

Стюардесса:

Табиғат-сен тіршілік тұнып тұрған,

Сен-Күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен-көлсің, сен-ормансың, сен-бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Міне ұшақ қонақтары, 9 қорықты да аралап болып қалдық.

Соңы

Қорытындылау:

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда Қазақстандағы ірі тоғыз қорықты аралап, олардың табиғат қорғаны екеніне көз жеткіздік. Өз елінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын біліп өскен әрбір оқушы табиғат- анаға әр уақытта жанашырлықпен қарайды деп ойлаймын. Енді осы 9 қорықтың атауын жаттап алдық па ? Соны тексеру мақсатында бойсергітерді толтырайық.

Бойсергітер:

қ

о

р

ы

қ

т

а

р

Қорықтардың атауын тауып, торкөздерге орналастыру керек.

Марқакөл қорығы туралы бейнефильм көру

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы:
Табиғатты тиімді пайдалану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Ақпараттық технологиялар арқылы табиғатты қорғау туралы мәлімет алу, меңгерту, танымдық қабілеттерін арттыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: табиғатты қорғау керек екенін түсінеді

Оқушылардың көпшілігі: мәліметтерді саралайды

Оқушылардың кейбірі: деректерді зерттей адлады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: жануарлар, өсімдіктер

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:табиғатты қорғау, аялау

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жазбаша тапсырмалар

Талдау жұмыстарын жүргізеді

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Мұғалімнің сөзі.

2. Ой қозғау. Әр топтағы оқушыларға сөз бөліктері таратылады. Оқушылардың міндеті әр сөзді мағынасына қарай жинап, сөйлемдер құрастыру.

Әр топтан спикерлер жауап береді.

Интербелсенді тақтадан слайдтар,бейнефильм көрсету.

Дұрыс жауабы: «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».

Мағынасы адамдар мен табиғат бір – бірімен тығыз байланысты. Сондықтан біз табиғаттың қамқоршысы, қорғаушысы болуымыз керек. Адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат біздің асыраушымыз, біз барлығын табиғаттан аламыз.Сондықтан табиғатты зиянды заттардан сақтап, оған күтім жасауымыз керек. Табиғаттың тілі жоқ, яғни оны адамдар аялап, қорғау керек.

(Оқушылардың пікірлерін тыңдау).

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болу мүмкін?

-Бүгінгі сабағымыз табиғат қорғау жайында болмақ.

-Ендеше бүгінгі сабақта не туралы білгілерің келеді? Мақсатымыз не?

-Табиғат, табиғатты қорғау, оған қалай көмектесу керектігі жайлы білу.

(Оқушылар мақсатқа өздері шығады)

II . Сабақтың тақырыбы: «Табиғатты қорғау».

Мақсаты: Табиғатты қорғау жайында мағлұмат алу.

III. Бекіту тапсырмалары

Топпен жұмыс.Топтасып жұмыс істейді. Әр топқа тапсырмалар беріледі.

Берілген тапсырмаларды орындау барысында айтатын ойларын қағаз бетіне түсіре отырып, жұмыстарын қорғауға дайындылады.

1 топ тапсырмасы: Берілген мәтінді оқып, топ ішінде талдап, «Біз табиғатты қорғаймыз» тақырыбын ашу.

Бізді қоршаған орта-табиғат. Жан-жануарлар мен өсімдіктер, орман-тоғайлар, өзен мен көлдер, жер мен ай, күн мен жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғатқа жатады.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап,өзен мен көлдердің, қоршаған ортаныңластанбауына ерекше мән берген. Табиғат пен адамды бір-бірінен бөлуге болмайды . Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алады. Табиғатқа ешқашан зиянын тигізбеген.Адамдар табиғатты сақтау керек және табиғат байлықтарын қорғауға міндетті.

Табиғатты қорғау дегеніміз-адамның өзін-өзі қорғау.Табиғат – бұлтіршілік.Сондықтантабиғатқаадамдарқамқор болу керек. Ендеше осы табиғаттықорғаудыңжолдарыкөп.Мысалы: табиғиорындысақтау. Ауаны, судыластамау.Табиғаттыаялапұстау, бүлдірмеу.

2 топ тапсырмасы: «Қоршаған ортаның табиғатқа әсері және экологиялық жағдай қандай?» деген сұраққа топпен жауап беру.

Алғаш рет экология деген ұғымды ғылымға неміс ғалымы Фрнест Геккель енгізді. Экология гректің үй, мекен, тұрақ және ілім деген сөзінен шыққан. Ол бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақтау керек. Экология өсімдіктер, жануарлар әлемін сақтап, қорғауды талап етеді. Экололгия таза болу үшін адамдар қоршаған ортаның тазалығын сақтау керек.

Табиғатқа зиянды нәрсе – адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.Фабрика, зауыттардың мұржасынан шыққан түтіндер, улы жарылғыш заттар.Сондықтан ауаластанады. Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды. Мысалы, су жағасына қоқыс төгеді. Сол себепті су ішуге жарамсыз болып қалады.Бүгінгі таңда экологиялық мәселе бүкіл әлемдік мәселеге айналуда.

3 топ тапсырмасы: Ақпараттық технологияның, яғни ғаламтор көмегімен табиғатқа байланысты мәлімет табу.

Әр топ жұмыстарын қорғайды. Тақырып бойынша түйін сөздерді, ойларын интербелсенді тақтада жазады. (Жазба жұмысы)

Сергіту сәті

Дауыл тұрды, жел соқты

Бұлт қаптады аспанды.

Күн күркіреп шатырлар.

Жаңбыр жауды тарсылдап.

Кемпірқосақ көрінді

Жаңбыр аздап басылды

Артынан күн де ашылды.

«Еркін хат».Табиғаттан адамзатқа хат жазу. РАФТ стратегиясы.

Бұл тапсырма РАФТ стратегиясы деп аталады. РАФТ-стратегиясы. Хат жазуР-жазатынның рөлі / жансыз нәрсе, тарихикейіпкер, шығарманың авторы,т.б. /А- кімге жазылатыны Ф- түрі / хат, пікір,эссе, жарнама, т.б/ Т- тақырыбы/ (5 минут)

Өздеріңді табиғаттың адамнан басқа бір бөлшегі ретінде сезініп, су,өсімдік, жануарлардың атынан адамзатқа хат жазасаңдар. Хат былай деп басталады.

Адамзат! Мен де сен сияқты тіршілік иесімін. Өсемін, өмір сүремін, адамдарға пайдам тиеді. Сондықтан...

Өздеріңе берілген кілтті сөздер арқылы хатты аяқтаңдар.

1 топ:Су-бұлақ, өзен, көл, теңіз таза су, ластама, қоқыс, тіршілік жоқ,

2 топ: Өсімдік –гүл, ағаш жұлма, мені күтіп бапта, сындырма,

3 топ: Құстар мен жануарлар азайып барамыз, атпаңдар,

Әр топ өздері жазған хатты оқып, қорытынды жасайды.

Қорытынды сөз: Адамдар табиғатты қорғап, аялай білу керек. Өйткені адамдар барлығын табиғаттан алады. Яғни табиғат пен адам бір-бірімен тығыз байланысты.

Соңы

Қорытындылау:

Интербелсенді тақтамен жұмыс (2 минут)

Табиғат пен Адам

Қажеттіліктерін табу.

5 жолды өлең құрастыру. «Синквейн»

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы:
Табиғаттағы тепе-теңдік туралы ұғым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқушылардың көпшілігі:

Оқушылардың кейбірі:

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: жануарлар, өсімдіктер

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:табиғатты қорғау, аялау

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жазбаша тапсырмалар

Талдау жұмыстарын жүргізеді

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Сұрақ – жауап. (ауызша топтарға сұрақтар қою.)
* Адам өміріне не қажет?
* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады
* Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
* Тірі табиғатты ата.

Ортасы

І - кезең:
*Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
- Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.
- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.
- Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.

ІІ кезең:
Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)

- Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?
- Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер – біздің қазынамыз, байлығымыз.
Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек.

* Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегеннің тамыры табиғат» деген. Сұлулық деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай?, аңдарымыз ше?, ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын білдіреді.

ІІІ кезең:
Табиғатқа байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз?
Көлдің көркі – құрақ, 2. Орман – ел дәулеті,
Таудың көркі – бұлақ. Жер сәулеті.

3. Сулы жер – нулы жер. 4. Ағаш ексең аялап,
Басыңда болар саябақ.

ІV кезең:
Топтарға сауалнама
1 - топ. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің қаламыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер? ( суретін салу)
2 - топ. Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едіңдер?
Сыныпқа жалпы сұрақ.
«Туған жер табиғатын қорғау керек пе, әлде жоқ па?»
Оқушылардың пікірін талдау

Табиғаттағы тепе-теңдік туралы ұғым

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.
Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.
Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің түтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.
Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.
Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.
Күннің түтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.
Ал табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда
Таза болса табиғат – аман болар адамзат
Табиғат , сен – тіршілік, тұнып тұрған,
Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан,
Сен – көлсің,
Сен – ормансың,
Сен – бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған, -
деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғаты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр, Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген. (1-сурет)
Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар. Дүниежүзінде туындап отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Семей полигоны мен Арал теңізінің құрғап кету мәселесін былай қойғанда, күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті, қоршаған ортаның көң-қоқысқа көмілуі – осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді әрі тығыз байланыста болғандықтан, аталған мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп отырған табиғат – үйіне қамқорлық жасауы тиіс.
Таза болса табиғат –
Аман болар адамзат, -
деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.
Осындай экологиялық зардаптар Өскемен өңірінде де кеңінен байқалады. Әсіресе, ауа мен судың ластануы жоғары деңгейде. Негізінен ауа екі түрлі жолмен – табиғи және адамның іс-әрекет нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Алайда бұл ластану атмосферадағы газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды. Ал, ауаның адамзат әрекетінің нәтижесінде ластануы атмосфера үшін ең қауіпті. (2-сурет). Оларға өндіріс, көлік және тұрмыс қалдықтары жатады. Бұл кезде ауаның төменгі қабаты көбірек ластанады, өйткені оған өндіріс орындарының шаң-тозандары күнде қосылып отырады.
Өскемен ірі өнеркәсіп орталығы саналады. Онда зауыт-фабрикалар көп орналасқан. Одан шыққан түтін мен шаң-тозаңдар ауа мен топырақты ластауда, ал қалдық сулары өзен-көлдерге ағызылып, ауыз су мәселесін туындатып отырғаны белгілі. Бұл адам денсаулығы мен өсімдік, жан-жануарлар дүниесінің бірқалыпты тіршілік етуіне үлкен зиянын тигізіп отыр деген сөз. Сондықтан да ауаны ластамай таза ұстау – барлық адамзаттың алдына қойылып отырған түбегейлі міндеті.
Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Бұл орайда жерлес ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс. Табиғаттың адам үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Бірінші жолы -түрлі заңдар шығарып, оны жүзеге асыру. Ұлттық пакртер, қорықтар санын молайту. Әрі «Қызыл кітапқа» енген өсімдік, жануар түрлерін қорғап, көбейту. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану. «Жасыл ел» ұйымының жұмысын нығайту, жандандыру.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Соңы

Қорытындылау:

Қазақстан Республикасының Конституциясында « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген.

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарларды қорғау саласындағы өзекті мәселелер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктерді қорғау керектігі туралы түсінік беру

1.Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесінің көбеюіне кері әсер етуші факторларды анықтайды.

2. Жергілікті жердегі өсімдіктер мен жануарларды қорғау қажеттілігін дәлелдей алады.3. Қорғау жолдарына қатысты өзіндік жолын белгілеп, жобалар ұсынады

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: табиғат құбылыстарын таниды

Оқушылардың көпшілігі:табиғи құбылыстарды ажырата алады

Оқушылардың кейбірі: талдау жұмыстарын жүргізе алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздағы қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

Жоспары

Шаттық шеңбері:«Балауыз шамы»

Балауыз шамын жағу арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады

Жануарлардың суреттері арқылы топқа бөлу:

1-топ Қорықтар

2-топ Қорықшалар

3-топ Ұлттық табиғи саябақтар

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыптан сұрақтар қойылады

үй тапсырмасы сұралады

Қызығушылықты ояту. Бейнеролик

Интербелсенді тақтаға жаңа тақырып туралы бейнеролик көрсету арқылы тақырыпты ашып аламыз.

1-тапсырма: «Балық қаңқасы» әдісі

1-топ Биосфералық қорықтар

2-топ Қорықтар мен қорықшалар

3-топ Табиғат ескерткіштері мен ұлттық табиғи саябақтар

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape7

Shape8

Shape9 Shape10 Shape11

Shape12 Shape13

Оқушылар «Балық қаңқасы» әдісі бойынша берілген проблемалық сұрақтарға өз ойларын ортаға салып диалог арқылы шешім табады

2-тапсырма

Жеке жұмыс: «Құрастыр және жауап бер» әдісі картамен жұмыс

3-тапсырма

Кестемен жұмыс: «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі

Кесте арқылы Қазақстанның табиғат байлықтарын, өсімдіктері мен жануарларын қорғау мақсатында құрылған қорықтар мен ұлттық саябақтарға салыстырмалы сипаттама беру

1-топ Баянауыл ұлттық саябағы мен Батыс Алтай қорығына салыстырмалы сипаттама береді

2- топ Қарқаралы ұлттық саябағы Қаратау қорығы

3-топ Көкшетау ұлттық саябағы мен Алматы қорығы

Ұлттық саябақ пен қорықтың аты

География-лық орны, қандай табиғат зонасын-да орналас-қан

Құрыл-ған уақыты

Қорғау-ға алынған өсімдік түрлері

Қорғау-ға алынған жануар-лар дүниесі

Қандай жұмыс-тар жүргізуге рұқсаты бар

Баянауыл ұлттық саябағы

Батыс Алтай қорығы

Соңы

Қорытындылау:

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сабақ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сабақ тақырыбы:

Судың адам өміріндегі маңызы. Сусындар мен шырындарды дұрыс дайындау

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

Оқушылар орындай алады:

  1. Судың қасиеттерін зерттеу (тәжірибе негізінде)

  • беттік керілу;

  • тұщы және тұзды сулардың қайнау және қату температуралары;

  • су – еріткіш ретінде;

  • адгезия және когезия.

  1. Тәжірибе нәтижелерін талқылау

  2. Судың маңызы және оның рөлін сипаттау

Сабақ мақсаттары:

  • Судың қасиеттерін зерттеу үшін бірнеше тәжірибе жүргізеді: беттік керілу, балқу және қайнау температурасы.

