400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам, жануар, өсімдік, тыныс алу мүшесі

Материал туралы қысқаша түсінік
тыныс алу мүшесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-топ. Адамның тыныс алуы - Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, ауа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.

Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.

Адамның тыныс алу мүшесінің суреті.





















2-топ.Жануарлардың тыныс алу процесі өкпе мен қоршаған орта арасында газдардың алмасуынан (сыртқы тыныс алу), газдарды қан арқылы тасымалдаудан және тін жасушалары мен қан арасындағы(ішкі) газ алмасудан қалыптасады.

Тыныс алу кезінде негізгі газ алмасу процесі өкпеде өтеді. Жануарлардың ішіне сорылған және сыртқа шығарылған ауасының арасында газ құрамы бойынша айтарлықтай айырмашылық байқалады. Өкпеге(ішке) сорылған ауа құрамында оттегінің мөлшері —  20,8%, көмірқышқылы – 0,03%, азот – 79,15% болса сыртқа шығарылған ауада бұл көрсеткіштер- 16,3 %, 4,0 %, 79,7 % құрайды. Ауа құрамындағы мұндай айырмашылық өкпеден өтетін ауа мен кіші қан айналымы шеңберіндегі қан қылтамырларының арасындағы газ алмасуына байланысты. Осы кезде газдардың бір ортадан келесі ортаға диффузды түрде өтетін алмасуын қамтитын – газдардың парциалдық қысымы. Газдар диффузияның қысымы жоғары аумақтан қысымы төмен аумаққа ығыстырылуы арқылы өтеді. Осыған орай өкпедегі оттегі ауадан көк тамыр қанына(веноздық қанға) өтеді, ал көмірқышқыл газы қаннан альвеолаларға өтеді. Газдардың алмасуы керісінше өтеді.  Газдардың алмасуына өкпенің морфологиялық құрылымы(альвеола кеңістігі, қан қылтамырлар торы, тамыр бетіндегі жорғақтар қалыңдығы) көп ықпалын тигізеді.



Жануарлардың тыныс алу мүшесі, типтерінің суреті.



3-топ. Өсімдіктің тыныс алуы— жасушада органикалық заттардың тотығып, тіршілікке қажетті энергияның бөлінуі. Дененің беткі бөлігі жабыны немесе тыныс алу мүшелері арқылы организмнің оттекті сіңіруі мен көмірқышқыл газын бөліп шығаруы газ алмасу деп аталады. Тыныс алуға қажетті оттек өсімдікке лептесік, жасымықшалар, ағаш қабығындағы жарықтар арқылы енеді.

Өсімдіктер де атмосфералық оттекпен тыныс алады, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Құрлық өсімдіктерінде лептесік жапырақ тақтасының астыңғы жағында, ал суда өсетін өсімдіктерде үстіңгі жағында орналасады. Тропиктік және жапырақтары тік орналасқан өсімдіктерде лептесік жапырақтың үстіңгі және астыңғы қабығында орналасады. Сырты қабықпен немесе төзбен қапталған ағаштарға, бұталарға ауа саңылаулар — жасымықша тесіктері арқылы енеді. Қайыңдарда жасымықшалар ірі және жіңішке күңгірт көлденең жолақтар түрінде жақсы көрінеді.

Өсімдіктердің тыныс алу жүесінің суреті.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.05.2023
560
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі