Материалдар / Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қыз-меті. Адам гемоглобині мен миогло-бині үшін оттектің диссоциация-лануының қисық сызығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қыз-меті. Адам гемоглобині мен миогло-бині үшін оттектің диссоциация-лануының қисық сызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

10.2 Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:

Еркараева Г.

Күні:

08.11

Сыныбы:10 «а,ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қызметі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.1.3.1 - эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Адам гемоглобині мен миоглобилиннің құрылысы және қызметін оқып үйренеді

Адам гемоглобині мен миоглобилиннің құрылысы және қызметін салыстырып талдай алады

Адам гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын оқып үйренеді. Ересек организм және ұрықтың гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіре алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Гемогобин қай жерде болады?

2.Гемоглобиннің химиялық құрылымы қандай?

3.Гемоглобин, ген, глобин, оксигемоглобин, миоглобин Ұғымдарына аңықтама беріңдер.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы


Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Адам гемоглобині мен миоглобилиннің құрылысы және қызметін талдайды.

2. Оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіреді.


Презентация


Қолдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Гемоглобиннің қандағы мөлшері- 70% деген нені білдіретінің түсіндіреді.

2. Гемогобиннің құрылысы мен қызметін сипаттайды.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Тапсырмаларды түсіндіріп сипаттап береді.

2. Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып, теңіз сүтқоректілерінің су астында ұзақ қалу мүмкіндігін зерттейді.

ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Гемоглобин мен миоглобиннің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын көрсетеді.

2.Гемоглобин мен миоглобиннің химиялық құрылымы мен атқаратын қызметі арасындағы байланысты талдайды.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Талдау жасайды

2. Тақырыпқа байланысыты эссе жазады.

ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Үйге тапсырма: 144 бетте берілген тапсырмаларды орындау

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!