  • Анықталған қасиеттердің тірі ағза үшін маңызын талқылайды.

  • Көптеген маңызды тіршілік үдерістерінің судың қасиеттеріне негізделгенін түсінеді.

  • Табиғаттағы және тірі ағзалардың тіршілігі үшін судың маңызын және оның рөлін демонстрациялайды.

Бағалау критерийлері:

  • тірі ағзалардың тіршілігі үшін судың маңызын сипаттау

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

  • метоболизм реакциялары, тұрақты ұстау, температураны реттеу, молекула, молекулярляқ еріткіш, ерітінді, реттеу, тасымалды реттеу, бөліп шығару, буландыру, булану, жою, жойылу

  • судың еріткіш ретіндегі және метоболизм реакцияларындағы маңызын жазады және айтады

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Су ... қандай рөл ойнайды/маңызы бар?

Не себепті су ... үшін маңызды?

Су ... үшін қалай көмектеседі?

Су ... реттеу үшін қажет, ... көмектеседі?

... реттелуіне ықпал етеді

... реттелуіне үшін маңызды

... реттелуінде маңызы бар

... реттелуін мүмкін етеді

Сусыз Х мүмкін емес. Судың Х рөлі ... .

Х суды (бөліп шығару/түзу/өндіру) үшін қажет етеді.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» құндылығы: бейбітшілік және келісім

Мектеп құндылығы: ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық

Пәнаралық дамыту

Тақырыпқа байланысты физика, химия пәндерімен байланыс:

  • физика пәні – судың қайнау және балқу температурасы, беттік керілу, адгезия мен когезия қарастырылғанда;

  • химия пәні – органикалық және бейорганикалық заттардың еріткіші ретіндегі мәнмәтінде қарастырылады.

АКТ

қолдану дағдылары

PowerPoint

Internet

Бейнежазбалар

Бастапқы білім

Оқушылар біледі:

  • «Жаратылыстану» курсы бойынша заттардың қасиеттерін біледі және сипаттайды, мысалы, заттардың қайнау және балқу температурасы

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

0 – 5мин

6 – 20 мин

21 – 30 мин

Аяғы

Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Сәлемдесу.

Бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау ...

(С) Оқушыларға стаканға құйылған су беріледі. Және суға қарап не байқағандары сұралады: түсі (мөлдір, таза), иісі (иіссіз), физикалық күйі (сұйық). Енді су келесі стаканға құйылады.

*Не байқадыңыз? – су ағады. *Демек, судың қандай қасиеттерін байқадыңыздар? – қандай да бір көлемі болмайды.

Оқушылар өздері байқаған суға тән физикалық қасиеттерді тізіп дәптерлеріне жазады. Содан соң молибудтар көмегімен су молекуласын құрады және кіріспе сұрақтарға жауап береді:

  • Демек, Су ...

  • Су не үшін қажет?

  • Судың табиғаттағы рөлі қандай?

Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты тақтада көрсетіледі.

(М) Жаңа сабақты түсіндіру.

Оқушыларға жалпы суға тән қасиеттер туралы қысқаша ақпарат беріледі:

  • беттік керілу;

  • сулардың қайнау және қату температуралары;

  • су – еріткіш ретінде;

  • адгезия және когезия.

(Т) Оқушылар судың қасиеттерін толығырақ зерттеу әрі түсіну үшін топта шағын зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу жұмысына арналған нұсқаулық таратылып беріледі.

Беттік керілу

  • Стаканға толтырып су құйыңыз және оның бетіне абайлап қағаз қысқыштар (скрепка) қойыңыз (скрепка бірден суға батып кетпеу үшін, әуелі салфетка қағаздың қиындысын қойыңыз, ал үстіне скрепканы қойыңыз). Скрепка судың бетінде қалады да, қағаз суға батып кетеді. Жуғыш заттың судың беттік керілуін қалай жоятынын көру үшін, суға бір тамшы жуғыш затты қосыңыз. Не байқадыңыз?

Сол кезде скрепка судың түбіне батып кетуі керек.

  • Шағын диаметрлі тиынды (мысалы 10 теңге) тегіс жерге орналастырыңыз және тамызғымен тиынның жоғарғы бетіне бір тамшы су тамызыңыз. Осы тиынның бетіне қанша су тамшысы сиятынын болжаңыз. Су тамшыларын су тиынның шетінен ағып кенкенге дейін тамыза беріңіз. Не байқадыңыз?

Беттік керілуге байланысты су тиынның бетінде жоғары көтеріле береді.

Қайнау және балқу температурасы

  • Екі полиэтилен пакетті судың шаршыларымен толтырыңыз. Бір пакетке ас тұзын қосыңыз және араластырыңыз. Осы пакеттегі су түгел еріп кетуі керек. Екі пакеттегі судың температурасын өлшеңіз. Не байқадыңыз? Қалай ойлайсыз, сонда теңіз суы ма, әлде мұхит суы ма қыста қатып қалатын?

Тұз қосқан пакеттегі мұз еріп кетеді, судың температурасы 00 C шамасында болады. Осы себепті мұхиттардағы сулар қыста қатпайды.

Су – еріткіш

  • Стаканға су құйыңыз және оған 1дана қант түйірін салыңыз. Аздап араластырыңыз. Не байқадыңыз?

Қант еріп кетеді.

Эксперименттен кейін оқушылар өз топтарында судың осы қасиеттерінің тірі ағзалар үшін маңызы туралы талқылау жүргізеді.

(С, М) Оқушылар зерттеу барысында анықтаған суға тән қасиеттерді берілген иллюстрациялық суреттермен байланыстыра отырып тірі ағзалар үшін маңызын сипаттайды.

1б 1с

  • беттік керілудің арқасында су тамшыларға жинақталады, сонымен қатар, судың молекулалары өзара тартылады (когезия) және осы қасиеті судың сабақ бойымен жоғары көтерілуіне мүмкін жасайды;

  • тұзды судың қату температурасы тұщы суға қарағанда төмен, сол себепті мұхиттардың сулары қыста қатпайды;

  • жоғары температурада су буланады, осының арқасында дене салқындайды.

(Тж) Оқушыларға судың маңызын және оның ролдерін сипаттау үшін келесідей ұғымдарды қолдана отырып, шағын есеп не презентация дайындау ұсынылады:

  • Зат алмасу

  • Фотосинтез

  • Су – еріткіш

  • Термореттелу

Оқушылар өз есептерін тақтаға шығып, түсіндіреді. Келесі тыңдаушылар ақпараттың жүйелігі және түсінігіне қарап, «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды. Егер, жақсы түсінікті болса – жасыл, ал, түсініксіз болғанда – қызыл түсті парақшаларын көтереді.

Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды.

Су көптеген биохимиялық молекулалар үшін еріткіш болып табылады және осы қасиеті мүмкіндік береді:

  • қоректік затардың тасымалдануына, мысалы, глюкоза мен сахарозаның флоэма арқылы тасымалдануы

  • ыдырау өнімдерін бөліп шығару, мысалы, аммиактың несеп қыщқылы түрінде бөлінуі;

Көптеген зат алмасу реакциялары сулы ортада жүреді. Су көптеген метоболикалық реакциялардың өнімі болып та табылады.

  • тыныс алудың метоболикалық өнімі ретінде бөлінетін судың тірі ағзалар үшін маңызы ерекше, әсіресе, құрғақшылық жерлерде тіршілік ететін ағзалар үшін;

  • су фотосинтез процесі үшін қажет;

  • Жануарлардың гидростатикалық қаңқасын қалыпты ұстау үшін;

  • өсімдік жасушаларының суды сіңіруінің арқасында қатты жасуша қабығына түсіретін қысымды тудыртады;

  • судың буға айналу кезінде көп мөлшерде жылу сіңіріледі. Бұл көптеген жануарлардың дене температурасын тұрақты ұстауына көмектеседі. Себебі жылу энергиясының көп бөлігі су буланғанда тер түрінде бөлінеді.

  • Өсімдіктердің жапырақтарынан су буланғанда денесі салқындайды.

(С) Сабақты қорытындылау ...

(Ж) «Ия» не «жоқ» деген жауаптар арқылы оқушылар келесі тұжырымдарға жауап береді.

  1. Су жасушаға еріткіш ретінде қажет.

  2. Шөлде тіршілік ететін ағзалар сусыз тіршілік ете береді.

  3. Қорек заттар жасушаға тек еріген күйінде кіреді.

  4. Денені қызып кетуден қорғайды.

  5. Егер сілекейде су болмаса тамақты жұта алмаймыз.

  6. Егер су болмаса фотосинтез процесі жүреді.

  7. Адам эмбрионы немесе ұрығы жасушасы 90 % судан тұрады.

  8. Денедегі су арқылы заттар біркелкі таралып сыртқа шыға алады.

  9. Қыста ұйқыға кететін жануарларда мұз кристалдары пайда болады.

  10. Мидың қызметі үшін су қажет, сол арқылы ми белсенді қызмет атқарады.

Мұғалімнің басқаруымен оқушылар өз жұмыстарын тексеріп шығады. Әр дұрыс жауап тұсына «√» белгісін қойып отырады.

Сусындар — ертеден сусындарды екі топқа бөлген: (алкогольсіз) салқындатқыш, сусынды қандырғыш немесе алкогольді. Ғылыми және аспаздық-тағамдық түрде құндылығы бірдей емес. Ең құндысы бауырмитілбүйрек, жүрек, сиыр желіні, сиыр етінің сүйекті құйрығы болып саналады. Олардың құрамында темір, фосфор тұздары, витаминдер мен белоктар көп. Тіл мен бауыр жоғары дәмдік қасиетке ие. Олар бірінші категорияға жатады. сусындар суытылған және мұздатылған түрде түседі. Мұздатылған өнімдерді, негізінен, ауада жібітеді. Суда миды, бүйректі, қарынды жібітуғе болады. Ары карам өңдеуге дайындалған бас пен сирақтың жүнін тазалайды. Басты суық суға салып қояды, терісін тазалайды, шайып, етін терісімен бірге кесіп алады. Сирақтарын тазалайды, тұяқтарын қағып, жуады, ұзынынан екі бөлікке бөледі де суық суға 2—3 сағ-қа салып қояды. Миды қан ұйытындысынан арылып жеңіл алынуы үшін және үлдірдің ісінуі үшін суық суға 1 — I 2 сағ-қа салып қояды. Үлдірді 1 миды судан шығармай тұрып алып тастайды. Бауырын өт жолдарынан және қан тамырларынан айырып үлдірін түсіріп, тез жуып алады. Бүйректерден майын алып тастайды. Ол үшін бір жағынан ұзынынан кеседі де, үлдірін маймен бірге сыпырып алады. Содан соң өзіңдік иісін жою үшін бүйректерді 3— 4 сағ-қа суық суға салып қояды. Суды 2—3 рет ауыстырған жөн. Тілді суық сумен жуады. Қарын- ның ішкі жағын сыргқа қарай айналдырып жуады да 8—12 сағ- қа суық суға салып қояды. Содан соң шырышты қабатын жою үшін оны жидітеді, ұйыған шырышты тазалайды да жуады. Пісіру алдында қарынды орама түрінде орап, сусындардың мынадай тобы бар.

Табиғи шикізаттар негізінде дайындалған сусындар:

  • Табиғи сусындар: а) су, сүт, минералды сулар, балмен араластырылған сулар, ағаштардың балғын, көкөністердің, жеміс-жидектердің, кокос жаңғағының шырындары; б) ерекше өңдеу арқылы алынған толық табиғи сусындар (қымыз, чал, айран, шұбат, тарақ, шай, кофекакаоматеморстар, квас, қышқыл щилер).

  • Жоғары сапалы табиғи шикізаттарды өндеу негізінде алынған алкогольді, бірақ құрамында қант жоқ сусындар: а) құрғақ жүзім шараптары, үй жағдайында дайындалған сыраның ұлттық түрлері, бал және жеміс сусындары; ә) жоғары сапалы тамақ шикізаттарын (жүзім, алма, қара бидай, арпа, күріш, тұт, қант құрағы) көп рет айдау арқылы алынған алкогольді ішімдіктер (француз коньяктары, арақ, виски, кальвадос, тутовка, саке, ром). Бұл сусындар мен ішімдіктер шағын мөлшерде тағамдардың дәмін, консистенциясын келтіруге, аспаздық мақсатқа да пайдаланылады. Аспаздық өңдеуде тағам жоғары температураға дейін өнделінетін болғандықтан, оған қосылған алкогольді ішімдіктің құрамындағы спирт буға айналып кетеді.

  • Сақтау, тасымалдау кезінде бұзылмас үшін қосылатын қоспалары бар, табиғи шикізаттардан дайындалынатын алкогольсіз сусындар: а) өндірісте шығарылған көкөніс және жеміс шырындары; б) лимонадтар.

  • Құрамында қант немесе басқа қоспалары бар табиғи шикізаттар негізінде дайындалған сусындар: а)жүзім шараптары, көмірқышқыл газымен қанықтырылған көпіршікті шампан шараптары; б) сапасын тұрақтандыру үшін спирт қосып күшейтілген ішімдіктер (барлық асханалық, десерттік, маркалы немесе жай жартылай құрғақ және тәтті шараптар); в) құрамында қанты бар жеміс-жидек шырын- дарынан дайындалған құймалар, тұндырмалар, ликерлер; г) барлық арманьяктар, брендилер, екінші сортты коньяктар және "Столичная" арағы; д) құлмақ, мальтоза қосылған дәндерден дайындалған сыралардың барлық түрі. Жасанды сусындар. 1. Жасанды қоспалар көп мөлшерде қосылған сусындар: а) хош иістік альдегидтер эссенциялар негізінде дайындалған газды сулар;

б) осы эссенциялар пайдаланылған жеміс сулары; в) табиғи уыт қоспай дайындалған алкогольсіз сыра түрі, "Кока-кола", "Пепси-кола", "Фанта". 2. Күрделі жасанды араласпалар қосылған алкогольді сусындар: а) арзан шараптар, портвейндер, вермуттар, жасанды херестер; б) төмен сортты өнімдерден дайындалған арақ, ром, джин, виски, ханшина, Вьетнам күріш арағы. Бұл ішімдіктер зиянды болғандықтан аспаздықта қолдан- баған дұрыс. Араласпа (купажные) сусындар. ішер алдында әр түрлі компоненттерді араластырып дайындалған сусындар: коктейльдер, глинтвейндер, крюшондар, пунштар, грг.тар, флиптер және т.б

(І) Feedback (рефлексия).

Оқушылардың сабақ барысындағы нәтижелеріне сәйкес кері байланыс беріледі. Сабақтың сәтті/сәтсіз кезеңдері және де оқушылар үшін қиындық тудырған сәттері, кемшіліктері айтылып, оны жақсарту жолдары ұсынылады.

Үйге тапсырма:

«Су – ол ... » тақырыбында эссе жазу (кем дегенде 100-120сөз).

PowerPoint

Эксперименттің мысалдарын мына сілтемеден табуға болады:

http://thehomeschoolscientist.com/the-lab-report-testing-the-properties-of-water/

http://www.hometrainingtools.com/a/experiments-with-water-science-project

стакан

су

скрепка

сүзгі қағаз

5 не 10тг тиын

тамшуыр

полиэтилен пакет

тұз

мұз

қант

Суреттер

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жаңа сабақ тақырыбын анықтайды. Тапсырмаларды дұрыс орындайды. Судың ерекшеліктерін, қасиеттерін дұрыс сипаттайды.

  1. Кіріспе сұрақтар

  2. Демонстрациялық жұмыс

  3. Қорытынды сұрақтар

  4. Суреттік тапсырма

  5. Таныстырылым/есеп дайындау

Сынып ішінде сабақ барысында тыныштық сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дәрілік өсімдіктерді қолдану және емдік тамақтану

Оқу мақсаттары

өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау

Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы терең мағлұмат беру,

білімдерін кеңейту.

Сабақ мақсаттары

Өсімдіктің негізгі бөліктерімен таныстыру және ажыратуға үйрету, бөліктерінің қызметін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Өсімдік, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым, және т.б. сөздерді пайдаланады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, биология,

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 1-сынып бағдарламасынан өсімдіктерді қорғау маңыздылығын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

(МК) Шаттық шеңбер

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./

Сұрақ –жауап

1.Өсімдік өсу үшін қандай жағдайлар керек ?

2.Өсімдік жыл мезгілдеріне байланысты қандай күйге ұшырап,

қандай түседі?

3.Өсімдіктің адамға пайдасы?

4.Қандай қасиеттері бар?

5.Күн күзінің өсімдіктерге берер пайдасы?

6. «Сусыз тіршілік жоқ»,- деген сөзді қалай түсінесіңдер?

(МК)Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу

-Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін жұмбақ шешіп көрейік.

Үйi де жоқ,

Күйi де жоқ.

Бiрақ

Жауыннан да,

Дауылдан да

Қымсынбайды.

Ыстыққа да,

Суыққа да

Шын шыдайды

Шешуiн айта ғой,

Балалар бiлсiн жайды.

Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру.

Топтарды анықтау

Оқушыларды стикерде жазылған өсімдік бөліктері арқылы топтарға бөлу.

1. Тамыр 2. Сабақ 3. Жапырақ 4. Гүл

Интерактивті тақта

Жұмбақ

суреттер

Сабақ ортасы

5-35 минут

(Т) Ассоциациялық картаны толтыру

-Балалар, «өсімдіктер» дегенде ойларыңа не келеді?

/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Shape14

ӨСІМДІКТЕР

(Ұ) Оқушылармен диалог құру

Мақсаты:Оқушылардың өсімдіктер жайлы ойларын, түсініктерін анықтау.

-Балалар, өсімдіктерді тірі ағза деуге бола ма?

-Өсімдіктер мен адамдардың қандай ұқсастықтары бар?

-Өсімдіктердің қандай дене мүшелері бар?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(Ұ,Т) Проблемалық сұрақ

Мақсаты:Өсімдік мүшелерінің қызметі жайлы оқушылардың бастапқы білімдерін анықтау.

-Өсімдік мүшелерінің қызметі қандай?

/оқушылар топта отырып, сұраққа жауап іздейді/

Әр топқа өздеріне берілген мүшенің қызметі бойынша топта пікіралмасуды ұсыну.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олар: шайқурай, қалақай, түймедағы, мыңжапырақ, таушымылдық, бөріқарақат, шырғанақ, итмұрын, жусан және тағы басқалар. Шырғанақтың жемісіне күйікке және жараға жағатын май алынады. Итмұрынның жемісінен дәруменге бай дәмді қайнатпа және шырындар жасайды. Таңқурай жаңа піскен, кептірілген, тоспа түрінде өте пайдалы. Оны суық тиген кезде шайға салып ішу керек. Шай қурайды халық 99 аурудың емі деп санайды. Онда пайдалы заттар өте көп. Жұпар гүл ас қорытуды жақсартады, суық тигенде көмек теседі. Бұл өсімдіктің атауының өзі оның жұпар иісі туралы айтып тұр. Жұпар гүлдің шайға қоссаң, ерекше дәм және қош иіс береді. Жолжелкеннің жараны емдеп жазуға көмегі көп. Жолжелкенді жапсырып қойсаң, тез жазылады. Жолжелкеннің шырынынан жөтелді басатын дәрі дайындайды.

Оқушыларға өсімдік мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ және гүл) суреттерін және олардың қызметтері туралы кеспе қағаздар тарату. Оқушылар «Лото» ойыны бойынша өсімдік бөліктерін сәйкестендіреді және әр бөліктің қызметін оқып талқылайды.

Picture 3

Топта талқылап болған соң, сынып ұжымы алдында баяндама жасауды ұсыну.

(Ө,Қ)Өздік жұмыс

Мақсаты:Оқушылардың сабақтағы білімін жинақтап, бекіту.

ТPicture 5 апсырмаларды орында

а) Өсімдіктің негізгі бөліктерінің атауын жаз:

б) Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін түсіндір.

Жұмбақтар шешу

  1. Өзіне шап-шақ,

Киген қалпағы аппақ,

Балалар тұр қаптап. (бақбақ)

  1. Саздауыт жерде өседі,

Хош иісі аңқыған,

Шипа өсімдік деседі. (Жалбыз)

3. Бұтағы ілген үлпершек,

Іші нәрлі қызыл сөл,

Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген)

Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі - 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келсе, дәрілік шөптерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.
Бұл жерлерде және де басқа жақтан әкелінетін жылылық сүйетін дәрілік өсімдіктерді біздің өңірге бейімдеп өсіріп жетілдіруге жағдай туғызылуда. Олардың қатарына: паслен дольчатый, өткір жапырақты кассия, дәрілік альтей, дәрілік календула, иісті рута, кәдімгі пижма, күмәнді иссоп, дәрілік валериана, мускатты жалбыз, кәдімгі фенхаль және түкті эрва, т.б. жатады.
Сондықтан да дәрілік препараттар өндірісінің дамуына актуальды түрде қарау, дәрілік шөптерге ғылыми - зерттеу жасау, интродукциялық жұмыс, өсімдік тұқымдарына биотехнологиялық және агротехникалық жағдайлар жасау керек.
Республика териториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті.
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ аеңінен таралған.
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
Әр обылыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін.
Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар.

Емдік тағамнауқасқа басқа да емдік шаралар кешенімен бірге белгіленетін тағам. Гастрит, ішкі жара аурулары, тоқ ішектің қабынуыбауыр аурулары үшін емдеудің негізгі әдісі болып табылады. Станционарлық немесе емхана жағдайында қолданылады. Емдік тамақтануды дәрігер кеңесі бойынша және оның бақылауымен жүргізіледі, өз бетімен белгіленген тұрақты диета денсаулық үшін қолайсыз жағдайларға ұшыратуы мүмкін

Емдік тағам белгілеудің негізгі принциптері

  • Тағам үлесін (рацион), тамақ ішу режимін және оны кулинариялық өңдеуді әр адамға жеке белгілеу;

  • Тағамдық рационның патологиялық процесс сипатына және сырқаттың жағдайы мен оның организімінің ерекшелігіне сандық (рационды азайту және көбейту) және сапалық (организмнің жекелеген азық-түлік пен тағамдық заттарды қабылдауын тоқтату немесе шектету) жағынан сәйкес келуін қадағалау;

  • Теңестірілген (негізгі тағамдық заттардың неғұрлым үйлесімді арақатынасы) және физиологиялық жағынан құнды рациондар жасау болып табылады.

Емдік тағамдарда сандық және сапалық тамақ өзгерістері қолданылады. Мұнымен ас қорыту мүшесін механикалық және химиялық бұзылудан сақтауға, ауру мүшеге қолайсыз әсер ететін заттың түсуін шектеуге немесе сырқат организмге өте қажет және оның қызметін жақсартуға әсер етіп, қалыпты жағдайға келуіне жәрдемдесетін химиялық заттарды толықтыруға болады. Емдік тағамдар диеталық талаптарға сай, әр сырқаттың талғамын қанағаттандыратындай әр түрлі болғаны дұрыс. Егер тағам шектелетін болса, сырқат организмі оны жеңіл көтеретін болуын қарастырған жөн.

Емдік тағам дайындау барысындағы кулинариялық өңдеудің ерекшеліктері

Емдік тағам дайындау азық-түлікті кулинариялық өңдеудің өзіндік ерекшеліктері бар:

  • жүрек, бауыр, бүйрек ауруларына тұзсыз диета белгілеу;

  • үгілген тағамдарды пайдалану (пісірлген көкеністерді үккіштен немесе елеуіштен өткізу, жармаларды ұнтақтап алу);

  • тамақты буға пісру (асқазан және ішек аурулары, жұқпалы аурулар және т.б.).

  • тағам температурасы;

    • ыстық тағамдар үшін ең қолайлы температура 60°С,

    • салқын тағамдар үшін - 10°С.

Аса ыстық және өте суық тағамдар өңештің сілекейлі қабатын және асқазанды тітіркендіреді.

Кейбір ауруларға берілетін емдік үй тағамдары

рұқсат етілмейтіндер: пияз (шикі), сарымсаққымыздықсаумалдықшалқантұрыпсірке суықыша, ұнтақталған бұрышақжелкен, ысталған, тұздалған, маринадталған тағамдар

Ассоциациялық карта

Қима суреттер

ҚБ жұмыстары

Сабақтың соңы

Рефлексия:

-Қане, балалар!

Оқыдық, салыстырдық.

Сөздік жұмыс жасадық,

Соныменен сабақта

Нені оқып үйрендік?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп сұрақтарға жауап береді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- қандай жұмысты жалғастыру қажет

Бағалау

Оқушылар өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысын «2 жұлдызша 1 тілек арқылы бағалайды».

2 жұлдызша 1 тілек парақшалары

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақталуы

Топта отырып, өсімдік бөліктерін сәйкестендіреді және әр бөліктің қызметін оқып талқылайды.

Өсімдіктің негізгі бөліктерінің атауларын білуін және өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттауын бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Тақырыбы: Қоршаған ортадағы қоқыс мәселесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Қоршаған ортаның қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануын, қалдықтарды қайта өңдеу және жою жолдарын зерттеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқушылардың көпшілігі:

Оқушылардың кейбірі:

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері:

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жазбаша тапсырмалар:

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.

Picture 3

Picture 25 Қоқыстырдың сақталу мерзімі, оларды жою әдістері

Қалдықтар:  тұрмыстық, кәсіптік, ауылшаруашылық, медициналық, химиялық  және т.б., қалдықтарды қасиеттері бойынша да бөлуге болады ең маңызды бөлімдері ол қауіпті (жаңғыш, уытты, қышқылдық, улы т.б) және қауіпті емес қоқыстар. Барлық қоқыстар бір жерде сақталып денсаулыққа зиян келтіруде. Қатты өнеркәсіп қалдықтарының негізгі түрлері

 Тұрмыстық қалдықтардың негізгі түрлеріне сипаттама беріп көрейік:

Тамақ қалдықтары

Табиғаттағы залалы:  Әр түрлі ағзалар қорек ретінде қолданады.

Адамға зияны: шіріген таиақ қалдықтары – микробтар ортасы.

Таралу жолдары: ұсақ ағзалар үшін қорек.

Таралу жолдарының соңғы өнімі: ағзалар денесі, көмірқышқыл газы және су.

Ыдырау уақыты: 1–2 жұма.

Picture 18

Әлемдік тәжірибеде қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеу белгілі бір жүйеге келгелі қашан. Мысалы, Швецияда қоқыс қалдықтары электр қуаты ретінде пайдаланылса, әлемнің ең таза елінің бірі саналатын Сингапурда қоқыстардың 90 пайызы қайта өңделеді. Дамыған елдердің бірқатарында қоқыс қалдықтарын қайта іске жарату экономика дамуының қозғаушы күшіне айналып, қаншама адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мысалы, Германияда күл-қоқыстың 30 пайызы, Жапонияда 30 пайызы, АҚШ-та 27 пайызы, ал Швейцарияда 25 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады. Әсіресе Үндістанның 14 миллион тұрғыны бар Мумбай қаласында шығарылған қоқысты пайдаға асыруға жергілікті тұрғындар аянбай атсалысып, тұрақты кәсіп еткен. Ал, біздің елде қалдықты сұрыптап, жаңа өнімдер алу әлі күнге дейін табыс көзіне айналмай отыр.

Адамзат барда еш уақытта таусылмайтын қор – қоқыс. Ендеше полигондарда үйіліп жатқан қоқыс үйінділерін сұрыптап, жаңа өнім шығаруға әбден мүмкін. Қоқыс саласы бизнес көзіне айналуы үшін қомақты қаражатты, жақсы дайындықты талап етіп тұр. Сондықтан бұл салаға кәсіпкерлік тәжірибесі мен капиталы бар бизнесмендер араласа алады.  Ең кемінде көлемі 1000 шаршы метрден асатын қойма, қайта өңдеу цехтары, жоғары температураларда өртейтін пештер, қоқыс сұрыптауыш  машина, темір арқанды аспалы магнит, жүк көлігі керек.

Соңы

Қорытындылау:

«Қалдықтарды қайта өңдеу» тақырыбына реферат жазу

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Өнеркәсіп орындары, транспорт түрлерінің, тұрмыстағы кейбір жағдайларының қала атмосферасына әсері.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

  1. Оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру;

  2. Оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу

  3. Экология салысындағы ғылым жетістіктерінен хабардар болу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: деректер топтамасын жасайды

Оқушылардың көпшілігі:талдайды

Оқушылардың кейбірі: саралайды, қорытындылайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздығ қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

  • Жалпылама сұрақ 5 мин (өткен тақырыптар бойынша сұрақтар)

  • Тест құрастыру 15 мин (Экология пәні бойынша)

  1. Экологиялық заңдылықтың негізгі төрт түрі?

  1. Барлығы барлығымен байланысты

  2. Барлығы әйтеуір бір жаққа кетпеуі керек

  3. Табиғат ненің жақсы екендігің біледі

  4. Еш нәрсе тегін берілмейді

  1. БҰҰ тарапынан қандай экологиялық тұжырым әзірленеді?

Болашақ ұрпаққа және қоршаған ортаға зиян келтірілмейтіндей, адамның өсуін қамтамасыз ететін тұжырымы

  1. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия қай жылы қабылданды? (1984ж)

  2. Ал Қ.Р экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы қай жылы қабылданды? (1996ж)

  3. 1996 ж қабылданған тұжырымдамада қандай экологиялық қаупсіздік қарастырылған?

Қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсерді болдырмау

  1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік беретін қандай құжат және қай жылы қабылданды? Атмосфералық ауаны қорғау туралы заң 2002 ж 11 наурызда қабылданды

  2. Республикамыздың аумағын қандай экологиялық топтарға бөлуге болады? Экологиялық жағдайы нашар,экологиялық жағдайы орташа және экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар.

  3. Экоцид түсінігі? Өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай қыру

  4. Экологиялық құқық бұзушылық түсінігі? Заңсыз аң аулау, орман ағаштарын заңсыз кесу т.б.

Жаңа тағырып

  1. Көліктік ластанудан қоршаған ортаны қорғау

  2. Өндірістік кәсіпорындардың табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру жұмыстары

  3. Табиғатты қалпына келтіру іс шаралары

  4. Адам мен қоғамның қоршаған ортаға әсері

Көліктік ластанудан қоршаған ортаны қорғау

Транспорттан бөлінген газдардың құрамында иісі күшті, тітіркендіргіш альдегидтер (акролен,формальдегид) болады. Мұнан басқа бөлінген лас газдардың құрамында отынның толық жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер болады. Негізінен этилен қатарына жататын гексан мен пентан. Отынның толық жанбауы себебінен көмірсутектердің бір бөлігі құрамында шайырлы заттар бар қара күйеге айналады. Егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы заттар мен қара күйенің мөлшері де соғұрлым көп болады. Мұндай жағдайда машинаның артынан будақтап қара түтін шығады. Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр тетраэтилқорғасын болады. Бензиннің құрамына траэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Соңғы 100жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері 5 есе, ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда мұхитта 10 есеге көбейген. Атмосфераға бөлінетін қорғасыннын 86% автокөліктерден бөлінеді.

Аэропорттарда ұшақтардың қоңған және ұшқан кездерінде де ластаушы газдар мейлінше көп бөлінеді. Мысалы:«Боинг» ұшағының ұшуы кезінде бөлінген зиянды заттардың мөлшері бір мезетте оталған «Фольксваген»автокөлігінен шыққан зиянды заттар мөлшеріне тең.

Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20%жеке секторлар мен жылу энергетикалық жүйелердің еншісіне тисе,80%-автокөліктердің еншісінде. Қоршаған ортаға жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері бензинмен жүретін автокөліктерде дизельді автокөліктерге қарағанда анағұрлым көп.

Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету-тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты.Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып,бензинді сұйылтылған газға алмастыру,бензиннің орнына мал азықтық(қызылша жүгері)өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда.

2/ Өндірістік кәсіпорындардың табиғатты ластауы

Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өндеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. 1 тонна шойынды балқыту кезінде 4,5 кг шаң 2,7 кг күкіртті газ, 0,5-0,1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк,фосфор,сурьма,қорғасын қосылыстары,сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді. Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен,газбен ластау көзі болып табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар,мышьяк,қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий алу кезінде де электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып,оның 65% қоршаған ортаға тарайды.

Қазақстан территориясында түсті металлургия үш аймақта-Орталық,Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда кен орындары Жоңғар Алатауы мен қаратауда кездеседі. Түсті металлургияның өнеркәсіп орындарында Менделеев таблицасындағы элементтерінің 74 түрі өндіріледі. Түсті металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны қажет етеді. Сондықтан Мұндай өндіріс орындары электр энергиясының көзіне жақын салынады. Көмір өнеркәсібінде ластаушы көзі болып терриконниктер-жыныстарда өздігінен жануынан ұзақ уақыт бойы көмір мен пириттің жануы жүреді. Нәтижесінде күкіртті газ, көміртегі оксиді, шайырлы заттардың қосылыстары бөлінеді.

Мұнай өндіру, өңдеу, Мұндай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқада иісі жағымсыз заттар бөлінеді. Синтетикалық каучук заводтарынан ауаға – стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен және т.б. бөлінеді. 90 – шы жылдардың соңында жасаған зерттеулер бойынша Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек Мұнай өндіретін орындарынан жылына атмосфераға 184 000 тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді. Ал қазіргі кезде Мұнай өндіретін кен органдарының саны да, өндіретін Мұнайдың мөлшері де ол кездегіден көбейе түсті. АҚШ – та қоршаған ортаны ластағаны үшін заңды тұлғалар мыңдаған доллар айыппұл төлейтін болса, біздің еліміздегі төленетін айыппұл мөлшерін одан жүздеген есе аз. Сондықтан –да инвесторлар сүзгілерді орнату, ауыстыру және қоршаған ортаға бөлінетін ластануды азайтудың орнына, оған қарағанда айппұл төлеуді жөн санайды.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер – жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралық өндеу кезінде бөлінеді. Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар, тұрмыстық химия заттары және т.б.). Бұл өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам организмі үшін қауптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған ортаға IY валентті көміртегі оксиді, IY валентті азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммияк, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді. Ірі күкірт қышқылды цехтар Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту комбинаттарында, Өскеменнің қорғасын – мырыш комбинатында, Ақтөбе және Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған. Атмосферада күкіртті газдар ұзақ сақталмайды. Ауа райы құрғақ жағдайда 2 – 3 аптада, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда бірнеше сағаттарға дейін сақталады. Сөйтіп бұл қосылыстың қауптілігі арта түседі – күкіртті қосындылар ауа массасымен бірге жел арқылы көшіп сульфатты формаларға ауысады. Олардың көшуі желдің жылдамдығы 10 м/сек жағдайда 750-1500м биіктікте жүреді күкіртті газдардың таралуы 300-400 км қашықтыққа дейін жетеді. Күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарына әсер етіп тыныс алуды қиындатады. Өсімдіктерде хлорофиллдердің бұзылуына әсер етіп нәтижесінде фотосинтез процесі нашар жүреді, өсу баяулайды, ағашты өсімдіктердің сапасы төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін азаяды. Атмосфералық ауа құрамында күкірттің көп болуы металдардың таттануын (коррозия) үдете түседі, ғимараттардың, ескерткіштердің, өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді. Өнеркәсіпті аудандарда, ауылды жерлермен салыстырғанда темір 20 есе, алюминий 100 есе тез таттанып бұзылады. Энергетика өнеркәсіптің барлық салаларының-транспорттық, коммуналды және ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттыратын, халықтың, әл-ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қорғаушы күш. Отын-энергетикалық кешен-жанармайларды барлау және өндіру, тасымалдау, тарату және пайдаланудан тұратын салааралық жүйе. Бұлардың құрамына отын өнеркәсібі (Мұнай,газ,көмір) және халық шаруашылығындағы басқа салалармен тығыз байланысты электроэнергетика кіреді. Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына республикадағы мол табиғи байлықтар себеп болып отыр. Мысалы:Қарағанды көмір бассейнінде көмірдің қоры 51 млрд тоннаны құрайды. Қостанай облысындағы қоры бай темір рудалары және Теміртау металлургия комбинатының салынуымен Қарағанды көмір бассейнінің маңызы арта түсті.

Сонымен қатар энергетиканың қоршаған ортаны отынның органикалық түрлерінің өнімдерімен, ондағы зиянды қоспалардың болуымен, жылу қалдықтарымен ластауда да үлесі көп. Бұкіл пайдаланатын энергоресурстардың 25% электр энергиясының үлесіне тиеді. Қалған бөлігі (75%) өндірістік, тұрмыстық жылуға, транспорт, металлургия, химиялық процестер үлесіне тиеді. Жыл сайын дүние жүзінде 25млрд тоннадан аса энергия пайдаланылады. Энергетиканың қоршаған ортаға әсері отынның түріне байланысты.

Қатты отынды жаққанда атмосфералық ауаға толық Жанбаған отынның күлді бөлшектерімен бірге күкіртті ангидрид, азот оксиді, фторлы қосылыстардың кейбір қоспалары бөлінеді. Кейбір жағдайларда отын күлінің құрамында Мұнан да улы заттар қоспалары кездеседі. Мысалы: Донецк антрацигтерінің құрамында аз мөлшерінде мышьяк кездессе, Екібастұз көмірі күлінде – бос кремний диоксиді бар. Көмір – планетада ең көп тараған қазбалы отын. Кейбір мамандардың айтуы бойынша көмірдің қоры 400-500 жылға жетеді. Көмірдің Мұнайдан тағы бір артықшылығы, ол дүние жүзі бойынша біркелкі таралған және Мұнайға қарағанда арзан.

Бұрынғы КСРО кезінде ірі жылу-энергетикалық кешендер елдің шығысында орналасты,мысалы: Екібастұз, Канск-Ачинск кең орындары. Ашық әдіспен өндірілетін бүкіл көмірдің төрттен бір бөлігі Екібастұз кең орнының еншісіне келетін. Мұндағы көмірдің қоры шамамен 9 млрд тонна деп саналады. Алайда бұл кең орнынан алынатын көмірден күл көп шығады (50 % дейін).

3/ Табиғатты қалпына келтіру іс шаралары.

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін еш нәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.

Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмосфера – бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз егер отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмір қышқыл газ, аргон т.б.) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасыларды, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.

Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шеткі мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.

4/ Адам мен қоғамның қоршаған ортаға әсері.

Ауаны таза ұстаудың шаралары

Адамға табиғат берген байлықтың бірі – атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамып келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұратын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады.

Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес қосуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шығаратын лас зиянды газдардың көлемі 1,5-2 есе азайтуға мүмкіншілік туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістен шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.

Республикамыздың ірі қалаларынды жылуды бір ірі орталықтан жіберу арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Мысалы: Алматы 600 кішкентай пеш жойыл-са, оның 155-і 1970-1973ж келеді. Қарағандыда 107 пеш, 84 жанатын террикондар жойылды. Павлодарда -50, Шымкентте-7 пеш газбен жағылуға көшті. Бір сөз-бен айтқанда, Алматы қаласын қоспағанда республикамызда 1970-1973 жылдары 276пеш сөндірілді, 12 ТЭЦ пен 65 пеш газға көшті.

Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973-1975 жылдары облыс орталықтарында «Қазақ автотехникалық қызмет көрсету» ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын 157 бақылау-реттегіштердің қондырмаларын жасау жобаланды.

Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы керек. Жүзделген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін газдардың мөлшері азайды.

Мысалы, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды шаңдар 54,2% қорғасын – 68,6% күкірт ангидриді – 17,2% азайды. Балқаш кен-металлургия комбинатында – 41%. Теміртау синтетикалық каучук заводында сыртқа шығатын сынаптың мөлшері 2,5 есе, Шымкенттің цемент заводындағы ауаға шығатын цемент мөлшері – Юесе, Өскеменнің титан-магний ком-бинатында ауаға шығатын хлордын, мөлшері 1,8 есе қысқартылады.

Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлық мекемелер лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі күйге келтіріп, практикаға беруде.

Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі ауаға шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді көмірқышқыл газы, азоттың косоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр.

Қарағанды қаласында көмірқышқыл газының мөлшері санитарлық нормадан 8-9 есе асып кеткен, ал азоттың косоксиді, шаң күкірт ангидриді барлық өндіріс орындарында 1973 жылы белгілі-бір нормаға дейін төмендеген.

Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен цехта да тиімді жүргізіліп келеді. Мысалы: Алматы үй құрылысы комбинаты бойынша ауаға күн сайын шығарылатын зиянды заттардың мөлшері 75% қысқартылды. Шымкент қорғасын заводында шаң тұтқыштар мен технологиялық газды өңдеу және тазарту қондырғыларын салуға қыруар қаржы жұмсалып, адамдардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызылған.

Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Көліктен бөлінген газдардың құрамында қандай заттар болады? (Альдегидтер)

  2. Автокөліктен атмосфераға таралатын қорғасынның мөлшері? (86%)

  3. Бензиннің орнына қандай сұйықтық қолдануды ұсынылады? (Өсімдік майлары мен мал азықтық майлар)

  4. Шойынды балқытуда атмосфераға қандай лас түтіні бөлінеді? (Күкірт газы, марганец, мышьяк, фосфор,сурьма,қорғасын және сынап)

  5. Қ.Р өнеркәсіптік аймақтары? (ШҚО,ОҚО, Орталық Қазақстан облыстары)

  6. Атмосфераның адам үшін маңыздылығы?

  7. Ауаға күкірттің көп таралуы қандай жағдайларға әкеліп соқтырады? (Өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді.)

Соңы

Қорытындылау: Балалар, бүгінгі сабағымызда бірталай білім берілді. Сіздер көптеген «Қоршаған ортаны қорғау» туралы мәліметтер алдыңыздар. Сабағымызды қорытындылайық. Сондықтан, шын мәнінде, тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде өз білгенімізді өзгелерге де айтып, ақыл кеңес айта жүрейік.

Сонымен,балалар,сабағымызды қорытындылай келгенде, бүгінгі таңда 1. Қандай мәселе маңызды, өзекті болып отыр? 2. Табиғатқа жақын болу керек дегенді қалай түсінесіздер? 3. Аясы кең, мағынасы терең аялы да саялы табиғатымызды қалай қорғап, аялап

Тақырыбы: Қоқыстарды тазалаудың маңызы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Туған өлкенің табиғаты мен қыр-сырына жан-жақты мән бергізе отырып, зерттеуге, көрген-түйгенін білу.

Өлке табиғатына деген ерекше ықыласын ояту, қызықтыру.

Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ластанудан қорғау, аялау, экологиялық тәрбие беру.

Көрнекіліктері: суреттер, тест, қанатты сөздер.

Сабағымды Жамбыл атамыздың өлең жолдарымен бастаймыз

Табиғат әсемдіктің төркінісің

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе

Сенен алып тұрғандай бар тынысын, - деп

Ортасы

Адамзат баласы, табиғат-ана, сусыз өмір сұ\үре алмайтыны анық. Толқынменбірге құстарымыз тербеледі, қазымыз қаңқылдайды, аққуымыз көл бетінде сыланады.

Мұқағали ағамыздың «Аққулар ұйықтағанда» өлеңінен кішкене шумағын оқып берейін.

Аққулар...

Аққу мойын сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап,

Айдынның еркелері білмей тұрмын,

Етермін, тағдырымды кімге аманат?!

Жаны сүлу ақ еркем ары сұлу!

Жасыл желегіміз, жәндігімізбен бірге көл, теңіз, мұхитымызды қалай жырлаған.

Қарап отырсақ, табиғатымызды аялап, қастерлеп, сол табиғаттың тілін білу бәріміздің парызымыз!

Табиғатты қорғау үшін не істеуіміз керек? Толық қорғай аламыз ба? Я болмаса оған әсер етуші күштердің ықпалын азайтамыз ба? О замандардың өзінде алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар аншылықпен айналысып, жануарлардың талай түрін жойып жіберді. Мамонттардың жойылуының басты себебі осы адамдардың іс-әрекетінен. Бірақ ол адамдар табиғатқа зиян алып келетіндігін, жануарлардың жойылып кететіндігін ойлаған да жоқ.

Осындай ой әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан сияқты. Адамзат неше мыңдаған жылдардан бері бір-біріне соғыс өртін жариялап, қоршаған ортаның ластануына, жануарлар мен өсімдік жамылғысының азаюына және адамдардың өліміне әсер етуде. Табиғатты қорғау мемлекетаралық, мемлекеттік, аймақтың заңдармен – іс-шаралардың табиғатты қорғауға, сақтауға және тиімді пайдалану мен қалпына келтіруге арналған кешенді жұмыс.

Табиғатты қорғау дегеніміз – тек қана өсімдік пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жылпы табиғи кешенді сақтап қорғап қалу. Оны тиімді жүргізу үшін ғаламшарымыздағы барлық елдер біріге отырып жұмыс жасауы қажет. Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды арнайы сүзгіден өткізіп, тазалап қайтадан іске қосуда. Осындай жолмен ресурс қорын сақтап қалуға болады.

Ұлттық тұрғыда қорғау дегеніміз – сол елдің заңдарына сәйкес іс-шаралар жүргізіледі. Халықаралық тұрғыдан қорғауға алынған объектілер – барлық елдерге тән. Мысалға Дунай өзені 9 мемлекетті кесіп өтеді, Балтық пен Каспий теңіздерінің жағалауы бірнеше мемлекетке тиесілі. Бұндай объектілер Халықаралық келісімшарттар (Конвенция және т.б.) арқылы қорғалады.

Атмостфера да ғаламшарымызға ортақ объект. Оены қорғау барлық мемлекеттердің және адамдардың ортақ міндеті. Халықаралық бірлестіктің негізгі жұмыстарының бірі – озон қабатын қорғау. Үлкен жетістіктеріміздің бірі – ядролық қару-жарақты сынауға тыйым салынды. Жалпы адамзат жыл өткен сайын атмосфераны қорғауға көп көңіл бөлуде. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіруге болады, егер зауыттар мен фабрикаларда түтінді ұстап қалатын сүзгі, тазалағыш қондырғылар орнатып экологиялық таза отын түрлерін пайдалансақ. Алдағы күндері дәстүрлі пайдаланып жүрген отын түрлерінің орнына экологиялық таза сарқылмайтын отын – сутегін пайдаланатын боламыз. Топырақтың құнарлылыған көтеру және оны қалпына келтіру үшін: органикалық және тиісті мөлшерде минералды тыңайтқыштар беру керек.

Жылу электр станцияларындағы, зауыттағы және фабрикадағы түтін шығатын мұржаларға арнайы сүзгі қондырғылар орнатсақ, күл-қоқыстарды өңдейтін зауыттар салып, ормен өрттерін болдырмайтын болсақ – қышқыл жаңбырлардан құтылуға әбден болар еді.

Адам өзен суларын, ауаны әр түрлі қоспалардан сақтаудың көптеген жолдарын ойлап тапты. Солардың бірі – тірі организмдерді пайдалану. Лас суларды ағызатын арнайы арықтарда микроорганизмді өсіруге болады. Микроорганизмдер судың құрамындағы көптеген зиянды заттарды тұтып қалады, оларды ерімейтін минералдарға айналдырады.

Өсімдіктерді және жануарларды қорғау және тиімді пайладану керек. Әсіресе олардың өніп-өсетін аудандарын қорғау мақсатында қорықтар, Ұлтттық парктер, қорықшалар санын молайту. Сонымен бірге табиғаттың ерекше объектілері де мемлекеттік қорғауға алынған. Табиғатты  тиімді және ұқыпты пайдалану адамзаттың болашағы. Табиғатты қорғау заңдары Дүние жүзінің барлық елдерінде бар. Бірақ табиғатта мемлекеттік шекара жоқ, сондықтан да Дүниежүзінің экологиялық заңға барлық елдер бірауыздан бағынады.

Қоршаған ортаны қорғау үшін дүние жүзінде көптеген табиғатты қорғау ұйымдары бар. Олардың жалпы атауы «ГРИНПИС» (GREEN PEACE) – жасылдар әлемі немесе жасылдар қозғалысы. Дүние жүзінің барлық елдерінде жұмыс істейді. Олардың арасында мықты саяси партиялар да бар (мысалға Германияға) және кішігірім тышқандар мен тарақандарды қорғау, секвойя ормандарын қорғау, құрбақа мен көлбақаны қорғау сияқты әр түрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдар бар.

Соңы

Қорытынды.

1.     Табиғатты қорғау дегеніміз не?

2.     Табиғатты қорғау не үшін қажет?

3.     Өздерің тұратын жерлеріңде табиғатты қорғауға арналған қандай іс-шаралар жүргізілуде?

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың тигізетін зиянды әсері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Туған өлкенің табиғаты мен қыр-сырына жан-жақты мән бергізе отырып, зерттеуге, көрген-түйгенін білу.

Өлке табиғатына деген ерекше ықыласын ояту, қызықтыру.

Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ластанудан қорғау, аялау, экологиялық тәрбие беру.

Көрнекіліктері: суреттер, тест, қанатты сөздер.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: деректер топтамасын жасайды

Оқушылардың көпшілігі:талдайды

Оқушылардың кейбірі: саралайды, қорытындылайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздығ қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға,оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХ ғ-да өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі».Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері,оның үйі,сол үйдің тұрақты,таза болуы адамға байланысты.Егер оны адам қорғамаса,жағдай жасамаса,онда ертең құлауы мүмкін.

Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізді.Ауаның тазалығы,қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе – теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне,ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды.Тамаша табиғат көріністері адамның күш – қуатының қалпына келіп,тынығуына көмектеседі.Қазіргі кезеңде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты.Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі- адам денсаулығына әсері.

Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халық арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда.Мысылы,Алматы тәрізді ірі қалаларда автокөліктердің шыққан улы газдың молаюы байқалды. Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан,ішек ауруларына ұшырайды.Тұрғын халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен,әр түрлді тыңайтқыш,пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалану қауіпті.Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп,сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.

Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп.Мысалы,космодромға көршілес аудандарда,ядролық полигон төңірегінде тұратын халық қатерлі ісік,қанның азаюы (анемия),ақ қан (Лейкемия) ауруларымен көп ауырады.Қазіргі кезде Байқонңырдан ұшырылып,апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы,Орталық Қазапқстан жеріне құлаған «Протон» қондырғылары халық денсаулығына өте зиян келтіруде. Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар медицинамен тығыз байланысты.Сондықтан елімізде аурулардың аумаққа таралу заңдылықтарын зерттейтін Медициналық география ғылымын дамытудың маңызы зор.Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортаның табиғат жағдайларының әсер етуін де зерттейді.Адам – табиғат қарым – қатынасы өте күрделі.Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса,екінші жағынан,өзі өзгерткен ортада өмір сүріп,ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде саналады. Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы жергілікті табиғат жағдайларымен байланысты.Жаздың жылы,қыстың қоңыржай болуы және т.б. жағдайлар қолайлы болса,құрғақ,құмды шөлдер мен биік таулар , қатал қыс,аптапты жаз қолайсыз әсер етеді.Дегенімен табиғат жағдайларынан басқа адамәрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді.Бұл соңғы экологиялық жағдайларға байланысты.Мысалы,өнеркәсіпті қалаларға қарағандашеткі ауылдарда ауа аз ластанған.Ал керісінше,орталықтандырылған су құбырлар жүйесінің болуына байланысты қалаларда ауыз судың сапасы жақсы.Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:

  • экологиялық жағдайы нашар аудандар;

  • экологиялық жағдайы орташа аудандар;

  • экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар.

Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай – газ өндірілетін және металлургия,көмір кен орындары,өнеркәсіптік қалалар,Арал маңы,ядролық полигон аймағы кіреді.Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылығы дамыған аудандар жатады.Мұндағы табиғат өзгерістері су,жер қорларының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған. Экологиялық жағдайы басқалармен салыстырғанда біршама қолайлы аудандарға табиғат ландшафтары аз өзгеріске ұшыраған,негізінен орманды дала мен таулы аймақтар жатады.

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.

Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)

Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.[1]

Ядролық қару орталығы

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыранторпедоұшақартиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

Ядролық қару

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Соңы

Қорытынды.

1.     Табиғатты қорғау дегеніміз не?

2.     Табиғатты қорғау не үшін қажет?

3.     Өздерің тұратын жерлеріңде табиғатты қорғауға арналған қандай іс-шаралар жүргізілуде?

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Қоршаған ортаның радиоактивтік және таксикологиялық улануы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Туған өлкенің табиғаты мен қыр-сырына жан-жақты мән бергізе отырып, зерттеуге, көрген-түйгенін білу.

Өлке табиғатына деген ерекше ықыласын ояту, қызықтыру.

Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ластанудан қорғау, аялау, экологиялық тәрбие беру.

Көрнекіліктері: суреттер, тест, қанатты сөздер.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: деректер топтамасын жасайды

Оқушылардың көпшілігі:талдайды

Оқушылардың кейбірі: саралайды, қорытындылайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздығ қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

Қоршаған ортаның ластануының салдарынан пайда болатын аурулар.

Қоршаған ортаның радиоактивтік және таксикологиялық улануы жағынан жер бетінің ешбір халқы да, табиғи жүйесі де дәл Қазақстан халқындай және табиғатындай зардап шеге қоймаған шығар, сірә? Бұлай деуіміздің себебі – атомдық және химиялық өндірістердің, ядролық сынақтар мен басқа қарулардың ісерінен елімізде көптеген аймақтар күрделі экологиялық дағдарысқа ұшырады. Республикамыздың Арал өңірі, Шығыс Қазақстан, Семей полигоны және Батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсойған, Ресеймен шекаралас «Капустин Яр» басы ашық айқын аймақ апаттар болып табылады. Елімізде осылай экологиялық жағдайдың пайда болуы біріншіден, халық шаруашылығықұрылымының дұрыс ұйымдастырылмауының нәтижесі, яғни, көне технологияларды пайдалану, саясат пен экономикада «біжден кейін кұл болмасаң, бұл бол» тоқмойын милитаристік көзқарастың үстем болуы, республиканың тек қана шикізат өндіруге бағытталуы себепші. Бұл қатынас адамның сана-сезімінің деформацияға ұшырауына және еңбекте экологиялық мәденеттің, экологиялық көзқарастың бұзылуына, сайып келгенде өз көрін өзі қазған қарабайырлыққа әкелді. Сондықтан экологиялық жағдайдың зиянды жағына қарай өзгеріп жатқанын ашық айтуға мүмкіндік болмады. 1949-1989 жылдарда Семей сынақ полигонында 470 ядролық жарылыс болды, оның 26 – жер үстінде, 90 – ауада, 354 – жер астында жасалды. Осылардың салдарынан тұрғындардың денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің табиғи тепе-теңдігі бұзылды. Зымырандарды космосқа шығаруға пайдаланған гептил деген жанармай қалдықтарының табиғи ортаға, адамға, жан-жануарларға әсері дәйекті зерттелмеген. Ал іс жүзінде қоршаған ортаның радиоактивтік, химиялық заттармен ластануының әсерінен адам тәнінде тектік және хромосомдық өзгерістердің пайда болуы, сонымен бірге өсімдіктер мен жануарлардың құри бастауы адамзатқа төнген қауіптің қаншалықты зор екендігінің айқын айғағы. Осындай генетикалық өзгергіштіктердің салдарынан мысалы, ұрықтанған жұмыртқа жасушаларының 50%-і өледі, немесе олардан пайда болған организмдер артына ұрпақ қалдыра алмайды. Гентикалық зардаптар дене мүшелеріндегі іртүрлі өзгерістер және психологиялық кеселдер түрінде пайда болады. Осындай зардапқа душар болған балалардың балалардың – 10 пайызы, яғни әрбір 1 млн баланың – 100 мыңы кеміс болып туылады екен. Қазақстанның зардапты экологиялық проблемалары көрші мемлекеттерің де наразылығын тудыруы әбден мүмкін. Сондықтан мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық маңызды шарттардың бірі – халықтың экологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін нақты жүзеге асыру – бүгінгі күннің ең басты да ең негізігі талабы.

Биосфера мен экожүйедегі адамның ролі. Биосферада бір жағынан табиғи факторлармен және екінші жағынан адам әрекетімен байланысты антропогендік эволюция барысында туындатын өзгерістер жүріп отырады. Табиғи эволюция мыңдаған жылдар масштабында жүретін болса, антропогендік эволюция ондаған және жүздеген жылдарды ғана қамтиды.

Экожүйелердің антропогендік эволюциясы мақсаттық бағытталған және кездейсоқ деп екі класқа бөлінеді. Бағытталғанда адам жасанды экожүйелердің жаңа типтерін қалыптастырады. Агроэкожүйелер, бақша-саябақтық ансамблдер, теңіздегі қызыл қошқыл балдырлар бақшалары, устрица фермалары т.б. осы эволюция нәтижесі.

Кездейсоқта адам әрекеті нәтижесінде табиғат үшін бөгде заттардың антропогендік айналымы жүреді, ксенобиотиктер (пестицидтер, химиялық ластаушылар), сынап. Экожүйелердің Кездейсоқ антропогендік эволюциясының мақсаттық бағытталған эволюциямен салыстырғанда атқаратын ролі басымдау. Ол әлдеқайда әралуан және регрессивті сипатта болады: биологиялық әралуандылық пен өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады.

Сырттан келген бөгде түрлер адвентивті түрлер, ал адвентивті түрлердің экожүйеге ену процессі адвентизация деп аталады. Адвентивті түрлердің қоныстануына экожүйелердің антропогендік бұзылыстары және келімсек түрлер популяцияларының тығыздығын тежей алатын антогонист түрлердің жоқтығы себепші болады.

Табиғи экожүйелердің өзгешелену деңгейі – ауылшаруашылық, қалалық, өнеркәсіптік, экожүйелер қатарында арта түсуде.

Экология адамның тіршілік ортасы мен онымен қарым- қатынастары, табиғат және қоғам туралы ғылым. Адам экологиясы адам мен оны қоршаған ортасының жеке, табиғаттың экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастарының ғылыми негіздегі заңдылықтарын зерттейтін кешенді дисциплина.

Қоршаған орта адамды қоршап тұрған және оның өмір сүруіне объективті әсер ете алатын, оның түрлі қажеттілігін (биологиялық, мәдени және басқадай) қанағаттандыра алатын объектілер бірлестігі.

Популяциядағы басқа да биологиялық түрлерден адам баласының ерекшеліктері де басым, оларды табиғатпен экологиялық байланыстарынан және оларды жүзеге асыру барысындағы атқарылатын формаларының ерекшеліктерінен көруге болады.

Осылайша, адамның басқа биологиялық түрлермен ұқсастығы оның биологиялық шығу тегіне, биологиялық заңдылықтар жүзеге асатын табиғатына байланысты.Ал олардың экологиялық айырмашылығы оның адамдар қоғамының яғни, қоғамдық және әлеуметтік заңдылықтар жүзеге асырылатын қоғамда өмір сүруінде.Бұл екі құбылыс ғаламшарда жалғыз ғана биоәлеуметтік түр болып саналатын, тек адамзатқа ғана тән құбылыс.

Өзінің шығу тегіне, құрылысына және ағзаның атқарар қызметіне байланысты адам Жер бетіндегі басқа тіршілік иелерінен сапалық жағынан экологиялық байланыстарына қарай ерекшеленеді.

Адамның принципиалды экологиялық ерекшеліктері: келісілген қоғамдық іс-әрекетке негізделген айқын әлеуметтілік ,ерекше энергиялық қарулану және әртүрлі еңбек құралдарын жан – жақты пайдалану. Бұл ерекшеліктер жер бетіндегі тірі ағзалар үшін табиғатпен әлеуметтік – экологиялық өзара байланысты тудырады, ал адамның өзі ерекше биоәлеуметтік түр болып табылады.

Құралдарды қолдану мен жасаудың экологиялық нәтижесі және отты пайдалану ертедегі адамдардың эмансипациясында ортаның абиотикалық факторлары әсер еткен сапалы жаңа сатысы болады, сондай- ақ өзінің әлеуметтік байланыстарын басқару мен жасырын энергиясын меңгерудегі ерекшеліктері.Осының бәрі адамның табиғатқа басшылық етуге жағдай жасайды.

Саналы адамның шығуына байланысты адамзаттың сапалық қасиеттері де өзгерді. 40 – мың жылдан астам уақыт аралығында әлеуметтік – экологиялық деп дамып келеді. 20 ғасырдың аяғында экологиялық жағдайлар кризиске ұшырап, адамзатқа жалпы қауып төнді – бұл адамзат алдында глобалды міндеттер қойды.

Адамның саны мен популяциядағы структуралық өзгерісін демография зерттейді.

Адам өзінің демографиялық үрдісіне әсер етуші факторлардың әсерін түзетіп отырады. Адам баласы энергияны қолдана отырып, тамақтанудың түрлі жолданын тауып, сапасын өсіру нәтижесінде, сонымен қатар түрлі құрал жабдықтарды өз қолымен жасау негізінде және қоғамдық өмірге үрене жүріп, өзін және өзінің ұрпағын сырттан келетін түрлі келеңсіз жағдайлардан, жыртқыш аңдар шабуылынан, климаттың кері әсерлерінен, түрлі аурулурдан сақтану жолдарын тапты.Осындан кейін ғана жер бетіндегі тұрғылықты халықтың саны өсіп, өмір сүру ұзақтығы артты және өлуге қарағанда (әсіресе, балалар арасындағы) туудың өсуіне байланысты халық саны да өсе бастады.

Адам санының өсуінің дәлелдейтін мына фактілерді қарастырайық: 1830 жылдар айналасында адамзат баласы өздерінің ең алғашқы миллиард санын белгіледі, ал екінші миллиардты - 100 жылдан кейін (1939 ж.), үшіншісін – 20 жылдан кейін (1960 ж.), төртіншісін – 15 жылдан соң (1975 ж.), бесіншісін – 12 жылдан кейін (19897 ж.) атап өтті.

1994 жылы жер бетінде 5,5 млрд.адам тұрады деп саналған. 2000 жылы олардың саны – 6 млрд. адамға жетті. Тек саналы және сауатты түрдегі демографиялық саясат қана жер бетіндегі адамдар қонысын реттеу проблемаларын шеше алады.

Соңы

Қорытынды.

1.     Табиғатты қорғау дегеніміз не?

2.     Табиғатты қорғау не үшін қажет?

3.     Өздерің тұратын жерлеріңде табиғатты қорғауға арналған қандай іс-шаралар жүргізілуде?

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Өнеркәсіп орындары, транспорт түрлерінің, тұрмыстағы кейбір жағдайларының қала атмосферасына әсері.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер: .

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

  1. Оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру;

  2. Оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу

  3. Экология салысындағы ғылым жетістіктерінен хабардар болу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: деректер топтамасын жасайды

Оқушылардың көпшілігі:талдайды

Оқушылардың кейбірі: саралайды, қорытындылайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздығ қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

  • Жалпылама сұрақ 5 мин (өткен тақырыптар бойынша сұрақтар)

  • Тест құрастыру 15 мин (Экология пәні бойынша)

  1. Экологиялық заңдылықтың негізгі төрт түрі?

  1. Барлығы барлығымен байланысты

  2. Барлығы әйтеуір бір жаққа кетпеуі керек

  3. Табиғат ненің жақсы екендігің біледі

  4. Еш нәрсе тегін берілмейді

  1. БҰҰ тарапынан қандай экологиялық тұжырым әзірленеді?

Болашақ ұрпаққа және қоршаған ортаға зиян келтірілмейтіндей, адамның өсуін қамтамасыз ететін тұжырымы

  1. Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия қай жылы қабылданды? (1984ж)

  2. Ал Қ.Р экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы қай жылы қабылданды? (1996ж)

  3. 1996 ж қабылданған тұжырымдамада қандай экологиялық қаупсіздік қарастырылған?

Қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсерді болдырмау

  1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік беретін қандай құжат және қай жылы қабылданды? Атмосфералық ауаны қорғау туралы заң 2002 ж 11 наурызда қабылданды

  2. Республикамыздың аумағын қандай экологиялық топтарға бөлуге болады? Экологиялық жағдайы нашар,экологиялық жағдайы орташа және экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар.

  3. Экоцид түсінігі? Өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай қыру

  4. Экологиялық құқық бұзушылық түсінігі? Заңсыз аң аулау, орман ағаштарын заңсыз кесу т.б.

Жаңа тағырып

  1. Көліктік ластанудан қоршаған ортаны қорғау

  2. Өндірістік кәсіпорындардың табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру жұмыстары

  3. Табиғатты қалпына келтіру іс шаралары

  4. Адам мен қоғамның қоршаған ортаға әсері

Көліктік ластанудан қоршаған ортаны қорғау

Транспорттан бөлінген газдардың құрамында иісі күшті, тітіркендіргіш альдегидтер (акролен,формальдегид) болады. Мұнан басқа бөлінген лас газдардың құрамында отынның толық жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер болады. Негізінен этилен қатарына жататын гексан мен пентан. Отынның толық жанбауы себебінен көмірсутектердің бір бөлігі құрамында шайырлы заттар бар қара күйеге айналады. Егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы заттар мен қара күйенің мөлшері де соғұрлым көп болады. Мұндай жағдайда машинаның артынан будақтап қара түтін шығады. Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр тетраэтилқорғасын болады. Бензиннің құрамына траэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Соңғы 100жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері 5 есе, ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда мұхитта 10 есеге көбейген. Атмосфераға бөлінетін қорғасыннын 86% автокөліктерден бөлінеді.

Аэропорттарда ұшақтардың қоңған және ұшқан кездерінде де ластаушы газдар мейлінше көп бөлінеді. Мысалы:«Боинг» ұшағының ұшуы кезінде бөлінген зиянды заттардың мөлшері бір мезетте оталған «Фольксваген»автокөлігінен шыққан зиянды заттар мөлшеріне тең.

Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20%жеке секторлар мен жылу энергетикалық жүйелердің еншісіне тисе,80%-автокөліктердің еншісінде. Қоршаған ортаға жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері бензинмен жүретін автокөліктерде дизельді автокөліктерге қарағанда анағұрлым көп.

Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету-тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты.Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып,бензинді сұйылтылған газға алмастыру,бензиннің орнына мал азықтық(қызылша жүгері)өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда.

2/ Өндірістік кәсіпорындардың табиғатты ластауы

Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өндеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. 1 тонна шойынды балқыту кезінде 4,5 кг шаң 2,7 кг күкіртті газ, 0,5-0,1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк,фосфор,сурьма,қорғасын қосылыстары,сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді. Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен,газбен ластау көзі болып табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар,мышьяк,қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий алу кезінде де электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып,оның 65% қоршаған ортаға тарайды.

Қазақстан территориясында түсті металлургия үш аймақта-Орталық,Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда кен орындары Жоңғар Алатауы мен қаратауда кездеседі. Түсті металлургияның өнеркәсіп орындарында Менделеев таблицасындағы элементтерінің 74 түрі өндіріледі. Түсті металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны қажет етеді. Сондықтан Мұндай өндіріс орындары электр энергиясының көзіне жақын салынады. Көмір өнеркәсібінде ластаушы көзі болып терриконниктер-жыныстарда өздігінен жануынан ұзақ уақыт бойы көмір мен пириттің жануы жүреді. Нәтижесінде күкіртті газ, көміртегі оксиді, шайырлы заттардың қосылыстары бөлінеді.

Мұнай өндіру, өңдеу, Мұндай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқада иісі жағымсыз заттар бөлінеді. Синтетикалық каучук заводтарынан ауаға – стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен және т.б. бөлінеді. 90 – шы жылдардың соңында жасаған зерттеулер бойынша Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек Мұнай өндіретін орындарынан жылына атмосфераға 184 000 тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді. Ал қазіргі кезде Мұнай өндіретін кен органдарының саны да, өндіретін Мұнайдың мөлшері де ол кездегіден көбейе түсті. АҚШ – та қоршаған ортаны ластағаны үшін заңды тұлғалар мыңдаған доллар айыппұл төлейтін болса, біздің еліміздегі төленетін айыппұл мөлшерін одан жүздеген есе аз. Сондықтан –да инвесторлар сүзгілерді орнату, ауыстыру және қоршаған ортаға бөлінетін ластануды азайтудың орнына, оған қарағанда айппұл төлеуді жөн санайды.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер – жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралық өндеу кезінде бөлінеді. Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар, тұрмыстық химия заттары және т.б.). Бұл өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам организмі үшін қауптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған ортаға IY валентті көміртегі оксиді, IY валентті азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммияк, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді. Ірі күкірт қышқылды цехтар Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту комбинаттарында, Өскеменнің қорғасын – мырыш комбинатында, Ақтөбе және Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған. Атмосферада күкіртті газдар ұзақ сақталмайды. Ауа райы құрғақ жағдайда 2 – 3 аптада, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда бірнеше сағаттарға дейін сақталады. Сөйтіп бұл қосылыстың қауптілігі арта түседі – күкіртті қосындылар ауа массасымен бірге жел арқылы көшіп сульфатты формаларға ауысады. Олардың көшуі желдің жылдамдығы 10 м/сек жағдайда 750-1500м биіктікте жүреді күкіртті газдардың таралуы 300-400 км қашықтыққа дейін жетеді. Күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарына әсер етіп тыныс алуды қиындатады. Өсімдіктерде хлорофиллдердің бұзылуына әсер етіп нәтижесінде фотосинтез процесі нашар жүреді, өсу баяулайды, ағашты өсімдіктердің сапасы төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін азаяды. Атмосфералық ауа құрамында күкірттің көп болуы металдардың таттануын (коррозия) үдете түседі, ғимараттардың, ескерткіштердің, өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді. Өнеркәсіпті аудандарда, ауылды жерлермен салыстырғанда темір 20 есе, алюминий 100 есе тез таттанып бұзылады. Энергетика өнеркәсіптің барлық салаларының-транспорттық, коммуналды және ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттыратын, халықтың, әл-ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қорғаушы күш. Отын-энергетикалық кешен-жанармайларды барлау және өндіру, тасымалдау, тарату және пайдаланудан тұратын салааралық жүйе. Бұлардың құрамына отын өнеркәсібі (Мұнай,газ,көмір) және халық шаруашылығындағы басқа салалармен тығыз байланысты электроэнергетика кіреді. Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына республикадағы мол табиғи байлықтар себеп болып отыр. Мысалы:Қарағанды көмір бассейнінде көмірдің қоры 51 млрд тоннаны құрайды. Қостанай облысындағы қоры бай темір рудалары және Теміртау металлургия комбинатының салынуымен Қарағанды көмір бассейнінің маңызы арта түсті.

Сонымен қатар энергетиканың қоршаған ортаны отынның органикалық түрлерінің өнімдерімен, ондағы зиянды қоспалардың болуымен, жылу қалдықтарымен ластауда да үлесі көп. Бұкіл пайдаланатын энергоресурстардың 25% электр энергиясының үлесіне тиеді. Қалған бөлігі (75%) өндірістік, тұрмыстық жылуға, транспорт, металлургия, химиялық процестер үлесіне тиеді. Жыл сайын дүние жүзінде 25млрд тоннадан аса энергия пайдаланылады. Энергетиканың қоршаған ортаға әсері отынның түріне байланысты.

Қатты отынды жаққанда атмосфералық ауаға толық Жанбаған отынның күлді бөлшектерімен бірге күкіртті ангидрид, азот оксиді, фторлы қосылыстардың кейбір қоспалары бөлінеді. Кейбір жағдайларда отын күлінің құрамында Мұнан да улы заттар қоспалары кездеседі. Мысалы: Донецк антрацигтерінің құрамында аз мөлшерінде мышьяк кездессе, Екібастұз көмірі күлінде – бос кремний диоксиді бар. Көмір – планетада ең көп тараған қазбалы отын. Кейбір мамандардың айтуы бойынша көмірдің қоры 400-500 жылға жетеді. Көмірдің Мұнайдан тағы бір артықшылығы, ол дүние жүзі бойынша біркелкі таралған және Мұнайға қарағанда арзан.

Бұрынғы КСРО кезінде ірі жылу-энергетикалық кешендер елдің шығысында орналасты,мысалы: Екібастұз, Канск-Ачинск кең орындары. Ашық әдіспен өндірілетін бүкіл көмірдің төрттен бір бөлігі Екібастұз кең орнының еншісіне келетін. Мұндағы көмірдің қоры шамамен 9 млрд тонна деп саналады. Алайда бұл кең орнынан алынатын көмірден күл көп шығады (50 % дейін).

3/ Табиғатты қалпына келтіру іс шаралары.

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін еш нәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.

Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмосфера – бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз егер отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмір қышқыл газ, аргон т.б.) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасыларды, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.

Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шеткі мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.

4/ Адам мен қоғамның қоршаған ортаға әсері.

Ауаны таза ұстаудың шаралары

Адамға табиғат берген байлықтың бірі – атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамып келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұратын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады.

Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес қосуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шығаратын лас зиянды газдардың көлемі 1,5-2 есе азайтуға мүмкіншілік туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістен шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.

Республикамыздың ірі қалаларынды жылуды бір ірі орталықтан жіберу арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Мысалы: Алматы 600 кішкентай пеш жойыл-са, оның 155-і 1970-1973ж келеді. Қарағандыда 107 пеш, 84 жанатын террикондар жойылды. Павлодарда -50, Шымкентте-7 пеш газбен жағылуға көшті. Бір сөз-бен айтқанда, Алматы қаласын қоспағанда республикамызда 1970-1973 жылдары 276пеш сөндірілді, 12 ТЭЦ пен 65 пеш газға көшті.

Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973-1975 жылдары облыс орталықтарында «Қазақ автотехникалық қызмет көрсету» ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын 157 бақылау-реттегіштердің қондырмаларын жасау жобаланды.

Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы керек. Жүзделген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін газдардың мөлшері азайды.

Мысалы, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды шаңдар 54,2% қорғасын – 68,6% күкірт ангидриді – 17,2% азайды. Балқаш кен-металлургия комбинатында – 41%. Теміртау синтетикалық каучук заводында сыртқа шығатын сынаптың мөлшері 2,5 есе, Шымкенттің цемент заводындағы ауаға шығатын цемент мөлшері – Юесе, Өскеменнің титан-магний ком-бинатында ауаға шығатын хлордын, мөлшері 1,8 есе қысқартылады.

Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлық мекемелер лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі күйге келтіріп, практикаға беруде.

Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі ауаға шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді көмірқышқыл газы, азоттың косоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр.

Қарағанды қаласында көмірқышқыл газының мөлшері санитарлық нормадан 8-9 есе асып кеткен, ал азоттың косоксиді, шаң күкірт ангидриді барлық өндіріс орындарында 1973 жылы белгілі-бір нормаға дейін төмендеген.

Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен цехта да тиімді жүргізіліп келеді. Мысалы: Алматы үй құрылысы комбинаты бойынша ауаға күн сайын шығарылатын зиянды заттардың мөлшері 75% қысқартылды. Шымкент қорғасын заводында шаң тұтқыштар мен технологиялық газды өңдеу және тазарту қондырғыларын салуға қыруар қаржы жұмсалып, адамдардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызылған.

Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Көліктен бөлінген газдардың құрамында қандай заттар болады? (Альдегидтер)

  2. Автокөліктен атмосфераға таралатын қорғасынның мөлшері? (86%)

  3. Бензиннің орнына қандай сұйықтық қолдануды ұсынылады? (Өсімдік майлары мен мал азықтық майлар)

  4. Шойынды балқытуда атмосфераға қандай лас түтіні бөлінеді? (Күкірт газы, марганец, мышьяк, фосфор,сурьма,қорғасын және сынап)

  5. Қ.Р өнеркәсіптік аймақтары? (ШҚО,ОҚО, Орталық Қазақстан облыстары)

  6. Атмосфераның адам үшін маңыздылығы?

  7. Ауаға күкірттің көп таралуы қандай жағдайларға әкеліп соқтырады? (Өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді.)

Соңы

Қорытындылау: Балалар, бүгінгі сабағымызда бірталай білім берілді. Сіздер көптеген «Қоршаған ортаны қорғау» туралы мәліметтер алдыңыздар. Сабағымызды қорытындылайық. Сондықтан, шын мәнінде, тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде өз білгенімізді өзгелерге де айтып, ақыл кеңес айта жүрейік.

Сонымен,балалар,сабағымызды қорытындылай келгенде, бүгінгі таңда 1. Қандай мәселе маңызды, өзекті болып отыр? 2. Табиғатқа жақын болу керек дегенді қалай түсінесіздер? 3. Аясы кең, мағынасы терең аялы да саялы табиғатымызды қалай қорғап, аялап

жүрміз? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, мына кестені толтырайық.

Білдім

Білемін

Білгім келеді

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: Экологиялық проблемаларды оң шешу елімізге сын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге қалыптастыру.
Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. 
Табиғатты қорғауға оны аялауға тәрбиелеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: табиғат құбылыстарын таниды

Оқушылардың көпшілігі:табиғи құбылыстарды ажырата алады

Оқушылардың кейбірі: талдау жұмыстарын жүргізе алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздағы қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жер – Ана мен өз анаң егіз екен,

Мейірімдері мейлінше теңіз екен!

Анам туды – Жер – Ана жетілдірді ,

Осыны өзім өмірде негіз етем!-деп бүгінгі жаңа сабғымызды белгілі ақынымыз Ә.Тәжібаев ағамыздың жыр жолдарымен бастайық.

Ортасы

Жоспары

Экология мәселесі бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік һәм техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды.
Экономикалық дамудың кешенді стратегиялық бағытын таңдауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттердің жоспарлы әрекеттері - әсіресе табиғат ресурстарының байлықтарын ысырапсыз игеру үрдістерін қалыптастырды. Соңғы жылдары шаруашылық-өндірістік нысандарында экологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерге қарамастан, антропогендік-техногендік ықпалдар — глобальді масштабты қамтып, Жер планетасының табиғи балансының ауытқуына қауіп төндіруде.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өткен Ү Халықаралық экологиялық конгресс (Жапония, 1990), Қоршаған ортаны қоғау жөніндегі конференция (Бразилия, 1992), ХХҮІІ Халықаралық географиялық конгресс (АҚШ, 1992) және Йоханнесбург (ОАР, 2003) қаласында өткен бүкілдүниежүзілік экологиялық форум - аталмыш мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр 
Экономикалық қажеттіліктерден туындаған адамзат перзентінің ғылыми техникалық жетістіктерге сүйене отырып, жер қойнауындағы байлықтарды молынша игеруге күш салуы - экологиялық сауатсыздықтың белгісі екені анық. Аталмыш үрдістер, қазба байлықтарды ысырапсыз пайдаланумен шектелмей, ғарыш кеңістігін игеруде, атомдық станциялар мен электр желісі жүйелері өнеркәсібін дамытуда, шикізат қорларын өңдейтін химиялық өндірістік орындардың ашылып, қарқынды түрде жүргізілуін жеделдетті. Адамзаттың ғарыш айлағын зерттеп, атомдық кешенді қондырғыларды іске қосуы — ғылыми-техникалық прогрестің бұрынғыдан гөрі қарыштап дамуын жеделдеткенімен - ол жетістіктер экологиялық проблемаларды шешудің басты алғышарттары бола алмады.

Әлем кеңістігінде белең ала бастаған экологиялық апаттар ареалдары жыл өткен сайын кеңейе түсуде. Әсіресе, жер шарындағы атмосфералық жауын-шашын мөлшерін реттеп отыратын әлемдік мұхит экожүйесінің ластануы - биогеоценоз айналымының тежелуіне ұйытқы болуда. Сондай-ақ, ірі өнеркәсіп орындарының зиянды қалдықтарының ауа қабатына араласуы, жасыл желек алқаптарының жойылуы, флора мен фауна дүниелерінің деградациялануы сияқты көріністер жыл өткен сайын жиі қайталануда 
Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл процесiн, мамандарды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi.
Халық арасына экологиялық бiлiм туралы таратуды мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады.
Оқу орындарының бiлiм беру бағдарына және меншiк нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндердi оқыту көзделуi тиiс.
Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi.
Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
Елiмiздiң табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады десек, бүгiнге дейiн адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзi деп қарап келгенi де рас.
Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам үйлесiмдiлiгiн сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай төмендегiше екiге бөлiп қарау маңызы айқындала түсуде:
-табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелi-эстетикалық қажеттiлiктер үшiн шектеулi пайдалану құқығы.
-табиғи ресурстарды адамның өмiрi мен тiршiлiгi үшiн шектi пайдалану құқығы.
Бұдан шығар негiзгi түйiн, ғылымда “экология” ұғымының негiзiн алғаш қалыптастырған немiс ғалымы Эрнест Геккель айтқанындай: “қоғам мен табиғаттың қатар өмiр сүруi бiр-бiрiне тығыз байланысты заңдылық. Қоршаған табиғи орта — адам тiршiлiгiне, шаруашылығына қатысты әлеуметтiк және экономикалық қажеттiлiктердi өтейдi, оның байлығын дұрыс пайдалана бiлсе, ол сарқылмайтын игiлiк көзi” болмақ.
Бiрақ мыңдаған жылдар бойы өсiп тұрған орман-тоғай, таза сулы бұлақ пен өзендер, құнарлы топырақты аймақтар қазақ жерiнде адамдар жиi қоныстанған аумақтарда бей-берекет пайдалану салдарынан бүлiнiп, кейбiреулерi пайдалануға жарамай қалды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде кешендi пайдалану табиғи қорлардың тез азаюына әкеп соқты.
Осылайша, табиғи шикiзатты пайдаланатын өнеркәсiп өндiрiсiнiң дамуы табиғи байлық қорларының азаюына ғана емес, ол сондай-ақ табиғи ортаның ластануына әкеп соқтырды. Өнеркәсiп орындарынан шығатын керексiз қалдық заттар қоршаған табиғи ортаның топырағын, суын және ауа кеңiстiгiн ластады. Экология проблемасы апатқа апарып соқтырары хақ.
Осы орайда, экологиялық бiлiм берудiң мақсаты — жеке адамның бойында табиғатқа деген iзгiлiк қатынастарды қалыптастыра отырып, “адам-қоғам-табиғат” арасындағы толық үйлесiмдiлiк рухында тәрбиелеу турасында айқындалып, бiлiм жүйесiнде экологиялық бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасының жобасы да жасалып қойылған.
Соның нәтижесiнде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетiн қалыптастыру үшiн кейбiр әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу қажеттiгi экологиялық бiлiм берудiң басты мiндеттерi болып табылатындығы нақты танылған.
Оларға:
1) экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетiлдiру және оларды бұлжытпай орындау;
2) табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалануда жауапкершiлiктi күшейту;
3) қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестiгiн сәйкестендiрудi;
4) үздiксiз экологиялық бiлiм берудi ұйымдастыруды тездетудi;
5) елдегi экологиялық жағдайлар мәлiметтерiнiң көпшiлiкке жетуiн қамтамасыз етудi жатқызуға болады [5, 33 б.].
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын-алудың негiзi кез-келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын аңғартса да, жаңа ғасырдың экологиялық дағдарыс пен табиғи дүлей апаттармен басталуы бүгiнгi қоғам үшiн экологиялық құқықтық сананың жетiлу толғағында ойланарлық жағдайды қалыптастырып отыр.
Бұл бағытта елiмiз келешекте экологиялық қауiпсiздiк мүддесiне үмiт артып, “Қазақстан-2030” даму стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және ХХI — ғасырдағы күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын, сондай-ақ Иоханнесбургте өткен (2002 жылы) тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2014-2025 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiгi Тұжырымдамасын бекiтуi.

Соңы

Қорытындылау:

Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар байлығын адам игiлiгi үшiн мейлiнше ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту iсi бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған келелi мәселе. Дархан табиғат қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм берудi заңдастыру ұстанымы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында экология кодексiн қабылдау ұсынысы еңжарлыққа бой алдырмай, көзi қарақты, ойы ұшқыр азаматтардың қолдауын күтетiн қоғамдық тұжырым деп бiлемiз.
Ал, бұл iс-шара халықтың жаппай экологиялық мәдениетiн көрсететiн белсендiлiк қабiлетiнсiз мүмкiн емес. Сондықтан да экологиялық бiлiм мен тәрбие қоғамның әрбiр мүшесiне табиғатты қорғауға немқұрайдылықпен қарамауды үйретiп, қоғам мүшесiн әрқашанда қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыруды көздейдi.

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тақырыбы: «Жас биолог»

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдер:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушылардың сабақтан алған білімдерін қайталау, жинақтау, іздену және ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге ықпал ету, өз бетінше іздену жұмысына баулу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: табиғат құбылыстарын таниды

Оқушылардың көпшілігі:табиғи құбылыстарды ажырата алады

Оқушылардың кейбірі: талдау жұмыстарын жүргізе алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, адам, жер, топырақ, ауа

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Қоршаған ортаны қалай қорғау керек?

Талқылауға арналған сұрақтар: Адам мен табиғат тұтас

Жазбаша тапсырмалар:Айналамыздағы қоршаған ортамызды жақсартуға қандай үлес қосқан болар едіңіз?

Алдын ала игерілген білімдері

Тақырып бойынша алған білімдерін бекітеді, оны есептер шығаруда пайдаланады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың арасында жағымды ахуал орнату мақсатында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Ортасы

Жоспары

І .Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Таныстыру

2.Биология пәнінен сұрақ

3.Шығармашылық жұмыс ( сөзжұмбақ)

4.Жеміске сипаттама беру

5.Дәрілік өсімдікке сипаттама беру

6.Жұмбақтар (үш тілде айту)

7.Қызықты деректер /үй тапсырмасы/

ІІІ.Қорытынды бөлім.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі:

Акт залына нақыл сөздер, шарлар, мақал-мәтелдер ілу. 6-сынып және 7- сынып оқушыларын топқа бөлу.

Нақыл сөздер: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім» М.Әуезов

«Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар» Ж.Баласағұн

6 а сыныбы: «Жапырақ» тобы, 6 б сыныбы «Інжугүл» тобы, 7 а сыныбы «Барыс» тобы, 7 б сыныбы «Тамыр» тобы.

Тапқыр, білгір, дарынды,

Жарыс бар бүгін арынды.

Сүйсең туған жеріңді

Ортаға сал барыңды.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Таныстыру:

Әр топ өздерінің таңдап алған топ атауларын қорғайды. Топ басшысы, топ мүшелерін таныстырады.

2. Биология пәнінен сұрақтар:

Сұраққа қай топ оқушылары бірінші жауап береді, сол топ бір ұпай иеленеді.6- сыныпқа жеке, 7- сыныпқа жеке сұрақтар қойылады.

6 – сынып

1.Өсімдіктану оқулығын жазған ғалым. (Кудерин)

2.Қанша қорық бар, оларды ата. (9)

3.Өсімдік жасушасының құрылысы. ( жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластид, вакуоль)

4.Өсімдік мүшесінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын ұлпа. (жабын)

5.Сабаққа, жапыраққа мықтылық қасиет беріп, сынудан, майысудан қорғайтын ұлпа. (тірек)

6.Өсімдіктің вегетативті мүшесі. ( тамыр, сабақ, жапырақ)

7.Өсімдіктің жер асты мүшесі. ( тамыр)

8.Асқабақ, асбұршақ, қауын, күнбағыстың тамыры. (кіндік тамыр)

9.Бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріштің тамыры. (шашақ)

10.Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ. (өркен)

11.Жүгері, бидай, терек, емен, қайынның сабағы. (тік сабақ)

12.Бақбақ, жолжелкен, пияз, қырыққабаттың сабағы. (қысқарған)

13.Жапырақтың сыртқы құрылысы. (жапырақ тақтасы, сағағы)

14.Жапырақ тақтасының пішіндері. (ине, жүрек, ромбы, жебе, бүйрек)

15.Гүл бөліктері. (аталық, аналық, тостағанша, күлте, гүл сағағы, гүл табаны)

16.Аналықтың құрылысы. (ауызы, мойыны, жатын)

17.Гүл шығатын өркенде белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы. (гүлшоғыр)

18.Өсімдіктің жынысты көбеюі. ( аталық, аналық жыныс жасушасының қосылуы)

19.Алма, шие, жүзім, алхоры қандай жеміс. (шырынды)

20.Бидай, күріш, арпа, тары жемістері. (дәнек)

21.Жуа, бидай, құртқашаш банан өсімдіктері қандай жарнақты. (дара)

22.Асқабақ, қауын, қарбыз, қияр, күнбағыс өсімдіктері қндай жарнақты. ( қос жарнақты)

23.Сексеуіл қай тұқымдасқа жатады. (алабота)

24.Асқабақтың жемісі. (қабақ)

25.Баобаб қай тұқымдасқа жатады. (құлқайыр гүлділер)

7- сынып

1.Жануарларды жіктеуде үлес қосқан ғалым. (К. Линей)

2.Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар. (біржасушалы, көпжасушалы)

3.Денесі бір ғана жасушадан тұратын, көпшілгі микроскоп арқылы ғана көрінетін организмдер. (қарапайымдар)

4.Қарапайымдар өкілі. ( амеба, жасыл эвглена, кірпікшелі кебісше)

5.Қантышқақ ауруын тудыратын қарапайым. ( дизентерия амебасы)

6.Ұлпалардың түрлері. (эпителий, бұлшық ет, жүйке, дәнекер)

7.Паразит құрттарды зертттейтін сала. (гельминталогия)

8.Сорғыш құрттар өкілі. (бауырсорғыш)

9.Денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндік. ( жұмыр құрт)

10.Буылтық құрттар қанша класқа жіктеледі. (аз қылтанды, көп қылтанды, сүлік)

11.Былқылдақ денелі жәндіктерде бірінші рет кездесетін дене. (бауыр)

12.Бауыр аяқты былқылдақ денелілер өкілі. (шалшық ұлуы, таспа ұлуы, жүзім ұлуы)

13.Мидия, устрица, гребешок қай класқа жатады. (қосжақтаулы былқылдақ денелілер)

14.Кальмар, каракатица, сегізаяқ қай қласқа жатады. ( басаяқты былқылдақ денелілер класы)

15.Буынаяқтылар типінің 3кл бар, соны ата. (шаянтектестер, өрмекшітектестер, бунақденелілер)

16.Адамға ең қауіпті ауру энцэфалит ауруын жұқтыратын қай кене? (тайга кенесі)

17.Жұмыртқа, имаго. (тура даму)

18.Акула, жұпбалық, тұтасбас қандай балық. (шеміршекті)

19.Қазақстанның қызыл кітабына балықтардың қанша түрі тіркелген. (16)

20.Қосмекенділердің қанша түрі Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген. (3)

21.Бұл балық ерте заманда кенінен таралып, кейін жойылып кеткен, қазір бір ғана түрі бар. (латимерия)

22.Аяқсыз қосмекендінің өкілі. ( сақиналы құртжылан)

23.Тұмсықбастылар отрядының өкілі. (гаттерия)

24.Крокадилдің жүрегі қанша қуысты. (4)

25.Жорғалаушылардың қанша түрі бар. (8000)

3.Шығармашылық жұмыс ( сөзжұмбақ)

Әр топқа сөзжұмбақ үлестіріліп беріледі. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі.

Т

А

Б

И

Ғ

А

Т

Т

Ы

А

Я

Л

А

Сәресіні атқарған, орылып алып бақтардан /тары/

Өзі шырын, үйіреді адамның тілін /қауын/

Дәні алтын, асырайды халқың /бидай/

Қызыл қалпақ киеді, піскенде басын жерге иеді /шие/

Төтеп берер дауылға, өсіріңдер ауылға / қарағай/

Қабат-қабат тоны бар, арасынан жемістердің танып ал /орамжапырақ//

Тау-тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім /мақта/

Қып-қызыл боп дөңгелек, бақшаларға өң береді /томат/

Таңертең де, түсте де күнге бетін бұрады, тостағаның кішкене, тосады да тұрады /күнбағыс/

Сырты қатты ұстасаң, шырынын ала алмассың қыспасаң /анар/

Тұздықпен жүреді, жауабын кім береді /пияз/

Өсіп тұрған талда, қып-қызыл ол........ /алма/

Еті қызыл дөңгелек, күзде жейміз күнде кеп /қарбыз/

4.Жеміске сипаттама беру ( Әр топ себетттен жемістер таңдап алып, сол жеміске толық сипаттама береді. Мысалы; алма, сәбіз, қияр, т.б. Әр дұрыс сипаттамаға бес ұпайдан беріледі.)

5.Дәрілік өсімдікке сипаттама беру (Әр топқа кепкен дәрілік өсімдіктер таратылады. Оқушылар сол дәрілік өсімдіктің атын тауып, сипаттама беріп, қай ауруға емдік қасиеті бар екенін айтады.Мысалы: адыраспан, мыңжапырақ, түймедақ, итмұрын. Әр дұрыс сипаттамаға бес ұпайдан беріледі.)

6.Жұмбақ шешу: (Оқушылар жұмбақты шешіп, жауабын үш тілде айтады. Әр дұрыс жауапқа үш ұпайдан беріледі.)

1.Жазда тұрып жоғары, күзде жерге қонады (жапырақ, листья, leaves)

2.Аспай піскен, қайнамай түскен (жеміс, фрукты, fruit )

3.Сырты тас, іші ас (жаңғақ, орех, nuts)

4.Жер астында, жез қазық (сәбіз, морковь, carrot)

5.Ұзын мұртты сарылар, қойынында наны бар (бидай, пшеница, weal)

6.Көктемде ақ гүлге оранады, күзде қолға доп болып оралады (алма, яблоко, apple)

7.Біреуін жерге беріп, күзде онын тердім (тұқым,семя, seed )

8.Дауылға нық күшті, ағаштың мықтысы (қарағай, сосна, pine tree)

9.Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр (қызылша, свекла)

10.Қасына келсен жылайсын, ащы деп те сынайсын, келмейін деп ойласам, керек деп өзін сұрайсын (пияз, лук, onion)

11.Орақ болып туады, табақ болып тынады (Ай, луна, moon)

12.Бар ма, жоқ па білмейсін, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсін (ауа, воздух, air)

7.Қызықты деректер /үй тапсырмасы/

Әр топ өздері дайындап келген қызықты деректерін айтады. Қанша дерек дайындап келді соған байланысты ұпай беріледі. Бір дерекке екі ұпай болып есептеледі.

Соңы

Қорытындылау:

Сабақ соңында жеңген топ марапатталып, топтарға мақтау қағаздары тапсырылады. Кеш қызықты өтті.

Қосымша ақпарат

«Білімділер» «Ұстаз» ақпараттық порталымен жұмыс

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Мен жоспарланған шралар тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды. (оқыуды да оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында менсынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Салауатты өмір салтын сақтаймыз

 Мұғалім сөзі : Бүгінгі сабағымызды  Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.» Бүгінгі таңда біздің қоғамымызда көптеген заңдылықтарға сыймайтын жат қылықтар көптеп кездеседі. Әрине,  мұндай жат қылықтармен отбасынан бастап білім мекемелерінде, қоғамдық ұйымдар мен құзырлы құқық қорғау мекемелерінде күрес жүргізу қажет.  Елбасының          « Қазақстан-2030» жолдауының төртінші тарауында «жат қылықтарға қарсы күрес және темекі мен ішімдікті қысқарту, денсаулықты жақсарту» деп көрсетілген. Олай болса бүгінгі сабағымызда салауатты өмір салты туралы пікір алысамыз.

   Мұғалім сөзі:  Салауатты өмір –жоғары саналы адамгершілік өмір, салауатты салт — жоғары сананың көрінісі. Салауаттылық –адам тіршілігіндегі, күнделікті өмір тынысындағы қимыл -әрекет, тамақтану, ойлау, қызмет,  әдет, құмарлық, тұрмыстық қарым- қатынас жүйелерінің жиынтығы.

Бейнеролик

  Ал енді балаллар салауатты өмір салты дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз?

Оқушылар пікірлері тыңдалып, талданады.

СЛАЙД 1

Мұғалім сөзі:   Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.

Бейнеролик (темекінің зияны)

«Темекінің зияны» Статистикалық мәлімет беру .Жер шарында жыл сайын темекі уынан 3 млн. адам  өледі екен, темекі шегетіндер стенокардиямен 13 есе, миокардинфактімен 12 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады.

Оқушылар пікірлері тыңдалып, талданады.

Түйін: Никотин – және басқа да химиялық заттар( улы газ, қара май және т.б) бұлар ағзаны улайтын у, оны жасөспірім өз еркімен қабылдайды. Никотиннің қауіптілігі бұның есірткі екендігі, яғни ағза тез бейімделетін зат. Сондықтан темекі шегуді оңай, ал оны тастау қиын, бірақ тастауға болады.

Темекі шегу – зиян әдет. Ол өмірді қысқартады. Қазіргі кезде темекіден бүкіл әлем бас тартуда. Темекіні таста!

«Адамның тән сұлулығы мен жан сұлулығының байланысы»  жайында мектебіміздің психологы  Абдрешева Асемнің пікірін  тындап көрейік.

Бейнеролик психолог

Оқушылар пікірлері тыңдалып, талданады

Мұғалім сөзі:

  1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
    Денсаулық дегеніміз — адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.
    Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
    2. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
    Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
    3. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану — денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

Денсаулық – зор байлық. Денсаулық – адам өмірінің бағалы заты. Сондықтан, адам күнделікті өзін – өзі күту, дұрыс тамақтану, тыныға отырып қажетті дене жаттығуларын жасап, дене тұлғасының дұрыс жетілуін қадағалау қажет. Сонда ғана сұлу да сымбатты болып өсесіңдер.

«Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауынан: Жастар біздің болашағымыздың тірегі. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашып отыр. Біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш – жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» — деген болатын. Денсаулықтың қадірін ауырмай тұрып бағалай білейік.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50 — 60 % өмір тіршілігіне, 20 % — тұқым қуалаушылыққа, 20 % — сыртқы ортаның жағдайына, 8 — 10 % — дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл  деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын

қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді.

Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық — денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.

  Жағдаяттарды талдау.

Слайд

Алма ағашы өсіп дұрыс жеміс шығуы үшін ықпал «эксперимент»
Қорытынды

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.

Есірткі құрысын,
Ішімдік жойылсын.
Дені сау қазақтың,
Ұрпағы көбейсін.
Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп,
Қазақтың сымбатты,
Ұл — қызы көбейсін!  деген сөзбен сабагымды аяктагым келеді.

Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар. Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ә.Бейсенова, Ж.Шілдебаев. Экология. Бағдарламалар. 5-11 сынып.

А., «Мектеп», 2005

  1. География және табиғат. 2008-2013

  2. Орынбаева Г. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру. А., «Рауан», 1993

  3. С.Б.Лавров, Ю.Н.Гладкий. Глобальная география. М., «Дрофа», 1997

  4. Ысқақов С. Табиғатты қорғау дәстүріміз. А., «Қайнар», 1993

  5. Экология және табиғатты қорғау. А., «Мектеп», 2002

  6. Экология. А., «Рауан», 2000

  7. Энциклопедия для детей, «Экология»., М., «Росмэн», 1997

  8. Агаджанян Н. А., Торшин В.И. Экология человека. М 1994.

  9.     Антипенко Е.Н. ,Когут Н.И. Генетические последствия загрязнения окружающей среды и перспективы их предупреждения. –Киев, 1990.

  10.    Вернадский В.И. Биосфера , М. Мысль, 1967.

  11.      Никитин Д.П. ,Новиков Ю.В. Окружающая среда и человек. –М. 1986 .

  12.      Сагимбаев Г. К. Экология и экономика. Алматы: Қаржы-қаражат,        1997

  13.      Скиннер Б. Хватит ли человечеству земных ресурсов? М.: Мир, 1989

  14.      Урсул А. Д., Уледов В. А. Мамедов Н. М. И др. Введение в социальную экологию. Ч.1,2 М.: Луч, 1994

  15. Ж.Ж.Жатқанбаев. «Экология негіздері», Алматы 2004.

  16. А.Ж.Жақбасова, Г.Ә.Саинова «Эклогия», Алматы 2003.

20

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2025
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі